“Дінтану” кафедрасының негiзгi пәндерiнiң бiрi болып табылатын “Ислам тарихы” пәнінің электронды оқулығын дайындау



НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР 5
АНЫҚТАМАЛАР 6
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 6
КІРСПЕ 7
1 ТАРАУ ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ 9
1.1 Электронды оқулықтың сипаттамасы 9
1.2 Электронды оқулықты пайдалану тиімділігі 15
1.3 Электронды оқулықты жасаудың негізгі кезеңдері 18
2 ТАРАУ MACROMEDIA FLASH ОРТАСЫНДА ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚ ЖАСАУ 21
2.1 Macromedia flash professional 8 бағдарламасына кіріспе 21
2.2 Macromedia flash professional 8 бағдарламасымен жұмыс істеу негіздері 30
2.3 Macromedia flash professional 8 бағдарламасында суретпен және түспен жұмыс 52
2.4 Электронды оқулық жасау технологиясы 60
ҚОРЫТЫНДЫ 63
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 64
Бiлiм беру реформасы мультимедиалық технологиялар болып табылатын электрондық оқулық, құрал, тренажерлар түрiндегi компьютерлiк пакеттердi құру шарттарында ғана орындалуы мүмкiн.
Жоғарғы оқу орындарында студенттерге бiлiм беруде компьютердi қолдану оларды аудиториялық, яғни лекциялық және лабороториялық сабақтарда, өз бетiмен бiлiм алу сабақтарында, алыстан оқыту жағдайында пайдалану мүмкiндiгiн туғызады.
Бүгiнгi таңда оқу процесiнде арнайы оқыту жүйелерiн, оқыту процесiнде электрондық шолу ресурстарын пайдалану өзектi мәселе болып отыр.
Компьютерлiк оқыту жүйелерiнiң бiр формасы электрондық оқулық болып табылады. Электрондық оқулық деп өз бетiмен немесе оқытушының қатысуымен оқу курсын немесе оның бiр бөлiмiн компьютердiң көмегiмен меңгерудi қамтамасыз ететiн программалық - әдiстемелiк кешендi айтады.
Электрондық оқулық бiрiншi кезекте басылымдарды толықтыратын, жаңа ақпарат ұсынатын және бiлiм алушының алған бiлiмдерi мен дағдыларын шектеп тестiлеуге бағытталуы керек.
Электрондық оқулық өз алдына мультимедиалық өнiмдi бiлдiредi, ол өз бетiмен бiлiм алу режимiнде және оқытушы бiлiм алушы үшiн қарапайым нұсқаушыдан кеңесшiге ауысатын режимде де студенттердi тиiмдi бiлiммен қамтамасыз етуi керек. Бұл айтылғандардан оқулық үздiксiз, әр қадам бойынша бiлiм беру режимiн қамтамасыз етуi керектiгi шығады. Курстың әрбiр мәтiндiк үзiндiсi практикалық жаттығулар және бақылау – тестiлеу сабақтарымен жалғасуы керек.
Мультимедиалық ақпарат - әдiстемелiк кешендердi практикада пайдалану белгiлi бiр техникалық шарттарға, бiрiншiден, жаңа сипаттағы аудиториялық қордың бар болуын талап етедi. Мультимедиа құралдарын пайдаланып лекциялар даярлауға қосымша жұмыс уақытын шығындауы, сонымен бiрге мультимедиалық аудиториялар, олардың тұрақты жұмыс жасауын ұйымдастыруға арналған материалды қаржылық ресурстарды қажет етедi. Ал, жалпы оқу процесiнде электрондық шолу ресурстарын пайдалану шарттарында электрондық оқулық студенттердiң уақытын үнемдейдi, өз бетiмен бiлiм алу, қашықтықтан оқу жағдайында студенттерге үлкен көмек болады. Осыған орай, көкейтестi мәселе техника мен телекоммуникация байланыстарының жаңа дидактикалық мүмкiндiктерiнiң даму есебiнде бiлiм берудiң жаңа компьютерлiк әдiстерiн өңдеу болып отыр және көрсетiлген бағытта жұмысты жалғастыруды қажет етедi.
Дипломдық жұмысының мақсаты “Дінтану” кафедрасының негiзгi пәндерiнiң бiрi болып табылатын “Ислам тарихы” пәнінің электронды оқулығын дайындау.
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.
2. Дебердяева Т.Х . Новые ценности образования в условиях информационного общества// Инновация в образовании.3-2005
3. Медетбекова Р.Ә. Компьютерлік түр-түстің психологиялық-педагогикалық әсері. Алматы, 2010. –Б.285-287.
4. Р.Ә.Медетбекова. Ақпараттану. Шымкент, 2011. –Б. 658-659.
5. Ә.Қ.Бүркіт. Информатика. Шымкент, 2010. –Б. 565-567.
Савельев А. и др. «Создание и использование баз данных», М: 1991
6. Куправа Т.А. «Создание программирования баз данных средствами СУБД», М: Мир, 1991.
7. Диго С. М. «Проектирование баз данных», «Финансы и статистика» 1988
8. Голицина О.Л. «Базы данных. Интеллектуальная обработка информации». М.: «Нолидж», 2000
9. Жантекеева З.Ө., Нақысбеков О. Орысша – қазақша оқушыларға, студенттерге арналған сөздiк. Алматы 2001.
10. Базы данных. Учебник для высших учебных заведений /Под ред. Хомоненко А.Д. -СПб.: КОРОНАпринт, 2000, - 415с.
11. Г. Ә. Жапарова - Информатика негіздерін оқу құралдары. Алматы экономика 2006 ж.
12. М. Қ. Байжұманов , Л. Қ. Жапсарбаева- Информатика. Астана 2004 ж.
13. Е. Қ. Балапанов, Б. Бөрібаев - Жаңа информациялық технологиялар: информатикадан 30 сабақ. Алматы 2001 ж.
14. Б. Г. Жадаев. 100% Самоучитель Macromedia Flash MX. “Технолоджи – 3000”. Москва, 2004 г.
15. Д. Л. Розенкноп Создание анимационных эффектов в Macromedia Flash MX 2004.
16. М. В. Бурлаков МастерМедиа Macromedia Flash MX 2004 Сборка видеоклипов. Москва
17. Д. Л. Розенкноп Создание анимационных эффектов в Macromedia Flash MX 2004.
18. Н. И. Крупиянов Рисуем на компьютере. Word, Photoshop, CorelDRAW, Flash. Москва, 2000.
19. Б.Г. Жадаева. «Анимация для Web-страниц » Издательство Триумф. Москва, 2006г
20. О. Камардинов «Информатика» Алматы 2000 г
21. Т. Панкратов «Flash MX учебный курс» Москва – Харьков – Минск 2003ж
22. Роберт Рейнхадт, Джой Лотт «Macromedia Flash MX» Санкт-Петербург, Москва, Киев 2003ж.
23. Т. Понкратов «Flash 5» Санкт-Петербург 2002ж
24. В.Т Черкаский «Эффективная анимация во Flash»
25. А.Н. Божко «Flash MX технология работы»
26. Б. Сандерс. Эффективная работа Flash5.“ПИТЕР”.Санкт-Петербург, 2002г
27. Е.Т. Вовк «уроки по Flash» WWW.Mail.ru
28. Компьютерные системы и сети. / Поз ред. В. П. Косарева и Л. В, Еремика - М. Финансы и статистика, 1999. - 464 с.

Мазмұны

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР 5
АНЫҚТАМАЛАР 6
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 6

КІРСПЕ 7
1 ТАРАУ ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ 9
1.1 Электронды оқулықтың сипаттамасы 9
1.2 Электронды оқулықты пайдалану тиімділігі 15
1.3 Электронды оқулықты жасаудың негізгі кезеңдері 18
2 ТАРАУ MACROMEDIA FLASH ОРТАСЫНДА ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚ ЖАСАУ 21
2.1 Macromedia flash professional 8 бағдарламасына кіріспе 21
2.2 Macromedia flash professional 8 бағдарламасымен жұмыс істеу 30
негіздері
2.3 Macromedia flash professional 8 бағдарламасында суретпен және 52
түспен жұмыс
2.4 Электронды оқулық жасау технологиясы 60
ҚОРЫТЫНДЫ 63
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 64

Кiрiспе

Бiлiм беру реформасы мультимедиалық технологиялар болып табылатын
электрондық оқулық, құрал, тренажерлар түрiндегi компьютерлiк пакеттердi
құру шарттарында ғана орындалуы мүмкiн.
Жоғарғы оқу орындарында студенттерге бiлiм беруде компьютердi қолдану
оларды аудиториялық, яғни лекциялық және лабороториялық сабақтарда, өз
бетiмен бiлiм алу сабақтарында, алыстан оқыту жағдайында пайдалану
мүмкiндiгiн туғызады.
Бүгiнгi таңда оқу процесiнде арнайы оқыту жүйелерiн, оқыту процесiнде
электрондық шолу ресурстарын пайдалану өзектi мәселе болып отыр.
Компьютерлiк оқыту жүйелерiнiң бiр формасы электрондық оқулық болып
табылады. Электрондық оқулық деп өз бетiмен немесе оқытушының қатысуымен
оқу курсын немесе оның бiр бөлiмiн компьютердiң көмегiмен меңгерудi
қамтамасыз ететiн программалық - әдiстемелiк кешендi айтады.
Электрондық оқулық бiрiншi кезекте басылымдарды толықтыратын, жаңа
ақпарат ұсынатын және бiлiм алушының алған бiлiмдерi мен дағдыларын шектеп
тестiлеуге бағытталуы керек.
Электрондық оқулық өз алдына мультимедиалық өнiмдi бiлдiредi, ол өз
бетiмен бiлiм алу режимiнде және оқытушы бiлiм алушы үшiн қарапайым
нұсқаушыдан кеңесшiге ауысатын режимде де студенттердi тиiмдi бiлiммен
қамтамасыз етуi керек. Бұл айтылғандардан оқулық үздiксiз, әр қадам бойынша
бiлiм беру режимiн қамтамасыз етуi керектiгi шығады. Курстың әрбiр мәтiндiк
үзiндiсi практикалық жаттығулар және бақылау – тестiлеу сабақтарымен
жалғасуы керек.
Мультимедиалық ақпарат - әдiстемелiк кешендердi практикада пайдалану
белгiлi бiр техникалық шарттарға, бiрiншiден, жаңа сипаттағы аудиториялық
қордың бар болуын талап етедi. Мультимедиа құралдарын пайдаланып лекциялар
даярлауға қосымша жұмыс уақытын шығындауы, сонымен бiрге мультимедиалық
аудиториялар, олардың тұрақты жұмыс жасауын ұйымдастыруға арналған
материалды қаржылық ресурстарды қажет етедi. Ал, жалпы оқу процесiнде
электрондық шолу ресурстарын пайдалану шарттарында электрондық оқулық
студенттердiң уақытын үнемдейдi, өз бетiмен бiлiм алу, қашықтықтан оқу
жағдайында студенттерге үлкен көмек болады. Осыған орай, көкейтестi мәселе
техника мен телекоммуникация байланыстарының жаңа дидактикалық
мүмкiндiктерiнiң даму есебiнде бiлiм берудiң жаңа компьютерлiк әдiстерiн
өңдеу болып отыр және көрсетiлген бағытта жұмысты жалғастыруды қажет етедi.
Дипломдық жұмысының мақсаты “Дінтану” кафедрасының негiзгi пәндерiнiң
бiрi болып табылатын “Ислам тарихы” пәнінің электронды оқулығын дайындау.

Осы мақсатқа жету барысында келесi мiндеттер туады:
▪ “ Ислам тарихы” пәні бойынша теориялық материал жинау;
▪ Теориялық материалдар бойынша тапсырмалар ұйымдастыру, оларды
орындау әдiстемесiн көрсету, бақылау сұрақтар ұйымдастыру;
▪ Теория және практиканы бiр жүйеге келтiру;
▪ Курс бойынша тест тапсырмаларын ұйымдастыру.
Берiлген бiтiру жұмысым кiрiспеден, екi тараудан, қорытындыдан және
қолданылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.

1. ТАРАУ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ

1.1 Электрондық оқулықтың сипаттамасы

Қазіргі кезде электрондық WEB оқулықтың қандай екендігі туралы
біртұтас ой жоқ. Электронды оқулық дегеніміз — мультимедиялық оқулық,
сондықтан электронды оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуға тиіс.
Электронды оқулық студенттің уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп
отырмай, өтілген және студенттің ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге
зор ықпал етеді. Себебі, студенттің өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет
элементінің жанында жазуы болады.
Электронды оқытудың негізгі мәселелері ақпараттық-коммуникативтік
технология негізінде ақпараттық білім беру ортасын құру және оны тиімді
пайдалану болып табылады. Электронды оқулық мынандай жағдайларда тиімді:
кері байланыспен лезде қамтамасыз ете алады; гипермәтіндік
түсініктемелердің көп рет қолданған кезде уақытты үнемдейді; белгілі бір
бөлім бойынша білімді тексереді; қысқа мәтінмен көрсете, айта және
модельдей алады. Білім берудің кез келген саласында "Электрондық
оқулыктарды" пайдалану студенттердің танымдық белсенділігін арттырып қана
коймай ойлау жүйесін калыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай
жасайды.
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік
бәсекелестікті күшейте түсуде. Білім беруді ақпараттандырудың президенттік
бағдарламасы электронды оқулықтарды жасауға себепші болды. Бүгінгі күнде
ЖОО білім берудің мазмұнының 60%-ы және кәсіби білім берудің 10%-ы түрлі
сандық интерактивті мультимедиалық білім беру ресурстарын: электронды
оқулықтарды ; мультимедиалық оқыту бағдарламасын; виртуалды саяхаттарды;
электронды дидактикалық құралдарды және т.б. жасау жолымен сандық форматқа
көшірілуде.  Электронды оқулық – бұл студентке ғана емес, сонымен қатар
оқытушыға көмек. Бұл электронды оқулықтың авторларымен яғни,
әріптестерімен қашықтан кәсіби қарым-қатынас жасау құралы. Өйткені біздің
электронды бағдарламалар – бұл көбінесе дайын сабақ конспектісі. Сондай-ақ,
оның жан-жақтылығының арқасында, олар әдістемелік деректер қоры бола алады.

Оқытудың тиімділігі оқытудың жеке тұлғалық стиліне, яғни, студентке оқу
материалын тиімді сипаттайтындай қабылдау механизміне тәуелді болады.
Осыған байланысты оқу іс-әрекетін тиімді қамтамасыз ету бәрінен бұрын
студенттердің өзіндік іс-әрекетін, оқытушының әрбір студентпен жеке
тұлғалық оқу іс-әрекетін сүйемелдеуді және жобалар мен оқу жұмыстарын
оқытушылармен бірге ұйымдастыруды жобалайды. Осылайша ақпараттық
технологиялардың дамуы жаңа әдіс-тәсілдердің пайда болуына және сонымен
бірге оның сапасын жоғарылатады.
Әрбір электронды оқулық үлкен авторлық ұжыммен даярланады, біріншіден
ғылым докторлар мен кандидаттар, профессорлар мен доценттер,
республикамыздағы қандай да болмасын пән саласындағы ең жақсы мамандар.
Сонымен қатар, авторлық ұжымға педагог-технолог, әдіскер және міндетті
түрде бағдарламалаушы және басқалар кіреді.
Электронды оқулықтарда студент оқу материалына жугінуін қаншалықты
қажет етсе, соншалықты мүмкіндік береді. Ол бір тапсырманы, оның ең жақсы
нәтижесіне жеткенше орындауы мүмкін. Электрондық оқулық сырттай
(дистанциондық) оқу формасының өзекті кезеңі болып табылады. Электрондық
оқулық терминінің көп таратылғанына қарамастан, әртүрлі туындыгерлер оған
алуан түрлі мағыналарды береді. Жалғыз жалпы қабылданған белгісі болмаса
да, дегенмен, оны оқытатын программалардың көптеген түріндегі біреуіне ғана
жатқызуға болмайды. Электрондық оқулықты программалық-әдістемелік
комплекске жиі жатқызатын болды. Мұндай электрондық оқулықтар оқу курсын өз
бетімен немесе оның үлкен бөлімдерін оқып үйренуге мүмкіндік береді және
құрамында қарапайым оқулықтың, анықтамалықтың, есеп кітапшасының және
зертханалық сабақтардың қасиеттерін біріктіреді. Осы электрондық оқулық
дәстүрлі оқыту тәжірибесінің баламасы емес, қосымшасы болып табылады және
студенттің кітаптармен, конспекттермен, жаттығулармен және т.б. жұмыс
істеуін алмастырмайды. Электрондық оқу құралының ақпараттық технологиялар
мен мультимедиялық мүмкіндіктерді толық пайдалануын компьютерлер қамтамасыз
етеді. Осындай мүмкіндіктерге: оқулық авторының аудиотүсініктемелері; оқу
материалына аудио және видеосюжеттердің, анимацияның енгізілуі; контексттік
көмекшелерді (подсказка собственный перевод), сілтемелерді (гипертекст)
орындау; сандық немесе графикалық түрінде күрделі есептеудің нәтижелерін
тез арада орындау; студенттің білімін оперативті өзіндік бақылау (ол
жаттығуларды және тесттерді орындаған кезде) жатады.
Электрондық оқулықты құру процесінде автор пәндік аймақ пен ақпараттық
технологиялар аймағында білімдар болуы қажет. Тәжірибеде екі маманның
ынтымақтастығы – пәндік-дәріскер және программист-маманы болады. Осы
жұмыстың негізгі кезеңдері:
Оқулық мәтінінің шимай жазу вариантын дайындау (дәрістер курсы
бойынша оқу құралының материалдарын түбегейлі өзгертісе де болады);
Электронды оқулықтың кейбір жеке бөлшектерінің арнайы әрекеттестігін
құрастыру (оқулықтың рационалдық құрылымы және материалдардың баянадалуын
мұқият ойластырған дәйектілік негізінде, мүмкін қиылыс сілтемелерді
ұйымдастыру және т.б.), сонымен қатар, аудио және видеосюжеттер
сценарийлардың, түрлі иллюстрациялардың алғашқы дайындығын (олар текстте
статикалық немесе электрондық компьютерлiк оқулық оқу процесінде
динамикалық пайда болады);
Компьютерде электрондық компьютерлiк оқулықтың құрамдас бөліктерін іске
асыруға болады.
Жоғары оқу орындарында электронды оқулықты кейде пәндәк дәріскер деп
те атайды. Пәндік - дәріскердің ақпараттық технологиялар бойынша кез-
келген білімдері аса пайдалы болады, бірақ міндетті емес. Бірінші екі
кезеңде автордың біліктілігі пәндік салада және оның ұстаздық, әрі әдіскер
мүмкіндіктері үлкен рөл атқарады. Бұған себеп: тек электрондық оқулықты
жазу процесінде ғана емес, сол сияқты қарапайым оқу құралын немесе кітапты
жазу процесі кезінде автор қиыншылықтарға тап болады. Осы қиыншылықтардың
кейбіреулеріне тоқталайық:
Білімдердің айналу процесі мәтін арқылы сызба бойынша іске асырылады:
автордың білімі - мәтін – оқырманның білімі. Бірінші кезеңде автор
мәтінді жазады, бірақ мәтінде автордың білімі емес, оның белгілі бір
ақпараты болады. Күндізгі оқу формасындағы білікті дәріскер көптеген
көмекші ресурстарға ие болады да, осы ресурстар арқылы жоғарыда айтылған
ысыраптардың азаюына көмектеседі. Сөйлеуде дұрыс қойылған акценттері,
вербальды қарым-қатынастардың артықшылықтары зерттелетін тараудағы маңызды
жерлеріне назар аудару мүмкіндігін береді. Оған қоса, аудиториямен қайтымды
байланысты орнату, материалды ұғыну деңгейіне байланысты дәрістердің
жоспарын өзгерту мүмкіндігі болады. Бұл жерде тыңдаушылар сұрақтарының және
дәріскердің қажетті сұрақтар рөлі, студенттердің бір-бірімен қарым-
қатынасының рөлін бағаламаса болмайды. Көрсетілген мәселелерді ескерген
кезде студенттің электрондық оқулықпен жұмыс істеу жұмысын жеңілдейді.
Әрбір дәріс суреттеулермен сипатталса студент тек өзінің мақсатымен
және міндетімен танысып қана қоймай, сонымен бірге жан-жағындағы жағдайды
ұғынып, пайда болған мәселелердің түбірін ұғып, оны шешу механизмдерімен
танысады.
Ұстаздың кеңес беру уақыты шектеулі болғандықтан, электрондық оқулықта
студенттердің аса көп ықтималдық сұрақтарына жауаптарын ұсынғаны жөн.
Материалдың ұғынылуын бақылау үшін тесттерді қолданған жөн. Электрондық
компьютерлiк оқулықты дайындаған кездегі маңызды сәті электрондық оқулықтың
дара бөліктер қарым-қатынасының сценарийлерін және аудио-видео
сценарийларін дайындауы болып табылады.
Пәндік - дәріскердің программалық қамсыздандыру туралы білімі аз
болғанымен, бұл кедергілерді тудырмайды. Бірақ ол тек өз саласындағы
оқулықтармен танысып қана қоймай, басқа да салалардағы оқулықтармен танысуы
қажет. Негізгі мақсаты – қазіргі кездегі ақпараттық технологиялардың
мүмкіндіктерін зерттеу. Аудио - және видео үзінділеріне, формулалардың
визуализация әдістеріне, графиктерге, суреттерге, кестелерге және т.б.
ерекше назар аудару керек. Мұнда ең бастысы студентке білімді толыққанды
жеткізу. Келесі қадам: пәндік - дәріскер мен ақпараттық технологиялар
маманының үйлесімді жұмысы.

Электрондық оқулықтарды құру технологиялары мультимедиа ортасында оқыту
курстарын құрастыру ұзақ және қымбат тұратын процессі болып табылады.
Сондықтан, компьютерлік оқу курсының барлық негізгі құру кезеңдерін алдымен
жақсылап ойланып жасау қажет. Алдымен, мультимедиа ұсынылатын ортаның оқу
курсы таңдалады. Берілген пән бойынша курстардың болжамды шығындары мен
уақыттарын анықтау, оның мүмкіндік таралымы және аудиториясын анықтау
керек. Мультимедиа типі курсқа қойылатын аудиториялық жалпы талаптарды
анықтауға мүмкіндік береді. Негізінде курстың жалпы білімдік оқытылу
ерекшеліктерін ескеруі қажет. Олар студенттің жалпы түрлі дайындық
деңгейлерімен және компьютерлік білімдерінің деңгейлерімен байланысты. Осы
білімдерін тексеру үшін алғашқы тестілеу өтіледі де, студенттің барлық
білімі анықталады. Арнайы оқу курстарының да дайындық деңгейлері ескерілу
керек. Білетін тақырыптарын қайталамау мүмкіндігі де беріледі. Сонымен
бірге пән саласындағы ең соңғы ақпараттармен қамтамасыздандырылуы да қажет.

Электронды кітаптың дайындық кезеңінде оқулық мәтінінің жазылуы,
иллюстративті және анықтамалық материалдың таңдалуы, интерфейстің эскизін
және оқытатын бағдарламаның сценарийін құру, сонымен қатар, жеке блоктардың
сценарийлерін құру (анимациялық үзінділер, видео үзінділер, компьютерлік
модельдеуді жасайтын программалар, білімді тексеретін блоктар және т.б.).
Осы кезеңде қалауы бойынша оқу материалының түрлі варианттарының ұсынулары
форма және мазмұны бойынша құрастырылады. Ол студенттің психикалық типіне
байланысты болады. Мұндай жағдайда тағы да, алдын ала психологиялық
тестілеуді өткізу керек болып қалуы мүмкін. Оқулықтағы тестпен жұмыс
істегенде оның құрылымдарына керекті барлық тақырыптардың нақты тізімін
анықтап жасау керек. Олар берілген оқулықта баяндалуы қажет. Студенттің
қандай білімді және дағдыларды үйренуі белгілі болса, әрбір тарау және оқу
курсы оған толығымен жауап берсе, онда ол кітапты жетістікті деп есептеуге
болады. Нәтижесінде, әртүрлі мнемоникалық амалдарды, шрифттік айыруларымен
қоса, графиктерді, суреттерді және мультипликацияларды қолданған жөн. Бұл
үшін қорытынды жинақтауларды күшейту керек: негізгі мәліметтерді қосу,
негізгі жағдайларды құрастыру, кестелерді құру қажет. Кейін мәтінге үлкен
өзгерістерді енгізбеу үшін оны ұқыпты саралау жөн. Толық сараланған мәтін
гипертекстке түрленеді.
Оқулықтың мәтінімен қоса мультимедиа сценарийіне компоненттер мен
тақырыптар тізімі, сонымен қатар, оның құрылымы алдын-ала баяндалуы қажет.
Анимациялық, аудио және видео үзінділер, иллюстрациялар және т.б. сценарий
бойынша таңдалады. Оқулықтың толық сценарийі әдетте мәтіннің тақырыптарға,
тарауларға, түсініктерге байланысын да қарастырады. Сонымен бірге
суреттерге, дауыстарға, видео үзінділерге, кестелік ақпараттың
қолданылуына, бейнеленген материалдардың (графиктер, схемалар, суреттер)
анимацияланған суреттердің және фотоматериалдардың, аудио және видео
үзінділердің, компьютерлік модельдердің сілтемелеріне де жауапкершілікпен
қараған дұрыс.
Электронды кітапты жасаудың негізгі кезеңіне оқулықтың тікелей
құрастырылу операциясы кіреді. Оның мазмұны ұсынылатын формадан өзгеше
болуы қажет. Материалдың ұсынылатын формасы қатаң болуы қажет. Беттерде
артық графикалық немесе мәтіндік ақпараттар болмауы керек. Олар оқырманның
көңілін бөлуі мүмкін. Кітап фоны бірсазды болғаны жақсы (бірақ міндетті
емес). Фоны жарық, ал мәтіні қараңғы түспен, мысалы, қара немесе қараңғы
көкшіл түспен жазылуы қажет. Қараңғы фон мен жарық шрифтті қолданған дұрыс
болмайды, себебі, оқырманның көздерін шаршатады. Шрифттің гарнитурасы жақсы
таңдалса мәтіннің оқылуы жеңіл болады. Егерде ол серифтерсіз (засечкалар)
жазылатын болса, онда шрифттік гарнитуралардың кіші шрифттерін қолданбау
керек. Бағдарламаға графикалық суреттерді қосқанда ақпараттық құралдарға
бейімделуін де ескерген жөн. Оқу бағдарламасының жалпы көлемін азайтуға
арналған GIF, JPEG және т.б. форматтарды қолданса болады.
Анимациялық объектілердің қимылдарын жасаудың шексіз мүмкіндіктері бар.
Соның ішінде мәтіннің және дауыстың визуалды өрнектеулерін көрсетуге
болады. Әр түрлі компьютерлік платформаларға арналған көптеген
анимациялардың екі өлшемді (2D) және үш өлшемді (3D) бағдарламалық
құралдары бар. Видео үзінділерді жасау үшін компьютерлік видеомонтаждың
бағдарламалық-техникалық кешендері қолданылады. Алдын-ала суреттер мен
дауыстардың кітапханаларын дайындап алған дұрыс, олар монтаждау кезінде
керек болады. Монтаждаудың сапасын жоғарлатуда Adobe Premiere және Video
Studio сияқты пакеттер қолданылады. Материалды жақсы қабылдауға әсер ететін
элементтердің бірі – дауыс болып табылады. Дауыс диктордың айтуы бойынша
немесе видео үзіндінің немесе кейіпкерлердің диалогы ретінде естілуі
мүмкін. Дауыспен жұмыс істеу үшін әр түрлі бағдарламалық қамсыздандырулар
қолданылады. Олар дауыстарды ойнауға, жазуға және синтездеуге мүмкіндік
береді.
Мультимедиа оқулықтардың әр түрлі элементтерінің құрылуында параллельді
орындалуы мүмкін. Олардың біріктірілуі аяқталатын кезеңде іске асады.
Оқулық тақырыптарға бөлінеді, гипермәтіндік сілтемелердің жүйесі пайда
болады. Мультимедиа оқулықтарына тән үлкен көлемдік ақпараттар тек
ойластырылған интерфейстің және навигация жүйесінің бар болуына байланысты
болады.
Аяқталатын кезеңді өткізгеннен кейін оқулықтың тестілеуі мен түзетілуі
жүргізіледі. Тестілеуден өткен мультимедиа-оқулық зерделік меншік ретінде
тіркелу керек. Мультимедиа - оқулығын құрастыруға қатысқан құрастырушы
ұжымның авторлық құқықтарын міндетті түрде ескеру керек. Оқулықтың
пайдаланылуы кезінде туындаған кемшіліктерді түзету үшін, жаңа қосымша
модульдерді қосу үшін, анықтамалық ақпаратты жаңалау үшін арнайы орындар
қалдырып қойған жөн.
Баспалық оқулықтарға қарағанда, электрондық оқулықтарға қойылатын
талаптар өзгеше. Бірақ принципі өзгермейді: нақты құрылым, шрифттің
өлшемдерінің өлшемін қатаң қадағалау және оның тағайындалуы және т.с.с.
Электрондық оқулықтың артықшылығы – материалдың ұйғарылуы бұл жерде
айтарлықтай көп болады. Материалдың ұйғаруын қалай көбейтуге болады?
Біреулер – фреймдерді қолданған жөн деп есептейді, ал тағы біреулері
экрандағы орнын алады, ал басқалар мәтінді бүкіл экранға ашады. Фреймдер
мониторда жиі болатын ақпаратты құруға мүмкіндік береді. Мұндай
ақпараттарға: автордың аты-жөні, вебмастердің аты-жөні, ұйым туралы
мәліметтерді орналастыруға болады. Бірақ фреймдер ақпараттық кеңістіктің
көп бөлігін алатындықтан, мәтіннің өзіне аз орын тиіп қалады.
Электронды оқулықты баспа кітап сияқты құрылымда да жасауға болады.
Бірақ оэлектронды оқулықтың тиімділігі жоғалады, жүктеме уақыты көбейеді,
оқулықты пайдалану қиын болады. Бірақ кеңістік жеткілікті болады да,
мәтіннің орын ауыстырылуын, гиперсілтемелерді әр параграфтың соңында енгізу
мүмкіндігін іске асыруға болады. Ал егер браузердің терезесін бүкіл экранға
ашсақ, ешбір көркемдеудің элементтері студентті алаңдатпайды да, ол сіздің
оқулықпен бірге жалғыз қалады.
Оқулықты көркемдеген кезде жоғары сапалы суреттерден аулақ болған
жөн. Олар жүктеменің жылдамдығын төмендетеді. Мәтінді көркемдеген кезде
өзінің стильдерін қолданбаған да жөн. Шрифттерді асыра пайдалану да артық
болады. Браузер дайындаушыларының үндеу бойынша тұрған дайын стильдерін
қолданған дұрыс. Олар әр түрлі деңгейдегі атауларды айыруға қолайлы.
Шрифтті де үндеу бойынша қойған жөн. Тағы біз айта кетер жай: оларды
құрылымымен сәйкестендіріп қойған жөн. Яғни, оқулықта үш деңгейлі атаулар
құрылымдардың закладкалары үш санмен белгіленуі қажет.
Қазіргі уақытта электронды білім алу болашақта жаппай ағарту саласын
қамтитын жаңа үрдісті шығармашылық еңбек. Үшінші мыңжылдықта қолға алынып
жатқан инновациялық жалпыадамзаттық үрдіс. Электронды оқыту жүйесі (е-
learning) білім берудің барлық сатысын технологияландыруымен ерекшеленуде.
Электронды оқыту дәстүрлі білім берумен астасып жатыр. Бұл ретте
оқытушының сабақ беру шығармашылығын алып тастау деген сөз емес. Керісінше,
ЖОО оқытушы тақырыпты түсіндіру барысында небір қызықты  дерек-дәйектерді
қосымша пайдалануына мүмкіндіктер жасайды. Заманауи оқытушы жаңа
техникалық әрі педагогикалық жаңашылдықтарды өзара шебер үйлестіре алатын
маман болуы тиіс. Өз дәрісінің режиссурасын, сценарийін өзі жасап, қай
жерінде, қалай электронды оқытуды пайдалану керектігін шебер меңгерген
болуы тиіс. Яғни, заманауи оқытушыдан үздіксіз жетілу, біліктілігін
жоғарылату үдерісін талап етеді. Жаңашылдықты игерген тұлға десек артық
емес. Тек шығармашылығы мол оқытушы ғана студенттердің шығармашылық
мүмкіндіктерін аша алады, дамытады. Өз беттерінше жұмыс істеуіне, ойлануына
дағдыландырады.
Қандай мемлекетте болсын болашақ дамуының басты мақсаты адами
капиталдың өсуіне байланысты. Біздің еліміздің де ұзақ мерзімді
стратегиясының бірі - білім жүйесін әлемдік деңгейге көтеру. Білім
саласындағы оқыту үрдістеріне қазіргі заманғы әдістемелер мен
технологияларды енгізу қажет. Білім мен тәрбиенің негізі, қайнар бұлағы оқу
орындары десек, оқулық сол білімнің өзегі, тәрбиенің құралы, ұлттық
мәдениеттің ұраны. Осындай озықтыққа элекронды оқулықтардағы олқылықтар
жараспайды. ХХІ ғасыр техника заманы болғандықтан елімізде білім беруде
орнын ойып алар сауатты электронды оқулықтар жасау біздің міндетіміз.

Электрондық басылым (ЭБ) – бұл графикалық, тексттiк, цифрлiк, тiлдiк,
музыкалық, видео, фото және ақпараттар, сонымен қатар қолданушының
басылымдық құжаттардың жиынтығы. Электрондық басылымдар кез келген
электрондық тасымалдаушыларда – магниттiк оптикалық оптикалы дискiлерде
орындалуы және электрондық компьютерлiк желiлерде жариялануы мүмкiн.
Оқу электрондық басылымы (ОЭБ) – бiлiмнiң сәйкес ғылыми – практикалық
саласы бойынша жүйеленген материалдарды қамтуы керек және студенттер мен
оқушылар осы саладағы бiлiмдер, бiлiктер және дағдыларды белсендi түрде
меңгеруi керек.
Оқулық (О)- мемлекеттiк стандартқа және оқу программасына сәйкес оқу
пәнiнiң немесе оның тарауын жүйелi мазмұндаудан тұратын басылымы.
Электрондық оқулық (ЭО)-өз бетiмен немесе оқытушының қатысуымен оқу
курсын немесе оның бiр бөлiмiн компьютердiң көмегiмен меңгерудi қамтамасыз
ететiн программалық-әдiстемелiк кешендi айтады.
Оқу құралы (ОҚ)- бұл берiлген басылымның түрi ретiнде ресми түрде
бекiтiлген және оқулықты толықтыратын немесе оны бөлшектеп немесе толық
алмастыратын оқулық.
Электрондық оқу құралы (ЭОҚ)-оқулықты толығымен немесе жартылай
ауыстыратын немесе толықтыратын және берiлген түрдегi басылым ретiнде
бекiтiлген электрондық басылым.

Гиертекст-электрондық формада ұсынылған және оның бiр фрагментiнен
басқа фрагментiне дер кезiнде өтудi қамтамасыз ететiн тармақталған
байланыстар жүйесiмен жабдықталған текст.

Интеллектуалдық ядро-математикалық операцияларды сандық және символдық
формада шығаратын программалардың арнайы жиынтығы.

Визуализация-суреттердiң, графиктердiң және анимацияның көмегiмен
көрнекi түрде көрсетiлуi.

Электрондық оқулық-оқу әдебиеттiнiң жаңа жанры болып табылады. Қазiргi
заманда бiлiм беру реформасында арнайы компьютерлiк аудиторияларда
өткiзiлетiн практикалық сабақтарда, жатақханада, үйде ДЭЕМ – де
студенттердiң, оқушылардың және мұғалiмдердiң өзiндiк жұмыс жасауы үшiн
электрондық кiтаптар пайдаланған ыңғайлы. Дегенмен электрондық оқулық
кәдiмгi кiтапты толық ауыстырмайды және ауыстыра алмайды. ЭО әдебиеттiк
шығарманы экранизациялау қандай да бiр жанрға жататындай, ЭО – та оқу
мiндетiндегi шығарманың жаңа жанрына жатады. ЭО бiршама ұғымдарды,
тұжырымдарды және көптеген мысалдардың түсiнуiн және тез есте сақтауын
максималды түрде жеңiлдету керек.

Электронды оқулықтар студенттің бiлiм сапасын бақылау жүйесiн
өзгертуге мүмкiндiк жасайды. Дәстүрлi оқытуда әр оқушы оқытушы тарапынан
бақылау өте жиi болмай қалуы да кездеседi, ал электронды оқулықтың
көмегiмен оқыту үрдiсiнiң әр этапын бақылай алады. Тiптi кейде тапсырманың
дұрыс орындалуын ғана қадағалап қоймай, қате орындаған жағдайда оқулықтың
тарауына, керектi тақырыбына немесе қажет ақпарға сiлтемелер берiп отырады.
Бұл студент үшiн, бiрiншiден үлкен көмек, жеңiлдiктер туғызса, екiншiден,
сол материалды автоматты түрде бақылап, әдiл бағасын беруге, студентке
қажетiне қарай кеңес беруге, сол жайында барынша мәлiмет алуға мүмкiндiк
жасайды.
Сонымен қатар студент грамматикалық анықтамаларды оқи отырып бiлiмiн
тереңдете алады. Мiне, осындай мүмкiндiктердiң барлығы оқудың мотивациясын
күшейтедi, студенттердің тiлге деген қызығушылығын арттырады, оқуға деген
белсендiлiгiн арттырады, оқытудың дәстүрлi ұйымдастыру формасынан шығып,
оқытуды даралауды күшейтуге көп көмегiн тигiзедi.
Электронды оқулықта берiлген мәтiндiк материалдар белгiлi бiр қатынас
жағдайларда қолданылатын сөйлемдердi құрайды. Сұхбаттар көлемi жағынан
шағын және жеңiл жатталады. Сұхбаттық жағдаяттар қазақ тiлiнде бiр-бiрiне
сұрақтар қойып және жауап қайтара алуға үйретедi. Сонымен қатар берiлген
тақырып төңiрегiндегi сөйлемдер мен әңгiмелердi микрофонның көмегiмен
компьютерге басып, өздерi тыңдап, өзiн-өзi тексеруге, дұрыс сөйлеуге
көмектеседi.
Мысалға, электронды оқулықтағы бiр тақырыпқа тоқталатын болсақ, алғашында
сол тақырып бойынша мәтiн берiлген.
1. Осы мәтiндi студент тыңдайды, оқиды, сонан соң барып тақырыптық
сөздiктерге көңiл аударады.
2. Жаңа сөздердiң аудармасын iздеп тауып алғаннан кейiн, сол сөздермен
басқа жағдайларда қолдануға болатын сөйлемдер құрастырады.
3. Осы құрастырған сөйлемдерiн қолдана отырып жағдайлар ойластырады.
4. Өздерi ойластырған жағдайларды қолдана отырып сұхбат құрастырады.
5. Сұхбаттарды бiрiншi жақтан құрастырғаннан кейiн, оны үшiншi жаққа
аударып айтып бередi.
6. Берiлген тақырып көлемiнде түрлi жаттығулар мен тапсырмалар орындайды.
7. Сөйлемдегi сөздердiң орын тәртiбiн дұрыс қою арқылы сөйлем
құрастырады.
8. Сөйлемдегi жетпей тұрған сөздi табу арқылы, сөйлемнiң мағынасын
түсiнуiн аңғартады.
9. Компьютермен сұхбаттасу арқылы қойылған сұраққа дұрыс жауап бере
алатындығын көрсетедi.
10. Әңгiменi қостай отырып, сол тақырып көлемiнде сөйлесе алатындығын
байқатады.
11. Сөйлемдегi сөздердiң жалғауларын дұрыс қоюы грамматиканы
түсiнгендiгiн бiлгiзедi.
12. Сөйтiп көптеген жаттығулармен тапсырманы дұрыс орындағанда барып өз
өмiрiнде осы тақырыпты қолдана отырып әңгiме құрастыруға дейiн жетедi.
Ақпараттық технологиялардың мүмкіндері пайдаланып жасалынған электрондық
баспа оқулығын пайдалану арқылы оқытушылар мен студенттердің өздігінен
жұмыс жасай алады. Әсіресе аталған электрондық оқулықты пайдалану
студенттердің сабаққа деген ынтасын жоғарылатып, өздігінен мұғалімнің
нұсқауынсыз тақырыптарды игеруіне және зертханалық жұмыстарға алдын ала
дайындалуларына мүмкіндік туғызады. Электрондық оқулықты қолдану барысында
графикалық безендірулер және сұқбат терезесі түрінде пайдаланушы интерфейсі
студенттерді бұл кітап пайдалануға деген қызығушылығын арттырады.

Электрондық оқулықты құру барысында кейбiр принциптер мен Ақпараттық
жүйенiң белгiлерiне жүгiнiуiмiз керек:

1. Кванттау принципi: Мазмұны бойынша тұйық, көлемi минимальдi
модульдерден тұратын материалдық бөлiмдерге бөлiнуi.
2. Толықтық принципi: Әрбiр модульдердiң құрамында келесi компоненттер
болуы тиiс.
▪ Тоериялық ядро;
▪ Тоерия бойынша бақылау сұрақтар;
▪ Мысалдар;
▪ Өзiндiк жұмысы бойынша есептер мен жаттығуларды шешу;
▪ Барлық модульдер үшiн бақылау сұрақтары жауаптарымен;
▪ Бақылау жұмысы;
▪ Контекстiк анықтама;
▪ Тарихи түсiнiктемелер;
3. Көрнекi принципi: әрбiр модуль коллекциялық кадрлардан олардың iшiнде
минимум текст және визуалдардан құрылуы керек.
4. Тармақталу принципi:пайдаланушының басқа бiр модульге өту үшiн, әрбiр
модуль гипертексттiк сiлтеулермен басқа модульдермен байланысуы керек.
5. Реттеу принципi:оқушылардың дербес кадрларды ауыстыруды және экран
бетiне кез келген мысалдарды шақыруға мүмкiндiгi бар.

6. Бейiмделу принципi:пайдаланушы оқу барысында электрондық оқулыққа
бейiмделуi керек.

7.Компьютерлiк қолдау принципi: кез келген мезетте пайдаланушы компьютерлiк
қолдау ала алады.

8. Жинақтылық принципi: электрондық оқулық форматтарда орындалуы керек.

Ақпараттық жүйенiң белгiлерi:
1. Басқару объектiсiнiң сипаты;
2. АЖ – ны тұрғызу мен жұмыс iстеудiң жинақталған тәжiрибесi;
3. Басқару және басқарылушы жүйелерiнiң құрылымы;
4. Мәлiметтердi жинауда, өткiзiп беруде және өңдеуде қолданылатын
жабдықтары;
5. АЖ – ны басқару объектiсiнiң жетекшiлiк тұрғысы және т.б.

Электрондық оқулық күндiзгi әсiресе дистанциялық оқу бөлiмiнде
оқитындарға жеке түрде жұмыс жасау үшiн қажет. Өйткенi ол:
- Оқытылатын материалды басқалардың көмегiмен түсiнудi жеңiлдетедi;
- Дайындық деңгейiне байланысты студенттiң қажеттiлiктерiне сәйкес
интеллектуалдық мүмкiншiлiктермен және амбицияларымен адаптацияны
жiбередi;
- Көптеген түрлендiрулерден және есептеулерден босатады, есептiң мәнiне
шоғырланып, есептер шығару және мысалдар қарастыру;
- Жұмыстың барлық кезеңдерiне байланысты өзiн - өзi тексеру үшiн кең
мүмкiншiлiктер туғызады;
Электрондық оқулық студентке берiлген пән бойынша жан – жақты бiлiм алу
үшiн қажет.
Электрондық оқулық арнайы аудиторияларда өтетiн практикалық сабақтарда
пайдалы. Өйткенi ол:
- Компьютердiң көмегiмен көптеген есептер шығаруға, алынған шешiмдердi
анализдеуге кететiн уақытты босатады;
- Мұғалiмге сабақты компьютерде өздiк жұмыс ретiнде өткiзуге мүмкiндiк
туғызады;
- Мұғалiмге компьютердiң көмегiмен оқитындардың бiлiм деңгейiн
бақылауға, бақылау жұмысының қиындық деңгейiн және мазмұнын беруге
мүмкiндiк туғызады.

1.2 Электронды оқулықты пайдалану тиімділігі

Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесі саясатының басты
мақ-саттарының бірі жан жақты, жоғары білімді, шығармашылық қабілетті жеке
тұлғаны тәрбиелеу. 
Білім туралы заңда білім беру жүйесінің басты міндеті Ұлттық және
жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде
жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім
алу үшін жағдайлар жасау делінген. Қазақстан Республикасының мемлекеттік
жалпыға мін-детті білім беру стандартында оқу бітіруші түлектердің біліміне
қойылатын талап-тардың ішінде былай делінген: 
• өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра білу, кәсіптік қызмет саласында
қажет ақпаратты жинау, сақтау мен сұрыптаудың компьютерлік әдістерін
меңгеру; 
• өзінің кәсіптік қызметінің түрі мен сипатының өзгеруіне пәнаралық
жобаларымен жұмыс істеуге әдістік және психологиялық жағынан дайын болу. 
Қазіргі кезеңдерде негізгі мәселелердің бірі – оқыту процесін де
білім, тәрбие берудің пәрменділігін, білімнің тәрбиелік, тәрбиенің білімдік
мәнін жоғары дәрежеге жеткізу болып табылады. Білім берудің кез келген
саласында электронды оқулықтарды пайдалану студенттердің танымдық
белсенділіктерін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін
қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Әлі де білім
беру саласында тек оқытушының айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі
заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру
қоғамында электронды оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. 
Оқушы өзін қоршаған ортаны барлық сезім мүшелері арқылы танып, біледі,
алайда олардың қабылдауы әртүрлі. Ақпаттарды қабылдаудың негізгі арналары:
есіту, көру және сезу болып табылады. Өзін қоршаған ортадан қабылдайтын
мәліметтердің 90 пайызын көру жүйесі арқылы, 9 пайызын есту жүйесі арқылы,
тек 1 пайызын сезім мүшелерінің көмегімен қабылдайды. Көру жүйесі – есте
сақтаудың түрлері ішінде жетік, үздік дамығаны. Педагог – психологтардың
зерттеулері бойынша берілетін білім оқушының ішкі мұқтаждығымен сәйкес
келмесе, онда оқу процесінде қиындық туындайды. Тәжірибе тұрғысынан
информатика пәнін алатын болсақ, компьютермен жұмыс істеу кезінде жаңа
ұғымдармен таныс болмауынан және техника құралын бірінші рет пайдаланып
отырғандықтан, оның мүмкіншілігі мен қажеттілігін білмеуі салдарынан
студенттердің өздеріне деген сенімсіздігі туады. 
Қазіргі кезде жас ұрпақ тәрбиесі, оның жеке тұлғасының жаңаша
қалыптасуы, әлеуметтік дүниеге көзқарасы, жалпы болмысы, ең алдымен
оқытушыға байланысты. Қазіргі заман оқытушыдан өз пәнінің терең білгірі
болуымен қатар, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық, саяси
экономикалық, білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман
талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс
істеп, оқу-тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген
жан болғанда ғана, білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты
саналады. 
Оқушы білімінің сапалы болуы бір жағынан оқытушының сабақ беру
шеберлігі мен жаңа технологияны тиімді пайдалана білуіне байланысты болса,
екінші жағынан оқу орнының техникалық материалдық базасының жабдықталуы да
әсер етеді. Оқушының алған білімді тек игеріп қана қоюы жеткіліксіз, оны
жетік меңгеру арқылы болашақ өмірінде өз қажеттілігіне жарата білуі керек.
Бүгінгі күннің басты ерекшелігі оқу процесінде жетілдіру жолында ең
озық әдістемелер іздестіріліп, оқу орындары әртүрлі оқу бағдарламамен жұмыс
істеуде. Солардың ішінде оқушы үшін электронды оқулықты пайдалану арқылы: 
- оқу материалдары туралы студенттерге дәл және толық ақпарат беру арқылы
оқыту сапасын арттырады. Оқытудың көрнектілігін арттырып, оқу материалын
саналы игеруге жеткізеді; 
- абстрактылы оқу материалдарын нақтылыққа жеткізіп, оқытудың тиімділігін
жетілдіреді; 
- оқу материалының маңызын арттырып, уақыттан ұтып, есте сақтау
қабілеттерін жетілдіруге қол жеткізеді. Есте сақтаудың әсер алу, қайталау
ассоциация арқылы оқу материалдарын терең игеруге жеткізеді; 
- оқытушы мен студент еңбектерін жеңілдетіп, пікір алысып, байланыстарын
арттырады. 

Қазіргі таңда дайындалған электронды оқулықтарда мынадай жағдайларды
ескеру керек: 
• белгілі бір пәнге байланысты дайындалған электронды оқулықтың сол пәннің
типтік бағдарламасына сәйкес болуын, тақырыпқа қатысты нақты әрі қысқа
берілуін ескеру керек; 
• электрондық оқулықтар оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты дәріс
конспектісін қамтитын негізгі материалдар; 
• зертханалық және тәжірибелік тапсырмаларды орындауға арналған қосымша
материалдар; 
• материалға қатысты анықтама, библиографиядан тұратын көмекші
материалдар; 
• аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест; 
• материалды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері қамтылуы. 
Электронды оқулықты қолдана отырып студенттер төмендегідей жұмыс
жасауға мүмкіншілігі болады: 
- Өтілетін материалдарды дұрыс әрі жеңіл түрде түсінуге; 
- Оқушының өздігімен дайындалып, жұмыстың барлық кезеңдерінде өзін - өзі
тексеруге; 
- Жұмысты тиянақты түрде орындап, оқытушыға файл түрінде тапсыруға; 
- Түсінбеген тақырыптарды шексіз қайталауға; 
- Оқулықты сабақтарда қолданып, оқушының өз деңгейінде тапсырмаларды
таңдауға; 
- Қажетті материалдарды жылдам іздеп табуға мүмкіндік туғызады. 
Ақпараттық технологиялардың мүмкіндері пайдаланып жасалынған
электронды баспа оқулығын пайдалану арқылы оқытушылар мен студенттердің
өздігінен жұмыс жасай алады. Әсіресе аталған электронды оқулықты пайдалану
студенттердің сабаққа деген ынтасын жоғарылатып, өздігінен оқытушының
нұсқауынсыз тақырыптарды игеруіне және зертханалық жұмыстарға алдын ала
дайындалуларына мүмкіндік туғызады. Электронды оқулықты қолдану барысында
графикалық безендірулер және сұқбат терезесі түрінде пайдаланушы интерфейсі
студенттерді бұл кітап пайдалануға деген қызығушылығын арттырады. 

1.3 Электрондық оқулықты жасаудың негiзгi кезеңдерi

2006 жылдың 1 наурызындағы Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Назарбаевтың халыққа жолдауында Электрондық үкімет жүйесін шұғыл енгізу
қажеттілігін әдейі басқа көрсеткім келеді деп нақты атап көрсеткен. Біз
электрондық үкіметпен ел басқарамыз, мемлекеттік органдарды тиімді
пайдаланамыз.
Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: Оқыту процесін үздіксіз
және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін
дамыту. Білім берудің кез келген саласында ойлау жүйесін қалыптастыруға
шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Қазіргі уақытта электрондық WEB оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас
ой жоқ. Электрондық оқулық дегеніміз- мултимедиялық оқулық, сондықтан
электрондық оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуға тиіс.
Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп
отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге
зор ықпал етеді. Себебі, оқушының өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет
элементінің жанында жазуы болады.мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың
бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып
табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез
немесе жәй түрде көрсетуге пайдалы. Электрондық оқулық таңдап алынған
хабарды көшіруге мүмкіншілік туғызады. Электрондық оқулықтың ең қажет
элементі-аудиохабарлар. Мысалы: құстардың дауыстарына қарай құс екенін
ажырата білу,жүрек қағысын байқау.
Бір жағынан, электрондық оқулықтың келеңсіз жақтарыда бар. Бұл
психология- педагогикалық талаптардың, пәнаралық байланыстардың жоқтығы
сияқты. Тағы да бір ең үлкен кемшілігі –фрагменттік бағдарлама. Ол
материалды толық қамтуы немесе оқулықтарды толық аудару, берілген
материалдағы санитарлық, гигеналық нормалардың сақталмауы, компьютердің
графикалық мүмкіншілігінің қолданылуының нашарлығы және әлсіздігі[2].
Электрондық оқулықтарды қолданылу барысында оқушылардың сабаққа деген
қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Сондай-ақ мұғалімдерге де
өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала
алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде элекрондық
оқулықтарды сабаққа пайдалану-оқытудың жаңа технологиясының бір түрі
ретінде қарастыруға болады. Ой-өрісі дамыған, шетелдік білім жүйесінен
қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде
жүргізу үшін, бір-бірімізден тәжірибе алмасып, кемшілік-жетістіктерді айтып
отырсақ жұмысымыз өнімді болады деп ойлаймын.
Электронды оқулықты қолдану саласы өте кең: электронды – оқыту жүйесі
қашықтан оқыту үшін, өздігімен ізденіс барысында, жалпы білімге деген
талпыныс бар студенттерге өте тиімді. Қазіргі заман талабына сай
мүмкіндігін көп дербес компьютерлерді өңдей отырып, тарау бойынша
студенттердің дағдыларды қалыптастыру, білім бақылау жұмыстарын бағалауға
мүмкіндік береді. Осы арқылы компьютерлік технологияның дамуының
тереңдетілуі білім сапасын жоғарылата отырып, оқытушының жұмысын жеңілдете
түседі. 
Электронды оқулықты пайдалану арқылы: 
• сабақта техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану
тиімділігі; 
• оқытушының ақпараттық – коммуникациялық технологияны меңгеруі; 
• студенттердің пәнге қызығушылығы; 
• алынған білім, дағды деңгейі; 
• білімнің тереңдігі; 
• тексеру түрлері, бағалау; 
• практикалық дағдыларды игеру мүмкіндігі артады. 

1. Қайнар көздерiн таңдау
2. Қайта жөндеу құқығына авторлармен келiсiмдер жасау
3. Ұғымдар тiзiмiн және мазмұнын өңдеу
4. Help құру және бөлiмдер бойынша модульдегi тексттердi қайта жөндеу
5. Электрондық формада гипертексттi шығару
6. Компьютердiң көмегiмен электрондық оқулық жасау
7. Мультимедианы iске асыру үшiн мәлiметтердi сорттау
8. Дыбыстардың шығуын қамтамасыз ету
9. Дыбыстардың шығуын реализациялау
10. Визуализация үшiн мәлiметтердi дайындау
11. Мәлiметтердi визуализациялау.

Электрондық оқулықты жасау бойынша методикалық нұсқаулар

Электрондық оқулықты жасаудың бiрiншi кезеңiнде қайнар көздерi
ретiнде басылған және электрондық баспаларды таңдау керек. Олар:
• Көбiнесе стандарттық программаға толық сәйкес келу керек
• Гипертексттердi жасау үшiн ыңғайлы
• Көптеген мысалдар мен есептердi қамтиды
• Ыңғайлы форматта болады.

Екiншi кезеңде алынған қайнар көздер жиынынан бағасы және сапасы
бойынша оптималды қарым – қатынастардан келiсiмдер жасалынады.
Үшiншi кезеңде мазмұны өңделедi, яғни көлемi бойынша минималды, бiрақ
мазмұны бойынша тұйық модульдерден тұратын бөлiмдерге материалды бөлу
орындалады. Сонымен қатар пәндi меңгерiп алуға қажеттi және жеткiлiктi
ұғымдар тiзiмi қарастырылады.
Төртiншi кезеңде модульдер құрылымына, индексiне және мазмұнына сәйкес
қайнар көздердiң мәтiндерi өңделедi; тiзiмiнде қамтылмаған мәтiндер алынып
тасталынады; контексттiк анықтамалар (Help) жүйесi өңделедi; модульдер және
басқа гипертексттiк байланыстар арасындағы байланыстар анықталады.
Осындай тәсiлмен, компьютерлiк реализация үшiн гипертексттiң жобасы
дайындалады.
Бесiншi кезеңде гипертекст электрондық формада шығарылады. Нәтижесiнде
оқу мақсаттарында пайдалануға болатын электрондық басылым құрылады.
Алтыншы кезеңде компьютерлiк қолдау өңделедi: әрбiр нақты жағдайда
компьютерге берiлетiн қандай математикалық әрекеттер және компьютердiң
жауабы қандай формада ұсынылу керектiгi анықталады; интеллектуалдық ядро
жобаланады және шығарылады; математикалық есептердi шешу үшiн
интеллектуалдық ядроны қолдану бойынша пайдаланушылар үшiн нұсқаулар
өңделедi.
Нәтижесiнде студенттерге қажеттi аудиториялық сабақтарға пайдалы
және мұғалiмдерге ыңғайлы болатын қасиеттерi бар жұмыс жасайтын электрондық
оқулық құрылады.
Ендi электрондық оқулық мультимедиалық құрылғылар арқылы одан ары
қарай жетiлуiне дайын.
Жетiншi кезеңде жеке ұғымдардың түсiндiру тәсiлдерi өзгертiледi және
мультимедиалық материалдармен ауыстырылатын мәтiндер iрiктелiнедi.
Сегiзiншi кезеңде оқушының есте сақтау қабiлетiн пайдалану, яғни
оқылатын материалды түсiнуiн және есте сақтауын жеңiлдету үшiн және
мәтiндiк ақпаратты экраннан алып тастау мақсатында жеке модульдердiң
дыбыстық мәтiндерi өңделедi.
Тоғызыншы кезеңде өңделген дыбыстық мәтiндер диктофонға жазылады және
компьютерде шығарылады.
Оныншы кезеңде оқушының оқылатын материалды түсiнуiн және есте
сақтауын жеңiлдету үшiн эмоциялық жадын пайдалану тексттiк ақпараттан
экранда максималды түрде алып тастауын жеңiлдету және көрнекiлiгiн арттыру
үшiн модульдердi визуализациялау сценариi өңделедi.
Он бiрiншi кезеңде мәтiндердiң визуализациясы орындалады, яғни
өңделген сценарийлердi суреттердi, графиктердi және анимацияны пайдалану
арқылы компьютердiң жүзеге асуы.
Осымен электрондық оқулықты өңдеу аяқталады да, оны қанауға
дайындық басталады.

Электрондық оқулықты пайдалануға дайындық

Бұл жұмыс кезеңiнiң мазмұны:
1. Тестiлеу;
2. Пайдалану бойынша нұсқау жазу;
3. Методикалық қамсыздандыруды өңдеу;
4. ЭО – то қорғау және тарату;
болып табылады.

2 ТАРАУ MACROMEDIA FLASH ОРТАСЫНДА ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚ ЖАСАУ

2.1 Macromedia flash professional 8 бағдарламасына кіріспе кіріспе

Бүгінгі таңда технологияның қарқынды дамуына байланысты компьютерлердің
графикалық мүмкіндіктері күннен-күнге үлкеюде. Қазіргі компьютерлердің
мүмкіндігіне байланысты программалар да аз жасалып жатқан жоқ. Соның
ішінде, қазіргі кезде анимация жасауда көп қолданысқа ие FLASH программасы.
Бұл программаны көбінесе Web-сайттарды құруда да көп қолданады. Сондай-ақ
мультфильм жасаушылар үшін бұл программаның орны ерекше. Соңғы кезде
электронды оқыту өнімдері нарығында, Macromedia технологиясы негізінде
жасалған және тәжірибесі жоқ компьютер қолданушысына программалық өнімдер
жасау мүмкіндігін беретін оқу құралдары мен мультимедиялық оқулықтар саны
көбейіп барады. Қазір Flash-технологиясы ең жаңа және кең қолданылып жатқан
технология болып табылады. Flash технологиясы анимация жасаушылар үшін өте
қолайлы программа, өйткені ол  төмендегі сапаларға ие:
1. Жинақтылық (компьютерде тез жүктеледі) – векторлық графиканы пайдалану
есебінде;
2. Интерактивтілік – пайдаланушы Flash-фильмдегі іс әрекеттерді тікелей
басқара алады;
3. Мультимедиялық – фильм және Internet-ке информацияны визуалдаудың
стандартты құралдары үшін қол жетпес видео, аудио эффектілер;
4. Көпсалалығы – Flash-те қарапайым үй парақтары сияқты арнаулы серверлер
де (пошталық, виртуальді дүкендер) орындалуы мүмкін;
5. Қолайлылық – Flash технологиясының негізі, компьютермен жұмыс істеудің
минимальді дағдысы бар кез-келген адамға түсінікті. Сондай-ақ
компьютер жадында өте аз орын алуы мен тез жүктелетіндігі Flash
пайдаланушылары үшін үлкен мүмкіндіктер туғызады.
Қазіргі уақытта жас балалар шетелдік мультфильмдер мен киноларды көруге
өте құмар. Өйткені шетелдік фильмдерде түрлі анимациялық және дыбыстық
эффекттер қөп қолданылады. Бірақ, ондай фильмдердің көпшілігі тәрбиелік
мағынадан тыс қалып қойған. Қазір технологияның дамуына байланысты, жас
өспірімдер кітап оқудан көрі жаңадан шығып жатқан кино, мультфильмдерді
көруді жөн көреді. Осыдан балалар өзіміздің қазақ аңыз-ертегілерінен тіптім
мақұрым қалып қояды. Сол себепті, тәрбиелік мағыналарға қанық, өзіміздің
қазақ ертегілерін мультфильм етіп неге жасамасқа. Осы мақсатымызға жету
үшін, бізге, Flash технологиясын білу өте маңызды рөл атқарады.
Macromedia flash professional 8 бағдарламасы интерактивті фильмдердегі
Сіздің барша идеяларыңыз бен кәсіби шеберлігіңізді жүзеге асыруға
көмектеседі. Бұл бағдарламаның мүмкіндіктерін үйрене отырып, Сіз Macromedia
flash professional 8 жұмыс ортасындағы бүгінгі күнгі бар құралдарды іс
жүзінде пайдалану арқылы теңдесі жоқ Web-беттер мен анимацияланған
логотиптерді жасай аласыз. Осы оқулықты мұқият оқып шығып, Сіз Macromedia
flash professional 8 бағдарламасының кең мүмкіншіліктеріне қатты таңғаласыз
және онымен жұмыс істеудің негізгі дағдыларын меңгересіз.
Macromedia flash professional 8 бағдарламасының жүйелік талаптары
Macromedia flash professional 8 бағдарламасын жұмыс істеуге қажетті
бағдарламалық және аппараттық құралдар мынадай:
▪ IBM сыйымды компьютерлер үшін: Intel Pentium 133 (200) немесе осыған
балама процессорды пайдалануды ұсынамыз;
▪ Windows 95982000NT – 32 Мбайттық оперативтік жады (64
Мбайттық жадыны пайдалануды ұсынамыз), 32 Мбайттық еркін диск
кеңістігі;
▪ 800x600 көлемін қолдайтын түрлі-түсті монитор;
▪ CD-ROM – компакт дискілерді оқу құрылғысы.
▪ Macintosh компьютерлері үшін:
▪ Power Macintosh (G3 немесе одан жоғары версияны пайдалануды
ұсынамыз), 8,5 және одан жоғары версиялы OS;
▪ 32 Мбайттың оперативтік жады, 40 Мбайттық еркін диск
кеңістігі;
▪ 800x600 көлемін қолдайтын түрлі-түсті монитор;
▪ CD-ROM – компакт дискілерді оқу құрылғысы.
Flash Player бағдарламасының жүйелік талаптары
Flash Player бағдарламасы Flash фильмдерді ойнатуға арналған және дербес
бағдарлама ретінде орнатылуы мүмкін. Flash Player бағдарламасымен жұмыс
істеу төмендегілер қажет:
• 95NT 4 және одан жоғары версиялы Microsoft Windows немесе 8,1 және
одан жоғары версиялы PowerPC;
• Егер Netscape-пен (Windows немесе Macintosh үшін) жұмыс істейтін
болсаңыз, 3 және одан жоғары версиялы Netscape-ке жалғанатын модуль
(plugin);
• Егер 3 және одан жоғары версиялы Microsoft Internet Explorer-мен жұмыс
істейтін болсаңыз (Windows 9598NT үшін), - 3 және одан жоғары
версиялы Microsoft Internet Explorer үшін ActiveX басқару элементі;
• Flash Player Java Edition үшін Java-ны қолдайтын браузер қажет.

Флеш деген не?
Macromedia компаниясының Флеш технологиясы тоқсаныншы жылдардың соңында кең
тарала бастады. Сол уақыттан және қазіргі таңға дейін бұл технология
ғаламторда анимация құру үшін ең икемді құрал болып табылады. Әрқашан осы
технологияға қызыққан қарсыластары мен қолдаушылары болған. Бұл мақалада
біз сайттарда Флеш-ті қолданудың жолдарын сипаттаймыз.

1-сурет. Флеш файл түрлері

Ең бірінші технологияның пайдалылығы және қолданудың негізгі жолдарын
айтамыз, содан кейін қысқаша тәжірибелік анықтамасын береміз.
Macromedia flash professional 8 редакторы бірінші кезекте Web
беттерді құру үшін арналғанына қарамастан, Сіз осы редактормен жұмыс
істегенде тэг, атрибут, бет, т.с.с. ұғымдармен өте сирек кездесесіз.
Macromedia flash professional 8 фильмдерді құру технологиясы мүлдем басқа
түсініктер мен ұғымдарды қолдануға негізделген. Сондықтан, Macromedia flash
professional 8-ті жетік игеру үшін ең алдымен осы бағдарламада
пайдаланылатын терминологияны жақсы үйреніп алған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі Қазақстандағы жастардың діншілдік мәселесі
Дінтану пәнін оқыту
Қазақ өнерінің тарихы
Педагогикалық практикаға есеп беру
Діни сауаттылық
Электронды оқулықтар және бағдарламалар
«Қазақ этнопедагогикасы» пәнінің электронды оқулығын дайындау
Тарихты оқыту барысындағы оқыту әдістері
Қазақстан тарихының орта мектепте пән ретінде оқытылуы: теориялық және методикалық негіздер (1958ж. - қазіргі кезеңге дейін)
Тіл мәдениетінің сипаты
Пәндер