Су ресурстары жайында



1 Су ресурстарын қорғау
2 Суды тазалаудың жаңа технологиялары
3 Су ресурстары мен оны үнемдеуге қатысты жаңа саясат қажет
Жалпы планетарлық деңгейде су сарқылмайтын ресурстарға жатады. Өйткені оның жалпы планетадағы мөлшері мұхит,атмосфера және құрылықта үнемі жүріп отыратын су айналымы нәтижесінде толықтырылып отырады. Су планетамыздың 70,8% бөлігін алып жатыр. Бүкіл су қорының 97% Әлемдік мұхиттың үлесіне тиеді. Тұщы сулардың көпшілігі (70%) қар және мұздықтар түрінде. Жер асты сулардың еншісіне тұщы су қорларының 23% тиеді.
Қазіргі таңда тұщы сулардың әртүрлі ластаушылармен: пестицидтермен және химикаттармен, мұнаймен және мұнай өнімдерімен ластануы негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Өнеркәсіпті елдерде су айдындары мен су қоймаларының ластануы күннен-күнге артуда. Мұхиттардың мұнай және мұнай өнімдерімен ластануы бүкіл дүние жүзінде мұнай өнімдерін көптеп қолдануға байланысты болып отыр. Осының әсерінен теңіз шельфтерінде мұнай өндіру, танкерлік флот дамуда. Мұнай өндіру және оны тасымалдау кезінде, құбырларда жиі авариялар болып нәтижесінде мұхит бетінде мұнайлы дақтар жүздеген, мындаған километр жерді ластайды. Су ресурстарына және ондағы тіршілік иелеріне теріс әсер ететін заттардың бірі, өнеркәсіп орындарынан бөлінетін улы органикалық заттар. Мұндай улы заттар өнеркәсіп орындарында, транспортта, коммуналдық-тұрмыстық шаруашылықта кеңінен қолданылуда. Ағын сулардағы бұл заттардың мөлшері әдетте 5-15 мг/л-ді құрайды. Ал осы заттардың шекті мөлшері бар болғаны 0,1 мг/л-ді құрайды.
Басқа ластаушылардан: металдарды (сынап, қорғасын, мыс, марганец, қалайы, мырыш, хром), радиоактивті элементтерді, ауыл шаруашылығы егіс алқаптарынан және мал шаруашылығы фермаларынан түсетін улы химикаттарды атауға болады. Металдардың ішінен су қоры үшін ең қауіптісі сынап, қорғасын және олардың қосылыстары.
Су қорларының ластануының бір түрі - жылулы ластану. Өнеркәсіп орындары, электр станциялары су айдынына жылы суларды жиі төгеді. Бұл өз кезегінде су температурасының көтерілуіне алып келеді. Судың температурасы көтерілгенде онда оттегі мөлшері азайып, судағы лас қосылыстардың улылығы арта түседі де биологиялық тепе-теңділік бұзылады. Лас суда температураның көтерілуімен ауру қоздырғыш микроорганизмдер мен вирустар жылдам көбейе бастайды. Сосын ішкен су арқылы организмнің ішіне түсіп әртүрлі аурулар тұдыруы мүмкін.
Жер асты сулары көп аудандарда тұщы сулардың көзі болып табылады. Алайда соңғы кезде адамның шаруашылық тіршілігі барысында көптеген жер асты сулары да ластануда. Адамзат өз қажеті үшін тұщы судың орасан көп мөлшерін пайдаланады. Негізгі тұтынушылар - өнеркәсіп орындары және ауыл шаруашылығы. Сондай-ақ тұщы суларды көп пайдаланатын салаларға - тау-кен орындары, химия, мұнай химиясы, қағаз- целлюлоза, тамақ өнеркәсіптері жатады. Бұлардың еншісіне бүкіл өнеркәсіпке жұмсалатын судың 70% келеді.
Қазіргі таңда адам коммуналдық-тұрмыстық қажеттілігі үшін ас суды көп пайдалануда. Қолданатын судың мөлшері аймаққа, өмір сүру деңгейіне байланысты адам басына шақ қанда 3 литрден 700 литрге дейін келеді. Өткен 50-60 жыл ішіндегі суды пайдалану мәліметтеріне сүйене отырып, жыл сайын суды пайдалану артып, табиғат үшін орны толмайтын судың мөлшері 4-5%-ды құрайтыны есептелген. Суды пайдалану және ысырап ету осы қарқынмен жалғаса берсе, халық санының өсуіне және өндіріс орындарының дамуына байланысты 2100 жылға адамзат тұщы судың бүкіл қорын тауысуы мүмкін. Қазіргі кездің өзшде тұщы судың жетіспеуі, су ресурстары жеткілікті жерлердің өзінде де байқала бастады. Тұщы сумен қала халқының 20%, ауыл халқының 50% қанағаттандырылмай отыр.
1. Неверов А.В. Экономика природопользования.-Минск: ВШ, 1990.-216 с.
2. Нестеров П.М., Нестеров А.П. Экономика природопользования и рынок.-М.:Закон и право, 1998.-413 с.
3. Ревазов М.А. и др. Экономика природопользования.-М.:Недра, 1992.
4. Сарсенов А. Экологическая безопасность и ресурсосбережение при переработке.-Алматы,2000.
5. Астахов А.С. Экономическая оценка запасов полезных ископаемых.-М.: Аспектрпресс, 1995.-189 с.
6. Голуб А.А., Струкова Е.Б. экономика природопользования.-М.,1993.
7. Львовская К.В. Окружающая среда, рынок и регион.-М.,1993.
8. Слащев В., Искаков У. Экоструктуры Казахстана.-Алматы,1992.
9. Герасимович В.Н., Голуб А.А. Методология экономической оценки природных ресурсов.-М.,1988.
10. Минц А.А. Экономическая оценка естественных ресурсов.-М.,1992.
11. Рациональная схема освоения природных ресурсов.-Алматы,1983.
12. Русанов Д.К. Экономическая оценка минеральных ресурсов.-М.,1987.
13. Жансеитов Ш.Ф. Замыкающие Затраты на цветные металлы.-Алматы,1987.
14. Карамурзаев Т.К. Теория и методика экономической оценки подземных вод.-Алматы,1991.

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Су ресурстарын қорғау
Уикипедия -- ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Жалпы планетарлық деңгейде су сарқылмайтын ресурстарға жатады. Өйткені оның жалпы планетадағы мөлшері мұхит,атмосфера және құрылықта үнемі жүріп отыратын су айналымы нәтижесінде толықтырылып отырады. Су планетамыздың 70,8% бөлігін алып жатыр. Бүкіл су қорының 97% Әлемдік мұхиттың үлесіне тиеді. Тұщы сулардың көпшілігі (70%) қар және мұздықтар түрінде. Жер асты сулардың еншісіне тұщы су қорларының 23% тиеді.

Қазіргі таңда тұщы сулардың әртүрлі ластаушылармен: пестицидтермен және химикаттармен, мұнаймен және мұнай өнімдерімен ластануы негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Өнеркәсіпті елдерде су айдындары мен су қоймаларының ластануы күннен-күнге артуда. Мұхиттардың мұнай және мұнай өнімдерімен ластануы бүкіл дүние жүзінде мұнай өнімдерін көптеп қолдануға байланысты болып отыр. Осының әсерінен теңіз шельфтерінде мұнай өндіру, танкерлік флот дамуда. Мұнай өндіру және оны тасымалдау кезінде, құбырларда жиі авариялар болып нәтижесінде мұхит бетінде мұнайлы дақтар жүздеген, мындаған километр жерді ластайды. Су ресурстарына және ондағы тіршілік иелеріне теріс әсер ететін заттардың бірі, өнеркәсіп орындарынан бөлінетін улы органикалық заттар. Мұндай улы заттар өнеркәсіп орындарында, транспортта, коммуналдық-тұрмыстық шаруашылықта кеңінен қолданылуда. Ағын сулардағы бұл заттардың мөлшері әдетте 5-15 мгл-ді құрайды. Ал осы заттардың шекті мөлшері бар болғаны 0,1 мгл-ді құрайды.

Басқа ластаушылардан: металдарды (сынап, қорғасын, мыс, марганец, қалайы, мырыш, хром), радиоактивті элементтерді, ауыл шаруашылығы егіс алқаптарынан және мал шаруашылығы фермаларынан түсетін улы химикаттарды атауға болады. Металдардың ішінен су қоры үшін ең қауіптісі сынап, қорғасын және олардың қосылыстары.

Су қорларының ластануының бір түрі - жылулы ластану. Өнеркәсіп орындары, электр станциялары су айдынына жылы суларды жиі төгеді. Бұл өз кезегінде су температурасының көтерілуіне алып келеді. Судың температурасы көтерілгенде онда оттегі мөлшері азайып, судағы лас қосылыстардың улылығы арта түседі де биологиялық тепе-теңділік бұзылады. Лас суда температураның көтерілуімен ауру қоздырғыш микроорганизмдер мен вирустар жылдам көбейе бастайды. Сосын ішкен су арқылы организмнің ішіне түсіп әртүрлі аурулар тұдыруы мүмкін.

Жер асты сулары көп аудандарда тұщы сулардың көзі болып табылады. Алайда соңғы кезде адамның шаруашылық тіршілігі барысында көптеген жер асты сулары да ластануда. Адамзат өз қажеті үшін тұщы судың орасан көп мөлшерін пайдаланады. Негізгі тұтынушылар - өнеркәсіп орындары және ауыл шаруашылығы. Сондай-ақ тұщы суларды көп пайдаланатын салаларға - тау-кен орындары, химия, мұнай химиясы, қағаз- целлюлоза, тамақ өнеркәсіптері жатады. Бұлардың еншісіне бүкіл өнеркәсіпке жұмсалатын судың 70% келеді.

Қазіргі таңда адам коммуналдық-тұрмыстық қажеттілігі үшін ас суды көп пайдалануда. Қолданатын судың мөлшері аймаққа, өмір сүру деңгейіне байланысты адам басына шақ қанда 3 литрден 700 литрге дейін келеді. Өткен 50-60 жыл ішіндегі суды пайдалану мәліметтеріне сүйене отырып, жыл сайын суды пайдалану артып, табиғат үшін орны толмайтын судың мөлшері 4-5%-ды құрайтыны есептелген. Суды пайдалану және ысырап ету осы қарқынмен жалғаса берсе, халық санының өсуіне және өндіріс орындарының дамуына байланысты 2100 жылға адамзат тұщы судың бүкіл қорын тауысуы мүмкін. Қазіргі кездің өзшде тұщы судың жетіспеуі, су ресурстары жеткілікті жерлердің өзінде де байқала бастады. Тұщы сумен қала халқының 20%, ауыл халқының 50% қанағаттандырылмай отыр.

Сумен қамтамасыз ету Қазақстанда аумақтар бойынша біркелкі таралмаған. Сумен тек Шығыс Қазақстан облысы ғана жақсы қамтамасыз етілген (290 мың м31 км²). Ал Атырау, Қызылорда және Маңғыстау облыстары сумен жеткіліксіз қамтамасыз етілген. Жалпы Қазақстан бойынша табиғи су ресурстары туралы мәліметті 9 естеден көруге болады.

Мыңжылдық даму мақсаттарының есебі бойынша, Қазақстан халқының басым көпшілігі ауыз судың сапалы көздерін пайдалану, сумен жабдықтау мен санитарлық қызмет көрсетуді қаржыландыру жағынан дәреже-деңгейі темен күйде қалып келеді. Республикада су құбырлары желісінің 70% жұмыс істемейді және 23% санитарлық-гигиеналық талаптарға сай емес. Жұртшылықтың лайланған ашық ауыз су көздерін, өзен-көл, арық, құдық суларын пайдалануынан жыл сайын жұқпалы аурулар, сүзек, сары ауру, тырысқақ пен ішек, асқазан аурулары өршіп бара жатыр. Мысалы, Атырау облысы тұрғындарының 20% кермек татыған су ішіп, арық суларын пайдаланады. Таза сумен қамтылған делінетін Алматыдағы су жүйелерінің 70% тұрмысқа жарамсыз.

Судағы химиялық және улы заттардың мөлшерін Мемлекеттік стандарт (ГОСТ) реттеп отырады. Олар - бериллий, молибден, селен иондары және кейбір синтетикалық және радиоактивті заттар. Бұл заттардың әрқайсысының шекті конңентраңиясы да әртүрлі. Әдетте, миллиграмның мыңнан, он мыңнан бір бөлігі. Мысалы, мышьяктың шекті мөлшері - 0,05 мгл, селен - 0,001 мгл. бериллий - 0,0002 мглитр. Мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қызмет бүкіл орталық су жүйесіндегі: су сақтау қоймаларында, оның жүйеге түсер жерінде, бөліну жүйесінде судың сапасы үнемі бақылап отырады. Егер су құбыры жүйесі 10 мың адамға қызмет көрсетсе Мемлекеттік стандарт (ГОСТ) айына 2 рет, 100 мың адамға - айына 100 рет, 100 мыңнан аса адамға - айыңа 200 үлгі алып бақылап отырады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Суды тазалаудың жаңа технологиялары.[өңдеу]
Ресурстарды тиімді пайдаланудың негізгі бағыттарының бірі - қайта өңдеп пайдалану, тазалаудың жаңа технологияларын қолдану, ұйымдастыру шаралары. Суды қайталап (екінші рет) пайдалану өнеркәсіп орындарында әртүрлі технологиялық процестерде қолданылады. Қазіргі таңда суды тазалаудың жаңа: физикалық, химиялық, биотехнологиялық әдістері қолданылады.

Физико-химиялық әдістерге радиаңиялық, ион алмасу, тотығу- тотықсыздану және т.б. әдістер жатады. Радиациялық тазалауда иондалған сәулелену әсерінен улы заттар залалсызданады. Ион алмасу арқылы тазалауда суды тек ластатқыштардан ғана тазартып қоймайды, сондай-ақ қайта пайдалану үшін бағалы химиялық қосылыстарды жеке іріктеп, жинап та отырады. Бұл әдісте ластаушылармен ион алмасу реакциясына түсетін иониттер (балшықты минералдар, фторапатиттер, ион алмасу шайырлары) қолданылады. Ақпа сулар - бұл өнеркәсіпте және тұрмыста пайдаланғаннан шыққан сулар. Ақпа суларға сондай-ақ ғимараттар салынған территориядағы жаңбыр, нөсер сулары да жатады.

Ақпа суларда адам организміне қауіпті көптеген органикалық және минералдық зиянды заттар болады. Сондықтан ол суларды сүзу, тазалау орындарында, биологиялық тоғандарда және т.б. жерлерде залалсыздандыру және тазалау қажет.

Химиялык (реагентті) тазалау - бейтараптаудан (нейтрализация) және тотығу-тотықсызданудан тұрады. Бейтараптау - сілтілердің әсерімен ерітіндінің қышқылдық қасиетін жоюға, ал қышқылдармен ерітіндінің сілтілік қасиетін жоюға алып келетін химиялық реакция. Кез-келген тотығу- тотықсыздану реакциясы сол мезеттегі кейбір компоненттердін тотығуының, кейбіреулерінің тотықсыздануының нәтижесі. Кең тараған тотықтырғыштарға: оттегі, ауа, озон, хлор, гипохлорит, сутегі қос тотығы, ал тотықсызданғыштарға - хлорит, темір сульфаты, гидросульфит, күкірт диоксиді, күкірттісутек жатады.

Биохимиялық тазалау - аэробты және анаэробты биохимиялық тазалау дан тұрады. Аэробты биохимиялық тазалау - өндірістік және тұрмыстық пайдаланылған сулардың микроорганизмдер әсерінен тотығуы нәтижесінде (оттегінің қатысуымен ) органикалық заттарын минералдау. Анаэробты биохимиялық тазалау оттегінің жоқ немесе жеткіліксіз жағдайында жүреді. Бұл жағдайда судағы оттегінің көзі ретінде құрамында оттегі бар аниондар қызмет етеді.

Суды залалсыздандыру - судың ауру тудырғыш микроорганизмдерден (оба, тырысқақ, іш сүзегі, жұқпалы гепатит т.б.) тазалануы. Көптеген жылдар бойы ішетін суды хлордың к өмегімен залалсыздандырып келді. Алайда, полихлорлы бифенилдердің улы екені, олар көбіне майлардың құрамында кездесетіні белгілі боды. Тотыға отырып, олар өте улы диоксинді түзеді . Қазіргі кезде суды озонмен өңдейді.

Әртүрлі, сондай-ақ суғару мен топырақты тыңайтуға пайдаланатын ақпа сулар да адамдар мен жануарлар үшін қауіпті болып, топырақ құнарлылығы мен өсімдіктердің өсуіне, дамуына және ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасына теріс әсер ететін патогенді микроорганизмдердің көзі болуы мүмкін. Аурудың жұғу қауіптілігі топырақ пен өсімдіктерге ақпа сулардан келіп түсетін патогенді микроорганизмдердің тіршілік ұзақтығына байланысты.

Тіпті тамақ өнеркәсібінде жұмыс істейтін жұмысшының қол жуған суы да микробиологиялық санитарлық бақылаудан өтеді. Бақылау жұмыс басталар алдында жүргізіледі. Бұл жағдайда қолдағы микроорганизмдердің жалпы саны мен ішек таяқшасы тобына жататын бактериялардың бар-жоғы анықталады.

Судың физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерінің өзгеруі салдарынан, оның табиғи тазару және жаңғыру қабілетінің азаюынан су ресурстарының жағдайы өзгереді. Сондықтан барлық су ресурстары ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан қорғалуы тиіс. Олай болмаса, табиғи жүйенің экологиялық тұрақтылығы бұзылып, халықтың денсаулығы нашарлап, балық қорлары азаюы және сумен қамтамасыз ету нашарлауы мүмкін. [1]
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Пайдаланған әдебиет[өңдеу]
1. Jump up↑ Экология (оқулық) - Алматы, 2008 - ISBN 9965-32-223-6
2. Су ресурстары мен оны үнемдеуге қатысты жаңа саясат қажет
3. АСТАНА. 11 ақпан 2013, 20:00. BNews.kz
4. Жер жаһан үшін судың да сұрауы бар деген қағиданың соңғы жылдары мағыналық мәні барынша артып келеді. Ақпараттық мәліметтерге келсек, соңғы 60 жылда жер шарында ауыз суды пайдалану 8 есе өсіпті. Сонымен қатар, бүгінгі таңда Жер шарындағы тұщы судың тап - шы - лығы жылына 230 млрд. текше метрге жеткен екен. Ал әлемдегі 2,5 млрд. халық сапалы ауыз суға қол жеткізе алмай отыр делінеді.
5. Алдын ала жасалған болжамдарға сүйенсек, 2025 жылға қарай тұщы су тапшылығы 1,3-2,0 триллион текше метрге жетуі де әбден ықтимал. Соның барлығын саралай келе, халықаралық сарапшылар 2030 жылдары планета тұрғындарының 47 пайызы тұщы су жетіспеушілігінен зардап шегетінін алға тартады. Бұл үрейлендіру үшін айтыла салған мәлімет те емес екендігі соңғы жылдары айқын аңғарылуда. Ендеше БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мунның: Әлем тұщы су үшін соғыс жағдайына жақындады деп атап көрсетуі де сондай қауіп-қатердің мәнін барынша аңғартса керек. Жалпы жаһандық Ұйым Бас хатшысының алаңдаушылығы бекер емес. Оны халықаралық сарапшылардың зерттеулері де нақтылай түсетіндей. Мәселен, БҰҰ сарапшыларының зерттеулеріне қарағанда, 2020 жылдан кейін әлемнің 22 ірі мега - полисі құбырлар арқылы келетін тазартыл - ған судың жетіспеушілігіне ұшырайды. Құрғақшылық әсіресе Қара құрлық пен Аспан асты елінде қатты білінеді-міс. Соның салдарынан Африка халқы Еуропаға шұбырады, Қытай да ұлы көші-қон үдерісінен қашып құтыла алмайды. Бұдан бөлек, 2025 жылға таман трансұлттық корпорациялар дамушы елдерден орасан зор көлемде тұщы су көздерін сатып алады. Нәтижесінде жаһандық нарықта су экспорты халықаралық алып бизнеске жол ашады. Тапшылық төркіні суды қайталап пайдалану технологиясын жасауға мәжбүрлейді. Халықаралық сараптың сорпасын сапырып отырғандардың зерттеуі осындайды болжайды. Мұндай болжамның өзінен су мәселесінің шын мәнінде әлемдік саясаттың басты құралына айналатынына да көз жететін тәрізді. Қара алтынның орнын тұщы су тапшылығы басады деу де осындай негізден туса керек.
6. Әлемдік жағдай бұндай болғанда Еуразияның кіндік тұсындағы, Орталық Азия өңіріндегі су проблемасы да күн тәртібінің ең өткір дүниесі болып табылады. Оның ішінде Қазақстандағы су проблемасы жыл өткен сайын өзектеніп бара жатқаныі сөзсіз. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев былтырғы жылдың желтоқсанындағы Қазақстан-2050 Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Жолдауында да осы мәселеге арнайы тоқталған еді. Елбасы осы тарихи Жолдауында жаһан жұртшылығының алдындағы су тапшылығының сын-қатерін ерекше атап өткен болатын. Су - барынша шектеулі ресурс және оның көздерін иелену үшін күрес жер бетіндегі шиеленіс пен жанжалдар себептерінің бірі ретінде, қазірдің өзінде геосаясаттың аса маңызды факторына айналып отыр. Сумен қамтамасыз ету проблемасы біздің елімізде де өткір болып отыр. Бізге сапалы ауыз су жетіспейді. Бірқатар өңірлер оның зардабын қатты тартуда. Бұл проблеманың геосаяси астары да жоқ емес. Қазірдің өзінде біз трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалануда бірқатар мәселелермен бетпе-бет келдік. Аталған мәселенің күрделілігіне қарамастан, біз оны саясаттандыруға жол бермеуге тиіспіз, - деген болатын Президент Н. Назарбаев.
7. Шындығында, еліміздегі сапалы судың мәселесі соңғы жылдары тым күрделеніп кетті десе де болады. Мысалы, жыл сайын тұтынылатын таза су көлемі арта түсуімен қатар, кейбір мәліметтерге жүгінсек, Қазақстандағы тіршілік көзінің басым бөлігі біршама және аса жоғары деңгейде ластанған. Ал судың бұлай ластануына негізінен табиғи-климаттық, антропогендік факторлар әсер етіп отырған көрінеді. Дәл осы мәселелер өткен аптада Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің былтырғы жылды қорытындылаған алқа мәжілісінде де сөз болған еді. Енді соған кеңірек тоқтасақ.
8. Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің зерттеулеріне сүйенсек, еліміздегі мониторинг жүргізілген су нысандарының 16 пайызы ғана таза, ауыз су ретінде пайдалануға әбден болатындығын көрсеткен. Мемлекеттік мониторингтің нәтижесінде 88 су нысанының 13-і ғана таза деп танылды. Бұл зерттелген су нысандары жалпы санының 16 пайызын ғана құрайды. Қалған 84 пайызы біршама ластанған және ластануы аса жоғары деп жіктелді. Ластану себебі табиғи-климаттық, сонымен қатар антропогендік факторларды құрап отыр, - дейді Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров осыдан біраз бұрын өткен алға мәжілісінде. Бұдан бөлек, елімізде су тазалау құрылғылары жұмысының тиімсіздігіне байланысты экологиялық ахуал да күрделене түскен. Кәріздік тазалау құрылғылары экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесіндегі маңызды құрамдас болып саналғанымен, ағынды суларды тазалау технологиясы деңгейінің төмен болуы суды қайта пайдалану жүйесін жандандыруға мүмкіндік бермейтіні тағы бар.
9. Түйіндей айтатын болсақ, Қазақстандағы таза су қоры қазірдің өзінде 3 пайызды ғана құрайды екен. Ал егер 1950 жылдары елімізде 120 млрд. текше метр шамасында су қоры болса, қазір оның көлемі 100 млрд. текше метрге дейін кеміген. Еліміз - дегі 100 текше шақырымды құрайтын жер үсті су қорының 58 пайызы ғана респуб - лика аумағында жинақталады екен. Ал қалған су қоры көршілес мемлекеттердің аумағынан, нақтылап айтсақ, Ресейден, Қытайдан, сондай-ақ Қырғызстан мен Өзбекстаннан бастау алатын трансшекаралық өзендердің суымен толығады.
10. Осындай елдегі тіршілік көзіне қатысты ерекшеліктерді ескере келе елімізде былтыр 2011-2020 жылдарға арналған Ақ бұлақ-2020 бағдарламасы қабылданып жүзеге аса бастағаны белгілі. Бағдарламаның мақсаты - қалалар мен ауылдық елді мекен тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету. Сондай-ақ, бағдарлама аясында сумен жабдықтаудың жаңа нысандарын салу мен бұрыннан қолданыста келе жатқан нысандарды қайта жөндеу кезінде жүйелі жолдарды енгізу, елді мекендерде сумен жабдықтау жүйесін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету шаралары көзделеді. Оны жүзеге асыру екі кезеңмен реттелетіні көзделеді. Бағдарламаның бірінші сатысы 2011-2015 жылдарға, екінші кезеңі - 2015-2020 жылдарға есептелген. Былтыр қолға алынған бағдарлама шеңберінде 2012 жылы қалалық сумен жабдықтау және су бұру желілері бойынша 43,3 миллиард теңгенің 104 жобасы және ауылды сумен жабдықтау бойынша 33,9 миллиард теңгенің 238 жобасы жүзеге асырылады деп жоспарланған болатын. Бұдан бөлек, былтырғы жылы 358 ауылдық елді мекенде сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне тексеру жүргізілді.
11. Және бір мәліметтерге сүйенсек, Ақ бұлақ - 2020 бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2013 жылы 100,6 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінбек. Қаржы министрлігінің ақпараты бойынша, бағдарлама шеңберінде 2013-2015 жылдарға 214,3 млрд теңге қарастырылған. Аталған қаражат сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға, ауылдық елді мекендер мен ақ көлемдегі қалаларды су қорымен қамтамасыз ету үшін жер асты су көздерін іздестіру-барлау жұмыстарына жұмсалады. 2013 жылы Ақбұлақ-2020 бағдарламасын жүзеге асыру аясында 35 су көзін қайта бағалау жөніндегі іздеу-барлау жұмыстары аяқталады. 341 ауылдық елді-мекенді жерасты сулары қорымен қамтамасыз етуге арналған іздеу-барлау жұмыстары мен 35 жерасты су көздерінің қорын қайта бағалау жөніндегі қосымша барлау жұмыстары 2013 жылдың 4-тоқсанында аяқталады. Осындай іздеу-барлау жұмыстарын жүргізуге 4,1 млрд теңге, ал 35 жерасты су көздерінің қорын қайта бағалау жөніндегі қосымша барлау жұмыстарына 683,8 млн теңге қарастырылған.
12. Мінеки, мұндай деректердің әммесі Елбасының жүктеген тапсырмасына орай халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуде қыруар жұмыстар атқарылып жатқанын аңғартса керек. Алайда, Қазақстанда ауыз суға жарымай отырған елді мекендер әлі де баршылық. Шөлейттену салдарынан жайылымдардың жойылу қаупі де жоқ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Солтүстік Қазақстан облысының су ресурстарының экологиялық жағдайы
Туризмнің белсенді түрлері
Қазақстандағы табиғи ресурстарды пайдаланудың осы заманғы жағдайы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒИ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ
Озон қабатының таусылу проблемалары
Дүние жүзінің орман ресурстары
Диплом алдындағы іс-тәжірибе бойынша есебі
Қазақстанның табиғат ресурстары
Ресурстардың шектеулігі
Экономикалық ресурстардың мәні мен түрлері
Пәндер