Қысқа мерзімді активтер есебін зерттеу



Кіріспе
1 Қысқа мерзімді активтердің мәні мен маңызы және есептегі
ерекшеліктері
1.1.Ақшалай қаражат пен олардың баламаларының мазмұны мен
есебі
1.2.Алынуға тиісті шоттар мен дебиторлық берешек есебі
1.3. Қорлардың жалпы мәні мен есептегі ерекшеліктері
2 Халықаралық қаржылық есеп стандарты (ХҚЕС) негізіндегі қысқа
мерзімді активтердің талдауын ұйымдастыру (ЖШС «Чаян»
мысалында
2.1. Ақшалай қаражаттарының қозғалысын талдау
2.2. Дебиторлық борыш динамикасын талдау
2.3. Қорлар құрамы мен құрылымын талдау
3 Қысқа мерзімді активтер есебінің даму жолдары
3.1 Халықаралық қаржылық есеп стандарты (ХҚЕС) негізіндегі қысқа
мерзімді активтердің есебі мен есептегі қалыптасу проблемалары
3.2 Қысқа мерзімді активтер есебінің даму бағыттары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
2007 жылдың ақпан айында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының халқының Жолдауында Қазақстан Республикасының әлемдегі тауарлар, көрсетілген қызмет, еңбек ресурстары, капитал, осы заманғы идеялар мен технологиялар нарықтарының шын мәнінде ажырағысыз серпінді бөлігіне айналуы үшін біз он басты міндетті шешуіміз керек деген.
Соның біреуі- қазіргі таңда бухгалтерлік есептің халықаралық қаржылық есеп стандартына көшуге байланысты капитал нарығының жаһандану нарығының бағытына қарай өрістеуі.
Бухгалтерлік есеп «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айырықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Осы Заң 2007 жылғы 28 ақпанда қабылдаған ,онда ол Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттейді, бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасаудың принциптерін, негізгі сапалық сипаттамалары мен ережелерін белгілейді.
Халықаралық қаржылық есеп стандарты негізіндегі қысқа мерзімді активтердің есебі мен талдауын ұйымдастыру кезінде туындайтын проблемаларды зерттеу дипломдық жұмыстың өзектілігі болып табылады. Себебі, кәсіпорын өз іс-әрекетінің оперативті басқарылуын қамтамасыз ету үшін кәсіпорын иелігіндегі бар қысқа мерзімді активтердің жағдайы, орналасуы мен есебі, сондай-ақ олардың қалыптасу көздері, тиімді ұйымдастырылуы жайлы барлық мәліметтерді қамтуы тиіс.
Дипломдық жұмыстың мақсаты:
5. Қысқа мерзімді активтердің мәні мен есептегі ерекшеліктерімен танысу;
6. Халықаралық қаржылық есеп стандартына көшуіне байланысты қысқа мерзімді активтер құрылымының өзгерісі мен бап атауларының ерекшеліктерін зерттеу;
7. Ақшалай қаражаттар қозғалысының, дебиторлық борыш динамикасының және қорлар жағдайының талдауын жүргізу;
8. Халықаралық қаржылық есеп стандарты (ХҚЕС) негізіндегі қысқа мерзімді активтердің есебі мен есептегі қалыптасу проблемалары мен қысқа мерзімді активтер есебінің даму бағыттарын зерттеу.
Дипломдық жұмыстың міндеті:
6. Қысқа мерзімді активтер есебінің теориялық негіздеріне жалпы сипаттама беру;
7. Құжаттарда бейнеленген шаруашылық операцияларына бақылау жүргізілуінің дұрыстығын анықтау;
8. Халықаралық қаржылық есеп стандартына көшуіне байланысты қысқа мерзімді активтер құрылымының өзгерісі мен бап атауларының ерекшеліктерін тану;
. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп
принциптері.-Алматы: Экономикс, 2003ж.
2. Кеулімжаев К.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.А. Қаржылық есеп.- Алматы : Экономика, 2003ж.
3. Баймұханова С.Б. Бухгалтерлік есеп.-Алматы: Издат Маркет, 2005ж.
4.Әбдіманапов Ә. Бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері.-Алматы: Экономика, 2001ж.
5.Әбдіманапов Ә. Бухгалтерлік және қаржылық принциптері (Халықаралық стандарт). -Алматы : Экономика, 2006ж.
6. Кеулімжаев К.К., Төлегенов Э.Т., Байдаулетов М.Б., Құдайбергенов Н.А. Субъектінің қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп теориясы. -Алматы: Экономика, 2001ж.
7. ЖШС «Чаян» Есеп саясаты.
8. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Т. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. - Алматы: Экономика, 2001ж.
9. Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности. - Москва: Инфра-М, 2005ж.
10. ЖШС «Чаян» 2007 - 2009 жж. жылдық есебі
11. Протасов В.Ф. Анализ деятельности предприятия (фирмы): производство, экономика, финансы, инвестиции, маркетинг.- Москва: Финансы и статистика, 2003ж
12. Абленов Д.О. Финансовый контроль и углубленный аудит. Алматы: Экономика, 2005ж
13. Абдіхалыков Т.Ә. Аудит және бухгалтерлік есеп. Алматы: Қазақ университеті, 2000ж.
14. Айрих Н. ХҚЕС-на көшеміз: Ақша қаражаттарды қалай есепке алу керек //Бухгалтер бюллетені. -2006. -№8. -5 б.
15. Айрих Н.И. ХҚЕС-на өту: практик бухгалтердің кеңестері // Бухгалтер Бюллетені, 2005.№49.-3 б.
16. Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттары. (аудармашы
Трусина В.И.), -2001ж.
17. Н.Айрих, «ХҚЕС- көшірмесі: “ Ақша қаражаттарының есебі”
//Бухгалтер бюллетені //№8 / Ақпан 2006 жыл/1-3бб.
18. Международный стандарт финансовой отчетности .-Бишкек: 2001ж.
19. www.mmtt.ru/uchetds Учет денежных средств
20. www.caa.ru/catalog.asp?obno Международные стандарты финансовой отчетности
21. dkvartal.ru/ekb/events/2638785 «Международные стандарты учета и финансовой отчетности (МСФО)»
22. fortudger.co.cc/e1d6cf3b065a77c5dea507ec3cc4e2f6fa145786/Принципы мсфо учет денежных средств!

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 89 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Дипломдық жұмыс

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР ЕСЕБІ

Мамандық 050508 – Есеп және аудит

2011
Экономика және қаржы кафедрасы

Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі
__________________
____________2011ж.

Дипломдық жұмыс

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР ЕСЕБІ

050508 – Есеп және аудит

2011
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫНА ПІКІР
Экономика және қаржы кафедрасы
Қысқа мерзімді активтер есебі тақырыбындағы

Халықаралық қаржылық есеп стандарты негізіндегі қысқа мерзімді
активтердің есебі мен талдауын ұйымдастыру кезінде туындайтын проблемаларды
зерттеу дипломдық жұмыстың өзектілігі болып табылады. Дипломдық жұмыстың
мақсаты:
1. Қысқа мерзімді активтердің мәні мен есептегі ерекшеліктерімен танысу;
2. Халықаралық қаржылық есеп стандартына көшуіне байланысты қысқа
мерзімді активтер құрылымының өзгерісі мен бап атауларының
ерекшеліктерін зерттеу;
3. Ақшалай қаражаттар қозғалысының, дебиторлық борыш динамикасының және
қорлар жағдайының талдауын жүргізу;
4. Халықаралық қаржылық есеп стандарты (ХҚЕС) негізіндегі қысқа мерзімді
активтердің есебі мен есептегі қалыптасу проблемалары мен қысқа
мерзімді активтер есебінің даму бағыттарын зерттеу.
Дипломдық жұмыстың міндеті:
1. Қысқа мерзімді активтер есебінің теориялық негіздеріне жалпы сипаттама
беру;
2. Құжаттарда бейнеленген шаруашылық операцияларына бақылау жүргізілуінің
дұрыстығын анықтау;
3. Халықаралық қаржылық есеп стандартына көшуіне байланысты қысқа
мерзімді активтер құрылымының өзгерісі мен бап атауларының
ерекшеліктерін тану;
4. Ақшалай қаражаттарының қозғалысын, дебиторлық борыш динамикасын және
қорлар жағдайын талдау.
5. ЖШС Чаян кәсіпорын иелігіндегі қысқа мерзімді активтердің есебін
жетілдіру мәселелері мен жолдарын қарастыру .
Зерттедің методологиялық және теоретикалық негізіне мыналар жатады:
ҚР заңнамалық актілері, отандық және шетелдік экономистердің осы тақырыпқа
арналған еңбектері және Чаян ЖШС-нің есебі жайлы мәліметтері пайдаланды.
Теориялық сұрақтарды практикамен ұштастыра білуі, тақырыптың өзекті
сұрақтарын қарастыра алуы, бір сұрақтан екінші сұраққа көше алуы барлығы
дұрыс. Дипломдық жұмыс жоғары оқу орнының талабына сай келеді.
Студент Имашева Нургульдің дипломдық жұмысын қорғауға жіберуге болады.

Ғылыми жетекшісі:

Экономика және қаржы
кафедрасының аға оқытушысы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫНА РЕЦЕНЗИЯ
Экономика және қаржы кафедрасы
Қысқа мерзімді активтер есебі тақырыбындағы

Өндіріспен, саудамен немесе кәсіпкерліктің басқадай түрімен
айналысатын шаруашылық субъектілері қайсыларының болса да шаруашылық
қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде материалдық құндылықтары,
ақшалай қаражаттар , қаржылық салымдары мен т.б. болуы қажет.Осы жоғарыда
аталғандардың ақшалай жиынтығы қысқа мерзімді активтер болып саналады.
Қысқа мерзімді активтер кәсіпорынның едәуір маңызды қаржылық
көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Дипломдық жұмыстың тақырыбы бойынша зерттеу объектісі болып ЖШС
Чаян болып табылады.
Дипломдық жұмыс кіріспе, үш бөлімнен, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер
тізімінен тұрады.
Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде қысқа мерзімді активтердің
мәні мен маңызы және есептегі ерекшеліктері мен халықаралық қаржылық
есеп стандарты (ХҚЕС) бойынша оның құрамының өзгерісі жайлы айтылады.
Екінші бөлімінде халықаралық қаржылық есеп стандарты (ХҚЕС) негізіндегі
қысқа мерзімді активтердің талдауын ұйымдастыру туралы (ЖШС Чаян
мысалында) және ақшалай қаражаттарының қозғалысын, дебиторлық борыш
динамикасын,қорлар жағдайын талдау жөніндегі толық мағлұмат берілген.
Үшінші бөлімінде халықаралық қаржылық есеп стандарты (ХҚЕС)
негізіндегі қысқа мерзімді активтердің есебі мен есептегі қалыптасу
проблемалары мен қысқа мерзімді активтер есебінің даму бағыттары
жазылған.

Дипломдық жұмысты жазудағы алға қойылған мақсат орындалып, тақырыптың
өзіндік ерекшелігі мен өзектілігі нақты теория түрінде және тәжірибе
жүзінде талданды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Талдау барысында статистикалық мәліметтер кестелер және диаграммалар
түрлерінде бейнеленген. Жұмыс бекітілген талаптарға сәйкес ұқыпты
безендірілген.
Дипломдық жұмысты “Өте жақсы”,(А-), 90 балл. деп бағалап, студентке
академиялық Бакалавр дәрежесін беруге толықтай негіз бар деп есептеймін.

Рецензент
№1 кәсіптік лицейдің
бас бухгалтері Рецлав Э.П.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Қысқа мерзімді активтердің мәні мен маңызы және есептегі
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1.Ақшалай қаражат пен олардың баламаларының мазмұны мен
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2.Алынуға тиісті шоттар мен дебиторлық берешек
есебі ... ... ... ... ... ... ..11
1.3. Қорлардың жалпы мәні мен есептегі
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... .17
2 Халықаралық қаржылық есеп стандарты (ХҚЕС) негізіндегі қысқа
мерзімді активтердің талдауын ұйымдастыру (ЖШС Чаян
мысалында) ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
2.1. Ақшалай қаражаттарының қозғалысын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..25
2.2. Дебиторлық борыш динамикасын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...40
2.3. Қорлар құрамы мен құрылымын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .46
3 Қысқа мерзімді активтер есебінің даму жолдары
3.1 Халықаралық қаржылық есеп стандарты (ХҚЕС) негізіндегі қысқа
мерзімді активтердің есебі мен есептегі қалыптасу
проблемалары ... ... ... .53
3.2 Қысқа мерзімді активтер есебінің даму
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ...78
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..83
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..85

Кіріспе

2007 жылдың ақпан айында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
Республикасының халқының Жолдауында Қазақстан Республикасының әлемдегі
тауарлар, көрсетілген қызмет, еңбек ресурстары, капитал, осы заманғы
идеялар мен технологиялар нарықтарының шын мәнінде ажырағысыз серпінді
бөлігіне айналуы үшін біз он басты міндетті шешуіміз керек деген.
Соның біреуі- қазіргі таңда бухгалтерлік есептің халықаралық қаржылық
есеп стандартына көшуге байланысты капитал нарығының жаһандану нарығының
бағытына қарай өрістеуі.
Бухгалтерлік есеп Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы
Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген жалпы қағидалары мен
ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды
пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына,
айырықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Осы Заң 2007
жылғы 28 ақпанда қабылдаған ,онда ол Қазақстан Республикасының бухгалтерлік
есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттейді, бухгалтерлік есепті жүргізу
мен қаржылық есептілікті жасаудың принциптерін, негізгі сапалық
сипаттамалары мен ережелерін белгілейді.
Халықаралық қаржылық есеп стандарты негізіндегі қысқа мерзімді
активтердің есебі мен талдауын ұйымдастыру кезінде туындайтын проблемаларды
зерттеу дипломдық жұмыстың өзектілігі болып табылады. Себебі, кәсіпорын өз
іс-әрекетінің оперативті басқарылуын қамтамасыз ету үшін кәсіпорын
иелігіндегі бар қысқа мерзімді активтердің жағдайы, орналасуы мен есебі,
сондай-ақ олардың қалыптасу көздері, тиімді ұйымдастырылуы жайлы барлық
мәліметтерді қамтуы тиіс.
Дипломдық жұмыстың мақсаты:
5. Қысқа мерзімді активтердің мәні мен есептегі ерекшеліктерімен танысу;
6. Халықаралық қаржылық есеп стандартына көшуіне байланысты қысқа
мерзімді активтер құрылымының өзгерісі мен бап атауларының
ерекшеліктерін зерттеу;
7. Ақшалай қаражаттар қозғалысының, дебиторлық борыш динамикасының және
қорлар жағдайының талдауын жүргізу;
8. Халықаралық қаржылық есеп стандарты (ХҚЕС) негізіндегі қысқа мерзімді
активтердің есебі мен есептегі қалыптасу проблемалары мен қысқа
мерзімді активтер есебінің даму бағыттарын зерттеу.
Дипломдық жұмыстың міндеті:
6. Қысқа мерзімді активтер есебінің теориялық негіздеріне жалпы сипаттама
беру;
7. Құжаттарда бейнеленген шаруашылық операцияларына бақылау жүргізілуінің
дұрыстығын анықтау;
8. Халықаралық қаржылық есеп стандартына көшуіне байланысты қысқа
мерзімді активтер құрылымының өзгерісі мен бап атауларының
ерекшеліктерін тану;
9. Ақшалай қаражаттарының қозғалысын, дебиторлық борыш динамикасын және
қорлар жағдайын талдау.
10. ЖШС Чаян кәсіпорын иелігіндегі қысқа мерзімді активтердің есебін
жетілдіру мәселелері мен жолдарын қарастыру .
2006 жылдың бірінші қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының барлық
дерлік компанияларының халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына
көшуіне байланысты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қаржы
есептілігін халықаралық қаржылық есеп стандарттарына сәйкес жасайтын
ұйымдар үшін бухгалтерлік есеп шоттарының жұмысына жоспарын жасау жөніндегі
нұсқаулықты (негізді ) әзірледі.Нұсқаулық бухгалтерлік есеп шоттарының
жұмысына жоспарын әзірлеу жөніндегі жалпы талаптарды белгілейді.
Осы нұсқаулықтың негізінде Қазақстан Республикасының әрбір компаниясы
алуан түрлі экономикалық шешімдерді қабылдау үшін өз қызметінің
ерекшілігіне және ақпараттарға қажеттілікке қарай және қалыптастырудың
жалпы ережелерін пайдалана отырып, шоттардың өзіндік жұмыс жоспарын
әзірлеуге тиіс. Жаңа шоттарға көшу процесін қазақстандық бухгалтерлік есеп
жүйесі ерекшеліктерін халықаралық қаржылық қорытынды есеп стандарттарымен
үйлестірудің және батыс компанияларының бухгалтерлік есеп жүргізу
тәжірибесімен сәйкестендірудің бастапқы кезеңі деп түсінген жөн.
Өндіріспен, саудамен немесе кәсіпкерліктің басқадай түрімен айналысатын
шаруашылық субъектілері қайсыларының болса да шаруашылық қызметпен айналысу
үшін белгілі бір мөлшерде материалдық құндылықтары, ақшалай қаражаттар ,
қаржылық салымдары мен т.б. болуы қажет.Осы жоғарыда аталғандардың ақшалай
жиынтығы қысқа мерзімді активтер болып саналады.
Қысқа мерзімді активтер кәсіпорынның едәуір маңызды қаржылық
көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Дипломдық жұмыстың тақырыбы бойынша зерттеу объектісі болып ЖШС
Чаян болып табылады.
Дипломдық жұмыс кіріспе, үш бөлімнен, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер
тізімінен тұрады.
Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде қысқа мерзімді активтердің
мәні мен маңызы және есептегі ерекшеліктері мен халықаралық қаржылық
есеп стандарты (ХҚЕС) бойынша оның құрамының өзгерісі жайлы айтылады.
Екінші бөлімінде халықаралық қаржылық есеп стандарты (ХҚЕС) негізіндегі
қысқа мерзімді активтердің талдауын ұйымдастыру туралы (ЖШС Чаян
мысалында) және ақшалай қаражаттарының қозғалысын, дебиторлық борыш
динамикасын,қорлар жағдайын талдау жөніндегі толық мағлұмат берілген.
Үшінші бөлімінде халықаралық қаржылық есеп стандарты (ХҚЕС) негізіндегі
қысқа мерзімді активтердің есебі мен есептегі қалыптасу проблемалары мен
қысқа мерзімді активтер есебінің даму бағыттары жазылған.
1 Қысқа мерзімді активтердің мәні мен маңызы және есептегі
ерекшеліктері

1.1.Ақшалай қаражат пен олардың баламаларының мазмұны мен есебі
Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында
басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасайтындығы белгілі. Сол
уақыттардағы операциялардың барлығы дерлік ақшамен есеп айырысу арқылы
жүргізіледі. Ал ақша арқылы есеп айырысу белгілі бір заңға сәйкес
жүргізілуді қажет етеді. Қазақстан Республикасында қызмет ететін
кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын Қазақстан
Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке
сәйкес жүргізіп отырады. Кәсіпорындар мен ұйымдарда ақшалар арқылы есеп
айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізгенде мы-наларды
басшылыққа алу керек:
1.Ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларын толық және уақтылы дер
кезінде есептеу;
2.Кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың түгелділігін және олардың
тиімді пайдаланылуын бақылау;
3.Есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорын
ақшаларының кіріске алынуы мен шығыс етілуін дұрыс есептеу.
Ақша қаражаттарының есебін жүргізгенде, есеп бойынша сұрақтарды
реттейтін жеке халықаралық қаржылық есеп стандарты (ХҚЕС) жоқ.Бірақ ақша
қаражаттары қозғалысының қорытынды есебін құрастырғанда, ХҚЕС (IAS) 7
Ақша қаражаттары қозғалысының қорытынды есебі стандартын басшылыққа алу
керек.
Ақша қаражаттарының есебі халықаралық қаржылық есеп стандарты (ХҚЕС)
шоттарының бірінші бөліміндегі 1000 Ақша қаражаттары бөлімшесіне кіретін
мынадай синтетикалық шоттарды қамтиды:
1010 - "Кассадағы ақша қаражаты"; 1020-" Жолдағы ақша қаражаты"; 1030 -
"Ағымдағы банк шоттарындағы ақша қаражаты"; 1040 - " Карт-шоттағы ақша
қаражаты"; 1050 - "Сақтандыру шоттардағы ақша қаражаты" ; 1060 - "Басқа да
ақша қаражаты".
Ақшалай шоттар міндеттемелерді жедел түрде өтеуде қолданылатын
атауларды ғана қамтиды. Ақша қаражаттары баланстық шотындағы қалдық
ақшалай шоттарға кіретін барлық атауларды көрсетеді.ХҚЕС (IAS) 1 Қаржылық
есептілікті ұсыну стандартын басшылыққа алғанда, банктердегі жай ақшалай
есептік шоттардағы ақша қаражаттарының қалдықтары , сонымен қатар
банктердегі депозиттердегі шоттар және егер иелігінде шегі бар болса,
басқа да банктердегі арнайы шоттарда, басқалары немесе ағымдағы, немесе
ұзақ мерзімді активтер деп танылуы тиіс.Қазақстандық бухгалтерлік есеп
стандарттарында ақша қаражаттары есебінің бұл аспектісі көрініс тапқан жоқ.
Халықаралық қаржылық есеп стандартына (ХҚЕС- на) көшкен кезде иелігінде
шегі бар бұл ақша қаражаттары қайта жіктелуі тиіс.
Ақша қаражаттарына пошта маркалары, іс сапар шығындарына берілген
аванстар, кәсіпорын қызметкерлерінің дебиторлық берешегі және
қызметкерлерге немесе сыртқы қатысушыларға берілген (алынуға тиісті шоттар)
ақшалай аванстары жатпайды.
Қазіргі таңда ақшалар қозғалысын басқару қаржы нарығының күрделілігіне
байланысты маңызды мәселе болып саналып отыр. Бәсеке қабілеттілігі -
кәсіпорындар мен ұйымдардың бүгінгі күннің талабына сай, алдағы уақыттарда
дамуына қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін талап етеді. Ақшалар
мен оның баламаларын (эквивалентін) дұрыс ашып көрсету және жіктеу
кәсіпорын қызметінің нәтижесін дұрыс (нақты) бағалау үшін қажет.
Ақшалар шоттарында тек қана жедел арада міндеттемелерді өтеу үшін төлем
жасауға қабілетті активтер есептеледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшалары
олардың кассасындағы, есеп айырысу және валюталық шоттарындағы ақшаларынан,
аккредитивтеріндегі ақшаларынан, чектеріндегі ақшаларынан, банктердегі
арнаулы шоттарындағы ақшаларынан, сондай-ақ аударылған жолдағы ақшаларынан
құралады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік балансындағы ақшаларының
қалдығы деп аталатын бабында осы жоғарыда аталған ақшалар шоттарындағы
ақшалардың барлық қалдығының жиынтық сомасы жазылады.
Ақша баламалары (эквиваленті) - бұл ақшаларға ұқсас, бірақ басқаша
жіктелетін активтер болып табылады. Оларға қазыналық вексельдер,
коммерциялық қағаздар және депозиттік сертификаттар жатады. Түрлі
ұсталымдар мен айыппұлдар ұйымның ақшалары қатарына жатқызылмайды.
Сондықтан да ақша баламаларын кассадағы ақшалар шотында есептемейді. Ақша
баламаларын кәсіпорынның есеп айырысу құралдары ретінде қарастырудың
қажеттілігі де жоқ. Ақша қаражаттарының баламалары қысқа мерзімді ақшалай
міндеттемелерді қанағаттандыру мақсатында арналған. Көп жағдайларда ақша
баламаларын қысқа мерзімді инвестициялар шотында есептейді. Өтелу мерзімі
қысқа болғанда (мысалы, 3 ай немесе одан да аз), инвестиция ақша
қаражаттарының баламалары ретінде жіктелуі мүмкін. Себебі ақша
қаражаттарының баламалары ретінде жіктелетін қысқа мерзімді қаржылық
инвестицияларды тану бойынша талаптар қазақстандық бухгалтерлік есеп
стандарты (ҚБЕС) мен халықаралық қаржылық есеп стандарты (ХҚЕС) арасында
айырықшаланады (яғни, қазақстандық бухгалтерлік есеп стандартына (ҚБЕС-
на) сәйкес кей қаржылық инвестициялар ақша қаражаттарының баламалары
ретінде қарастырылуы мүмкін, халықаралық қаржылық есеп стандартына (ХҚЕС-
на) сәйкес мүмкін емес), онда халықаралық қаржылық есеп стандартына (ХҚЕС-
на) көшкен кезде ақша қаражаттарының баламаларын қысқа мерзімді қаржылық
инвестициялар ретінде жіктеу талап етіледі.
Ақша қаражаттары құрамындағы ақшалардан басқа ақша қаражаттарының
баламалары да есептеледі- қысқа мерзімді жоғары өтімді салымдар, ақша
қаражатарының нақты сомасына жеңіл аударылады, және құндылықтың өзгеру
тәуекелділігіне жеңіл ұшырайды.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың меншігіндегі пошта маркалары, алынған
вексельдер, жұмысшылар мен қызметкерлерге іссапар шығындары үшін аванс
ретінде берілген сомалары, жұмысшылар мен қызметкерлердің басқадай
дебиторлық қарыздары ақшалар қатарына жатқызылмайды. Оларды бухгалтерлік
есепте дебиторлық борыштар бөлімінде есептейді.
Ал кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасы жұмысшы-қызметкерлерге
есептелінген еңбекакы бойынша есеп айырысу үшін, күнделікті көлік
құралдарына қажетті шығындарды (жанар-жағар майға) төлеп отыру үшін, кеңсе
тауарларын сатып алу үшін, сондай-ақ ұйымның хат және басқа да қаражаттарды
пошта арқылы жөнелтуі үшін есеп айырысуға арналған. Касса арнайы
жабдықталған, яғни дабылдама (дыбыстық белгілер, сигнализация) орнатылған,
және ақшаларды сақтайтын сейфі бар бөлмеде орналастыруды қажет етеді.
Кассадағы нақты ақшалар касса қызметкерінің мөрі сүргіш арқылы басылып
жабылатын сейфте сақталуы тиіс. Бұл сейфтің кілті мен сүргіш басатын мөр
касса қызметкерінде, ал кілттің екінші данасы арнайы ыдысқа салынып
кәсіпорындар мен ұйымдардың басшысында сақталады. Касса қызметкері әрбір
жұмыс күнінің соңында кассаны жауып күзетшіге тапсыруы тиіс.
Кассадағы ақшалардың түгелдігіне касса қызметкері, яғни кассир толық
жауап береді. Кәсіпорындар мен ұйымдарда кассирлік жұмысқа қызметкер
орналасқан уақытта, яғни ұйым басшысы касса кызметкерін тағайындау туралы
бұйрыққа қол қойғаннан кейін кәсіпорынмен касса қызметкері арасында
материалдық жауапкершілікке келісімшарт жасалуы қажет. Кәсіпорындар мен
ұйымдар өздерінің есеп айырысу шотынан нақты ақшаны сол есеп айырысу шоты
ашылған банк мекемесі берген чек кітапшасы арқылы ғана ала алады. Банк
мекемесінен нақты ақша алу үшін кәсіпорынның касса қызметкері чек
кітапшасындағы парақты толтырады.
Бұл чек парағын толтыру барысында чекке банк мекемесінен алынды, яғни
кәсіпорынның жұмсауға тиісті нақты ақшаларының сомасы және бұл соманың
қандай мақсатқа жұмсалатындығы жазылып көрсетілуі тиіс.
Толтырылған чекке кәсіпорынның бас бухгалтері және басшысы қол қойып,
осы ұйымның мөр таңбасы басылады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың касса
қызметкері банк мекемесінен нақты ақша аларда банк бақылаушысының
қатысуымен ақшаны санап алуы тиіс.
Сонымен қатар банк мекемесінен алынған нақты ақша сол алынған күні
кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасына кіріске алынуы керек. Ол үшін кассир
кассалық кіріс ету ордерін толтырып, содан соң оны кассалық кітапқа жазады.
Кәсіпорынның кассасына қолма-қол нақты ақшаны кіріске алу, яғни қабылдау
үшін бас бухгалтердің немесе ол сенім білдірген адамның кассалық кіріс ету
ордеріне қол қоюы керек және ақша төлеген заңды немесе жеке тұлғаға осы
толтырылған кассалық кіріс ету ордерінің квитанциясы беріледі.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасынан нақты ақша кассалық
шығыс ету ордері немесе тиісті үлгілі түрде дайындалған басқа да ақша төлеу
тізімдемелері, сондай-ақ кәсіпорындар мен ұйымдардың басшысы мен бас
бухгалтерінің қолдары қойылған ақша алу үшін жазылған өтініштер, шоттар
және тағы да басқа құжаттар бойынша беріледі. Бұл құжаттарға кассалық
ордердің деректемесі (реквизиті) көрсетілген мөртаңба басылуы керек. Егер
кассалық шығыс ету ордеріне қоса тіркелген құжаттарда кәсіпорындар мен
ұйымдардың басшысының рұқсат етемін деген жазуы және қолы қойылған болса,
онда кассалық шығыс ету ордеріне оның қол қоюы аса қажет болып саналмайды.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасынан адамдарға кассалық шығыс ету ордері
бойынша ақша берген кезде касса қызметкері нақты ақша алушы адамның төл
құжатын немесе өзін куәландыратын басқа да құжаттарын көрсетуді талап етуі
керек. Бұл ақша-алушы адамның аты-жөнін, құжатының нөмірін жазуға арналған
және ол құжатты кім бергендігін, қай уақытта берілгендігін кассалық шығыс
ету ордеріне қоса жазуға керек.
Кассалық кіріс ету және кассалық шығыс ету ордерлерін немесе олардың
орнына жүретін құжаттарды кассаға берместен бұрын бухгалтерия
қызметкерлері тіркеу журналына тіркеп жазады.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге жәрдемақы,
сыйақы, еңбекақы төлеу үшін төлеу тізімдемелері қолданылады. Бұл
тізімдемелер тіркеу журналына еңбекақы, жәрдемақы және сыйақыларды
төлеп, үлестіріп болғаннан кейін ғана тіркеледі. Кассалық кіріс ету немесе
кассалық шығыс ету ордерлері, сондай-ақ олардың орнына жүретін құжаттар
бойынша кассаға ақша қабылдауға және кассадан ақша төлеуге тек қана осы
құжаттар толтырылған күні ғана рұқсат етіледі. Касса операцияларының есебі
кассалық кітапқа тіркеліп отырылуы тиіс.Бұл кітапты касса қызметкері
жүргізеді. Кассалық кітаптың беттері нөмірленіп және оған
жіп өткізіліп, кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтері қолдарын қойып,
куәландыруы керек. Кәсіпорынның кассасына келіп түскен, кірістелген
немесе кәсіпорынның кассасынан төленген, яғни шығыс етілген ақшалардың
кімнен келіп түскендігін немесе кімге не үшін төленгендігін білу үшін ол
операцияларға толтырылған құжаттардың нөмірі және бухгалтерлік жазулар,
сонымен қатар кіріске алынған, сондай-ақ шығыс етілген сомалар кассалық
кітапқа жазылуы тиіс. Күн сайын кәсіпорынның касса қызметкері кассадағы
нақты ақшалардың қалдығын жұмыс күнінің соңында санап және оның сомасын
кассалық кітапқа жазады. Бұл кассалық кітаптағы деректерге өзгеріс
енгізуге, өшіруге, түзетуге жол берілмейді және касса операциялары мен
ондағы жүргізілетін, толтырылатын құжаттардың дұрыстығына ұйымның бас
бухгалтері бақылау жасап отыруы керек.
Кәсіпорынның кассадағы шетелдік валюта түріндегі нақты ақшаларының
есебі үшін өз алдына кассалық кітап ашылады.
Кәсіпорындардың кассасындағы ақшаларын есептейтін құжаттар бойынша
жүргізілетін операциялар кредиті бойынша нөмірі бірінші журнал-ордерде, ал
дебеті бойынша осы журнал-ордердің тізімдемесінде жүргізіледі.
Кесте-1
Кассадағы ақшалар шоты бойынша жүргізілетін операциялар
№ Шаруашылық операцияларының мазмұны Дебет Кредит
1 Түсуге тиіс дебиторлық борыш сомасы
кәсіпорынның кассасына кіріске алынды. 1010,1020 1210
2 Дайын өнімдерді сатудан алынатын ақшалар1010,1020 6010
кәсіпорынның кассасына кіріске алынды.
3 Алдағы кезеңнің кірістеріне жататын сома1010,1020 3520
кәсіпорынның кассасына кіріске алыңды.
4 Алынуға тиісті жал төлемі 1010,1020 2160
кәсіпорынның кассасына кіріске алынды.
5 Банктегі арнаулы шоттардан кәсіпорынның 1010,1020 1070
кассасына кіріске алынған сомалар
6 Негізгі құралдарды сатудан алынатын сома1010,1020 6210
кәсіпорынның кассасына келіп түсті
7 Бағалы қағаздардан алынатын дивиденд, 1010,1020 6120
пайыз түріндегі табыстар сомасы
кәсіпорынның кассасына кіріске алынды.
Қайнар көзі: Радостовец В.В., Радостовец В.К., Ғабдуллин Т.Ғ., Шмидт И.О..
Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы,2002-132б.

Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің ақшаларын сақтау үшін өздері қалаған
банк мекемелерінен есеп айырысу шотын ашулары тиіс. Кез келген кәсіпорындар
үшін әрбір банк мекемесінен бір ғана есеп айырысу шотын ашуға болады. Есеп
айырысу шотын ашу үшін кәсіпорындар мен ұйымдар банк мекемесіне мынадай
құжаттарды табыс етуі қажет:
1.Банк мекемесінің атына шот ашу туралы өтініш;
2.Кәсіпорынның құру туралы шешімдердің көшірмесі;
3.Кәсіпорынның басшысы, бас бухгалтері және олардың
орынбасарларының қолтаңбалары қойылып, сондай-ақ кәсіпорынның мөр
таңбасы басылған арнаулы үлгідегі карточка және басқа құжаттар.
Кәсіпорынның басқа кәсіпорындар мен ұйымдарға төлейтін міндеті қолма-
қол ақшасыз есеп айырысу шотынан төленеді.
Қандай да болмасын заңды ұйымның басқа кәсіпорындар ,ұйымдарға қарызы,
олардан сатылып алынған тауарлардың, материалдық құндылықтардың, тағы да
басқалардың құны және олардың көрсеткен қызметтеріне төленетін төлем шот
иесінің келісімімен ғана төленеді. Есеп айырысу шотынан қаржы кейбір
жағдайларда шот иесінің келісімінсіз арбитраждың бұйрығы, соттың үкім
қағазы, салық комитеті немесе қаржы полициясының бұйрығы тағы да басқа
занда қаралған жағдайлар негізінде аударылуы мүмкін. Есеп айырысу шотындағы
ақшадан, нақты ақшамен қаржы алу үшін шот иесіне қызмет көрсететін банк
мекемесі чек кітапшасын береді. Ұйымдардың өкілі, әдетте кассир есеп
айырысу шотынан кәсіпорын кассасына нақты ақшаны осы чек кітапшасьшың
тиісті түрде толтырылған чегі бойынша ала алады. Есеп айырысу шотына
кәсіпорынның сатқан өнімі мен тауарларының, материалдық
құндылықтары мен басқа да активтерінің және басқа занды немесе жеке
тұлғаларға көрсеткен қызметтерінен түскен табыс сомасы, банктер мен басқа
да банктен тыс мекемелерден алған несие, сондай-ақ басқа да кәсіпорындар
мен ұйымдардан алған қарыздарының сомалары кірістеледі. Ал бұл шоттан
кәсіпорынның басқа заңды немесе жеке тұлғалардан сатып алған мүліктері мен
заттарының құны, бюджет және бюджеттен тыс мекемелерге төленетін төлем
сомасы төленеді. Сонымен қоса бұл шоттан кәсіпорынның кассасына жұмысшылар
мен қызметкерлердің еңбекақысын төлеу үшін және басқадай мақсаттар үшін
нақгы ақша алынады. Банк мекемесі есеп айырысу шотындағы ақшалардың
көлемінде шот иесінің, яғни кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша қабылдау,
төлеу және аудару жайлы тапсырмаларын орындайды. Есеп айырысу шоты бойынша
операциялар бірыңғайланған белгілі құжаттар негізінде жүргізіледі.
Негізгі есеп айырысу құжаттары болып: төлем тапсырмасы, есеп айырысу чегі,
төлем талабы-тапсырмасы, инкассалық өкім, салық және кеден органдарының
инкассалық өкімі және тағы басқа құжаттар саналады. Есеп айырысу
құжаттарында қол қоюға құқығы бар екі лауазымды адамдардың (кәсіпорын
басшысы мен бас бухгалтердің) қолдары болуы керек. Ондай болмаса, құжат
орындалуға қабылданбайды. Банк мекемесі өзі қызмет көрсететін
кәсіпорындар және ұйымдармен, яғни есеп айырысу шотының иесімен келісімге
келе отырып, белгіленген мөр оларға шоттың көшірмесін жіберіп отырады. Осы
көшірмемен бірге есеп айырысу шоты бойынша жүргізілетін операциялар негізі
болып саналатын есеп айырысу құжаты да бірге беріледі. Көшірмеде
кәсіпорындар мен ұйымдардың шотындағы қаржылық айдың басындағы және айдың
соңыңдағы қалдығы және операция бойынша есеп айырысу шотына келіп түскен,
яғни кірістелген және одан шығыс етілген, яғни жұмсалған қаржылар сомасы
көрсетіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтериясында банк мекемесі
берген шоттың көшірмесінде жазылған сомалардың дұрыстығы және олардың
көшірмемен бірге берілген құжаттарға сәйкестігі тексеріледі. Ұйымдардың
есеп айырысу шотындағы ақшаларының жұмсалу нөмірі 2-ші журнал-ордерде, ал
шотқа кіріс етілген ақшалардың сомасы осы журналдың тізімдемесінде
есептеледі.
Кесте-2
Карт-шотындағы ақшалар бойынша жүргізілетін операциялар
№ Шаруашылық операцияларының мазмұны Дебет Кредит
1 2 3 4
1. Сатып алушылардан жіберілген өнім, 1040 1210
көрсетілген қызмет, істелген
жұмыстар үшін алынуға тиісті сома
есеп айырысу шотына кіріске алынды.
Кесте 2 жалғасы
2. Жолдағы деп есептелген ақшалар 1040 1030
ұйымның есеп айырысу шотына кіріске
алынды.
3. Есеп айырысу шотына кәсіпорынның 1040 5020
жарғылық қорын толтыру мақсатымен
үлес қосушылардан келіп түскен сома
4. Банк және банктен тыс мекемелерден 3010,3020 1040
алынған неиелер есеп айырысу шотынан
қайтарылды.
5. Әлеуметтік салық сомасы есеп айырысу3150 1040
шотынан бюджетке аударылды.
6. Жабдықтаушылардан алынған тауарлар 3310 1040
үшін берешек сома есеп айырысу
шотынан аударылды.
7. Ұзақ мерзімді жал төлемі есеп 4150 1040
айырысу шотынан аударылды.
Қайнар көзі: Кеулімжаев К.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А.,
Жантаева А.А. “Қаржылық есеп”- Алматы: Экономика, 2003 -511б.

1.2.Алынуға тиісті шоттар мен дебиторлық берешек есебі

Кәсіпорындардың басқа кәсіпорындармен есептік қатынастар процесінде
дебиторлық берешек пайда болады, субъект алдындағы тауар, қызмет көрсеткені
үшін басқа кәсіпорындардың ақшалай нысанындағы қарыздық міндеттемелерді
білдіреді. Дебиторлық берешек жеке кәсіпкер немесе кәсіпорын активтеріне
жатады. Дебиторлық берешек есебі нақты халықаралық стандартымен
реттелінбейді, бірақ саудалық дебиторлық берешек есебі ХҚЕС (IAS) 18
Түсім стандартымен реттелінеді. 39- ХҚЕС- на сәйкес табыс дебиторлық
берешекпен байланысты деп танылғанда ғана ол дебиторлық берешек болып
танылады.
Халықаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес дебиторлық берешек қысқа
мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.Қысқа мерзімді дебиторлық
берешек- бұл 1 жыл мерзімінен аспайтын берешекті білдіреді.Ұзақ мерзімді
дебиторлық берешек- бұл 1 жыл мерзімінен асатын берешекті білдіреді.
Қысқа мерзімді дебиторлық берешек есебі халықаралық қаржылық есеп
стандарты (ХҚЕС) шоттарының бірінші бөліміндегі 1200 Қысқа мерзімді
дебиторлық берешек бөлімшесіне кіретін мынадай шоттарды қамтиды: 1210
Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі;
1220 Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі; 1230
Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық
берешегі; 1240 Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің қысқа мерзімді
дебиторлық берешегі; 1250 Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық
берешегі; 1260 Жалдау бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешегі; 1270
Алуға арналған қысқа мерзімді сыйақылар; 1280 Басқа да қысқа мерзімді
дебиторлық берешек; 1290 Күмәнді талаптар бойынша резерв.
Пассив болып табылатын 1290 Күмәнді талаптар бойынша резерв шотын
қоспағанда, 1200 бөлімінің шоттары активті шоттар болып табылады.
Ал ұзақ мерзімді дебиторлық берешек 2100 Ұзақ мерзімді дебиторлық
берешек бөлімшесінің шоттарында сипатталады және ол да бірнеше шоттарды
қамтиды.
Дебиторлық берешекпен байланысты негізгі бухгалтерлік операциялар тану
және бағалау болып табылады.Дебиторлық берешекті төлету мүмкіндігі
-дебиторлық берешек бойынша есептілікті құру пен дебиторлық берешекті өлшеу
жөніндегі негізгі мәселенің бірі болып табылады. Дебиторлық берешекті
төлету мүмкіндігі келесіге әсер етеді: берешек көрініс тапты ма (тану
жөніндегі сұрақ) және оның сомасы қандай (бағалау жөніндегі сұрақ).
Табыс және онымен байланысты дебиторлық берешек дебиторлық берешектің
өтелу мүмкіндігі бар болған кезінде ғана көрініс табады.
Алынуға тиісті шоттар- кәсіпорынның өндірістік қызметі кезіндегі
өткізілген тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін сатып алушылардың берешектер
сомалары. Бұл шоттар саудалық дебиторлық берешек деп аталады және шот-
фактуралармен , қарыздық міндеттемелерімен расталынады. Өтелу мерзімі 30-60
күнге дейінгі уақыт болып саналады, осы мерзімнің бітуінен кейін алынуға
тиісті шоттарды мерзімі шыққан болып саналады. Кредиттік сальдосы бар
(алдын ала төлеу немесе төленуге тиісті сомадан асыру нәтижесінде) жеке
алынуға тиісті шоттар қайта жіктелуі тиіс, және олар бойынша есеп беру
міндеттемелер бойынша есеп беру сияқты өтуі тиіс.
Осыдан дебиторлық берешек танылады, егер онымен байланысты табыс
танылса. Ол күмәнді қарыздарды, ақшалай жеңілдіктерді, сатылған тауарларды
қайтаруға байланысты түзетулерді алып тастағандағы бастапқы құнымен
бағаланады. Соның нәтижесінде алынуға тиісті шоттардың таза құны
анықталады.
Егер белгіленген мерзім аралығында саудалық кәсіпорынмен төлем алынса,
саудалық кәсіпорындар саудалық жеңілдікті, яғни жалпы шот- фактураның
бағасы төмендетілген соманы.ұсынады.Сатылған тауарды қайтару дебиторлық
берешек пен саудалық түсімді төмендетеді.
Дебиторлық кәсіпорынның негізгі түрі түскен немесе тиелген материалдық
қорлары үшін сатып алушылардың қарыздық міндеттемесі болып табылады.
Өткізуден түскен түсім есебі мен оны тану мен пайда болуымен
байланысты аспектілер ХҚЕС 18 Түсім стандартында орын табады.
Сатып алушылардың қысқа мерзімді берешек есебі үшін 1 Қысқа мерзімді
активтер бөлімшесінің активті шоттары арналған, 1200 Қысқа мерзімді
дебиторлық берешек бөлімшесі қамтитын 1210 Сатып алушылар мен
тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі шоты, онда сатып
алушылар мен тапсырысшылардың 1 жылға дейінгі өткізілген өнім мен
көрсетілен қызмет үшін есеп айырысуы бойынша операциялар көрініс табады.
Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегінің
баптарына:
1.Ағымдағы активтерді сатып алу үшін аванстық төлемдер;
2.Алуға арналған шоттар;
3.Алынған вексельдер жатқызылуы мүмкін.
Сатып алушылар мен тапсырысшылардың дебиторлық берешек есебін
ұйымдастыруының маңызды шарты материалдық қорларды сатып алушыларға орнында
түсіру мен тиеуге арналған тауармен қоса жүретін кәсіпорынның
сәйкестендірілген органдармен дұрыс қалыптастырылған құжаттар мен сатып
алушыларға шоттарын ұсыну үшін бұл құжаттардың өз уақытында бухгалтерияға
ұсынылуы болып табылады.
Материалдық қорларды түсіру ереже бойынша кәсіпорын мен сатып алушы
арасындағы төлем түрі мен тәсілдері, есеп беру тәртібі қарастырылатын
келісімшарттың орнатылуы кезінде жүзеге асырылады.
Материалдық қорларды сатып алумен байланысты сатып алушылардан
алынатын құжаттар келесілер болып табылады: төлем- талап тапсырмасы, төлем
тапсырмасы, чектер, вексельдер және т.б.
1210 Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық
берешегі шотының дебеті бойынша түсірілген немесе тиелген тауар үшін сатып
алушылар алдында қойылған төлеуге тиісті сомалар көрініс табады ,бұл
тауарлар бойынша қосылған құн салығы сомасын алып тасталынады,ал 1210
Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі
шотының кредиті бойынша банк шотына түскен төлем сомалары немесе түсірілген
немесе тиелген тауар үшін сатып алушылардың қолма- қол ақша сомалары
көрініс табады.

Кесте-3
Сатып алушылар мен тапсырысшылардың берешек есебі бойынша негізгі
шоттар коррепонденциясы
№ Шаруашылық операцияларының мазмұны Дебет Кредит
1 2 3 4
1. Шот- фактуралар, тауарлық көлік 1210
накладнойлары және т.б. құжаттары 6010
негізінде түсірілген немесе тиелген тауар 1420
үшін сатып алушылар алдына қойылған
төлеуге тиіс төлемге шотты ұсыну кезінде
Кесте-3 жалғасы
2. Көшірме немесе кіріс кассалық ордері 1010,1040, 1210
негізіндегі есептік- төлем құжаттары 1050
бойынша төлеуге тиісті сатып алушылардан
түскен төлемдер
3. Егер жабдықтау бойынша келісілген 1610 1210
келісімшартпен сәйкес сатып алушылар
тауарларды жеткізу, тиеу үшін аванстары
аударса, онда кәсіпорынның бухгалтериясы
алдында төленген аванстары үшін сатып
алушылардың берешектерін есептен шығару
4. Егер тауарларды жеткізу бойынша сатып 3310 1210
алушылармен келісілген келісімшартта
екіжақты талаптар мен міндеттемелер
қарастырылғанда
Қайнар көзі:Кеулімжаев К.К.,Тулегенов Э.Т.,Байдаулетов
М.Б.,Құдайбергенов Н.А. “Субъектінің қаржы-шаруашылық қызметі
бухгалтерлік есеп шоттарының корреспонденциясы”. Алматы:- Экономика,
2001-452 б.

1210 Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық
берешегі шоты бойынша қалдықтар ай соңында дебеттік ғана болуы мүмкін, ол
жеткізілген тауарлар мен қорлар бойынша сатып алушылардың берешектерін
көрсетеді.
Күмәнді талаптар бойынша резерв есебіне тоқталсақ, күмәнді талап
белгіленген мерзімде өтелмеген дебиторлық борыш болып саналады. Күмәнді
талаптар бойынша резерв дебиторлық борыштың түгенделуі бойынша мәліметтері
негізінде жыл соңында құрылады.
ҚР Заңнамасына сай арыз мерзімі біткен дебиторлық берешек сенімсіз
қарыз болып саналады.ҚР Азаматтық кодексінің 178 бабына сәйкес дебиторлық
борыштың жалпы мерзімі 3 жыл болып саналады.
Кәсіпорындар басқа ұйымдар мен кәсіпорындармен, сонымен қатар жеке
тұлғалармен есеп айырысу бойынша күмәнді талаптар бойынша резервтерді
құрайды. Резервтің көлемі қарыз адамның қаржылық жағдайын
(төлемқабілеттілігін) есептеп отырып және толық немесе бөлшек түрінде қарыз
сомасын өтеу ықтималдылығын бағалап, күмәнді талаптың әр сомасы бойынша
анықталады.
Күмәнді талаптар бойынша резерв 1200 Қысқа мерзімді дебиторлық
берешек бөлімшесінің 1290 Күмәнді талаптар бойынша резервтер пассивті
шоты бойынша қарастырылады. Күмәнді талаптар бойынша резерв сенімсіз
дебиторлық берешекті есептен шығарумен байыланысты мүмкін зиян шегулерді
жабу үшін құрылады.
Күмәнді талаптар бойынша резервті құрған кезде күмәнді талаптар
бойынша резервке сомаларды жіберген келесі шоттар корреспонденциясы
құрылады:
Дт 7210 Әкімшілік шығындар
Кт 1290 Күмәнді талаптар бойынша резерв.
Күмәнді талаптар бойынша резерв жыл соңында құрылады, пайыз бір рет
есептеледі.Сонымен қатар резервтің шоты- келісімшартты және оның
нормаланған сальдосы- кредиттік. Күмәнді талаптар бойынша резервті
құрғанда және есепті жүргізгенде шоттағы сальдо сомасын түзету керек.
Халықаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес күмәнді қарыздарды
бағалағанда екі тәсіл қолданылады:
1.Несиеге таза өткізуден түскен пайыз тәсілі.Бұл тәсілдің мақсаты
күмәнді дебиторлық берешектің пайда болу нәтижесіндегі шығындарды дәл өлшеу
болып табылады.
2.Төлем мерзімі бойынша.Бұл тәсілдің мақсаты дебиторлық берешектің таза
құнын өлшеу болып табылады.Бұл тәсілді қолдағанда Күмәнді талаптар бойынша
резерв шотындағы бастапқы сальдо есептеледі.
Барлық дебиторлық берешек кезеңдерге бөлінеді (30,60,90 күн) және
барлық дебиторлар- қарыз болғандар топтастырылады.Әр топ бойынша пайызы
анықталып , содан кейін күмәнді дебиторлық берешек орнатылған пайызға
көбейтіліп және кезең соңында шот сальдосының жалпы сомасы табылады.
Күмәнді қарыздардың пайызы бухгалтерге, бухгалтерлік бағалауларға,
дебиторлық берешекті өтеу негізінде кәсіпорынның тәжірибесіне қарай
орнатылады.Әр топ бойынша күмәнді қарыздардың болжанған пайызы көрсетіледі.
1290 шоты бойынша аналитикалық есеп резерв құрылған әр күмәнді талап
бойынша жүргізіледі, ол ведомоста немесе машинограммада болуы мүмкін.
Алдағы кезең шығыстары- белгіленген тәртіп негізінде есепті кезеңде
орын алған шығындар сомалары, бірақ оның есепті кезең шығындарының
қалыптасуына еш қатысы жоқ.Бұл шығыстарға келесі шығындар жатады:
өнеркәсіптің мезгілдік салалардағы өндіріске дайындық жұмыстарына шығындар
; жаңа өндірісті, цехтарды, агрегаттарды меңгеруге және жаңа өнім
түрлерінің өндірісін меңгеру үшін және дайындық жұмыстарын жүргізу үшін
кәсіпорындардың шығындары; өндірісті кеңейту мен ұйымдастырудағы
жұмысшыларды біруақытты массалық жинау үшін шығындар; жалға алынған негізгі
құралдарды капиталды түрде жөндеуге; техникалық әдебиетке, газеттер мен
журналдарға және т.б. жазылуға кеткен шығындар.
Алдағы кезең шығыстарының есебі 1620 Алдағы кезең шығыстары (қысқа
мерзімді активтер).Шот активті болады.1620 шотында есепті кезеңдегі алдағы
кезеңдер үшін алдағы кезең шығыстары есептеледі (сақтандыру
төлемдері).Алдағы кезең шығыстарының аналитикалық есебі шығыстардың әр түрі
бойынша шығыстар есебінің ведомосінде немесе сай машинограммада
жүргізіледі.

Кесте-4
Алдағы кезең шығыстарының есебі бойынша шоттар корреспонденциясы:
№ Шаруашылық операцияларының мазмұны Дебет Кредит
1 2 3 4
1. Сақтандыру келісімшарты бойынша 1620
сақтандыру компаниясына сақтандыру 1040,1050,
төлемдерінің сомалары 1070,1010
2. Сақтандырушы кәсіпорынмен іске 1620 1040,1050,
асырылған сақтандыру төлемдерімен 1070,1010
байланысты шығыстарды есептен шығару
Қайнар көзі: Байдыбекова С.К.Бухгалтерский учет:Учебное
пособие.Талдыкорган. 2007-211 с.

Кәсіпорын өз қызметкерлеріне есеп беретін сомаларды береді, олар есеп
беретін адамдарға дүкендерде канцелярлық тауарлар, бланкілерді сатып алу
үшін, пошта аударымдары үшін төлемдер және т.б.кәсіпорын қызметімен
байланысты шығыстары үшін беріледі, сонымен қатар бұл қаражаттар іс сапар
шығындарын төлеу үшін беріледі.
Қызметкерлердің және басқа тұлғалардың дебиторлық берешегі 1250
Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиорлық берешегі шотында басқа
келесідей субшоттар ашылуы мүмкін: 1.Есеп беретін тұлғалармен есеп айырысу;
2.Несиеге сатылған тауарлар үшін қызметкерлермен; 3.Берілген заемдар
бойынша; 4.Материалдық зиянды өтеу бойынша.

Кесте-5
Есеп беретін сомалар бойынша шоттардың типтік корреспонденциясы
№ Шаруашылық операцияларының мазмұны Дебет Кредит
1 2 3 4
1250 Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі шотты
қолданумен
1. Іс сапарға баратын тұлғаға кассадан есеп 1250 1010
беруге аванс (есеп айырысу нормаларға сай
іске асырылған сомасында) берілді
2. Келісімшартты орындаумен, әр түрлі 7210 1250
өндірістік байланыстарды орнатумен
байланысты іс сапар шығындары жалпы және
әкімшілік шығындарға есептен шығарылды
Кесте-5 жағасы
3. Қызмет көрсетулерді орындаумен байланысты іс8040 1250
сапар шығындары үстеме шығындарға есептен
шығарылды
4. Қолданылмаған есеп беретін сомаларды кассаға1010 1250
қайтарылуы
5. Еңбекақыдан қолданылмаған сомалар шегірілді 3350 1250
3390 Басқа да кредиторлық берешек және аударымдар шоты, Есеп беретін
тұлғалармен есеп айырысу 1-субшотын қолданумен
6. Егер іс сапарға баратын тұлғаға бару 7210 33901
барысында аванс берілмеген жағдайда
келісішартты орындаумен, әр түрлі өндірістік
байланыстарды орнатумен байланысты іс сапар
шығындары жалпы және әкімшілік шығындарға
есептен шығарылды
7. Егер іс сапарға баратын тұлғаға бару 8040 33901
барысында аванс берілмеген жағдайда қызмет
көрсетулерді орындаумен байланысты іс сапар
шығындары үстеме шығындарға есептен
шығарылды
Қайнар көзі: Назарова В.Л.Шаруашылық жүргізуші субъектілеріндегі
бухгалтерлік есеп: ОқулықЖалпы редакциясын басқарған Мамыров
Н.Қ.-Алматы: Экономика,2005-310 б.

1.3. Қорлардың жалпы мәні мен есептегі ерекшеліктері

Қорлар кәсіпорынның едәуір маңызды активтерінің бірі және түсімдерінің
негізгі көздері.
Экономикалық мақсат тұрғысынан қарағанда қорларды сату, тауарларды
өндіру, тауарларды сатып алып, қайта сату үрдісінде осы ұйымның айналым
қаражаты түрінде сипатталған. Ұйымдардың қалыпты жағдайда өз шаруашылық
қызметін атқару барысында және болашақта табыс келтіруді қамтамасыз етуде
қорлардың атқаратын рөлі зор.
Қорлар есебі мен бағалау тәртібі ХҚЕС (IAS) 2 Қорлар стандартында
анықталады және оларды келесі активтер ретінде қарастырылады:
1. Сатуға арналған (тауарлар, дайын өнімдер);
2. Өндірістік процеске бағытталған (аяқталмаған өндіріс);
3. Өндірістік процеске арналған шикізат пен материалдар ретінде
сақталған.
ХҚЕС (IAS) 2 Қорлар стандартына сәйкес:
1.Құрылыс шарттары бойынша туындайтын аяқталмаған өндіріс (11 ХҚЕС);
2.Қаржы құралдары (39 ХҚЕС);
3.Ауыл шаруашылығы қызметіне және ауыл шаруашылығы өнімін жинау
кезіндегі сол өнімге байланысты биологиялық активтер (41 ХБЕС) кірмейді.
Халықаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес қорлар есебі бойынша есеп
талаптарын ашатын негізгі жағдайлар келесі болып табылады:
1. Қызмет көрсеткенде қорлар қызмет көрсетулерге кеткен шығындар ретінде
бейнеленеді;
2. Халықаралық қаржылық есеп стандартына (ХҚЕС- на) сәйкес қорларды
бағалау екі мөлшерде жүзеге асырылады: өзіндік құны мен өткізудің
таза құны арқылы;
3. Халықаралық қаржылық есеп стандартына (ХҚЕС- на) сәйкес қорлардың құны
өндіріске кеткен, өңдеуге кеткен шығындармен, сонымен қатар қорларды
жабдықтауға, орналастыруға кеткен және басқа да шығындармен
анықталады;
4. Қорлардың өзіндік құнын ең төменгі өзіндік құн әдісімен,ФИФО немесе
орташа өлшенген құн әдісімен бағалануы керек;
5. Бір арналымы бар барлық қорларға бір бағалау әдісін қолдану міндетті.
Қорларды есепке алудың алдында мынадай негізгі міндеттер тұрады:
қорларды кіріске дер кезінде және толық есепке алу, сақтау орындарындағы
жағдайын қадағалау; қорлардың қозғалысы бойынша барлық операцияларды толық
және дер кезінде құжаттау; көліктік-дайындау шығындары (КДШ) мен
дайындалған қорлардың өзіндік құнын уақытында және толық анықтау: КДШ-н
өндірістің шығындарына жазудың біркелкі және дұрыс болуын бақылау; ішкі
ресурстарды жұмылдыру мақсатында субъектіге қажет емес қорларды сату,
сақталатын орындардағы қорлардың қалдықтары мен қозғалысы туралы дәл
мәліметтерді алу.
Халықаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес қорлардың барлық түрін
есепке алу үшін 1300 Қорлар бөлімі арналған,ол қарапайым қызмет барысында
сатуға арналған (1320 және 1330- шоттар тобы) немесе сату үшін өндіріс
процесінде (1340), немесе өндірістік процесте немесе 2-Қорлар халықаралық
қаржылық есеп стандартына (ХҚЕС- на) сәйкес қызметтер ұсыну кезінде
пайдалануға арналған шикізат немесе материалдар нысанындағы (1310)
активтерді есепке алуға бағытталған.1300 Қорлар бөлімінің құрамына
төмендегі синтетикалық шоттар кіреді: 1310 Шикізат және материалдар; 1311
Сатып алынған жартылай фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар,
конструкциялар және бөлшектер; 1312 Отын; 1313 Ыдыс және ыдыс
материалдары; 1314 Қосалқы бөлшектер; 1315 Басқа да материалдар; 1316
Ұқсатуға берілген материалдар; 1317 Құрылыс материалдары және басқалар;
1320 Дайын өнім; 1330 Тауарлар; 1340 Аяқталмаған өндіріс; 1350 Өзге
қорлар; 1360 Қорларды есептен шығару бойынша резерв.
Әрбір шаруашылық жүргізуші субъектілер кажеттігінше әрбір шоттар
бойынша субшоттар және материалдық есебі бойынша аналитикалық (талдамалы)
шоттар аша алады.Сонымен қоса, кәсіпорын өзіне жатпайтын материалдарды,
баланстан тыс шоттарды есепке алады .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынға сипаттама және онда ұзақ мерзімді активтер есебінің жағдайы
Қысқа мерзімді активтер есебінің теориялық сұрақтарын және нақтылығын жоғарылатуға ұсыныстар беру
Дебиторлық берешек есебі мен аудитін, талдауын жетілдіру жолдары
Есептілік кезең қағидасы
Еңбек ақы төлеудің есебі мен аудиті
«Metrocom Service» ЖШС
ХҚЕС ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ АКТИВТЕРДІҢ ЕСЕБІМЕН ТАДАУЫН ұЙЫМДАСТЫРУ
Бухгалтерлік есептің типтік шаруашылық операцияларының шот корреспонденциялары
Кассадағы ақша қаражат есебінің синтетикалық есебі
ЖШС ЖЕДЕЛ БАСУ БАСПАХАНАСЫ қаржылық есептілігін талдау
Пәндер