Шағын кәсіпкерліктің тиімді, әрі жылдам дамуы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

АНЫҚТАМАЛАР

КІРІСПЕ . . . 8

1. КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ, ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 13

1. 1 Шағын кәсіпкерліктің экономикалық мазмұны, мәнi, қызметi . . . 13

1. 2 Шағын кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыру негіздері . . . 18

1. 3 Шағын кәсіпкерлікті ұйымдастырудың

ұйымдық - құқықтық формалары . . . 21

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫН ТАЛДАУ . . . 26

2. 1 ҚР-да кәсіпкерліктің дамуы және оның экономикада алатын орны . . . 26

2. 2 ОҚО-да шағын кәсіпкерліктің қалыптасуы,

экономикалық көрсеткіштері . . . 38

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫ ЖЕТІЛДІРУ . . . 47

3. 1 Қазақстандағы шағын кәсіпкерлік мәселелері және оларды

шешу жолдары . . . 47

3. 2 Шағын кәсіпкерлік субьектілерін мемлекет тарапынан

қолдау механизмі . . . 52

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 57

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 60

Кіріспе

Қазіргі таңда тоқтап тұрған өндіріс орындарын іске қосып, жаңа кәсіпорындар ашу, отандық кәсіпкерлікті дамыту экономикамызды жандандырудағы ең басты, әрі ең негізгі міндеттердің бірі. Отандық кәсіпкерлік дамыған жағдайда ғана экономикамыз өсіп, сауда қарым-қатынасы ілгерілеп, халықтың жағдайы жақсарады. Демек халықтың әл-ауқатын көтеріп, тұрмысын түзейтін бірден-бір жол - ол кәсіпкерлік қызметін дамыту. Бұл сала нарықтық қатынастарды тұрғылықты түрде өрлетіп, алға жетелеп отыратын қуатты буын. Орта дәрежедегі кәсіпкерлер мемлекеттің өсіп-өркендеуіне оң ықпал ететіндіктен, бүгінгі таңдағы экономикада шағын бизнеске басты орын берілетінін әлемдік тәжірибе айқын көрсетіп отыр.

Экономикалық белсенділіктің негізгі факторы ретінде шағын кәсіпкерліктің дамуы көптеген мемлекеттерде орын алған. Шағын бизнестің үлесіне барлық жұмыспен қамтылған адамдардың 50-60%, жаңа жұмыс орындарының 70-80% келеді, ал өндірілген өнімдер мен қызметтер ЖҰӨ-нің тең жартысын құрайды. Шағын кәсіпкерліктің артықшылығы - капитал салымдарының тез орын толтыруы, өндірушілердің аймақтық нарыққа бағытталуы, жұмыспен қамту деңгейінің жоғарылығы, сұраныс өзгерісіне икемділігі.

Бұл сектор экономикалық қатынастар жағдайында дамыған елдердің маңызды құрылымдық звеносы болып табылатындығы, әлемдік тәжірибеде айқын көрсетілуде. Шағын бизнес кәсіпорындарының ынталы түрде жұмыс атқару қажеттілігі бірқатар белсенді тенденцияларға байланысты туындап отыр, оның ішінде еңбек күшінің мамандандырылуы мен бөлінуі, өндірістің диверсификациялануы, жоғары сапалы тауарларға деген сұраныстың артуы, демографиялық факторлардың өсуі және т. б. Конституциялық ережеге сай: «Әрбір тұлға кәсіпкерлік қызметпен еркін айналысуға, жеке мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік іс үшін пайдалануға құқылы». Сондықтан мемлекет кәсіпкерлік ісімен еркін айналысуға кепілдік береді және оны қорғап, қолдап отырады.

Шағын кәсіпкерлік тек бәсекелестіктің ғана емес, сонымен бірге, қоғамдағы техникалық прогресс пен ақпараттандырудың да лайықты ұйытқысы болып табылады. Ол шағын және орташа қалалар мен аудандар аумағында тұратын адамдардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға қызмет етеді. Ел президенті Н. Ә. Назарбаевтың көрегенді экономикалық саясатының арқасында соңғы жылдары Қазақстан Республикасы бірқатар әлеуметтік-экономикалық табыстарға қол жеткізді. Минералды - шикізаттық ресурстар экспорты ұлттық экономикаға қайта құру кезеңінің дағдарысына төтеп беруге және экономикалық өсудің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бірақ қазіргі өсім сапасы қанағаттанарлық дәрежеде емес, себебі ол отандық жоғары технологиялар есебінен жүзеге асырылмай жатуын ескере отырып, Н. Ә. Назарбаев осы жылы жолдаған жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кірудің басым бағыттарының бірі ретінде кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдауды іске асыру, шағын және орта кәсіпкерліктің тұғырын кеңейту мен нығайту қажеттігін атап өтті. Жалпы өркениетті елдердің қай-қайсысын алсақ та өздерінің экономикалық - әлеуметтік мәселелерін шешуде шағын кәсіпкерлік нысандарына ерекше көңіл аударылады. Кәсіпкерлік - жаңа экономиканың қозғаушы күші болып табылады.

Әртараптандырудың өзегі кәсіпкерлік болады.

Біз тәуекелдерді өз мойнына алуға, жаңа рыноктарды игеруге, инновациялар ендіруге дайын қуатты кәсіпкерлер табын көргіміз келеді.
Нақ осы кәсіпкерлер экономиканы жаңғыртудың қозғаушы күші болып табылады.
Осыған байланысты Үкіметке 2010 жылдан бастап өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту жөнінде бірыңғай бюджеттік бағдарлама енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырамын.
Оны “Бизнестің жол картасы-2020” деп атауды ұсынамын.
Бұл бағдарламаның мақсаты өңірлерде кәсіпкерліктің, бәрінен бұрын шағын және орта бизнестің жаңа тобын дамыту есебінен тұрақты жұмыс орындарын ашу болады.

Бұл бағдарлама қаражатын пайдалану мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылуы тиіс:

-несиелер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау;

-шағын және орта бизнеске несиелерді ішінара кепілдендіру;

-бизнес жүргізуге сервистік қолдау білдіру;

- кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру, жастар практикасы және әлеуметтік жұмыс орындары.

“Бизнестің жол картасы-2020” кәсіпкерлер үшін де, сол секілді банктер мен инвесторлар үшін де шикізаттық емес жобаларды қаржыландыру жөнінен жаңа мүмкіндіктер ашады.

Үкімет әкімдермен бірлесіп үшжылдық бюджет аясында әр өңірдің экономикалық әлеуетін есептеулерге негізделген жылдар бойынша бөлшектелген қаржыландырудың жалпы лимитін әзірлеуі тиіс. Бұл қаражат өңірлерге беріледі.
Әкімдер бағдарлама бойынша қаржыландырылатын шағын және орта бизнес жобалары үшін толық жауапты болады.

Үкіметке ӘКК-ні жергілікті атқарушы органдарға беруді тапсырамын, олар іс жүзінде бизнесті дамыту жөніндегі өңірлік корпорациялар болады.

Отандық тауарлар - 2020 Жоспарын жүзеге асырудың табыстылық индикаторы.
Біздің шикізаттық емес экспорттаушыларды қолдау индустрияландырудың шешуші бағыты болуға тиіс.

Қазақстан өнеркәсібі экспорттық рыноктарға отандық брендтердің кең ауқымды тізбегімен ұсынылуы керек.

Сондықтан Үкіметтің міндеті - экспорттаушыларға негізгі құралдарды сатып алуды қаржыландыруды, экспортқа сервистік қолдау көрсетуді, экспорттаушыларға гранттар мен экспорттық саудалық қаржыландыруды қарастыратын біртұтас қолдау жүйесін жасау.

Өңірлік даму реформаларынсыз біз жедел әртараптандыруға қол жеткізе алмаймыз. Сондықтан бізге экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыруды бастау қажет. Қазақстанның батысында мұнай-газ секторын, химия өнеркәсібін, жабдықтар өндірісі мен көліктік қуаттарды дамыту керек.
Орталықта, солтүстікте, оңтүстік пен шығыста - кен-металлургия кешені, атом, химия өнеркәсібі және аграрлық индустрия дамытылуы тиіс.
Ішкі сұраныс базасындағы секторларды дәстүрлі индустриялар жанынан, сондай-ақ қуатты кадрлық әлеуеті бар Алматы мен Астана қалаларында дамыту қажет.

Жоғары экспорттық әлеуеті бар шикізаттық емес сектор мен АӨК-ні елдің солтүстік және оңтүстік өңірлерінде дамыту орынды.

Болашақ экономикасының секторы Алматы мен Астанада дамуы тиіс.
Біздің елордамыз, экономикасы бәсекеге қабілетті, ел азаматтары мен туристер үшін тартымды қала - Астананы одан әрі дамытуға айрықша маңыз берілетін болады.

2020 Стратегиялық жоспарын іске асырудың базалық шарттары
Экономиканы жаһандық қалпына келтіруге дайындау және оның сыртқы сынақтарға тұрақтылығын арттыру үшін біртұтас үш міндетті шешу қажет болады:
біріншіден, бизнес-ахуалды елеулі жақсарту;

екіншіден, қаржы жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
үшіншіден, сенімді құқықтық орта қалыптастыруды жалғастыру.
Үкіметке 2011 жылы бизнесті тіркеуге және бизнесті жүргізуге байланысты операциялық шығындарды 30%-ға, ал 2015 жылы тағы да 30%-ға қысқартуды жүзеге асыру қолға алынып отыр.

Онжылдықтың соңында шағын және орта бизнестің ІЖӨ-дегі үлесі 40%-ға дейін көтерілуі тиіс.

2020 жылы Қазақстан бизнес-ахуалы ең қолайлы деген 50 елдің қатарына енуі керек.

Қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен орнықтылығын қамтамасыз етудің маңызы зор. Отандық қор рыногын жұмыс істеуге мәжбүрлеп, ол 2020 жылы ТМД мен Орталық Азиядағы ислам банкингінің өңірлік орталығына айналуы және Азиядағы жетекші қаржы орталықтарының ондығына енуі тиіс.
Отандық қаржы жүйесіндегі реттеулер дағдарыстан кейінгі әлемнің сынақтары мен қатерлеріне сәйкесінше сай болуы керек.

Қаржылық реттеуші банк секторының сыртқы міндеттемелері үлесінің оның міндеттемелерінің жиынтық көлемінде төмендеуін қамтамасыз етуі тиіс.
Бұл ретте сыртқы займдардың басым бөлігі тиімді де бәсекеге қабілетті өндірістер құруға бағытталуы керек.

Банктерді ашық немесе жасырын аффилирленген құрылымдардан аулақ ұстау қажет.

Банктердің тек қана банк қызметімен айналысуын және олардың қызметінің барынша мөлдір болуын қатаң бақылауға алу керек.

Біз банктердің дағдарыс кезінде аман қалуына көмектестік, енді банктер экономикаға оның дағдарыстан кейінгі қалпына келуі мен дамуына жігерлі түрде жәрдемдесуі тиіс.

Дағдарыс жағдайында Ұлттық қор біз үшін өзіндік бір “қауіпсіздік көпшігіне” айналды. Оның ендігі міндеті - тұрақтылық пен өркендеудің кепілі болу.

Үкімет бюджеттің шикізаттық емес кірістер әлеуетін ұлғайтумен байыпты айналысуы тиіс.

Осы онжылдықтың соңында бюджеттің мұнайлық емес тапшылығы ІЖӨ-нің 3 пайызынан аспауы керек. Одан кейінде оны нөлге дейін жеткізу қажет.
Үстіміздегі жылдан бастап республикалық бюджетке кепілді трансферт абсолюттік мөлшерде - 8 миллиард доллар көлемінде бекітілетін болады.
Бұл трансферт ең алдымен индустрияландыруды жүзеге асыру мақсаттарына бағытталуы тиіс.

Бюджетке Ұлттық қордан ешқандай займдар, өзге де ешқандай қосымша трансферттер болмайды.

Осы көзқарастарды ескере келгенде, Ұлттық қордың активтері 2020 жылға қарай 90 миллиард долларға дейін өсуі тиіс, мұның өзі ІЖӨ-нің 30%-дан кем емес мөлшерін құрайды.

Тұтастай алғанда 2020 жылға қарай біз экономиканы жеделдете әртараптандырудың төмендегідей негізгі нәтижелеріне қол жеткізуге тиіспіз.
ІЖӨ-дегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 13%-дан кем емес мөлшерін құрауы тиіс.
Экспорттың жалпы көлемінде шикізаттық емес экспорттың үлесі 27-ден 45%-ға дейін ұлғаюы тиіс. Еңбек өнімділігі өңдеу өнеркәсібінде 2 есе, ауыл шаруашылығында кем дегенде 4 есе артуы керек.

ІЖӨ-нің энергия сыйымдылығы 25%-дан кем емес мөлшерде төмендеуі тиіс. Кәсіпорындардың инновациялық активтерінің үлесі 4-тен 20 %-ға дейін өсуі керек. 2015 жылдың өзінде-ақ аграрлық саланың экспорттық әлеуеті 4-тен 8%-ға дейін ұлғайып, құрылыстың ішкі қажеттіліктерінің 80%-ы қазақстандық құрылыс материалдарымен қамтамасыз етілуі тиіс. [1, 2, 3 -3, 5б]

Үкіметтің, барлық деңгейлердегі әкімдердің алдында тұрған нақты міндеттер міне, осындай. Біз сұрайтындар да міне, осылар. Сондықтан барлық компаниялар мен кәсіпорындар басшыларының жауапкершіліктерін арттыру қажет. Бұл жаһандық мәселе, мемлекеттілік мәселесі, тәуелсіздік мәселесі.
Бес жылда Үкімет металлургия өнімдерінің өндірісі мен экспортының екі еселенуін, химия өнімдері өндірісінің үш еселенуін қамтамасыз етуі керек. 2015 жылға қарай бюджет кірістері, шикізатқа тәуелділікті төмендете

отырып, жаңа жобалар есебінен 300-400 миллиард теңгеге өсіп шығуы тиіс.
Тақырыптың өзектілігі: Шағын кәсіпкерлік нысандары тұрғындарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп халықтың әл-ауқатын, әлеуметтік статусын жоғарылатумен қатар нарықтағы қажеттіліктің қанағаттануына, бәсекелестік нарықтық қатынастардың дамуына, товар ассортиментінің көбейіп, толуына жергілікті шикізат ресурстарының пайдалануына өз ықпалын тигізеді. Шағын кәсіпкерліктің осындай және басқа да экономикалық және әлеуметтік функциялары оны дамыту мәселесін маңызды мемлекеттік міндеттер қатарына жатқызуға және экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді. Кәсіпкерлік қызметтің динамикасын зерттеу, оны болжау қоғамның қалыпты дамуы үшін өте маңызды.

Сондықтан да шағын және орта кәсіпкерлік төңірегінде көптеген мәселелердің көтерілуі оның экономикадағы ролінің өте маңыздылығын дәлелдейді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - шағын кәсіпкерліктің тиімді, әрі жылдам дамуы үшін оны ұйымдастыру формаларына кедергі болып жатқан мәселелерді анықтап, оларды талдай отырып, оңды ұсыныстар беру.

Дипломдық жұмыстың міндеттері: Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуының негізгі тенденцияларын, оны дамыту проблемалары мен шешудің мүмкін болатын жолдарын көрсету. Осы мақсатқа жету үшін жұмыста төмендегі мәселелер бойынша талдау жүргізілді:

  • Кәсіпкерліктің қалыптасуы мен қызмет етуінің негіздері;
  • Қазақстандағы кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері;
  • Шағын бизнестің макро және микродеңгейдегі даму жағдайын талдау;
  • Кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіріп отырған проблемаларды айқындау және оларды шешу жолдарын қарастыру;
  • Кәсіпкерлік қызметті дамытудағы мемлекеттің ролін айқындау;
  • Кәсіпкерлікті қолдаудың әлемдік тәжірибелерін қарастыра отырып, Қазақстан жағдайында мемлекеттік қолдау шараларын көрсету.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші тарауда кәсіпкерліктің қалыптасуы мен қызмет етуінің теориялық негіздері қарастырылады.

Екінші тарауда Қазақстандағы және Оңтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпкерліктің қалыптасуы мен даму жағдайына талдау жасалынады.

Үшінші тарауда шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдіру жолдары қарастырылады.

1. КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ, ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Шағын кәсіпкерліктің экономикалық мазмұны, мәнi, қызметi

Көп жыл бойы түрлі мемлекеттердің ғалымдары шағын кәсіпкерлікке анықтама беруге тырысуда.

АҚШ Конгресіндегі Комитетке 700-ден аса шағын бизнес анықтамалары ұсынылды. Кейбір мамандар адам саны 100 адамнан тұратын кәсіпорындарды шағын бизнес нысаны деп есептеу керек десе, біреулері 50-ден 1000 жұмысшысы бар, ал үшіншілері 100-ден 1500 жұмыскерлері бар кәсіпорындарды шағын бизнес нысаны деп есептеуді ұсынады. Кейбір зерттеулерде шағын бизнеске жұмыскерлердің саны капитал айналымы, өндіріс көлемі сияқты көрсеткіштердің орнына нарықтағы үлес, кәсіпорындардың негізін салушылардың басқаруы, шешім қабылдау процесіне ірі кәсіпорынның әсерінің болмауы сияқты сипаттамалар арқылы анықтау керек дейді.

Республикада шағын кәсіпкерліктің дамуы мен қызмет жасауына қажетті ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық шарттарды қалыптаструдың алғашқы қадамдар жасалуда.

Республикамыздағы шағын кәсіпкерліктің мәнін тереңірек түсінуге Қазақ КСР-індегі шаруашылық қызмет еркіндігі мен кәсіпкерліктің дамуы туралы заңның қабылдануы жол ашты. Бұл заң азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінің еркіндігін қамтамасыз ететін негізгі құқықтық, экономикалық, әлеуметтік шаралар мен кепілдіктерді анықтап берді.

Қазақстан жағдайында шағын кәсіпкерлікке шетелдік тәжірибені ескере отырып, келесідей мінездеме жасай аламыз. Бір немесе бірнеше инвесторлардан құрылған, географиялық шектелген зонада (аймақта) қызмет етіп, шектелген нарық үлесін иеленетін, басқарылу сипаты икемділікпен, шешім қабылдауда ресмиліктің жоқтығымен, жұмысшылардың басқару, өндіріс сферасында да жұмысшылардың өзара алмастырылымдығы жоғарылығымен ерекшеленетін кәсіпорындарды шағын кәсіпорын нысандары деп есептейміз. 1990 жылдың тамыз айында Кеңес Одағы министірлер Кеңесінің жарлығымен шағын кәсіпорындарды құру және дамыту шаралары туралы Қабылданған заңның негізінде Қазақ ССР-нің Министрлер Кеңесі N432 жарлығын қабылдау арқылы шағын кәсіпорындарды классификациалау негізіне жұмыс істейтіндердің саны алынған. Онда:

-өнеркәсіп пен құрылыста жұмыскерлер саны 200-ге дейін;

-ғылым мен ғылыми қызмет көрсету саласында: жұмыскерлер саны 100 адамға дейін;

-өндірістік сфераның басқа салаларында жұмыс істейтіндердің саны 25 адамға дейін;

-бөлшек саудада: жұмыс істейтіндер саны 15 адамға дейін жұмыс істей алатын кәсіпорындар шағын деп есептелінеді делінген.

Ал бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 8 сәуірінен N499 жарғысына сәйкес келесідей:

-өнеркәсіп пен құрылыста жұмыскерлер саны 50-ге дейін;

-ғылым мен ғылыми қызмет көрсету саласында: жұмыскерлер саны 20 адамға дейін;

-көлік пен байланыс салаларында жұмыс істейтіндердің саны 25 адамға дейін;

-бөлшек саудада жұмыс істейтіндер саны 30 адамға дейін жұмыс істей алатын кәсіпорындар шағын деп есептелініп отыр.

Жекелеген елдердің ерекшеліктеріне қарай әртүрлі деңгейде қалыптасатын макроортадағы шағын және орта кәсіпорындарға қатысты анықтамалардың түрлілігімен түсіндіруге болады. Оның үстіне аталмыш кәсіпорындардың құрылу мақсаты мен атқаратын міндеттерін белгілеу және кәсіпорындардың ауқымы мен ерекшеліктеріне қатысты түсініктердің мағынасын толық ашу үшін әр түрлі анықтамалар жасауға өздігінен қажеттілік туындайды. Шағын немесе орта кәсіпкерлікпен айналысатын кез - келген кәсіпорынды бір ғана критерий бойынша бағалауға болмайды. Өйткені бір салада «орта» кәсіпорын ретінде саналатын кез - келген бір кәсіпорын өзге салаларда «шағын» немесе «ірі» кәсіпорын сипатында қарастырылуы мүмкін. Бұл көбіне кәсіпорынның ауқымына әсер ететін айналымдағы капиталдың көлемі мен айналым жылдамдығының мәдениет, өнеркәсіп, құрылыс және білім беру салаларында әр түрлі болып келуімен түсіндіріледі. Сондықтан шағын және орта кәсіпорындарды анықтау кезінде олардың кәсіпкерлік қызметтері жайында дұрысырақ мәлімет беретін сандық және сапалық көрсеткіштерді толық ескерген жөн. Сандық көрсеткіштер кәсіпорындардағы жұмысшылар санын, сату (айналым) көлемін және активтердің баланстық құнын; ал сапалық көрсеткіштер шағын және орта бизнестің қызмет көрсету саласы мен өндірілген тауардың (қызмет, жұмыс) өзіндік ерекшеліктерін сипаттайды. Осыған байланысты, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламада шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілері үшін олардың қызмет көрсету саласының ерекшеліктерін және өндіріп жатқан тауарлары мен қызметтерінің маңыздылығын ескере отырып, бірыңғайдан гөрі әртүрлі жеңілдіктерді қолдану және жалпы құқықтық шарттарды қалыптастыру керектігіне мән берілу керек. Сондай-ақ, мұндай шаралар кәсіпкерлік қызметті қолдау мен дамытуға бағытталған аймақтық бағдарламаларда да қолға алыну қажет. [4, 5 -11, 15б]

Қазақстан кәсіпкерліктің меншік түріне байланысты екі түрі жеке кәсіпкерлік пен мемлекеттік кәсіпкерлік белгілі. Жеке кәсіпкерліктің өзі иеленуіне қарай дербес, бірлескен, жұбайылық, жанұялық, серіктестік, қоғамдық, көлеміне қарай шағын, орта, ірі кәсіпкерлік болып бөлінеді. Шағын кәсіпкерлік нысаны жұмысшылар саны 50-ге дейін, активтерінің жалпы құны 60 мың АЕК жоғары емес, орта кәсіпкерлік- жұмысшылар саны 250-ге дейін, жылдық активтері 352 мың АЕК дейін, ірі кәсіпкерлік жұмысшылар саны 250 және одан жоғары, жылдық активтері 525 мың АЕК нысандары болып бөлінеді. Кәсіпкерліктің түрлі формаларының пайда болып, қалыптасуы мемлекет тарапынан кәсіпкерліктің барлық түрлерін дамыту мен қолдау шараларына ие болып отырғандығын көрсетіп отыр.

Шағын кәсіпорындардың аймақтардағы жұмыссыздық мәселесін шешуге, бәсекелес ортаны қалыптастыруға, қаржы рыногын жандандыруға, тұрғындардың сатып алушылық қабілетін жоғарылатуға, ірі кәсіпкерліктің дамуына үлкен әсерін тигізеді. Сондықтан шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері ерекше әлеуметтік-экономикалық маңызға ие болып отыр.

Кәсіпкерлік өзінің көлеміне қарамастан ірі және шағын кәсіпорындардың арасында толық бір тұтас, өзара байланысты көптеген құбылысты сипаттайды. lрі кәсіпорындар жаппай өндіріс пен бұйымдардың номенклатурасының тұрақты жағдайында қызмет етіп, көтерме сатушылармен жұмыс істейді. Ал шағын кәсіпорындар өндіріс қалдықтарын екіншілей шикізаттарды пайдаланып, белгілі бір нарықтық сегментте сатушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға, өнімдерді аз партиямен өндіруге бағытталады. Әр қайсысы өздерінің функцияларын атқара отырып, олар бірін-бірі толықтырады. Шағын кәсіпорын нысандары ірі фирмаларға қарағанда қызметі әлде қайда жоғары болатын сферада жұмыс істейді. Оларға сауда, сервистік қызмет, материалдармен жабдықтау сияқты жұмыстар жатады. Автомобиль өндірісімен ірі кәсіпорындар айналысса, ал оларды жөндеу, техникалық қызмет көрсету жұмыстарын шағын кәсіпорын нысандары әлдеқайда тиімді орындайды. Шағын кәсіпорын нысандары өнім номенклатурасын жылдам өзгерте алуы мен технология, қызмет ету саласында жаңалыққа бейімділігімен ерекшеленеді.

Тікелей өндіріс саласындағы кәсіпкерлік нарыққа арнап дәстүрлі немесе инновациялық тауарлардың өндірісі мен жеткізілуіне негізделуі мүмкін. Кез-келген формадағы кәсіпкерлік қызметтің практикасының құрамында инновациялық үрдіс болады. Жоғарыдағы кәсіпкерлік қызметтің бөлінісі, дәстүрлі тауарлардың нарыққа шығарылуы мен өндірісі өндірісті ұйымдастыру, өндірістің техникалық элементтері немесе өнгдірілетін тауардың сапалық сипаттамасның өзгеруімен жүзеге асатындығы туралы көзқарасқа негізделеді.

1 кесте

Шағын және iрi кәсiпорындардың салыстырмалы талдамасы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің дамуы ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнестің қалыптасу ерекшеліктері
Шағын және орта бизнесті дамытуда кездесетін проблемалар
Франчайзинг жүйесін әзірлеу кезеңдері
Кәсіпкерлікті несиелеу жүйесі
Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасуы
Қазақстан Республикасында кәсіпкерік жүргізу
Шағын кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру жолдары
ШАҒЫН КӘСІПОРЫНДАР ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Шағын кәсіпкерліктің белгілері мен түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz