Қазақстан – Ресей қатынастары
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Қазақстан . Ресей қатынастары
Қазақстан экономикасы
Қазақстанның Орта Азия елдерімен өзара байланысы
III. Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Казакстан тәуелсіздігінің 17 жылдығы — мемлекеттің мерейлі мерекесі. Біз осы он жеті жылдың халық өміріндегі алатын өзіндік орнын салқын сабырдың сарабына салып байыптауға, бағамдауға тиіспіз. Олай ету үшін жаңа, тәуелсіз Қазақстанның төл тарихын жазуға кірісу қажет.
Тәуелсіздік жылдарындағы орасан мәнді оқиғаларға салиқалы баға беретін, бүл кезеңдегі саяси процестерге терең талдау жасайтын кітаптар алдағыуақытта, әрине, дүниеге келетін болады. Олардың қай-қайсысы да ендігі жерде оқырман назарына үсынылып отырған мына кітапқа — "Тәуелсіздік шежіресіне"жүгініп, сүйеніп жазылатыны талассыз. Өйткені, бүл кітап — еліміздің осы он жеті жылдағы жүріп өткен жолын хронологиялық түрғыдан тізіпшыққан алғашқы арнаулы еңбек, былайша айтқаңда — тәуелсіздік тарихының төлбасы. Жаңа жылнамамыздың түңғышы. Ыждағатты жүмыс, іргелі дүние.
"Тәуелсіздік шежіресін" жазу мерейтойға дайыңдық бағдарламасына енгізілген. Мемлекеттік мәні бар бүл жауапты тапсырманы қүрастырушы автор, Президент сыйлығының лауреаты Сауытбек Абдрахманов абыроймен орыңдап шықты. Кітапты оқып отырғанда тәуелсіздіктің түғырлы болуы қандайлық қажыр қайратты қажет еткенін анық көре аласыз. Ежелден еркіндік аңсаган еліміздің сан ғасырлар бойғы қасиетті күресінің, халықтың аққан қаны мен төккен терінің өтеуіндей болып жиырмасыншы ғасырдың соңында басымызға қонған бақыттың бағасын біле түсесіз. Бақыт бағасын білгеннің ғана басында тұрады.
Қазақстанда Д. А. Қонаевқа КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері ретіңде өзіндік табынушылық қалыптасты. Сондай-ақ Д. А. Қонаев жұмыс барысында принципсіздік пен өзімшілдікке де жол беріп отырды.

W.W.W Akorda.kz
W.W.W Egemen.kz
«Егемен Қазақстан» №12 2006ж 6-сәуір.
Абдрахманов С. А. «Тәуелсіздік шежіресі» Астана Елорда 2001 ж.

Жоспары:
I. Кіріспе____________________________ ________- 3
II. Негізгі бөлім
Қазақстан – Ресей қатынастары __________________________ - 6
Қазақстан экономикасы ________________________________ - 13
Қазақстанның Орта Азия елдерімен өзара байланысы _____ -20
III. Қорытынды ___________________________ - 30
Пайдаланған әдебиеттер ____________________ - 31
Кіріспе.
Казакстан тәуелсіздігінің 17 жылдығы — мемлекеттің мерейлі мерекесі. Біз
осы он жеті жылдың халық өміріндегі алатын өзіндік орнын салқын сабырдың
сарабына салып байыптауға, бағамдауға тиіспіз. Олай ету үшін жаңа, тәуелсіз
Қазақстанның төл тарихын жазуға кірісу қажет.
Тәуелсіздік жылдарындағы орасан мәнді оқиғаларға салиқалы баға беретін,
бүл кезеңдегі саяси процестерге терең талдау жасайтын кітаптар
алдағыуақытта, әрине, дүниеге келетін болады. Олардың қай-қайсысы да ендігі
жерде оқырман назарына үсынылып отырған мына кітапқа — "Тәуелсіздік
шежіресіне"жүгініп, сүйеніп жазылатыны талассыз. Өйткені, бүл кітап —
еліміздің осы он жеті жылдағы жүріп өткен жолын хронологиялық түрғыдан
тізіпшыққан алғашқы арнаулы еңбек, былайша айтқаңда — тәуелсіздік тарихының
төлбасы. Жаңа жылнамамыздың түңғышы. Ыждағатты жүмыс, іргелі дүние.
"Тәуелсіздік шежіресін" жазу мерейтойға дайыңдық бағдарламасына
енгізілген. Мемлекеттік мәні бар бүл жауапты тапсырманы қүрастырушы автор,
Президент сыйлығының лауреаты Сауытбек Абдрахманов абыроймен орыңдап шықты.
Кітапты оқып отырғанда тәуелсіздіктің түғырлы болуы қандайлық қажыр
қайратты қажет еткенін анық көре аласыз. Ежелден еркіндік аңсаган еліміздің
сан ғасырлар бойғы қасиетті күресінің, халықтың аққан қаны мен төккен
терінің өтеуіндей болып жиырмасыншы ғасырдың соңында басымызға қонған
бақыттың бағасын біле түсесіз. Бақыт бағасын білгеннің ғана басында тұрады.
Қазақстанда Д. А. Қонаевқа КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының
мүшесі, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері ретіңде өзіндік табынушылық
қалыптасты. Сондай-ақ Д. А. Қонаев жұмыс барысында принципсіздік пен
өзімшілдікке де жол беріп отырды.
1985 жылғы тарихи сәуір бетбұрысы оңайға түскен жоқ.
Д. А. Қонаевтың тағдыры ескі алаңдағы Кремльде шешілді. 1986 жылғы
желтоқсанның 16-сы күні таңертеңгілікте Қазақстан Компартиясы Орталық
Комитетінің V пленумы болды. Пленумды КОКП Орталық Комитетінің хатшысы Г.
П. Разумовский жүргізді. Күн тәртібінде бір ғана — ұйымдастыру мәселесі
тұрды. Пленум бар болғаны 18 минутқа созылды. Республиканы ширек ғасырға
жуық басқарған саяси қайраткерді ауыстыру сияқты аса маңызды мәселелердің
бірі осыншалықты қысқа мерзі
Халық шаруашылығындағы тоқырау құбылыстары әміршіл-төрешіл жүйенің
жоспарлауындағы және өндіргіш күштерді орналастырудағы жіберген
кемшіліктері мен қарама-қайшылықтарының нәтижесі еді.
Ғылымдар, оның ішінде қоғамдық ғылымдар, тарих та ресми саясаттың
елгезек "қызметшілеріне" айналып, ал мәдениет болса ұлттық тамырларынан қол
үзіп, сұрқай тартып, өңінен айырыла бастады, 1954 жыл мен 1986 жылдар
аралығында 600-ден астам қазақ тілінде оқытатын мектептер жабылды.
Қазақ тілінің жағдайы төзгісіз халге жетті. Ол қоғамдық орындарда
қызмет етуден қалып, тек тұрмыстық тілге айналды.
Ұлттық мәдениет пен тілден аластаудың осындай ұзақ процесі
мәңгүрттердің елеулі тобын дүниеге келтірді. Осындай факторлардың
салдарынан қазақ ұлтының көңіл-күйі ауырлай берді.
І986 жылдың ақпан-наурызында Қазақстан Коммунистік партиясының XVI
съезі болып өтті. Алайда бұл съезд де республиканы қаусатқан әлеуметтік-
экономикалық дағдарыстың себептеріне терең талдау жасай алмай, тек
жекелеген кемшіліктерді сынаумен шектелді.
Республиканың басшылығында ұзақ жылдар бойы отырған дарынды адам Д. А.
Қонаевтың өзі де, бүкіл КОКП сияқты, әміршіл-әкімшіл жүйенің өкілі ғана
болып қалды. Оған республиканың егемендігі сөз жүзінде ғана жарияланған
жағдайда жұмыс істеуге тура келді.
Д.А.Қонаевтың орнына Г.П.Разумовскийдің ұсынысы бойынша бұған дейін
КОКП-ның Ульяновск облыстық комитетінің бірінші хатшысы болып істеген,
республикаға мүлдем бейтаныс адам Г.В.Колбин тағайындалды. Орталықтың
мұндай волюнтаризмімен Қазақстан бірінші рет кездесіп отырған жоқ еді.
Желтоқсанның 17-сі күні таңертең Алматыда жаппай толқу басталып,
кейінірек ол республиканың басқа да қалаларына тарады. Г.В.Колбиннің
республиканың жоғары басшылығына тағайындалуы толқу үшін сылтау ғана еді.
1986 жылғы желтоқсандағы қазақ жастарының бой керсетуі ұлтшылдық
сипатта емес және өзінің бастапқы кезеңінде құқыққа қарсы сипатта да болған
жоқ. Орталық Комитет пленумының шешіміне алғаш қарсы шыққан Алматы
қаласының студент жастары мен жұмысшы топтары еді.
Шеру бейбіт және саяси сипатта болды, оңда басқа халықтарға қарсы атой
салушылық, мемлекеттік құрылысты жоюға деген үндеулер болған жоқ.
Әміршілдікке дағдыланган Республика басшылары әу баста-ақ жастармен тең
құқылы келісімге бармады және олардың пікірін тыңдағысы келмеді.
КОКП Орталық Комитетіне оқиғаларды бұрмалап түсіндірген жедел хабар
жіберілді. Республика басшылығының үсті-үстіне сұраған өтініштерінен кейін,
КОКП Ішкі істер министрі А. В. Власов еліміздің әр түрлі аймақтарынан
Алматыға Ішкі істер министрлігі әскерлерінің арнайы бөлімдерін жіберуге
шешім қабылдап, заңды бұзушылыққа жол берді.
Демонстранттарды тарату кезінде партия комитеттері мен өкімет
тарапынан бақылаусыздыққа жол берілді. Уақытша ұстау бөлмелері мен арнайы
бөлімдерге, тергеу бөлімдеріне жеткізіліп, қаланың сыртына әкетілген
адамдардың санының әзі 8,5 мыңнан асты. Оқиғаға қатысқаңдарға қарсы
қылмысты істер қозғау, сот-тергеу жұмыстары кезінде көптеген дөрекі
заңсыздықтарға орын берілді. Тергеу, әдеттегідей асығыс, ойдан шығарылған
және айыптаушылық пейілде жүргізілді.
Айыпталған 99 адамның 46-сы біршама уақыттан кейін ақталды. Жоғары оқу
орыңдары мен кәсіпорындарда қудалау жүргізілді. Қысқа мерзімнің ішілде
желтоқсан оқиғаларын қатынасқаны үшін 787 адам комсомол қатарынан
шығарылды, 1138 адам комсомолдық сөгіс алып, 271 адам оқу орыңдарынан
қуылдым, жүздеген адамдар жұмыс орнынан кетуге мәжбүр болды 1987 жылғы
шілдеде КОКП Орталық Комитеті "Қазақ республикалық партия ұйымдарының
еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие берудегі жұмыстары
жайлы" қаулы қабылдай отырып, 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғаларын
"қазақ ұлтшылдығының көрінісі" деп бағалады.
Көпшіліктің табаңдылықпен талап етуінен кейін КОКП Орталық Комитетінің
қаулысындағы қазақ ұлтшылдысы деген кінә қате деп мойындалды.
Демократия мен жариялылық нығая түскен сайын республикада желтоқсан
оқиғаларына өзіндік мораторий жарияланды. Көптеген кінәсіз адамдар бұл
кезде түрмелерде жатты, занды саналған КОКП Орталық 4Комитетінің қаулысы
әлі күшінде еді, ал жасалған заңсыздықтарға жауапты адамдар өздерінің
орыңдарында шәниіп отырды.
Қазақстан – Ресей қатынастары
Еуразия кеңістігінің бұдан оншақты жылдар бұрын Кеңес одағы деп
аталған бөлігінде Қазіргі Қазақстан бұрынғысынша Ресей Федерациясынан
кейінгі ең үлкен мемлекет дейтін орнын сақтап қалып отыр. Табиғи
ресурстарға бай Қазақстан аумағы жергілілікті тұрғындардан болсын Рессейдің
әралуан өңірлерінен болсын елеулі мөлшерде еңбек ресурстарын тартатын.
Мұның сыртында, белгілі бір себептермен басқа да одақтас Республикалардан
басқа да қоныс аударған көптеген халықтардың өкілдері Қазақстан жерінде
өздерінің екінші отанын тапты.
Екі жақты және көп жақты ынтымақтастықты дамытудың неғұрлым белсенді түрде
жақтар салмақты кірігушілік бастамаларын мақсаткерлікпен ұсыну олардың
жүзеге асыра бастаған дәл осы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев болатын. Бүгін де нақты стратегилық әріптестік ретінде сипатталып
отырған мемлекет аралық қатынастарын берік іргетасы көбіне – көп
Қазақстанмен Ресей президентінің өткен он жылдықтағы табанды саяси тынымсыз
іс - әрекетінің арқасында қаланғанын атап айту керек.
1992 жылы 10- қазанда Көкшетауда Қазақстан мен Ресей президенттерінің
кездесуі болды. Оның қорытындысы бойынша екі ел басшылары бірлескен
мәлімдеме жасады. Онда Қазақстан Республикасымен Ресей Федерациясы бұдан
былай да еркін сауда, ақша – кредит саясаты принциптеріне, өзара сатудағы
әділетсіз бәсекелестікті жоюға, бәтуалы қолданпаздық саясатқа, екі
мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субьектілері арасында тікелей байланыс
орнатуға, ортақ кедендік экономикалық кеңістікті үйлестіру арқылы болатын
кең құлашты экономикалық ынтымақтастыққа бірінші кезекте мән беретін
болатын делінген. Бірақ бір атап өтерлігі ол кезде бұл принциптердің бәрі
ортақ төлем құралы болып рубль қалатынын ескерген болатын.
Қазақстан мен Ресей президентінің 1992 жылғы мамырдағы кездесуінде
Достық, Ынтымақтастық және өзара көмек туралы әргелі шарттан басқа екі
мемлекетке де аса маңызды “Байқоңыр ғарыш айлағын” пайдалану тәртібі туралы
келісімге қол қойды. “Байқоңыр ғарыш айлағын” халық шаруашылығының,
ғылымның халықаралық ынтымақтастықтың және достастық қауіпсіздігін
қамтамасыз етудің мүддесі мақсатында зерттеу мен пайдалану үшін сақтап
дамыту қажеттігін мойындады. Құжат бойынша Байқоңыр Қазақстан
Республикасының аумағында орналасқан обьектілері оның өз меншігі деп
танылды.
Келісімге қатысушы мемлекеттер ғарыш айлағының қалыпты жұмыс істеуі
мен оның әлеуметтік аясының өркендеуін қажетті материалдық техникалық
ресурстармен қамтамасыз етіп отыруға міндетті. Байқоңыр базасындағы
коммерциялық жобаларды Қазақстан Республикасымен Ресей Федерациясы
ымырыласқан негізде бірлесіп жүзеге асыруы тиіс.
“Байқоңыр ғарыш айлағын” тиімді пайдалану мақсатында Қазақстан мен
Ресей жеткілікті мөлшерде әскерге шақырылғандармен офицерлер бөліп отыруға
міндетті. Сондай – ақ Байқоңыр ғарыш айлағының қызметін қамтамасыз ету
мақсатында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының аумағындағы
барлық жүріс – тұрыс ешбір іркіліссіз және баж салғынсыз кеден
тексермесінсіз жүзеге асырылатыны көзделді. Бұл құжаттың мәнділігін баса
көрсете отырып Байқоңырды пайдалану жөніндегі Қазақстан мен Ресей
арасындағы уағдаластық 1994 жылғы наурызда екі президент қол қойған
келісіммен түбегейлі бекінгенін қоса айту керек.
Қазақстан Республикасымен Ресей Федерациясының арасындағы достық,
ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қойылуы Қазақстан Ресей
қатынастарындағы айтулы оқиға болып құқықтық мемлекет аралық қатынастарға
жол салып берді.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың РФ Федералдық
Жиналысының Мемлекеттік Думасында сөйлеген сөзі:
Енді бір айға жетпес мерзімде біз Мемлекеттік Думаның 100 жылдығын
мерекелейтін боламыз. Заңнамалық органның құрылуы Ресейде парламентаризм
дамуының бастауы болды, дей келіп Елбасы: “Мен “біз” деп отырмын, өйткені,
Мемлекеттік Дума құрылған кезде оның депуттарының қатарында қазақ халқының
Әлихан Бөкейханов, Бақытжан Қаратаев, Мұхаметжан Тынышпаев секілді он екі
өкілі болған. Оның үстіне олардың үшеуі Мемлекеттік Думаға екі рет
сайланған”, – деп атап өтті.
Ресей Мемлекеттік Думасының алғашқы шақырылымдарының мұрағаттарында
біздің аса көрнекті жерлестеріміздің саяси белсенділігін, өз халқына ғана
емес, сонымен бірге Ресейдің барша халықтарына жақсы тұрмыс тілеген Қазақ
даласынан келгендер ой-ниетінің шынайылығын дәлелдейтін көптеген құжаттар
сақтаулы.
Жақсы тұрмыс тілеу тұрғысынан олар осынау заңнамалық органда мәжіліс
құрған прогресшіл орыс интеллигенциясының өкілдерімен ынтымақ болды.
Мұның өзі Қазақстан және Ресей халықтары тарихының ортақтығын
көрсететін көптеген мысалдардың біреуі ғана екенін айтқан Қазақстан басшысы
Ресей Федерациясы Мемлекеттік Дума депутаттарын, Ресей заң шығарушыларының
барлығын және солар арқылы бүкіл ресейлік азаматтарды осынау ұлы да атаулы
мерекемен шын жүректен құттықтады.
Біздің мемлекеттеріміздің парламентарийлері, деді Қазақстан Президенті,
Қазақстан мен Ресей арасындағы тату көршілік пен достықты дамытудың шынайы
жақтастары болды. Қазақстандық және ресейлік парламентшілердің біздің
елдеріміздің арасындағы Мемлекеттік шекара туралы тарихи шартты бір
мезгілде ратификациялауы парламентаралық ынтымақтастықтың жоғары деңгейін
ғана емес, сонымен бірге өзара сенім ахуалын, Қазақстан-Ресей қатынастарын
одан әрі нығайтуды жақтаушылықты танытады. Нұрсұлтан Назарбаев Дума
депутаттарына осы үшін алғыс айтты.
Мұның өзі кездейсоқ емес. Біздің ортақ тарихымыз бар, бізді туыстық
сезімдер байланыстырады. Біз қуаныш пен қиындықта бірге болдық, бір жапырақ
нанды бөліп жедік, жиырмасыншы ғасырдың ең сұрапыл соғысында бірге жеңіске
жеттік.
Дербес мемлекеттер болған қазіргі жаңа кезеңде де біздің бұрынғыша
рухани етене болып келе жатқанымыз мен үшін өте қуанышты. Сондықтан да біз
туысқан халықтарымыздың тұрмысын берекелі де өркенді етуге құлшыныста бірге
боламыз.
Ресейдің достары ретінде біз оның тұрақты экономикалық өсуін қанағат
сезімімен атап өтеміз, деді Қазақстан басшысы. Бұл ел басшылығы мен Мемдума
депутаттарының зор да үйлесімді жұмысының нәтижесінде мүмкін болды. Ең
бастысы, “Орталық-өңірлер” арнасы бойынша текетірес жойылды, экономикадағы
мемлекеттің рөлі нығайтылды. Ресейліктердің әлеуметтік өзін-өзі сезінуі
жақсарып, олардың бірлігі нығайды. Осынау табыстардың бәрі Ресей Президенті
В.Путинге елді ұлы державалар клубына қайта оралту мақсатымен белсенді
сыртқы саяси стратегияны жүргізуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Ресеймен түрлі салаларда стратегиялық әріптестікті
тереңдетуге мүдделі. Біз сондай-ақ Ресей тарапынан да осындай мүдделілікті
көріп отырмыз. Бізде ынтымақтастықтың барлық салаларында – қауіпсіздік,
өнеркәсіп және энергетика, ғылым, мәдениет салаларында өзара ықпалдастықтың
зор әлеуеті бар, мұның өзі екі ел экономикаларының серпінді дамуы арқылы
қуатталып отыр.
Бұдан кейін Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан өзінің алдына таяудағы он
жылда әлемнің бәсекеге барынша қабілетті және серпінді дамып отырған 50
елінің қатарына кіру міндетін қойғанын айтып, оған негіз болған соңғы
жылдардағы жетістіктерге тоқталып өтті.
Бүкіләлемдік экономикалық форум 2005 жылдың есебінде жариялаған
макроэкономикалық ортаның индексі бойынша Қазақстан тізімдегі әлемнің 117
елінің ішінде 41-ші орын алған.
Қазақстан басшысы экономиканың шикізаттық бағытынан арылу үшін
қабылданған Индустриялық-инновациялық стратегияны іске асыру үшін
мемлекеттік даму институттары құрылғаны туралы айтып, олардың қатарында
Қазақстанның Даму банкіне, Қазақстанның Инвестициялық қорына, Ұлттық
инновациялық қорға, Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру
жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясына, Маркетингтік-талдамалық
зерттеулер орталығына, Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорына тоқталып өтті.
Олардың есебінен бүгінде 101 жоба қаржыландырылады, бұл жобалардың 70-і
іске қосылған. Биылғы жылы барлық даму институттары Тұрлаулы даму қорына
біріктірілді, ендігі жерде бұл қор халықаралық рыноктардағы міндеттерді
шешуге қажетті барлық ресурстарға ие болып отыр.
Бұдан кейін Президент Нұрсұлтан Назарбаев Дума депутаттарына мемлекеттік
басқару жүйесін реформалау аясында жүргізілген шаралар туралы айтып берді.
Біздегі барлық мемлекеттік лауазымдар саяси және әкімшілік деп бөлінген.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді қабылдау конкурстық негізде жүзеге
асырылады.
Қазіргі әлемде ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің шешуші факторы оның
интеллектуалдық әлеуеті болып табылады. Сондықтан да білікті кадрларды
жүйелік даярлауға айрықша мән беріледі, дей келіп, Қазақстан басшысы бұдан
он жыл бұрын “Болашақ” бағдарламасын белгілегенін, соның аясында талантты
қазақстандықтар әлемнің үздік университеттерінде білім алатынын, бүгінде
бағдарлама түлектері мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда жетекші
қызметтер атқаратынын, ал былтырдан бастап мемлекет есебінен мұндай
оқитындардың саны 3 мыңға жеткізілгенін атап өтті.
Нұрсұлтан Назарбаев соңғы үш жылда Қазақстанда ірі ауқымды аграрлық
реформа жүзеге асырылғаны, соның нәтижесінде ауыл дағдарыстан шығып қана
қоймай, дамудың сапалық жаңа деңгейіне көтерілгені туралы айтып берді.
Мемлекет басшысы бұдан кейін Қазақстан халқына Жолдауында көзделген
жеңілдіктерге, елде жүргізіліп отырған әлеуметтік саясатқа тоқталып өтті.
Дума депутаттары елде тиімді банк жүйесі құрылғанынан, энергетика, тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық жүйелерінде реформа жүргенінен, зейнетақы
жүйесінде түбегейлі реформа болғанынан хабардар етіліп, осынау жылдары
экономикаға 43 миллиард доллардан астам тікелей шетелдік инвестициялар және
70 миллиард доллар ішкі инвестициялар тартылғанын білді.
Нұрсұлтан Назарбаев даму үдерісінде Қазақстанның басты әріптесі деп
Ресейді білетініне және бұл туралы Жолдауда атап айтылғанына тоқталды. Онда
былай деп көрсетілген: “Қазақстан-Ресей қатынастары сенім мен стратегиялық
серіктестіктің жоғары деңгейінде тұр. Ресейлік бағыт – Қазақстан сыртқы
саясатының аса маңызды басымдығы”.
Қазақстан-Ресей екіжақты қатынастарында сындарлы диалог пен өзара
мүдделерді ескеру жолымен шешілмейтін мәселе жоқ. Біздің мемлекеттеріміз
ірі екіжақты және халықаралық жобаларда, мәселен, Каспий тұрба құбыры
консорциумында, Қарашығанақ газ кен орнын игеруде, энергия жүйелерінің
қатарласа жұмысын ұйымдастыруда, Екібастұз ГРЭС-2 базасында бірлескен
кәсіпорын құруда және басқаларында табысты ықпалдасып келеді. Екі елдің
және әлемдік ғылымның мүддесіне қарай “Байқоңыр” бірегей ғылыми-техникалық
кешені ойдағыдай жұмыс істеуде.
Ғарыш және әскери-техникалық салалардағы ынтымақтастық белсенді дамып
отыр. Қазақстан мен Ресейдің шекаралық облыстары мен өңірлері арасындағы
ықпалдастық жақсы дамуда. Бүкіл посткеңестік кеңістікте Қазақстан мен Ресей
барлық интеграциялық үдерістерде “локомотив” болып келді және болып қалуда,
дей келіп, Қазақстан басшысы лаңкестік, экстремизм және есірткі бизнесі
секілді уақыт пен жаһанданудың қыр көрсетулеріне бірлесіп қана лайықты
жауап беруге болатыны жөнінде жақсы түсіністік қалыптасқанын, мұның өзі
тұрлаулы дамуды, біздің елдеріміз халықтарының әл-ауқатын арттыруды тиімді
қамтамасыз етуге де қатысты екенін айтып өтті.
Қазақстан мен Ресей өз қатынастарын аясында түзіп, дамытқан сондай алғашқы
интеграциялық бірлестік Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы болып табылады, ол
қазіргі кезде іргелі де серпінді өзгерістерді бастан кешуде. Қазақстан мен
Ресей Достастықты реформалау үдерісінің белсенді қатысушылары болып
табылады және бізде ТМД-ны сақтау қажеттігін түсінушілік бар. Нұрсұлтан
Әбішұлы ТМД аясында құрылған интеграциялық бірлестіктер – Еуразиялық
экономикалық қоғамдастық және Біртұтас экономикалық кеңістік туралы еске
салып өтті.
Осы жерде Президент ЕурАзЭҚ-қа Өзбекстан кіргеннен кейін ол Еуразияның 200
миллионнан астам халқы бар аса ірі интеграциялық бірлестігіне айналғанын
сөз етіп, былай деп атап көрсетті: “Мен 1994 жылы Мәскеуде, ММУ-де айтқан
Еуразиялық одақ құрудың табалдырығында тұрғанымызға сенімдімін”.
Өздерінің географиялық орналасуы мен ресурстық жағдайларына қарай
Қазақстан мен Ресей ЕурАзЭҚ-тың көлік және энергетикалық тұрпатын
қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Біздің елдеріміздің аумағы арқылы
өтетін жүк транзиті басқа сауда жолдарына қарағанда әлдеқайда арзан. Әңгіме
әлемдік экономиканың Азия мен Еуропа секілді екі қуатты орталықтарының
арасындағы жүк ағыны туралы болып отыр.
Мұндай көлік-транзит жобалары алдымыздан үлкен мүмкіндіктер ашады және
біздің өңірлердің жедел дамуына тікелей ықпал етеді.
Оның үстіне Қазақстан мен Ресей іскерлік белсенділікке қолдау білдіру
мақсатында жарғылық капиталы 1,5 миллиард АҚШ долларына жететін Еуразиялық
Даму банкін құру туралы уағдаласқанын сіздер білесіздер, деді Қазақстан
басшысы. Бұл қуатты интеграциялық құрал нақты міндеттерді шешуге,
инвестициялық жобаларды, еуразиялық кеңістіктегі бағдарламаларды іске
асыруға көшуге мүмкіндік береді. Нұрсұлтан Әбішұлы осы тұста “ЕурАзЭҚ
аясында интеграция деңгейін 80 пайызға дейін жеткізуге, содан кейін ортақ
рынок құруды бастауға болады деп ойлаймын” дегенді қадап айтты.
Екі мемлекеттің Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Ұжымдық қауіпсіздік
туралы шарт ұйымы аясында белсенді ықпалдасып, жаһандық және өңірлік
қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бастамаларға қолдау білдіріп
отырғаны мәлімделді.
Жоғары деңгейдегі кездесулер барысында, ал олар 2005 жылы ғана сегіз
рет болды – және бұл рекордтық көрсеткіш, деді Қазақстан Президенті, біз
Владимир Владимирович Путинмен біздің халықтарымыздың достығы мен өзара
түсіністігін нығайтуға бағытталған мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты
елеулі түрде кеңейтуге уағдаласқан болатынбыз. Бұған біз осы күндері ашқан
Ресейдегі Абай жылын және Қазақстандағы Пушкин
жылын өткізу жәрдемдесетін болады.
Абай мен Пушкин – қазақ және орыс мәдениеттерінің тығыз өзара
ықпалдасуының нышаны. Пушкиннің Абай қазақ тіліне алғаш аударған ғаламат
туындылары қазақ халқының орыс мәдениетін түсінуіне жол ашты.
Ұлы орыс ақынының есімімен Қазақстанда театрлар мен мұражайлар,
кітапханалар мен мектептер аталған. Оның шығармашылығы – оқыту тіліне
қарамастан орта мектептер бағдарламасына міндетті түрде енгізілген.
Қазақстанның жаңа елордасы – Астанада ашылған алғашқы монументтердің бірі
Пушкиннің ескерткіші болды.
Қазақ сахарасында орыс мәдениетін таратудағы Абайдың еңбегіне баға
жетпейді. Қазақ халқының ұлы ақыны әрі ұлы ағартушысы орыс тілін үйренуді,
ол әлемге біздің көзімізді ашатынын, орыс ғылымы мен мәдениеті дүниежүзілік
қазынаға кілт екенін, бұл кілтке ие болғандар басқа нәрселерге оңай қол
жеткізетінін айтқан болатын.
Бұдан кейін қазіргі Қазақстанда тұратындар орыс тілін еркін
меңгергені, орыс тілінде мерзімді басылымдар шығып, электрондық БАҚ-тардың
бәрі орыс тілінде хабар тарататыны, барлық жоғары оқу орындарында оқытудың
орыс тілінде де жүргізілетіні, бұл тіл жалпы білім беретін мектептерде
міндетті пән екені айтылды. Орыс мәдениеті мен орыс тіліне осындай
қамқорлық ТМД-ның басқа бір де бір мемлекетінде жоқ екенін нық сеніммен
айта аламын, деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы сөзінің қорытындысында Қазақстан мен Ресей мәңгілік
әріптестер екенін және жоғары заң шығарушы орган ретінде Мемлекеттік
Думанды осы әріптестікті нығайтуда бірінші дәрежелі рөл атқаратынын тағы да
атап өтіп, палата депутаттарының стратегиялық әріптестікті нығайту және
біздің халықтарымыздың өркендеу ісіне қосып отырған үлесіне алғыс сезімін
білдірді және алда келе жатқан айтулы мерекемен құттықтады
Қазақстан экономикасы
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарында орнықты экономикалық
өсуі қамтамасыз етіліп, соның негізінде жеке бастамашылық пен кәсіпкерлік
қанат жайып, сыртқы сауда мен инвестиция тартылымы белсенділікке ие болды.
онжылдықта елдің ІЖӨ 5 есеге артты (22 млрд. АҚШ долларынан 100 млрд.
долларға дейін).
Бүкіләлемдік банктің саралауы бойынша Қазақстан орта деңгейлі табысы
бар елдердің тобына кіреді. 2007 жылы жан басына шаққандағы ІЖӨ 7 мың АҚШ
долларына теңеледі.
Бүкіл әлемдік банктің бағалауы бойынша Қазақстан әлемдегі инвестиция
үшін аса тартымды жиырма мемлекеттің қатарында. Қазақстан экономикасына
тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 70 миллиардтан астам АҚШ
долларына жетті. Өз кезегінде қазақстандық бизнес те шет елдерге белсенді
инвестиция салуда (26 млрд. АҚШ доллары).
Ұлттық қор қаржысын қоса есептегенде, елдің халықаралық активтері 40
миллиард АҚШ долларынан асады.
Соңғы он жылда сыртқы сауда айналымы 6 есеге артты, 2007 жылы 80
миллиард АҚШ долларын құрауы мүмкін.
Қазақстанның жетекші компаниялары (ҚазМұнайГаз, Қазақмыс,
Қазатомпром және басқалар) халықаралық бизнес жүргізу деңгейіне қол
жеткізді және ғаламдық экономика әлемінде таныла бастады.
Қазақстан – бұл әлемдік сарапшылар үздіктердің бірі деп таныған қаржы және
банк жүйесі қалыптасқан ел. Елімізде Қазкоммерцбанк, ТұранӘлем банкі,
Халық банкі сияқты жоғары халықаралық рейтингке ие ірі банктер жұмыс
істейді.
Республикада бизнесті дамыту үшін барынша жайлы жағдай жасалған.
Қазақстан – жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге зор
үлес қосып отырған мемлекет. Қазақстан әлемде мұнай қоры бойынша – 7-ші
орынды, газ қоры бойынша – 6-ші орынды, уран қоры бойынша – 2-ші орында
иеленеді. 2017 жылы Қазақстан әлемдегі ірі мұнай және газ өндірушілер мен
экспортқа шығарушыларының ондығына кірмек.
Сонымен бірге, Қазақстанда тау-кен саласы, түсті және қара металлургия,
машина жасау, құрылыс индустриясы, шағын және орта бизнес және басқа да
көптеген салалар серпінді дамуда.
Қазақстан Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруге әзірлік үстінде және іс
жүзінде заңнамалық базаны ДСҰ-ның талаптарына сәйкестендірді.
Қазақстан өз экономикасының өтпелі кезеңін табысты аяқтап, жаңа сапалы
қадам - әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруге ниет
білдіріп отыр.
Қазақстан Республикасы туралы жалпы мағлұмат
Қазақстан Республикасы — Еуразия құрлығындағы мемлекет. Құрлықтың
орталық бөлiгiнде орналасқан. Республика жерi батыстан шығысқа 3000 км-ге,
солтүстіктен оңтүстікке 1600 км-ге созылған. Коңыржай белдеудiң негiзiнен
орталық және оңтүстік ендiктерiн, ал қиыр оңтүстігінде субтропикке өтпелi
белдеудi қамтиды. Солтүстігінде Ресей Федерациясымен (ұз. 6467 км),
оңтүстігінде Түрiкменстан (380 км), Өзбекстан (2300 км) және Қырғызия (980
км) республикаларымен, шығысында Қытаймен (1460 км) шектеседi, батысында
Каспий т. (600 км) орналасқан. Жер аумағы 2724,9 мың км2. Халқы 15 млн.-нан
астам адам. Оның 9 млн-ға жуығы немесе 60%-дайын қазақтар құрайды.
Республикада 131 ұлт пен ұлыстың өкiлдерi тұрады. Астанасы — Астана қаласы.
Әкiмшілік жағынан 14 облыстан және республикалық маңызы бар 2 қаладан
тұрады. Одан басқа Қазақстанда 85 қала, 160 аудан, 176 кент, 2237 ауылдық
округке бiрiккен 7719 ауылдық елдi мекендер бар (2003; кестенi қ.).
Мемлекеттiк тiлi — қазақ тiлi. Ұлттық валютасы — теңге, 1993 жылы 15
қарашада енгiзiлген.
Мемлекеттiк құрылысы. Қазақстан — 1995 жылғы 30 тамыздағы
республикалық референдумда қабылданған Конституция бойынша — өзiн
демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретiнде
орнықтырды. Қазақстан Республикасы — президенттiк басқару нысанындағы
бiртұтас мемлекет. Республиканың ең жоғарғы өкiлдi органы — Парламент. Ол
республиканың заң шығару қызметiн жүзеге асырады. Парламент тұрақты жұмыс
iстейтiн екi Палатадан: Сенаттан және Мәжiлiстен тұрады. Сенатқа әр
облыстан және республикалық маңызы бар 2 қаладан екi адамнан сайланады.
Сенаттың 7 депутатын Парламент өкiлеттiгi мерзiмiне Республика Президентi
тағайындайды. Мәжiлiс республиканың әкiмшілік-аумақтық бөлiнiсi ескерiле
отырып құрылған, сайлаушылар саны шамамен тең болатын бiр мандатты аумақтық
сайлау округтары бойынша сайланатын алпыс жетi депутаттан және партиялық
тiзiм бойынша сайланатын 10 депутаттан тұрады. Президент Үкiметтi
Конституцияда белгiленген тәртiппен құрады. Тағайындалғаннан кейiнгi он күн
мерзiм iшiнде Премьер-Министр Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы
республика Президентiне ұсыныс енгiзедi. Қазақстан Республикасының
Конституциялық Кеңесi жетi мүшеден тұрады, олардың өкiлеттiгi алты жылға
созылады. Конституциялық Кеңестiң төрағасын республика Президентi
тағайындайды. Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге
асырады. Ол заңмен құрылған Қазақстан Республикасының Жоғ. Соты және
республиканың жергiлiктi соттары болып табылады. Жергiлiктi мемл. басқаруды
тиiстi аумақтағы iстiң жай-күйiне жауапты жергiлiктi өкiлдiк (мәслихат)
және атқарушы органдар (әкiмдiк) жүзеге асырады.
Қарулы Күштерi. Қазақстан Республикасының әскери құрылымы әскери
басқару органдарын, Қарулы Күштердiң түрлерiн, арнайы әскерлердi, тыл,
әскери оқу орындары мен ғыл. мекемелердi қамтиды. Соғыс уақытында құрамына
қорғаныс мин-не қарайтын әскер түрлерiнен басқа Iшкi iстер мин-нiң iшкi
әскерлерi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметi және басқа да
әскерлерi, респ. “Ұлан”, азаматтық және аумақтық қорғанысты басқару мен
құру органдары кiредi. ҚР Қарулы Күштерiнiң басты мақсаты — елдiң
егемендiгiн, аумағының тұтастығын, экономикасын, мемлекеттік институттары
мен азаматтарын соғыс қатерiнен қорғау, жаугершiлiк немесе әскери
қақтығыстар туғызудың алдын алу, Қазақстанның орнықты дамуы үшiн қолайлы
жағдай туғызу. Республика Қарулы Күштерiне бейбiт кезеңде мынандай негiзгi
мiндеттердi орындау жүктелген: әскери күштi, жауынгерлiк даярлықты
қамтамасыз етiп, басқару органдары мен әскерлердi ел iшiндегi
қақтығыстарды, ҚР-ның мемлекеттік шекарасында немесе аумағының шегiнде
туған кез келген заңсыз қарулы күш көрсетудi тұмшалап, тойтара алатын
деңгейде ұстау; әуе кеңiстiгiн күзету, сондай-ақ, мемл. шекараның жедел-
стратег. тұрғыда маңызды өңiрлерiн жабу; маңызды әскери нысандарды күзету;
елдiң кез келген ауданында жағдайды тұрақтандыру жөнiндегi батыл iс-қимылға
әзiр болу; халықар. мiндеттемелерге сәйкес бiтiмгершiлiк және өзге де
операцияларға қатысу. Бұл мiндеттердi орындауды Қарулы Күштер ҚР-ның басқа
да әскерлерi мен әскери құрылымдарымен өзара тығыз iс-қимылда жүзеге
асырады. Бұл ретте ҚР Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметiне
құрлықта, теңiзде, көлдерде және өзге де су айдындарында мемл. шекараны
күзету мен қорғау, сондай-ақ, лаңкестiкке (террорға), қару мен есiрткi
саудасына қарсы күреске қатысу жүктеледi. ҚР Үкiметiнiң 2000 ж. 23
қарашадағы ғ1579 қаулысына сәйкес елiмiзде Оңтүстік, Батыс, Шығыс, Орталық
әскери округтерi құрылған. Оңтүстік әскери окуругiнiң қорғайтын жер
аумағына: Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары кiредi.
Округтiң орт. штабы Тараз қаласында. Шығыс әскери округi қорғайтын жер
аумағына: Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары кiредi. Округтiң орталық
штабы Семей қаласында. Батыс әскери округiнiң қорғайтын аумағына: Ақтөбе,
Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары кiредi. Округтiң орт. штабы
Ақтөбе қаласында. Қазақстанның қалған облыстары Орт. әскери округiне
қарайды. Орталық штаб — Қарағанды қаласында.
Қазақстанның геосаяси жағдайы үлкен өзгерiстерге (экстремизм, шекараға
таяу жерлерде әскери қақтығыстардың өршуi, жаңадан ядр. мемлекеттер пайда
болуы, т.б.) ұшырауда. Осыған байланысты ҚР Қарулы Күштерiнiң әскери
доктринасы орташа мерзiмдi кезеңге есептелiп жасалған (1999 — 2005)
қорғаныстық сипатқа ғана ие. Ол әлемдегi және аймақтағы әскери-саяси
жағдайды кешендi бағалауға, мемлекеттiң экон. болмысы мен материалдық
қорының мүмкiндiктерiне сүйенедi. Доктрина Қазақстанның ұлттық қауiпсiздiгi
стратегиясының негiзгi ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz