Педагогиканың тарихи-қоғамдық сипаты


Жоспар
І. Кіріспе
Педагогиканың тарихи-қоғамдық сипаты
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Педагогиканың негізгі ұғымдары
2. 2 Педагогика -тәрбие жөніндегі ғылым
2. 3 Педагогиканың пайда болуы мен дамуы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Педагогиканың тарихи-қоғамдық сипаты
Адам баласының алғашқы дәуірінен бастап педагогика балалар тәрбиесі жайлы ғылым болып қалыптаса бастады. Тәрбие туралы белгілі мәліметтер адам баласының тәжірибелеріне негізделеді. Алғашқы қоғамдағы адамдардың тәрбие жөніндегі тану мағлұматтары дәстүр, әдет-ғүрыл және күнделікті тұрмыс түрінде бір буынынан екінші буынға ауысып отырады. Бірақ, бұндай өмір тәжірибесінен алынған қарапайым мағлұматтарға қарағанда, ғылым негізінде тәрбиеге байланысты бірте-бірте жинақталған фактілер тәрбиенің шығуын даму заңдылықтарын түсіндірудің басты құралы болды. Осындай ғылым елегінен өткен мәліметтерді пайдаланып, педагогика әр түрлі педагогикалық құбылыстарды жан-жақты түсіндірудің ғылыми және методологиялық жолдарын қарастырды.
Кейінгі кезде педагогиканың тек қана мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды зерттейтін пән деген ұғым шеңберінен шыға алмаушылық та бар. Оның себебі, педагогика төмен, орта және жоғары дәрежелі білім беретін кәсіптік оқу орыңдарының жұмыстарын және жұртшылық арасында тәрбие мәселелерін зерттеумен айналысқан жоқ. Ал педагогика пәні жайлы талас пікірлер, оның тәрбиелік мүмкіншіліктерін кеңейту мақсатында болмай, тек қана терминологиялық жоспарда айтыльш келеді. Өйткені оқулықтар мен оқу құралдарында педагогика пәніне берілген әр түрлі анықтамалардың өзі авторлар арасында бірыңғай көзқарастардың жоқ кендігін көрсетеді. Әрине, термин жөніндегі бұндай талас пікірлер педагогика ғылымының дамуына игі өсерін тигізбейді.
Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау өрісі орасан кеңейе түсуде. Осыған орай, педагогиканың тек қана I балалар тәрбиесі жайлы ғылым деп шек қою дұрыс болмайды. Педагогиканың ғылыми тану саласы - тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәнін және ролін анықтайды. Сондықтан педагогика - жалпы адам тәрбиесі жайлы ғылым. Ал тәрбие - жастарды әлеуметтік өмірге жөне еңбекке дайындау, оларға қоғамдық-тарихи тәжірибені беру процесі.
Педагогика пәніне және оның зерттейтін салаларына толық түсіну үшін ең алдымен негізгі педагогикалық ұғымдарды қарастырған дұрыс тәсіл.
Педагогиканың негізгі ұгымдары
Әрбір ғылымның өзіне тән тану саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философияда бұндай үғымдарға болмыс, материя, қозғалыс, саяси экономийда -қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары, ал педагогикада - тәрбие, білім беру, оқыту жатады.
Ұғымдар (категориялар) - объективтік құбылыстарды, қасиеттерді және қатынастарды бейнелейтін ойлау формасы. Осымен бірге ұғымдар біздің санамыздың сатылары.
Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың өзара байланысын танимыз Педагогикада «мақсат», «құрал», «әдіс» және «тәсілә сияқты ұғымдар да кездеседі. Сондықтан оларға біз тоқталмаймыз.
Педагогикалық ұғымдардың бірі - тәрбие. Тәрбие жайлы осы уақытқа дейін әртүрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені ересек адамдардың балаларға ықпал жасауы деп түсіндірушілер де бар. Бұл жағдайда бала пассивті объект түрінде қарасырылады. Ол педагогикалық процестің субъектісі бола алмайды, яғни өздігінен ойланып, белсенді іс-әрекет жасау ролін атқармайды. Бұдан тәрбиеге біржақты анықтама беру байқалады.
Тәрбиені баланы өздігімен табиғи және еркін дамуы үшін жасалатын жағдай деп анықтама берушілер де кездеседі. Бұл жерде балдаға толық ерік беру мәселесіне ерекше көңіл аударылып, ал тәрбиенің ролі бүркемеленіп, елеусіз қалып отыр.
Кейбіреулер тәрбиені практикалық тұрғыдан біржақты жалаң тәжірибеге сүйеніп түсіндірмекші. Бұндай пікірді қуаттаушылар прагматистер. Олардың айтуынша, тәрбие баланы тұрмыс қалпына бейімдейді. Сондықтан ол өзінің күнін көруге пайдасы бар білімді, іәскерлікті және дағдыны меңгеруі қажет. Осы жағдайда бала жеке басының қамын ойлап, өзімшілдік мүддесін қанағаттандырады деп дәлелдейді.
Қоғам дамуының белгілі сатыларында тәрбие құрамды бөліктері - білім беру мен оқыту ұғымдары бөлшектеніп жеке мағына бере бастайды.
Білім беру - бұл ұғымда ең алғаш рет педагогикаға енгізген Иоганн Генрих Песталоции.
Білім беру деп - табиғат және қоғам жайлы ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады.
Білім беру мәселесеі әрбір қоғамның даму дәрежесіне байланысты. Мысалы, орта ғасырларда санай және оқи білетін адамды білімі бар деп есептеді. Қазіргі атом, космос және халық шаруашылығын автоматтандыру дәуірінде білім беру ғылыми техникалық прогрестің құдіретті факторы болып отыр.
Отыру - Білім берудің негізгі жолы. Оқыту оқытушы мен оқушылардың біріккен іс-әрекеттері, сондықтан да ол екі жақты процесс: біріншіден, оқытушы оқушыларға білім беріп, іскерлік, дағдыға үйретеді, екіншіден, оқушы таным міндеттерін жете түсініп, жаңа білімді, іскерлікті, дағдыны игереді және оларды өмірде қолданады. Оқыту процесі өзінің белгілі құрылысы және компоненттерімен сипатталады. Олар:
- Білім, іскерлік, дағды. Білім - объективті дүниенібейнелейтін адам баласының жинақталған тәжірибесі. Оқу процесінде табиғаттағы, қоғамдағы құбылыстарды, ұғымдарды және заңдылықтарды оқушылардың білуі, яғни жинақталған бай тәжірибені игеруі мұғалімнің басшылығымен іске асырылады. Іскерлік деп алған білімін пайдалана отырып, оқушының саналылықпен орындайтын практикалық ісін айтады. Мысалы іскерлік есеп шығару, кітаппен жұмыс істеу т. б. жатады. Оқушының бірнеше рет практикалық істі орындау арқылы машықтануын дағды деп атайды. Мысалы, оқушылардың мәнерлеп жылдам оқу дағдысы немесе лабораторияда топыраққа құрамындағы қоректі элементтердің тез анықтау дағдысы бірнеше рет қайталанылып жүмыстардың нәтижелері.
- Мұғалімнің өмірге, ғылымға көзқарасы, қатысы және оқушылармен қарым-қатынасы.
- Оқушылар ұжымы.
- Оқыту әдісі.
5. Оқытудың дидактикалық және техникалық құралдары.
Сонымен оқыту - оқушылардың білімін, іскерлігін, дағдсын және таным қабілетін (зейін, ес, қиял, ойлау т. б. ) дамыту, қалыптастыру процесі.
Педагогика -тәрбие жөніндегі ғылым
Адам биологиялық тіршілік иесі ретінде дүниеге келеді. Оның тұлға болып жетілуі үшін -тәрбиелеу қажет. Тәрбие адамды ізгілендіріп оған қажет қасиет, сапаларды қалыптастырады. Қазіргі коғамда тәрбие жұмыстарын жүргізу үшін арнайы мекемелер түзілген. Бұл процесті кәсіптенген адамдар басқарады. Тәрбие жөнінде арнайы ғылым калыпттасқан. Міне сол ғылымды үйренуді енді бастаймыз.
Адам тәрбиелеу жөніндегі ғылым педагогика деп аталады. Ол өз атамасын грек сөздері «пайдес»- балалар және «аго» -жетектеу дегеннен алған, тікелей аудармасында «педагогика» сөзі бала тәрбиесін бағыттау өнері дегенді аңдатады, ал «педагог» сөзі бала же тектеуші мәнін білдіреді.
Барша дәуірлерде педагогтар балалардың табиғаттан берілген мүмкіндіктерін іске асырып, жаңа сапаларды қалыптастырудың тиімді жолдарын тауып, оларға көмектесумен келеді. Мыңдаған жылдар бойы қажетті білімдер тырнақтап жиналып педагогикалық жүйе негізге келді, тексеріліді, қажет болмаған тұстары қолданымнан шығарылды, ақырында өміршең, ең пайдалы педагогикалық идеялар сақталып, бүгінгі күнімізге жетті. Бірте-бірте басты міндеті ғылыми білімдерді топтастыру және жүйеге келтіру болған тәрбие жөніндегі ғылым пайда болды. Ұзаққа созылған даму жолын бастан кешірген бүгінгі заман педагогикасы адам тәрбиесі заңдылықтары жөніндегі ғылымға айналады.
Педагогика мұғалімдерді белгілі жас тобындағы балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері жөніндегі кәсіби білімдерден қаруландырып, әрқилы жағдайлардағы оқу-тәрбие процесін болжастыруға, жобалауға және іске асыруға, оның тиімділігін бағалауға үйретеді. Тәрбие процесін ұдайы жетілдіріп отырып қажет, себебі адамдардың өмір жағдайлары өзгермелі, ақпараттар көлемі ұлғаяды, осыдан мұғалімге қойылатын талаптар жыл сайын күрделеніп баруда. Қоғамның мұндай талаптарына жыл сайын күрделеніп баруда. Қоғамның мұндай талаптарына педагогтар жаңа технологияларын құрастырумен жауап береді.
Бұдан бұрынғы мыңдаған жылдардағыдай-ақ баланың өмірлік мектебі оның алғашқы демімен бірге басталады. Осыдан мектеп педагогтары мәңгі проблемалар құрсауында келеді. Баланы адамаралық қатынастар дүниесіне енгізуді олар өзінің ең басты парызы деп біледі. Алайда, осы уақытқа дейін тәрбиелік қызмет мұншама қиын, күрделі және жауапкерлі болып көрген емес. Дүние басқаша кейіпте болған, онда бүгінгі балаларға төніп тұрған қауіп-қателердің кейбір түрлері тіпті болмаған. Отбасында, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, мектепке болашақ азаматқа қандай негіз қаланса, болашақ өмірі мен бақыты, бүкіл қоғамның берекесі соған тәуелді болып тұр.
Қазіргі заман педагогикасы үлкен қарқынмен дамудағы ғылым. Сол дамуға байланысты өзгерістердің ізімен асығу қажеттігі пайда болып отыр. Педагогиканың іркіліс, кешеуілдеуі адамдардың даму дағдарысына алып келеді, ғылыми-техникалық прогрестің шабандауына соқтырад. Сондықтан да, педагогика қалаған дерек көздерінен жаңа білімдерді теріп, жинақтап баруы қажет. Педагогиканың дамуына себепші көздер - адамдардың өмір салтында, дәстүрлерінде, халықтықпедагогикада бекіген көп ғасырлық тәрбие тәжірибесі, іс-қызметтері; философиялық, қоғамтану, педагогикалық және психологиялық еңбектер; әлемде және елімізде жүріп жатқан тәрбие практикасы; арнайы ұйымдастырылған педагогикалық зерттеу деректері; жаңа идеялары, жаңарған бағыт - бағдарлар, жылдам өзгерістерге келіп тұрған бүгінгі дүниедегі тәрбиенің тиімді соны технологиялары.
Сонымен, педагогика - тәрбие жөніндегі ғылым. Оның басты міндеті адам тәрбиесі жөніндегі ғылыми білімдерді жинақтау және жүйелестіру. Педагогика адамдарды тәрбиелеу, білім беру және оқыту заңдылықтарын ашып, соның негізінде алға қойылған мақсаттарға жетудің ең пайдалы педагогикалық жолдары мен тәсілдерін көрсетіп отырады.
Педагогиканың пайда болуы мен дамуы
Тәрбие практикасы өз бастауларын адамзат өркениетінің бірінші қадамдарымен байланыстырады. Тәрбие алғашқыадамдармен бірге пайда болды. Ол замандары бала ешқандай педагогикасыз-ақ тәрбиеленген. Адамдардың ол жөнінде тіпті хабары да болмаған. Тәрбие жөніндегі ғылым геометрия, астрономия басқада ғылым салаларынан көп кейін қалыптасқан.
Белгілі болғандай, барша ғылым салаларының пайда болуындағы алғы шарт-өмір қажеттігі. Кейін тәрбие идеялары адамдар өмірінде аса маңызды рөл атқара бастады. Себебі әр түрлі қоғамда өсіп келе жатқан әулиетке берген тәрбиесіне орай өмір қажеттігі де жылдам немесе шабан дамитыны белгілі. Осыдан тәрбие тәжірибесін топтастыру және қорытындылау, арнайы оқу - тәрбие мекемелерін ұйымдастырып, жастарды өмірге дайындайдың қажеттігі туындайды.
Ежелгі дүниенің Қытай, Индия, Египет, Греция сынды аса дамыған елдерінде сол заманның өзінде тәрбие тәжірибесі бір арнаға келтіріледі, одан теория түзу қадамдары жасалады. Ол кезде табиғат, адам, қоғам жөніндегі барша білімдер философия шеңберінде жинақталатын, алғашқы педагогикалық тұжырымдарда сол ғылыми аумақта дүниеге келді.
Барша замандарда адамдардың рухани және тән-дене дамуында шешуші рөл атқарған қуаты мол күшті халық педагогикасы беріп келген . Инабаттылық, еңбектік, тән-дене тәрбиесі бойынша халық қайталанбас ғажайып өміршең жүйе түзді.
Еуропалық тәрбие жүйесінің бесігі - ежелгі Греция философиясында қалыптасқан. Оның көрнекі өкілі Демокрит (460-370 жж Б. э. д) -балалар тәрбиесі бойынша алғашқы нұсқаулар кітабын жазған. Сол уақыттың өзінде ол: «Табиғат және тәрбие мезгес. Дәлірек айтсақ, тәрбие адамды қайта жасайды және лны өзгерте отырып, болмыс табиғатын түзеді . . . Жақсы адам болу табиғат ықпалынан гөрі тәрбиеге көбірек тәуелді».
Адам тәрбиесіне және тұлға қалыптастыруға байланысты идеялар мен тұжырымдар ежелгі грек ойшылдары Сократ (469-399 жж б. э. д), Платон (427-347 жж. Б. э. д), Аристотель (384-322 жж. б. э. д), Тертуллиана (160-222 жж б. э. д) еңбектерінде жарияланған.
Орта ғасырлар дәуірінде шіркеу ықпалы қатайып, тәрбиені толығымен діни арнаға бұрды. Бұл Еуропада 12 ғасыр бойы үстемдік еткен доматикалық оқу принциптерінің шыңдалуына жол берді. Солай да болса, өз философиялық тұжырымдары мен педагогикаға үлес қосқан шіркеу өкілдері Августин (354-430 жж), Фома Аквинский (1225-1274) есімдері ғылым тарихында сақталған. Бүгінгі күйінде жалпы білім беретін мектепті ойлап отырып, іске қосқан Лойола (1491-1556) және оның ізбасарлары.
Қайта тіктелу заманы (эпоха возрождения) аса жарқын ойшлы педагог-гуманистерді ғылым сахнасына келтіреді. Олардың қатарында голландиялық Эразм Роттердамский (466-*1536), италияндық Витторино де Фельтре (1378-1446), француздық Франсуа Рабле (1483-1553) және Мишель Монтень (1553-1592) өздерінің педагогикалық еңбектерімен әйгілі болды.
Педагогика көп заманға дейін философияның бөлігі болып, тек қана XVII ғасырда ол дербес ғылым лауазымына ие болды. Осыдан педагогика бүгінгі күнде де философиямен аса тығыз байланысқан. Себебі бұл екі ғылымның да шұғылданатыны адам, оның өмірі мен дамуын зерттеу.
Педагогиканың философиядан бөлініп, өз алдында ғылыми жүйеге келуі ұлы чех педагогы Ян Амос Комменскийдің (1592-1670) есімімен байланысты. Оның 1654 жылы Амстердамда жарық көрген «Ұлы дидактика» атты еңбегі алғашқы ғылыми-педагогикалық кітаптардың бірегейі болды. Ондағы айтылған идеялардың көпшілігі осы күнге дейін өзінің көкейстілігін және ғылыми маңызын жоғалтқан емес. Я. А. Коменский ұсынған табиғи сәйкестік принципі, сынып-сабақтық оқу жүйесі және басқа да оқу принциптері, әдістері, формалары педагогикалық теорияның алтын қорынан орын алды. «Оқу негізіне басқалардың зат жөніндегі бақылаулары мен айғақтарын жаттау алынған, сол заттар мен құбылыстарды танып, білу қалануы тиіс»; «Естігенді - көргенмен, сөзді-қол әрекетімен байланыстыру қажет»; «әрқашан үйрету сыртқы сезім және ақыл-парасат байланысы негіздегі дәлелдерге сүйену қажет» . . . Ұлы педагогтың осы тұжырымдары біздің заманамыздың талаптарына да сәкес келіп тұр.
Ағылшын философы және педагогы Джон Локк (1632-1704) өзь қайрат-күшін тәрбие теориясына бағыштады. Өзінің «Тәрбие жөніндегі ойлар» атты басты еңбегінде ол өзіне сұлу мәнерлілікпен ұштастыра білген адам - джентальмен тәрбиелеуге арналған көзқарастарын жариялайды.
XVIII ғасырда мектеп педагогикасы бойынша өз шығармаларымен танылған француз материалист-ағартушылары Д. Дидро (1713-1784), К. Гелвеций (1715-1771), П. Гольбах (1723-1789), әсіресе Ж. Ж. Руссо (1712-1778) болды. «Затқа назар! Мен ешқашанда біздің мылжың тәрбиемізбен сөзге аса көп маңыз беріп, құрғақ сөзді адамдарды жасайтынымызда қайталап айтудан жалықпаймын» - деп ұрандады ол.
Педагогиканың қалыптасуында И. Г. Песталоцийдің (1746-1827) есімі аса құрметпен аталады. «О сүйікті халқым! Сенің қаншалықты төмен жасап жатқаныңды мен байқап жүрмін, мен саған көтерілуге жәрджем беремін»-деп, ол жан айқайын салды. И. Г. Пестолоций өз дегеніне жетті: мұғалімдерге оқыту мен адамгершілік тәрбиесінің ізгілікті теориясын ұсынды.
«Өзгерістерден басқа тұрақты ешнәрсе жоқ», - деп үйреткен неміс педагогы Фридрих А. В. Дистервег (1790-1886) барша педагогикалық құбылыстарға тәне тәрбиенің қозғаушы күштері мен қарам-қарсылықтарын зерттеген.
Орыс ойшылдары, философтары және жазушыларының арасында педагогикалық шығармаларымен белгілі болған есімдер: В. Г. Белинский (1811-1848), А. И. Герцен (1812-1870), Н. Г. Чернышевский (1828-1889), Н. А. Добролюбов (1836-1561) . Бүкіл әлемде Л. Н. Толстойдың (1828-1910), Н. И. Пироговтың педагогикалық идеялары әйгілі. Олар таптық мектепті қатаң сынға алып, халықтық тәрбие саласын түбегейлі өзгерту қажеттігін ұрандады.
Қазақ хылқының да тәлім-тәрбиелік жүйесі ұланғайыр да мәуелі. Бұл салада халқымыздың тәлім-тәрбиелік алтын қорына елеулі үлес қосқан арыстарымыз А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, С. Торайғырұлы және т. б. Олардың тәлім-тәрбиелік өсиеттері талай зерттеулерге арқау болған. Кемеңгер Ахмет Байтұрсынұлының өткен ғасыр басында - «Мектептің жаны мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы. . әуелі біз елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек. неге десек, болыстық та, билік те, халықтықтан оқумен түзеледі. Қазақ ісіндегі неше түрлі кемшіліктің көбі түзелгенде, оқумен түзеледі» - деген ұлағатты ескертпесі бүгінгі қазақ мектебінің ұлттық білім стратегиясының тұғыры ретінде қабылдануда.
Орыс педагоикасын әлемдік даңқа бөлеген Коснтантинс Дмитриевич Ушинский (1824-1871) оқу-тәрбие теориясын түбегейлі өзгеріске келтіріп, педагогикалық практикалық жүйесінде жетекші орын тәрбие мақсаттарына, принциптеріне және оның мәніне берілген. «Тәрбие, егер ол адамға бақыт бағыштағысы келсе, Ұдайы жетілуде болған тәрбие адамның тән-дене, ақыл-парасат және ізгілік-инабаттық күштерінің ауқымын барынша кеңейту мүмкіндігіне ие болады»-деп жазған еді ұлы ғұлама.
Тәрбие жолындағы жетекші рөл мектеп және мұғалімнің билігінде: «Тәрбиедегі барлық істер тәрбиеші тұлғасына негізделу тиіс, себебі тәрбие күші тұлғаның адамилық қадір-сапаларынан бастау алады». «Ешбір жарғы немесе бағдарлама, ешқандай жасанды мекеме организмі қаншалықты айламен құрылса да, тәрбие жұмысындағы тұлға беделінің орнын баса алмайды»-деген К. Д. Ушинский бүкіл педагогиканы қайта қарастырып, жаңа ғылыми деректер негізінде білім беру жүйесін толығымен түбегейлі қайта құруды талап етті:
« . . . теориядан алшақтаған педагогикалық практиканың бір өзі - медицинадағы тәуіпшілдікпен тең».
ХІХ ғ. ақыры - ХХғ. басында педагогикалық проблемалар АҚШ-та қарқынды зерттеле бастады. Ол жерде адам тәрбиелеудің жалпы принциптері мен заңдылықтары өрнектелді, әрбір адамға белгіленген мақсаттарына тез, әрі табысты жетуге мүмкіндік беретін тиімді білім технологиялары қалыптасып, практиға енді. Американ педагогикасының белгілі өкілдерінің бірі Джон Дьюи (1859-1952) . Оның зерттеу жұмыстары бүкіл батыс Еуропа, Америка және Австралия аймақтарында педагогикалық ойдың дамуына үлкен ықпал жасады. американ педагогтарының тағы бір көрнекті тұлғасы Эфвард Трондайк (1874-1949) оқу процесін зерттеумен атын әйгілеп, әрекетшіл тәрбие технологиясын бүкіл әлемге жария етті.
Елімізде аты танымал американ педагогы және дәрігері Бендкамен Спок. Ол қауым өкілдеріне, бір қарағанға қарапайым ғана тәрбиеде басты не болу керек: қаталдық па қайырымдылық па? - деген сұрақ қойып, көпшіліктің санасына жаңа тәрбие лебін жеткізді. Бұл сұрақтардың астарынан күтілген жауап - педагогика қай бағытта: әміршіл - әкімшіл немесе гуманистік - жолымен дамуы қажет пе? Бұған нақты жауапты Б. Спок өзінің «Бала және оған қамқорлық», «Анамен сұқбат» және т. б. еңбектерінде беруге тырысқан.
ХХ ғасырдың басында әлемдік педагогикада еркін тәрбие және бала тұлғасының дамуы идеялары белсенді жария етіле бастады. Бұл идеяға жетекші Мария Монтессори (1870-1952) болды. Өзінің «Ғылыми педагогика әдістемесі» кітабында ол балалық жас мүмкіндіктерін барынша пайдалану қажеттігін түсіндіріп бақты. Себебі, сәбилік шақтағы бала дамуы үлкен тәрбиелік табыстарғаесік ашады. Оның пікірінше, мектеп оқуының басты формасы өзіндік оқу жұмыстары болуы қажет. Монтессори оқушылардың жекелеп оқуына ыңғайлы грамматикалық, математикалық, биология-жаратылыстану және басқа пәндерге арнап дидактикалық материалдар ұсынды. Бұл оқу құралдарының ерекшелігі, оларды пайдалана отырып, бала өз кемшілік-қателерін табады және оларды түзетеді. Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасында да Монтемори жүйесінің тараптарлары мен қолдаушылары баршылық. Осы бағытта түзілген «бала бақша - мектеп» жүйесі іске қосылып, балаларды ерік тәрбиелеу идеясы өз жемісін беруде.
Ресейдегі ерікн тәрбие идеяларын қуаттаушылардың бірі Константин Николаевич Вентцель (1857-1947) еді. Ол 1917 жылы дүниеде алғашқылардың бірі болып, бала құықтары декларациясын түзіп, жариялады. 1906-1909 жж аралығында Мәскеуде ол ұйымдастырған «Еркін бала Отауы» жұмыс істеп тұрды. Бұл ерекше оқу мекемесінде басты кейіпкер - бала аса құрметпен танылды. Тәрбиешілер мен мұғалімдер бала қызығуларына икемдесіп, оның табиғаттан берілген қабілеттері мен дарынының дамуына жәрдемдесу қызметтерін атқарды.
Педагогика және баска ғылымдар
Адам жөніндегі ғылымдар жүйесіндегі педагогиканың орны оны басқа ғылымдармен байланыстыра қарастырғанда ғана айкындалуы мүмкін. Өзінің ұзаққа созылған тарихында педагогика көптеген ғылымдармен тығызбайланыста болып, өз дамуы мен кемелденуінде олардың әрқилы ықпал-әсеріне ұшырап отырды. Бұл ұштастықтардың кейбірі тарих тұңғиығынан жалғасып келе жатса. енді біреулері-кейінгі, жакын дәуірлерде пайда болды. Педагогиканың алғашкы байланыс түзген білім салалары-философия мен психология. Бұл ғылыми «одақ» казіргі күнде де педагогикалық теория мен практиканың кең, өрістен дамуының алғы шарты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz