Тамыр және түйнекті жемістілер



1. ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫ
2. Ботаникалық және биологиялық ерекшелігі
3. Агротехникасының ерекшелігі
4. Тұқымды дайындау және себу
5. Себу мерзімі
6. Себу мөлшері
7. Тұқым себу тереңдігі
8. Қызылша егісін күту
9. Қант қызылшасын суару
10. Тыңайтқыш енгізу
11. Қант қызылшасын жинау
12. Биологиялық ерекшеліктері
13. Ауыспалы егістегі орны
14. Топырақ өңдеу
15. Түйнектерді отырғызуға дайындау
16. Тыңайтқыштарды қолдану
Қант қызылшасы — ең бағалы техникалық дақыл, оны қант алу және мал азығы үшін өсіреді. Қант қызылшасының сорттарының тамыр жемісінде орта есеппен 17—19% қант бар. Қант қызылшасының бағалылығы азықтық қызылшадан артық: оның 100 кг тамыр жемісінде 26 азық өлшем және 1,2 кг қорытылатын протеин, 0,5 кг кальций және 0,5 кг фосфор болады. Тамыр жемісінің 300 ц/га өнімінде және 150 ц/га жапырағында 10500 азық өлшемі бap.
Егер қант қызылшасының өнімі гектарынан 250—300 ц болса, онда оның жапырақ пәлегінің өзі 2000 азық өлшемін береді. Бірақ қант қызылшасының пәлегінде (жапырағында) қымыздық қышқылы болады, сондықтан оны малға жаңа орған кезінде шөп ретінде көп бергенде малдың іш құрылысын бұзады және кальцийдің алмасуын нашарлатады.
Қазіргі кезде қант қызылшасы Қазақстанның тек суармалы оңтүстік облыстарында егіледі, оның көлемі 78 мың гектар. Мысалы, Жамбыл облысының Қордай ауданына қарасты Роза Люксембург атындағы совхоз 1981 жылы қызылшаны индустриялық жолмен күтіп баптау нәтижесінде оныншы бесжылдықта орта есеппен гектарынан 429 центнерден, 1565 га егістік жерден 424 ц өнім жинады. Ал осы шаруашылықтың звено жетекшісі М. И. Якименко гектарынан 620 центнерден тәтті тамыр жинады. Сол сияқты Талдықорған облысының Ақсу ауданына қарасты «Қызыл Ту» совхозы әр гектардан 505 центнерден, ал Киров ауданына қарасты «Еңбекші» совхозы әрбір гектар қызылша егістігінен 603 центнерден өнім жинады. Айта кету керек, кант қызылшасының өнімінің артуымен бірге оның белгілі көлемнен шығатын қанты да өсуі керек.

Ботаникалық және биологиялық ерекшелігі. Қант қызылшасы —алабота туысына жататын екі жылдық өсімдік. Алғашқы жылы ол қантқа бай жуандаған тамыр және 50—70 кг-ға жететін жапырақ дегелегін шығарады. Екінші жылы отырғызылған аналық тамырлардан гүл шығаратын өркендер дамиды да, жеміс шоғырын (түйнектерін) құрайды, мұны агрономиялық тілде тұқым деп атайды. Кәдімгі көп дәнекті қызылшаның әрбір түйнегінде 2—3-тен тұқым болуы мүмкін. Өсімдіктің тамыр жүйесі 3 метрге дейінгі тереңдікке бойлап, көлденеңінен 70—100 см-ге дейін жайылып өседі. Тамырдың жақсы бойлап өсуі топырақтағы қоректік заттарға және ылғалға байланысты. Тұқымның жер бетіне ерте көктеп шығуы үшін оның ірі әрі салмакты болғаны жөн, ол топырақтың беткі қабатының жылылығы 5—6°С жеткенде көктейді. Қызылшаның жақсы өсіп жетілуі үшін ең қолайлы температура 20—25°С жылылық. Жергілікті жағдайларға байланысты қант қызылшасы жаз бойы 50—70 жапырақ салады, ал кейбіреулері 90 және одан да көп жапырақ шығарады. Жапырақтар ауадан көмір қышқыл газдарын алып, алғаш рет қант құрайды. Қант қызылшаның түбіріне жиналады. Тамыр жемістің қанттылығы көбінесе жапырақтың тіршілігіне байланысты. Егер түрлі себептердің әсерінен жапырақтар мезгілінен бұрын қурай бастаса, онда қызылша өнімінің сапасы төмендейді.
Қант қызылшасының өсу кезеңі 160—180 күн. Өсіп-даму кезеңдерінде қызылша суды көп қажетсінеді. Тамыр жемісі бір грамм салмақ құрау үшін 70—90, ал бір грамм қант құрауға 450—550 текше сантиметр су керек. Қызылшаның әрбір гектарынан 550—600 центнер енім жинау үшін топырақ жағдайларыыа байланысты 6000—7000 текше метр су жұмсау қажет.
Сорттары. Қант қызылшасының шығымдылығы мен қанттылығы оның сортына, тұқымның сапасына, себу әдістері мен мөлшеріне байланысты. Республикада қызылшаның мына сорттары аудандастырылған: Казахстанский полигибрид 24, Ялтушковская односемянная, Верхняческая 103, Ялтушковская односемянная 30, Внисовский полигибрид 5, гибрид Юбилейный.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті.

Биологияны оқыту теориясы мен әдістемесі кафедрасы

CӨЖ

Тақырыбы: Тамыр және түйнекті жемістілер

Қабылдаған: Кемелбекова Г.
Орындаған: Баймолдаева Д.
Тобы: ЕП-03-3к2

ШЫМКЕНТ 2006 ж.
ТАМЫР ЖӘНЕ ТҮЙНЕКТІ ЖЕМІСТІЛЕР

Біздің елімізде тамыр жемістілер кеп тараған: қант қызылшасы, ал
түйнекті жемістерден картоп. Мал азығы үшін мал азығы қызылшасын, мал азығы
сәбізін, тарна және турнепс егеді.
16.1. ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫ
Қант қызылшасы — ең бағалы техникалық дақыл, оны қант алу және мал
азығы үшін өсіреді. Қант қызылшасының сорттарының тамыр жемісінде орта
есеппен 17—19% қант бар. Қант қызылшасының бағалылығы азықтық қызылшадан
артық: оның 100 кг тамыр жемісінде 26 азық өлшем және 1,2 кг қорытылатын
протеин, 0,5 кг кальций және 0,5 кг фосфор болады. Тамыр жемісінің 300 цга
өнімінде және 150 цга жапырағында 10500 азық өлшемі бap.
Егер қант қызылшасының өнімі гектарынан 250—300 ц болса, онда оның
жапырақ пәлегінің өзі 2000 азық өлшемін береді. Бірақ қант қызылшасының
пәлегінде (жапырағында) қымыздық қышқылы болады, сондықтан оны малға жаңа
орған кезінде шөп ретінде көп бергенде малдың іш құрылысын бұзады және
кальцийдің алмасуын нашарлатады.
Қазіргі кезде қант қызылшасы Қазақстанның тек суармалы оңтүстік
облыстарында егіледі, оның көлемі 78 мың гектар. Мысалы, Жамбыл облысының
Қордай ауданына қарасты Роза Люксембург атындағы совхоз 1981 жылы қызылшаны
индустриялық жолмен күтіп баптау нәтижесінде оныншы бесжылдықта орта
есеппен гектарынан 429 центнерден, 1565 га егістік жерден 424 ц өнім
жинады. Ал осы шаруашылықтың звено жетекшісі М. И. Якименко гектарынан 620
центнерден тәтті тамыр жинады. Сол сияқты Талдықорған облысының Ақсу
ауданына қарасты Қызыл Ту совхозы әр гектардан 505 центнерден, ал Киров
ауданына қарасты Еңбекші совхозы әрбір гектар қызылша егістігінен 603
центнерден өнім жинады. Айта кету керек, кант қызылшасының өнімінің
артуымен бірге оның белгілі көлемнен шығатын қанты да өсуі керек.

Ботаникалық және биологиялық ерекшелігі. Қант қызылшасы —алабота
туысына жататын екі жылдық өсімдік. Алғашқы жылы ол қантқа бай жуандаған
тамыр және 50—70 кг-ға жететін жапырақ дегелегін шығарады. Екінші жылы
отырғызылған аналық тамырлардан гүл шығаратын өркендер дамиды да, жеміс
шоғырын (түйнектерін) құрайды, мұны агрономиялық тілде тұқым деп атайды.
Кәдімгі көп дәнекті қызылшаның әрбір түйнегінде 2—3-тен тұқым болуы мүмкін.
Өсімдіктің тамыр жүйесі 3 метрге дейінгі тереңдікке бойлап, көлденеңінен
70—100 см-ге дейін жайылып өседі. Тамырдың жақсы бойлап өсуі топырақтағы
қоректік заттарға және ылғалға байланысты. Тұқымның жер бетіне ерте көктеп
шығуы үшін оның ірі әрі салмакты болғаны жөн, ол топырақтың беткі қабатының
жылылығы 5—6°С жеткенде көктейді. Қызылшаның жақсы өсіп жетілуі үшін ең
қолайлы температура 20—25°С жылылық. Жергілікті жағдайларға байланысты қант
қызылшасы жаз бойы 50—70 жапырақ салады, ал кейбіреулері 90 және одан да
көп жапырақ шығарады. Жапырақтар ауадан көмір қышқыл газдарын алып, алғаш
рет қант құрайды. Қант қызылшаның түбіріне жиналады. Тамыр жемістің
қанттылығы көбінесе жапырақтың тіршілігіне байланысты. Егер түрлі
себептердің әсерінен жапырақтар мезгілінен бұрын қурай бастаса, онда
қызылша өнімінің сапасы төмендейді.
Қант қызылшасының өсу кезеңі 160—180 күн. Өсіп-даму кезеңдерінде
қызылша суды көп қажетсінеді. Тамыр жемісі бір грамм салмақ құрау үшін
70—90, ал бір грамм қант құрауға 450—550 текше сантиметр су керек.
Қызылшаның әрбір гектарынан 550—600 центнер енім жинау үшін топырақ
жағдайларыыа байланысты 6000—7000 текше метр су жұмсау қажет.
Сорттары. Қант қызылшасының шығымдылығы мен қанттылығы оның сортына,
тұқымның сапасына, себу әдістері мен мөлшеріне байланысты. Республикада
қызылшаның мына сорттары аудандастырылған: Казахстанский полигибрид 24,
Ялтушковская односемянная, Верхняческая 103, Ялтушковская односемянная 30,
Внисовский полигибрид 5, гибрид Юбилейный.
Агротехникасының ерекшелігі. Қант қызылшасынан мол өнім алуда және
қанттылығын арттыруда ауыспалы егістің ерекше мәні бар. Қант қызылшасын бір
танапқа қайта себу — егістік жерге зиянды жәндіктер мен аурулардың
таралуына себепші болады. Сонымен қатар топырақтың кұнарлығы төмендейді.
Суармалы Қазақстан егіншілігінде қызылшаның жақсы алғы дақылдарына —
беде тыңы, беде тыңының аудармасы, күздік бидай, жүгері, дәнді-бұршақты
дақылдар және жасыл тыңайтқышқа арналған paпс немесе шабдар егілген
танаптар жатады. Топырақты ерте күзден бастап сапалы өңдеу қант
қызылшасының өнімін және оның қанттылығын арттыруға мүмкіндік туғызады.
Топырақты күзде негізгі өңдеуге мына жұмыстар жатады: егістікте топырақты
тегістеу, оны жыртудың алдында суару, сыдыра өңдеу, органикалық және
минералдық тыңайтқыштар сіңіру және сүдігер жырту. Қызылша өнімділігі
жердің тегістілігіне байланысты.
Топырақтың беті тегіс болмаса eric біркелкі суарылмайды, тұқым
біртегіс себілмейді және өнімді жинау жұмыстары қиындайды. Топырақ бетін
күрделі және жеңіл-желпі, үстірт тегістейді. Егер қызылшаны масақты дәнді
дақылдардан, жүгеріден кейін орналастыратын болса, аңызды егінді жинап
алғаннан кейін дискілі сыдырғыштармен өңдейді. Топырақты сыдыра еңдеудегі
мақсат топырақтың үстіңгі қабатын қопсыту арқылы ылғалдың булануын тоқтату
және арамшөптерді жою. Егер қызылша бедеден кейін себілетін болса, онда
алдымен беденің мойын тамырларын түренді сыдырғыштармен, қайырмасыз соқамен
немесе КПГ—250 және КПП—2,2 қыршуыштармен 10—12 см тереңдікте қырқады.
Қырқылған тамырларды топырақ бетінде екі жетідей кептіреді. Содан кейін
жерді жыртар алдында, гектарына 700—800 текше метр есебімен суарылғаннан
кейін тыңайтқыш енгізіп, терең етіп (28—32 см) сүдігерге жыртылады.
Сүдігерді жыртудың ең тиімді мерзімі тамыз, қыркүйек айлары. Сүдігерді
тегістемей қысқа сол күйінде қалдырады. Топырақты ерте көктемде өңдеу
негізінен мына жұмыстардан тұрады: ерте көктемде тырмалау, немесе ылғалды
сақтау, тегістеу және топырақты тұқым себер алдында өңдеу, арамшөптерді
жою. Тұқым себу алдында сапалы өңделген топырақта ылғал мол сақталады,
көктей бастаған арамшөптер тегіс жойылады. Механикалық құрамы ауыр және
нығыздалуға бейім келетін топырақты терең (10—12 см), орташа және жеңіл
топырақты 6—8 см тереңдікте, ал ылғалы жеткілікті топырақты себу
тереңдігіне дейін өңдеуге болады. Одан кейін тұқымды себер алдында
топырақты 8—10 см тереңдікте дискілі сыдырғыштармен өңдеп, бір мезгілде
тырмалаудың тиімділігі мол. Арамшөптерге қарсы гербицидтер қолданылады.
Егер алқапты астық тұқымдас арамшөптер басып кетсе, тұқым себуге 1—3 күн
қалғанда ТХА препаратын гектарына 15—18 кг мөлшерінде культивациялаумен
сіңіреді. Сондай-ақ біржылдық арамшөптерге қарсы эптам (3—6 кгга), тиллам
(4—6 кгга), ронит (8 кгга) қолданылады. Бұл препараттарды тұқым себуге
дейінгі культивациялаумен немесе сепкеннен кейін тұқымды көктеп шықпай
тұрып, тырмалаумен бірге енгізіледі. Қызылша алқабын қос тармақты
арамшөптер басып кетсе, онда егісті пираминмен еңдеу нәтижелі. Химиялық
жолмен арамшөпті тазартып, өнімділікті арттырады.
Тұқымды дайындау және себу. Тұқымды қысқа мерзім ішінде сапалы, әрі
біртегіс өніп шығу үшін оны себуге мұқият әзірлеген жөн. Себілетін тұқым
сорты сапалы, мемлекеттік стандарттың талаптарына сай болуы керек.
Қызылшаның тұқымы біркелкі және ірі (фракциясы 4,5—5,5 мм), көктегіштігі
75—80% болуы керек. Қызылшаны әр түрлі аурулардан және зиянды жәндіктерден
сақтау үшін тұкымды себер алдында гранозон немесе меркуран препаратымен (1
тонна тұқымға 2—5 кг), гексахлоранмен (1 тоннаға 8—15 кг препарат) немесе
ТМТД (5—5,5 кг) препараттарымен өңдейді. Сонымен қатар тұқымды себер
алдында микроэлементтермен өңдеу керек.
Себу мерзімі. Негізі қызылшаны себуді топырақтың тұқым сіңіру
тереңдігіндегі қызуы 4—6°С жеткенде бастайды. Қөп жылдық тәжірибе бойынша,
қызылшаны себу көбінесе ерте пісетін дәнді дақылдарды себу мерзімінен 4—5
күн кейін басталады. Бұл кезең ауа райы қолайлы жылдары Жамбыл облысының
суармалы егіншілігінде наурыздың екінші және үшінші онкүндігінде, Алматы
және Талдықорған облыстарында марттың соңғы бес-күндігінде және сәуірдің
бірінші жартысында. Ал Талдықорған облысының Ақсу, Сарқант және Алакөл
аудандарында сәуірдін екінші жартысына келеді. Қант қызылшасының тұқымы
көктеп шығуы үшін өз салмағынан 150—160% шамасындай су сіңіреді. Сондықтан
оның әркелкі және бірдей көктеп шығуы үшін топырақта ылғал мол кезінде себу
керек.
Себу мөлшері. Қант қызылшасының өнімі тұқымды себу мөл-шеріне
байланысты. Қант қызылшасын аз мөлшерде сепкенде оның мынадай факторларын
ескерген жөн: лабораториялық өнгіштігін (шығымдылығы) учаскенің ластануына,
эиянкестермен ауруына, шаруашылықтың жұмыс күшімен қамтамасыз етілуіне.
Көп жағдайда 1 метр жерге орташа алғанда 12—15 өскін өсіп шығуы тиіс.
Қызылшаны сиреткенде бір өлшем метр жерге бұл есімдіктердін, жақсы көктеп
шыққан 5—6 өскіндерін ғана қалдырады. Қызылшаны сирету әдістері оның себу
мөлшеріне байланысты болады. Мысалы, бір метрге 10, 15 және 25 дана қызылша
тұқымы себілген жерлерде егістікке тек тырма жүргізіледі. Зерттеу нәтижесі
бойынша әр метрге 10 дана тұқым себілген жағдайда қызылша сирек, ал 35 дана
тұқым себілген жағдайда қызылша жиі болады. Тұқым себу мөлшері әр
шаруашылықтың топырақ, ауа райы ерекшелігіне, тұқым сапасына байланысты
болады. Тұқым неғүрлым аз себілген жерлерде қызылшаны сирету және жиілігін
тексеруге кеткен қол еңбегі де аз болады.
Ақсу тәжірибе шаруашылығында 15 және 25 шоғырмағын сепкенде, гектарына
526—547 ц өнім және 82,5—85,8 қант жинаған.
Тұқым себу тереңдігі. Тұқымды сіңіру тереңдігі топырақтың механикалық
құрамына байланысты. Суармалы егіншілікте ауыр сазды топыраққа тұқым 2—3
см, жеңіл құмайт топыраққа 3—4 см тереңдігіне сіңіріледі. Ал құрғақшылық
жағдайда тұқым сіқіру тереңдігі 4—5 см-гe жеткізіледі. Топырақты тұқым
сепкеннен кейін нығыздап, үстіңгі бетін бір мезгілде жеңіл тырмамен
тырмалаған жөн. Қант қызылшасын кең қатарлы, пунктирлі, шаршы ұялы әдіспен
себуге болады. Жаңа технология бойынша құрама пунктирлі сеялка ССТ—12A және
ССТ—12Б сеуіп, онымен бірге қатарға минералдық тыңайтқыш беру қант
қызылшасын себудің ең дұрыс жолы болады. Қазақстанның суармалы аймақтарында
егілетін қант қызылшасының қатараралығы 60 см, сондықтан суаруға бұл өте
ыңғайлы (ССТ—8 А, ПС—8).
Қызылшаны интервалды-ұялы әдіспен себу де тиімді. Қант қызылшасының
қатараралығы 60 см және 44,5 см етіп себіледі.
Қызылша егісін күту. Егісті күтудегі мақсат — кызылшаның өсіп
жетілуінің бастапқы кездерінен жинап алғанша ылғалмен, ауамен және қоректік
заттармен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етіп отыру. Егісті күту
жұмыстарына мына шаралар жатады: топырақты қызылша еккеннен кейін
катоктармен нығыздау, егісті тырмалау, шабықтау, қызылшаны сирету және оның
жиілігін қалыптастыру, тексеру, егісті суару, қатараралықтарын қопсыту,
үстеп қоректендіру, арамшөптерге және зиянды жәндіктер мен кеселдерге қарсы
күрес жұмыстары. Тұқым көктеп шықпастан бұрын жауын жауса, топырақ
бетіндегі қабыршақ қалыңдап кетпей тұрып, егісті ЗПБ—0,6, ЗБЗСС—1,0
тырмаларымен өңдейді. Топырақ беті қабыршақтанбаса да, арамшөптерді жою
үшін егісті жаппай тырмалауды 2—3 см тереңдікте себу қатарларына кесе
көлденең бағытта жүргізеді. Тырмалауды арамшөптер топырақ бетіне өніп
шығуға жақын қалғанда жүргізген дұрыс. Көктеп шыққан қызылшаны тырмалауды
қызылша толық қос құлақтанғаннан бірінші қос жапырақ сала бастаған кезге
дейін жүргізеді. Тұқым көктеп шықпастан бұрын және көктеп шыққаннан кеййін
қызылшаны тырмалау арамшөпті 80—90% азайтады да, ол 30—50% сирейді.
Шабықтау — қызылшаның қатараралықтарын тайыз етіп өңдеу. Шабықтауды ерте,
әрі қысқа мерзімде жүргізу тиімді. Қатараралықтарды алғашқы өңдеуді
қызылшаның қатарлары сәл біліне бастаған кезде 4—6 см тереңдікте қопсытады.
Қызылшаның жиілігін реттеу ең қиын әрі жауапты жұмыс.
Егістікті сиреткенде қатардағы өсімдіктің ара қашықтығын 18—20 см
етіп, бір өлшем метрде 6—7 өсімдік қана қалдырылады. Қызылшаны сиретуді
өсімдік толық құлақтанғанда және бірінші қос жапырағын шығарған кезде
бастайды да, оны 10—15 жұмыс күні ішінде бітіреді. Қызылшаның қатараралығын
бойлай сирету үшін механизмді пайдаланған жөн. УСПП—5,4, ал қатарларға кесе
көлденең бағытта (шоқтау үщін)—УСМК—5,4, ҚГС— 4,8, КРН—4,2 және КРН—5,6
культиваторлары пайдаланылады. Қызылшаны сиретуді аяқтағаннан соң егісті
тексереді. Тексеруді қызылша 2—4 нағыз қос жапырақ шығарған кезге дейін
бітіру керек. Егісті сиретіп, тексеріп болғаннан кейін қызылшаны күтіп-
баптау жұмыстарына кіріседі.
Алғашқы қатараралықты бойлап баптауды КРН—4,2 культиваторымен 6—8 см
тереңдікте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бақша дақылдары
Түйнек жемістілер
Тамыр түйнектерді құрылысымен танысу және оның технологиясы
Көкөністерден әзірленген тағамдар
Тамыр-түйнектердің құрылысымен танысу және оның технологиясы туралы ақпарат
Тамыр-түйнек құрылысымен танысу
Суалған сиырларды азықтандыру нормасы
Шошқаларды семірту үшін азық қолдану
Шошқаларға тәуліктік азық рационын құру
Картоп өнімін сақтау технологиясы жайлы
Пәндер