Қазақстан Республикасындағы инфляция ерекшеліктері



Кіріспе

І. Инфляция және оның теоретикалық негіздері.
1.1 Инфляция мәні, пайда болу себептері және түрлері.
1.2 Инфляцияның түрлері мен айқындалу белгілері .
1.3 Инфляция өлшемдері
1.4 Ұшқыр инфляцияны (гиперинфляцияның) тұрақтандырудың монетарлық әдістері
ІІ Қазақстандағы нарыққа көшу кезеңіндегі инфляцияның процестердің ерекшеліктері
2.1 Реформалау қарсаңындағы экономикадағы жағдай .
2.2 Қазақстан Республикасындағы инфляцияға қарсы саясат
ІІІ Қазіргі жағдайдағы Қазақстан Республикасындағы инфляция және мемлекеттің инфляцияға қарсы шаралар
3.1. Қазіргі жағдайдағы инфляцияның даму факторлары
3.2 Қазақстан Республикасындағы қазіргі таңдағы инфляция

ҚОРЫТЫНДЫ.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
Инфляция теориясының дамуының терең тарихы бар. Бағаның өсуі мен ақшаның құнсыздануы әрқашан экономистердің назарында болады. Зерттеушілердің теориялық көзқарастары қоғамның сол кездегі экономикалық және саяси дамуының деңгейін сипаттайды. Қоғамның байлығы туралы көзқарастармен бірге ол байлықтың нақты көздерін және олармен қатар өмірде жұмыссыздықтың болуы, бағаның өсуі, ақшаның сатып алу қабілетінің төмендеуі сияқты экономикадағы құбылыстар ғалымдардың, экономистердің зерттеу жұмыстарында көп жазылды. Өздерінің еңбектерінде оқымыстылар билік басында тұрғандарға экономикалық саясат туралы, дағдарыс құбылыстармен күресте іс-тәжірбиелік ұсыныстар жасау мақсатын қойды.
Инфляция – күрделі әлеуметтік экономикалық құбылыс. Бүгінде ол көптеген дүние жүзі мемлекеттернің үкіметтері мен орталық банкілерімен басты экономикалық проблемаларына айналып отыр. Инфляция экономикалық өрлеу қарқынын бәсеңдетеді. Инвестициялық белсенділікті төмендетеді, ал өзінің шектен шыққан түрлерінде қоғамда әлеметтік және саяси шиеленістер туғызады.
Инфляция мен экономикалық дағдарыстардан осы уақытқа дейін бірде-бір ел тыс қалып көрген емес. ХІХ – ХХ ғасырларда дағдарыс пен Инфляцияға АҚШ және Европа (1929-1933 жж.1950-1980 жж.). Оңтүстік Америка (1970-1990 жж.). Оңтүстік-Шығыс Азия (1980-1990 жж.). ТМД елдері (1990- жылдары ) ұшырады.
Бірақ бұл процестің өзіндік жақсы жақтары да бар – барлық елдерде ең ауыр дағдарыс (Инфляция) әдетте экономиканың жаңаруымен және өрлеуі мен аяқталады. Сондықтан экономикалық дағдарыс пен Инфляция көбінесе мемлекеттік саяси, әлеметтік және экономикалық дамуының бет-бұрыс кезеңі болып табылады. Бұл жөнінде нақты мысал ретінде 1990 жылдардың басындағы ТМД елдеріндегі, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы дағдарысты айтуға болады.
1. Назарбаев Н. Ә. «Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді даму
стратегиясы.» — Алматы, 1997. 25-31 бет.
2. Назарбаев Н. Ә. «Елдегі жағдай, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі
бағыттары туралы: Жаңа ғасырда қоғамды демократияландыру,
экономикалық және саяси реформа. ҚР Президентінің қазақстан
халқына жолдауы.» — Алматы, 1998. 17-28 бет.
3. Аубакиров Я. Ә. «Экономикалық теория негіздері» -Алматы, 1998.
152-157 бет.
4. Брю С. Л. «Экономикс» - Бишкек, 1998. 1 том, 78-81 бет.
5. Жүнісов Б. А. «Нарықтық экономика негіздері» -Ақтобе, 1993. 92-101
бет.
6. Иманғазин О. Қ. «Экономикалық саясат» - Алматы, 2002. 105-110 бет.
7. Көшенова Б. А. «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары» -
Алматы, 2002. 75-79 бет.
8. Мақыш С. Б. «Ақша айналысы және несие» -Алматы, 2000. 84-89 бет.
9. Осипова Т. М. «Экономикалық теория негіздері» -Алматы, 2002. 203-
209 бет.
10. Шеденов «Жалпы экономикалық теория» - Алматы, 2002. 215-219
бет.
11. Құлпыбаев С. «Қаржы» - Алматы, 2003. 426-440 бет.
12. «Инфляция — хроническая болезнь бумажных валют» - Журнал:
Финансы Казахстана, 1995. 13-17 бет.
13. Қожахметов А. «Инфляция и ее последствия» -Журнал: Экономика и
статистика, 2001. 25-29 бет.
14. Райымқұлов С. «Экономикалық теория негіздері». Шымкент 2005 ж.
15. Черняк В.З. Основы экономики в схемах и таблицах. Москва, 2003.
16. Егемен Қазақстан. Инфляция неден именеді. 2006, сәуір.
17. Егемен Қазақстан. Инфляция. 2006, 29 қараша.
18. Егемен Қазақстан. 2006, 6 маусым. 3 бет.
19. Егемен Қазақстан. 2006, 11 мамыр.
20. Егемен Қазақстан. 2006, 18 сәуір.
21. Егемен Қазақстан. 2004, 19 мамыр.
22. Қазақ елі. 2004, 21 сәуір.
23. Егемен Қазақстан. 2006, 14 маусым. 6 бет.
24. Егемен Қазақстан. 2006, 19 сәуір.
25. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, №5. 2006.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І. Инфляция және оның теоретикалық негіздері.
1.1 Инфляция мәні, пайда болу себептері және түрлері.
... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Инфляцияның түрлері мен айқындалу белгілері .
... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3 Инфляция өлшемдері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... .12
1.4 Ұшқыр инфляцияны (гиперинфляцияның) тұрақтандырудың монетарлық
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ...15
ІІ Қазақстандағы нарыққа көшу кезеңіндегі инфляцияның процестердің
ерекшеліктері
2.1 Реформалау қарсаңындағы экономикадағы жағдай . ... ... ... ... ... ...19
2. Қазақстан Республикасындағы инфляцияға қарсы
саясат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ...22
ІІІ Қазіргі жағдайдағы Қазақстан Республикасындағы инфляция және
мемлекеттің инфляцияға қарсы шаралар
3.1. Қазіргі жағдайдағы инфляцияның даму
факторлары ... ... ... ... ... ... . 26
2. Қазақстан Республикасындағы қазіргі таңдағы
инфляция ... ... ... ... .30

ҚОРЫТЫНДЫ. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

Кіріспе
Инфляция теориясының дамуының терең тарихы бар. Бағаның өсуі мен
ақшаның құнсыздануы әрқашан экономистердің назарында болады.
Зерттеушілердің теориялық көзқарастары қоғамның сол кездегі экономикалық
және саяси дамуының деңгейін сипаттайды. Қоғамның байлығы туралы
көзқарастармен бірге ол байлықтың нақты көздерін және олармен қатар
өмірде жұмыссыздықтың болуы, бағаның өсуі, ақшаның сатып алу қабілетінің
төмендеуі сияқты экономикадағы құбылыстар ғалымдардың, экономистердің
зерттеу жұмыстарында көп жазылды. Өздерінің еңбектерінде оқымыстылар
билік басында тұрғандарға экономикалық саясат туралы, дағдарыс
құбылыстармен күресте іс-тәжірбиелік ұсыныстар жасау мақсатын қойды.
Инфляция – күрделі әлеуметтік экономикалық құбылыс. Бүгінде ол көптеген
дүние жүзі мемлекеттернің үкіметтері мен орталық банкілерімен басты
экономикалық проблемаларына айналып отыр. Инфляция экономикалық өрлеу
қарқынын бәсеңдетеді. Инвестициялық белсенділікті төмендетеді, ал өзінің
шектен шыққан түрлерінде қоғамда әлеметтік және саяси шиеленістер туғызады.

Инфляция мен экономикалық дағдарыстардан осы уақытқа дейін бірде-
бір ел тыс қалып көрген емес. ХІХ – ХХ ғасырларда дағдарыс пен Инфляцияға
АҚШ және Европа (1929-1933 жж.1950-1980 жж.). Оңтүстік Америка (1970-1990
жж.). Оңтүстік-Шығыс Азия (1980-1990 жж.). ТМД елдері (1990- жылдары )
ұшырады.
Бірақ бұл процестің өзіндік жақсы жақтары да бар – барлық елдерде ең
ауыр дағдарыс (Инфляция) әдетте экономиканың жаңаруымен және өрлеуі мен
аяқталады. Сондықтан экономикалық дағдарыс пен Инфляция көбінесе
мемлекеттік саяси, әлеметтік және экономикалық дамуының бет-бұрыс кезеңі
болып табылады. Бұл жөнінде нақты мысал ретінде 1990 жылдардың басындағы
ТМД елдеріндегі, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы дағдарысты
айтуға болады.
Инфляция бүгінде әрбір мемлекеттің экономикалық саясатының күрделі
мәселелерінің бірі болғандықтан, оның мәнін студенттергеғ түсіндіру,
талдап үйрету жоғары сапалы экономист-мамандар дайындауға маңызды орын
алады.
Қазақстан Респбликасының экономикасы ретті жүргізілген реформалардың
арқасында мың құбылған үрдістерден кідіріссіз өтіп келеді. Ұлыбританияның
премьер-министрі Э.Чарльз Линтон Блэрдің: Қазақстан тәуелсіздік алған
күннен бері айтарлықтай экономикалық прогреске қол жеткізілді. Қазіргі
нарықта бағдарланған мөлдір және ашық инвестициялық ахуалды дамыту маңызды
болып отыр. Бұл Қазақстан Респбликасының қол жеткізген табыстарды
шоғырландыруға көмектеседі, ол Орталық Азияның басқа елдері үшін тамаша
үлгі болады, деген сөзі бар.
Жыл өткен сайын ел алдында жаңа меже, жаңа бағдарлар қойылып отыр.
Президенттің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына ену туралы
бастамасы ақыл-ой, қуатын жедел жинақтап, белді буу қажет. Осы ретте
инфляцияны ауыздықтау әрекетін жасауға тура келеді. Елбасының Қазақстан
Респбликасының халқына арнаған жыл сайынғы жолдауында қаржы жүйесінің және
Ұлттық банктің алдында:
- инфляция қарқынын бәсеңдету және инфляцияның өсуінің теріс салдарын
азайту үшін нақты айырбас бағамына тиісті икемділігін қолдануға және
сонымен бірге экономикалық өсуі ынталандыру;

І. Инфляция және оның теориякалық негіздері
1.1 Инфляцияның мәні, пайда болу себептері
Инфляция – ақшаның құнсыздануынан тауарлар мен қызметтерде бағаның
жалпы деңгейінің көтерілуін сипаттайтын құбылыс. Бүгінгі таңдағы
экономикалық әдебиеттерге Инфляцияға көбінесе осындай анықтама берілген.
Ақшаның құнсыздануы, оның сатып алушылық қабілетінің азаюы ерте заманнан
белгілі. Оның пайда болуын монета түріндегі алғашқы ақшаның шығуымен
байланыстырады. Inflatio (Инфляция) – ежелгі медицина саласындағы ұғым.
Оның мағынасы латынша Inflatio – іштің камниюсы, ісініп өсуі деген
түсінік береді. Дүниежүзілік экономикалық әдебиеттерге бұл түсінікті
бірінші рет қолданған – американ экономисі А. Делмар. Ол 1864 ж Нью-Йорк
газетіне АҚШ-тың федералдық үкіметінің Азамат соғысы жылдары (1861-1865
жж.) айналымға алтынға айырбасталмайтын көп мөлшерде қағаз ақшалар
(гринбаксы - green basks: зеленые спинки) шығарғанын сынап жазған.
Ақшаның осындай шектен тыс көбеюін А. Делмар Inflatio (вздутие
бумажного пузыря) деп атады. Кейіннен бұл ұғым ақша массасының тым көп
өсуі мағынасында Еуропа елдерінің (Франция, Ұлыбритания, Германия)
қаржыгерлері мен банкирлерінің арасындағы қолданывлып, ХХ ғасырдың басындан
бастап экономикалық әдебиеттерде орын ала бастады.
Медальдің екі жағы сияқты, ақша мен инфляция өзара тығыз байланысқан
ұғымдар. Инфляция кредиттік ақшаның сырқаты деп айтуға болады. Ерте
заманда (алған манетамен сауда-саттық кезінде) Инфляция өте сирек
кездесетін құбылыс болған (тосын жағдайларға, мысалға, соғыс кезінде немесе
жоғарыда айтылғандай құндылығы төмен ақша айналымға түскен жағдайда), яғни
бағалар ұзақ уақыт тұрақтылығын сақтаған.
Пайда болу себептері. Инфляция күрделі әлеуметтік-экономикалық феномен,
оның пайда болусебептері көбінесе бір жақты айтылмайды. Бірақ Инфляцияның
негізгі пайда болу себептерін экономикадағы барлық нарықтарда (тауар, ақша
тұтынушылық қызметтер, т.б. нарықтарда) бір уақытта сұраныстар мен
ұсыныстардың арасындағы баланстың бұзылуынан (сұраныстың артуына) деп
еспетейді. Басқа сөзбен айтқанда, Инфляция – экономикадағы баланыстың
(тепе-теңдіктің) жоқтығының нәтижесі, ЖҰӨ (жалпы ұлттық өнімнің) құндық
өлшемнің (ақшалай эквиваленті) және оның табиғи-заттық құрамының (шикізат,
материалдар, отын, қуат көзі, негізгі капитал) арасындағы сәйкессіздіктің
белгісі.
Сонымен бағалардың өсуі бір жағынан өндірістің даму, өсу себептеріне
болса, екінші жағынан сол тауарларға деген ұсыныстан туды. Соңғысының
тауарлар мен қызмет бағаларының өсуі нарықтың өндіріс шығындарына және
тауарлар мәмілесі құндарының жоғарлауына жауап (реакциясы) ретінде болды.

Инфляцияның типтері. Экономикада инфляциялық құбылыстардың шығу
себептерін және оларды дамытуға ықпалын тигізетін барлық факторларды
талдап отырып, экономистер инфляцияны сұраныс нфляциясы және шығын
инфляциясы деп екіге типке бөледі. Экономикалық әдебиеттерде бұларды кейде
инфляция түрлері, пайда болу тәсілдері, және т.б. атаулармен айтады. Бірақ
сұраныс, шығын инфляциясы деген ұғымдар олардың мәнін, тегін толық
ашады. Өйткені әрқайсысы экономикадағы инфляциялық құбылыстарды туғызатын
фактордың жиынтығы болып табылады. Сұраныс инфляциясы - өндірістің
макроэкономикалық құрылымының жетілуімен, нарықтың аймақтық құрылым
талаптарына сәйкес орналасу салдарынан пайда болатын (нарық өндірісі,
тұтыну өндірісі, ақшамен қамтамасыздандыру және т.б.) үрдіс.
Сұраныс инфляциясы. Айналымдағы ақшаның шектен тыс көбеюінен тауарлар
мен қызметтерге жалпы сұраныстың өсуін сұраныс Инфляциясы деп атайды.
Немесе кейбір оқулықтарда көп кездесетін сұраныс Инфляциясының анықтамасы
бойынша: ...шектен тыс көп ақшаның тым аз тауар санына (массасына) аңға
шығуы. Классикалық экономикалық теория оқулықтарында сұраныс
инфляциясының себептерін былай деп тұжырымдайды.
1. Мемлекеттік бюджеттің аса үлкен тапшылығы және оны тапшылығының
негізгі себептері: мемлекеттік шығындарының тиімсіздігі,
қоғамдық өндіріс салаларының арасындағы құрылымдық және сандық
үйлесімсіздік, нарық шаруашылығындағы басқару жүйесінің
жетілмеуі болып табылады.
2. Еңбекақының өсуі еңбек өнімділігінң артуына байланысты емес,
керісінше қоғамдық ұйымдардың бірлестіктері мен кәсіподақтардың
үкіметке өздерінің талаптарымен қысым көрсету нәтижесінде
болуы. Бір жағынан алып қарағанда жалпы адам мүддесіне
бағытталған өте қажетті әділ шаралардың өзі, мысалы,
трансферттік төлемдердің мөлшерін арттыру (зейнетақылар,
жәрдемақылар, дотациялар және т.б.) сияқты шаралар сұраныс
инфляциясының өсуіне әкеліп соғады.
3. Мемлекеттік шығыстардың (әскри, әлеметтік, т.б.) өсуі. Кейбір
өнеркәсібі дамыған елдердің экономикасы көбінесе әскери-
өнеркәсіп кешенін (ӘӨК) қаржыландыруға бағдарланған. Бұл
экономика сектордың өнімдерін дәстүрлі өндіріс пен тұтынушылар
сұраныстарының насандарына жатпайды. Бірақ әскери тапсырыстарды
орындауға (еңбекақы түрінде) кететін ақшалар тұтынушылар
нарығында тауармен қамтамасыз етілмеген сұраныстарды арттырады.
Әлеуметтік тапсырыстарды орындауға байланысты мемлекеттік
шығыстар: датациялаудың, жеңілдіктердіңалуан түрлері,
әлеуметтік төлемдер мөлшерлерінің артуы нәтижесінде
тұтынушылық сұраныстар өседі.
Шығын инфляциясы. Шығарылатын өнім мен көрсетілген өнім өлшемнің
(единица продукция) қымбаттауына байланысты таурлар мен қызметтердің
бағасының өсуін шығын инфляциясы дейді. Шығын Инфляциясы да әр елдің
экономикасына байланысты, өз ерекшеліктерімен сипатталады. Қазақстанда
болып өткен дағдарыс жылдары Инфляцияның бұл түрінің негізгі себептерін
былай деп тұжырымдауға болады.
1. Кәсіподақтар және басқа қоғамдық бірлестіктердің талаптарын ескеріп,
еңбекақы мен табыстарды үнемі индекстеу. Еңбекақыны ұлғайту өз
кезегінде кәсіпкерлердің шығындарының жоғарылатады, әрі қарай
дамытып, оны ұлғайтуға мүмкіндік бермейді. Нәтижесінде жалпы ұсыныс
(тауарға, қызметтерге) қысқара бастайды, ал сұраныс сол қалпында
қалады немесе өседі. Сондықтан өндірістен түсетін таза пайдалы
төмендетпеу үшін кәсіпкерлер шығатын өнімнің бағасын өсіреді.
Айтылған процестер ақыр аяғында Инфляциялық спиральдің пайда
ьолуына әкеледі (Инфляциялық спираль теориясы бойынша): бағаның
өсуі еңбекақыны ұлғайту талап етеді, ал еңбекақының өсуі өз
кезегінде тауарлар мен қызметтердің бағасының өсуіне алып келеді;
2. Шығын Инфляциясының өсуіне тағы да мына себептер негіз болады; а)
бюджет, салық салу, ақша-кредит саясатындағы заңдар базасының
кемшіліктері, олардың жетілдірілмеуі; б) экономиканы реттеуге
әкімшіліктің араласуы; в) құқықтық нормаларды жиі өзгеруі, заңдар
түсініктемесінің көп жақтылығы, кәсіпкерлікке шектеулер қою, олардың
заңдық күштері мерзімдерінің үнемі өзгеріп отыруы сияқты
экономикадағы теріс факторлар. Айтылған себептер бағаның
тұрақсыздануына, инфляциялық құбылыстардың күшеюіне әкеліп соғады.
3. Қазіргі жағдайда шығын инфляциясының көзі болып отырғандар: энергия
ресурстарының бағасының әлемдік баға нарығында өсуі, кейбір тауар
нарғында монополист компаниялардыың жәнек делдал фирмалардың болуы,
тұтынушылық тауарлардың ішінде импорттық тауарлардың үлесінің
басымдығы.

1.2 Инфляцияның түрлері мен айқындалу белгілері
Сұраныс және шағын инфляциясы экономиканың дамуына, әсіресе оның макро-
және инфрақұрылымдарына, оларға ықпал ететін ішкі және сыртқы факторларының
тұрақтылығына (саяси, әлеуметтік және т.б.) байланысты түрлі жылдамдықпен
дамиды. Бұл өз кезегінде инфляцияны келесі үш негізгі түрге жіктеуге құқық
береді: баяу, қарқынды және ұшқыр (гипеинфляция).
Баяу инфляция. Оған тұтыну бағасының орташа жылдық өсімі 8-10-ға
деңгейгі инфляция жатады. Мұндай инфляция нарық экономикасы дамыған
елдердің көбіне тән. Баяу инфляция дамуына игі әсерін тигізеді деп
есептеледі. Экономикадағы артық ақшалар ондағы құрылымдық өзгерістерді
қаржыландырады, қосымша жұмыс орындарын ашуға жағдай туғызады және
банкілердің кредиттік пайыздық ставкаларын төмендетеді деген
тұжырымдарбар. Бірақ инфляция төменгі деңгейге жеткенде (1-%-дан төмен)
экономикада ақша тапшылығы туады, шаруашылықтың даму қарқыны бәсеңдейді
және ондағы тиісті құрылымдық өзгерістер тоқтайды. Сондықтан көптеген
дамыған елдерде (Англия, канада, Швеция, ЕВС, Жаңа Зеландия) баяу
инфляцияның деңгейін 1-2,5%-дан төмен түсірмейді.
Қарқынды инфляция (гиперинфляция). Әр елде ұшқыр инфляцияның
(гиперинфляцияның) критерииі әр түрлі. Нарық экономикасы дамыған елдерде
гиперинфляция деп бағаның жылына 1000%- дан аса жоғарылауын айтады. Ал
экономикасы тұрақсыз, даму үстіндегі немесе өтпеді кезеңдегі елдер үшін
гиперинфляцияның басталу деңгейі бұдан да жоғары. Мысалға Ресейде 1992 жылы
инфляция қарқыны бір жылғы 1353%-ға жетті, бірақ ресми түрде
гиперинфляцияға жақын деп қана танылды. Дегенмен көптеген экономистер
гиперинфляцияға жылына бағаның 1000%- өскенін қабылдайды. ХВҚ (МВФ) айына
бағаның өсу қарыны 50%-дан асса, гиперинфляция деп есептейді. Бұл инфляция
қарқынын жылға есептегенде 13000% -ды құрайды. Егер гиперинфляция қарқыны
есепке алып отырған айдан бастап алдағы 12 айда 50% - дан аспаса, онда бұл
инфляцияның ұшқырлығы жойылды, қарқыны инфляцияның төменгі сатыларына түсті
деп есептеледі.
Гиперинфляция – экономикадағы терең дағдарыстың белгісі. Ақшаның
құнсыздануы сонша тез болғандығынан, балалр күн сайын ғана емес, кейде
тіпті күніне бірнеше рет қайта есептелуі мүмкін. Гиперинфляция өндірісті
баяулатады (тоқтатуы да мүмкін), банк жүйесін, нарық механизмдерін бұзады.
Экономикада үрей тудыратын ахуал қалыптасады, ал сауда-саттықта бірінші
орынға бартер айырбасы, есеп айырысу жұмыстарында бағамы тұрақты шетел
валютасы негізгі ақшаға айналады (доллар немесе басқа сенімді валюта).
Инфляцияның айқындалу формалары. Бүгінгі жағдайда инфляция негізінен
көп факторлы құбылыс ретінде анықталады. Инфляцияның монетарлық және
монетарлық емес вакторларының әсерінен бағаның жалпы өсуін біртұтас
инфляциялық процесс деп қарастырады. Бұл орайда инфляцияның шығу себептері
күрделі шиеленіс үстінде болып, шешуі фактор ретінде алға біреуі немесе
бірнешеуі алмасып шығарып отырды. Нарықтық экономикада инфляция айқындау
формалары бойынша бөлінеді. Қазіргі уақытта инфляцияның мынадай түрлері
қалыптасқан: ашық, тұқыртылған (подавленная), сырттан иәкелінген
(импортталған), күтілетін (ожидаемая), баға бір келкі өсетін
(сбалансированная) және біркелкі өспейтін (несболонсированная),
стагфляциялық. Инфляцияның аталған айқындалу формаларын қарасытрайық.
Ашық инфляция жыинақталған ұсыныс пен жинақталған сұраныс арасындағы
теңсіздіктен туатын және бағаның жалпы деңгейінің өсуімен айқындалатын
инфляция. Бағаның өсу қарқынына байланысты бұл инфляция: баяу; қарқынды
немесе ұшқыр инфляцияға айналу мүмкін.
Тұқыртылған (байланған) инфляция баяу немесе қарқынды инфляция
формалармен айқындалады. Нарық экономикасы жағдайынлда үкімет инфляцияны
теңгеру үшін айналымдағы ақша массасын қысқарту, еңбекақыны және басқа
төлемдерді уақытынан кешіктіру, бөджеттік ұйымдарды қаржыландыру шектеу
сияқты шаралар жүргізеді.
Сырттан әкелінген (импортпен келетін) инфляция елдерінде шектен тыс
тауарлар импортына және ішкі нарыққа шетел валютасының көп құйылуына
байланысты. Жергілікті тауарлардың тапшылығына байлансты шетелдің тауар
өндірушілері өз тауарларына бағаны жоғарлатады да, импортталған
тауарлармен нарыққа бағасы жоғарылатады да, импортталған тауарлармен
нарыққа бағасы өскен импорттық бағалар келеді. Сонымен қатар импорттық
тауарларды шоп-туристер де әкеледі. Бұл да ішкі нарықтығы тауарлардың
бағасының өсуіне ақпалын тигізеді.
Күтілетін инфляция (инфляция ожидание) – болашақ шығындардың өсуін
(бағасының) күту нәтижесінде тауарлар мен қызметтердің ағымдағы бағасын
өсіріп сату. Күтілетін инфляция тауар өндірушілерге болашақта сатып
алынатын шикізаттар, материалдар, жабдықтаушы құралдардың өсімі бағасын
ағымдағы сатылатын тауар мен қызметтердің бағасына қоысып сатуға мәжбүр
етеді.
Стагфляция. Стагфляцияда тауарлар мен қызмет бағаларының жалпы
деңгейінің жоғарылауымен қатар, өндіріс өнімдерінің, көрсетілген
қызметтердің көлемі төмендейді, яғни олар қарам-қарсы бағытта өзгереді.
Экономистер стагфляция себептерін әр түрлі түсіндіреді. Осыған қатысты
мынадай пікірлер бар:
1.Экономиканың құрылымдықө жағынан жетілмеуі. Экономикада нарық
механизмін жақсы жолға қою үшін нарықтық тепе-теңдіксақталуы қажет деп
есептелінеді. Бәсекелестік (құрылымдық даму) қажетті даңгейде
болмағандықтан жоғарылаған тауарлар бағасы белгіленеді, осының нәтижесінде
өндіріс көлемі төмендейді.
2.Фирмалардың монополизмі және олардың нарықтық үсітнен қарауы.
Нарықта сатылатын таурлар мен қызметтердің көлемі олардың бағасы
төмендегенде көбейетіндігі белгілі. Бірақ көбінесе монополистер пайда табу
үшін тауарларды аз шығарып, қымбат сатуды қалайды. Бұл өндіріс көлемі
төмендеп, тауарлардың бағасының жоғарылауына әкеледі.
3.Тауар өндірушілердің болашақта инфляцияның әсерінен табыс
азаятындықтан бағаны өсміріп өндіріс көлемін төмендетуі. Бұл саясат
стагфляцияға алып келеді.

1.3 Инфляция өлшемдері
Инфляцияны өлшеудің мәні – бағаның өзгеру серпінін (динамикасын)
анықтау. Бұл мақсатта пайдаланылатын базалық көрсеткіштер ретінде барлық
елдерде баға индексі қолданылады. Соңғы 100 жылдың ішінде индексті тәсіл
жетіліп, ол инфляцияның әлемдік өлшем іс-тәжірибесінде өзін толық анықтады.
Индексті тәсіл әлемнің әр түрлі еледрінде және халықаралық саудада, бағаның
өзгеру серпінін сенімді нәтижелермен жеткілікті түрде қамтамасыз етеді.
Бағалардың мынадай индекстері (жиі пайдаланылатын) бар: көтерме
бағалар индексі; бөлшек сауда немесе тұтыну бағаларының индексі; жалпы
ұлттық өнім дефляторлары; экспорттық және импорттық бағалар индексі.
Көтерме бағалар индексі (КБИ) тауар өндірушілердің тауарлары мен
қызметтерінің орташа бағасының (сатылған) өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.
Тұтыну бағаларының индекстері (ТБИ) екі түрге бөлінеді: бірінші –
орташа немесе одан тұрмысы сәл төменірек деңгейдегі халық үшін (жұмысшлар
мен қызметкерлерге) Индекстердің бұл түрі жұмысшылар мен қызметкерлердің
азық-түлік қоржынына кіретін тауарлар мен қызметтердің орташа бағасын
анықтайды (өмір құнының индекстері). Бірақ қазіргі кезде көрсетілген
индекс өзінің терминологиялық мағынасының сәтсіздігінен қолданылмайды.
Базалық инфляцияның өлшемдері. Базалық инфляция термині соңғы
уақытта кеңінен таралған ұғым. Ол көптеген елдердің орталық банкілерінің
(соның ішінде ҚР Ұлттық банкісінің) инфляцияны таргеттеу деп аталатын ақша
саясатының ұстамдарын (принциптерін) енгізуіне байланысты пайда болған
термин.
Әлемдік іс-тәжирибеде базалық инфляцияны өлшедің мынадай әдістері бар.

1. ТБИ тауарлар мен көрсетілген қызметтердің бір тобын есептен
шығару арқылы табылады. Осы әдістің аса көп кездесетін
нұсқаларында тамақ өнімдерін (толығымен) немесе көкөністер мен
жемістер, отын немесе осы тауарлардың бірі және реттелетін
бағалар есептен шығарылады.
2. ТБИ есебінен нақты көрсетілген қызметтер мен тауарлар түрі
емес, тек өзгеріске ұшыраған бағалардың анықталан бір бөлігі ғана
шығарылады (көрсетілген қызметер мен тауарлар түрлеріне, олардың
қоржыларды салмағына қарамастан)
3. Ағымдағы айда бағалары ең көп өзгерген қызметтер мен
тауарлардығң сегіз түрі ТБИ есебінен шығарылады; есептен
шығарылатын тауарлар мен қызметтер тізбесі ай сайын қайта
қаралып отырады.
Көріп отырсыздар, базалық инфляция өлшеудің үш тәсілі де ТБИ
есептегенде бағаның орта мөлшерден жоғары не төмен күрт өзгеруіне жол
бермеуге негізделген. Осының нәтижесінде ТБИ инфляцияға қатысы жоқ
процестердің ықпалын жояды.
Қазақстанның Ұлттық банк басқармасында базалық инфляция көрсеткішін
есептеудің екі тәсілі бекітілген. Біріншісі – нарықта жалпы тұрақсыздық
тудыратын баға көрсеткіштері есептен алынып тасталады: көкөністер,
жемістер, бензин және көмір.
Екіншісі – бағалардың ең төменгі және ең жоғарғы бес көрсеткіші
есептен шығарылады; қызметтер мен тауарлар бағасының өзгерістер тізбесі ай
сайын қайтав қаралып отыратынын айта кету керек. 2003 және 2004 – жылдардың
қортындылары бойынша жалпы инфляция деңгейі 6,8 және 6,7%-ға сәйкес болады.

Өнімнің өзіндік құнының жоғарылауына, ал оның әсерінен инфляциялық
өсуіне фактор болған болған республикада 2001-2002 жылдардағы көптеген
бюджеттік емес қорларды жатқызуға болады. Олар: зейнетақыны қор, жол және
жұмыспен қамту қорлары, экономиканы жаңғырту қоры, әлеуметтік сақтандыру
және тағы басқалар. Бұл қорлардың бәрі тауарлардың (қызметтердің)өзіндік
құнының есебінен құрылды, сондықтан бағаларды жоғарылатты, сөйтіп
инфляцияның өсуіне ықпалын тигізді. Сонымен Қазақстане экономикасында
инфляцияның монетарлық емес негізгі факторлары болады:
1) өндірістің құлдырауы және соның салдарынан бағаларлдың жалпы деңгейінің
өсуі; өндіріс көлемінің төмендеуі және бағаларды ырықтандыру тұтынушылар
нарығында 1993 жылғы бағалардың жылпы деңгейі 693 есе, ал өнеркәсіп
нарығында – 352 есе жоғарылауына алып келді (1991 жылмен салыстырғанда);
2) Өндірістің құлдырауына және оған байланысты инфляция құбылыстарының
күшеюіне белгілі деңгейде инвестиция белсенділігін төмендеуін өз әсерін
тигізеді. Кәсіпорындар тозығы жеткен құрал-жабдықтармен жұмыс істеді,
негізгі өндіріс қорларын уақытында жаңарта алмады, олар технологиялық
тұрғыдан қайта жабдықталмады. Мұның бәрі шығарылатын өнімдердің ысқаруына
және бағалардың жоғарылауына және бағалардың жоғарылауына себеп болды.
Осылайша өнеркәсіп тауарлардың бағалары 2003 жылы 40 есе (39,6) өсті
3) жаңадан құрылған инфрақұрылымдар үлес салмағы аздығынан тұтыну
нарығында бағаларды тұрақтандыра алмады, өндірістің құлдырауын тоқтатып,
экономиканы бір қалыпта келтіруге қуаты жетіспеді; шығын кәсіпорындар
күткен нәтижелерді бермеді, керісінше олар өндіріс саласынан еңбек және
материалдық ресурстарды тартып, көлеңкелі экономиканың дамуына әсер
етті;
4) салық жүйесі нарықтық қатынастарға сәйкес болмады, жоғары салық
мөлшерлемесі (ҚҚС – 13%) және салықтық аударымдарын жоғары үлес салмағы
экономикадағы инфляциялық қысымды күшейтті;
5) өндірістің үнемі құлдырауынан бюджетке салықжоспарлы түспеді, бюджет
тапшылығы Ұлттық банк кредиттерімен жабылды, бұл экономикада ақша
эмиссиясын көбейтіп, туармен қамтамасыз етілмеген мемлекеттік бағдарламаны
қаржыландыру;
6) экономикада бюджеттен тыс қорлардың көп болуы тауарлар мен қызметтерге
бағалардың өсуіне өз әсерін тигізеді. Олар негізіне өнімнің өзіендік
құнынан аударымдар арқылы құрылғандықтан тауарлардың (қызметтердің) бағасын
көтерді, инфляциялық процестердің дамуына елеулі ықпал жасады.

1.4. Ұшқыр инфляцияны тұрақтандырудың монетарлық әдістері

Инфляциямен күресте ұзақ мерзімді жалпы эконоимкалық стратегиямен қатар
ұшқыр инфляцияны шектеу үшін үкіметпен орталық банк кезек күттірмейтін
шаралар қабылдайды.Бұл ең алдымен ақша жиынына қатаң бақылау орнату, оның
өсу қарқынын бәсеңдету және ылғаюына шек қою, ақша реформасын жүргізу,
шоктерапиясы сияқты инфляцияға қарсы сасаттарды жүргізуді талап етеді.
Ақша реформасын жүргізу арқылы елде ақша айналымын тұрақтандыру және
оны тәртіпке келтіру ұшқыр инфляцияның күресудің ең тиімді әдістерінің бірі
болып саналады. әсіресе бұл әдіс 1980 жылдары Латын Америкасында (Бразилия,
Аргентина Перу, Боливия) болған инфляциялық дағдарыстар кезінде
гиперинфляцияға қарсы күрестің бірден-бір тиімді жолы екенін өзі танытты.
Ақша реформасы сол еледердегі сауданы жеңілдетті, тауар этикеттерден
көптеген нөлдерді жойды. Ақша реформасы екі түрге бөлінеді:
1. Жаңа ақша шығару
2. Ақша жүйесіне өзгерістер енгізу.
Ақша реформасын өткізудің негізгі әдістеріне мыналар жатады:
нулификация, девальвация (ревальвация), деноминация. Аталған әдістерге
тоқталып өтейік.
Нулификация – (лат. Nullification - жою) ескі ақшаның орнына жаңа ақша
жүйесін енгізу. Айналымдағы таза құнсызданған ескі ақша айналыстан
шығарылып, оның орнына жаңа ақша белгілері енігізіледі. Айналымнан шыққан
ескі ақшалар үкімет тарапынан төмендетілген бағамен сатып алынуы мүмкін.
Девальвация – (лат. de...бөліну, алшақтану+вальвация француз тілінен
evaluation - бағалау) ұлттық валютаның ресми бағамының төмендеуі; валютаны
инфляциядан кейін тұрақтандыру әдісі.
Ревалвация – (лат. realites – азаттық қасиет) ұлттық валюта немесе
халықаралық валюта – ақша бірлігінің басқа елдерде валютасымен
салыстырғанда бағамның жоғарлауы.
Деноминация – (лат. denomination - ірлендіру) ақша айналымын ретке
келтіру үшін және ақшаның құныдылығын көтеру мақсатында оны ірілендіру.
Деноминацияның негізгі мақсаты айналымдағы ақша массасының номиналын
азайту, ал ол өз кезегінде ақша айналымын реттеу, есептеуді жеңілдетеді.
Бұл термин медицинадан алынған, бірақ оны экономикалық процестерден
көрсететін нақты ғылыми термин деп айтуға болмайды. Сонымен қатар бұл ұғым
үкімет жүргізіп отырған кейбір нарықтық реформаның ерекшеліктерін дәл
сипатайды, сондықтан экономикалық әдебиеттерде кеңінен таралған. Шок
терапиясы - нарықтық экономикаға өтудің белгілі бір тұжырымдамасы. Оның
теориялық негізі бойынша нарықтық экономикаға өтудің және инфляцияға қарсы
сасаттың бірден-бір күрт қысқартуы және тапшылықсыз бюджетке қол жеткізіп
болып табылады.
Шок терапиясы идеясы нарыққа көшу және инфляцияға қарсы саясат
құралы ретінде екінші дүниежүілік соғыс аяқталғаннан кейін пайда болды.
Бұл идея Шығыс Европа, АҚШ, Жапония елдері сияқты экономикасы жартылай
мемлекеттендірілген (соғыс кезінде уақытша) экономикадан нарықтық экономика
өту кезінде қалыптасты.
АҚШ-та Шок терапиясы қолдану ешқандай қиындықсыз өтті, өйткені бұл
елде мемлекеттендіру капиталистік шаруашылықтың негізін қоғамға болатын.
Нарық инфрақұрылымы толығымен сақталған, шаруашылықтың жүргізетін кадрлар
дайын, ал Американы халқы істі жүргізудің нарықтық механизмдермен жақсы
таныс еді.
Дефляциялық саясат. ( лат. Deflation –үрлеу, ұшырап түсіру немесе
сұраныстарды реттеу) айналымдағы ақша массасының өсуін шектеуді
қарастырады, нәтижесінде халықты ақшалай табысына қатал шек қойылып, оның
төлем қабілетін және сұранысын төмендетеді. Дефляциялық саясат ақша
кредит саясатының құлардарын пайдаланады және салық жүйесін жетілдіру,
бюджет тапшылығын азайту әдістермен жүргізіледі. Дефляциялық шаралр
арқылы халықтың бизнестік құрылымдардың, жалпы барлық субьектінің артық
ақшалары айналыстан шығарылады, елде толығымен ақшалай қаражаттың тапшылығы
орын алалды. Осы себептермен дифляциялық саясат халықтың банкирлердің,
бизнес өкілдерінің әділетті түрде наразылыңын тудырды. Алайда ол
экономикада және қоғам өмірінде инфляция қарқынын бәсеңдетуге дағдарыстан
шығуға ықпал тигізеді.
Табыс саясаты. Бұл саясат инфляцияның қарқыны жоғарылап және
өндірістің көлемсі төмендегенде қолданылады. Табыс саясатының негізгі
принціптері: бағалардың өсуіне шек қойылады (немесе өсу тоқтатылады),
еңьек ақының аталуы мөлшерлемесі бекітіледі. Және оның еңьек өнімділігін
оңтайлы ара қатынас белгіленеді. Баға мен еңбекақы мемлекетпен келісім
арқылы ғана жоғарылатылады және мемлекет тарапынан олардың деңгейіне
бақылау қойылады. Бұл жағдайда инфляциядан халықтың аталуы табыстарын
қорғау (еңбекақы, зейнетақы, жәрдемақылар және табыстарды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляцияның даму факторлары және оның әлеуметтік - экономикалық салдарлары
Қазақстан Республикасындағы инфляция мен жұмыссыздық процестерді мемлекеттік реттеу
Инфляция - бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы
Қазақстан Республикасындағы инфляциялық жағдайды талдау
Инфляцияның мәні, себептері және түрлері
Инфляцияның теориялық аспектілері
Инфляцияның қалыптасу және асқыну себептері мен механизмі
Қазақстан Республикасындағы ақша.несие саясатын жүргізудің негізгі құралдары
Инфляция теориясы. Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процесс
ҚР инфляцияға қарсы саясаты туралы
Пәндер