Математикадан оқушылардың шығармашылық қызметін қамтамасыз ететін сыныптан тыс жұмыстар өткізу


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

І. ТАРАУ. МАТЕМАТИКАДАН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ МЕН ОНЫҢ МІНДЕТТЕРІ

1. 1. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың теориялық негізі . . .

1. 2. Оқушылардың математикадан сыныптан тыс жұмыстарда шығармашылық қабілетін дамытудағы мұғалім мен сыныптан тыс жұмыстың алатын орны . . .

1. 3. Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру . . .

ІІ. ТАРАУ. МАТЕМАТИКАДАН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ТАҚЫРЫПТАР МЕН ЕСЕПТІҢ РОЛІ

2. 1. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін оқушының қызығушылығын арттыратын тақырыптың таңдалуы . . .

2. 2. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудағы логикалық есептің ролі . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .

ҚОСЫМША БӨЛІМ . . .

Кіріспе

Түлектік жұмыстың тақырыбы : Математикадан сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі . Бүгінгі жалпы білім беретін орта мектеп қоғамның алға қойған міндеттерін орындау үшін баланың табиғи мүмкіндіктерін, қабілетін дамытып кең профильді және дүниежүзілік деңгейдегі жоғары мәдениет пен қажетті білім қорын жинақтаған, өз алдына жауапты шешімдер қабылдай алатын, әр істе белсенді шығармашылық әрекет жасауға қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеуі тиіс.

Оқушыларды шығармашылық жолмен оқыту, көптеген ғалымдардың көзқарасы бойынша, алдағы ХХІ ғасырда іске асуға тиісті негізгі - өзекті проблема.

Қазіргі кезде математикадан сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту тұрғысынан тиімділігін арттыру - бүгінгі жоғары және орта мектептерде математиканы оқыту теориясы мен әдістемесінің педагогикалық мәселелерінің бірі.

Психологиялық-педагогикалық еңбектерде шығармашылық қабілет, шығармашылық қабілеттің құрылымы мен оның формалары (П. П. Блонский, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубенштейн, т. б. ), арнайы ұйымдастырылған оқыту әдістерінің шығармашылық қабілеттің дамуы мен ойлаудың икемділігіне тигізетін әсері (П. Я. Гальперин, А. В. Запорежец, Д. Б. Эльконин), тұлғаның шығармашылық қабілетінің психологиясы (А. В. Брушлинский, С. Л. Рубенштейн, т. б. ) жан-жақты зерттелген.

Оқыту процесінде мектеп оқушыларын сыныптан тыс өз бетіндік жұмыстар арқылы ойлануға үйрететін шығармашылық жұмыстар дидакт ғалымдардың (Б. М. Есипов, М. И. Скаткин, И. Т. Огородников, Р. Г. Лемберг, М. Жұмабаев, М. Дулатов, В. П. Добрица, А. Е. Әбілқасымова, А. К. Көбесов, И. Б. Бекбоев, М. И. Махмутов, М. А. Данилов, Т. И. Шамова) мазмұнды еңбектерінде талдаған.

«Қазақстан - 2030» атты еліміздің стратегиялық бағдарламасында ұзақ мерзімді басылымдардың ең негізгілерінің бірі - жоғары интеллектуалды жастарды жан-жақтылыққа тәрбиелеу, олардың потенциалдық деңгейлерінің көтерілуіне үлес қосу. Сондықтан, ұстаз - мұғалімдер қауымының алдында өте үлкен міндет жүктеледі. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білімнің, іскерліктің болуын талап етеді. Оқушының белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын қажет етеді. Сондықтан да мектептегі оқу процесінің негізгі мақсаты - арнайы педагогикалық әдістермен жүйелі түрде оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, оқушының табиғи дарындарын пайдалана отырып, өз бетінше білім алудың негізін салу болып табылады. Шығармашылық - негізгі білім болғандықтан, оқушының білім деңгейіне сүйене отырып олармен дайындық жұмыстарын жоспарлы түрде ұйымдастыру қажет. Білімге деген ынтасын, қызығушылығын, тұрақтылығын қалыптастыру жолдарын әр түрлі тапсырмаларды орындату арқылы бақылап отыру қажет.

Оқушылардың бойында шығармашылық қабілетті дамыту жалпы білім беретін пәндерді оқып үйрену кезінде және оқу-еңбек процесінде алған білімдерінің негізінде жүзеге асады. Шығармашылық қабілетті дамытудың маңызды шарты адамның табандылығы болып табылады. Табанды болмай тұрып, ізденістің болуы мүмкін емес. Мектеп оқушыларының бойында осы қасиеттерді дамыту қажет. Білім сапасына қойылатын қазіргі заман талабының бастысы - бұл баланың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Оқушы қабілеті дегеніміз - оның педагогикалық ықпал аясындағы білім алу әрекеті, жеке тұлғаны дамыта оқыту әдістері, оның шығармашылық қабілетінің дамуына әсерін тигізеді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі - жаңа технология негіздері болып табылады. Сонымен қатар оқушының ақпарат құралдарымен жұмыс істей білуін активтендіру негізінде педагогикалық технология мен компьютерлік технологияны бірігіп пайдаланудың ролі зор.

Оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарда шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін (Б. А. Тұрғынбаева, Қ. И. Қаңлыбаев, Г. Т. Жақыпбекова және т. б. ) диссертациялық еңбектерінен көреміз.

Еліміздегі оқыту жүйесінің дүниежүзілік мәні бар оқытуға гуманизациялық тұрғыдан келу мәселесіне бағыт ұстанған кезінде оқушыларды математика пәніне қызықтыру проблемасы өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Осы түлектік жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі - оқушылардың математикадан сыныптан тыс жұмысына сүйеніп, жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып, олардың әртүрлі деңгейдегі шығармашылығын дамыту, сол арқылы ақыл-ойының кемелденуіне мүмкіндіктер туғызу. Зерттеу тақырыбы бойынша диссертациялар, монографиялар, ғылыми-әдістемелік мақалалармен танысып, мектеп практикасына талдау жасалды. Жалпы білім беретін мектепте математикадан сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін «Математикадан сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту» атты зерттеу тақырыбын таңдауға себеп болды.

Зерттеу мақсаты: Математикадан оқушылардың шығармашылық қызметін қамтамасыз ететін сыныптан тыс жұмыстар өткізудің мазмұнын анықтап, оның әдістемелік жолдарын көрсету.

Зерттеу нысаны: Жалпы білім беретін мектепте математиканы оқыту үрдісі.

Зерттеу пәні: Математикадан сыныптан тыс жұмыстар барысында оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыру арқылы олардың шығармашылық қабілетін дамыту әдістемесі.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер шығармашылық қабілет түсінігі компоненттерін анықтай отыра, математикадан сыныптан тыс жұмыстардың әр кезеңінде оларды оқушылардың бойына оқу мүмкіндіктері мен талаптарына сай қалыптастырып отырса, онда оқушылардың шығармашылық қабілеті артуымен қатар математикалық білім сапасы да арта түседі.

Зерттеудің ғылыми-әдістемелік міндеттері:

Зерттеудің мақсаты мен болжамы келесі мәселелерді тұжырымдауға және оны шешуге мүмкіндік берді:

  • оқушылардың шығармашылық қабілеті түсінігі мен оның компоненттерін анықтап, жүйелеу;
  • шығармашылықтың даму белгілері мен өзіндік ерекшеліктерін анықтау;
  • қызығу, ынта, қабілеттілік, шығармашылық ұғымдарының математиканы оқытудағы сипаты мен байланысын, олардың математикадан сыныптан тыс жұмыстарындағы әсерін сипаттау;
  • математиканың сыныптан тыс жұмыстарында шығармашылық қызметті тиімді ұйымдастыру мен оны іске асырудың әдістемесін ұсыну;

Зерттеудің жетекші идеясы: Оқыту процесінде сыныптан тыс жұмыстардың оқу материалдары оқушылардың ойлау әрекетіне үйлесімді күш түсіру арқылы олардың шығармашылық қызметін дамытады.

Зерттеудің әдіснамалық негізі: таным теориясы, адам әрекеттерінің теориясы, адам мен қоғамның табиғатпен бірлігі мен қарым-қатынасы туралы диалектикалық ілім, сонымен бірге оқытуды гуманизациялау идеясы.

Зерттеудің негізгі көздері: математикалық білім берудің және логикалық ойлауды дамытудың мәселелері жөніндегі философтардың, психологтардың, педагогтардың, математиктердің еңбектері, Қазақстан Республикасының білім беру саясаты төңірегіндегі нормативтік құжаттар: «Білім туралы заң» (2007ж), «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» (11. 10. 2004ж, №1459) ; «Қазақстан Рспубликасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты», т. б.

Зерттеу әдістері:

  • зерттеу тақырыбына байланысты әдебиеттермен танысып, оларға ғылыми-әдістемелік тұрғыдан талдау жасалды;
  • Қазақстан Республикасы көлеміндегі мұғалімдердің сыныптан тыс жұмысына байланысты педагогикалық іс-тәжірибесін әңгімелесу, мектептерде ұйымдастырылған әр алуан шараларға қатысу арқылы үйреніп, оны талдау және жалпылау;
  • Мектеп оқушылары және мектепті бітірушілермен жеке және ұжымдық формада әңгімелесу, анкета жүргізу, тест жүргізу, т. б;
  • Педагог математиктермен, оқу-ағарту жұмысын ұйымдастырушылармен әңгімелесіп, кеңінен пікір алысу.

Зерттеу жүргізілген тірек оқу орындары: Алматы қаласындағы №128 М. Әуезов атындағы орта мектеп, Алматы облысы, Іле ауданы, Междуреченск ауылындағы №16 Ю. А. Гагарин атындағы орта мектеп.

Зерттеу құрылымы. Зерттеу құрылымдары бір-бірімен логикалық байланыста бірнеше кезеңде өткізілді.

Бірінші (2007-2008ж. ж. ) - ізденіс кезеңі. Бұл кезеңде зерттеу міндеттеріне сәйкес философиялық, педагогикалық, әдістемелік, математиканың әдістемелік мәселелеріне арналған әдебиеттерге талдау жасау негізінде зерттеу тақырыбының жағдайын айқындау жүзеге асырылды; математика циклындағы пәндерді оқып-үйрену үрдісінде оқушыларда математикалық түсініктердің қалыптасу деңгейін анықтау мақсатында жүргізілетін эксперименттердің жоспары және болжамы жасалды, зерттеудің нақты міндеттері белгіленді; нақты құжаттарды іріктеп алу мақсатында ізденіс тәжірибесі іске асырылды, мектеп оқушыларының математикалық білім, білік және дағдыларын мүмкіндігінше жоғары деңгейде қалыптастыруға жағдай жасайтын әдістеме негізінде анықталды.

Екінші (2008-2009ж. ж. ) - қалыптастыру кезеңі. Бұл кезеңде орта және жоғары сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерінің даму деңгейін анықтайтын арнайы жасалған жұмыс негізінде олардың шығармашылық қабілеттерінің бастапқы деңгейі анықталды, шығармашылықты дамытуға арналған әдістемелер бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізілді.

Үшінші (2009ж) - теориялық және эксперименттік зерттеулердің нәтижелері талданды және қорытындыланды.

Зерттеудің мазмұнына енгізілген ғылыми-әдістемелік жаңалықтар:

  • оқушылардың шығармашылық қабілетінің мөлшері, даму белгілері анықталып, математикадан сыныптан тыс жұмыстарды жүйелі және мақсатты түрде барлық оқушыларға жүргізу қажеттігі негізделді;
  • оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған математикадан сыныптан тыс жұмыстар әдістемелік жағынан жетілдірілді, шығармашылық қабілеттің табиғатын анықтайтын дидактикалық шарттар ұсынылды.
  • математиканың сыныптан тыс жұмыстарының тиімді түрлерін оқушылардың өз бетіндік жұмыстарымен үйлестіріп, оқыту процесінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың әдістемесі жасалды.

Зерттеу жұмысының теориялық мәні. Математикадан сыныптан тыс жұмыстар және өз бетіндік шығармашылық қабілетін дамытудың қажеттігі әдістемелік тұрғыдан алғанда оның оқушылардың жоғары сапалы білім алуына мәні зор екені анықталды.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы: алынған мәліметтер мектептерде оқытылып жатқан математика пәнінің бағдарламасына сәйкес сыныптан тыс жұмыстарды өткізу барысында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға тікелей әсерін тигізеді және жалпы математикадан білімді дұрыс меңгеруге көмектеседі.

Түлектік жұмыста ұсынылатын негізгі қағидалар: математикадан сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту әдістемесінің тиімділігін айқындайтын эксперимент жұмыстарының нәтижелері.

Зерттеу нәтижелерінің дәлдігі мен негізділігі мынада:

  • зерттеу тақырыбы бойынша жүргізілетін жұмыстың теориялық және әдіснамалық тұрғыдан негізделуінде;
  • зерттеудің мақсаттары мен міндеттеріне бара-бар әдістер кешенінің қолданылуында;
  • Қазақстан Республикасының оқыту теориясы мен тәжірибесіндегі қойылған проблеманың қазіргі қалпына мақсатты бағытталған сараптама-талдаудың жасалуында;
  • негізгі жағдайлар мен ғылыми қорытындылардың педагогикалық және әдістемелік заңдылықтарға сүйенуінде;
  • оқытудың нәтижелілігінің обьективтілігінде және олардың сапалық тұрғыдан сипатталуында;
  • математикадан сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың тиімділігін арттыратын мәлімет экспериментік тәжірибеден өткендігінде.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Түлектік жұмыс бір-біріне логикалық түрде байланысқан кіріспеден, дербес екі тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Кіріспеде тақырып және оның көкейкестілігі негізделген, ғылыми болжам ұсынылған, зерттеу жұмысының мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері, ғылыми жаңалығы көрсетіліп, зерттеудің әдіснамалық негізі анықталған.

«Математикадан сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың әдістемесі мен оның міндеттері» тарауында зерттеу проблемасы бойынша философиялық, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалған; математиканы оқыту әдістемесі бойынша оқушылардың математикадан сыныптан тыс жұмыстарда шығармашылық қабілетін дамыту жолдары қарастырылған. Сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастыру негізінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары зерттелді. Дәстүрлі және қазіргі қоғамның дамуына сай деңгейдегі сыныптан тыс жұмыстардың ерекшеліктеріне жан-жақты талдау жасалды.

«Математикадан сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға арналған тақырыптар мен есептің ролі» тарауында оқушылардың математикадан сыныптан тыс жұмыстарда шығармашылық қабілетін дамыту үшін математикадан сыныптан тыс жұмыстарда өтілетін тақырыптар мен қызықты, логикалық есептерді шығару қарастырылған.

Қорытындыда зерттеу қорытындылары жалпыланған және жүйеленген, сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту туралы ғылыми-педагогикалық ұсыныстар келтірілген.

Қосымшада түлектік жұмысқа байланысты материалдар келтірілген. Онда: эксперимент өткізу кезінде пайдаланылған сабақтың түрлері және сыныптан тыс жұмыстарда пайдаланылатын математикалық кештердің үлгілері көрсетілген.

І ТАРАУ Математикадан сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың әдістемесі мен оның міндеттері

1. 1. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың теориялық негізі

Қазіргі таңдағы әлеуметтік, экономикалық талап-тілектерге сай рухани бай, білімді, шығармашыл тұлға тәрбиелеу қажеттігі ерекше туындап тұр.

Қай заманда да өркениеттің дамуы интеллектуалдық шығармашылық қабілеттіліктің негізінде жасалынған, әлі де солай болып келеді. Шығармашылық адам санасының жасампаздығын және іс-әрекетінің биік белсенділігін көрсетеді. Адам қабілетінің дәрежесі, оның кәсіби іскерлік шеберлігі, бизнес пен кәсіпкерліктің нәтижелілігі, жаңалық ашуы тұлғаның шығармашылық ойлауына қатысты анықталады. Тұлғаның шығармашылығын адамның кішкентай кезінен бастап есейген кезіне дейін жүреді. Адам әлеуметтік жүйеде тәрбиеленіп, дамиды, қоғамда болып жатқан іс-әрекеттерге көзқарасы қалыптасады, нығаяды. Тұлға - сана иесі. Шығармашыл тұлға - жасампаз тұлға. Өзін, айналасын, қоғамды жаңартып отырады. Тұлға іс-әрекеті, өзіне және айналасына қарым-қатынасы арқылы, шығармашылық қабілетін жүзеге асыру арқылы қалыптасады. Сондықтан баланың табиғи бейімділігін дамытып, тұрақты, әлеуметтік құнды шығармашылық қабілетке айналдырудың, осы әрекетке педагогикалық басшылық етудің маңызы зор. Шығармашылық бағыттың дамуы адамның тұлға сезінуі мен айналасына өзіндік көзқарасы болуына байланысты. Шығармашылық бағыттың дамуына денсаулығы, психикалық қызметтің дамуы, негізгі шарты - әлеуметтік даму жағдайы негіз болады.

Баланың шығармашылық қасиеті кішкентайынан көріне бастайды, себебі, шығармашылық - бала дамуының қалыпты жағдайы. Алайда шығармашылыққа бейімділік бірте-бірте жоғала бастайды., ол балаға да, қоғамға да кері әсер етеді. Шығармашыл адам жаңашыл, ізденімпаз болады, өмірі қызық мақсаттарын жүзеге асыру барысында өз жолын ашып, кедергілерді жеңе алады, үздіксіз алға жылжып отырады.

Шығармашыл тұлға шығармашылық іс-әрекетте болады, іс-әрекеттің барлық түрінде шығармашылықпен дамиды. Балалық кезеңде шығармашылық бағыт оқу тәрбие үрдісінде тиімді дамиды. Нәтижесінде баланың білімі, белгілі бір қабілеттері артады. Ол әр алуан жолмен, әсіресе, эстетикалық тәрбие құралдары арқылы жүзеге асады.

Эстетикалық тәрбие педагогикалық үрдіс ретінде оқушының болмысқа және өнерге көзқарасын қалыптастырады. Болмыс пен өнер адам өмірінде үлкен роль атқарады. Сонымен шығармашылық тұлға болу дегеніміз - дүниені тану және жаңарту арқылы тұлғаның болмысқа қарасты айқындалуы.

«Шығармашылық» сөзінің төркіні «шығару», «ойлап табу» дегенге саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте «шығармашылық - қайталанбайтын, тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет» деп түсіндіріледі. Көрнекті психолог Л. Выготский «шығармашылық» деп жаңадан ашатын әрекетті атаған. Ал осы мәселені терең зерттеген психологтардың бірі Я. Пономарев оны «даму» ұғымымен қатар қояды. Зерттеле келе шығармашылыққа берілген анықтамалар да өзгере бастады. Соңғы жылдары «шығармашылық» сөзімен, «жаңалықпен» қатар «бастамашыл, белсенділік» ұғымдары астарлас қолданылып жүр.

Шығармашылық деген қажеттілік - күрделі рухани қажеттілік. Шығармашылық - бүкіл болмыстың, қозғалыстың, дамудың, бір сөзбен айтқанда, тіршіліктің көзі. Қоғам құбылыстарында, жеке адамның, ақыл-санасында, іс-әрекетінде, ішкі жан дүниесінде шығармашылықтың табиғи үрдістері үздіксіз жүріп, белгілі бір жүйемен дамиды. Ішкі шығармашылық үрдістерін табиғат өзі басқарады. Ал сыртқы факторларды басқару, реттеу жеке адамның ой-санасына, айналысатын ісіне байланысты. Адамның шығармашылыққа деген құлшынысы оның өз даралығын, өз қабілеттерін іске асыруына жол ашады. Шығармашылықтың мәнін аша отырып оның «әрекет» ұғымымен тығыз байланысты екенін анықтауға болады. Шығармашылық және әрекет диалектикалық біртұтастықты құрайды. Әрекет шығармашылықты тудырып, оны нақты болмысқа айналдырса, ал шығармашылық әрекетті реттейді, оның амалдарын, тиімділігін анықтайды. Шығармашылық әрекет арқылы шығармашылық қабілеттер қалыптасады, әрі қарай дамиды. Зерттеушілер шығармашылық әрекетке әр түрлі анықтама береді. Мысалы, И. Лирнер шығармашылық әрекет деп білім, білік, дағдыны жаңа жағдайға тасымалдай білуді, нысанның жаңа қызметін көре білуді, жаңа шешім табуды белгілейді. А. Лук шығармашылық әрекетті мәселені шешудегі көрегендікке балайды, идеяларды іске асыру (генерация жасай білу), болжай білу қабілеттерін атайды. Шығармашылық қабілеттер шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы қалыптасады. Ал шығармашылық ойлауға ойдың жылдамдығы, ұшқырлығы, икемділігі, тапқырлығы, дәлдігі жатқызылады.

Республика мектептерінің алдына оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға барлық мүмкіндіктер жасау мақсаты алға қойылып отыр. Мектеп - қоғамның талаптарына байланысты өзгеретін және қоғамның барлық мүшелеріне қызмет жасайтын ерекше әлеуметтік құрылым. Мектептің айналысатын мәселесі жөнінде әр дәуірдің адамдарының көзқарасы мен түсінігі түрліше сипатта болды. Әлеуметік прогресс неғұрлым жоғарылаған сайын осы прогресті қамтамасыз етудегі мектептің орны мен міндеті солғұрлым күштірек болмақ.

Қазір Республикамыздың мектептері өтпелі кезеңде тұр, ол дүние жүзінің алдыңғы қатарлы мектептерінің озық тәжірибесін үйреніп оқытуды ұйымдастыру түрі жөнінен де, білім беру сапасы жөнінен де жаңа жоғары деңгейге көтеріліп келеді, ол ескі әдіс-тәсілдермен бұдан былай оқыта алмайды.

Оқушылардың оқу саласындағы шығармашылық қабілеті жөнінде (ТМД көлемінде) А. Е. Әбілқасымованың, М. Ахметованың, Г. Д. Балктың, И. И. Дырченконың, И. К. Қадыровтың, В. Н. Сергеевтың, Г. А. Тонянның, М. И. Махмутовтың, А. М. Матюшкинның, П. И. Пидкасистидың т. б. мазмұнды еңбектері бар. Сонымен бірге математиканы оқыту әдістемесінде және әсіресе сыныптан тыс жұмыстарға байланысты оқушылардың шығармашылық қабілеті туралы түсініктің өзі осы күнге дейін әртүрлі сипатта түсіндіріліп келеді.

Ежелгі Рим философтарының түсіндірілулерінде білімді игеруде оқушылардың белсенді шығармашылығы айтарлықтай рөл атқарады деген пікір айтылады. Оқытуды күшейту құралы ретіндегі оқушылардың шығармашылық ізденімпаздығы туралы пікір Я. А. Коменскийдің еңбектерінде, сонан соң И. Г. Песталоцци мен А. Дистервергтің еңбектерінде тереңдетіледі. Мәселен, А. Дистерверг оқыту барысында баланың шығармашылық ізденімпаздығы оның ақыл-ой қабілетін дамытудың аса маңызды құралдарының бірі деп есептейді.

Математикалық шығармашылық қабілет туралы белгілі француз математигі А. Пуанкаре өзінің терең ойларын қалдырды. «Ғылым және әдіс» деген кітабында шығармашылық кезіндегі «математиктің ойында» болып жататын күрделі процестер мен құбылыстарды психологиялық тұрғыдан түсіндіруге әрекеттенеді.

Математиканы оқытудың психологиясы мен педагогикасы жайында көптеген шетел авторларының еңбектері бар, олардың ішінде Д. Пойа, Дж. Брунер, А. Фуше, Ж. Адамар, Г. Биргкоф еңбектерінің мәні зор. Математикалық шығармашылықтың заңдарын ашу туралы мәселені алға қойған американың математигі Д. Пойа математикалық ашылыстарда бақылау, жалпылау, болжам, эксперимент, дәлелдеу сияқты кезеңдердің болатынын атап көрсетті. Математикалық шығармашылықта қолданылатын зерттеу әдістері басқа жаратылыстану ғылымындағы эксперименттік әдістермен бірдей екенін дәлелдеді Д. Пойа.

К. Д. Ушинский еңбектерінде оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытатын оқыту әдістері айтарлықтай жетілдірілген. Алайда С. Т. Шацский (20) мен М. Н. Скаткиннің зерттеулері көрсеткендей, бұқаралық мектеп 50-жылдарға дейін догматизмнің үлесі басым болған көрнекі құралдармен түсіндіріп, оқытылған.

Зерттеулердің түрлі авторлары оқушылардың оқудағы шығармашылық қабілетінің дамуы мен белсенділігін қалыптастыру проблемаларын практикада шешудің түрлі жолдарын бөліп көрсетеді:

  1. Шығармашылық іс-әрекеттің табиғаты жөнінен дербес екенін білдіретін өз бетіндік жұмысты ұйымдастыру мен оқу міндеттерін іріктеп шешу арқылы;
  2. Шығармашылық іс-әрекеттің тәсілдерін қалыптастыру арқылы;
  3. Іс-әрекеттің бағдарланушылық негізін құрайтын жалпылама білімдерді енгізу арқылы;
  4. Оқытуға әдістемелік білімдер элементтерін енгізу арқылы;
  5. Оқу іс-әрекетін өздігінше бақылауды дамыту арқылы.

Психология ғылымында математикалық қабілеттілік проблемалардың комплексі ретінде қарастырылады. Осы заманғы психологиялық зерттеулерде математикалық қабілетке қатысты

  1. есептер шешуге байланысты ойлау тәсілдерінің ерекшеліктерін анықтауға ұмтылу;
  2. математикалық қабілеттің құрылымына талдау жасауға ұмтылу сияқты екі бағыт бар.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру тәжірибесі
Математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Математиканың сыныптан тыс жұмыстарын ұйымдастыру формалары
Математикадан бастауыш мектепте сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар
Математикадан факультатив жұмыстарды ұйымдастыру
Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру формасы
МАТЕМАТИКАДАН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ
Оқыту принциптер жүйесі
Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
Математикадан сыныптан тыс сабақтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz