Құқықтық мемекеттің ұғымы



1 Құқықтық мемекетті ұғымы
2 Құқықтық мемлекеттің еррекшеліктері
Құқықтық мемлекеттің идеясы мен мұраттары жаппай тарату қазіргі уақыттың құбылысы болды, адамдар бұл құбылыспен мемлекеттік және қоғамдық өмірді демократияландыру перспективасын, әділдік пен адамгершіліктің жетістіктерін байланыстыруда. Осыған байланысты құқықтық мемлекет ұғымын ашу, оның ерекшеліктері мен ерекше сипаттарын баяндау, қоғам өміріндегі ақиқат ролін көрсету үлкен теориялық және практикалық мәнге ие болды.
Құқтық мемлекет мемлекеттік басқарудағы құқықтық басымдығы идеясынан шығып отыр, сондықтан да тек қана ресми органдар мен лауазымды тұлғалардың ниетін емес, сондай-ақ азаматтардың және қоғамдық өмірдің басқа субъектілерінің құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қамтамасыз етіп, кепілдік беру қажеттігін де ескеретін құқықтық нысандар мен әдістерге басымдық береді. Құқықтық мемлекетке барлық экономикалық, әлеуметтік және рухани процестерге, сондай-ақ жеке тұлғалар арасындағы өзара қарым-қатынас саласына кірісу жат құбылыс. Ол қоғамдық қатынасқа түсушілердің арасындағы әрекетке айтарлықтай автономия мен бостандық бере отырып, олардың құқықтық мәртебесінің нығаюына айрықша қамқорлық көрсетеді және оның сақталуын қадағалап отырады.
Өзінің бүкіл қызметіде барлық азаматтар мен қоғамдық қатынасты басқа субъектіерінің міндетті түрде және сөзсіз бағынуына есептелген қағал басқарушылық және бұйрқты нұсқаулардың нысандары мен әдістері басым болып келетін этатистік мемлекет оған қарама-қарсы болып табылады. Бұдан басқа, аталған субъектілердің бостандағы мен дербестігі, олардың мемлекетке қатысты автономиялығы жоққа тән. Мемлекеттің ролінің шектен тыс, кейде қалыптан тыс ұлғаюынан, экономиканың, әлеуметтік қатынастардың барлық салаларын, азаматтарды жеке өмері тікелей өз қарауына және бағынысына алуға деген талпынысынан, екінші кезектегі және ұсақ-түйек мәселелерді шешуге араласуынан тұратын этатистік қоғамының басқа ерекшелігі де осымен байланысты. Жеке тұлғаның және басқа қоғамдық қыимет субъектілерінің жағдайы тек айқын да тұрақты заң нұсқауарына ғана емес, олардың күнделікті араласып отырған мемлекеттік органдары мен лауазымды тұлғалардың субъективті қалауына да байланысты.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Құқықтық мемекетті ұғымы. Құқықтық мемлекеттің идеясы мен мұраттары
жаппай тарату қазіргі уақыттың құбылысы болды, адамдар бұл құбылыспен
мемлекеттік және қоғамдық өмірді демократияландыру перспективасын, әділдік
пен адамгершіліктің жетістіктерін байланыстыруда. Осыған байланысты
құқықтық мемлекет ұғымын ашу, оның ерекшеліктері мен ерекше сипаттарын
баяндау, қоғам өміріндегі ақиқат ролін көрсету үлкен теориялық және
практикалық мәнге ие болды.
Құқтық мемлекет мемлекеттік басқарудағы құқықтық басымдығы идеясынан
шығып отыр, сондықтан да тек қана ресми органдар мен лауазымды тұлғалардың
ниетін емес, сондай-ақ азаматтардың және қоғамдық өмірдің басқа
субъектілерінің құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қамтамасыз етіп,
кепілдік беру қажеттігін де ескеретін құқықтық нысандар мен әдістерге
басымдық береді. Құқықтық мемлекетке барлық экономикалық, әлеуметтік және
рухани процестерге, сондай-ақ жеке тұлғалар арасындағы өзара қарым-қатынас
саласына кірісу жат құбылыс. Ол қоғамдық қатынасқа түсушілердің арасындағы
әрекетке айтарлықтай автономия мен бостандық бере отырып, олардың құқықтық
мәртебесінің нығаюына айрықша қамқорлық көрсетеді және оның сақталуын
қадағалап отырады.
Өзінің бүкіл қызметіде барлық азаматтар мен қоғамдық қатынасты басқа
субъектіерінің міндетті түрде және сөзсіз бағынуына есептелген қағал
басқарушылық және бұйрқты нұсқаулардың нысандары мен әдістері басым болып
келетін этатистік мемлекет оған қарама-қарсы болып табылады. Бұдан басқа,
аталған субъектілердің бостандағы мен дербестігі, олардың мемлекетке
қатысты автономиялығы жоққа тән. Мемлекеттің ролінің шектен тыс, кейде
қалыптан тыс ұлғаюынан, экономиканың, әлеуметтік қатынастардың барлық
салаларын, азаматтарды жеке өмері тікелей өз қарауына және бағынысына алуға
деген талпынысынан, екінші кезектегі және ұсақ-түйек мәселелерді шешуге
араласуынан тұратын этатистік қоғамының басқа ерекшелігі де осымен
байланысты. Жеке тұлғаның және басқа қоғамдық қыимет субъектілерінің
жағдайы тек айқын да тұрақты заң нұсқауарына ғана емес, олардың күнделікті
араласып отырған мемлекеттік органдары мен лауазымды тұлғалардың
субъективті қалауына да байланысты.
Мемлекеттің жоғарыда аталған екі тобының арасында аралық типтегі
түрлі мемлекеттер болады оларда бірінші және екінші типтің белгілері
үйлесіп жатады. Олардың кейбіреуі этатистік мемлекеттерге анағұрлым жақын,
алайда сөйте тұра жеке құқықтық принциптер мен бастауларға бағынуға
тырысады. Басқалары этатизмнің белгілерін жоғалтпай-ақ құқықтық мемлекетке
жақындауда.
Құқықтық мемлекеттердің пайда болуы мемлекеттік-құқықтық процестердің
ұзақ эвалюциясының заңды салдары, реакциялық институттардың орнына озат,
прогрессивті және тиімді институттардың өзіндік ерекше селекциясы мен
мұқият іріктелгендігінің нәтижесі болып табылады. Бұған мемлеттік
басқарудың құқықтық нысанының әміршілдік-әкімшілдік және полицейлік-
бұqрықтық нысандарынан басымдығын және пайдалылығын теориалық ұғынуы негіз
болды. Құқықтық мемлекеттң теориялық бастаулары түбірімен өткен шаққа
айналды деуге болады. Көне заманның озық ойшылдары (Платон, Аристотель және
басқалар) құқықтық позитивті ролін ескермейінше, мемлекеттің құрылымы
мықты, тұрақты және сенімді болуы мүмкін емес деген пікірлер айтып кеткен.
Құқтың ролі мемлекеттік басқарушылардың озбырлығына тепе-теңдік ретінде
қаралды: заң елдекімнің билігінде болмауы керек, өйткені барлық
органдардың, лауазымды тұлғалардың жене азаматтардың әрекетін бағыттап
отыруға арналған.
Алғашында бытыраңқы және кейде жекелеген болжамдар түрінде пайда
болған, кейіннен осы идеялардың негізінде құқықтық мемлекеттің тұтас
тұжырымдамасы қалыптасты. Оның негізін салушылар ретінде Дж.Локкты,
И.Кантты, В.Гумбольдты, Г.Еллинекті және басқаларды атауға болады.
Жекелеген мәселелер бойынша бұл ойшылдардың бір бірінен ерекшелігі
болғанымен, басты мәселеде – құқықтық нұсқауларды мемлекет өзі сөзсіз
орындап отыруы қажет екендігінде және қоғамдық өмірге қатысушылардың
барлығынан осыны талап етуінде –олардың ойы бір жерден шығып отыр.
Құқықтық мемлекеттің теориялық тұжырымдамасының ережелерін бірқатар
елдердің өмір тіршілігінде практикадан өткізу консервативтік күштердің
қарсылығына тап болды және оны күресте жеңіп отырып мемлекеттік және
қоғамдық қызметтің барлық жағынан терең жаңғыруымен бірге жүрді –
мемлекеттік жүйенің принциптері жетілдірілді, жеке адамның мәртебесі айқын
мазмұнымен толықты, құқықтық құндылықтар бірінші дәрежелі маңызға ие болды,
шенеуніктердің бассыздығы азайып, олардың қызметі біртіндеп реттелген және
тәртіптелген арнаға түсе бастады.
Адамзат қоғамындағы саяси дамудың кезеңінің белгісі құқықтық
мемлекеттер отбасының пайда болып, көбеюі. Бұл - мемлекеттік-құқықтық
теория мен практиканың ғажап жетістігі, бүгінгі заманға өркениеттің
орнығуы. Құқықтық мемлекеттер өзінің өмір сүру фактісімен, өмірдің барлық
саласындағы күнделікті табысымен басқа елдерге бағдар болуда, оларға
әділетті адамгершілік қоғам құрудың жолын көрсетуде.
Ең дұрысы бұдан былай құқықтық мемлекеттердің санының азаюы есебінен
өсетін болады. Бірақ бұл – қарапайым түрде түсіндіруге болмайтын дамудың
жалпы тенденциясы. Әр түрлі елдерде әлеуметтік саяси күштердің айқын ара
қатынасына байланысты болжауға қиын өзгерістер болуы мүмкін, бұл
өзгерістер, мысалы құқықтық мемлекеттің деңгейіне жетіп, сосын кенеттен
олардан кейінгі орнаған тоталитарлық немесе автолитарлық режимдер жағына
қарай бұрылып кететін жекелеген елдер жоғарыда көрсетілген дамудың алпы
тенденциясына жатпайды. Тұтас алғанда прогрес заңды және оның бейнесінің
бірі құқықтық мемлекет принциптерінің нығаюы болып табылады.
Құқықтық мемлекеттің еррекшеліктері. Құқықтық мемлекеттің эттатистік
мемлекеттен принципті айырмашылығын көптеген көрсеткіштер бойынша келтіруге
болады:
1. Құқықтық мемлекетте биліктің бүкіл механизмі және әрбір орган,
әрбір лауазымды тұлға өз қызметінде жеке алғанда құқықтық принциптер
және нұсқаулармен байланысты, өздерінің барлық шараларын солармен
сәйкестендіреді. Құқықтық нормалар жұртшылыққа ғана емес, сондай-ақ
мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар үшін де міндетті. Олардың
құқық шегінен шығып кетіу мүмкін болмайды немесе мүмкін емес нәрсе.
Егер этатистік мемлекетте ресми органдар мен лауазымды тұлғалар
құқықты екінші кезектегі және өзі үшін міндетті емес деп санайтын
болса, мұндай көзқарасқа құқықтық мемлекет жағдайында жол берілмейді
және ол біртіндеп жойылып та келеді.
2. Құқықтық мемлекет құқық пен заңның арасындағы этатистік
мемлекетке тән мұндай үлкен қарама-қарсылықты білмейді. Онда
мемлекеттік органдардың барлық нормативтік актілері өзінің мазмұны
және бағыттылығы, қабылдау және рәсімдеу процедурасы, іске қосу
ерекшеліктері, қолдану сипаты, тәртіп бұзушылықтың жүзеге асырылуы
мен қорғау жөнінен құқықтың жоғары критерийлеріне сай келеді. Заң
құқықтық принциптердің жүйеліліген негізделеді, онда қалмайды.
Мемлекеттік органдардың құқыққа қарсы нормативтік актілер қабылдап,
оның жұмыс істеуі іс жүзінде мүмкін емес нәрсе.
3. Құқықтық мемлекет нормативтік нұсқаулары қабылдап оны
жариялаумен ғана шектелейді. Ол осы қабылданған нормативтік
нұсқаулардың міндетті түрде жүзеге асуына, барлық жеке және заңды
тұлғалардың, мемлекеттік және қоғамдық органдардың, кәсіпорындардың,
мекемелер мен ұйымдардың әрекетіне айқын бағыт беруді қамтамасыз
етуге көп көңіл бөледі. Мемлекеттің құқықты жүзеге асыру бағанындағы
қызметі приоритеттіктің қатарына жатады қағаз жүзіндегі,
қолданылмайтын заңдардың жоққа саюы осыған байланысты, ал этатистік
мемлекетте оның қоқыстарын ешкімнің тіпті тазалағысы да келмейді.
Қоғамдық қатынастың әрбір субъектісі мемлекеттік органдардың
қолданылып жүрген нормативті актілерін орындау міндетті түрде
екендігіне көзі жетендіктен, құқық тәртібінің тұрақты болуының
айрықша жағдайын жасауға мүмкіндік туғызады және қоғамда заңдық
нигилизмнің және адамдардың құқыққа деген менсінбеушілік қатынасының
тарауына кедергі жасайды.
4. Құқықтық мемлекеттің айрықша атқаратын шаруасы мемлекеттің
нормативті актілерінің әрекет етуінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық шығармашылығы
Қосөзен аралығында мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы
Білім беру - өркениетті саяси әлеуметтенудің қозғаушы күші
Ежелгі Египет тарихын дәуірлеу
Батыс өркениеті жалпы сипаттама
Мемлекет пайда болуының жалпы заңдылықтары
Халықаралық патент сыныптамасы туралы Страсбург келісімі
Еліміздегі жаңа дамып келе жатқан бағалы қағаздар рыногының кемшіліктері және осы проблемалармен қалай күресу
Салық құқығын бұзғаны үшін жауапкершілік шаралары
Салықтар және салық салу
Пәндер