Сарыағаш атауының топонимиясы және ауданның физикалық-географиялық ерекшеліктері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І.тарау. Сарыағаш ауданының тарихы мен топонимиясы.
1.1 ”Сарыағаш” атауының топонимикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Тасқа айналған сарыағаштың қалдығына сипаттама ... ... ... ...5
1.3 ”Сарыағаш” туралы ел аузында қалған аңыз. әңгімелер ... ... .11
ІІ.тарау. Сарыағаш ауданы ландшафтысының физикалық.географиялық сипаты.
2.1 Сарыағаш ауданының жер бедері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.2 Геологиясы мен тектоникалық құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.3 Климаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.4 Ішкі сулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.5 Топырақ және өсімдік жамылғысы, жануарлар дүниесі ... ... .21
III. тарау. Сарыағаш ауданының ландшафтысының антропогендік
өзгерісі.
3.1 Ауданның бүгінгі күніг ландшафтысы және оған антропогендік
факторлардың әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
3.2 Қазіргі Сарыағаш ауданы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..43
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .45
Облыстың оңтүстік бөлігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. 1928 ж. Келес ауданы болып құрылған. 1939 жылдан Сарыағаш аталады. Жерінің аумағы 7,7 мың шаршы шақырым. Тұрғыны 226,7 мың адам. Аудандағы 154 елді мекен, 1 қалалық, 1 кенттік және 24 ауылдық округтерге біріктірілген. Орталығы – Сарыағаш қаласы.
Аудан жері негізінен төбелі, қырқалы, жазықты келеді. Солтүстіктен Белтау жотасы (592 м), батысын Ызақұдық құмы, Қауынбаймолда жотасы, оңтүстіктен Шардара бөгені алып жатыр. Жер қойнауында мәрмәр, құм, бентонит балшығы, шипалы минералды суы барланған. Климаты конти-ненттік, қысы жұмсақ, жазы ыстық, қуаң. Ауаның жылдық орташа темпера-турасы қаңтарда –2-3°С, шілдеде 24-28°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200-300 мм. Ауданның батысын бойлай Сырдария, оңтүстік-шығысынан Келес, Құркелес, Ащысай өзендері ағып өтеді. Жері сұр топырақты және құмды келеді. Бетеге, жусан, жүзгін, баялыш, өзен бойларында қамыс, бұта аралас ағаш өседі. Қасқыр, түлкі, қоян, саршұнақ, күзен, жылан мен кесірткенің түрлері кездеседі. / 2, 86 б./.
Халқы көп ұлтты, басым көпшілігі қазақтар-86,9%, одан басқа өзбектер-4,1%, тәжіктер-2,7%, әзербайжандар-1,2%, орыстар-1,1%, татарлар 0,9% т.б. ұлт өкілдері тұрады. Ауданда 1 шаршы шақырым жерге 29,4 адамнан келеді. Ірі елді мекендер: Сарыағаш қаласы (26,0 мың адам), Абай (18,0), Дербісек (10,3), Жібек жолы (5,8), Ынтымақ (5,4), Қапыланбек (5,1), Ақжар (5,0), Қызылжар (4,7), Жылға (4,1), Дарбаза (3,7), Ақниет (3,6), Құркелес (3,3), Қошқарата (3,2), К.Маркс (3,1), Ақжол (3,0), Таскескен (3,0), Көктерек кенті ( 2,6).
Сарыағаш ауданында мақта, жүзім, көкөніс, астық, жеміс, бақша, картоп, қаракөл қойы, биязы жүнді қой, сүтті-етті мал, шошқа өсіруге маманданған 4 ұжымшар, 16 кеңшар, мемлекеттік сұрыптау станциясы болған. Ауданда 16 өнеркәсіп орны, 7077 агроқұрылым, оның ішінде: 101 заңды тұлға, 6976 шаруа қожалықтары бар. Аудан аумағында “Сарыағаш шипажайы” АҚ, “Арман”, “Алтын бұлақ-Р” демалыс орындары, балалар шипажайы бар. “Алекс” ЖШС – Қазақстан - Польша бірлескен кәсіпорны, “Демеу”, “Әсем-ай”, “Курорт-Барс–2030” ЖШС–тері Сарыағаш шипалы суын құятын кәсіпорындар, “Мырзакент” АҚ, “Айша бибі” ӨК-мақта тазарту зауытында мақта талшығын өндіреді. “Сенім” ЖШС-тігін, тоқыма бұйымдарын шығарады. Ауданда жүзім шаруашылығын өркендету үшін “Жүзім” бағдарламасы жасалынған, бұл бағытта “Қапыланбек” шарап жасайтын компаниясы, “Дербісек-Бахус” ЖШС, “Назико” ЖШС, “Ақжол” АҚ-ның шарап зауыттары, жүзім өңдейтін 6 цех жұмыс істейді. Ауданның барлық егіс көлемінің үштен бір бөлігіне дәнді дақыл, 11,9%-на көкөніс, 17,3% мақта, 31,1% жүзімдік егіледі. Облыстағы арпаның жалпы өнімінің - 9,5%, жүгерінің - 26,5%, күнбағыстың - 36,5%, картоптың - 30,5%, көкөністің - 26,4%, жемістің - 24,5%, жүзімнің – 39,9% жиналады. Облыстағы темекі өсіретін бірден-бір аудан. Аудан шаруашылығында облыстағы мүйізді ірі қара малдың - 10,4%, оның ішінде сиырдың - 12,5%, қой мен ешкінің – 13,7%, шошқаның - 3,7%, жылқының - 8,4%, шоғырланған: түйе - 180, құс – 75,3 мың басты құрайды. Келес өзенінің бойында “Келес” ӨК-нің су электр станциясы электр энергиясын өндіреді.
1) Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы. Алматы.2005. 7 том. 239-
259 б.
2)Оңтүстік Қазақстан энциклопедиясы.Шымкент.2004.86-97 б.
3) Б.Тасболат. Р.Кенжебаева.”География”.Шымкент 2006. 183-191 б.
4)“Артезианские бассейны Южного Казахстана”.
Академия наук Казахской СССР. Алматы. 1989. 364-378 б.
5)Н. Молдағұлов. “Лндшафттану негіздері.” Алматы. Рауан.1994.
98-102 б.
6)Конкашпаев Г.К. «Словарь географических названий Казахстана.» А-А, Академии наук Казахской ССР, 1963г. 197-209 б-б.
7)Мурзаев Э.М. Очерки топонимики. М, Наука, 1974г. 235-237 б.
8)Абдуллаев Х.М. Изследование в Сарыагаче. Тошкент, Институт геологий и геофизики. 1958г.146-154 б.
9)М. Бекей. «Оңтүстік Қазақстан» // 2004ж. 12 маусым. 8б.
10)Ш. Молдабек. «Қазақстан Zaman» // 2006ж.11 тамыз.5 б.
11)«Шымкент келбеті» //2003ж. 1 тамыз.5 б.
12)“Қазақстан- Zaman” //2006.18 тамыз. 4 б.
13)“ Ақиқат”//2007.15 қазан. 6-7 б.
14)”Оңтүстік Қазақстан” //1997. 11 б.
15)”Ақиқат”№8.28.04.2003. 8-10 б.
16)”Егемен Қазақстан”//16.07.2005жыл. №22.
17)“Егемен Қазақстан”// 31.07.2001. 4б.
18)”Шымкент келбеті”// 01.08.2001 3-5 б.
19)Интернет.( суреттер, кескіндер)
20)Интернет. Қазақша рефераттар сайты, Google. Kz., Rambler. Ru.
21)Жергілікті халық ауыз әдебиетінен аңыздар, әңгімелер.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Ғылыми жұмыстың
Аннотациясы

1.Тақырыбы:Сарыағаш атауының топонимиясы және ауданның
физикалық-географиялық ерекшеліктері.
2.Ғылыми-техникалық ақпараттардың мемлекеттік бөлімдері.(ҒТАМБ)
3. Жоғары оқу орнының толық аты: М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ, Педагогикалық
мәдениет институты, география кафедрасы.
4. Ғылыми жұмысты бастаған уақыты: 2008 жылдың қаңтар айы.
5. Жұмыстың көлемі: 45 бет
6. Қосымшалар саны:2
7. Көрнекіліктер саны:4
8. Кестелер саны: 1
9. Әдеби қорлардың саны: 21 саннан тұрады.
10. Мемлекеттік қысқаша түйіндеме қазақ және орыс тілінде.

Жұмыс барысы:
1. Ғылыми жұмыстың мақсаты: Сарыағаш этимологиясын анықтау, аудан
ландшафтысының физикалық- географиялық сипатын қарастыру.
2. Зерттеу барысындағы актуальды мәселелер: Аудан ландшафтысының физикалық-
географиялық жағдайын зерттеу және антропогендік өзгерістерін бақылау.
3.Жұмыстың дәрежелік мәселері:
4.Зерттеу барысындағы қолданылған әдістер: географиялық зерттеу әдістері,
матеметикалық, статистикалық, салыстыру әдістері.
5. Ғылыми жұмыстың ( ғылыми және практикалық) нәтижелері.
6. Ғылыми жұмысты қолдану барысындағы жкек құжаттардың нәтижесі( ия, жоқ):
қолдандым.
7. Ғылыми жұмысты зеріттеу барысында ізденушінің жеке бақылау қоры.
8. Жұмыстардың Республикалық , ғылыми және ғылыми –тәжірибелік
конференциялардың апробациясы:
9. Зерттеу барысындағы жинақталған ғылыми жұмыстардың нәтижелері:

Автордың қолы: ____________

ЖОО-ң заңды мөрі: ____________

Ғылыми жұмыстарды зерттеу барысындағы автор және оның ғылыми
жетекшісі туралы мағлұмат.

Автор
1. Тегі: Медеубаева
2. Толық аты: Салима
3. Әкесінің аты: Әбдісағатқызы
4. Оқитын мекемесі, факультеті, мамандығы: М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ,
Педагогикалық мәдениет институты, география – 050116. ІІІ курс.
5. Мекен-жайы: ОҚО, Шымкент қаласы, Отырар мөлтек ауданы, 41 үй, №3.

Ғылыми жетекшісі:
1. Тегі: Кенжебай
2. Толық аты: Рабиға
3. Әкесінің аты: Нөкербайқызы
4. Жұмыс орны: : М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ, Педагогикалық мәдениет
институты, география кафедрасының аға оқытушысы.
5. Қызметі: География пәнінің аға оқытушысы.
6. Білім дәрежесі: Педегогика ғылымдарының кандидаты
7. Лауазым аты: Аға оқытушы
8. Мекен –жайы:ОҚО, Шымкент қаласы, Самал- 3 мөлтек ауданы, №1183.

Институт директоры: ____________

(қолы)

Ғылыми жетекшісі: _____________

(қолы)

Ғылыми жұмыстың авторы: ____________

(қолы)

Ғылыми жұмыстың мағлұматтары.

1. Жмыстың тқырыбы: Сарыағаш атауының топонимиясы және ауданның физикалық-
географиялық ерекшеліктері.
2. Ғылыми жұмыс барысындағы конкурстық бөлімдер: 3- бөлімнен тұрады.
3. Ғылыми техникалық ақпараттардың мемлекеттік бөлімдерінің (ҒТАМБ)
таңбалары:
4. Жұмыстың фундаментальды,іздену, жинақтау және тәсілдік әдістерінің түрі:
5. Жұмыстың ( сабақта және сабақтан тыс өз бетінше іздену) түрлері:
6. Ғылыми жұмысты зерттеу барысындағы жекенің мүмкіндіктері мен
қжеттіліктерінің нәтижесі:
7. Ғылыми жұмысты зерттеу барысындағы жекенің мәліметті жинақтау немесе
жекелік нәтижесі:
8. Қосымша мәліметтер және мағлұматтар, егерде осындай мәліметтер бар
болса: кестелер, диаграммалар, статистикалық мәліметтер.
9. (80) таңбадан тұратын кілті сөздер:

Автор: ____________

Ғылыми жетекші: ____________

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 3
І.тарау. Сарыағаш ауданының тарихы мен топонимиясы.
1.1 ”Сарыағаш” атауының
топонимикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Тасқа айналған сарыағаштың қалдығына
сипаттама ... ... ... ...5
1.3 ”Сарыағаш” туралы ел аузында қалған аңыз-
әңгімелер ... ... .11
ІІ.тарау. Сарыағаш ауданы ландшафтысының физикалық-
географиялық сипаты.
2.1 Сарыағаш ауданының жер
бедері ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 15
2.2 Геологиясы мен тектоникалық
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.3
Климаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .18
2.4 Ішкі
сулары ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..19
2.5 Топырақ және өсімдік жамылғысы, жануарлар
дүниесі ... ... .21
III. тарау. Сарыағаш ауданының ландшафтысының антропогендік
өзгерісі.
3.1 Ауданның бүгінгі күніг ландшафтысы және оған
антропогендік
факторлардың
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .23
3.2 Қазіргі Сарыағаш
ауданы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...25
.

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...43
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 45

КІРІСПЕ
Облыстың оңтүстік бөлігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. 1928 ж. Келес
ауданы болып құрылған. 1939 жылдан Сарыағаш аталады. Жерінің аумағы 7,7 мың
шаршы шақырым. Тұрғыны 226,7 мың адам. Аудандағы 154 елді мекен, 1 қалалық,
1 кенттік және 24 ауылдық округтерге біріктірілген. Орталығы – Сарыағаш
қаласы.
Аудан жері негізінен төбелі, қырқалы, жазықты келеді. Солтүстіктен
Белтау жотасы (592 м), батысын Ызақұдық құмы, Қауынбаймолда жотасы,
оңтүстіктен Шардара бөгені алып жатыр. Жер қойнауында мәрмәр, құм,
бентонит балшығы, шипалы минералды суы барланған. Климаты конти-ненттік,
қысы жұмсақ, жазы ыстық, қуаң. Ауаның жылдық орташа темпера-турасы қаңтарда
–2-3°С, шілдеде 24-28°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200-300 мм.
Ауданның батысын бойлай Сырдария, оңтүстік-шығысынан Келес, Құркелес,
Ащысай өзендері ағып өтеді. Жері сұр топырақты және құмды келеді. Бетеге,
жусан, жүзгін, баялыш, өзен бойларында қамыс, бұта аралас ағаш өседі.
Қасқыр, түлкі, қоян, саршұнақ, күзен, жылан мен кесірткенің түрлері
кездеседі. 2, 86 б..
Халқы көп ұлтты, басым көпшілігі қазақтар-86,9%, одан басқа өзбектер-
4,1%, тәжіктер-2,7%, әзербайжандар-1,2%, орыстар-1,1%, татарлар 0,9% т.б.
ұлт өкілдері тұрады. Ауданда 1 шаршы шақырым жерге 29,4 адамнан келеді. Ірі
елді мекендер: Сарыағаш қаласы (26,0 мың адам), Абай (18,0), Дербісек
(10,3), Жібек жолы (5,8), Ынтымақ (5,4), Қапыланбек (5,1), Ақжар (5,0),
Қызылжар (4,7), Жылға (4,1), Дарбаза (3,7), Ақниет (3,6), Құркелес (3,3),
Қошқарата (3,2), К.Маркс (3,1), Ақжол (3,0), Таскескен (3,0), Көктерек
кенті ( 2,6).
Сарыағаш ауданында мақта, жүзім, көкөніс, астық, жеміс, бақша, картоп,
қаракөл қойы, биязы жүнді қой, сүтті-етті мал, шошқа өсіруге маманданған 4
ұжымшар, 16 кеңшар, мемлекеттік сұрыптау станциясы болған. Ауданда 16
өнеркәсіп орны, 7077 агроқұрылым, оның ішінде: 101 заңды тұлға, 6976 шаруа
қожалықтары бар. Аудан аумағында “Сарыағаш шипажайы” АҚ, “Арман”, “Алтын
бұлақ-Р” демалыс орындары, балалар шипажайы бар. “Алекс” ЖШС – Қазақстан -
Польша бірлескен кәсіпорны, “Демеу”, “Әсем-ай”, “Курорт-Барс–2030” ЖШС–тері
Сарыағаш шипалы суын құятын кәсіпорындар, “Мырзакент” АҚ, “Айша бибі” ӨК-
мақта тазарту зауытында мақта талшығын өндіреді. “Сенім” ЖШС-тігін, тоқыма
бұйымдарын шығарады. Ауданда жүзім шаруашылығын өркендету үшін “Жүзім”
бағдарламасы жасалынған, бұл бағытта “Қапыланбек” шарап жасайтын
компаниясы, “Дербісек-Бахус” ЖШС, “Назико” ЖШС, “Ақжол” АҚ-ның шарап
зауыттары, жүзім өңдейтін 6 цех жұмыс істейді. Ауданның барлық егіс
көлемінің үштен бір бөлігіне дәнді дақыл, 11,9%-на көкөніс, 17,3% мақта,
31,1% жүзімдік егіледі. Облыстағы арпаның жалпы өнімінің - 9,5%, жүгерінің
- 26,5%, күнбағыстың - 36,5%, картоптың - 30,5%, көкөністің - 26,4%,
жемістің - 24,5%, жүзімнің – 39,9% жиналады. Облыстағы темекі өсіретін
бірден-бір аудан. Аудан шаруашылығында облыстағы мүйізді ірі қара малдың
- 10,4%, оның ішінде сиырдың - 12,5%, қой мен ешкінің – 13,7%, шошқаның -
3,7%, жылқының - 8,4%, шоғырланған: түйе - 180, құс – 75,3 мың басты
құрайды. Келес өзенінің бойында “Келес” ӨК-нің су электр станциясы электр
энергиясын өндіреді.
Жалпы білім беретін 137 мектеп бар, оның 94-і орта, 15-і орталау, 28-і
бастауыш және 2 спорт, музыка мектептері. Мәдени мекемелерден 290 мәдениет
орталықтары мен 36 кітапхана бар. Денсаулық сақтау саласында 2 емхана, 4
аурухана, 24 отбасылық дәрігерлік амбулатория, 104 фельдшерлік-акушерлік
пункт, туберкулезге қарсы диспансер жұмыс істейді. Өзбекстанмен шекаралас
Жібек жолы ауылында кеден бекеті орналасқан. Аудан жерінен Шымкент-Термез
халықаралық автомобиль магистралі, Орынбор-Ташкент темір жолы өтеді. 4,
183-185 б.

І.тарау. Сарыағаш ауданының тарихы мен топонимиясы.
1.1 ”Сарыағаш” атауының топонимикасы.
‘’Келеске келсең күй мен саз шертiледi, Сарыағашқа оралсақ сыр мен
шежiре ақтарылады”- деген халық арасында нақыл бар. Тарихты еске алсақ,
жерұйықты iздеген Асанқайғының көрегендiк сөзi көкейге оралады. Сулы Келес,
Құркелестi көрiп, “Әттең ат сауырына сыйса өңгерiп-ақ әкететiн жер екен”
деп Сарыағаш өңiрiне тамсанған көреген бабамыздың дуалы сөзi ел аузында
мәңгi аңыз болып қалды. Тiптi Сарыағаш атауына негiз болған сары ағаштардың
тасқа айналған белгiлерi Әлiмтауда, Шеңгелдiде, Жылға жазықтарында қазiргi
күнде де керемет құпиялар мен қасиеттерiн сақтап жатыр. 9. 8 б..
Ауданның тарихы жайлы көптеген мәліметтерді жергілікті жазушы
Жақып Аяш өзінің тарихи ғылыми еңбектерінің нәтижесінде “Оңтүстік қақпасы”,
“Киелі Келес, аңыз болған “Сарыағаш” атты еңбектерінде дәлелденген.

Әр жердiң, өзен-сулар, тау-тас, сай-
саланың атаулары әншейiн қойыла салмаған. Әр аттың өзiне лайық тарихи
шындығы бар. Оған ақиқат негiздер себеп болған. Сол сияқты Сарыағаштың
“Сарыағаш” аталуына да осындай дәлел бар.
Негiзiнде бұл атаудың сыры Жер-ана мен адамзат тарихының тереңiнде
жатыр. Ертеден келе жатқан аңыз-әңгiмелердiң бiрi. Нұх пайғамбар мен оның
кемесi туралы.
... Нұх пайғамбар кеме жасауға кiрiскенде гофер ағашын пайдалануды
ұсынған. Қазiргi ғалымдар гофер дегенiмiз - кипаристiң ескi аты деп айтады.
...Бiз көп iзденiп, тарихи және географиялық деректерге мән бергенiмiзде,
шалшық суда өсетiн кипарис - гофертаксодидтердiң тұқымдас ұрпағы, қылқан
жапырақты ағаштардың көп өскен жерi - Шеңгелдi, Сарыжылға жазығы, Бөгенәлi,
Әлiмтау төңiрегi екенiн анықтадық.
...Ерте бор дәуiрiнде бұл аймақта көптеген iрiлi-ұсақты өзендер мен
көлдер болған. Оларды тригоноидтер, су тасбақасы, ал жағалауларында
динозаврлар өмiр сүрдi. Өзендердiң бiр бөлiгiнiң суы көлдерге, бiр бөлiгi
бұл аумақтың оңтүстiк-батысындағы теңiзге құйылды. Тау бөктерiнде iрi
материал, тауда гравелиттердiң, құмдауыттар мен лайдың шөгiндiлерi жиналды.
Оларда сол кездегi өсiмдiктер мен аңдар қалдығының iзi бар.
Динозавр негiзiнен, өсiмдiктермен қоректенген. Ал, мұнда тамаша
жайқалып өскен өсiмдiктер болғаны рас. Оны бiрнеше рет көтерiлген теңiз
сулары бұзған. Сарыағаш төбелерiнде тек iрi ағаш дiңгектерi мен тасбақа,
динозавр қалдықтары кездеседi. Тасқа айналған ағаштарды Өзбек ССР Ғылым
академиясының Х.М.Абдуллаев атындағы геология және геофизика институтының
және ботаника институтының ғалымдары жинады. 7, 235-237 б..
... Бор дәуiрi кезеңiнде қылқан жапырақты ағаштар күштi гүлдеп, өлкенi
алтын түстес реңге бояп, дүниенi құлпыртып жатқаны туралы кейбiр көне
жазбаларда аталған жылдың 7-8 ай кезеңiн сары түске бояп, сарғайып жатқан
атырап Сарыағаш аталмасына кiм кепiлдiк бере алады?
Әр жердiң, өзен-сулар, тау-тас, сай-саланың атаулары әншейiн қойыла
салмаған. Әр аттың өзiне лайық тарихи шындығы бар. Оған ақиқат негiздер
себеп болған. Сол сияқты Сарыағаштың “Сарыағаш” аталуына да осындай дәлел
бар.
Бiздiң заманымыздан бұрын Бор дәуiрiнiң екiншi кезеңiнде осы аймақта
қылқан жапырақты ағаштар өскен. Арадан 90 миллион жылдай уақыт өткенде бұл
ағаштар түсi сарғыш тартып тасқа айналған. Тасқа айналған Сары ағаш осы
күнi Жылға мен Шеңгелдi темiржол бекеттерiнiң аралығында кездеседi. Оның
ұзындығы алты, он екi метрге дейiн жететiнi бар. Сондай-ақ бөлшек-бөлшек,
ұсақ-ұсақ, кiшкене майда тастары “Әлiмтау” жоталарында, “Сөк-сөк” аймағының
әртүрлi қыраттарында жиi ұшырасады. 12, 4 б..
Мұны - тасқа айналған Сары ағаш тегiн зерттеп, ғылыми жолмен алғаш
ағылшын ғалымы Penhollow, екiншi ашқан Жапон ғалымы Шимакики.
Сарыағаш өлкесiнiң тағы бiр кереметi мынау.
Орыс геологтары “Сөк-сөк ата” құдығынан үйрек тұмсықты динозаврдың
қаңқасын “склетiн” түгелдей тапқан. Табылған бұл қаңқа қазiр Мәскеудегi
Ресей Ғылым Академиясының Палеонтология институтының музейiнде сақтаулы
тұр.
Дәл осы үйрек тұмсықты динозаврдың қаңқасының көшiрмесi Өзбекстан
Республикасының орталық Геология музейiнде (Фурхат даңғылы, 4) сақтаулы
тұр.
Мұнда жазылған анықтамада динозаврдың жасы К2, бұл Бор дәуiрiнiң
екiншi кезеңi деген сөз, яғни тасқа айналған Сары ағашпен жасты. 8, 146-
147б..

1.2 Тасқа айналған сарыағаштың қалдығына сипаттама.
Ташкент маңынан табылған тасқа айналған ағаштың заттық құрамы.
Академик В.И.Вернадский қазып алынған қалдықтардың тасқа айналуына,
негiзiнен ағаштарға үлкен мән берген және ол жыныстардың шоғырлану
ерекшелiгiн көрсетушi өзiндiк индикатор болуы мүмкiн деп есептейдi.
Тасқа айналудың характерi мен заттық құрамын зерттегенде шөгiндiлердiң
қалыңдық құралуының палеографиялық жағдайын анықтауға болады.
Осы мақсатта бiз Ташкент маңынан табылған дiңгегiнiң ұзындығы (дiңгек-
сабақ) 12-метр, диаметрi 92 см дейiнгi тас ағаштың (тасқа айналған) заттық
құрамын тексердiк. Ол Сарыағаш селосының 46 шақырым солтүстiк батысындағы
Бор дәуiрiндегi шөгiндiлердiң құмдақ, iзбес тас, конгломераттардың
арасынан табылған.
Е.В.Ивановтың алғаш атауы бойынша “динозавр көкжиегi” деп аталған жыныс
қалыңдығында жер бетiндегi бауырымен жорғалаушылардың, ағаш дiңгектерiнiң
және жоғары Бор дәуiрiндегi теңiз фаунасы өкiлдерiнiң тасқа айналған
сүйектерi көп мөлшерде болды.
Н.Е.Минакова Ташкент маңының барлық бор қабаттарын үш - Азатбас,
Шанақ, Дарбаза кен қабаттарына бөледi. Шанақ кен қабатының жоғары бөлiгiн
ол “динозавр көкжиегiне” жатқызады.
Кейбiр геологтар “динозавр көкжиегiн” турне дейдi, өйткенi ол айтылған
тас ағаштың жасына дұрыс келмейдi. 20, google. Kz.
Б.А.Борнеманның анықтамасы бойынша Ташкент маңы шөгiндiлерiнiң
өзгешелiгi - атыраулық. Бор дәуiрiнде теңiз айтылған ауданға бiрнеше рет
көтерiлiп, лагуноконтинентальды шөгiндiлердiң теңiз және қызылқұмдыққа
ұқсас шөгiндiлерiмен кезектесiп алмасып отыруын тудырған. Туронда теңiз суы
тағы да Ташкент маңына жайылған. Сол уақыттағы қабаттардың арасында
динозаврлардың сүйегi мен қылқан жапырақты ағаштар дiңгегiнде қызыл түстi
құмдардың көп мөлшерде кездесуi. Ағаштар осы ауданда өскен, құлаған кезде
терригендiк материалдармен келiп, қалған болуы да мүмкiн. Жақсы сақталған
сыртқы түрiне, құрылымдық ерекшелiгiне қарап, сондай-ақ ағаш клеткаларының
қалдықтарын тексерiп көрiп Р.Х.Худойбердиев зерттелiп жатқан тас ағашты
Goniffales - қылқан жапырақты (хвойный), таксодидтер - Taxodickylon
albertense Penhollow Shimakura - тұқымдастарға жатқызды. Қылқан
жапырақтардың гүлдеуi Бор дәуiрiнiң соңында күштi болды. Қазiргi күнде
таксодид тұқымдастар жойылу жағдайында. Бiрдi-екiлi түрi ғана қазiрде
Солтүстiк Америка, Қытай, Жапонияда бар.
Зерттеулердiң нәтижесiнде тас ағаштың доломит, аздап болса да қоңыр
темiр рудасының орнын басады деген псевдоморфоща анықталды. Орын басу
процесiне ағаштың барлық ткандары ұшыраған. Дiңгектiң көлденеңiнен
кесiлгенде қабық, бiр жылдық сақинасымен механикалық ткань, өзек сәулесi
анық көрiнген өзек айқындалып тұр.
1-сурет. Сарыағаш маңынан табылған тас ағаштың көлденең кесiлген
суретi (масштабы 1:16). 1. Сыртқы зона қабық. 2.3. Аралық зона - аралық
ткань. 4. Орталық зона - өзек.
Ағаштың үстiңгi жағы да жұқа құмдақ материал қабатымен жабылған, онда
қоңыр түстi қабық учаскелерi көрiнiп тұр. Дiңгекте бұтақтардың iзi де
бiлiнедi. Ағаштың құрылысына сәйкес тас ағашты көлденең кескенде үш зонаны
анықтауға болады.
Осы мақсатта бiз Ташкент маңынан табылған дiңгегiнiң ұзындығы (дiңгек-
сабақ) 12-метр, диаметрi 92 см дейiнгi тас ағаштың (тасқа айналған) заттық
құрамын тексердiк. Ол Сарыағаш селосының 46 шақырым солтүстiк батысындағы
Бор дәуiрiндегi шөгiндiлердiң құмдақ, iзбес тас, конгломераттардың
арасынан табылған.
Е.В.Ивановтың алғаш атауы бойынша “динозавр көкжиегi” деп аталған жыныс
қалыңдығында жер бетiндегi бауырымен жорғалаушылардың, ағаш дiңгектерiнiң
және жоғары Бор дәуiрiндегi теңiз фаунасы өкiлдерiнiң тасқа айналған
сүйектерi көп мөлшерде болды.
Н.Е.Минакова Ташкент маңының барлық бор қабаттарын үш - Азатбас,
Шанақ, Дарбаза кен қабаттарына бөледi. Шанақ кен қабатының жоғары бөлiгiн
ол “динозавр көкжиегiне” жатқызады.
Кейбiр геологтар “динозавр көкжиегiн” турне дейдi, өйткенi ол айтылған
тас ағаштың жасына дұрыс келмейдi.
Б.А.Борнеманның анықтамасы бойынша Ташкент маңы шөгiндiлерiнiң
өзгешелiгi - атыраулық. Бор дәуiрiнде теңiз айтылған ауданға бiрнеше рет
көтерiлiп, лагуноконтинентальды шөгiндiлердiң теңiз және қызылқұмдыққа
ұқсас шөгiндiлерiмен кезектесiп алмасып отыруын тудырған. Туронда теңiз суы
тағы да Ташкент маңына жайылған. Сол уақыттағы қабаттардың арасында
динозаврлардың сүйегi мен қылқан жапырақты ағаштар дiңгегiнде қызыл түстi
құмдардың көп мөлшерде кездесуi. Ағаштар осы ауданда өскен, құлаған кезде
терригендiк материалдармен келiп, қалған болуы да мүмкiн. Жақсы сақталған
сыртқы түрiне, құрылымдық ерекшелiгiне қарап, сондай-ақ ағаш клеткаларының
қалдықтарын тексерiп көрiп Р.Х.Худойбердиев зерттелiп жатқан тас ағашты
Goniffales - қылқан жапырақты (хвойный), таксодидтер - Taxodickylon
albertense Penhollow Shimakura - тұқымдастарға жатқызды. Қылқан
жапырақтардың гүлдеуi Бор дәуiрiнiң соңында күштi болды. Қазiргi күнде
таксодид тұқымдастар жойылу жағдайында. Бiрдi-екiлi түрi ғана қазiрде
Солтүстiк Америка, Қытай, Жапонияда бар.
Зерттеулердiң нәтижесiнде тас ағаштың доломит, аздап болса да қоңыр
темiр рудасының орнын басады деген псевдоморфоща анықталды. Орын басу
процесiне ағаштың барлық ткандары ұшыраған. Дiңгектiң көлденеңiнен
кесiлгенде қабық, бiр жылдық сақинасымен механикалық ткань, өзек сәулесi
анық көрiнген өзек айқындалып тұр.
1-сурет. Сарыағаш маңынан табылған тас ағаштың көлденең кесiлген
суретi (масштабы 1:16). 1. Сыртқы зона қабық. 2.3. Аралық зона - аралық
ткань. 4. Орталық зона - өзек.
Ағаштың үстiңгi жағы да жұқа құмдақ материал қабатымен жабылған, онда
қоңыр түстi қабық учаскелерi көрiнiп тұр. Дiңгекте бұтақтардың iзi де
бiлiнедi. Ағаштың құрылысына сәйкес тас ағашты көлденең кескенде үш зонаны
анықтауға болады.
1. Сыртқы зона - қабық (3 см дейiн) - темiр тотығы әбден сiңген.
Сыртқы бөлiктiң түсi сұр және ақ сұр, ал iшкi бөлiгi қызыл қоңыр сұлба.
Микроскоппен қарағанда ағаштың толық доломит орнын басқан қалдық құрылымы
анық көрiнедi. Доломит дәндерiне темiр тотығы әбден сiңген.
2. Қабық пен өзек арасындағы 35 см радиусты аралық немесе механикалық
ткань алып жатыр. Ол темiр тотығының қызғылт және қызыл түсiне боялған. Бұл
зонада микроскопта ғана көрiнетiн концентриптi зоналық текстура (1-сурет)
құратын жылдық сақиналар (75 дана) бiлiнедi. Ткандардың барлығына өзектен
тараған өзек сәулесi сiңген. Жылдық сақина бойлап темiрдiң жиналғаны
байқалып тұр.
Микроскоппен қарағанда шлифтердiң көпшiлiгiнде доломиттiң ұсақ дәндi
оолит секiлдi агрегаттары көрiнедi. Ол центрлес - зоналды құрылыммен
ерекшеленген доломит пен қоңыр темiрдiң шартты ауыспалы келуiмен көрiнiп
отыр.
Көбiне шлифтерде ағаш тканiнiң қалдық құрылымы 4 мм дейiнгi өзектi
клеткалар және трахейдтердiң өзек сәулесiмен айқын көрiнедi. Аралық зонада
жiңiшке сызықтар, сондай-ақ қоңыр темiрдiң линза секiлдi томпақтанып
жиналуы да байқалады. Олар шеттен орталыққа қарай жылдық сақиналарға
перпендикуляр жатыр.
Қоңыр темiр рудасының екi генерациясы бөлiнiп тұр. Бiрiншiсi
доломитпен алмасып отырушы центрлес - зона агрегаты да. Мұнда доломит пен
қоңыр темiр рудасының жасы бiрдей, оны екi минералдың (оолит) центрлес
зоналды орналасуынан да көруге болады. Бұл генерацияға қоңыр темiр рудасы
бүкiл доломит массасында жайылып жатыр, сондықтан да доломит қызыл қоңыр
және қоңыр түске енген.
Екiншi генерация қызыл қоңыр темiр рудасының жiңiшке сызықтары түрiнде
доломиттi қоңыр темiр рудада орналасқан (1-сурет). Олар линза түрiнде және
томпақ формада (2-сурет).
Тас ағаш шлифтерiнiң микроплойчатая текстура, шартты түрде қоңыр темiр
рудасы доломиттi алмастырған (14 шлиф), ортада доломит пен қоңыр темiр
рудасының ағашты центрлес - зоналды орнын басуы (11-а шлиф), оң жақта
кварц сынықтары қоңыр темiр рудасымен цементтелген (11-шлиф).
3. Орталық зона немесе үгiлмелi заттан құрылған 15-17 мм диаметрлi
өзек, ол үгiлiп жоқ болып кетуде.
Дiңгектiң қабырғасынан алынған шлифте аздап құмдық материал кездеседi,
онда карбонатты жыныстар және қоңыр темiр рудасымен қатар сүйiр бұрышты
кварц дәндерi бар. Кварцтың сынықтары қоңыр темiр рудасымен цементтелген (2-
в сурет). Өзектегi қуыс терригендiк материалдың қосылуымен механикалық
түрде толған болуы ықтимал. Олай болса тасқа айналу процессi коллоидты су
ерiтiндiлерi қоңыр темiр рудасы және доломиттiң ағаш тканьдерiмен химиялық
орын алмасуы жолымен, сондай-ақ терригендiк материалдық үгiтiлуi
нәтижесiнде пайда болған.
Тас ағашқа бiз термо, химия, рентген және спектрлi анализ жасадық. Тас
ағаштың әртүрлi зонасынан алынған жылу қисығының үлгiсiне қарап
термограмманы екiге бөлуге болады.
1. Түрлi характердегi гидрогетиттен судың шартты бөлiнуi, сондай-ақ
магнезит типтегi карбонаттың ыдырауымен тиiмдi үш эндотермиялық
термограмма (3-сурет, 6 және 9 үлгi). Мұндай құрама аралық зона
үшiн де характерлi.
2. Гетит пен доломиттiң қатысуы шартты болған үш эндотермиялық тиiмдi
термограмма (3-сурет, 21.1 үлгi).
Барлық термограммада гетиттi судың бөлiну температурасы мен доломиттiң
ыдырауы өте ұқсас (3-сурет).
Термограмма үлгiсiнде қабықтан лепидокриттiк аздап қоспасы бары
анықталды, ол экзотермиялық тиiмдiлiкпен түсiндiрiледi. Қоңыр темiр
рудасының мөлшерi сыртқы зонадан орталыққа қарай кемидi, кейбiр жерлерде
олар жоқ болып кетедi.
Тас ағаштың құрамында (85-88%) доломит, (8,5-6,88%) қоңыр темiр рудасы
(6,5-4,12%) кварц бар. Ондағы доломит пен гидрогетиттiң барын
рентгонометриялық анализ анықтап отыр.
Көмiр қышқыл газдың ұшып кетуiнен көп мөлшердегi судың пайда болуы
химиялық анализбен анықталды. Көмiр қышқыл газ сумен қосылып углекислота
түрiнде шөккен, сондықтан судың мөлшерi артқан болуы мүмкiн.
1-кесте. Тас ағаштың химиялық анализiнiң қорытындысы.
Тас ағаштың құрамынан 25 химиялық элемент (3-кесте) табылды. Оны бiз
үш топқа бөлдiк:
Бiрiншi топқа, доломит, қоңыр темiр рудасы мен кварцтың құрамына енетiн
кремний, темiр, марганец, кальций, магний кiредi.
Екiншi топ - ағаштың барлық зонасындағы секiлдi қоспа элементтердiң
(алюминий, натрий, барий, ванадий, титан, мыс, қорғасын, мырыш, никель,
бериллий және галлий) болуымен ерекшеленедi. Олардың мөлшерi жекелеген
зоналарда 1-ден 3-балға дейiн ауытқып тұрады.
Үшiншi топқа - жекелеген зоналарға характерлi элементтер енедi. Сөйтiп
күмiс пен цирконий тек сыртқы зонада (қабық), ал мышьяк, скандий және
фосфораралық зонада кездеседi.
Табылған элементтердiң саны сыртқы зонадан өзекке қарай бiртiндеп
кемидi; сыртқы 18, (орташа 2 анализден) аралықта 16 (орташа 13-тен),
өзекте 15 (орташа 5-тен). Бұл дегенiмiз - кейбiр зоналардың сiңiргiш,
сондай-ақ бұл зонаның құрамына енетiн материалдың сорғыш қасиетiне
байланысты. Сондықтан сулы ортамен тiкелей байланысты болғандықтан сыртқы
зонада көп мөлшерде элементтердiң кездесуi де табиғи.
Тасқа айналудың өзiндiк (спецификалық) жағдайын ескере отырып, көп
элементтер әсiресе галлий, скандий, цирконий, кобальт, бериллий, никель,
мышьяк, күмiс сияқты элементтер тас ағашта механикалық қоспалар түрiнде
кездесiп, сорғыш болып қалып отыр.
Ағаштың доломит және кейбiр жерлерiнде қоңыр темiр рудасымен алмасып
отыруы ағаштың ткандарында магний, кальций, темiрдiң мөлшерден тыс болуына
байланысты (6).
2-кесте. Рентгонометриялық анализ Д 660, Д 0,5, Си-сәулелену қорытындысы.

Тасқа айналу процесi өте аз зерттелген. А.Н.Криштофовичтiң айтуына
қарағанда өзiнiң алғашқы құрылысын минерализацияға жетпей тұрып
өзгерiссiз сақтап қала алатын iрi ағаштар ғана негiзiнен тасқа айналады.
ағаштағы доломит пен қоңыр темiр рудасының псевдоморфозы көл лагунды
жағдайда пайда болған болуы да мүмкiн. Карбонатты кальцийдiң гелiне және
магнийге бай су, сондай-ақ темiр тотығы өзара коагулияланғанда доломит пен
гетит түзiледi. Магний жiңiшке талшықты жыныстарға оңай енушi өте
жылжымалы элементтердiң бiрi болып есептеледi. Ағаштың метасоматика-лық
доломитациясы осымен түсiндiрiлсе керек. Доломит ағаштың сыртқы формасын
өзгерiссiз сақтай отырып, оның барлық ткандерiнiң орнын басады. 8, 147-154
б..

1.3 ”Сарыағаш” туралы ел аузында қалған аңыз- әңгімелер.

“Сарыағаш” атауының қойылу себебi - Жабай атаның руы Батыр (Алыбай).
Батыр 3 атаға бөлiнедi: Есболай, Есназар, Ескене. Сарыағашты (Шеңгелдi
атырабын) Есназар бабаның ұлы Шорман ата (Шорман шолақ деп те атайды)
ұрпақтары мекендеген. Шорман шолақ мұнда келiп мекендегенде Майбұлақ,
Шетбұлақ, Шеңгелдi бұлақ, Дәрет бұлақ, Кезең, Босаға, Жетiсала бойы тұнып
тұрған ну-орман, тоғай екен. Iшiнде сары түстi ағаш көп болған. Сондықтан
Сарыағаш атанған. Жорамалдың бiрi осы.
Екiншi түрi мынадай: “Шеңгелдi” станциясының айнала төңiрегi (бұрынғы
Сарыағаш) қыратты, төбелi жерлер. Әсiресе, жетi қыраттың ортасында түстiгi
Ақтау, шығысы Кезең тас. Осы қырат, жон, бел, тау-жоталарда кiсi бойы, одан
да биiк, адам құшағы жетпейтiндей, дүниеге қашан және қайдан келгенi
белгiсiз сап-сары тасқа айналған дөңбектердiң, бөренелердiң сұлбасы
тәрiздес тастар көп болатын. Оны алыстан қарағанда сары ағаш деп,
жақындағанда ағаш тектес тас екен деп қалатынбыз. Кейбiр құшақ жетпес тас
ағаштардың уақыт лебiмен ұшқан жаңқалары шабылған ағаштың жаңқасындай
айналасында пырдай боп шашылып жататын. Қариялар сол ағаш тастарды баяғы
сары ағаш қалдығы деп түсiндiрушi едi.
Ел аузында жүрген аңыздарға қарағанда, патша өкіметі әскерлері Сарыағаш
ауданының кейбір жерлерінде өте сирек кездесетін тек осы жерге тән керемет
пайдалы ағаштарға көздері түсіп, оны Ресейге алып бару үшін бір түп ағаш
қалдырмай, тамырымен жұлып алып кеткен. Қаңырап бос орнына орыс
ағашы деп аталатын ағаштарды отырғызып кеткен екен. Әскерлер осы ағаштарды
Ресейге алып барып сол жерге отырғызып, жақсылап қарағанымен ағаштар еш түп
алып, көгермеген. Ағаштар күн өткен сайын солып, діңі мен тамыры сарғыш
түске боялып, қурап қала берген. Бұған таң қалған патша әскерлері ағаштың
құдіреттілігіне және тек пайда болған жерінде ғана өсетіндігіне таң қалып,
осы ағаштар өсетін өлкені Сарыағаш деп атап кеткен екен
Ертеде қазіргі Сарыағаш ауданының жерінде далалы жерде жалғыз ағаш
өскен екен. Осы тұста заманның қиын кезеңі болған. Халықтың басына түскен
зар-заман десек те болады. Білегінің күші, бойының қайраты бар еркек кіндік
атаулысы соғыстан көз ашпай, аяулы ана мен бесіктегі сәби, еңкейген
қариялар жалғыздық пен жоқшылықтың тауқыметін тартып, халықтың басынан мұң-
қайғы кетпеген заман болған. Қиындықты көтере алмай қиналған халықтың
сырласар, мұңымен бөлісер демеуші сол даладағы жалғыз ағаш екен.Жапа шеккен
әйелдер мен қарттар сол ағаштың жанына барып, мұңын, сырын, қайғы-қасіретін
ағашқа айтып, бойлары жеңілдеп, иыықтарынан зіл жүк түскендей күй кешіп,
көңілдері көт еріліп қалатын болған.Ағаш осындай қасйетінің арқасында ұзақ
уақыт бойы халықтың бдарлық уайым-қайғысын өзіне сіңіріп алып, уақыт өте
келе діңі сарғайып кеткен екен. Сондықтан аудан Сарыағаш деп аталып кеткен
деген аңыз бар.

Басқа да бір аңызға қарағанда, сары діңді ағаштар халықтың аузында
өте әмбебап ағаш болған екен. Ағаш өте берік, иілгіш және мықты болып, оны
халық шаруашылығында кеңінен пайдаланып күн көрген. Уақыт өте келе
ағаштардың жергілікті тұрғындарға көп қажет болғаны сонша, ағаштың
тамырларын да қажеттеріне жаратқан екен. Әрқашан ағашты тамырымен жұлып
алған кезде орнынан емдік қасиеті бар шипалы су атқылап шыға берген екен.
Сол су сарыағаштың атымен аталып, қазіргі таңда шипалы Сарыағаш суы деп
аталып келеді екен. 21.

ІІ.тарау. Сарыағаш ауданы ландшафтысының физикалық-географиялық сипаты.

2.1 Сарыағаш ауданының жер бедері.
Аудан жері негізінен төбелі, қырқалы, жазықты келеді.
Солтүстіктен Белтау жотасы (592 м), батысын Ызақұдық құмы, Қауынбаймолда
жотасы, оңтүстіктен Шардара бөгені алып жатыр. Жер қойнауында мәрмәр, құм,
бентонит балшығы, шипалы минералды суы барланған.Сарыағаш ауданының
рельефінің түзілуі әр уақытта геологияляқ- геоморфологиялы факторлардың
әрекет етуінен қалыптасқан. Олардың сипаты азоналы болып келеді.
Геологиялық геоморфологиялық факторларға жер бетінің құрлықтық жондар мен
мұхит шараларына бөлшектенуі, жер беті жыныстарының құрамы, құрлық бетінің
жасы, бедері, беткейлердің көрінісі, еңістігі жатады.Шеңгелдi, Сарыағаш
темiр жол стансаларының территориясы әкiмшiлiк түрде Оңтүстiк Қазақстан
облысына қарайды. Оның көпшiлiк жерi төбелер мен тау етегi жазықтығынан
құралған. Ол бiртiндеп батысқа және оңтүстiк батысқа қарай теңiз
деңгейiнен 250-400 метрге дейiн төмендейдi. Шығысында бұл төбелер 600-800
метрге дейiн көтерiледi. Ол солтүстiгiнде Қазығұрт тауларына, ал батысында
Жаушы құмға дейiн созылып жатыр. Геологиялық әдебиеттерде бұл үлкен алаң
Ташкент маңы деп аталған шөлдiң құрамына енгiзiлдi. Мұндай төбелердi
ботаниктер “адырлар” деп атады.
Бұл жердiң рельефi бор және палеогендi дәуiрден кейiн бiздiң эрамызға
дейiнгi 90-60 млн жыл бұрынғы күштi шөгiндiлерден құрылған. Олар
геологиялық көненiң көзi өткен тарихи оқиғалардың сақтаушысы болып отыр.
Кейбiр жекелеген учаскелерiнде онан да ерте палеозой жыныстары Мансұр
ата, Бөгеналы, Әлiмтау таулары сияқты кiшкене биiктiктер кездеседi.
Бұл шөлейт жерлердi 1873-жылдан бастап көптеген геологтар зерттей
бастады. Олардың арасында Н.А.Северцов, Г.Д.Романовский, И.В.Мушкетов
-терды атасақ болады. Н.Е.Минакова және Г.А.Беленькийлер дәл, нақты
геологиялық зерттеу, суреттеу жүргiздi және қазiргi күнде геологтар
қолданып жүрген стратиграфиялық схема дайындады. Г.А.Беленький бұл аймақтың
әртүрлi жерiнен табылған сүйектi қатпарларды бiрыңғай динозавр көкжиегiне
бiрiктiрдi. Н.Е.Минакова бұл аймақтағы барлық бор шөгiндiлерiн үш:
(төменнен жоғары қарай) Азатбас, шанақ Дарбаза кен қабатына бөлдi. Динозавр
көкжиегiн ол Шанақ кен қабаты, Қызылат, Ақдашын, Жаушықұм, Сөк-сөк қабатына
бөлдi. Сөк-сөк кен қабатының төменгi бөлiгiнде динозавр сүйектерiнiң
қалдығы бар. Бұл кен қабаттарының шөгiндiлерi оңтүстiк-батыс ағынынан теңiз
бассейндерiне құйылатын өзен-көл суларының ағызып келуiнен пайда болған.
4, 186-191б..
Бұл ауданды 1964-жылы КСРО Ғылым Академиясы палеонтология институтының
Г.Г.Амртинсон бастаған бiр топ палеонтологтары зерттедi. Олар Шеңгелдi,
Әлiмтау, темiр жол стансалары мен Бөгеналы таулары, Сөк-сөк құдығы маңынан
динозаврлардың сүйегiн, тасбақалар панцирiнiң палеонтологиялық үлгiлерiн
жинады. Палеонтологиялық материалдар жинағанда бұл топ Ташкент
геологтарының бiрыңғай динозвар көкжиегiн бөлудi дұрыс емес деген шешiмге
келдi. Динозавр сүйектерi разрездiң әртүрлi бөлiгiнде кездесетiн. Кейбiр
нүктелерде олардың саны артып отырды. Олар төменгi және жоғарғы
континентальды, сондай-ақ теңiз қатпарында кездесетiн. Кездескен динозавр
сүйектерiне талдау жасау бұл жануарлардың ұзақ жылдар бойы осы территорияда
өмiр сүргенiн дәлелдеп отыр. Бұл кеңiстiктердiң теңiз суының астында қалуы
динозаврлардың өмiр сүруiн тоқтатты.
Ерте бор дәуiрiнде бұл аймақтағы үлкен тегiстiкке көптеген iрiлi-ұсақты
көлдер мен өзендер болды. Оларда тригоноидтер, су тасбақасы, ал
жағалауларында динозаврлар өмiр сүрдi. Өзендердiң бiр бөлiгiнiң суы
көлдерге, бiр бөлiгi бұл территорияның оңтүстiк-батысындағы теңiзге
құйылды. Тау бөктерiнде iрi материал, ары қарай тауда гравелиттердiң,
құмдауыттар мен лайдың шөгiндiлерi жиналды. Оларда сол кездегi өсiмдiктер
мен аңдар қалдығының iзi бар. Динозаврлар негiзiнен өсiмдiктермен
қоректенген. Ал мұнда тамаша жайқалып өскен өсiмдiктер дүниесi болғаны рас.
Оны бiрнеше рет көтерiлген теңiз сулары бұзған. Бұл өсiмдiктердiң
қалдықтары территорияға көршiлес жатқан аудандардан табылған. Сарыағаш
төбелерiнде тек iрi ағаш дiңгектерi мен тасбақа, динозавр, моллюскалардың
ракушкалары ғана кездеседi. Бұл аймақтағы бор шөгiндiлерiнен аңдардың
сүйегi жинап алынып, КСРО Ғылым Академия-сының палеонтология институтында
зерттелдi. Тасқа айналған ағаштарды Өзбек ССР Ғылым академиясының
Х.М.Абдуллаев атындағы геология және геофизика институтының және ботаника
институтының қызметкерлерi жинады. 8, 153-156 б..
2.2 Геологиясы мен тектоникалық құрылымы.
Кешегi бор дәуiрiнде Ташкент маңы шөлi - қазiргi аймағының едәуiр
бөлiгiн Тетис теңiзi алып жатты.
Қазiр Атлант мұхитының жағалауынан Жерорта теңiзi, Кавказ, Орта Азия,
Гималай арқылы Үндiқытайға дейiн кең жайылып жатқан су бассейнi осылай
аталды. Теңiздiң шекарасы солтүстiгiнде Мұғалжар тауларынан өттi. Теңiз
үстiнде Орталық Қызылқұм, Нұр-ата-Түркiстан-Зарафшан тау сiлемдерi
көтерiлдi. Теңiздiң солтүстiк-шығыс жағы Орталық Қазақстан қыраттарымен
(Солтүстiк Тянь-Шань қыраты) шектестi.
Бор дәуiрiнде жер қыртысында күштi жылжулар болып тұрды. Сондықтан
Тетис теңiзi де бiрнеше рет өзiнiң аумағы мен тереңдiгiн, көрiнiсiн
өзгерттi. Ол солтүстiгiнде көршiлес үлкен теңiз, мұхиттарға қосылды, кейде
кiшiрейдi, ал оңтүстiгiнде жойылғанға дейiн Үндi мұхитымен су байланысы
болды (Б.э.д. 6 млн жыл бұрын). 5, 364-367б..
Тұран ғасырында 90 млн жыл бұрын трансгрессияланумен бiрге құрылықтың
шөгуi басталды. Бұл кезде теңiз өзiнiң максимальды дамуына жеттi. Қазiргi
Қызылқұм, Сарыағаш төңiрегiнiң көпшiлiк бөлiгi су астында қалды. Көне
Тұранның соңында және кеш Тұранның бас кезiнде құрылықтың жайлап көтерiлуi
Ташкент маңызы шөлiнiң шығыс бөлiгiнен басталды. Соның нәтижесiнде Орта
Азияның жарты территориясын Тетис теңiзi алып жатты. Орталық Қызылқұм тау
сiлемдерi қатты кiшiрейдi. Мұнда Тетис теңiзiнде жылы экваторлық ағым пайда
болды. Ол тропиктiк және субтропиктiк флораның жылылықты сүйетiн
элементтерiнiң болуына жақсы әсерiн тигiздi. Өсiмдiктер әлемiмен қатар бұл
жерде су тасбақалары, моллюскалар, динозаврлар өмiр сүрдi. Қазiр Сарыағаш-
Шеңгелдi темiр жол стансасы, Сөк-сөк құдығы, Әлiмтау маңынан табылған
сүйектердiң қалдықтары солардың сүйегi. 13, 6-7 б..
Сарыағаш өлкесінің жер беті литогенді құрамы жер асты және
топырақтағы судың режимін, топырақ қабатының тұздылығы, механикалық құрамын
түрлендірген. Сондықтан ол жерлердің жер беті жыныстарының литогенді құрамы
саздақты және құмды келеді.Соған орай онда сазды жынысты ландшафтысы сор,
құмды жынысты жерде әсіресе өзен жағалауларында шағылдар ерекше көп
кездеседі.
Бұл жердің тек қана құрылымы мен геологиялық құрылысы өте күрделі
болып келеді. Батыс бөлігі ежелгі палеозойға дейінгі плиталық платформада,
орталық бөлігі жас эмигерциндік плиталық платформаларда, орталық бөлігі жас
эмигерциндік плиталық платформаларда, Шығыс бөлігі палеозойлық қатпарлы –
жақпарлы. Орогендік құрылымда орналасқан. Жер бетін түгелдей
мезокайнозойлық шөгінді жауып жатыр. Олар теңіз табанды және континентті
ортада жинақталған. Қазіргі жер бедері мен ландшафт түзуші жыныстардың
литогендік құрамдары әр түрлі болып келеді. Жер бедері теңізтабанды,
көлтабанды, аллювийлі тегіс ойпатты, эолды, аридты – денудациялық қат
қабатты және тұғырлық жазықтан тұрады.Жер бедерінің пішіні мен топырақ
қабатын түзуші жыныс саз балшықты, саздақты, кесек, тасты және қиыршық
тасты болып келеді. 5, 92-93 б..

2.3 Климаты.
Сарыағаш ауданының климаты қатаң континентті. Жылдық жауын-шашын мөлшері
200-300 мм-ден аспайды. Жауын шашынның көбі көктемде жауады да, жазда
жауған жаңбыр тамшылар кейде жерге жетпей кезіп кетеді. Ауаның жылдық
орташа температурасы қаңтарда -2-30С, шілдеде 24-280С, болады. Кейде
әсіресе құмды шөлді аймақтарда 40-500 С-қа дейін барады. 4, 187 б..

2.4 Ішкі сулары.
Келес – Сырдария алабындағы өзен. Оңтүстік Қазақстан облысының
Сарыағаш, Қазығұрт, Шардара аудандары арқылы ағып өтеді. Ұзындығы 241 км,
су жиналатын алабының ауданы 3310 км 2 Қаржантаудың батыс беткейімен
Қазығұрт тауынан бастау алады да, Шардара бөгеніне келіп құяды. Жоғары
ағысында арнасы тар және тік шарлы келген, төменгі ағысында арнасы кең. Суы
тұщы. Қар және жер асты суымен толығады.Қапыланбек ауылының тұсындағы көп
жылдық орташа аз ағымы 5,9 м3с шамасында. Өзен суы бау бақша егін суларға
пайдалынылады. Жанарық ауылының тұсында. Оның ірі салаларының бірі-
Тасбұлақ өзеніне құяды. 2, 91 б..
Келес артезиан алабы – Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік
шығысында, Келес ойысында орналасқан орында жер асты суы бар өңір.
Солтүстік Қазығұрт, шығысында Нұратау, Шатқал таулары мен батысында шөл
және Шардара дөңестерімен шектеседі. Жалпы ауданы 2мың км2. Алаптағы грунт
сулары. Өзендердің аңғарларында қалындығы 20-30м-ден аспайтын төрттік
кезеңнің аллювилік кұм, кесектасты кабаттарында, тау етегіндегі ысырынды
конустарда шоғырланған. Минералдығы 0,3-1гл. Арыны күшті артезиан сулары
бар кезеңінің сенон, тұран сеноман, альб қабаттарында қалыптасқан. Олардың
қалындығы 20-дан 100м-ге, тереңдігі 1300-1700м-ге дейін жетеді. Минералдығы
0,3-1,5 гл, температурасы 15-500 . Ұңғымалардан өздігінен атқылап шығатын
судың өнімділігі 1,5-50лсек. Келес артезиан алабының суы елді мекендерді,
мал жайылымы, шабынды сулары. Әйгілі Сарыағаш курорттық шипалы су көздері
осы Келес артезиан алабына негізделген.6, 372 б..

Сарыағаш минералды суы- Шымкент қаласынан оңтүстікке қарай 120
шаршы шақырым жерде, Сарыағаш қаласының оңтүстік-батысыны қарай 10 шақырым
жерде, Келес өзенінің сол жак бетінде ұңғымалардан шығатын су. Бұл су орны
жоғары бор (сеноман) сулы қабатын бұрғылау кезінде ашылған (1948). Бастапқы
кезде аса пайдалы, тым жылы (47-51 С градус) су 867-1053 метр тереңдіктен
жер бетінен 80-100 метр биіктікке көтерілген. Қазіргі өнімді 300-720 метр
куб. Оның құрамында көптеген микроэлементтер(мл есебімен): йод (0,01-
0,05), фтор (0,4-2,5), бор (1,0-2,6), фосфор (0,05-0,1), әртекті металдар
Al, Ag, Mo,Zn,Pb,Cu, Mn, Ti, Cr,Zr,Nb, тағы басқалар кездеседі. Судың
шипалық қасиетін (мгл): карбонат (410), сульфат (72), хлор (58) натрий
(225), кремний қышқылы (14-20) құрайды. Минералды судың газдық құрамы :
азоттан 85-87%), оттектен (13-15%) , аздаған аргон, криптон, ксеноннан
тұрады. Су қоры шомыцлуға және арнайы салынған екі су құю зауытында құтыға
құю үшін пайдаланады.Курорттың минералдық суының қасиеті елімізде ғана
емес,ТМД көлемінде белгілі. Сарыағаш минералды суы Трусковец( (Украйна)
суына өте ұқсас. Оның құрамы аты әлемге белгілі Горячий ключ, (Ресей),
Цхалтубо (Грузия), Қызыл тепе(Өзбекстан), Янский Лазне (Чехия) тағы
басқа куороттарыцныцң суының құрамымен бірдей ас қорыту, бүйрек, қимыл
мүшелерін тағы басқа мүшелерді емдеуге өте пайдалы.

Сарыағаш шипажайы-емдеу орны. Сарыағаш ауданында орналасқан
бальнеологиялық “Сарыағаш шипажайы” АҚ. Ол 1953-1956 жылдан бері емдеу орны
болып келеді. Сарыағаш шипажайы ұңғымалардан тәулігіне 84 метр куб су
алады. Ауасы құрғақ, жазы ыстық, ұзақ, қысы жұмсақ.. Емге пайдаланылатын
минералды суының температурасы 49-52 С градус. Құрамында кремний қышқылы,
радиоактивті элементтер, азот, гидрокарбонат, натрий, калий, кальций,
магний, алюминий, мыс, марганец, молибден және микроэлементтер бар. Ас
қорыту органдарының қызметі, зат алмасуы бұзылған, жүйке жүйесі, қол-аяқ,
тері,әйел ауруларымен сырқаттанғандар емделеді.Бұл шипажай әлемнің өзге
елдерне де белгілі сауықтыру орны. 2, 94 б..

2.5 Топырақ және өсімдік жамылғысы, жануарлар дүниесі.

Сарыағаш өлкесінің жер беті литогенді құрамы жер асты және
топырақтағы судың режимін, топырақ қабатының тұздылығы, механикалық құрамын
түрлендірген. Сондықтан ол жерлердің жер беті жыныстарының литогенді құрамы
саздақты және құмды келеді.Соған орай онда сазды жынысты ландшафтысы сор,
құмды жынысты жерде әсіресе өзен жағалауларында шағылдар ерекше көп
кездеседі.
Бұл жердің тек қана құрылымы мен геологиялық құрылысы өте күрделі
болып келеді. Батыс бөлігі ежелгі палеозойға дейінгі плиталық платформада,
орталық бөлігі жас эмигерциндік плиталық платформаларда, орталық бөлігі жас
эмигерциндік плиталық платформаларда, Шығыс бөлігі палеозойлық қатпарлы –
жақпарлы. Орогендік құрылымда орналасқан. Жер бетін түгелдей
мезокайнозойлық шөгінді жауып жатыр. Олар теңіз табанды және континентті
ортада жинақталған. Қазіргі жер бедері мен ландшафт түзуші жыныстардың
литогендік құрамдары әр түрлі болып келеді. Жер бедері теңізтабанды,
көлтабанды, аллювийлі тегіс ойпатты, эолды, аридты – денудациялық қат
қабатты және тұғырлық жазықтан тұрады.Жер бедерінің пішіні мен топырақ
қабатын түзуші жыныс саз балшықты, саздақты, кесек, тасты және қиыршық
тасты болып келеді.
Сарыағаш ауданында тұратын адамдар өзен жағасын, құдық маңын
мекендеген. Бұл аймактың топырақ жамылғысы солтүстігі мен шығысын және
оңтүстік шығысын қоңыр топырақ, оның құнарлы қабатының қалындығы 15-25 см,
болып келеді. Жергілікті тұрғындар тыңайтқыштар сеуіп, суландырып ауыл
шаруашылығымен көптеп айналысады. Аймақтың оңтүстігі, орталығы және батысы
саздақты, сұр қызыл және тасты топырақ көптеп кездеседі.
Өсімдіктердің таралуы сирек әрі селдір келеді. Өсімдіктер құм
төбелерінде, ойпаттарда, беткейлерде, адырларда қалың өседі. Онда жүзген,
мыңжапырақ, түймедағы, аласа келген еркекшөп өседі. Ойпаң, қарашұңқырлы,
топырағы тұщы грунт суларымен шайылған жерлерде бұталар, тап, қызылтал
өседі. Ұсақ шоқылы жерлерде табылған, райхан, изен, сүтінен өседі. Өзен
жағаларында жатаған, бидайық, өседі. Сондай-ақ жазықты жерлерде құм
қараған, қияқ, еркекшөп, жусан, раң, торғай оты, адыраспан, жантақ, селеу
өседі.
Жануарлар дүниесі алуан түрлі. Ондай сүтқоректілерден саршұнақ,
секіргіш қосаяқ, ақбөкен, қарақұйрық, тез ұшатын құстар, торғай,
кесірткелер, сарыбауыр жылан, сұр жылан, қалқан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстан облысы топономиясының физикалық-географиялық астарлары
Қазақстан Республикасында топонимика ғылымының дамуындағы қазіргі теориялық мәселелер
Оңтүстік Қазақстанның географиялық атауларының шығу тегі мен мағыналық жүктемесінің физикалық-географиялық негіздері
Қазығұрт өңірі топонимиясының этнолингвистикалық сипаты
Солтүстік Қазақстан аймағы топонимдерінің ерекшеліктеріне шолу
Этнолингвистика және этимология
Топонимдегі ұлт пен мемлекет саясаты мен тарихының көрінісі
ОНОМАСТИКАЛЫҚ АТАУЛАР
Қазақстан топонимиясы
Бұқар Жырау ауданы топонимдерінің географиялық ерекшеліктері
Пәндер