Информатика ғылымы



І ТАРАУ. ИНФОРМАТИКА ҒЫЛЫМЫ.
Информатика . ғылым және техниканың бірлестігі .
1.2 Ғылым жүйесіндегі информатиканың орны
1.3 Ақпарат, оның түрлері мен қасиеттері .
1.4 Мәлімет тасымалдауыштар.
ІІ ТАРАУ. ИНФОРМАТИКАНЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРІ .
Кіріспе.
2.1. Жиындар және оларға қолданатын амалдар .
2.2. Қатынастар ..
2.3 Функциялар .
2.4. Пікір. Пікірлер алгебрасының алфавиті және формулалары
2.5. Пікірлер алгебрасы формулаларының ақиқаттық мәндері және ақиқаттық кестелері. Ақиқаттық формулалары
2.6. Ақиқаттық функциялардың жетілген қалыпты формалары және толық жүйелері .
2.7. Тавтологиялардың қасиеттері. Маңызды тавтологиялар .
2.8. Логикалық салдар және оның жалпымәнділік пен байланысы.
2.9. Пікірлер алгебрасы тілінің қолданулары .
Тапсырмалар ...
ІІІ ТАРАУ. ЭЕМ АРХИТЕКТУРАСЫ .
3.1 Дербес компьютер құрылғылары .
3.2 Компьютер архитектурасының тарихы мен оған шолу .
3.3 Микропроцессорлардың даму тарихы ..
3.4 Микропроцессордың жадымен жұмысы. Адрестеу әдістері
3.5 Компьютердің логикалық элементтері: логикалық вентилдер, Триггерлер, санауыштар, регистрлер.
3.6 Дербес компьютер туралы .
3.7 Есептеуіш техникасының даму тарихы
3.8 Компьютерлерді топтастыру .
Компьютер жадының ұйымдастырылуы, жады иерархиясы .
ІҮ ТАРАУ. САНАУ ЖҮЙЕСІ .
4.1 Санау жүйесі. Код
4.2. Бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыру .
4.3 Дұрыс бөлшектерді бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне көшіру
4.4 Аралас бөлшектерді бір жүйеден екінші жүйеге көшіру
4.5 Әр түрлі жүйедегі сандарға арифметикалық амалдар қолдану.
Бақылау сұрақтары.
Тапсырмалар .
Ү ТАРАУ. ЕСЕПТЕУДІҢ АЛГОРИТМДІК ШЕШІМІ. АЛГОРИТМДІК КҮРДЕЛІЛІКТІ ТАЛДАУ .
5.1 Алгоритм концепциялары мен қасиеттері .
5.2 Алгоритмдердің базалық басқарушы құрылымдары .
5.3 Шамалар
Бақылау сұрақтары.
Тапсырмалар ..
ҮІ ТАРАУ. БАҒДАРЛАМАЛАУ ТІЛДЕРІ
6.1 Бағдарламалау тілдеріне шолу ...
6.2 Тілдің алфавиті .
6.3 Тілдің қарапайым құрылымы ...
6.4 Мәлімет типтері ..
6.5 Идентификаторлар ..
6.6 Бағдарлама құрылымы .
6.7 Паскаль тілінің оперераторлары .
6.8 Мәліметтерді енгізу.шығару операторлары .
6.9 Меншіктеу операторы ..
6.10 Енгізу операторы ..
Бақылау сұрақтары .
Тапсырмалар ..
ҮІІ ТАРАУ. ОБЪЕКТІЛІ.БАҒДАРЛЫ БАҒДАРЛАМАЛАУ .
7.1 Объектілі.бағдарлы бағдарламалау тілдерімен танысу
7.2 Delphі тілінде программалау ортасымен танысу
7.3 Негізгі терезе мен компоненттер жинағы.
7.4 Бақылау сұрақтары ..
7.5 Тапсырмалар ..
ҮІІІ ТАРАУ. WINDOWS XP ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ.
8.1 Операциялық жүйенің негізгі ұғымдары мен атқаратын қызметі ..
8.2 Windows XP интерфейсі. OFFICE XP.дің жаңа мүмкіндіктері .
8.3.Файлдық жүйемен жұмыс
8.4. Файлдарды архивтеу, архив файлды ашу .
8.5. Вирус түрлері, антивирус бағдарламалары
Бақылау сұрақтары .
Тапсырмалар .
ІХ ТАРАУ. MS WORD 2000 МӘТІНДІК РЕДАКТОРЫ ..
9.1. MS Word мәтіндік редакторы туралы ..
Бақылау сұрақтары .
Тапсырмалар ..
Х ТАРАУ. MS EXCEL ЭЛЕКТРОНДЫҚ КЕСТЕСІ .
10.1 Электрондық кестенің негізгі түсініктері
10.2 Мәліметтерді өзгертуден қорғау .
10.3 Excel.де қолданылатын функциялармен танысу
10.4 Excel 2002 бағдарламасының диаграмма қосудағы жетістіктері ..
10.5 Excel 2002 бағдарламасының диаграмма қосудағы жетістіктері.
10.6 Диаграммаларды өңдеу және көркемдеудің негізгі әдістері.
10.7 Мәліметтер қоймасының негізгі түсініктері.
Бақылау сұрақтары .
Тапсырмалар ..
ХІ ТАРАУ. MS ACCESS МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
11.1 ACCESS мәліметтер қорының негізгі ұғымдары мен түсініктері
Мәліметтер қорының терминдері
11.1 ACCESS мәліметтер қоры, мәліметтер қорының терминдері .
11.2 Мәліметтер типтері ..
11.3 ACCESS мәліметтер қорының кесте, сұраныс, үлгі, қорытынды есеп, макрос, модуль объектілері. Кесте түріндегі мәліметтер ..
11.4 Енгізу және мәліметтердің көрінісін қорытып шығару үлгілері .
11.5 Көптеген пайдаланушылар осы әдісті қолданады .
11.6 Мәліметтер қорын жобалау принциптері .
11.7 Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер .
11.8 Access объектілері. Басқару объектілері .
11.9 Басқару элементінің құралдары
11.10 Объектілердің құралдары бойынша сілтемелер
11.11 ACCESS.те бағдарламалау тілдері .
11.12 Құрылымды сұраныстар тілі
11.13 Макроста бағдарламалау
11.14 Макростар мен модульдер
Бақылау сұрақтары
Тапсырмалар.
ХІІ ТАРАУ. КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР. ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІ .
Бақылау сұрақтары.
Тапсырмалар .
Информатика оқу пәні ретінде барлық типтегі мектептерге 1985 жылдан бастап енгізілді. Жаңа оқу пәні «Информатика және есептеуіш техника негіздері» (ИЕТН) деп аталды. Жалпы білім беретін мектепте бұл пән жоғарғы екі сыныпта оқытылды (ол кезде бұл 9-10 сыныптар болды).
Жалпы білім беретін мектептің оқу жоспарына біртіндеп енгізілген, информатика пәнінің мақсат-мазмұны ертеден-ақ белгілі еді. Бұл процесс оқушылардың кибернетика және бағдарламалау элементтерін оқып үйрену тәжірибелерінен басталады. Білім беру тарихында мектептің білім беру жүйесіндегі және қоғамдағы маңызды сапалы қорларды сипатайтынбірнеше кезеңдер ерекшеленеді. Бұл жинақталған қорлар (дүниетану, оқу-әдістемелік, ұйымдастырушылық) өткен ғасырдың 1980 жылдың ортасында информатиканың жеке пән түрінде мектепке енуін және қалыптасуын қамтамасыз етті.
Бірінші электрондық есептеуіш машиналар біздің елімізде ХХ ғасырдың 50 жылдарының басында пайда болды. Бұған қоса адамзат қызметінің жаңа саласы – электронды есептеу машиналарына (ЭЕМ) бағдарлама жасау қарқынды дами түсті. Өзінің қалыптасуының бастапқы кезеңінде де тіл құралы мен әдістерінің жетілмегендігіне қарамастан, ЭЕМ-ге бағдарлама жасау, оқытушылардың оны қабылдауына және түсіну мүмкіншілігіне шек қоятын қандай да бір принциптік қиыншылықтарды тудырмайтынын айта кету керек. Бұған қарапайым түсініктеме бар: ЭЕМ-ге қиын емес оқу бағдарламаларын құрастыру жеткіншек жастағы оқушының шамасы келетін, қарапайым және маңызды ұғымдарының шектелген ауқымына сүйенеді. Алғашқы ЭЕМ-дердің ғылыми-зерттеу мекемелерінде және жоғарғы оқу орындарының ірі орталықтарында пайда болуынан кейін, яғни ЭЕМге кіру және машина уақытына иелік ету мамандардың ынта-ықпалымен және олардың оқушылармен ізденушілік жұмыстарына деген қызығушылықтарына сәйкес келіп жатты, осындан кейін ЭЕМ-де бағдарлама жасауды оқып үйренетін оқушылар топтары пайда бола бастады.
1. Бөрібаев Б. Информатика және компьютер. Алматы:, "Білім", 1995
2. Балапанов Е., Бөрібаев Б., Мадьярова Г. Жаңа ақпараттық технологиялар. (Лабораториялық практикум). Алматы.2000, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың Білім Академиясының Республикалық баспа кабинеті.
3. Карпов Б. Microsoft Access 2000 Справочник. Питер 2001
4. Фигурнов В.Э. ІBM PС для пользователя. Москва: ИНФРА-М.1995.
5. Қазмағанбетов А.К., Кеңесбаев С.М., Махметова А.М., Салғараева Г.И. MS ACCESS мәліметтер қорын басқару жүйесі. Алматы – 2003.
6. Бралиева Н., Тимошенко В., Гагарина Н., Информационные системы бизнеса.Алматы-1994
7. MS EXCEL-97 Лабораториялық жұмыстар жинағы. Р.Бекмолдаева, Р.Джеренова. Әдістемелік құрал. Шымкент-2000.
8. Лабораторные занятия по информатике. Москва 2000г.
9. Куртер Дж., Моркви А. MS Offіce 2000: учебный курс, перевод с англ. Талебовкий С.
10. Симонович С., Евсеев Г., Алексеев А., Специальная информатика. М., 1999г.
11. Додж М, Стинсон К, Эффективная работа: Excel 2002.-СПБ.:Питер,2003г.
12. В.Э.Фигурнов. IBM PC для пользователя. М.,2000
13. Додж М., Стинсон К. Эффективная работа с Microsoft Excel 2000.-СПб.: Питер, 2003г.
14. Под редакцией С.В.Симоновича Информатика. Базовый курс. 2-е издание –С-П.:Питер 2004г.
15. Под редакцией С.В.Симоновича Информатика для юристов и экономистов–СПб.:Питер 2004г.
16. Байтелиев Т., Төлеп Ә.,.Ильясова М, Орынбаев М., “Информатика”-Түркістан., 2001ж.
17. Байжұманов М.Қ., Жапсарбаева Л.Қ., Информатика: Оқу құралы., Астана 2004ж.
18. Беркімбаев К.М., Гайруллаева Р.М., Ниязова Г.Ж.. Информатика пәні боынша теориялық негіздегі мәліметтер. Оқу-әдістемелік құрал. Кентау, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, 2005ж.
19. Тусупова С.А. Основы профессиональной работы на персональном компьютере под управлением MS WINDOWS 9x: Учебный курс.-Алматы: Университет “Туран”, 2001г.
20. Бекбаев А.Б. Автоматика және өндірістік процестерді автоматтандыру: Техникалық жоғарғы оқу орындары студенттеріне арналған оқулық.- Алматы: Білім, 1995ж.
21. Камардинов О. Информатика 1,2-бөлім. Шымкент, Республикалық Оңтүстік Қазақстан Полиграфия, 2000ж.
22. Балабекова М. Бухгалтерлік есептеу тәсілдері және ЭЕМ, Алматы 1996ж.
23. Ефимов О., Морозов В. Практикум по компьютерной технологии. Москва: АБФ, 1998ж.
24. Грег Харвей, Excel 2002 для “чайников”.:Пер.с англ.-М.: Издательский дом,“Вильямс” 2004г.
25. Специальная информатика: Учебное пособие. М.Аст-пресс: Инфорком-Пресс. 2000г.
26. Журин А.А. Работа на компьютере. Практическое руководство. Москва, 2002г.
27. Тәжеков А. Математикалық оқытуда компьютерді қолдану: Оқу құралы, Алматы: Қазақ университеті, 2003ж.
28. Левин А. Самоучитель работы на компьютере. Москва: НОЛИДЖ. 1998г.

І ТАРАУ
ИНФОРМАТИКА ҒЫЛЫМЫ

❖ Информатика – ғылым және техниканың бірлестігі;
❖ Ғылым жүйесіндегі информатиканың орны;
❖ Ақпарат, оның түрлері мен қасиеттері;
❖ Мәлімет тасымалдауыштар;

1.1 Информатика – ғылым және техниканың бірлестігі

Информатика оқу пәні ретінде барлық типтегі мектептерге 1985 жылдан
бастап енгізілді. Жаңа оқу пәні Информатика және есептеуіш техника
негіздері (ИЕТН) деп аталды. Жалпы білім беретін мектепте бұл пән жоғарғы
екі сыныпта оқытылды (ол кезде бұл 9-10 сыныптар болды).
Жалпы білім беретін мектептің оқу жоспарына біртіндеп енгізілген,
информатика пәнінің мақсат-мазмұны ертеден-ақ белгілі еді. Бұл процесс
оқушылардың кибернетика және бағдарламалау элементтерін оқып үйрену
тәжірибелерінен басталады. Білім беру тарихында мектептің білім беру
жүйесіндегі және қоғамдағы маңызды сапалы қорларды сипатайтынбірнеше
кезеңдер ерекшеленеді. Бұл жинақталған қорлар (дүниетану, оқу-әдістемелік,
ұйымдастырушылық) өткен ғасырдың 1980 жылдың ортасында информатиканың жеке
пән түрінде мектепке енуін және қалыптасуын қамтамасыз етті.
Бірінші электрондық есептеуіш машиналар біздің елімізде ХХ ғасырдың
50 жылдарының басында пайда болды. Бұған қоса адамзат қызметінің жаңа
саласы – электронды есептеу машиналарына (ЭЕМ) бағдарлама жасау қарқынды
дами түсті. Өзінің қалыптасуының бастапқы кезеңінде де тіл құралы мен
әдістерінің жетілмегендігіне қарамастан, ЭЕМ-ге бағдарлама жасау,
оқытушылардың оны қабылдауына және түсіну мүмкіншілігіне шек қоятын қандай
да бір принциптік қиыншылықтарды тудырмайтынын айта кету керек. Бұған
қарапайым түсініктеме бар: ЭЕМ-ге қиын емес оқу бағдарламаларын құрастыру
жеткіншек жастағы оқушының шамасы келетін, қарапайым және маңызды
ұғымдарының шектелген ауқымына сүйенеді. Алғашқы ЭЕМ-дердің ғылыми-зерттеу
мекемелерінде және жоғарғы оқу орындарының ірі орталықтарында пайда
болуынан кейін, яғни ЭЕМге кіру және машина уақытына иелік ету мамандардың
ынта-ықпалымен және олардың оқушылармен ізденушілік жұмыстарына деген
қызығушылықтарына сәйкес келіп жатты, осындан кейін ЭЕМ-де бағдарлама
жасауды оқып үйренетін оқушылар топтары пайда бола бастады.
Қазіргі кезде осы сияқты практика ең алғаш рет қай жерде іске
асырылатындығын анықтау қиын. Мысалы, бізге белгілі 50-жылдардың соңына
қарай тәжірибе Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Ғылым Академиясының
болашақ академигі және мектеп информатикасының алғашқы нұсқасын жасауды
ұйымдастырушы, математиктер мен бағдарламалау-шылардың ең әйгілі өкілі
А.П.Ершовтың қатысуымен (1931-1988 жж..) және ол кісінің басшылығымен
Академқалашыққа тиесілі Новосібірдің бірқатар мектептерінің есептеуіш
техника базасында дами бастады. Қысқа мерзім ішінде осындай бағыттағы
жұмыстарға еліміздің ғылыми-зерттеу институттарынан және университеттерінен
жаңашыл-оқымысты ғалымдары қосылды. Бұл алғашқы қадамдар оқушыларға жүйелі
бағдарламалау оқу курсының жасалуына тікелей қатысы болмады, бірақ та
оқушыларды бағдарламалауға оқыту идеясының орындалатынын дәлелдеді.
Орта мектептің оқушыларына арналған бірінші ресми бағдарламалау курсы
бойынша оқу бағдарламаларының пайда болуына 60-жылдардың басында жалпы орта
білім беретін мекемелерде есептеуіш бағдарламалаушыларды кәсіби
дайындайтын, математикаға мамандандыратын мектептердің ашылуы себепткер
болды. Осы жылы С.И. Шварцбурдтың 1959 жылдың қыркүйек айында Москва
қаласының Первомайский ауданындағы №425 мектептің бір класында бастап
жүргізген тәжірибе жұмысы кең көлемде белгілі болды.
1960-61 оқу жылында бағдарламалаушыларды дайындайтын мектептердің саны
өсе бастады. №425 Москва мектебі және басқа да есептеуіш-
бағдарламалаушыларды дайындайтын мектептердің тәжірибесі негізінде 1961
жылдың маусымында Ресейдің ағарту министрлігі математикаға мамандандыратын
мектептер үшін: мектеп бітірушінің мамандығына баға беретін мінездеме, оқу
жоспары, математиканың жалпы курсы бойынша бағдарламалар, сонымен қатар,
арнайы Математикалық машиналар және бағдарламалау, Есептеуіш математика
оқу пәндеріне арналған құжаттың бірінші нұсқасын бекітті.
Математикаға мамандандыратын алғашқы мектептердің қалыпстасуы
болашақта маңызды алдыңғы қатарлы есептеуіш техникаларымен жабдықталған ірі
ғылыми-зерттеу мекемелерімен және жалпы білім беретін орта мектептердің
ұйымдасып, әрекет жасауын мүмкіндік берді. Бұл бағыттағы алғашқы қадамдар
едәуір қиыншылықтармен байланысты болды. Сол кездегі С.И. Шварцбурдтың
айтуы бойынша №425 мектепте тәжірибенің басында оқушыларды есептеу
орталығына практикаға жіберу өрексел болып көрінді[74]. Білім беру
департаментінің және қамқорлыққа алған кәсіпорындар мен аудандық әкімшілік
ұйымдарының бірігіп назар аударып, күш салуының нәтижесінде бірқатар
жетістіктерге қол жеткізілді. Осындай бірлесіп қызмет қылудың ең алғашқы
мысалы ретінде Москва қаласының Первомайский ауданы әкімшілігінің көмегімен
№444 мектепке жақын орналасқан Орталық кешенді автоматтандыру ғылыми-
зерттеу институтының Есептеу орталығының базасына, мектеп үшін жаңа сала
болып табылатын оқушылардың есептеу практикасын орналастыру болды. Осы
сияқты жалпы білім беретін мектептер мен ғылыми-өндірістік мекемелердің
бірлесіп, қызмет істеу тәжірибелері көп қайталанды және елеміңздің көптеген
қалаларының аудандық оқу-өндірістік бірлестіктерінің құрылу және
ұйымдастырылу жұмыстарында кең көлемде қолданылды. Қазақстанда
Республикалық физика-математика мектеп-интернаты, әл-Фараби атындағы Қазақ
Мемлекеттік университетінің базасында есептеуші-бағдарламалаушы қосымша
мамандыққа даярлау бағытында орасан зор жұмыстар жүргізілді.
1976-84 жылдары Қазақстан Республикасы, Ұлттық Ғылым Академиясының
академигі А.Т. Лукяновтың жетекшілігімен С.М. Киров атындағы Қазақ
Мемлекеттік университетінің мамандары мектеп оқушыларын бағдарламалау мен
ЭЕМ-де жұмыс істеуге үйрету жұмыстарын бастады. [99,100].
Бағларламалау саласындағы мамандықтары бар мектептердің дамуы:
оқушыларға бағдарламалауды оқыту мәселелеріне арналған көптеген мақалалар
және әдістемелік зерттеулердің, құралдардың шығуына өте маңызды және
тиімді ықпал жасады. Осы және 1960-жылдардың басында шыға бастаған
бағдарламалауды оқыту бойынша материалдар, сонымен қатар математикаға
мамандандырылған мектептер үшін арнайы материалдардың жариялануы
Математика в школе журналы үшін әдеттен тыс болды.
Осы жылдары математикаға мамандандыратын мектептер үшін дайындаған
А.Л.Брудноның [15,69] мазмұндлы белгілеулердегі бағдарламалау жүйесіне
негізделген оқу құралы кең танымал болды. Жоғары әдістемелік деңгейде
жазылған бұл кітаптар бағдарламалау бойынша факультативтік курстардың
қалыптасуына да маңызды роль атқарды.
1980 жылдардың басында Қазақстан мектептерінде Алматы қаласында
Республикалық физика-математика мектеп-интернатында8-10 сынып оқушыларына
бағдарламалау тілдері бойынша арнайы курстар жүргізілді және бағдарламалау
тілі ретінде ФОРТРАН тілі оқытылды. Мектеп бітіргенде оқушыларға бірінші
разрядтағы есептеуші-бағдарламалаушы куәліктері берілді.
Ақпарат термині латын тіліндегі informatio сөзінен шыққан, яғни
білу, түсіндіру деген мағынаны білдіреді. Бұл сөзден түсінетініміз,
адамдардың бір-бірімен ауызша, жазбаша немесе басқада тәсілдермен
хабарласуын білдіреді. Ғылыми және арнаулы оқулықтарда бұл термин нақты
қолдану саласына қарай ие болды.
Мәліметтер деп құжатталған ақпарат, яғни қолдануға, өңдеуге ыңғайлы
ақпаратты айтамыз.
Қарапайым түрде айтқанда түрлі нысандар, құбылыстар мен процестер
және т.б. жөніндегі мағлұматтар ақпарат делінеді.
Ақпаратты беру түрлері: мәтіндік, сандық, графикалық, дыбыстық болып
келеді. Ақпарат ұғымының өзі әдетте, кем дегенде, үш бірдей нысанға –
ақпарат көзі, ақпаратты тұтынушы және таратушы ортаға арқа сүйейді. Ақпарат
таза күйінде таратыла, қабылдана немесе сақтала алмайды. Оның тұғыры –
мәлімет болып табылады. Мәлімет – ақпарат көзі арқылы және әлдебір
реттелген жиын құратын шартты етіс таңбалар (әріппе) тізбегі арқылы
өрнектелген оқиғаның дөптелген баламасы. Ақпараттың байланыс арналары
хабарды тарату құралдары болып табылады. Сигнал – байланыс арнасына
тарайтын және қайсыбір оқиға туралы, бақылау немесе тексеру нысандарының
жай-күйі туралы, басқару, көрсету әмірлерін және т.б. таситын таңба,
физикалық үдеріс немесе құбылыс.
Информатика – есептеу техникасы құралдарының көмегімен мәліметтерді
қабылдау, құру, сақтау, түрлендіру, өңдеу және жеткізу тәсілдерін жүйеге
келтіретін техникалық ғылыми пән. Ол ақпараттың қасиеттерін, ақпараттың
көрсетілуі мен автоматты түрде өңдеу әдістерін зерттейтін және интернет
жүйесін пайдаланатын комплексті ғылым.
ЭЕМ-нің техникалық мүмкіндіктерін пайдаланып ақпаратты жинау, өңдеу
және оны пайдаланушыларға жеткізіп беру тәсілдерін ақпараттық не
компьютерлік технология деп атайды. Аппараттық және бағдарламалық құралдар
мен адамның өзара қарым-қатынасының әдістері мен құралдарын қолданушы
интерфейсі деп атайды.
Информатиканың негізгі мәселесі – есептеу техникасының аппараттық
және бағдарламалық құралдарымен жұмыс істеу тәсілдерін жүйелеу болып
табылады.
Бүгінгі таңда информатиканың негізгі мәселелерінің құрамына келесі
бағыттарды жатқызуға болады:
✓ есептеу жүйелерінің архитектурасы (мәліметтерді автоматты түрде
өңдеуге арналған жүйелерді құрудың тәсілдері мен әдістері);
✓ есептеу жүйелерінің интерфейсі (аппараттық және бағдарламалық
жасақтаманы басқару тәсілдері мен әдістері);
✓ бағдарламалау (компьютерлік бағдарламаларды даярлау әдістері);
✓ мәліметтерді түрлендіру;
✓ ақпаратты қорғау;
✓ автоматтандыру;
✓ стандарттау (әр түрлі есептеу техникасы құралдарына сәйкес
аппараттық және бағдарламалық құралдар арасындағы, мәліметтерді берілу
пішімі арасындағы үйлесімдікті қамтамасыз ету).
Зат алмасу мен энергия алмасу процестерінің арасындағы өзара байланыс
ақпарат алмасу түрінде өтеді немесе оны ақпараттық процесс деп атайды.
Ақпарат – бұл ақпараттық процесс барысында түзілетін қозғалыстағы
объект. Ақпараттың қасиеттері мәліметтердің қасиеттеріне де, әдістердің
қасиеттеріне де тікелей тәуелді.
Ақпарат қасиеттеріне: дәлдігі, толықтығы, бағалылығы, түсініктілігі
түсініледі.
Егер ақпарат істің ақикаттық жағдайын толық ашатын болса, онда ол
ақпараттың дәлдік қасиетін қанағаттандырады.
Егер ақпарат түсінуге және белгілі бір шешім қабылдауға жеткілікті
болса, онда ол ақпараттың толықтық қасиетін қанағаттандырады.
Егер ақпарат қандай да бір мәселелерді шешуге байланысты пайдаланылса,
онда ол ақпараттың бағалылық қасиетін қанағаттандырады.
Егер ақпаратты оны пайдаланушылар тілінде жазса, онда ол ақпараттың
түсініктілік қасиетін қанағаттандырады.
Мәліметтер – ақпараттың құрамдас бөлігі. Тіркелу әдісіне сәйкес
мәліметтер әр түрлі тасуыштарда сақталады және тасымалданады. Ең кең
тараған мәліметтерді тасуыш қағаз болып табылады. Заттың оптикалық
қасиеттерінің өзгерісі лазерлік сәулелердің көмегімен жазылатын тасуыштар
ретінде магниттік таспалар мен дискілерді алуға болады.
Ақпараттық процесс барысында мәліметтер әдістердің көмегімен бір
түрден екінші түрге өзгереді. Мәліметтерді өңдеу көптеген амалдардың
жиынтығынан тұрады:
✓ мәліметтерді жинау;
✓ мәліметтерді қалыптастыру;
✓ мәліметтерді сүзгілеу;
✓ мәліметтерді сұрыптау;
✓ мәліметтерді топтастыру;
✓ мәліметтерді архивтеу;
✓ мәліметтерді қорғау;
✓ мәліметтерді тасымалдау;
✓ мәліметтерді түрлендіру.
Жоғарыдағы мәліметтерге қолданылатын амалдар тізімі толық емес. Бүкіл
әлемде миллиондаған адамдар мәліметтерді құру, өңдеу, түрлендіру және
тасымалдаумен айналысады, әрбір жұмыс үстелінде әлеуметтік, әкономикалық,
ғылыми және мәдени процестерді басқару үшін қажет арнайы амалдар орындалып
отырады. Барлық мүмкіндік болатын амалдардың толық тізімін құрастыру мүмкін
емес және оның қажеті жоқ. Бұдан ақпаратпен жұмыс істеуге көп уақыт кетеді,
сондықтан оны автоматтандыру қажет деген қорытындыға келеміз.
Егер мәліметтер реттелген, яғни қандай да бір берілген құрылымға
сәйкестендірілген болса, онда олармен жұмыс істеуді автоматтандыру оңайға
түседі. Мәліметтер құрылымының негізгі үш түрі бар: сызықтық, кестелік және
иерархиялық.
Мәліметтердің сызықтық құрылымы дегеніміз – әрбір элементтің адресі
мен номері бірмәнді анықталған, реттелген құрылым. Сызықтық құрылымға мысал
ретінде тізімдерді алуға болады.
Кестелік құрылымды мәліметтермен танысу үшін біз көбейту кестесін еске
түсірсек жеткілікті. Кестелік құрылымдардағы элементтер ұяшық адрестерімен
анықталады. ¦яшық адресі кестенің қиылысқан жолдар мен бағандардың
номерімен анықталады.
Тізім немесе кесте түрінде бейнелеуге келмейтін, реттелмеген
мәліметтерді иерархиялық түрде бейнелейді. Бұл тәріздес құрылымдар
күнделікті өмірден таныс. Негізінен түрлі ғылыми жүйелеуде кеңінен
қолданылады. Иерархиялық құрылымдардағы әрбір элементтің адресі құрылымның
төбесінен берілген элементке дейінгі жолмен анықталады.
Мәліметтерді автоматты түрде өңдеуге арналған құрылғылардың жиынтығын
есептеу техникасы деп атайды. Өзара қарым-қатынаста болатын құрылғылар мен
бағдарламалар жиынтығын есептеу жүйесі деп атайды. Есептеу жүйесінің
негізгі құрылғысы компьютер болып табылады.
Компьютер қолданылуына қарай мынадай топтарға бөлінеді: үлкен ЭЕМ
(Электронды есептеуіш машиналары), мини-ЭЕМ, микро-ЭЕМ және дербес
компьютерлер.
1999 жылдан бастап дербес компьютерлер үшін халықаралық стандарт –PC99
спецификациясы жұмыс істеуде. Жаңа стандарт бойынша дербес компьютерлерді
келесідей топтарға бөледі:
✓ бұқаралық дербес компьютер (Consumer PC);
✓ дербес компьютер (Office PC);
✓ ықшам компьютер (Mobil PC);
✓ жұмыс бекеті (Workstation PC);
✓ ойын ДК (Entertainment PC):
Қазіргі кездегі қолданыстағы компьютерлердің көпшілігі бұқаралық
дербес компьютерлер тобына жатады. Іс дербес компьютерлерінің графиктік
бейнелеу құралдарына қойылатын талаптары шағын болады. Ықшам
компьютерлердің құрамында байланыс құралдары болуы міндетті түрде талап
етіледі. Жұмыс бекетіне жататын компьютерлердің мәліметтерді сақтау
құрылғыларына жоғары талаптар қойылады. Компьютерлерді өлшемдері бойынша
үстелдік (desktop), ықшам (notebook), қалталық (palmtop)деп бөлуге болады.
Үйлесімділігі бойынша жүйелеу. Әлемде компьтерлердің көптеген түрлері
мен типтері бар. Олар түрлі фирмаларда жасалып, түрлі бөлшектерден
жинақталып, әр түрлі бағдарламалармен жұмыс атқарады. Мұндай жағдайда
компьютерлердің үйлесімділігі ең басты мәселе болып ауыспалылығы,
бағдарламалардың бір компьютерден екіншісіне тасымалдау қабілеттілігі, әр
типтес компьютерлердің ортақ мәліметтерден бірігіп жұмыс атқару
мүмкіндіктері олардың үйлесімділігіне тікелей байланысты.
Аппараттық үйлесімділік. Аппараттық үйлесімділігі бойынша компьютерлер
аппараттық платформаларға бөлінеді. Дербес компьютерлер саласында кең
тараған екі негізгі аппараттық платформа бар: IBM PC және Apple Macintosh.
Бұлардан басқа кейбір жеке алған региондар мен салаларда ғана қолданыс
тапқан аппараттық платформалар да бар. Компьютердің бір аппараттық
платформаға жатуы олардың үйлесімділігін күшейтеді.
Аппараттық үйлесімділіктен басқа операциялық жүйе деңгейіндегі
үйлесімділіктер де бар.
Есептеу жүйесінің құрамы. Есептеу жүйесінің құрамын оның
конфигурациясы деп атайды. Есептеу жүйесінің аппараттық және бағдарламалық
құралдары әрқайсысы өз алдына жеке қарастырылғандықтан, сәйкесінше есептеу
жүйесінің аппараттық конфигурациясы мен бағдарламалық конфигурациясы да
жеке-жеке қарастырылады.
Аппараттық жасақтамаға есептеу техникасының аппараттық конфигурациясын
құрайтын құрылғылары жатады. Қазіргі заманғы компьютерлер есептеу кешендері
блокты-модульді құрылымнан тұрады, яғни олар нақты бір жұмыс түрін атқаруға
ыңғайландырылып дайын түйіндер мен блоктардан жиыстырылатындай аппараттық
конфигурациядан тұрады.
Орталық процессорға қатысты алғанда құрылғылар ішкі және сыртқы болып
екіге бөлінеді. Енгізу-шығару құрылғыларының көбі және ақпаратты ұзақ уақыт
сақтауға арналған құрылғылар сыртқы құрылғыларға жатады.
Жеке түйіндер мен блоктар арасындағы үндестік аппараттық интерфейс деп
аталатын аппараттық-логикалық құрылғылардың көмегімен орындалады. Есептеу
техникасындағы аппараттық интерфейс стандарттары хаттама деп аталады.

Бағдарлама деп реттелген командалар тізбегін айтады. Кез
келген компьютерлік бағдарламаның негізгі атқаратын қызметі –
аппараттық құралдарды басқару. Аппараттық және бағдарламалық
жасақтама үнемі өзара тығыз байланыста болады.

Бағдарламалық жасақтама бірнеше сатылардан тұрады: негізгі, жүйелік,
қызметтік және қолданбалы.
Негізгі бағдарламалық жасақтама аппараттық құралдармен өзара
байланыста болады.
Жүйелік бағдарламалар компьютерлік жүйенің аппараттық жасақтамасымен
өзара қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Нақты бір құрылғымен байланысты
жүзеге асыратын бағдарлама драйвер деп аталады. Жүйелік сатыға енетін
бағдарламалардың екінші бір тобы қолданушымен өзара қарым-қатынасты
орнатады. Мұндай бағдарламалық құралдар қолданушы интерфейсін қамтамасыз
ету құралдары деп аталады.
Қызметтік бағдарламалық жасақтама. Негізгі сатыдағы бағдарламалармен
де, жүйелік сатыдағы бағдарламалармен де тығыз байланыста болады. Қызметтік
бағдарламалар компьютерлік жүйені тексеру, баптау және жөндеу жұмыстарын
автоматтандырады. Сонымен қатар олар жүйелік бағдарламалардың қызметін
жаңарту мен кеңейту үшін қолданылады.
Қолданбалы бағдарламалық жасақтамалардың көмегімен өндірістік,
шығармашылық, оқыту және т.б. мақсатта нақты жұмыстар атқарылады.
Қолданбалы бағдарламалық құралдарға мәтіндік редакторлар, электрондық
кестелер, мәліметтер қорын басқару жүйелері, автоматтандырылған жобалау
жүйелері, баспахана жүйелері, Web-редакторлар, броузерлер және т.б. жатады.

1.2 Ғылым жүйесіндегі информатиканың орны

Білім – бұл тәжірибеден тексерілген нәтиже, оның адам санасындағы
бейнесі болса, ақпарат – мәліметтерді өңдеуге және тіркеуге алынған іс
әрекет факторларының жиынтығы. Бұл түсінік ақпараттың шығу көзі мен
қабылдаушының (қолданушы) бірігуін білдіреді. Әрқайсының ролін ғылым және
техника, қоғам мен табиғат, адам мен жануарлар атқаруы мүмкін. Осылардың
өзара қатынасынан ақпарат туындайды.
Информатика – адам іс-әрекетінің әр түрлі ортасындағы ақпаратты
қолдану, сақтау, жинау, іздеу т.б. сұрақтарға зерттейтін жаңа ғылыми пән.
Генетикалық информатика есептеуіш техникаға байланысты,
компьютерлік жүйелер мен желілер арқылы ақпаратты компьютерде сақтау,
пайдалану, автоматты түрде өңдеу б.т.
Қазіргі уақытқа дейін информатика әліде жетілмеген термин
болып табылады. Осы Электронды есептеуіш машинаның пайда болу тарихына
жауап іздесек.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін кибернетика ғылымы әртүрлі
жүйелердің байланысы мен басқарудағы жалпызаңдылық ғылымы: биологиялық,
әлеуметтік, жасанды ғылымдар сияқты күрт дами бастады.
Кибернетиканың пайда болуы 1948 ж. американдық математик Норберт
Виннердің Кибернетика немесе басқару және машинаға байланыс атты жарық
көрген кітабында жарияланды. Бұл кітапта басқарудың жалпы теориясын құру
жолдары көрсетілген және әртүрлі жүйелердің байланысы мен басқарудағы
негізгі тәсілдердің проблемалары қарастырылған. Бір мезгілде электронды
есептеуіш машинаның дамуы кибернетиканың бірте-бірте жалпы ақпараттық
ғылымына араласып кетуіне себеп болды. Кибернетика түсінігінің астарында
жалпы мынаны түсіне аламыз, кез-келген сигналдар жиынтығы, мәліметтер, яғни
қоршаған ортадан қабылданатын (кіріс ақпарат Х), қоршаған ортаға берілетін
(ақпараттың шығуы Y), сондай-ақ өзіне сақтайтын (ішкі, ішкіжүйелік ақпарат
Z) (1-сурет).

Сурет 1- Кибернетиканың қарапайым схемасы

Информатика – бұл техника ғылымы, яғни есептеуіш техника құрылғылары
арқылы мәліметтерді құру, сақтау, көрсету, өңдеу және беру жүйелері, сондай-
ақ оларды басқару тәсілдері. Бұл анықтамадан көрініп тұрғандай, информатика
техникаға өте жақын, сондықтан көп оқулықтарда ақпараттық технология деп
көп алынып жүр. Информатика пәні келесідей түсініктерді қамтиды:
✓ Есептеуіш техника құрылғыларын аппараттық қамтамасыз ету;
✓ Есептеуіш техника құрылғыларын бағдарламалық қамтамасыз ету;
✓ Құрылғылар мен бағдарламалардың өзара қамтамасыз ету;
✓ Тұтынушы (адам) мен құрылғылар және бағдарламалық
құрылғылардың өзара әрекеті.
Бұл тізімнен көрініп тұрғандай, информатика өзара байланысу сұрағына
аса назар аударады. Бұл үшін арнайы – интерфейс түсінігі қалыптасқан. Адам
мен аппараттың және бағдарламалық құрылғылардың арасындағы өзара байланыс
қолданушы интерфейс деп аталады. Сондай-ақ, аппаратты интерфейс,
бағдарламалық, аппараттық-бағдарламалық интерфейс түсініктері де бар.
Информатиканың негізгі мақсаттары болып есептеуіш техника құрылғыларын
бағдарламалық және аппараттық жұмыс істеу тәсілдерін жүйелеу болып
табылады. Жүйелеу мақсаты – ақпараттарды беруді дамыту, мәліметтер жұмысын
автоматтандыру этапына өту, технологиялардың тиімділігін арттыру.
Қолданбалы ақпараттық технологияларды қарастырмағанның өзінде,
информатика құрамындағы бөлшектерін алып көрелік. Әрбір осы бөлімнің өзі
өзіндік ғылым болып табылады. Бұлардың өзара қарым-қатынасы мына пәндер
сияқты, алгебра, геометрия, математикалық талдау және класикалық
математика, бұлар жеке пән болғанымен бір ғылымның бөлшектері екені
күмәнсіз.
Теориялық информатика – информатика бөлігі, математикалық бөлігін
қарастырумен қатар математикалық логика сүйенеді. Ол мынадай бөлімдерді
қарастырады, алгоритм және автоматтану теориясы, ақпарат және кодтау
теориясы, грамматика және формальді тілдер теориясы, операцияларды зерттеу
т.б. Информатиканың бұл бөлімі жалпы ақпараттарды өңдеу принциптерін оқыту
үшін математикалық тәсілдерін қолданады.
Есептеу техникасы – есептеу жүйелерін құрастыру принциптерін
құрастыру, мұнда Электронды схемалар мен техникалық құрылғылар емес, ал
есептеу жүйелерінің архитектурасы құрамын анықтау, осы құрылғылардың
архитектурасы, алғашқы компьютерлер кезеңіндегі нейман архитектурасы,
жоғары кезең компьютердің шиндік архитектурасы, ақпаратты өңдеудің
параллельдік (көппроцессорлы) архитектурасы.
Бағдарламалау – бағдарламалармен қамтамасыздандыру жүйесін
құрастырумен байланысты қызмет. Бұл жерде бағдарламалаудың негізгі бөлімін
қарастырамыз: бағдарламамен қамтамасыздандыру жүйесін құру және қолданбалы
бағдарламалармен қамтамасыз етуді құру. Қолданбалы бағдарламалардың аса көп
танымалдары – мәтінді өңдеу жүйелері (MS WORD), электронды таблица (MS
EXCEL), деректер қорын басқару жүйелері ( MS ACCESS).
Ақпараттық жүйелер – информатиканың бір бөлігі, әртүрлі жүйедегі
ақпараттар легін (тобын) талдауды қарастырады, яғни оларды ықшамдау
(оптимизация), құрылымдау, ақпаратты іздеу және сақтау жүйесі, соңғы он
жылда қолданушылардың назарын өзіне аударып отырған ауқымды ақпараттарды
іздеу және сақтаудың жүйесі (Интернет), сондай-ақ бәрімізге таныс ауқымды
деңгейде проблемаларды шешетін WWW гипермәтінді іздеу жүйесі белгілі.
Жасанды интеллект – қиын проблемаларды шешу жолын қарастыратын, яғни
психологиямен, физиологиямен, лингвистикамен және басқада ғылымдармен
қиылысатын информатика аумағы.
Информатиканың өзекті мәселелерінің бірі – адамның ойлау қабілетін
үйлестіру, ақпараттық технологияны интеллектендіру (интеллект – ой, ақыл,
сана). Жасанды интеллект (ЖИ) адамның интеллектуалды ойлау қабілетінің
кейбірін ЭЕМ-де орындауға мүмкін түрде модельдеу, бағдарламалау немесе адам
орындайтын іс-әрекеттерді орындау сияқты мәселелермен айналысады.
ЖИ бағдарламалары көбінесе арнайы дайындалған Пролог, Лисп т.б.
бағдарламалау тілдерінде құрылады. Басқада Паскаль, Бейсик бағдарламалау
тілдерінде құру да мүмкін, бірақ мұнда олардың көлемі үлкен болып,
пайдалануға икемді бола бермейді.
ЖИ математикалық есепті шешуде, медициналық болжауда, шахмат ойнау
сияқты ойындар теориясында, мәтінді бір тілден екінші тілге аударуда,
теореманы дәлелдеуде т.б. салаларда жиі пайдаланылуда.
Информатиканың дәстүрлі (техникалық, жаратылыстану, гуманитарлық)
ғылымдар сияқты ғылымда алатын орнын қарастырсақ. А.П.Ершов анықтамасы
бойынша, информатиканы – жаратылыстану ғылымы деп атаған. Академик
Б.Н.Наумов информатиканы жаратылыстану ғылымы сияқты, жалпы ақпараттың
қасиетін зерттейтін, оны өңдеу құралдары (жинау, сақтау, өзгерту, беру) мен
тәсілдері деп анықтады.
Тұрақты ғылым және жаратылыстану ғылымы дегеніміз не екенін анықтап
көрелік. Тұрақты ғылым (фундаментальная наука) дегеніміз, негізгі түсінігі
жалпы ғылыммен мінезделеді, басқа да ғылымдарда қолданылады. Мысалы,
әртүрлі математика және философия ғылымдары тұрақты ғылым екенінде
күмәніміз жоқ.
Осы сияқты информатика ақпарат, ақпаратты өңдеу процесі
түсініктері жалпы ғылыми мәнді иеленгені күмән келтірмейді.
Жаратылыстану ғылымы – физика, химия, биология және т.б. сияқты біздің
санамызға тәуелсіз әлемде объективті маңызды болып келеді.
Информатика да осылармен байланыса келе өзіндік жасанды, биология,
қоғамдық заңдылығымен ерекшеленеді.

Сурет 2- Ғылым жүйесіндегі информатиканың орны.

Көптеген ғалымдар информатиканың басқа ғылымдармен құрамдас бөлігі
екенін айтады.
Информатиканың маңызды ерекшелігі – ауқымы кең адамзат әрекетінің
барлық түрін қамтиды: өндіріс, басқару, ғылым, білім, жобаларды құру,
сауда, қаржы сферасы, медицина, кримонология, қоршаған ортаны қорғау және
т.б. Осылардың ең негізгісі – жаңа ақпараттық технология негізінде
әлеуметтік басқаруды толық жетілдіру.
Информатика объектілері әр түрлі ғылым мен практикалық қызмет болуы
мүмкін. Әр алуан ақпараттық технология, адамның әр түрлі қызмет түрлерінде
(өндірістік процесті басқару, жобалау, қаржылық операциялар, білім және
т.б.) жұмыс жасайды. Ақпараттық технологиялардың қолданып жүрген ең негізгі
дәстүрлі қысқартылған сөздерін санап көрелік.
АЖБ (автоматтандырылған жүйелерді басқару) (АСУ (автоматизированные
системы управления) – техникалық және бағдарламалық құралдардың кешені,
яғни адаммен өндірісте объектілермен өзара қатынасын немесе қоғамдық ортаны
басқаруды қамтамасыз етеді. Мысалы, білім жүйесінде ЖОО-АЖБ (АСУ-ВУЗ)
қолданылады.
АЖТПБ (Автоматтандырылған жүйелерді техникалық процестермен басқару)
АСУТП (автоматизированные системы управления технологическими процессами) –
мысалы, мұндай жүйе станок жұмысын сандық бағдарламалық басқаруда
қолданылады.
ҒЗАЖ (Ғылыми зерттеулердің автоматтандырылған жүйесі) АСНИ
(автоматизированные система научных иследований) – бағдарламалық-аппараттық
кешен, қайсы бір компьютермен кездесетін ғылыми құралдар, автоматты түрде
осы өлшеулерден енгізіледі, ал бұларды компьютер өңдеуді атқарады және
зерттеушіге ыңғайлы түрін ұсынатын түрі.
АОЖ (Автоматтандырылған оқыту жүйесі) АОС (автоматизированная
обучающая система). Білім алушыға жаңа білімді меңгеруге көмектесетін,
білімін бақылауды атқаратын, оқытушыға оқу материалдарын дайындауға
көмектесетін жүйе.
АЖЖ (Автоматтандырылған жобалау жүйесі) САПР (система
автоматизированного проектирования) - бағдарламалық-аппараттық кешен, яғни
адаммен (конструктормен, инженер-жобалаушымен, архитектормен) әрекеттестік
механизмдер, ғимараттар, күрделі агрегаттардың түйіндері барынша көп
нәтижелі жобалауға рұқсат етеді.
Сондай-ақ медицинада диагностикалық жүйелер, билеттер сату
ұйымдарының жүйелері, бухгалтерлік-қаржылық жүйесін жүргізу, редакция -
баспа жүйелерінде ақпараттық технологияларды қолдануды қамтамасыз ету.
Информатиканың дамуы кибернетикамен байланысы мен шектелуі сұрақ
туғызады. Кибернетика пәнін анықтап алуымыз керек. Информатика мен
кибернетика бір-бірімен тығыз байланысты, ол мынадай басқару концепциясына
негізделеді. Ақпараттық технологиялардың зерттеулерін информатика аумағына
жатқызу – кибернетика жүйелерінде емес (биологиялық, техникалық), ал тек
қана әлеуметтік жүйелерде. Кибернетика өндірістік жүйедегі ақпараттың
қозғалу заңдылықтарын сақтайды, ал информатика осыған сүйене отырып,
ақпаратты қабылдау, өңдеу әдіс тәсілдері, ақпаратты беру, қолдануды
зерттейді. Жалпы кибернетика информатиканың бір бөлігі ретінде
қарастырылады.

1.3 Ақпарат, оның түрлері мен қасиеттері
Қазақстан экономикасының нарықтық қатынасқа енуіне байланысты
ақпараттық нарық кұрыла бастады. Көптеген дамушы елдерде ақпараттық нарық
өндіріс пен қызметтерге өз септігін тигізе бастады. Ақпарат бүгінгі таңда
ұлттық стратегиялық ресурсқа айналып отыр. Оны ішкі өнімнің бір бөлігі
ретінде қарастыруға болады, өйткені ол ақпараттық өнімдер мен қызметтердің
нарығында сұраныс пен ұсынысқа ие болып отыр.
Бүгінгі таңда ақпараттық жүйелер барынша дамуда, ол Қазақстан
Республикасында болып жатқан экономикалық реформаға тікелей байланысты
(Көптеген кіші кәсіпкерлер, фирмалар, әр түрлі меншіктегі банктер,
акционерлік қоғамдар, жеке кәсіпкерлер және т.б. пайда болуына байланысты)
.
Ақпарат – бұл берілгендер мен әдістердің қарым-қатынастарынан пайда
болған өнім. Ақпарат көп уақыт өмір сүрмейді, ол оны құруда болған
берілгендер мен әдістердің қарым-қатынастары болғанға дейін өмір сүреді
және үнемі жаңарып отырады.
Ақпаратты өңдеп, сақтап одан қайта жаңарып берілгендерді алу циклы
ақпараттық процесс деп аталады. Ақпараттық процесс ақпараттарды көрсететін
берілгендерді тасымалдаушылар бар болғанға дейін өмір сүреді. Адам мен
қоғам арасында үнемі ақпараттық процесс жүріп отырады, өйткені саяси,
экономикалық, заңды қарым-қатынастар ақпараттық сипатта болады.
Ақпарат (лат. Infоrmation-таныстыру, көрсету, түсіндіру, түсінік) –
бұл адамдар арқылы таратылатын нақты жағдай туралы хабар, түсініктеме;
хабарлама алу арқылы азаятын, төмендейтін белгісіздік; басқарумен
синтаксистік, семантикалық және прагматикалық сипаттамаларының біртұтас
сигналдары тығыз байланыстағы хабарлама; кез келген объектілер мен
процестердегі (өлі және тірі табиғаттағы) көп түрлілікті бейнелеу жеткізу.
Ақпаратты материя және энергия тәрізді философиялық категориялармен
бір деңгейде қарастырады.
Ақпараттың кең мағынасы – нақты әлемді бейнелеу; ал шағын
мағынасы–сақтауға, тасымалдауға, түрлендіруге және басқаруға болатын кез
келген мәліметтер.
Мәлімет – кез-келген объект туралы мағлұмат.
Ақпараттың көптеген түрлері бар: саяси, биологиялық, математикалық,
технологиялық, спорттық, экономикалық және т.б.
Есептеу техникасының әдістері деп – техникалық құралдардың көмегімен
немесе көмегінсіз орындалатын есептеу әдістерімен амалдарының жиынтығын
айтады. Мысалы әр жерде қолданатын ауызша және жазбаша есептеулер.
Есептеу техникасының құралы деп – есептеу операцияларын орындауға
арналған арнаулы техникалық құралдарды айтады.
Есептеу техникасының құралдарының негізгі құрамы келесідей болады:
1) Есептеуге арналған кестелер;
2) Есеп шот жабдықтары;
3) Есептеуге арналған машиналар;
4) Есептеуіш машиналардың комплексі.
Ақпараттық жүйе (АЖ) – ақпаратты сақтауға, өңдеуге және көрсетуге
қолданылатын, бір-бірімен байланысқан құралдардың, әдістер мен
персоналдардың жиыны.
Қазіргі кездегі жаңа ақпараттық технологиялар–қазіргі компьютерлік
техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және тасымалдау істерін
қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі
кездегі техникалық құралдар жиыны.
Мәлімет ұғымын ақпарат ұғымымен шатастырмау керек. Ақпарат бізді
қызықтыратын оқиғалардың белгісіздігін азайтатын мәліметтерден тұрады.
Мұндай жүйелер көлемі үлкен ақпараттармен жұмыс істейді және бұл
ақпараттың құрылымы күрделі болып келеді.
Ақпараттық жүйенің классикалық мысалы ретінде банк жүйесін, авиация
және теміржол билетін, қонақ үйге билетін алдын-ала сатып алу және т.с.с.
автоматтандырылған жүйені қарастыруымызға болады.
Жалпы ақпараттық жүйенің функциялары:
• ақпаратты сақтау;
• ақпаратты енгізу және өзгерту;
• ақпаратты көру және іздеу;
• берілген критерий бойынша ақпаратты іріктеу;
• кез-келген формада есеп құжатын алу;
• ақпараттың дұрыстығын қадағалау.
Ақпараттық жүйені екі класқа бөлуге болады.
Ақпаратты іздеу жүйесі–берілген іздеу критерийі бойынша жалпы жиыннан
мәліметтерді іздеуге бағытталған. Қолданушыға мәліметтердің өңдеу
технологиясы емес, тек алынатын ақпарат қана керек. Мысалы, қаладағы
анықтама бөліміне телефон шалғанда, қолданушыға нақты ақпарат керек.
Мәліметтерді өңдеу жүйесі – мәліметтерді өңдеуге бағытталған. Бұл
жүйеде өңдеуден шығатын ақпарат болмауы немесе жүйеде өңделген ақпараттың
нәтижесін ғана беруі мүмкін. Мұндай жүйенің мысалы ретінде барлық
региондардан мәліметтер жинайтын метеорология қызметінің ақпарат жүйесін
алуға болады. Қолданушыға бастапқы мәліметтер емес, олардың нәтижесі, яғни
ауа-райы болжамы керек.

Сурет 3. Ақпарат классификациясы

Ақпаратпен жұмыс жасау кезіндегі негізгі ұғым оның классификациясы
болып табылады. Әрбір обьект әртүрлі белгілер мен критерийлері бойынша
жіктеледі. Қоршаған орта жағдайларына байланысты обьектінің түрлі топтарға
жіктелуі жиі кездеседі. Ақпараттар әр түрлі жағдайда, түрлі пайдаланушылар
мен түрлі мақсатта қолданылатындықтан олардың жіктелуі төмендегідей болады.
Төменде мекемедегі ақпараттар айналымы жітелуінің бір схемасы көрсетілген.

Пайда болу орны бойынша. Кірістік ақпарат – фирмаға немесе оның
бөлімшелеріне келіп түсетін ақпарат.

Шығыстық ақпарат – фирмадан басқа фирмаға, мекемеге барып тұсетін
ақпарат.
Басқару обьектісіне қатысты (фирма немесе оның бөлімшелері, цех,
отдел, лаборатория) ақпарат ішкі және сыртқы болып анықталады.
Ішкі ақпарат обьекттің ішінде пайда болады, ал сыртқы ақпарат обьект
сыртында болады. Мысалға, салық деңгейінің өзгеруі туралы үкімет нұсқауының
мазмұны фирма үшін бір жағынан сыртқы ақпарат, екіншіден – кірістік ақпарат
бола алады. Салық инспекциясына мемлекеттік бюджеттен бөлінген соманың
мөлшері туралы фирманың мәліметі шығыстық ақпарат, екіншіден салық
инспекциясына қатысты сыртқы ақпарат болып табылады.

Тұрақтылығы бойынша. Айнымалы ақпарат фирманың өндірістік-шаруашылық
әрекетінің шын мәнісіндегі сандық және сапалық сипатын көрсетеді. Ол
мөлшері бойынша немесе тағайындалуына қарай әрбір жағдайда өзгеріп отырады.
Мысалы, алмастыру үшін өндірілген өнімдер мөлшері, апта сайынғы шикізатты
жеткізуге жұмсалған қаражаттар.

Тұрақты ақпарат – ұзақ мерзімді, жиі қолданылатын және өзгермейтін
ақпарат. Тұрақты ақпарат анықтамалық, нормативті, жоспарлы болуы мүмкін:
✓ тұрақты анықтамалық ақпарат – ұзақ мерзімді тұрақты
белгілермен обьектінің тұрақты қасиеттерімен сипатталады;
✓ тұрақты нормативті ақпарат – жергілікті, салалық және жалпы
мемлекеттік нормативтерден тұрады. Мысалы, кіріс салық мөлшері,
өнімнің нақты түрінің сапасындағы стандарттар, еңбекке ақы
төлеудің кіші мөлшері, мемлекеттік қызметкерлер еңбек ақысының
тарифі;
✓ тұрақты жоспарлы ақпаратты фирмадағы көп қолданылатын жоспарлы
көрсеткіштер құрайды. Мысалы, телевизорлар шығару жоспары,
мамандарды дайындау жоспары.
Өңдеу сатысы бойынша. Бастапқы ақпарат – бастапқы сатыда тіркелетін
немесе обьект қызметі процесінде тікелей пайда болатын ақпарат.
Қосымша ақпарат – бастапқы ақпараттарды немесе аралық, нәтижелік
ақпараттарды өңдеу нәтижесінде пайда болатын ақпарат.
Аралық ақпарат – кезектегі есептеулер үшін бастапқы мәлімет түрінде
қолданылатын ақпарат
Нәтижелік ақпарат – басқару шешімдерін өңдеу үшін қолданылатын және
аралық, бастапқы ақпараттарды өңдеу процесінде пайда болады. Мысал ретінде
көркемдік цехында шыныларды әшекейлеу жұмысы жасалады. Әрбір ауысым соңында
әрбір жұмысшының жалпы өндірілген өнімдері мен әшекейленген шынылар саны
тіркеліп отырады. Мұнда бұл бастапқы ақпарат болады. Әрбір ай соңында
мастер бастапқы ақпараттың қортындысын шығарып отырады. Бұл - қосымша
аралық ақпарат болады, екіншіден нәтижелік ақпарат болып табылады.
Қорытынды мәліметтер бухгалтерияға келіп түседі, яғни әрбір жұмысшының
өндіру жұмысына қарай жалақы мөлшері есептеледі. Алынатын есептелінген
мәлімет – нәтижелік ақпарат болады.
Бейнелеу тәсілі бойынша. Мәтіндік ақпарат – қағаздағы, дисплей
экранындағы алфавиттік, сандық және арнайы символдар.
Графиктік ақпарат – бұлар түрлі графиктер, диаграммалар, схемалар,
суреттер және т.б.

Басқару функциясы бойынша. Жоспарлы ақпарат – болашақ кезеңде обьекті
басқару параметрі туралы ақпарат. Бұған фирманың барлық қызметі кіреді.
Мысалы, фирманың жоспарлы ақпараты мынандай көрсеткіштер болуы мүмкін,
өнімдерді шығару планы, өнімге күтілетін сұраныстар, жоспарланатын
кірістер.

Нормативті-анықтамалық ақпарат – түрлі нормативті және анықтамалық
мәліметтер құрайды. Мысалы, нормативті-анықтамалық ақпарат мекемедегі:
✓ детальды жасап шығаруға арналған уақыт (көп еңбек етуді керек
ететін нормалар);
✓ разряд бойынша жұмысшының орта күндік еңбекақысы;
✓ қызметкер еңбекақысы мөлшері;
✓ жеткізіп беруші мен сатып алушы адрестері.
Есепті ақпарат – белгілі бір уақыт мерзімінде өткен фирмалық қызметін
сипаттайтын ақпарат. Осы ақпарат негізінде келесі әрекеттер жүргізіледі:
жоспарлы ақпаратты түзету, фирманың шаруашылық қызметіне талдау жасау,
жұмысты басқарудың неғұрлым нетижелі шешімдерін қабылдау және т.б. Іс
жүзінде есепті ақпарат ретінде бухгалтерлік есептеулер, статистикалық
ақпараттар және жедел есепті ақпарат болады. Мысалы, белгілі бір уақыт
аралығындағы сатылған өнімдер мөлшері; жұмыстың тәуліктік орташа мөлшерін
есепті ақпаратқа жатқызуға болады.
Тікелей ақпарат – ағымдық уақыт мерзімінде өндірістік процестерді
сипаттайтын және тікелей басқару жұмысында қолданылатын ақпарат.
Тікелей ақпараттың келіп түсуі мен өңделу жылдамдығына және оның
анықтылық деңгейіне қатаң талаптар қойлады. Оны қаншалықты жылдам әрі
сапалы өңделуі көбінесе нарықтағы фирманың үлгеріміне байланысты . Мысалы,
1 сағаттағы, 1 ауысымдағы, 1 күндегі дайындалған деталдар мөлшері; нақты
уақыт немесе бір кұндегі сатылған өнімдер мөлшері; жұмыс күнінің басындағы
жеткізіп берушінің шикізат көлемі т.б. тікілей ақпаратқа жатады.
Ақпарат теориясында ақпаратты алушыға арналған хабарлама мазмұнының
құндылығын ескеретін ықтималдық әдіс қабылданған. Ақпарат мағыналылығы
мағыналы ақпарат мөлшерінің өңделуші мәліметтер көлеміне қатысын көрсететін
семантикалық (мағыналы) сыйымдылықпен бейнеленеді.
Ақпарат мағыналылығының өсуі ақпараттық жүйенің мағыналы жұмыс жасау
қабілетін өсіреді.
Жеткілікті (толықтық) ақпарат дегеніміз – ол дұрыс шешімдер қабылдауда
ең аз әрі жеткілікті құрылымдар жиыны.
Ал ақпараттың толықтығы – оның мазмұны мен мағынасына байланысты.
Ақпараттың түсініктілігі (қолайлылығы) – ақпаратты алу мен
түрлендірудің сәйкес процедруларының орындалуы пайдаланушының қабылдауымен
қамтамасыз етіледі. Мысалы‚ ақпараттық жүйеде қолданушылардың қабылдауы
үшін ақпарат түсінікті әрі қолайлы түрге өзгертіледі.
Ақпараттың өзектілігі – басқаруда ақпараттардың құндылығын сақтау
деңгейімен анықталады. Оны пайдалану кезінде оның сипатының өзгеруі мен
берілген ақпараттың пайда болу уақтысына тәуелді болады. Өзекті ақпараттар
тұрақты өзгермелі жұмыс жағдайында маңызы зор.
Ақпараттың деркезділігі – қойылған мәселелерді шешуге келісілген
уақытқа немесе белгіленген уақыт кезеңінде алдын ала келіп түсетін
ақпараттар. Уақыт – ақпараттың жауы‚ яғни уақыт өте келе ақпараттар
ескіреді. Сондықтан дер кезінде өңделген‚ қолданылатын‚ алынатын ақпараттар
шешімдер қабылдауда‚ басқару процесін реттеуде маңызы зор.
Ақпараттың дәлдігі – объектінің‚ процестің‚ құбылыстың нақты жағдайына
алынған ақпараттың жақындық деңгейімен анықталады.
Ақпараттың анықтылығы – оның нақты объектті қажетті дәлдікпен бейнелеу
қасиетімен анықталады.
Ақпараттың репрезентативтілігі (көрнекілігі) – объект қасиеттерін
бірдей көрсету мақсатында ақпараттарды жинау және қалыптастыру.
Ақпараттың тұрақтылығы – тиісті дәлдікті бұзбай бастапқы мәліметтердің
өзгеруіне әсер ету қабілетін көрсетеді.
Белгілі тәртіп деңгейінде ақпараттық жүйені өңдеуде ақпараттардың
репрезентативті‚ мағыналы‚ жеткілікті‚ түсінікті‚ тұрақты қасиеттері толық
анықталады. Ақпараттың өзектілігі‚ деркезділігі‚ дәлдігі және анықтылық
параметрлерінің шамасына жүйенің жұмыс істеу түрі‚ ең алдымен оның
сенімділігі елеулі ықпал жасайды.
Ақпаратты қабылдау – техникалық жүйеге немесе тірі организмге сыртқы
ортадан келіп түсетін‚ одан ары қолдануға жарамды хабарламаларды түрлендіру
процесі. Ақпараттарды қабылдау жүйе мен сыртқы орта байланысын нығайтады.
Жалпы алғанда ақпараттық жүйеде‚ қабылдау жүйесі сырттан жинақталған
ақпараттарға бастапқы өңдеуді жүргізеді. Қабылдау жүйесі үшін бастапқы
өңделген ақпараттар ақпараттарды жинау жүйесін жасап шығарады. Сондықтан
қабылдау жүйесі ақпараттарды жинау жүйесі деп қарастырылады.
Ақпараттардың берілуі әртүрлі жолмен іске асырылады‚ курьерлер
көмегімен (шұғыл‚ жедел тапсырмалармен жүріп тұратын кісі)‚ почта бойынша‚
транспорттармен жеткізу‚ байланыс каналдары арқылы қашықтан тасымалдау
және т.б. Қашықтан тасымалдау мәліметтерді беруде уақытты үнемдейді ол үшін
арнайы техникалық құралдар қажет.
Автоматтандырылған жүйемен басқару ұйымдарында ақпараттық процестер
ЭЕМ көмегімен және басқада техникалық құрылғылар көмегімен жүзеге асады.
ЭЕМ-де экономикалық ақпараттарды өңдеу – басқару қызметінің мамандарымен
жасалатын автоматтандырылған жұмыс орындарындағы бастапқы ақпараттардың
пайда болуымен түсіндіріледі.
Ақпараттық жүйе – өте көлемді ақпараттарды сақтауға‚ керекті
ақпараттарды жылдам іздеуге және оны адамдарға қолайлы түрде шығаруға
арналған автоматтандырылған жүйе.

1.4 Мәлімет тасымалдауыштар
Бір компьютерден екіншісіне ақпарат тасымалдау үшін дискеталар мен
оптикалық дисклер (CD-ROM, DVD-ROM, BD-ROM) қолданылады

Иілгіш диск (дискета). Иілгіш магниттік дискіге (дискета) 1,44 Мбайт
көлемінде ақпарат сыйғызуға болады. Кейбір ақпарат түрлерін сақтап,
тасымалдау үшін бұның жеткіліксіз екені айтпаса да түсінікті.
Дегенмен бұл ақпарат тасымалдаушылар 1970,1980-жылдары және 1990-
жылдардың басына дейін қолданылып келді. (Қазір оларды flash-
тасымалдаушылар ауыстырды)
Иілгіш магниттік дискідегі ақпаратты арнайы дискжетек оқып жазады.
Дискжетек дегеніміз – ақпаратты дискетаға жазуға мүмкіндік беретін
құрылғы.   
  Дискетаның ақпарат тасымалдау сенімділігі төмен.  Егер дискетаға
механикалық зақым тисе, электромагниттік өріс әсер етсе немесе т.б.
факторлар әсер етсе дискетадағы мәліметтің жоғалып кетуі әбден мүмкін.
Қарапайым мәтіндік құжаттарды, шағын бағдарламаларды сақтау үшін қазірдің
өзінде дискеталар жиі қолданылады. Өйткені дискетаның бағасы flash-
тасымалдаушыдан ондаған есе арзан. 
Үлкен көлемде ақпарат тасымалдау үшін CD-ROM компакт-дискілерін
қолданған тиімді. CD-ROM (Compact Disk Read Only Memory - жады оқылатын
компакт диск) ақпаратты сақтау үшін кең көлемде қолданылатын ақпарат
тасымалдаушылардың бірі. Компакт дискінің ақпарат сыйымдылығы 650-700 МБайт
шамасында.

CD-ROM дискжетегі

Компакт-дискілерде барлық мәлімет  иілгіш дискілердегідей магнитті
емес, оптикалық принциппен сақталады. Дискідегі барлық мәлімет лазерлік
сәуленің көмегімен оқылады.
Компакт-дискідегі мәліметтерді оқу үшін CD-ROM дискжетегі қолданылады.
CD-ROM дискжетегінің негізгі параметрі – оқу жылдамдығы. Оқу жылдамдығының
өлшем бірлігі ретінде 80-жылдары музыкалық компакт дискілердің
(аудиодискілер) оқу жылдамдығы ретінде белгіленген өлшем бірліктер
қолданылады. Қазіргі заманғы CD-ROM дискжетектерінің оқу жылдамдығы 40х –
52х.
Қазіргі кезде сыйымдылығы мол, бағасы қымбат лазерлік-жинақты дискілер
де бар (сыйымдылығы 720 Мбайттан кем емес. Оларда түрлі инфомацияға қоса,
бейнефильмдерді де сақтауға болады).
Компакт-дискілердің CD-R (Compact Disk Recordable) және CD-RW (Compact
Disk ReWritable) деген түрлері болады. CD-R дискілерге ақпаратты бір рет,
ал CD-RW дискілерге бірнеше рет жазуға болады.

Бақылау сұрақтары:
1. Ақпарат дегеніміз не?
2. Ақпараттың қандай түрлерін білесіз?
3. Мәліметтер деп нені айтамыз?
4. Мәліметтерге қандай амалдар қолданылады?
5. Мәліметтер қандай құрылымдардан тұрады?
6. Сызықты құрылымды мәліметтерге мысал келтіріңіз.
7. Кестелік құрылымды мәліметтерге мысал келтіріңіздер.
8. Иерархиялық құрылымды мәліметтерге мысал келтіріңіздер.
9. Бит, байт ұғымдарын қалай түсінесіздер?
10. Информатика пәні қандай ұғымдарды қарастырады?
11. Информатиканың негізгі мәселесі қандай бағыттардан тұрады?
12. Қолданушы интерфейсі деп нені айтады?
13. Ақпараттық технология дегеніміз не?
14. Ақпараттық процестер. Олардың қоғамдағы ролі.
15. Дербес компьютер дегеніміз не?
16. Дербес комьютердің негізгі және қосымша құрылғылары.

ІІ ТАРАУ
ИНФОРМАТИКАНЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

❖ Кіріспе;
❖ Жиындар және оларға қолданатын амалдар;
❖ Қатынастар;
❖ Функциялар;
❖ Пікір. Пікірлер алгебрасының алфавиті және формулалары;
❖ Пікірлер алгебрасы формулаларының ақиқаттық мәндері және ақиқаттық
кестелері. Ақиқаттық формулалары;
❖ Ақиқаттық функциялардың жетілген қалыпты формалары және толық
жүйелері;
❖ Тавтологиялардың қасиеттері. Маңызды тавтологиялар;
❖ Логикалық салдар және оның жалпымәнділікпен байланысы;
❖ Пікірлер алгебрасы тілінің қолданулары.

Кіріспе
Дискретті математика – ежелгіде пайда болған математика бөлімдерінің
бірі. Аты айтып тұрғандай, оның негізгі ерекшелігі – дискреттілік, яғни
мұнда шексіздік, шек және үзіліссіздік ұғымдары орын алмайды. Дискретті
математика курсында анықталу облысы дискретті жиын, яғни жеке элементтерден
тұратын жиын болатын функциялар зерттеледі. Қарапайым, бірақ тривиалды емес
ондай жиындардың бірі – екі элементті жиын. Дискретті математика кең
қолданысқа ие болуда, әсіресе ақпараттық технологиялар және компьютерлермен
байланысты облыстарда. Компьютердің ең алғашқы аталуын еске түсірсек,
“электрондық сандық есептеу машинасы” атауында “сандық” сөзі берілген
құрылғының жұмысы дискретті сипат алатынын көрсетеді.
Кең мағынада дискретті математикаға жиындар теориясынан бастап сандар
теориясы, жалпы алгебра, комбинаторика, буль функцияларының теориясы,
графтар теориясы, кодтау теориясы, математикалық логика, алгоритмдер
теориясы және (машиналық) арифметика секілді математиканың бөлімдері
кіреді. Жалпы бұл тарау алдына екі мақсатты алға қояды:
1. Оқушыға дискретті математика ұғымдарын кең көлемде таныстыру және
нәтижесінде студенттердің арнайы математикалық және теориялық-
бағдарламалау әдебиеттерін өзіндік оқып-үйренуіне қажетті терминологиялық
қорын ұлғайту.
2. Оқушыға дискретті математикадан жоғары оқу орындарының стандартты
бағдарламаларында қамтылған мәліметтерді жеткізу.
Бұл тарауда мәтіндер: анықтамалар, теоремалар және салдар, дәлелдеулер,
ескертулер, мысалдар түрінде кездеседі. Олар негізгі мәтінге қарағанда асты
сызылған қиғаш немесе жай ғана қиғаш қаріптермен терілген. Дәлелдеулердің
аяқталуы арнайы ( белгісінің қойылуымен анықталады.

2.1. Жиындар және оларға қолданатын амалдар

Жиын ұғымы математиканың негізін құраушы ұғымдар қатарына жатады.
Жиын – объектілердің қандай да бір жиынтығы деп айтуға болады. Жиынды
құрайтын объектілер оның элементтері деп аталады. Жиынның элементтері әр
түрлі және бір-бірінен ажыратуға болады.
Мысал: 1) кез келген кітаптағы беттердің S жиыны;
2) 1,2,3,... натурал сандардың N жиыны;
3) бүтін сандар жиыны: ..., -2, -1, 0, 1, 2, ... ;
4) R – нақты сандар жиыны.
Егер х объектісі М жиынының элементі болса, онда х элементі М
жиынында жатады деп айтатын боламыз және x(M деп белгілейміз. Кері
жағдайда х элементі М жиынында жатпайды және x(M деп белгілейді. Әдетте
жиындарды латын алфавитінің үлкен, ал оның элементтерін кіші әріптерімен
белгілейді.
Жиындардың өзі объектілер ретінде басқа жиындардың элементтері болуы
мүмкін. Элементтері жиын болып келетін жиын әдетте класс деп аталады.
Жиындар класын жиындардан ажырату үшін көп жағдайда оларды үлкен (қолжазба(
латын әріптерімен белгілейді.
Ешқандай элементі жоқ жиын бос жиын деп аталады және ( деп
белгіленеді. Әдетте тікелей пайымдаулар кезінде барлық жиындар элементтерін
универсал жиын немесе универсум деп аталатын қандайда-бір жеткілікті үлкен
U жиынынын алып отырады деп жорамалдайды.
Егер онда қандай элементтер жататыны көрсетілсе, онда жиын берілген
деп саналады. Ал мұны әртүрлі тәсілмен көрсетуге болады:
1) элементтерді тікелей тізбектеу арқылы;
2) характеристикалық предикатпен.
Характеристикалық предикат – ол логикалық тұжырым түрінде өрнектелген
қандайда-бір шарт. Егер берілген элемент үшін шарт орындалса, онда ол осы
анықталып жатқан жиында жатады, ал кері жағдайда – жатпайды.
Мысал: 1) M9:={1,2,3,4,5,6,7,8,9};
2) M9:={n(n(N & n10}.
Бірінші жолмен тек ақырлы (шекті) жиындар беріледі, ал шексіз жиындар
характеристикалық предикатпен немесе басқа да жолдармен беріледі.
Ескерту: Жоғарыда “:=” белгісі “анықтама бойынша” деп түсініледі, ал бұдан
кейін қолданылатын & және ( белгілері сәйкес түрде “және” және “немесе”
сөздеріне мәндес, ал ( - жаппайлылық кванторы және ( - бар болу кванторы.
Анықтама 1.1.1. Егер А жиынның әрбір элементі В жиынының элементі
болса, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары. ақпараттыөлшеу. информатика ұғымы. ақпараттықтехнологияларжәне техника. есептеутехникасының даму тарихы
Информатика ғылымы және орта мектепте оқу пәні ретінде
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары. Ақпаратты өлшеу. Информатика ұғымы. Ақпараттық технологиялар және техника. Есептеу техникасының даму тарихы
КӨРНЕКТІ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Информатика оқыту әдістемесі туралы қысқаша мәлімет
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары жайлы мәлімет
Информатика және этика
Мектепте информатика пәнін оқыту әдістемесі
Ғылым дамуының қазіргі тарихы, ерекшеліктері: информатика, интернет клондау
Жалпы білім беретін орта мектеп бастауыш информатика курсын оқытуда оқу құрал-жабдықтар жүйесін кешендік түрде пайдалану
Пәндер