Милан



1 Тарихы
1.1 Этимология
1.2 Кельт және Рим дәуірі
Дегенмен әкімшілік провинция мен шекаралас Монза мен Брианза провиниясы(Милан провинциясының солтүстік бөлігінен бөлініп, 2004 жылы құрылған) жерлерін қамтитын қала аумағы Еуропадағы ең үлкен аумақтардың бірі: 1980км² аумақта шамамен 4 млн-нан астам тұрғын тұрады, халық тығыздығы 2,000 тұрғын/км²-нан астам. 1950-60 жылдардағы Ұлы экономикалық бум мен жұмысшылардың жаппай ағынының нәтижесінде қала төңірегіндегі аудандардың ұлғаюы әлеуметтік-экономикалық байланыстардың қала шегі мен агломерацияларынан әлдеқайда кеңи түскенін көрсетеді . Бұл Ломбардия өңірінің барлық орталық аймағына таралған 7,4 млн тұрғыны бар метрополиялық ауданның құрылуына әкелді. Милан метрополиялық ауданы "Көк банан" делінетін Еуропаның халық ең көп қоныстанған және өнеркәсіптік тығыздығы жоғары ауданының бөлігі болсын деген ұсыныстар айтылған.
Милан қаласының негізін көне кельт халқы инсубрлер қалады. Кейінірек б.з.б. 222 жылы қаланы Римдіктер жаулап алды да, қала б.з. 286 - 402 жж. Батыс Рим империясының астанасы болды. Милан кейінгі Орта ғасырларда Италияның гүлденген қалаларының біріне айналды және Ломбард Лигасында маңызды рөл ойнады. Уақыт өте, қала Милан герцогтігінің астанасы болды. Осы уақыт аралығында қаланы Висконти, Сфорза, Испан Корольдігі және Австрия империясы биледі. 1796 жылы Наполеон І-нің француз әскері Миланды басып алды. 1805 жылы ол оны Италия Корольдігі "қуыршақ" мемлекетінің астанасы етті. Кейінірек Милан Австрия Империясының бөлігі Ломбардия-Венеция корольдігінің астанасы болды. 1859 жылы қала Сардиния Корольдігімен бірікті, нәтижесінде Италия Корольдігіне айналды. Романтизм дәуірінде, Милан Еуропадағы ірі мәдени орталық болды. Бұл жекелеген суретші, композитор, әдебиет қайраткерлерінің қалаға ағылуына ықпал етті. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде, Одақтастардың бомбылауы қалаға үлкен зардабын тигізді. 1943 жылғы Неміс оккупациясынан кейін, Милан италиян қарсылықтарының басты ошағына айналды.
Жылдар бойы, Миланда шет елдерден келген тұрғындардың саны артып отырды. Қазір Милан халқының 15.2%-ы өзге елде туғандар. Қала әлі де Еуропаның негізгі транспорт және өнеркәсіп орталықтарының бірі болып отыр. Сонымен қатар, Милан бүгінде Еуропалық Одақтағы ең маңызды бизнес пен қаржы орталықтары арасында 10 орынға(2009), сатып алуға жарамдылық көрсеткіші бойынша әлемдік ең бай экономикалар арасында 26 орынға ие. Милан метрополиялық ауданы Еуропада ЖІӨ көрсеткіші бойынша 7 орын алады. Милан провинциясының(шектеулі коммуна жерін алмастыратын жалғыз әкімшілік урбандық бірлік болып келе жатқан) 2007 жылы жан басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткіші €40,000(Еуроодақ 27 орташа мәнінің 161%-ы) болып, Италияның барлық провинциялары ішнде алғашқы орынға шықты.

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Милан (итал. Milano) -- Италиядағы қала, Ломбардия әкімшілік аймағына қарасты Милан провинциясының астанасы.
Дегенмен әкімшілік провинция мен шекаралас Монза мен Брианза провиниясы(Милан провинциясының солтүстік бөлігінен бөлініп, 2004 жылы құрылған) жерлерін қамтитын қала аумағы Еуропадағы ең үлкен аумақтардың бірі: 1980км² аумақта шамамен 4 млн-нан астам тұрғын тұрады, халық тығыздығы 2,000 тұрғынкм²-нан астам. 1950-60 жылдардағы Ұлы экономикалық бум мен жұмысшылардың жаппай ағынының нәтижесінде қала төңірегіндегі аудандардың ұлғаюы әлеуметтік-экономикалық байланыстардың қала шегі мен агломерацияларынан әлдеқайда кеңи түскенін көрсетеді . Бұл Ломбардия өңірінің барлық орталық аймағына таралған 7,4 млн тұрғыны бар метрополиялық ауданның құрылуына әкелді. Милан метрополиялық ауданы "Көк банан" делінетін Еуропаның халық ең көп қоныстанған және өнеркәсіптік тығыздығы жоғары ауданының бөлігі болсын деген ұсыныстар айтылған.
Милан қаласының негізін көне кельт халқы инсубрлер қалады. Кейінірек б.з.б. 222 жылы қаланы Римдіктер жаулап алды да, қала б.з. 286 - 402 жж. Батыс Рим империясының астанасы болды. Милан кейінгі Орта ғасырларда Италияның гүлденген қалаларының біріне айналды және Ломбард Лигасында маңызды рөл ойнады. Уақыт өте, қала Милан герцогтігінің астанасы болды. Осы уақыт аралығында қаланы Висконти, Сфорза, Испан Корольдігі және Австрия империясы биледі. 1796 жылы Наполеон І-нің француз әскері Миланды басып алды. 1805 жылы ол оны Италия Корольдігі "қуыршақ" мемлекетінің астанасы етті. Кейінірек Милан Австрия Империясының бөлігі Ломбардия-Венеция корольдігінің астанасы болды. 1859 жылы қала Сардиния Корольдігімен бірікті, нәтижесінде Италия Корольдігіне айналды. Романтизм дәуірінде, Милан Еуропадағы ірі мәдени орталық болды. Бұл жекелеген суретші, композитор, әдебиет қайраткерлерінің қалаға ағылуына ықпал етті. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде, Одақтастардың бомбылауы қалаға үлкен зардабын тигізді. 1943 жылғы Неміс оккупациясынан кейін, Милан италиян қарсылықтарының басты ошағына айналды.
Жылдар бойы, Миланда шет елдерден келген тұрғындардың саны артып отырды. Қазір Милан халқының 15.2%-ы өзге елде туғандар. Қала әлі де Еуропаның негізгі транспорт және өнеркәсіп орталықтарының бірі болып отыр. Сонымен қатар, Милан бүгінде Еуропалық Одақтағы ең маңызды бизнес пен қаржы орталықтары арасында 10 орынға(2009), сатып алуға жарамдылық көрсеткіші бойынша әлемдік ең бай экономикалар арасында 26 орынға ие. Милан метрополиялық ауданы Еуропада ЖІӨ көрсеткіші бойынша 7 орын алады. Милан провинциясының(шектеулі коммуна жерін алмастыратын жалғыз әкімшілік урбандық бірлік болып келе жатқан) 2007 жылы жан басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткіші Euro40,000(Еуроодақ 27 орташа мәнінің 161%-ы) болып, Италияның барлық провинциялары ішнде алғашқы орынға шықты. Бүгінде қала жұмысшыларының орташа табыс деңгейі Италияда ең жоғарғы, ал әлемде 26 орын иеленеді. Бұған қоса, Милан шетелдік жұмысшылар үшін әлемдегі ең қымбат бағалы 11-інші қала, және 2010 жылғы "Economist Intelligence Unit" жүргізген зерттеуге сәйкес, әлемдегі өмір сүруге ең қымбат 12-нші қала. Кейбір зерттеулерге қарағанда, қала брэндингі тұрғысынан өте табысты болған Милан қаласының экономикалық ортасы оны әлемнің 20-шы, Еуропаның 10-шы басты бизнес және қаржы орталығы етті.
Милан сауда, өнеркәсіп, музыка, спорт, әдебиет, өнер және БАҚ-та үлкен ықпалы бар әлемнің сән және дизайн астанасы ретінде көпшілікке белгілі. Осылайша оған 2008 жылы "GaWC" "әлемнің Alpha+ қаласы" деген баға берді. Ломбард метрополиясы, әсіресе, өзінің сәнді үйлері мен дүкендерімен әйгілі(мысалы, әлемнің ең көне сауда орталығы ретінде белгілі Piazza Duomo-дағы "Via Monte Napoleone" және "Galleria Vittorio Emanuele"-ны бойлай орналасқандары). Қаланың көне мәдени мұрасы, тынымсыз түнгі өмірі бар. Милан Рождетво торты Panettone жәнеrisotto alla Milanese сияқты көптеген әйгілі тағамдардың Отаны. Әйгілі музыкалық, опералық дәстүрі бар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Корпоративтік киімдерді тігуді талап ететін компаниялар Корпоративтік киімдерді тігуді талап ететін компаниялар
Италия
Италияның кітап басу ісінің шығу тарихы
Италия әдебиетінің басу ісінің шығу тарихы
ХVІ ғасырдағы және ХVІІ ғасырдың бірінші жартысындағы Италия
ХІ – ХІІ ғасырлардағы Италия қалаларының қалыптасуы. Қала – коммуналар
Ортағасырлардағы Италия
Италияндық қала - мемлекеттер дипломатиясы
Орта ғасырдағы Италияның өнері
ХІ – ХҮ ғасырлардағы Италияның халық бұқарасының дамуы
Пәндер