Ажырасу



Кіріспе

Негізгі бөлім

1 Отбасындағы ажырасудың негізгі себептері мен даму динамикасы
2 Алимент төлеу

Пайдаланылған әдебиеттер
Отбасылық өмірдің дұрыс ұйымдаспауы және ерлі-зайыптылар арасындағы конфликтілердің болуы әсіресе ажырасу статистикасынан анық байқалады.
Ажырасу – бұл отбасылық өмірдің дұрыс ұйымдаспауының, ұрыс-керіс, жиналған ашу-ыза, реніш және келеңсіздіктердің ұзақ уақытқа созылуының мәресі.
Мысалы, ажырасу саны 1980- ші жылдармен салыстырғанда 1996 – шы жылдары 4,6 есе өсті, бұл неке-отбасылық қарым-қатынаста маңызды өзгерістердің болғандығын көрсетеді. Бұл өзгерістер, ең алдымен, маңызды әлеуметтік-экономикалық жағдайлармен байланысты: қоғамдық өндірісте әйелдердің жоғары деңгейде орын алуы, әйелдердің білім деңгейлерінің күрт көтерілуі, әйелдердің аналық және өндірістік фукцияларының арасында қарама-қайшылық жүйелерінің пайда болуы.
Ажырасу мәселесінде оның географиясы да өте маңызды. Біршама жоғары деңгей көршілес Украина және Белорусия елдерінде деп көрсетілсе, Орта Азия мен Кавказ елдерінде ажырасу деңгейі бұлармен салыстырғанда 2 – 3 есе төмен. Әйтсе де, бұған мәдени-тарихи және этнографиялық ерекшеліктер, сақталған әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер, отбасында патриархалдықтың кейбір элементтерінің болуы және т.б. себеп болады.
Ажырасу динамикасын қарастырудағы маңызды тағы бір нәрсе - ол ауыл тұрғындарының арасында ажырасу, қала тұрғындарымен салыстырғанда, 2 – 3 есе төмен болуы.Бұл жерде басқа да статистикалық заңдылықты ескеру керек: тұрғындардың есеппен 1000 адамына ажырасу саны қалалардың көлемінің өсуіне байланысты болады.
1. Александровский Ю.А. Состояние психической дезадаптации и компенсация. М., Наука, 1976. 272 с.
2. Антипов Е.Е. Введение в теорию адаптиции. М., 1991. 24 с.
3. Аронс К. Развод: крах или новая жизнь? М., Мирт, 1995. 440 с.
4. Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған окулық /А. Ибраева, Г. Өлібаева, Қ. Айтхожин. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1 Отбасындағы ажырасудың негізгі себептері мен даму динамикасы
2 Алимент төлеу

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Отбасылық өмірдің дұрыс ұйымдаспауы және ерлі-зайыптылар арасындағы
конфликтілердің болуы әсіресе ажырасу статистикасынан анық байқалады.
Ажырасу – бұл отбасылық өмірдің дұрыс ұйымдаспауының, ұрыс-керіс, жиналған
ашу-ыза, реніш және келеңсіздіктердің ұзақ уақытқа созылуының мәресі.
Мысалы, ажырасу саны 1980- ші жылдармен салыстырғанда 1996 – шы
жылдары 4,6 есе өсті, бұл неке-отбасылық қарым-қатынаста маңызды
өзгерістердің болғандығын көрсетеді. Бұл өзгерістер, ең алдымен, маңызды
әлеуметтік-экономикалық жағдайлармен байланысты: қоғамдық өндірісте
әйелдердің жоғары деңгейде орын алуы, әйелдердің білім деңгейлерінің күрт
көтерілуі, әйелдердің аналық және өндірістік фукцияларының арасында қарама-
қайшылық жүйелерінің пайда болуы.
Ажырасу мәселесінде оның географиясы да өте маңызды. Біршама жоғары
деңгей көршілес Украина және Белорусия елдерінде деп көрсетілсе, Орта Азия
мен Кавказ елдерінде ажырасу деңгейі бұлармен салыстырғанда 2 – 3 есе
төмен. Әйтсе де, бұған мәдени-тарихи және этнографиялық ерекшеліктер,
сақталған әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер, отбасында патриархалдықтың
кейбір элементтерінің болуы және т.б. себеп болады.
Ажырасу динамикасын қарастырудағы маңызды тағы бір нәрсе - ол ауыл
тұрғындарының арасында ажырасу, қала тұрғындарымен салыстырғанда, 2 – 3 есе
төмен болуы.Бұл жерде басқа да статистикалық заңдылықты ескеру керек:
тұрғындардың есеппен 1000 адамына ажырасу саны қалалардың көлемінің өсуіне
байланысты болады.
70-ші жылдардың басында демографтар мен әлеуметтанушылар ажырасудың
мотивтерін талдауды бастаған болатын. Мұндай зерттеулерді әр түрлі
қалалардың зеттеушілері жүргізді (Л.В. Чуйко – Киев, В.Д. Чечот –
Ленинград, В.Т. Колокольников – Минск) және т.б Олар ажырасудың мотивтері
мен себептерінің түрлі классификацияларын ұсынды, олар өте көп, бірақ ең
маңыздыларына тоқталып өткенді жөн санаймыз.
Ең алғашқы ажырасудың мотивтері мен себептерінің классификациясын
ұсынған Н.Я. Соловьева болды. Ол мынандай себептер:
1. ерлі-зайыптылардың біреуінің ауруы; 2. баланың болмауы; 3. мәжбүрлі
айырылысу; 4. өгей балалардың болуы; 5. физикалық күш көрсету; 6. көзге шөп
салу, басқа отбасының болуы; 7. маскүнемдік; 8. мінездердің сай келмеуі; 9.
екі жақ ата-аналарының араласуы; 10. басқа біреуді жақсы көріп қалу; 11.
дін, әлеуметтік жағдайлардың сәйкессіздігі және т.б.
Көріп тұрғандай, классификация отбасылық өмірдің сыни жағдайларының
көптеген жақтарын қамтиды. Бұлардың барлығы шын мәнінде өмірде бар және
некені бұзуға себебін тигізеді.
Н.Г. Юркевич ажырасудың мотивтері мен себептерінің біршама басқаша
классификациясын ұсынды: 1. ерлі-зайыптылардың мінездерінің сәйкессіздігі;
2. жұбайлар сенімдерінің бұзылуы; 3. ата-анаға деген қарым-қатынастың нашар
болуы; 4. маскүнемдік; 5. некеге махаббатсыз түсу немесе жеңілтектік күйде
болу арқылы некеге түсу; 6. жұбайлардың біреуінің бас бостандығынан 3 жыл
немесе одан көп ұзақ уақытқа айырылуы. Сонымен, Н.Г. Юркевич Н.Я.
Соловьеваның классификациясын толықтырғанын байқаймыз.
Ажырасу мотивтерінің жаңа аспектілері Н.В. Колокольниковтың
классификациясында байқалады: 1. маскүнемдік; 2. мінездерінің
сәйкессіздігі; 3. басқа адамға көз салу; 4. некеге жеңілтектікпен отыру; 5.
ұзақуақыттық бөлектенушілік (объективті себептерге байланысты); 6.
қатыгездік; 7. бас бостандығынан 3 жыл және одан да көп жылға айырылуы; 8.
физикалық және жан ауруларына шалдығу; 9. ата-аналардың және басқа
туысқандардың араласуы; 11. әйелдің бала көтере алмауы; 12. басқа да
себептер.
Көрініп тұрғандай, бұл классификация алдыңғы екеуін толықтырады.
Осыдан келіп, ғылыми тұрғыдан ажырасу жағдайының жаңа аспектілері және
ажырасу мотивтерінің көлемі кеңейе беретіндігін байқауға болады.
Ажырасу жағдайы мотивтерінің әртүрлілігіне байланысты бұл мәселе бойынша
мотивтерді объктивті емес, субъективті түрде талқылау қажет етіледі.
Ажырасушы жұптардың ажырасуының субъективті мотивтері әрқашан әр түрлі
болады. Мұндай мотивтер арқылы некені бұзушылардың шынайы себептерін талдау
қиынға түседі. Кей кездері шынайы мотивтер басқалармен ауысуы мүмкін.
Мысалы, күйеуі әйелінің отбасында лидер болуын қаламаса, сотта ол
ажырасудың себебі әйелінің нашар адам, өзінің үй шаруасын дұрыс
атқармайтындығымен түсіндіруі мүмкін.Сол үшін шынайы себепті анықтау
ажырасу процесінің материалын зерттеу кезінде қиындық туғызады.
Ажырасу туралы шешім - әйел мен ерінің өмірлеріндегі маңызды оқиға.
Бұған ұзақ уақыттық мотивация процесінің жүруі кіреді. Бұл - тұлғалық
қажеттіліктер мен қызығушылықтар, көзқарастар, құндылықтық бағдарлары
жағынан қалыптасқан көзқарас бойынша жан-жақты қарастырылып қабылданған
шешім. Бұл - мінез-құлықтың өте күрделі формасы, оның шартты атауы ажырасу
мінез-құлқы.
Ажырасу процесі мотивтерінің ар жағында біз есепке алмайтын басқа да
себептер мен мотивтер жатуы мүмкін. Мысалы, мінездеріміз сәйкес келмейді
деген стереотипті ойлау. Егер жұбайлар бірнеше жылдар бойы бірге тұрып,
арман-тілектерін сәйкестендірген болса, мінезіміз сәйкес келмеді деген
себеп туындамауы қажет.

Алимент төлеу

Алименттік қатынастар және оның түрлері 
Алименттер (лат. alimentum деген сөзінен — "тағам, асырап-бағу" дегенді
білдіреді) — заңда белгіленген жағдайларда бір отбасы мүшелерінің оның өзге
мүшелерінің пайдасына төлеуге міндетті белгілі бір ақшалай қаражат.
Алименттік міндеттемелер негізгі отбасылық қатынастар болып табылады, ал
олардың мақсаты — отбасының еңбекке қабілетсіз және көмек қажетететін
мүшелерін асырау. Алименттер сот шешімімен (алименттер
төлеудің соттық тәртібі) немесе тараптардың келісімімен (алименттер
төлеудің ерікті тәртібі) төленеді.
Алименттік міндеттемелердің өзіне тән мынадай белгілері болады:
• бұл қайтарып берілмейтін сипаттағы міндеттеме. Алимент төлеушінід өз
шығынын қандай да бір орнын толтыруға құқығы жоқ;
• олардың қатаң жекебастық сипаты бар. Мұнын мөнісі, алимент төлеуге
міндетті адам ол міндетін орындауды басқа біреуге тапсыруға қақысы жоқ.
Екінші жағынан, алимент алуға құқықты адам, бұл құқығын езге біреуге бере
алмайды. Алимент алу құқығы және алимент төлеу міндеті мұрагерлік тәртіппен
басқа адамға кешпейді;
• алименттік міндеттеме мүліктік-құндық болып табылады, яғни бұл арада
материалдық игіліктерді (әдетте, ақшалай қаражатты) алушының мүлкіне өткізу
(косу) жүзеге асырылады.
Алименттік міндеттемелерге төмендегідей заңдық фактілер негіз болады:
• субъектілер арасында туыстық немесе өзге де отбасылық байланыстың болуы
(мысалы, ерлі-зайыптық қатынастар);
• заңда немесе талаптардың келісімінде көрсетілген шарттардың болуы
(мысалы, алимент алушынын мұктаждығы, еңбекке жарамсыздығы, алимент
алушылардын көмелетке толмағандығы және баскалары);
• тараптардьщ алимент төлеу жөніндегі келісімі немесе соттың алимент өндірш
алу жөніндегі шешімі.
Алименттік міндеттемелердің немесе алименттік қатынастардың мынадай түрлері
болады:
• ата-аналардын балаларға қатысты алименттік міндеттемелері;
• балалардың ата-аналарға қатысты алименттік міндеттемелері;
• ерлі-зайыптылардың және бұрынғы жұбайлардың алименттік міндеттемелері;
көмелетке толған ағалары мен қарындастарының, әжелері мен аталарының
алименттік міндеттемелері.
Ата-анасының жұмыс таба алмауы осыған жатқызылуы мүмкін. Сот мұндай
жағдайда алимент мөлшерін азайтып жалақының 14 бөлігінің орнына 16
бөлігін өндіріп алуды белгілейді.
Сот әрбір нақты жағдайда осы жайттардың бәрін де ескереді. Заңда, сонымен
қатар ерекше ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республика аумағындағы ажырасу мәселесінің жиіленуі
Жасөспірімдердің ажырасу жағдайына бейімделудің психологиялық мәселелері
Ажырасу мәселесіне арналған әдебиеттерді талдау
Ажырасудың негізгі себептері
ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУЛЕРДЕГІ ОТБАСЫ МЕН ОТБАСЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ АЖЫРАСУДЫҢ ТЕНДЕНЦИЯСЫН ТАЛДАУ
Әйелдердің тәжірибесі
Ажырасудың себептері мен салдары жайында
Ажырасудың себептері мен салдары
Отбасы қарым-қатынастың орнықты болуы және ондағы кездесетін қиыншылықтарды жеңу немесе болдырмау
Бүгінгі жастар неге жиі ажырасады?
Пәндер