Қазақстан Республиксының дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселелері


Қазақстан РЕСПУБЛИКСЫНЫҢ Дүниежүзілік сауда
ұйымына кіру мӘселелері
Мазмұны
Кіріспе . ………. .
I тарау. Дүниежүзілік Сауда Ұйымының құқықтық негіздері мен принциптері. .
- Әлемдік ғаламдасу және Дүниежүзілік Сауда Ұйымы . . . …
- Тарифтер мен Сауда жөніндегі Бас Келісімнің құрылу тарихы және осы шеңберде өткен келіссөздер кезеңі. .
- Дүниежүзілік Сауда Ұйымының пайда болуы және оның құқықтық негіздері мен принциптері . . . ….
ІІ тарау. Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруіне әзірлік барысы және оның ел экономикасына тигізетін пайдасы мен осы орайда кездесуі мүмкін проблемалар………. .
2. 1. Қырғызстан, Қытай және Ресейдің Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру тәжірибесінің Қазақстан үшін маңызы . . .
2. 2. Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруінің тиімді-тиімсіз жақтары және оның болуы мүмкін зардаптары . . .
2. 3. Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүше болу жағдайындағы келіссөздер процесінің барысы . . .
Қорытынды . .
Жұмыста қолданылған терминдер сӨздігі. .
Пайдаланылған Әдебиеттер тізімі .
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Адамзат ғылыми-техникалық революция мен әлемдік экономикадағы терең әрі әр алуан өзгерістермен сипатталатын ХХІ ғасырға қадам басуда. Экономиканың ғаламдасуы күшейген жағдайда, барлық елдер, солардың ішінде әсіресе дамушы елдер өзінің өсіп-өркендеуін қамтамасыз етуге мүмкіндіктер беретін осы процеске белсене ат салысуы қажет болады. Сондықтан әр ел өзінің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, артықшылықтарын ұтымды пайдаланып, кемшіліктерінен арылуына тура келеді. Олар сонда ғана алдарына қойған мақсаттарын табысты орындап, мазасыз ғасырдың өркениет көшіне ілесе алады.
Соңғы кезде ғаламдасу мәселесі жайлы әлемдік деңгейде көп айтылып та, жазылып та жүр. Қазақстан Республикасы да нарықтық өзгерістер мен әлемдік шаруашылық байланыстарға интеграциялануға қадам баса отырып, осы ғаламдасу процестері мен Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) кіруден сырт қала алмайды. Себебі, мұның өзі ғаламдасу мен әлемдік сауданы ырықтандыру идеясын жүзеге асырудың негізгі құралы болып табылады.
ДСҰ өзіне мүше болып саналатын 147 мемлекеттің арасындағы көпжақты құқықтық қатынастарды реттеуге қызмет етеді. Бүгінде әлемдік сауданың 90 %-ы осы ұйымға мүше елдердің еншісінде.
Дүниежүзілік Сауда Ұйымы - әлемде ең ірі ұйымдардың бірі. Ол жас тәуелсіз мемлекеттердің дамуына көп мүмкіндіктер береді. Сондықтан тәуелсіз мемлекеттер нарығының негізгі құрамдас бөлігі осы халықаралық сауда жүйесіне интеграциялану болып табылады. Бұл қай елге болмасын, өздерінің даму стратегияларын дұрыс белгілеп, соны табысты жүзеге асыруға жол ашады. Осы себептерге байланысты, бүгінгі таңда осы халықаралық ұйымның қыр-сырын, оның әлемдік қауымдастықтың дамуына тигізіп отырған оң және теріс ықпалын зерттеп білудің маңызы артып отыр. Бүгінде әлемде интеграциялық процестерді жақтаушылармен бірге оған қарсылық білдірушілердің де аз емес екені белгілі. Олар оқтын-оқтын шерулер өткізіп, өздерінің наразылықтарын білдіріп отыратындығын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көріп, біліп жүрміз.
Сондықтан бітіру жұмыстың зерттеу объектісі ретінде Қазақстан Республикасының осы Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру мәселелерін таңдап алдым. Өйткені, бұл біздің еліміздің болашақ даму тарихын айқындайтын аса маңызды қадам болмақ. Сол себепті, ДСҰ-ға кіру бүгінде Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының негізгі басымдықтарының бірі болып отыр.
Президентіміз Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына 2005 жылға арналған Жолдауында бұл жөнінде жан-жақты атап көрсетті. «Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу - негізгі міндетіміз болып қала береді, - деді ол өз сөзінде. - Біз бұған өз экономикамыздың бәсекелестік қабілетін арттыру арқылы елімізді дамытудың 2010 жылға дейінгі жоспарына сәйкес қол жеткіземіз. Бәсекеге қабілеттілікке мемлекеттік қолдаудың қолайлы жағдайында емес, бәсекелестермен қатаң күресте қол жеткізілетіні баршаға мәлім. Мен бұл ретте мемлекеттік қолдаудың оңтайлы рөлі, бір жағынан, экономиканы барынша ырықтандырып, оның ашықтығына қол жеткізуде, екінші жағынан - инфрақұрылымды жасау және белді салаларды дамытуға жеке меншік секторды тарту жөнінде белсенді жұмыс жүргізуде деп білемін”.
2005 жылы экономиканы дамытудың негізгі бағыттары мыналар деп атап көрсетілген:
- экономиканы ырықтандыру мен жүйелі реформаларды жалғастыру арқылы бәсекелестікті дамыту және оны төрешілдіктен арылту;
- Қазақстан экономикасының ашықтығын күшейту;
- Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру;
- Ауылды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру;
- Инфрақұрылымдарды дамыту.
Үкімет ырықтандыру мен табиғи монополиялар салаларын: телекоммуникацияларды, электр энергетикасы мен темір жолдарды қайта құрылымдау бағытындағы жұмысты жандандыруы тиіс.
Бұл салалар бәсеке үшін айқын әрі ашық болуға тиіс, ал халық көрсетілген қызмет сапасының жақсарып, бағаның төмендегенін сезінуге тиіс. Бұл тұрғыда жоспарлар бар, тек соларды батыл орындау керек.
Біздің ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігіне оны әлемдік экономикаға интеграциялаған жағдайда ғана қол жеткізе аламыз.
Сондықтан да Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруін жеделдету аса маңызды міндет болып табылады. Бұл тұста өзіміздің бүкіл саяси және дипломатиялық әлеуетімізді толығымен іске қосқанымыз жөн деп есептеледі.
Зерттеу барысында сүйенетін еңбектерге келетін болсақ, әсіресе с оңғы жылдары біздің елімізде Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөнінде көп айтылып жүр. Бұл жөнінде қоғамымызда қызу пікірталас өрбуде. Көптеген ой-пікірлер ортаға салынуда. Бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстанның ДСҰ-ға кіру мәселелері жөнінде мақалалар жариялануда. Авторлардың арасында есімі елге танымал экономист ғалымдардан бастап, осы мәселенің басы-қасында жүрген мамандар мен шаруашылық басшыларын да көруге болады.
Бұл пікірталастардың өріс алуы орынды деп есептеймін. Өйткені, Қазақстанның ДСҰ-ға мүше болуы ел экономикасының бұдан былайғы жердегі дамуына үлкен әсер ететіні дау тудырмайды. Бар мәселе оның оң немесе теріс әсер ететіндігінде ғана. ДСҰ-ға үлкен әзірлікпен кірген жағдайда бұл Қазақстан экономикасының дамуына үлкен серпін беруі тиіс. Ал іс кері сипатта өріс алса, еліміз осы кезге дейін қол жеткізген табыстарынан айрылып, қиын ахуалға душар болуы мүмкін екендігін де жоққа шығаруға болмайды.
Сондықтан аталмыш зерттеуде ДСҰ-ға кіру мәселесімен айналысатын Қазақстан басшылығының пікірлеріне көңіл бөлуге талпыныс жасалынады. Әрине, Елбасымыз Н. Назарбаевтың әр баяндамасында, халыққа жолдауында, Бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбаттарында айтылған негізгі ойлар бітіру жұмыстың басты арқауы болды. Бітіру жұмыс негізінен сол күнделікті мерзімдік басылым беттерінде сөз болып жүрген ой-пікірлерге негізделген. Осы мәселеге байланысты Интернет желісі мен газет-журналдар арқылы жария етілген 60-қа жуық мақалалармен және дерек көздерін аталған зерттеу жұмысында пайдаланылды. Соның барысында еліміздегі белгілі ғалымдардың, экономистердің, саясаттанушылардың ой-пікірлеріне сүйендім. Солардың арасында еліміздің білімді де беделді Кенжеғали Сағадиев, Арыстан Есентүгелов, Қайырбек Арыстанбеков, Қ. Берентаев, сияқты танымал ғалымдары мен экономистерінің ой-пікірлері бар.
Осы тақырыптың мән-маңызын тереңірек түсінуіме сондай-ақ Ұлыбританиялық экономист ғалым Р. Каплинскийдің, Канададағы Батыс Онтарио университеті экономика депртаментінің зерттеушісі В. Иваненконың, Ресей Федерациясы Экономикалық даму және сауда министрінің орынбасары М. Медведковтың, Қытай Халық Республикасы Сыртқы сауда және сыртқы экономикалық ынтымақтастық министрлігіне тәуелді Халықаралық сауда және экономика мәселелері департаменті бас директорының орынбасары Чжан Сянченьннің еңбектері көп көмегін тигізгенін айта кету керек.
Әрине, болашақ мамандығым бойынша жаныма жақындау саналатын Дж. Фельтхэмнің «Настольная книга дипломата», еліміздің Сыртқы істер министрі Қ. К. Тоқаевтың «Под стягом независимости: очерки о внешней политике Казахстана», «Қазақстан Республикасының дипломатиясы» деп аталатын кітаптарында ДСҰ жайында айтылған ой-пікірлерсіз бұл тақырыптың мәнін жете түсіну мүмкін емес.
Сонымен бірге осы тақырыпқа байланысты ДСҰ-ның құрылуына 124 мемлекет өкілдері қол қойған Марракеш декларациясы, Тарифтер мен Сауда жөніндегі Бас Келісім (ТСБК 1994), ДСҰ-ның ауыл шаруашылық жөніндегі келісімі, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Сауда Ұйымының тауарларды сипаттау мен оларға код белгілеудің үйлестірілген жүйесі туралы халықаралық конвенциясына кіру жөніндегі заң, стандарттау, инвестициялар туралы заң мәтіндеріне талдау жасалынып, алынған нәтижелер жұмысты жазу барысында қолданылды.
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің құрамындағы ДСҰ-ға кіру жөніндегі департаментте бір айлық практикада болуым да осы күрделі мәселенінің қыр-сырын біршама тереңірек түсінуіме игі ықпал етті деп айтар едім.
Дегенмен, Қазақстанның ДСҰ-ға енуі соңғы кездері ғана сөз бола бастағандықтан, газет-журналдар мақалалары мен Интернет желісі материалдарының көп екендігіне қарамастан, біздің елімізде бұл тақырып жөнінде әзірге жан-жақты жазылған монографиялық сипаттағы еңбектердің тапшылығы сезілді. Бір жағынан әзірге осылай болуы заңды да. Өйткені, бұл тақырып біздің елімізде негізінен соңғы жылдарда ғана шындап қолға алына бастады. Оның нақты нәтижелері таяу келешекте көріне бастауы тиіс.
Бітіру жұмыстың мақсаты - еліміздің ДСҰ-ға кіруі мәселелерін сараптап, орын алған шешімі күрделі мәселелердің себептерін анықтау. Зерттеу барысында Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кіру мәселесіне қатысты еңбектермен мүмкіндігінше таныса келе, бұл біздің еліміз үшін шындығында өте жауапты әрі күрделі қадам екендігіне көз жеткізуге болады.
Белгілеген осы мақсатқа қол жеткізу үшін з ерттеу жұмысын Дүниежүзілік Сауда Ұйымының ғаламдасудағы орны, оның құрылу тарихы, ДСҰ шеңберіндегі келіссөздер кезеңдері, бізге көршілес Қытайдың, Қырғызстанның және өзіміз сияқты ДСҰ-ға кіруге дайындалып жатқан Ресейдің тәжірибесін айқындау мәселелері төңірегінде құрдылды. Өйткені, бұл елдердің тәжірибесі біз үшін өте маңызды. Айталық, Қырғызстан ТМД елдерінің ішінде ең бірінші болып ДСҰ-ның мүшесі болды. Осыған орай еш дайындықсыз кіре салған Қырғызстанның ұтқанынан ұтылатын тұстары көп екені де байқалмай қалған жоқ. Тіпті, сол Қырғызстанның тәжірибесін көре келе, еліміздің ДСҰ-ға кіруіне қарсылық білдірушілер де көптеп табылуда. Сондықтан біздің еліміз Қырғызстанның тәжірибесін мұқият зерттеп, сегіз жыл бойы келіссөздер жүргізіп келеді.
Әрине, Қазақстан ДСҰ-ға мүшелікке өту барысында, одан кейін де өзінің географиялық және басқа артықшылықтарын ұтымды пайдалана білуі керек. Соның бірі - Қытаймен және Ресей Федерациясымен тату көршілік екені анық. Қазақстанның Ресеймен тауар айналымы 4, 6 млрд. долларды, ал Қытаймен - шамамен 3 млрд. долларды құрайды. Сондықтан өзінің ішкі нарығы жеткіліксіз ел ретінде Қазақстан осы елдермен интеграцияға кеңінен арқа сүйеуі керек.
Сондай-ақ аталмыш зерттеу жұмысында Қазақстанның ДСҰ-ға кіргеннен кейін одан ұтатын және ұтылатын тұстары жөніндегі мамандардың ой-пікірлеріне көп көңіл бөлінді. Бұл орайда расында да елімізде үлкен пікір алуандығы орын алып отыр. Сондықтан экономистердің, ғалымдардың, журналистердің ой-пікірлеріне сүйеніп, Қазақстанның ДСҰ-ға мүше болуының болашағына ой жіберу диссертациялық жұмыстың маңызды міндеттерінің біріне саналады. Осыған орай, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі келіссөздерінің барысына тоқталу зерттеу жұмыстың міндеттерін шешуге ықпалын тигізеді. Қазіргі дерктерге қарағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі келіссөздер процесін 2005 жылға дейін аяқтап, сол жылы ДСҰ-ға кіруді жоспарланған. Қазір осы төңіректегі келіссөздер процесі жалғасуда. Осы жылдарда Қазақстан ДСҰ-ға мүшеліктің тиімділігін сезінетін, мүшелікке өтуден экономикамыз зардап шекпейтін салаларды анықтап, ДСҰ талаптарын орындау орайындағы жұмыстар жүргізуде.
Бұл мәселемен негізінен Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі айналысуда. Қазіргі кезде Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөнінде Жұмыс Тобының 6 отырысы мен келіссөздердің 10 кезеңі өтті. Қазақстанның заңдары ДСҰ ережелеріне сәйкес келтірілуде. Демек, енді бірер жылда еліміз осы маңызды ұйымға мүше болады деген үміт негізсіз емес.
Бітіру жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және жұмыста қолданылған кейбір бейтаныс терминдер сөздігінен тұрады.
І - тарау
Дүниежүзілік Сауда Ұйымының
құқықтық негіздері мен принциптері
- Әлемдік экономикалық ғаламдасу және Дүниежүзілік Сауда Ұйымы
Әлемдік ғаламдасудың қалыптасуының тарихи және экономикалық себептеріне қарағанда, оның алғышарттарының сонау Француз төңкерісі мен өнеркәсіп саласындағы жаңалықтардың қауырт жиіленуі дәуірінен басталғаны аңғарылады. Екінші жиһан соғысынан кейінгі геосаяси және геоэкономикалық өзгерістер, дүние жүзіндегі инфляцияның артуы, мұнай және энергия дағдарыстары, технологиялық өндірістің бұрын соңды болмағандай көбеюі, құрлықтар арасын жалғайтын фибер оптикалық байланыс жүйелерінің 1989 жылы іске қосылуы, Жер серіктері арқылы бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараттарын кез-келген жерден күллі жиһанға таратуы, екі блокты дүниенің Кеңестер Одағының ыдырауымен Американың басшылығындағы бір блокты дүниеге айналуы, трансұлттық корпорациялардың төрткүл дүниеге тармақталуы - әлемдік ғаламдасудың әсерлерін күшейткен факторлар.
Аймақтық ғаламдасу: Әлемдік ғаламдасу барысында ұлттық мемлекеттердің өзін-өзі сақтауды қамсыздандыру мақсатының нәтижесі ретінде аймақтық ғаламдасу (regionalization) ұғымы пайда болған. Бұған мысал ретінде аймақтық ғаламдасудың ең озық формасы саналатын Еуропа Одағын айтуға болады. Оңтүстік Шығыс Азия елдері ASEAN (Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері достастығы) ұйымын, ал, Американың Бірлескен Мемлекетттері (АБМ/АҚШ), Канада және Мексика елдері бірігіп, NAFTA (Солтүстік Америка еркін сауда келісімі) ұйымдарын құрған. Енді бұл екі ұйым бірігіп, құрамына 18 мемлекет кіретін APEC (Азия-Тынық мұхит экономикалық әріптестік ұйымы) ұйымын ұйымдастыруда.
Біздің еліміз де ТМД, Шанхай Ынтымастық Ұйымы, Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы, ЕурАзЭҚ, Бірыңғай Экономикалық Қауымдастық (ЕЭП) сияқты аумақтық ұйымдар арқылы аймақтық ғаламдасу процестеріне ат салысуда. Аймақтық ғаламдасу әлемдік ғаламдасу әрекеттерінің табиғи жемісі, бір жағынан қарағанда, оған қарсы әрекет болып табылады.
Әлемдік ғаламдасудың, яғни глобализацияның нақтылы тағылымы әлі де де жоқ. Экономистер, саясаткерлер, заңгерлер, ғалымдар, мәдениеттанушылар, әлеуметтанушылар, философтар бұл терминді әр түрлі түсіндіруде. Әлемдік ғаламдасуды жақтаушылар мен оған қарсылардың пікірлері әр қилы. Мәселен, жақтаушылардың пікірінше әлемдік ғаламдасу - «әлеуметтік, мәдени, саяси және рухани құндылықтар мен осы құндылықтар негізінде пайда болған табыстар мен нәтижелердің ұлттық шекаралардан асып, күллі жиһанға таралуы; алуан мәдениеттер мен сенімдердің танылуы және сіңісуі (сенкретизм) ; тауарлар мен қызметтердің еркін айналуы; халықаралық қатынастар мен ықпалдастықтың нығаюы және идеологиялық жікшілдікке негізделген айырмашылықтардың жойылуы» болып табылады.
Ал, әлемдік ғаламдасуға қарсылар оны былайша түсіндіреді: «Әлемдік ғаламдасу дегеніміз Батыс әлемнің үстемдігінің дүние жүзіне таралуы, осы мақсатқа жету үшін саяси, ғылыми және технологиялық әдістердің пайдаланылуы;
Батыстың өзінің мәдениеті мен өркениетін дүние жүзіне үлгі етіп, күшпен мойындатуы; ұлттық мемлекеттердің ішіндегі алуан этностық және көптілділік мәселелерін өз мүддесіне пайдаланып. Ішкі қырқыстар мен ұлтаралық араздықтарды өршітуі; сөйтіп, ұлттық мемлекеттерді күйрету арқылы өз мақсаттарына жетуі; Батыс экспансионизмінің жаңа әлемдік сатысы; халықаралық капитал иелерінің дүние жүзін бір базарға және адамзатты тұтынушыларға айналдыруы және экономикалық іс-әрекеттерді өз монополиясында ұстауы; қысқаша айтқанда, Батыс империализмінің заманауи ұстанымдармен бекітілуі» Еуропалық ғалымдар батыс ұғымына Еуропамен қатар осы құрлықтан шыққан Америка мен Австралияны, Жаңа Зеландия мен Оңтүстік Африканы қосатынын ескерген жөн. Ал, Азия құрлығындағы Израильдің батыс әлемінің ұйымдарынан көріну біраз нәрсені аңғартса керек”[1]
Жер шары халқының басым бөлігі үшін әлемдік экономика интеграциясының тереңдей түсуі халықтың әл-аухатының елеулі түрде жақсаруына мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде олар мол табыс тауып қана қоймай, тауар түрлерін таңдау мүмкіндігі арта түседі. Осыған қарамастан, ғаламдасудың теріс зардаптары да бар. Елдің ішінде де, елдер мен елдердің арасында да теңсіздік арта түседі. Тұрмысы төмен адамдардың саны өседі. Бұл тек кедей мемлекеттерде ғана емес, бай елдердің өзінде де байқалады. Ғаламдасудың оң және теріс зардаптары жекелеген адамдарға, отбасыларына, компанияларға, қалаларға, аймақтарға, секторлар мен ұлттар арасында да көрінеді. Осылайша, ғаламдасудың нәтижесінде байлықтың бөлінуі әркелкі және өте күрделі сипат алады.
Егер ғаламдасудың зардабын осыған қатыспағандар ғана көрсе, оның жарасы жеңіл болар еді. Оларды өндіріс пен сауданың бүкіләлемдік процестеріне қосып алуға болады. Алайда, ғаламдасудың зардаптарын әлемдік интеграцияға белсенді қатысушылар да тартып жатады. Демек, бұрынғы табыс деңгейін сақтап, қоғамның одан әрі жіктелуіне жол бермеуі үшін әлемдік экономикаға кірудің әдістерін реттеуге тура келеді.
Осы айтқандарға байланысты үш мәселе туындайды.
- Экономикалық белсенділіктің географиялық тұрғыдан кеңеюі мен әлемдік нарықтағы қызмет пайдасының өсуінің арасындағы байланыс неге мұншалықты әлсіз?
- Ғаламдасу мен теңсіздіктің арасындағы тәуелділіктің себебі неде?
- Ғаламдасудың нәтижесіндегі теңсіздіктің асқынуын қалай тоқтатуға болады?
Өндірістің табысты дамуын және табыстың әділ бөлінуін бағалау үшін, сондай-ақ теңсіздіктің асқыну бағдарын төмендету үшін осы үш сұрақтың методологиялық үлкен мәні бар.
Ғаламдасу - тым жаңа құбылыс емес. Ол ХХ ғасырдың бүкіл өн бойында дамумен болды. Әлемдік интеграцияның өсуінің көрсеткіштерінің бірі сатылатын өнімнің үлесі болып табылады. Әлемдік экономиканың көптеген қатысушылары үшін ол елеулі түрде өсіп отырды. Әсіресе Қытай мен Үндістанның жалпы ішкі өнімінде (ЖІӨ) сауданың үлесі қатты артты. Ақша айналымындағы және коммуникациялар саласындағы бағыттар да осыны айқын аңғартады.
Атап кетерлік бір жәйт: соңғы жылдары Әлемнің үлкен бөлігінің өмір сүру деңгейі өсті. Әсіресе 1960 жылдан кейін Шығыс Азия елдері мен Қытайда және 1980 жылдан кейін Үндістанда өмір сүру деңгейі елеулі өсті. Мысалы, 1980 жылдары Қытайдың экономикасының өсу қарқыны жалпы есепте жылына 10, 2 %-ды құраса, ал 1990 жылдың бірінші жартысында 12, 8 %-ды құрады, яғни бұл ондаған миллион адамның тұрмыс жағдайына жағымды әсер етті.
Сонымен бірге, елдер арасында табыстарды бөлуде теңсіздік күшейді. 1960-1988 жылдар арасында 5 және 33-66 %деңгейіндегі АҚШ-тың көрсеткішіне сәйкес мемлекеттердің табыстарының екі тобы пайда болды. Сонымен қатар, соңғы жылдары Қытай мен Үндістанның тез дамуы елдердің арасындағы табыс айырмашылығының азаюына әкелді, яғни бөлуді жақсартуға әкелді. Бұл жан басына шаққандағы табыстары елеулі өскен жоғарыда аталған екі елде жер шарының аса көп халқы тұрады. Осы себепті, елдер арасындағы жан басына шаққандағы табыс көрсеткіштерін салыстыру олардың теңескендігі жөніндегі қорытындыға алып келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz