Біздің жеңісіміз


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

жеңіс мейрамы күні Алматыдағы паркте, әскери оркестрдің сүйемелдеуімен, тек қана соғыс кезеңінің әндері орындалды. Бірқатар ардагерлер әуенге қосылып әндетіп те жатты. Көңілі көтеріңкі күйде жүрген ардагер полковник Василий Жовтый Азаттық радиосына былай деді:

Соғыс ардагері Василий Жовтый. Алматы, 9 мамыр, 2009 жыл.

«Бұл дегенің жеңіс мерекесі. Біздің жеңісіміз. Совет халықтарының және оның қарулы күштерінің жеңісі».

Ұшқыш-истребитель Жовтый 3-ші Беларусь майданында, әйгілі «Нормандия-Неман» эскадрильясының сапында екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Қазір 88 жаста.

«I was born in 1921 year. Әскери қуатымнан әзірге айрыла қойғаным жоқ. Тіпті, дәрігерлерден тығылып, ұшып алатыным бар», - дейді Алматы орталық аэроклубы штабының төрағасы Василий Леонтъевичтің өзі.

Мәңгілік алау қойылған ұзындығы елу метрлік тас тақта, сондай-ақ сұрапыл соғыстың шешуші шайқастары өткен қаһарман қалаларға орнатылған тастардың үсті де гүлге көмкерілді. Ел-жұрт ардагерлерге де гүл сыйлап, жеңіс мерекесімен құттықтап, солармен бірге естелік үшін суреттерге түсіп жатты. Осындай ерекше құрметке бөленіп жатқандардың арасында соғыс ардагері Жәпек Молдабаев та болды.

Соғыс ардагері Жәпек Молдабаев Жеңіс күні немере, шөберелерімен бірге. Алматы, 9 мамыр, 2009 жыл.

«Бүгінгі мерекеге халық көп жиналды. Елімізді осындай тыныштықтан, бейбітшіліктен айырмасын. Алла қолдаса, біз де әрдайым ойын-думандардың арасынан табылармыз», - дейді ақсақал.

Биыл тоқсанның төріне шыққан ардагер 1941 жылы, фашистік армия совет шекарасын бұзып кірген уақытта, қиыр шығыста әскери борышын өтеп жүр екен. Соғыс басталған соң мұндағы әскери бөлім Манчжурияға ауыстырылған. Ал 1942 жылы Жәпек Молдабеков солтүстік-батыс майданына көшіріліп, пулеметші ретінде соғысқа араласыпты.

«Сол жылы Волхов өзені бойында кескілескен ұрыс күні-түні жүріп жатты. Қаншама солдат шығын болды. Сол майданда мен ауыр жараландым», - деді Ж. Молдабеков

Задонская Мария Ивановна (11 наурыз 1930ж. ) Қазақстанға КО еңбегі сіңген ұстаз (1960), халық оқу ісінің ағарту озаты (1974) .
Өмірбаяны, мінездеме, жеке куәлігі, мүшелік билеті, диплом көшірмесі, мандат (1986), құрмет грамотасы (1978), құттықтау ашықхаты (1984-1985), оқушылардың шығармасы (1992), «Пропагандист Задонская» газетінің қиындылары (1976), «Класс жетекшісі» (1977), топтық суреттер: «Студенттік жылдары, жанұясымен, педагогикалық қызметтері» (1952-1986) .

Жарма ауданының мемлекеттік мұрағаты Қор №223 Тізімдеме құжат6 сақтау бірлігі №2 1945-1988ж. ж.

Задонский Иван Петрович (07. 09. 1925ж. - 02. 07. 1986ж. ) тарих пәні мұғалімі, Ұлы Отан соғысының ардагері.
Өмірбаяны (1953), еңбек кітапшасы (1955), куәлігі (1959), мүшелік билеті (1960), куәліктері (1970), диплом көшірмесі (1974), медалдарға куәліктер (1949-1969), құрмет грамоталары (1970-1985), естеліктер, анықтамалар, хаттар-шақырулар (1945-1988), мақалалар, «Знамя дружбы» газетінен қиындылар (1977-1984), хаттар (1979-1988), майдандас досымен түскен, жанұясының ортасында түскен суреттері (1945, 1986) .

Ұлы Отан соғысының біріккен мұрағаттық қоры.
Жарма ауданының мемлекеттік мұрағаты; қор 237, тізім 16, 18. 25 сақ. бір.

Кемпірбаев Құмарбек (01. 07. 1924ж. ) - Жарма ауданы Георгиевка ауылының орман шаруашылығында бас есепші, Ұлы Отан соғысының ардагері.
Өмірбаяны, мінездеме, эвакогоспиталь куәлігі, есепші курсында оқыған куәлігі, кәсіподақ билеті, жаралы анықтамасы, орден кітапшасы, мерей той күніне арналған құрмет грамотасы, құттықтаулар, құттықтау ашықхаты, аудандық конференцияға делегат мандаты; жеке және фотосуреттер.

Қалмақпаев Сапатай (02. 01. 1915ж. - наурыз 1983ж. ) ауылшаруашылық саласының жүргізуші, Жарма ауданы Маковка ауылы «Жаңа жол» колхозының жүргізушісі (1939), трактор бригадасының бригадиры, ферманыңбасқармашысы, социалистк жарыстардың жңімпазы (1975), Жарма аудандық Кеңесінің депутаты (1965), Мариновка ауылдық Кеңесінің (1953), Октябрь ауылдық Кеңесінің (1967), Ұлы Отан соғысының ардагері.
Өмірбаяны, құжат, неке туралы куәлігі, орден кітапшасы, кәсіподақ билеті, мерей той медалінің куәлігі, депутатқа таңдау туралы; жеке, жолдастарының тобындағы, майданға аттанар алдында, ауыл шаруашылық озаттарымен, туыстарымен түскен фотосуреттері.

Федотов Алексей Иванович (01. 03. 1911ж. -29. 10. 1997ж. ) - Гергиевка ремонттық-механикалық заводының моторисы, аудандық завотконторында аңшы, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының мүгедегі, құрмет грамоталары; достарымен, оқушыларымен, әскери қызметкерлерімен түскен фотосуреттері.

Кривко Иван Яковлевич (07. 08. 1923ж. - 2005ж. ) механизатор, Ұлы Отан соғысының ардагері.
Өмірбаяны, туу туралы куәлігі (1923), мүшелік кітапшасы (1965), зейнеткерлік кітапшасы (1965), еңбек кітапшасы (1966-1988), құрмет грамотасы (1977-1995), орден кітапшасы (1985), «Руская тройка» жарысындағы фотосуреттері (1954), «Көгілдір от» (1990), жеке фотосуреттері (1975) .

Смағұлов Жебрейіл Ғаббасұлы (10. 05. 1924ж. - 25. 07. 1991ж. ) экономист, «Заготживсырье» есепшісі (1946-1952), (1957-1958), Сталин атындағы колхоз мекемесінің партия хатшысы (1959), Семей облысы (1948), Ұлы Отан соғысының ардагері.
Жаралылығы туралы анықтама (1945), медалға куәлік (1945-1984), Алматылық жоғарғы партиялық мектебін бітіргені туралы дипломы (1963), мерей той медаліне куәлік (1966-1988), әскери билет (1967), зейнеткерлік кітапшасы, орден кітапшасы (1985), құрмет грамоталары (1943-1985), Алматы пехотно училищесінде жолдастарымен түскен суреттері, облыс семинарында партия қызметкерлерімен түскен суреттері.

Садықов Абылай (10. 01. 1914ж. - 2005ж. ) Жаңғыз-Төбе стансасында машина-трактор механигі (1946), мерей той медаліне куәліктер (1957-2005), Ұлы Отан соғысының ардагері.
Неке туралы куәлігі (1965), орден кітапшасы (1985), зейнеткерлік кітапшасы (1947), құрмет грамоталары (1960-1965), Ленинградта соғыс ардагерлерімен кездесуде, жұбайымен, механизаторлардың арасында түскен суреттері.

Вилков Иван Игнатьевич (09. 02. 1926ж. ) Бұхтарма ГЭС машинист-эксковаторшысы, Ұлы Отан соғысының ардагері.
Еңбек кітапшалары (1949, 1951-1988), мүшелік кітапшасы (1960), әскери билеті (1964), машинист-эксковаторшы курсын бітіргені туралы куәлігі (1977), Ұлы Отан соғысы ардагері куәлігі, орден кітапшасы (1985), кәсіпкерлік билеті (1986), медалдарға куәліктер, Г. К. Жуковтың медаліне куәлік (1997), мерей той медалдеріне куәліктер, құрмет грамоталары, жұбайыментүскен суреттері.

Чуркин Николай Иванович (26. 10. 1923ж. ) Балажал шахтасында аға электрик (1943-2008), Бөкө руднигінде механик (1956), Ұлы Отан соғысының ардагері.
Қызыләскер кітапшасы (1946), орден кітапшасы, еңбек кітапшасы (1947-1990), әскери билеті (1964), аға механик куәлігі, Маршал Г. К. Жуковтың медаліне куәлігі (1997), мерей той медалдарына куәліктер (1966-2004), құрмет грамоталары (1965-1985), құттықтау ашықхаттары (2000-2005) .

Абенов Иван Васильевич (01. 07. 1925ж. ) «Вторая пятилетка» совхозының жұмысшысы (1952-1954), трест «Алтайалтын» руднигінің жұмысшысы (1960-1961), еңбек кітапшасы (1952-1986), әскери билеті (1964), зейнеткерлік куәлігі (1985), орден кітапшасы (1985), КО Маршалы Г. К. Жуковтың медаліне куәлігі (1997), мерей той медалдеріне куәліктер (1966-2004), жұбайымен, туыстарымен, жеке түскен суреттері.

Мұстафин Ахмер (23. 02. 1911ж. -31. 03. 1994ж. ) «Расцвет» колхозының есепшісі (1946), Ұлы Отан соғысының ардагері.
Жарақаттанғаны туралы анықтама (1943), қаза туралы қара қағаз (1943), құрмет хаты (1945), медалдарға куәліктер (1946-1976), мерейлік медальдарға куәліктер, құттықтау ашықхаты (1980-1985), орден кітапшасы () 1985), КО Маршалы Г. К. Жуковтың медаліне куәлігі (1997), Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен, жеке түскен фотосуреттері.

Аманқұлов Мұхаметқали (1917-2007ж. ж. ) «Расцвет» колхозында жұмысшы (1959-1998), Ұлы Отан соғысының ардагері.
Еңбек кітапшасы (1966-1998), зейнеткерлік кітапшасы (1979), жүргізуші кітапшасы (1977), мерейлік медалдарға куәліктер (1985, 2004), жұбайымен, туыстарымен, жеке түскен фотосуреттері.

Атанбаев Серғазы (12. 03. 1919ж. -2003ж. ) Қапанбұлақ стансасында теміржол жұмысшысы (1940-1949), Ұлы Отан соғысының ардагері.
Еңбек кітапшасы (1948-1989), туу туралы куәлігі, әскери билеті (1961), зейнеткерлік куәлігі (1989), КО Маршалы Г. К. Жуковтың медаліне куәлігі (1997), мерейлік медаліне куәліктер (1966-1995), Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен түскен суреті.

Дегтярев Яков Владимирович (16. 08. 1923ж. -2000ж. ) Георгиевка автокөлік мекемесінде жүргізуші, Ұлы Отан соғысының ардагері.
Еңбек кітапшасы (1946-1989), орден кітапшасы, мүшелік билеті, партия билеті (1974, 1977), орден кітапшасы, құрмет грамоталары (1972-2005), мерейлік медалдарға куәліктер (1973-2004), КО Маршалы Г. К. Жуковтың медаліне куәлігі (1997), құттықтау ашықхаттары (1995-2005), «Рауан-Восход» газетінен мақала, Дегтярев туралы фотоальбом, Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен түскен суреті, «Наурыз» мерекесінде немересімен түскен суреті, оқушылар арасында, соғыс ардагерлерінің арасында, жеке түскен суреттері (1970-2005) .

Жанұзақов Садық Жанұзақұлы (12. 08. 1923ж. -2006ж. ) Қойтас ауылында колхозда малшы, Ұлы Отан соғысының ардагері.
Әскери билеті (1964), орден кітапшасы (1985), зейнеткерлік куәлігі (1990), КО Маршалы Г. К. Жуковтың медаліне куәлігі (1997), мерейлік медалдарына куәліктер (1987-2004), құттықтау ашықхаттары (2000), жұбайымен, отбасымен және жеке түскен фотосуреттері.

Шар ауданының Ұлы Отан соғысының біріккен мұрағаттық қоры.
Жарма ауданының мемлекеттік мұрағаты Қор-224, тізім 1-9, 50 сақтау бірлігі.

Власов Петр Васильевич (25. 08. 1910ж. -05. 06. 1986ж. ) авто механик (1956-1970), Ұлы Отан соғысының ардагері.
Еңбек кітапшасы, әскери билеті, соғысқа қатысқандығы туралы куәлігі, марапаттаулары, құттықтау ашықхаттары, құттықтаулар, әскери жылдары, отбасы ортасында, туыстарымен, жұмыстағы ұжыммен түскен фотосуреттері.

Вергун Александр Иванович (13. 03. 1924ж. ) теміржолшы, Шар бекеті теміржол кезекшісі, Ұлы Отан соғысының ардагері.
Білім туралы баға ведомосі, анықтама, марапаттау куәлігі, құрмет грамотасы, коммунистік еңбек озаты дипломы, әскери билеті (1963), құттықтау қағазы, жеке және топпен түскен суреттері.

Домашенко Павел Игнатьевич (29. 08. 1912ж. ) «Горняк» шахтасында жұмысшы (1982), Балажал руднигінде жұмысшы (1953-1957), Ұлы Отан соғысының ардагері.
Орден кітапшасы (1985), куәлік, анықтама, марапаттау куәлігі, құрмет грамоталары, құттықтау ашықхаты, жеке түскен, топ арасында, жанұясының арасында түскен суреттері.

Жағыпаров Нұғман (01. 01. 1920ж. - желтоқсан 1982ж. ) партия қызметкері, Шар аудандық партия қызметкері, Семей мемлкеттік мұрағатының Шар филиалының директоры, Шар аудандық орындаушы комитетінің жалпы бөлім басшысы, Ұлы Отан соғысының ардагері.
Өмірбаяны, жеке ісі, орта білімі туралы аттестаты, қызыл әскер кітапшасы, құттықтау грамоталары, Ұлы Отан соғысы ардагерінің куәлігі, марапаттау қағазы, мақала, әдлет білімі қызметкерлерімен, ұжым ортасында, Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен, достарымен, жеке түскен суреттері.

Лаптев Филипп Васильевич (1915ж. -22. 10. 1977ж. ) Шар қаласының насос бекетінің машинисі, Ұлы Отан соғысының ардагері.
Мінездеме, еңбек кітапшасы, тұруы туралы анықтама, кәсіподақ билеті (1958), бастауыш сыныпты бітіргені туралы куәлігі, қызыләскер кітапшасы, грамоталары, орден кітапшасы, майдандас достарымен, туыстарымен, қызметтес ұжыммен түскен фотосуреттері.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіздіктің жеті қыры
Асқар Егеубаев - публицист
«ҚазМұнайГаз» мұнай компаниясы
Мәншүк Мәметова туралы ақпарат
Әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдық
Қазақстан-2050. Қалыптасқан мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ
Экология. Озон қабатының бұзылуы
Мұхтар шаханов, ақын, қоғам қайраткері: ұлттық мүддесі жоқтар қазақ емес
Тірі ағзалардың экологиялық факторларының компенсация әрекетінің механизмі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz