Әлемнің белгілі ойшыл, педагогтары



1 Сухомлинский Василий Александрович (1918.1970)
2 Ян Амос Коменский (1592.1670)
3 Ушинский Константин Дмитриевич (1824.1870)
4 Антон Семенович Макаренко (1888.1939)
5 Эльконин Даниил Борисович (1904—1984)
6 Әбубәкiр Диваев (1855.1933)
7 Шәкәрiм Құдайбердиев (1858.1931)
8 Ахмет Байтұрсынов (1873.1937)
9 Халел Досмұхамедов ( 1883.1937)
10 Мiржақып Дулатов (1885.1935)
11 Нәзипа Құлжанова (1887.1934)
12 Жүсiпбек Аймауытов (1889.1931)
13 Декарт Рене (1596.1650)
14 Пирогов Николай Иванович (1810.1881)
15 Лев Николаевич Толстой (1828.)
16 Руссо Жан Жак (1717.1778)
Сухомлинский Василий Александрович 1918 жылы 28 қыркүйекте, УССР, Кировоград облысында, Онуфриев ауданы, Васильевка селосында дүниеге келген. В.А. Сухомлинский совет педагогы. СССР Педагогика ғылымының корреспондет мүшесі (1957), УССР мектептеріне еңбек сіңірген мұғалім, Социолистік Еңбек Ері (1968). 1943 жылдан КПСС мүшесі, 1939 жылы Полтава мемлекетінің педагогика институтының тіл және әдебиет факультетін бітірді. Педагогикалық қызметі 1955 жылдан басталды. 1947 жылдан Кировоград облысы, Павлыш орта мектебінің директоры болды. Сухомлинский коммунистік тәрбие және оның ішінде еңбек тәрбиесі проблемаларын зерттеді (оқушылардың коммунистік сенімділігін қалыптастыру, еңбекке коммунистік қатынасын коллктивизмге тәрбиелеу т.б.), бастауыш мектептердің оқу-тәрбие жұмыстарының методикасымен, шұғылданды. Сухомлинский –дарынды мұғалім, талантты ғалым әрі публицист. Оның мектепке басшылық етудегі және жұмысындағы құнды тәжірибесі «Павлыш орта мектебі» (1969) атты кітабында жан-жақты баяндалды. Сухомлинскийге « Балаға жүрек жылуы» атты кітабы үшін УССР-інің мемлекеттік сыйлығы берілді (1974), қазақ тіліне аударған (1976). Сухомлинский 2 Ленин орденімен, Қызыл Жұлдыз ордені, К.Д. Ушинский, А.С. Макаренко медальдарымен наградталды. 1958 жылдан УССР-нің еңбек сіңірген мұғалімі. В.А.Сухомлинский – 41 монографиялар мен жекеленген кітаптардың, 600 астам ғылыи мақалалардың, 1200 әңгімелер мен ертегілердің авторы. Оның еңбектерінің жалпы таралымы біздің елімізде және шет елдерде әртүрлі тілдерде 4 миллионға тарта данаға жетті.1970 жылдың сәуір айында ол еңбектерінің жиынтығы бойынша докторлық диссертацияны қорғау үшін “Жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу мәселелері” тақырыбында баяндамасын аяқтады. В.А.Сухомлинскийдің рухани күш-жігері мен талантының шарықтаған кезінде 1970 жылы 2 сентябрьде дүниеден озды.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Сухомлинский Василий Александрович (1918-1970)
Сухомлинский Василий Александрович 1918 жылы 28 қыркүйекте, УССР, Кировоград облысында, Онуфриев ауданы, Васильевка селосында дүниеге келген. В.А. Сухомлинский совет педагогы. СССР Педагогика ғылымының корреспондет мүшесі (1957), УССР мектептеріне еңбек сіңірген мұғалім, Социолистік Еңбек Ері (1968). 1943 жылдан КПСС мүшесі, 1939 жылы Полтава мемлекетінің педагогика институтының тіл және әдебиет факультетін бітірді. Педагогикалық қызметі 1955 жылдан басталды. 1947 жылдан Кировоград облысы, Павлыш орта мектебінің директоры болды. Сухомлинский коммунистік тәрбие және оның ішінде еңбек тәрбиесі проблемаларын зерттеді (оқушылардың коммунистік сенімділігін қалыптастыру, еңбекке коммунистік қатынасын коллктивизмге тәрбиелеу т.б.), бастауыш мектептердің оқу-тәрбие жұмыстарының методикасымен, шұғылданды. Сухомлинский - дарынды мұғалім, талантты ғалым әрі публицист. Оның мектепке басшылық етудегі және жұмысындағы құнды тәжірибесі Павлыш орта мектебі (1969) атты кітабында жан-жақты баяндалды. Сухомлинскийге Балаға жүрек жылуы атты кітабы үшін УССР-інің мемлекеттік сыйлығы берілді (1974), қазақ тіліне аударған (1976). Сухомлинский 2 Ленин орденімен, Қызыл Жұлдыз ордені, К.Д. Ушинский, А.С. Макаренко медальдарымен наградталды. 1958 жылдан УССР-нің еңбек сіңірген мұғалімі. В.А.Сухомлинский - 41 монографиялар мен жекеленген кітаптардың, 600 астам ғылыи мақалалардың, 1200 әңгімелер мен ертегілердің авторы. Оның еңбектерінің жалпы таралымы біздің елімізде және шет елдерде әртүрлі тілдерде 4 миллионға тарта данаға жетті.1970 жылдың сәуір айында ол еңбектерінің жиынтығы бойынша докторлық диссертацияны қорғау үшін "Жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу мәселелері" тақырыбында баяндамасын аяқтады. В.А.Сухомлинскийдің рухани күш-жігері мен талантының шарықтаған кезінде 1970 жылы 2 сентябрьде дүниеден озды.

Ян Амос Коменский (1592 - 1670)
Ян Амос Коменский - (1592- 1670) - чех елінің белгілі ойшылы, педагог. Схоластикалық оқу жүйесіне қарсы шықты. Коменский -- неміс феодалдары мен католиктік шіркеуге қарсы антифеодалдық қозғалыс, ұлттық күрес барысында қалыптасқан діни протестанттық секта - "Моравиялық бауырлар" топтарының бірінің басшысы.
Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі, Ұлы дидактика, Адамзат істерін түзету туралы жалпы кеңес, Суреттердегі сезіммен қабылданатын заттардың әлемі, Аналық мектеп, Жақсы ұйымдастырылған мектептің заңдары.
Алғашқы болып ана тілінде оқыту идеясын калыптастырды, балалардысословиялық, жыныстық, т.б. белгілеріне бөлмей, барлығын бірдей қабылдайтын мектеп құру қажеттілігін біркелкі мектеп құру қажеттігін айтты. Жас ерекшелігіне Петербургтік педагог И.В.Иванов дәстүрлі мектептер мен мектептен тыс мекемелердің жұмыс жағдайына ыңғайлады. Ұйымдастырылғанда тәрбиешінің ұсынған идеясын балалар ұжымы өздерінікіндей қабылдайтындай; балалар ісі өздерінің не ұжымның мүддесіне қызмет ететіндей, ізгіліктік және альтруистік мақсатта ұйымдастырылады; ұжымның барлық мүшелері өз еріктерімен, қызығушылықтарымен, шын жүректерімен істі жүзеге асыруға кірісіп, өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін аша алатындай етіп ұйымдастырылады. Кезеңдері: идеяны қабылдау, істі орындауға қатысты кеңесті анықтау, шығармашылық ұжымдық түрде орындау, ұжымдық анализ жасау және бағалау, жаңа іс идеясын қабылдау.

Ушинский Константин Дмитриевич (1824-1870)
Ушинский Константин Дмитриевич [19.2.(2.3.)1824, Тула - 22.12.1870 (3.1.1871) Одесса, Киевте жерленген] - орыстың педагог демократы, Ресейдеғыл. педагогиканың негізін қалаушы. 1844 ж. Мәскеу университетінің заң факултетін бітірген. 1846 - 49 ж. "Современник" және "Библиотека для чтения" журналдарында қызмет істеді. 1854 ж. Гатчинодағы жетім балалар ин-тында орыс тілі және заң пәндерінің оқытушысы, 1855 - 59 ж. класс инспекторы, 1859 ж. Смольный ин-тының инспекторы қызметтерін атқарды. Ол шетел және орыс мектептерінің озат тәжірибелеріне сүйене отырып, Ресейдің оқу-тәрбие ісіне түзетулер мен өзгерістер енгізуді қуаттады. Сабақтардың бағдарламасын өзгертті. Оқытудың тиімді әдістері мен жолдарын енгізуді, азаматтардың бас бостандығын жақтады. Осы зерттеулерінің нәтижесінде "Педагогикалық әдебиеттердің пайдасы туралы", "Қоғамдық тәрбиенің халықтық негізі туралы", "Мектепті құрайтын үш мәселе" атты еңбектерін жазды. Бірақ У-дің демокр. көзқарасы патша чиновниктеріне ұнамай, 1862 ж. шетелге кетуге мәжбүр болды.
1854 жылы Ушинский Гатчинада жетімдер институтында орыс тілінің мұғалімі, кейіннен институттың инспекторы қызметін атқарады. 1859 жылы Ушинский Смольныйдағы инабатты қыздар институтының инспекторы болып тағайындалды.
Константин Дмитриевич Ушинский 1824 жылы Тула қаласында чиновниктің жанұясында дүниеге келді. Өзінің балалық және жастық шағын Чернигов губерниясының Новгород - Северск қаласына жақын жерде орналасқан әкесінің шағын жекеменшігінде өтті. Орта білімді Новгород - Северск гимназиясында алады. 1840 жылы К.Д.Ушинский Москва университетінің заң факультетіне оқуға түседі, онда белгілі профессорлар (Грановскийдің және басқалар) лекциясын тыңдады. Студенттік жылдарда Ушинский әдебиетпен, театрмен қызыға айналысты, халықтың арасында сауатылықты тарату туралы армандады. Алдыңғы қатарлы орыс зиялыларының арасында Ресейдің тарихи даму жолдары туралы, отандық мәдениеттің халықтығы туралы талас пікірлерді ол өз бетінше шешуге ұмтылды. Университетті бітіргеннен кейін 22 жастағы К.Д.Ушинский Ярославль заң лицейінің профессорының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Антон Семенович Макаренко (1888-1939)
Аса көрнекті кеңес педагогі А.С.Макаренко Белополье қаласы, бұрынғы Харьков губерниясы темір жол шеберханасының майлау цехының шебері жанұясында дүниеге келді.
Кременчук қаласындағы қалалық училищені және педагогикалық курсты бітіргеннен кейін, ол 1905ж.Крюковадағы екі сыныптық теміржол училищесінде халық мұғалімі болып еңбек жолын бастады.
1905-1907 революция жолдары Макаренконың көзқарасы қалыптаса бастады. Өзінің еңбектерінің бірінде оның тарихты түсінуі большевиктік насихат пен революциялық қағидалардың жолымен жүргнедігін есіне алады. А.С.Макаренко жұмыс істеген мектепте жұмысшылардың балалары оқыды, ол революциялық пролетарлық ортамен тығыз байланыста болды.
1914 жылдан 1917 жылға дейін Макаренко оқытушылар инстиутында оқып, оны алтын медальмен бітіріп шығады.
1920 жылы Полтава губерниялық халық ағарту бөлімі Макаренкоға Полтаваның жанында жасы камелетке толмаған заң бұзушы балалар үшін колония ұйымдастыруды және оны басқаруды тапсырды.
1933-35 жылдарда "Педагогикалық дастан" жарық көрді, 1937 ж.жанұя тәрбиесінің мәселелерін ашып көрсететін "Ата-аналар кітабы" жарияланды (І том). Автордың алғашқы ойы жанұя тәрбиесі туралы 4 томдық кітап жазу жоспарланған болатынды.
1938 ж.ең ірі "Мұнара үстінде тулар" атты көркем-педагогикалық шығармасы жарық көрді.
А.С.Макаренконың "Ата-аналар кітабы" және "Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялар" атты еңбектері жанұя тәрбиесінің өзекті мәселелерін зерттеуге арналды. А.С.Макаренконың балаларды тәрбиелеудегі сіңірген еңбегін жоғары бағалай келіп, оны Еңбек Қызыл Ту орденімен марапаттады. 1939 жылы 1 сәуірде аса дарынды педагог, педагогика ғылымының көрнекті қайраткері, педагог А.С.Макаренко кенеттен дүние салды. Ол өзінен кейінгі ұрпаққа өшпейтін бай педагогикалық мұра қалдырды, оған дәлел: оның әртүрлі педагогикалық еңбектері мен жүргізген педагогикалық экперименттері. Педагогикалық поэма;Төбедегі жалаулар;Ата-аналарға арналған кітап;
Тәрбие процесін ұйымдастыру әдісі т.б.

Эльконин Даниил Борисович (1904 -- 1984)

Эльконин Даниил Борисович - кеңес психологы, педагогика ғылым докторы, профессор. Эльконин бала және пед. психологиясының әр түрлі мәселелерін зерттейді. Ол ойынның психологиялық табиғаты мен пайда болуын, оның мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуы үшін маңыздылығын, ауызша және жазбаша сөйлеудің психологиялық айырмашылықтарын, оқуға бастапқы рет үйретудің жаңа әдісінің психологиялық негіздері туралы мәселелердізерттеді, эксперименттік әліппе жасады. 1959 жылы Эльконин бастамасымен Психология институтының жанында эксперименттік мектеп ашылды, онда білім игерудің жасқа байланысты мүмкіндіктері және бастауыш оқыту бағдарламаларын құру принциптері пысықталады.
Д.Б. Эльконин бойынша кіші мектеп жасындағы балаладың танымдық үрдістердің дамуына келсек, олардың оқу ісіндегі қабылдауы - формамен түстерді тану және атауға келіп тіреледі. Мысалы, түрлі түсті құмыра салу үшін, олар форма, көлем жағынан әртүрлі болып келеді. Төменгі сыныптарда оқитын балалардаң қабылдауында төмендегідей ерекшеліктер болады. Олар әлде де болса құбылыстарды тұтас зат күйінде жөндеп қабылдай алмайды. Мәселен, ол заттың өзіне ұнағанын, олардың көзге бірден көрінетін сыртқы белгілерін қабылдауға ұмтылады. Мұндай қабылдауда белсенділік жағы аз болады. Үшінші сыныптан бастап балалардың қабылдау саласындағы қателер азая бастайды. Оқушы заттың негізгі белгілерін байқай алатын болады. Қабылдауда анализ бен синтез қатар жүреді. Бала әр заттың өзіндік белгісін ұққысы келеді, оның мәніне ішкі,сыртқы құрылысына, жасалу принципіне зе сала бастайды. Қабылдау процесінің күрделене түсуі балаларда байқай алу қабілетінің көрінуімен ұштасады. Алайда, байқаудың қарапайым элементі бірінші сынып оқушыларында да бар. Байқау - белсенді ой-әрекетінің балада дамып келе жатқандығының көрінісі. Эльконин жетекшілігімен тұлғаның жасөспірімдік шақтағы ерекшеліктері зерттелуде.

Әбубәкiр Диваев (1855-1933)

Әбубәкiр Диваев (1855-1933). Қазақ ауыз әдебиетi үлгiлерiн жинау, бастыру мәселелерi ХIХ-ғ. мен ХХ-ғ. Басында бiр топ орыс ғалымдары айналысты. Олардың iшiнде Сырдария генерал-губернаторы Н.И.Гродековтың 1884 ж. қазақ, өзбек, қырғыз халқы ауыз әдебиетiн жинауды қолға алып, бұл жұмысты жергiлiктi халықтың тiлiн, салт-дәстүрiн жетiк бiлетiн Орынбор кадет корпусiнiң түлегi Ә.Диваевқа тапсырды. Ол араб, парсы тiлдерiмен қоса қазақ, өзбек, тәжiк тiлдерiн де жетiк бiлетiн едi.
Ә.Диваев белгiлi түркiтанушы В.Н.Наливкинмен, тарихшы, этнограф, филолог А.Н.Вышнеглярскиймен жүздесiп, ақыл-кеңес ала отырып, зерттеу жұмысының жоспарын жасады. 1886 ж. Ташкентте шыға бастаған "Түркiстан уалаяты" газетiнде жариялады. Диваев бiрiншiден қазақ ауыз әдебиетi үлгiлерiн келешек ұрпақ үшiн, тарих үшiн қажеттi дүние деп қараса, екiншiден жиналған материалдарды орыс тiлiне аударып, бастыру арқылы қазақтың көне мәдени мұрасымен орыс, батыс халық өкiлдерiне таныстыруды көздедi.
1896 ж. Қазан университетi жанындағы археология, тарих және этнография қоғамы Ә.Диваевқа хат жолдап, аталған қоғамға мүшелiкке алғанын хабарлайды.
1918 ж. Түркiстан Халық Университетi ашылып, Диваевты осы университетке оқытушылық қызметке шақырады. Ташкен университетi кеңестiк Орта Азияның шығыстану орталығына айналды.
А.Диваев 100-ге тарта ғылыми еңбек қалдырды. Ол жинаған қазақтың батырлар жыры 1922-23 ж.ж. Ташкентте тұңғыш 9 том болып басылды. 1924 ж. Ташкентте қазақтың тұрмыс-салт өлеңдерiнен құрастырған "Тарту" атты жинақ, ал 1926 ж. Қызылордада "Балаларға тарту" жинағы шықты. Ол "Алпамыс", "Қамбар батыр" жырларының бiрнеше варианттарын, "Тазша бала" ертегiсiнiң үш нұсқасын салыстыра зерттеп, олардың iшiндегi ең толығын және ең көркем дегендерiн баспа арқылы шығарып отырған. Диваевтың 1920 ж. Жетiсу, Сырдария бойына ұйымдастырған экспедициясы орасан мол материал әкелген. Олардың iшiнде аңыз да, жұмбақ та тақпақ та, мақал-мәтелдер де, айтыс өлеңдер де бар. Диваев жинаған мұралар iшiнде көлемi 8 томдық "Манас" дастаны да бар.
Жарты ғасыр өмiрiн қазақтың мәдени мұрасын жинауға, зерттеуге арнаған Ә.Диваевтың еңбегi туралы кезiнде М.Дулатов, М.Жұмабаевтар өлең, мақала жазып, жоғары бағалаған.

Шәкәрiм Құдайбердиев (1858-1931)
Шәкәрiм Құдайбердиев (1858-1931). Абайдың реалистiк дәстүрiн жалғастырушы әрi ақын, әрi жазушы, аудармашы, философ, шежiрешi әмбебап ғалым.
Ол жастайынан өнер-бiлiмге, әдебиет пен тiлге (араб, парсы, түрiк, орыс тiлдерiн жетiк бiлген) бейiмдiлiк көрсетiп, көп iзденiп, шығыс, батыс классиктерiнiң еңбектерiн оқып үйренген.
1905-1906 ж. Орыс география қоғамының Семей бөлiмшесiне мүше болған. 1905-1906 ж.ж. Меккеге сапар шегiп Стамбул кiтапханасындағы бай мәдени мұрамен танысқан. Қайтып келе жатып, Ясная поянадағы Л.Н.Толстоймен кездесiп пiкiрлескен. "Толстойша" деген өлеңiн жазған.
Ол халық аңыздары негiзiнде "Қалқаман-Мамыр", "Еңлiк-Кебек" дастандарын жазып, қазақтың әдет-ғұрыптары туралы мол мәлiметтер бередi. 1911 ж. "Түрiк, қырғыз, қазақ һәм хандар шежiресi" атты еңбегiн жазады. Ол Толстойдың қысқа әңгiмелерiн, Физулидiң "Ләйлi-Мәжнүн" поэмасын, Пушкиннiң "Дубровский" атты поэмаларын аударады. 1918 ж. "Абай" журналына Қожа Хафиз шығармаларын аударып бастырады.
Шәкәрiмнiң дүниенiң жаратылысы, философиялық-геологиялық көзқарасы "Үш анық", "Қазақ айнасы", "Анық пен танық", "Мұсылмандық шарттары" атты еңбектерiнен көрiнiс тапқан. Ол бұл еңбектердi жазбас бұрын батыс, шығыстың атақты ғалымдары: Пифагор, Маско, Эпиур, Демокрит, Аббас, Ньютон, Линней, Гасанди, Мұхаммед, Исус Христос, Дарвин т.б. еңбектерiн оқып шығып үлкен дайындықпен келген.
Шәкәрiм өнердi, бiлiмдi, адал еңбекпен күн көрудi, әдiлет жолын қууды насихаттады. Оның "Жастарға", "Дүние мен өмiр", "Ар", "Арман" т.б. өлеңдерiнен көруге болады.

Ахмет Байтұрсынов (1873-1937)
Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) Бүкiл саналы өмiрiн қазақ халқының бақытты, берекелi, бiрлiкшiл ел болуын аңсаған, сол жолда аянбай еңбек еткен ақын, аудармашы, тiлшi, ғалым, көрнектi қоғам қайраткерi Ахмет Байтұрсынов қазақ елiн отырықшылыққа, мектеп ашып бiлiм алуға шақырған ағартушы. Ол бiрнеше оқулықтардың авторы: ("Әлiпби", "Тiл құралы", "Баяншы", "Әдебиет танытқыш" т.б.) Ол И.А.Крыловтың бiрнеше мысал өлеңдерiн аударып, 1909 ж. Петербургте "Қырық мысал" деген атпен бастырып шығарды.
А.Байтұрсынов М.Дулатовпен бiрiгiп 1913-1917 ж.ж. Орынборда "Қазақ" газетiн шығарды. Қазақ алфавитiн жаңартып араб әрпiне жаңа әлiппе жасады.
Оқыту әдiстерiн жетiлдiрудi, оқытудың әдiс-тәсiлдерiн жаңартуды көредi. "Оқыту жайында" атты мақаласында "Оқу жұмысының үш жағы үш нәрсеге тiреледi. Бiрi ақшаға, бiрi құралға, бiрi мұғалiмге. Осы үш тiреуi бiрдей тең болса, оқу қисаймайды, ауытқымайды, түзу жүредi... дейдi.
Оқу iсiн жолға қою үшiн ғылыми жүйелiлiк жасалған оқу бағдарламасы болуы керек. Сол бағдарламаға негiздей жазылған оқулық болуы тиiс. Оқулықтағы бiлiмдi оқушы бойына дарыта бiлетiн әдiскер мұғалiм керек дегендердi көтередi. Сондай-ақ А.Байтұрсынов бiлiм негiзi бастауыш сыныпта салынады деп қарады. Бастауыш мектептерде қандай пәндер оқытылуы керек дегенге арнайы тоқталып, ол пәндердi: оқу, жазу, дiн, ұлт тiлi, тарихы, есеп, шаруа-кәсiп, қолөнерi, жағрафия, жаратылыс деп саралап көрсетiп бердi. Байтұрсынов осы пәндердiң оқулықтарын шығаруды қолға алды. Өзi бастауыш мектепке арнап "әлiппе" кiтабын жазды. Сондай-ақ оның "Тiл жұмсар" деген атпен екi бөлiмдi грамматикасы кiтабы (1925) шықты. Ал М.Дулатов бастауыш мектепке арнап "есеп" кiтабы мен қирағат ( ана тiлi оқу) кiтабын жазды.
А.Байтұрсынов пәндердi оқытудың әдiстемесiмен де айналысты. 1928 ж. "Жаңа мектеп" журналының 8-санында жарияланға "Қай әдiс жақсы?" деген көлемдi мақаласында ұлы педагог Л.Н.Толстойдың "Үйрету әдiстерi туралы" деген еңбегiне талдау жасай отырып, "әдiс деген қатып-семiп қалған догма емес... Жақсы дерлiкте, жаман дерлiк те бiр әдiс жоқ.
1920 ж. Қазанда "Баяншы" деген атпен тiлдi оқытудың методикасына арналған әдiстемелiк құрал шығарды.
А.Байтұрсынов оқытудың бiлiмдiлiк-танымдық жағымен бiрге тәлiмгерлiк қызметiне де баса көңiл бөлдi. Әрбiр оқылатын тақырыптардың бiлiм бере отырып, тәрби де беруiн қарастыруды талап еттi.

Халел Досмұхамедов ( 1883-1937)

Халел Досмұхамедов ( 1883-1937) 1909 ж. Петербургтегi әскери медицина академиясын оқып, бiтiрiп Керм губерниясында, кейiн 22 Орал қазақ-орыс атқыштар батальонында әскери дәрiгерлiк қызмет атқарады. Осы кезден бастап қоғамдық iстерге белсене араласып, "Орал", "Пiкiр", "Қазақ" газеттерiне мақалалар жазады.
1917 ж. бастап Алашорда үкiметiнiң басқару жұмыстарына белсене араласады. Батыс Қазақстан өлкесiндегi Алаш партиясының белсендi қайраткерлерiнiң бiрi болады.
1924 ж. Орта Азия университетiнде ординатор, 1926-29 ж.ж. Қазақ педагогикалық институтында проректор, кейiнне педалогия кафедра меңгерушiсi, профессорлық қызметтер атқарады.
Жаратылыстану ғылымы саласында тұңғыш "Адамның тән тiршiлiгi" (1927) "Сүйектiлер туралы" (1928) Жануарлар (1929) атты оқулықтар жазып шығарады. Осы ғылым саласында тұңғыш ұлттық ғылыми терминдердi қалыптастыруда елеулi еңбек етедi.
Х.Досмұхамедов тарих, әдебиет, тiл бiлiмi ғылымдар саласында да бiрнеше ғылыми еңбектер жазып көзге түседi. Мысалы: "Қазақ халық әдебиет", "Қазақ-қырғыз тiлiндегi сингормонизм заңы", "Кенесары-Наурызбай", "Шатай қозғалысы туралы" еңбектерiнде қазақ ауыз әдебиетi үлгiлерiнiң тәлiмдiк жағына баса көңiл бөлген, қазақ әдебиетiн жинап зерттеушi орыс ғалымдары: В.В.Радлов, Н.И.Ильминский, Г.Н.Потанин, А.В.Алекторов, Ә.Диваев т.б. еңбектерiне талдау жасаған. Қазақ ауыз әдебиетiн ғылыми тұрғыда тұңғыш классификация жасаған. Ұлттық өнер туындыларына, әсiресе айтыс өнерiне, қазақтың барымта-аламандығы жөнiнде келелi пiкiр бiлдiрген. Ұлттық тұрмыс-тiршiлiк, кәсiпкерлiк мәселелерiне де мән бере қарастырған. Қазақтың ою-өрнек, зергерлiк бұйымдардың жасалу ерекшелiктерiн, Самарханд шаһарындағы "Тiлләқари" және "Ширдар" медресесiн салдырушы Жалаңтөс батыр туралы тың мағлұматтар берген.
Х.Досмұхамедов тiл, сөйлеу-мәдениетiндегi адам психологиясының ерекшелiктерiн сөз ете келiп "Тiлiнен айырылған жұрт жойылған жұрт. Мектеп пен баспаның тiлi дұрыс болса, елдiң тiлi көркейiп, гүлденедi... Ал мектеп пен баспада қолданудан қалған тiл - шатасқан тiл. Ол ел сорлы ел, мұндай елдiң тiлi бұзылмай қалмайды" ... дейдi. Өз тiлiн бiлмей тұрып, жат елге елiктей беру зор қате" - дегендi айтады. Бiз бұдан оның ұлтын, ұлт тiлi мен ұлт мәдениетiн қастерлейтiн нағыз патриот азамат екенiн байқап бiлемiз.

Мiржақып Дулатов (1885-1935)
1897 ж. Торғайдағы орыс-қазақ мектебiне түсiп, оны 1902 ж. бiтiрiп шығып 6-7 жыл ауылда мұғалiм болған Мiржақып кейiн Омбы, Қарқаралы қалаларына барады. 1909 ж. Уфада "Оян, қазақ" атты еңбегiн, кейiн "Бақытсыз Жамал" романын бастырып шығарады. "Айқап" журналына әртүрлi тақырыпта мақалалар жазып тұрады. 1913-1917 ж.ж Орынборда А.Байтұрсыновпен бiрге "Қазақ" газетiн шығарады.
Қазан төңкерiсiне дейiн, сондай-ақ Кеңестiк үкiмет жылдарында Алаш үкiметi мен партиясының белсендi қайраткерi болғаны үшiн бiрнеше рет 1922-26 ж.ж. Орынбордағы қазақ ағарту институтында оқытушы болады. 1922 ж. екi бөлiмнен тұратын бастауыш сыныпқа арналған "Есеп құралы", 1924 жылы "Қирағат" атты оқулығын басып шығарды.
Ұлы педагог Ы.Алтынсариннiң оқу-ағарту мәселесiне байланысты идеяларын әрмен қарай жалғастырып, ол да А.Байтұрсынов сияқты оқу-тәрбие iстерiн ғылыми тұрғыда қарастырды. Оқытудың жаңа әдiс-тәсiлдерiн марапаттап, шәкiрттердiң жаңа бағдарлама бойынша бiлiм алуына, сабақтың ғылыми дидактикалық негiзде жүргiзiлуiне зер салды. Ғылыми педагогикада... мектеп программасында бiрiншi орыналатын нәрсе қирағат, баяндап оқыту... Қирағаттың мақсатын түсiнбеген мұғалiм үмiт еткен пайданы бере алмайды... Баланы оқыған нәрсесiн бiр-бiрiне ұйқастырып ойлануына, оқып шыққанын жадында рет-ретiмен һәм толық мағынасымен сақтауға әрекеттендiру керек". Ал орыс педагогикасының атасы К.Д.Ушинский айтқандай, оқу-тәрбие процесiне (жазу, сызу, есептеу, оқу т.б.) шәкiрттердiң сезiм мүшелерiн (көз, құлақ, қол т.б.) тұтастай қатыстырып отыру қажеттiлiгiн мұғалiмдердiң есiне салады. Ғалым оқыту процесiндегi тәрбиенiң ролiне зор көңiл бөле келiп, "Туысынан қанша зеректiк болса да, ғылымымыз тәрбиесiз кемелiне жетпейдi. Кiмде-кiм өзiнiң табиғатында не нәрсеге шеберлiгi барлығын сезiнiп, өз жолына түссе ғана, көзге көрiнедi" ... деп мамандық таңдаудың адам қабiлетiн ескере асырылуын қалайды.
М.Дулатов өзiнiң "есеп құралы" кiтабын бiрiншiден, қазақ өмiрiмен байланыстырса, екiншiден тұңғыш рет елуге тарта материалдық терминдердi тiлiмiзге енгiзудi, үшiншiден оқулықтағы материалдардың бiлiмдiк және тәлiмдiк жағынан бiрдей қарастырылуына зер салды. Сөйтiп, М.Дулатов математикалық оқудың негiзiн салды.

Нәзипа Құлжанова (1887-1934)

Ол қазақ әйелдерi арасынан тұңғыш әлеуметтiк iске белсене араласқан әрi мұғалiм, әрi педагог-ғалым, әрi журналист болды. Ол 1902 ж. Қостанайдағы қыздар гимназиясын оқып бiтiрiп, Торғайдағы қыздар училищесiнде, кейiн (1904-1919 ж.ж.) Семейдегi мұғалiмдер семинариясында мұғалiмдiк қызмет атқарды.
Н.Құлжанова 1924 ж. "Мектепке дейiнгi балаларды тәрбиелеу" атты еңбегiн жазып, Орынбордан бастырып шығарды. Кейiн "Әйел теңдiгi" журналында қазақ балабақшаларындағы озат тәжiрибелер жайында бiрнеше мақалалар жазады.
1924 жылы "Ана мен бала" атты еңбегiн жазып шығарады. Бұл еңбекке алғы сөзi атақты - турколог ғалым, қоғам қайраткерi Ахмет Байтұрсынов алғысөз жазды.
Автор мектепке дейiнгi тәрбиенiң мазмұнын, мақсатын баяндай келiп, баланың қимыл-қозғалысына, сезiм мүшелерiне, сөйлеу, ойлау ерiк-жiгерiн жетiлдiру жолдарына тоқталады. Бала ойынының мәнi мен маңызына тоқталады. Жас баланың өсiп-жетiлуiне, дүние-танымына табиғаттың әсерiнiң ерекшелiгiне тоқтала келiп, "суға түсiп, жүгiрiп, құспен бiрге сайрап, көбелек қуып, шыбын-шiркей, құрт-құмырсқамен бiрге көкорай шалғын, тоғай арасын сайрандап жүрiп, көңiлi де, жан-тәнi де бiрдей тегiс өсiп, өркендемек" - дейдi.
Автор баланың елiктегiштiк, айналаны танып-бiлуге деген құмарлық қасиетiн жетiлдiре тәрбиелеуге баса көңiл бөлудi қуаттайды.

Жүсiпбек Аймауытов (1889-1931)
Жазықсыз жапа шеккен, қазақ әдебиетi мен мәдениетiнiң көрнектi қайраткерлерiнiң бiрi Ж.Аймауытов қазақ топырағында тұңғыш шыққан педагог, психолог-ғалым. Ол бiрнеше оқулықтар мен оқу құралдарының авторы.
Ж.Аймауытов Павлодардағы орыс-қазақ мектебiн, онан кейiн Семейдегi мұғалiмдер семинариясын (1918) бiтiрген. 1924 ж. Баянауылда бала оқытады. 1920 жылы РК(б)К қатарына кiредi. Қазақстан Советтерiнiң сьезiне делегат болып сайланады. ҚАССР Халық ағарту комиссариатының коллегия мүшесi, "Қазақ тiлi", "Ақ жол" газеттерiнiң қызметкерi, мектеп мұғалiмi, 1926-29 жылдары Шымкенттегi педтехникумның директоры болып iстейдi. 1931 жылы ұлтшыл деп айыпталып, жазықсыз өлiм жазасына кесiледi.
1918 ж. "Абай" журналының бас редакторы бола отырып, тәрбиемен байланысты бiрнеше ғылыми мақалалар жариялады. Солардың iшiнде 1922 ж. жеке кiтап болып шыққан "Тәрбие жетекшiсi" атты еңбегiн ерекше атап өтуге тура келедi. Ол еңбегiнде Ж Аймауытов "Адам мiнезiнiң, ақыл-қайратының әр түрлi болуы - тәрбиенiң түрлi-түрлi болуынан... Адам баласының ұрлық iстеуi, өтiрiк айтуы, кiсi тонауы, өлтiруi сияқты бұзақылықтарды жасауы, тәрбиенiң жетiспегендiгiнен" - дейдi.
Автор бала тәрбиесiндегi отбасының рөлiне зор мән бере келiп, "Баланы бұзуға, яки түзетуге себеп болатын бiр шарт - жас күнiнде көрген өнегеге, ата-анасының берген тәрбиесiне байланысты "ұяда не көрсе, ұшқанда соны iледi" деп бала мiнезiн қалыптастырудағы отбасы мүшелерiнiң ықпалына тоқталады.
Ж.Аймауытов өнегелi үйелменнен де бұзақы мiнездi баланың шығуы немесе тәрбиесi нашар отбасынан да тәрбиелi, өнегелi баланың өсуi мүмкiн дей келедi де, бұл айтылғандар өскен ортаның, замандас, жолдас-жора, құрбы-құрдастың ықпалынан, соларға елiктеуден болатынын дәлелдейдi.
Сондай-ақ ол "Психология" (1926), "Жан жүйесi және өнер таңдау"(1926) деген оқулықтарын жазып, психология, педагогика, әдістеме ғылымдарын ұштастыра оқытуға терең мән бередi.

Мағжан Жұмабаев (1893-1938)
Мағжан Жұмабаев (1893-1938) әрi лирик ақын, әрi аудармашы, әрi ұстаз-ғалым Мағжан Жұмабаев ондаған поэма, жүздеген лирикалық өлеңдерiмен бiрге, оқытушылық қызметтi атқара жүрiп, тұңғыш педагогикалық оқулықтар жазып қалдырды. Ол жазған "Бастауыш мектепте ана тiлi" (1925), "Сауатты бол" (1926), "Педагогика" (1922) атты оқулықтары педагогика және әдiстеме ғылымдарына қосқан тың үлес болып саналады.
Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905 - 1910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді.
Баспадан 1909 жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып, "Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға" деген өлең жазды. 1910 - 1913 жылдары Уфа қаласындағы "Ғалия" медресесінде білім алды.
"Алаш" партиясының Ақмола облысының комитетінің мүшесі болды. 1918 - 1919 жылдары Петропавл уездік земство басқармасында қызмет етті. 1919 - 1923 жылдары Ақмола губерниялық "Бостандық туы" газетінде, "Шолпан", "Сана" журналдарында, "Ақжол" газетінде қызмет істеп жүріп, халық ағарту жұмысына белсене араласады. Сол кезеңде қалың қауымға таныс поэмасы "Батыр Баянды" жазып, жарыққа шығарады. 1923 - 1927 жылдары Мәскеуде Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында оқиды. 1929 жылы Жұмабайұлы "Алқа" атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптаулармен Мәскеудегі Бутыркатүрмесіне қамалып, 10 жыл айдауға кесіледі. 1936 жылы М.Горький мен Е.Пешкованың араласуымен бостандық алып, Қазақстанға қайтады.
Петропавл қаласыннда мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалім болып жұмыс істейді. Көп ұзамай қалалық оқу ісінің меңгерушісі оны саяси себептерге байланысты деген айыппен мұғалімдік қызметтен босатады.1937 жылы наурызда Жұмабайұлы Алматыға келеді. Аударма ісімен айналысады. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді.
Мағжанның "Педагогикасы" он төрт тараудан тұрады.

Выготский Лев Семенович (1896-1934)

Выготский Л.С. (1896-1934) - әлемдік психологияда әйгілі кеңес психологі. Оның жасаған жоғары психикалық функциялардың дамуында мәдени-тарихи концепциясының теориялық және эмпириялық мүмкіндіктерінің маңызы өте зор. Л.С.Выготскийдің көптеген еңбектері балалар мен педагогикалық, арнайы және клиникалық психологияның өзекті әрі іргелі мәселелерін қамтиды. Ол оқу-тәрбие істерінің бала психикасын дамытуда шешуші қызмет атқаратынын нақты тәжірибелік мысалдармен дәйектейді. Арнайы психология саласында Л.С.Выготский кемтар балаларды оқыту мен тәрбие істерінде тиімді жолдар арқылы елеулі табыстарға жетуге болатындығын ғылыми тұрғыдан ашып көрсетті. Оның зерттеу нәтижелері тек психологияға ғана емес, адамтану ғылымдарына қатысты өзге де ғылыми пәндер болып саналатын: дефектология, тіл білімі, психиатрия, өнертану, этнографияның дамуына пайдалы үлесін қосты. Выготский мектебінің өкілдері (Божович Л.И., Запорожед А.В., Левина Р.Е., Леонтьев А.Н., Лурия А.Р., Эльконин Д.Б.,т.б.) Негізгі еңбектері: 6-томдық шығармалар жинағы (1982-1984) "Педагогикалық психология"(1926), "Қылықтар тарихының этюдтары"(1931, Луриямен А.Р. бірге), "Өнер психологиясы"(1965), т.б.
Л.С.Выготскийдін исихология ғылымы саласынан жазған енбектерін Қазакстан оқырмандарына 30 жылдары алғаш таныс-тырып түсініктер берген Т.Т.Тажібаев. Ал Виготскийдің психо-логиялык идеяларынын бірсыпыра жәйттерін арнайы зсрттеп қазақ оқырмандарына жеткізген М.М.Мұқанов. Ол ғылымның этнопсихологиялық ой-пікірлсрін өзінің докторлық диссертациясы мен ғылыми жинақтарда жариялаи талдау жасады.

Ыбырай Алтынсарин (Ибраһим, 1841 -- 1889)
Ыбырай Алтынсарин (шын аты -- Ибраһим, 1841 -- 1889) -- қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы.
Туып-өскен жері -- Қостанай облысының Қостанай ауданы, Арқарағай ауылы. Осы өңірде, Тобыл өзенінің жағасынан топырақ бұйырған.
1850 ж. Орынбор шекара комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан мектебіне оқуға түседі. Мектепті бітірген соң, Орынбор шекара комиссиясында әскери старшина болып қызмет атқаратын үлкен әкесі Балғожа Жаңбыршыұлының хатшысы болады (1857 -- 1859). Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет атқарады.
1860 жылы Орынбор бекінісінде (Торғай) қазақ балалары үшін мектеп ашу тапсырылады, әрі сол мектепке орыс тілінің мұғалімі болып белгілінеді.
Ыбырайдың бүкіл өмірін арнаған ағартушылық-педагогтық қызметі осылай басталады. Тікелей өзінің араласуымен халықтан жинаған қаржыға мектеп үйін және интернат салып, 1864 жылы 8 қаңтарда мектептің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашады.
Ұстаздық-ағартушылық қызметке қоса Ыбырайға басқа да жұмыстарды атқару жүктеледі. Орынбор генерал-губернаторының тікелей тапсыруы бойынша Торғайда төрт рет уездік судья болып (1868 -- 1874), торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі (1876 -- 1879) қызметін атқарады.
Ыбырай инспекторлық қызметке кіріскен соң оқу-ағарту жұмыстарын одан әрі жандандырып, Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездерінде бір-бірден екі кластық орыс-қазақ мектептерін ашады, оларды қажетті кітаптармен жасақтайды.
Ыбырай "Қазақ хрестоматиясына" кірген өлеңдерінде де халық-ағарту идеясын көтерді. Начальное руководство к обучению киргизов русскому языку, Оренбург, 1879; Қазақ хрестоматиясы, Орынбор, 1906; Мәктубат, Қазан, 1896, 1899; Киргизская хрестоматия, Оренбург, 1879, 1906; Таңд. шығ. 3 томдық, А., 1943, 1953; Собрание сочинений в 3-х т. Т.1 - 3, А.-А., 1975, 1978; Әңгімелер, А., 1980. Өлеңдер

Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845 -- 1904)
Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) -- ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері -- Йузи-рәушән, екіншісі -- Физули, Шәмси. Сап, сап, көңілім,Шәріпке, Абралыға, Жақсылыққа, Кең жайлау өлеңдері 1870 -- 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы -- Қансонарда 1882 ж. жазылған. Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі -- өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі -- ғақлия (немесе Абайдың қара сөздері) деп аталатын прозасы; үшіншісі -- өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері.Қара сөздер Абайдың соңғы туындылары қатарына жатады.
1891 жылдан бастап Абай басына ауыртпалық түсіп, бір-біріне ұласқан қайғы бұлты ашылмай қояды. Осы жылы ақынның сүйікті інісі Оспан жарық дүниеден өтеді. Одан кейін орысша әскери білімі бар, үлкен үміт күткен баласыӘбдірахманнан айырылады. Бұлардың қазасының ақын жанына қандай батқаны оның осы тақырыпқа арнаған топтама өлеңдерінен айқын көрінеді. Сөйтіп жүргенде соңғы тіренішіндей болған дарынды ақын баласы Мағауия да қайтыс болды. Осындай қабаттасқан қайғы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сабақтан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру
Еуропа елдеріндегі гуманистік тәрбие идеяларының қалыптасуы
Ахмет Байтұрсынов шығармаларындағы халықтық идеяның тәрбие берудегі орны
XX ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықтарындағы халықтық идеяның қоғамдық тәрбие берудегі тағылымына концептуальды талдау
Педагогика тарихы пәнінен лекция тезистері
Монтессори тобындағы шеңбер
Қазақ ағартушыларының философиясы
Мария Монтессори технологиясы туралы мәлімет
Абай Қүнанбаевтың (1845-1904) педагогикалық және психологиялық көзқарастары
Мәдени құндылықтар
Пәндер