Кәсіпорын экономикасы



Жоспар:

I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2

Кәсіпорын экономикасы.
II. Негізгі бөлім
а) Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері ... ... ... ...4
ә) Кәсіпорын . басқарудың жүйелік объектісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
б) Кәсіпорының қаржылық жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
в) Ақпараттық жүйе құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
г) Құжаттар: кіріс және шығыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17

III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22

IV. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Кіріспе
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір енбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны – бұл кәсіпорын. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған жағдайлар да бар. Өйткені фирмаларда ең білікті мамандар жинақталады. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Фирмаларда өндірісті және өнімдерді сатуға кететін шығындарды мейлінше азайтуға қол жетеді. Сол сияқты бизнес-жоспарлар әзірленеді, маркетинг қолданылады, тиімді басқару жүйесі – менеджмент іске асырылады.
Нарықтық экономика жағдайында фирма шаруашылықты жүргізудегі негізгі объективті буынға айналады. Мәселе мынада, рыноктық сұранысты еске ала отырып, фирма тек өнім өндіріп қана қоймай, сонымен қатар халықты жұмыспен қамту, жаңадан жұмыс орындарын ашу, еңбекақыларын есептеу т.б. жұмыстарды іске асырған жөн.
Фирма экономикасының даму негізіне қоғамдық өндірістің дамуына объективті экономикалық заңдар жатады. Кез келген ұйымдастырушылық деңгейде экономиканы басқару – бұл экономикалық заңдардың талабына сай өндірістің қызмет етуі.
Қазіргі кезде фирманың мәртебесі, оны құрудың тәртібі мен жойылуы , мүлікті пайдалану, шаруашылық жүргізу, экономикалық және әлеуметтік қызметтер, фирманың мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдарымен қатынасы негізінде ұлттық заңдармен реттеледі.
«Кәсіпорын экономикасы» бағамен зерттелуде, оның негізгі міндетін тұжырымдау қажет. Олар анықталатын екі ережемен еріксіз қабылданады және оның мәні мынада:
• фирма меншік нысанына және салалық құрамында болуына қарамастан бірінші буыны халық шаруашылығының экономикалық негізі болып табылады, ақырғы соңында фирманың тиімді жұмыс істеу деңгейі жалпы халық шаруашылығының даму деңгейі мен халықтың әл-ауқатының деңгейіне байланысты болады;
• нарықтық экономикаға өту бұрыннан әрекет еткен шаруашылық тетігін жан-жақты қарастыруды, оның құрылымына жаңа нысандар енгізуді, атап айтқанда, кәсіпкерлік, бәсеке, бизнес-жоспар, еңбек мотивациясы, салық салу, т.б. қажет етеді.
Қайбір фирма болмасын өзінен-өзі тіршілік ете алмайды, ол жалпы экономикамен тікелей байланысты, бірінші жағынан – өндіріс факторы рыногы, екінші жағынан – өткізу рыногы арқылы. Сондықтан да кәсіпорын экономикасы жеке фирмалардың басқа шаруашылық құрылымдарымен қатынасатын рынокпен зерделеуге тиіс. Сонымен ол шаруашылық процесін жалпы және де жеке фирманың мүддесі ретіндегі көзқарасты қарайды.
Курстық жобаны жазудағы басты мақсатым фирманың қаржылық көрсеткіштерін анықтауға арналған ақпарат жүйесін тұрғызу.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. “Кәсіпорын экономикасы” Алматы 2003 ж.
2. Смирнова Т. и др. “Проектирование экономических информационных систем ”.
3. Қ.С. Байшоланова Ақпараттық жүйелер теориясы, Алматы: Экономика -2002ж.
4. Н.Б.Бралиева, Қ.С.Байшоланова, Н.Л.Гагарина “Экономикадағы ақпараттық жүйелері”. Оқу құралы. Алматы, 2001 ж.
5. Н.Б.Бралиева, Л.А.Байбөлекова, Қ.Т.Балашов “Ақпараттық менеджмент негіздері”. Оқу құралы. Алматы: Экономика, 2000 ж.
6. Бралиева Н.Б., Куличихин А.А. “Информационные аспекты создания и функционирования автоматизированных информационных систем”.
7. Төлегенов Е.Т. “Бухгалтерлік ақпарат жүйелері”. Оқу құралы Экономика 2001 ж.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
I.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
Кәсіпорын экономикасы.
II. Негізгі бөлім
а) Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі
ерекшеліктері ... ... ... ...4
ә) Кәсіпорын – басқарудың жүйелік
объектісі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...4
б) Кәсіпорының қаржылық жағдайын
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
в) Ақпараттық жүйе
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
г) Құжаттар: кіріс және
шығыс ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...17
III.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..22
IV. Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..26

Кіріспе
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту
үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін
республикамыздың тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз
жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі
өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір енбекшінің мүддесін қамтыды.
Сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің,
қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық
экономикадағы негізгі буыны – бұл кәсіпорын. Міне, сондықтан да, бұл
деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған
жағдайлар да бар. Өйткені фирмаларда ең білікті мамандар жинақталады. Мұнда
ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды
қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Фирмаларда өндірісті және өнімдерді
сатуға кететін шығындарды мейлінше азайтуға қол жетеді. Сол сияқты бизнес-
жоспарлар әзірленеді, маркетинг қолданылады, тиімді басқару жүйесі –
менеджмент іске асырылады.
Нарықтық экономика жағдайында фирма шаруашылықты жүргізудегі негізгі
объективті буынға айналады. Мәселе мынада, рыноктық сұранысты еске ала
отырып, фирма тек өнім өндіріп қана қоймай, сонымен қатар халықты жұмыспен
қамту, жаңадан жұмыс орындарын ашу, еңбекақыларын есептеу т.б. жұмыстарды
іске асырған жөн.
Фирма экономикасының даму негізіне қоғамдық өндірістің дамуына
объективті экономикалық заңдар жатады. Кез келген ұйымдастырушылық деңгейде
экономиканы басқару – бұл экономикалық заңдардың талабына сай өндірістің
қызмет етуі.
Қазіргі кезде фирманың мәртебесі, оны құрудың тәртібі мен жойылуы ,
мүлікті пайдалану, шаруашылық жүргізу, экономикалық және әлеуметтік
қызметтер, фирманың мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдарымен
қатынасы негізінде ұлттық заңдармен реттеледі.
Кәсіпорын экономикасы бағамен зерттелуде, оның негізгі міндетін
тұжырымдау қажет. Олар анықталатын екі ережемен еріксіз қабылданады және
оның мәні мынада:
• фирма меншік нысанына және салалық құрамында болуына қарамастан
бірінші буыны халық шаруашылығының экономикалық негізі болып
табылады, ақырғы соңында фирманың тиімді жұмыс істеу деңгейі
жалпы халық шаруашылығының даму деңгейі мен халықтың әл-
ауқатының деңгейіне байланысты болады;
• нарықтық экономикаға өту бұрыннан әрекет еткен шаруашылық
тетігін жан-жақты қарастыруды, оның құрылымына жаңа нысандар
енгізуді, атап айтқанда, кәсіпкерлік, бәсеке, бизнес-жоспар,
еңбек мотивациясы, салық салу, т.б. қажет етеді.
Қайбір фирма болмасын өзінен-өзі тіршілік ете алмайды, ол жалпы
экономикамен тікелей байланысты, бірінші жағынан – өндіріс факторы рыногы,
екінші жағынан – өткізу рыногы арқылы. Сондықтан да кәсіпорын экономикасы
жеке фирмалардың басқа шаруашылық құрылымдарымен қатынасатын рынокпен
зерделеуге тиіс. Сонымен ол шаруашылық процесін жалпы және де жеке фирманың
мүддесі ретіндегі көзқарасты қарайды.
Курстық жобаны жазудағы басты мақсатым фирманың қаржылық
көрсеткіштерін анықтауға арналған ақпарат жүйесін тұрғызу.

Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері

Нарықтық қатынастар көптеген адамдардың өз ісіне деген табиғи ұмтылуды
тудырып , өздерінің меншіктерін арттыра түседі. Ең соңында бұл қызметтің
ерекше түрі – кәсіпкерлік қайраткерліктің пайда болуына әкеп соғады .
Кәсіпкерлік дегеніміз – адамдар мен олар құрған бірлестіктердің
белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел
буып , мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді.
Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндергенде мынадай екі жағдайға:
біріншіден, комерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен
дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді
жеңе білуге; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен
жаңашылдық танытуға , ғылыми-техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты.
Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да болмасын
түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық-өндірістік , сауда-көтерме сату,
жаңартпашылық, көрсетілетін консультациялық қызметтер және т.б. комерциялық
делдалдылық, сол сияқты құнды қағаздар опериациялары.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мыналар бола
алады:
• Қазақстанның азаматтары
• Шетел мемлекетінің азаматтары
• Адамдардың бірігуі(кәсіпкерлер ұжымы)
Экономиканың қайсысы болмасын өндірістен, экономикалық өнім жасаудан
құралады. Өндіріссіз тұтыну болмайды, тек шығарылған өнімді ішіп-жеп қою
болады. Атап айтқанда, кәсіпорын өнім шығарады, жұмыстар және қызмет
көрсетеді, яғни тұтыну және ұлттық байлықты молайтудың негізін қалайды.

Қаржылық талдаудың мақсаты – енді пайда болып келе жатқан мәселелерді
қаржылық тұрақсыздыққа ұшырауға дейін айқындау. Бұндай мәселелерді айқындау
фирманың қаржылық есеп беруінен және осы мәселеге қатысты басқа да
ақпараттардан (басқару сапасы туралы, сыртқы аудиттің сапасы мен
аудиторлардың есеп беруінің мазмұны туралы ақпараттар) алынатын қаржылық
ақпараттарды талдауды жүзеге асырумен іске асады.
Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдаудың негізгі принциптері

Принциптері Принциптердің мазмұны
Нақтылығы Талдау нақтылы деректерге негізделеді, оның
қорытындысын нақтылы сандық тұрғыда пайдаланады.
Жиынтылығы Процесті объективті бағалау мақсатында оны жан-жақты
зерделеу
Жүйелілігі Бір-біріне өзара байланысты экономикалық
құбылыстарды зерделеу, бірақ оқшаулау емес.
Тұрақтылығы Талдауды түпкілікті, алдын ала белгілі уақыт арқылы
жүргізу керек, бірақ оқиғадан оқиғаға дейін емес.
Объективтілігі Экономикалық құбылыстарды тәжірибелі және әділ
зерделеу, объективтік қорытындылар жасау.
Пәрменділігі Практикалық мақсатқа пайдалану, өндіріс қызметінің
жаңа нәтижелілігі үшін талдау қорытындысының
жарамдылығы.
Үнемділігі Талдауды жүргізуге байланысты шығындар, оны жүргізу
нәтижесінде алынған сол экономикалық тиімділіктен
елеулі түрде аз болуы керек.
Салыстырымдылығы Деректеу және талдау қорытындылары бір-бірімен жеңіл
салыстырымды болуы керек, ал аналитикалық
процедураларды (тәртіпті) тұрақты түрде жүргізуде
қорытындылардың сабақтастылығы сақталу қажет.
Ғылымдылығы Талдауды жүргізу барысында ғылыми негізделген
әдістер мен процедураларды басшылыққа алу керек.

Кәсіпорынның бірден-бір басты міндеті – оның қаржы жағдайының
бағалылығы болып табылыады және ол көрсеткіш жүйелерін немесе қаржы
коэффициентін анықтайды. Негізгі қаржылық коэфициенттерді төмендегі үш
санатқа топтастыруға болады:
• өтімділік (төлем қабілеттілігі);
• пайдалылық (табыстылық);
• активтерді басқару тиімділігі.
Қаржы ресурстарының құралуы түрлі көздер бойынша жүзеге асырылады. Олар
ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі көздер меншікті және оларға
теңестірілген қаржылар есебінен құрылады және шаруашылықты жүргізудегі
нәтижелілігімен байланысты, ал сыртқы – кәсіпорынға сырттан түсетін
ресурстар.

Кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемесін төлеуге
қабілеттілігін өтімділік немесе төлем қабілеттілігі деп атайды. Кәсіпорын
өтімділік болып саналады, егер де айналмалы активтерін іске асыра отырып,
ол өзінің қысқа мерзімді міндеттемесін орындауға жағдайы болса.
1. Тез өтімділік коэффициенті – қысқа мерзімді несие қарыздарының
ең өтімділік активтердің үлесін көрсетеді.
2. Дебиторлық қарыздардың айналым коэффициенті – егер дебиторлық
қарыздарды тауардың кейбір шартты өлшемінің құны деп есептесек,
қалай сатылса, бірақ төлемақысы әлі де алынбаған болса, онда
дебиторлық қарыздардың айналым коэффициенті бір жылда бірнеше
рет бұл тауардың ақылы шартты өлшемін көрсетеді.
3. Несие қарыздарының айналым кезеңі – бұл коэффициент тауарларды
сатып алуға және қызмет көрсетуге байланысты жеткізушілерге және
несиегер компанияларға қажетті ақы төлеу үшін орта уақытын
көрсетеді. Бұл коэффициент ақы төлеу жағдайына жеткізушілердің
және несиегерлердің келісіміне, сол сияқты кәсіпорынның қолда
бар босалқы қорларды басқару іскерлігіне байланысты болады.
4. Несиелердің орнын толтыру коэффициенті (несиені өтеу қабілеті) –
ол компанияның қызмет табысының неше рет (дивиденттермен толық
есеп ажырасқаннан кейін) проценттік төлемақы сомасының және
ұзақ мерзімді қарыздардың төлемақысының негізгі сомасының
асқанын көрсетеді.
5. Төлем қабілеттілігінің коэффициенті – ол қарыз капиталының
меншіктілікке (жарғылық капитал, пайда және қаржы иелері ) ара
салмағын бейнелейді.
Бұл коэффициент көрсеткіштер кәсіпорын несиегерлерінің қандай деңгейде
қатерден қорғалуын көрсетеді, кәсіпорын жеке кепілгер ретінде шығады.
Сонымен қорыта айтқанда, бұл көрсеткіштер неғұрлым жоғары болса, соғұрлым
кәсіпорындардың қарыздары көп және соғұрым оның тұрақсыз ақуалы да орын
алады.
Айналым қаржылар үнемі қозғалыста болады. Бір өндірістік кезең
аралығында олар үш сатыдан (өзінің нысанын өзгертіп) тұратын ауыпалы
айналым жасайды. Бірінші сатыда фирма ақша қаражаттарын еңбек заттарын
сатып алу үшін шарттарды төлеуге жұмсайды. Бұл сатыдан айналым қорлары
айналыс аясынан өндіріс саласына өтеді.
Екінші сатыда алынған айналым қорлары өндіріс процесіне тікелей өтіп ,
әуелде өндіріс босалқы қорларына және шала фабрикаттарға, содан соң
аяқталған өндіріс процесі – дайын өнімге айналады.
Үшінші сатыда дайын өнім сатылады, нәтижесінде айналым қорлары өндіріс
саласынан айналыс аясына, қайтадан ақшалай нысанына келеді. Бұл қаржылар
жаңадан еңбек құралдарын алуға жұмсалып, жаңа ауыспалы айналымға шығады.
Бірақ, айналым қорлары бірінші сатыдан екінші сатыға жүйелі түрде өтеді
дегенді білдірмейді. Сонымен, бұдан ескеретін жай – әрбір сатыдағы айналым
қаражаттарының тұрған уақыты бірдей емес. Ол өнімнің тұтынушылық,
технологиялық және оны өндіру және сату ерекшеліктеріне байланысты.
Ауыспалы айналым қаражаты мына тәсілмен шығады:
А – Қ ... Ө ... Д – А1 ,
мұнда А- шараушылық субъектілерін авансылаудағы ақша қаражаттары;
Қ - өндіріс құралы;
Ө - өндіріс;
Д - дайын өнім;
А1- өнімді сатудан түскен және өзіне қосылған пайданың ақша
қаржаттары.
Шаруашылықты жүргізудегі нарықтық жүйе жағдайында кәсіпорын
эконмикасын дамытуда оны айналым қаражаттарымен оңтайлы қамтамасыз етудің
төтенше маңызы бар. Айналым қаражаттарының айналымдылығын сипаттайтын
бірнеше көрсеткіштер болады. Олардың ішінде ең қарапайымы – айналым
қаражатының айналымдылығының коэффициенті. Ол мына формуламен анықталады:
,
мұнда, Өқ – белгілі бір кезеңде өткізілген өнімнің құны.
Оқ – сол кезеңдегі айналым қаражатының орташа қалдығы.
Егер де өткізуден алынған түсім бір жылға есептелгенде , онда айналым
қаражатының орташа қалдығы сол жылға алынады.

Ақпарат жүйесін тұрғызу мақсаты – коммерциялық банктің қаржылық
жағдайын талдау, рейтингін анықтау операцияларын автоматтандыру.
Ақпараттық жүйені тұрғызудағы мақсат – ақпарат қорларының өзара тиімді
әсерлесуін өзгертпей біріктіру болып табылады.
Қазіргі уақытта кез келген ұйымды, бірлестікті және мемлекеттік
органдарды автоматтандыру ісі бірінші кезекке қойылып отыр. Ол шетелдерде
қызмет еткенмен біздің елде енді-енді енгізіліп жатыр. Оның бір көрінісі
Президенттің өзі де мемлекеттік органдарды автоматтандыруды айтып отыр.
Соның ішіне 2008 жылға дейін электронды үкімет құру мәселесі де бар.
Мемлекет, Үкімет және де қарапайым халық үшін фирманың рейтингін
талдаудың маңызы өте зор. Әрине, оны халық анықтамайды, жоғарыда айтып
кеткенімдей оған Шағын Кәсіпкерлік Ұйымдастыру Ұйымы басшылық етеді.
Қазіргі уақытта сондай ақпарат жүйелерін құру өте бір маңызды шаралардың
бірі болып отыр. Фирманың рейтингін жариялау тек оның таза жұмыс
істейтінін, көрсеткіштерінің жоғары не төмен екендігін білдіріп қоймай,
фирма компания корпарация дәрежесіне жетіп
елімізде ғана емес сондай-ақ шетелдерде де танымал бола бастайды. Оның өзі
фирманың басқа елдерде филиалдарын ашуға көмектеседі. Бұның барлығы сол
дұрыс құрылып, дұрыс жұмыс істейтін ақпарат жүйесінің қызметіне тікелей
қатысты.

Ақпараттық жабдықтау ресурстарына қойылатын талаптар
Ақпараттық ресурстар жүйені тұрғызуға қажетті материалдық шикізат
және ол Қаржылық Қадағалау департаментіне өте қажетті мәліметтер жиынтығы.
Бұған негізінен капитал жеткіліктігі, активтердің сапасы, менеджмент,
табыстылық, өтімділік және сезімталдық жатады.

Ақпараттық жабдықтау құрылымына қойылатын талаптар
Ақпараттық жабдықтау (АЖ) – бұл ақпараттық жүйеде қолданатын
экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің бірыңғай жүйелері
мен құжаттардың және ақпарат массивтерінің үйлестірілген жүйелерінің
бірігуі болып табылады. Ақпараттық жабдықтаудың негізгі бағыты сақталуынан,
ақпараттың жинақталуынан, ақпараттық базаға өзгеріс енгізуден басқару
шешімдерін қабылдау үшін кіріс ақпараттарының берілуінен тұрады.

Ақпараттық жүйенің жабдықтау жүйелері, функционалды ішкі жүйелеріне
қарамастан барлық экономикалық ақпарат жүйелеріне бірдей болады. Оның
құрамы белгілі бір пәндік аймаққа қатысты емес. Жабдықтаушы ішкі
жүйелеріне: ұйымдастырушылық, техникалық, математикалық, программалық,
ақпараттық, лингвистикалық, және технологиялық ішкі жүйелері кіреді.
Ақпараттық жабдықтау – ФҚЖТАЖ-де қолданылатын техникалы-экономикалық
ақпараттарды сыныптаудың және кодтаудың бірыңғай жүйелері, құжаттар
жүйесінің және ақпараттар ауқымының үйлестірілген жүйелерінің жиынтығы.
Шешім қабылдаудың тиімділігі айналымдағы ақпаратты толықтығына,
сапасына, сенімділігіне және жеделдігіне байланысты:
▪ басқару жүйесінде болатын үрдістерді объективті бейнелеу;
▪ практикалық нысаналылықтың болуы, яғни АЖ-ды жобалауда
шешілетін мәселелерді ескере отырып атқарылуы қажет;
▪ тікелей бақылау және өлшеу үрдістерінде алынбайтын есепті-
талдамалы ақпараттардың болуын қамтамасыз етеді;
▪ басқаруды ұйымдастырудың барлық деңгейлерінде ақпаратты
пайдаланудағы коэфициентті көтеру;
▪ ақпарат жүйелерінің барлық түрінің ақпараттық сиымдылығын
қамтамасыз ету.
Ақпаратты жабдықтауды жобалау – бірқатар жұмыстар атқаруды қажет
ететін күрделі және еңбекті көп керек ететін үрдіс:
o ақпаратты жабдықтауды ұйымдастырудың әдістемелік негіздерін
жасау;
o ақпаратты сыныптаудың және кодтаудың бірыңғай жүйесін құру;
o ақпарат көлемдері мен ағындарын анықтау;
o деректер базасының құрылымы мен құрамын анықтау;
o деректер базасын бақылау және түзету тәсілдерін таңдау;
o тұтынушылардың сұраныс тілі мен деректердің сипаттамсын
сәйкестендіру.
Осыған байланысты ақпараттық жабдықтауды, ақпараттық базаны құрудың
құралдары мен әдістерінің жиынтығы ретінде қарастырып анықтауға болады.
Ақпаратпен жабдықтау машинадан тыс және машина ішіндегі база болып
бөлінеді. Сыртқы машиналық база деген бұл басқару функцияларды жүзеге
асыруды реттейтін нормативтік құжаттар, заңдар және анықтамалар. Ішкі
машиналық ақпараттық база кіріс және шығыс құжаттарынан тұрады.
ФҚЖТАЖ -нің машинадан тыс ақпараттық жабдықтау.
ФҚЖТАЖ -нің машинадан тыс ақпараттық жабдықтауға мыналар кіреді:
• Рейтингті талдау ақпарат ұғымы, оның сыныптамасы және құрылымы;
• Сыныптау және кодтау;
• Нормативті-анықтамалық құжаттар.
Рейтингті талдау ақпарат ұғымы банк қызметінің, жұмысының қандай
деңгейде екендігін анықтау үшін керекті мәліметтер, ақпараттар.
Сыныптау дегеніміз – берілген жиындағы объектілерді әр түрлі белгілері
бойынша ретке келтіріп тарату болып табылады. Объектілер сыныпталатын
топтық белгілер мыналар: сынып, қосымша сынып, топ, қосымша топ, түр,
қосымша түр, тип.
Кодтау – объектілерге кодтық белгілер беру үрдісі. Кодтау жүйесі
дегеніміз – бұл объектілерге код беру ережелерінің жиынтығы.
Нормативті-анықтамалық құжаттарға есептеуде ұзақ уақыт өзгеріссіз
пайдаланатын, әр түрлі реттемелік нормативтер, мөлшерлер және басқа
деректер кіреді.
Жедел ақпарат берілген уақыт ішіндегі объектінің жай күйін бейнелейді,
яғни бұл бастапқы өңделмеген ақпарат.

Ішкі жабдықтау – ФҚЖТАЖ -нің жұмыс істеу кезінде пайдаланатын машиналық
тасығыштардағы деректер ауқымдарының жиынтығын құрайтын ақпараттық қордың
бөлігі. Машиналық тасығыштар, ЭЕМ немесе ДЭЕМ-де ақпаратты автоматты түрде
енгізуге жарамды материалдық объектіні көрсетеді. Оған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУ СИПАТТАМАСЫ
Кәсіпорынның өндірістік қуаты
Фирма қызметтерін ұйымдастыру қызметтері
Кәсіпкерліктің сыртқы экономикалық қызметінің негізгі нысаны - сыртқы сауда қызметі
Кәсіпорын экономикалық стратегиясы мен бағдарламасын әзірлеу
Кәсіпорын қаржысының мәні
Негізгі өндірістік процесті ұйымдастыру
Кәсіпорын экономикасының ішкі жағдайлары
Өнімнің өзіндік құнын төмендету, пайда, рентабельділікті арттыру әдістері
Банкроттық – нарықтық экономика жағдайында объективті экономикалық құбылыс
Пәндер