Қазақ тілі - мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметі



1 Қазақ тілі мемлекеттік мәртебе
2 Қазақ ресми іс қағаздар стилі
3 Қазақ ресми іс құжаттарының қалыптасуының кезеңі
4 Қазіргі кездегі орыс тілінде жазылып жүрген қызметтік хаттар
Қазақстандағы қоғамдық жағдайға байланысты бүгінгі күнге дейін қазақ тілі қоғамдық өмірдің барлық саласында қызмет ете алмағаны мәлім.Негізінен күнделікті тұрмыстық қатынаста, көркем әдебиет пен баспасөз бетінде қолданылған қазақ тілі ғылым, мәдениет, саяси-әлеуметтік, дипломатия, басқару саласында толыққанды қызметін атқара алған жоқ.Қоғамда ,қолданылмағандықтан қазақ ресми іс қағаздары да өз деңгейінде қалыптасып, оның ғылыми-теориялық негіздері ,жаңадан жылжи бастады.
Қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алуымен байланысты мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметін арттыру мәселесі күн тәртібіне қойылды.Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін үкімет тарапынан бірнеше маңызды ресми құжат қабылданды. (4,3).Соның бірі Қазақстанның заңнамасы республикадағы тілдер қызметінің құқықтық негіздерін анықтап, оларды зерттеп және дамытуға мемлекеттің жағдай жасауын белгілеп, еліміздегі тілдер туралы заңнаманың сақталуына бақылау жасады. Айталық Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Қазақстан Республикасының заңы (1997ж. 11 шілде, №151) бойынша: «Мемлекеттік тіл-мамлекеттің бүкіл аймағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекетті басқару, сот ісін жүргізу тілі» деп бекітілді.(6, 12-13)Сонымен қатар «тілдерді қолдану мен дамытудың мелекеттік бағдарламасы» 1998 жылы жарық көрді.Осы реформаларды жүзеге асыру үшін әр министрлік,әрбір мекеме, ұйымдар, жеке адамдар нақты істерін белгілеп оны жүзеге асыруы тиіс.Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен бекітілген «тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекееттік бағдарламасы» тіл саясатын іске асырудың алғашқы кезеңінде негізгі төрт бағытта іс-шаралар жүргізілді.Соның бірі ресми іс қағаздарын жүргізуді қазақ тіліне кезең-кезеңмен көшірудің негізін жасау.Қалай десек те республикада іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге бет бұрды.Бұл мәселе енді жанданып,енді-енді қолға алынып келе жатқан шара.
Қазақ тілінің қоғамдық қызметінің артуы функционалдық стилъдердің сапасына өзгеріс әкелді, атап айтқанда, қазақ ресми іс қағаздарының стилінің рөлі мен қызметіне мән беріліп, іс қағаздар тілін ғылыми негіздеу көтерілді. Қазақ тіл білімі ғылымының алдында қазақ іс қағаздар тілінің лексикалық жүйесіндегі өзерістерді, семантикалық, прагматикалық, стилъдік, жанрлық ерекшеліктерді, оның диахронды, синхронды сипатын, жай-күиін, жалпы іс қағаздарының көкейкесті мәселелерін зерттеу, ресми іс қағаздар тілінің ғылыми теориясын жасау міндетін көптеген ғалымдарымыз зерттеу жұмыстары арқылы іске асыра бастады.Айтылып отырған мәселенің мемлекеттік маңыздығы барлық мәнге ие. (4,4).Әр саланың өзінің ерекшеліктері болатындығы бәрімізге мәлім. Соның ішінде ресми іс қағаздары дәлдігімен, нақтылығымен ерекшеленеді.Осы жерден «стиль» ұғымы пайда болады. Стилъ дегеніміз өмірдің белгілі бір саласында қолданылатын, тарихи қалыптасқан тілдік құралдың жүйесі.
1.Алдашева А. Ресми іс қағаздары. А.,2001
2.Әбілқасымов Б. 19 ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдеби тілі.А.,1982
3.Балақаев Қ. Қазақ ідеби тілінің тарихы.А.,1968
4.Дүйсенбекова Л. Қазақ ресми іс қағаздары.А.,2005
5.Мәдениетаралық қарым-қатынас және орыс филологиясының өзекті мәселелері.А.,2004
6.Сыздық Р. Сөздер сөйлейді. А., 1980
7.Сыздық Р. Сөз құдіреті. А.,1997
8.Сыздық Р. Тілдік норма
9.Скала В.И. Скала В.Б. Сакла Н.В. Делопройзводство в Республике Казахстан. А.,2002
10.Соловьева А.Я. Современный этикет.М.,1989
11.Разин А.В. Этика. М.,2004
12.Колтунова М.В. Язык и деловое общение. М.,2002
13.Гудков Д.Б.Тоерия и практика ММК.М.,2003

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстандағы қоғамдық жағдайға байланысты бүгінгі күнге дейін қазақ
тілі қоғамдық өмірдің барлық саласында қызмет ете алмағаны мәлім.Негізінен
күнделікті тұрмыстық қатынаста, көркем әдебиет пен баспасөз бетінде
қолданылған қазақ тілі ғылым, мәдениет, саяси-әлеуметтік, дипломатия,
басқару саласында толыққанды қызметін атқара алған жоқ.Қоғамда
,қолданылмағандықтан қазақ ресми іс қағаздары да өз деңгейінде қалыптасып,
оның ғылыми-теориялық негіздері ,жаңадан жылжи бастады.
Қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алуымен байланысты мемлекеттік тілдің
қоғамдық қызметін арттыру мәселесі күн тәртібіне қойылды.Бұл мақсатты
жүзеге асыру үшін үкімет тарапынан бірнеше маңызды ресми құжат қабылданды.
(4,3).Соның бірі Қазақстанның заңнамасы республикадағы тілдер қызметінің
құқықтық негіздерін анықтап, оларды зерттеп және дамытуға мемлекеттің
жағдай жасауын белгілеп, еліміздегі тілдер туралы заңнаманың сақталуына
бақылау жасады. Айталық Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Қазақстан
Республикасының заңы (1997ж. 11 шілде, №151) бойынша: Мемлекеттік тіл-
мамлекеттің бүкіл аймағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында
қолданылатын мемлекетті басқару, сот ісін жүргізу тілі деп бекітілді.(6,
12-13)Сонымен қатар тілдерді қолдану мен дамытудың мелекеттік
бағдарламасы 1998 жылы жарық көрді.Осы реформаларды жүзеге асыру үшін әр
министрлік,әрбір мекеме, ұйымдар, жеке адамдар нақты істерін белгілеп оны
жүзеге асыруы тиіс.Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен
бекітілген тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекееттік бағдарламасы тіл
саясатын іске асырудың алғашқы кезеңінде негізгі төрт бағытта іс-шаралар
жүргізілді.Соның бірі ресми іс қағаздарын жүргізуді қазақ тіліне кезең-
кезеңмен көшірудің негізін жасау.Қалай десек те республикада іс қағаздарын
мемлекеттік тілде жүргізуге бет бұрды.Бұл мәселе енді жанданып,енді-енді
қолға алынып келе жатқан шара.
Қазақ тілінің қоғамдық қызметінің артуы функционалдық стилъдердің
сапасына өзгеріс әкелді, атап айтқанда, қазақ ресми іс қағаздарының
стилінің рөлі мен қызметіне мән беріліп, іс қағаздар тілін ғылыми негіздеу
көтерілді. Қазақ тіл білімі ғылымының алдында қазақ іс қағаздар тілінің
лексикалық жүйесіндегі өзерістерді, семантикалық, прагматикалық, стилъдік,
жанрлық ерекшеліктерді, оның диахронды, синхронды сипатын, жай-күиін, жалпы
іс қағаздарының көкейкесті мәселелерін зерттеу, ресми іс қағаздар тілінің
ғылыми теориясын жасау міндетін көптеген ғалымдарымыз зерттеу жұмыстары
арқылы іске асыра бастады.Айтылып отырған мәселенің мемлекеттік маңыздығы
барлық мәнге ие. (4,4).Әр саланың өзінің ерекшеліктері болатындығы
бәрімізге мәлім. Соның ішінде ресми іс қағаздары дәлдігімен, нақтылығымен
ерекшеленеді.Осы жерден стиль ұғымы пайда болады. Стилъ дегеніміз өмірдің
белгілі бір саласында қолданылатын, тарихи қалыптасқан тілдік құралдың
жүйесі.
Стилъ түрлеріне ажыратуда қазақ зерттеушілері стилъдердің қалыптасуы
мен дамуын зерттеудің негізгі көзі тілдің қолданысы болып табылады, бұл
қолданыстар белгілі бір жанрға тәуелді болып келеді деген сияқты немесе
“жанрға қатысты бөлінген стилъдер анығырақ танылады” дегендей,қазақ
тілдерінің стильдерін жанрлық негізде тармақтайды: публисцистикалық,
ғылыми,көркем әдебиет,ауызеі сөйлеу, ғылыми стилъдер.( 8, 156-158).
Ресми іс қағаздар тілінің элементтері көбінесе публисцистикалық стильде
кездеседі.Публисцистикалық деген сөз “қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді
талқылау” деген ұғымда жұмсалады. Қазіргі публисцистикалық стилъ өзіне тән
ерекшкліктерімен дамып келеді.(4,7).Сонымен қатар ресми іс қағаздары да
даму үстінде.Жоғарыда атап өткендей әрбір саланың өзінің ерекшеліктері
болады.Сол сияқты ресми іс қағаздар стилінің өзіндік ерешеліктері бар.Ресми
іс қағаздар тілі қарапайым,жұрттың бәріне түсінікті тілмен жазылмайды.Оның
баяндау формасы мен стилінде тұрақтылық пен нақтылық сақталады.Ресми іс
қағаздары әдеби тілдің күрделірек, ресми, саяси, экономикалық сипаттағы
нұсқасы десе де болады.Оның өзіне тән қалыптсқан сөз орамдары, терминдері,
мәнер-нақышы, этикет формулалары, белгілі бір стандарты бар.(2,110-111).
Осы жердегі этикет формулалары деген сөзге назар аударар болсақ , оның
ресми іс қағаздарда алатын орны ерекше.Біздің осы жұмысымызда қазақ ресми
іс қағаздарын зерттеуші ғалымдардың, Л. Дүйсенбекованың, Б. Әбілқасымовтың,
А. Алдашеваның еңбектері қаралды. Сонымен қатар қазақ сөз мәдениетін
зерттеген ғалымдар Р. Сыздық, Қ, Балақаев және орыс тіліндегі мәдени
үлгілерді В. Скала, А, Соловьева еңбектерінен қарастырдық.
Алдымен этикет сөзіне түсініктеме берейік.Этикет - француз сөзі, адамның
өзін-өзі ұстау деген мағына береді.Дүние жүзіндегі барлық ұлттар этикетке
өз үлестерін қосып, түзетулерін енгізуде.
Ең бірінші этикет жайындағы оқулық 1717жылы Ресейде бірінші Петрдің
кезінде “Юности честное зеркало или показание к житейскому обхождению” атты
кітабы басылып шықты.Этикетті жеке адам ғана емес, ұйымдар да, саяси
политикалық жүелер де қолданады.Этикет адамдардың бірін бірі дұрыс
түсінісуіне көмектесіп, олардың ішкі жан дүниесін көрсетіп тұрады.(10,5-8)
Ал іс жүргізу ісіндегі сыпайылықты білдіретін тілдік формаларды этикет
формулалары деп атайды.Олар көбінесе фразеологизмдер немесе дайын тілдік
формалар болып келеді.Этикет формулалары істі дұрыс жүргізуге септігін
тигізеді.Біздің елімізде іс қағаздарын жүргізу орыс тілінде жүзеге асып
келгендіктен құжаттардағы этикет формулалары да тек орыс тілінде
қарастырылып келді, ал тіпті іс жүргізу этикеті жоқ елдердің даму деңгейі
жоғары болуы мүмкі емес,себебі оның жоқтығы бірігіп қызмет етуге кері
әсерін тигізеді.Этикет формулалары өз ситуациясына байланысты
қолданылады.В. Е. Голъдиннің айтуы бойынша адамдар жол бойындағы жүргізуші
сияқты қай кезде қай этикет формулаларды қолдану керктігін білуі қажет
(12,240-241)
Сонымен, этикет дегеніміз сыпайылық кодексі, ал этикет формулалары қарым-
қатынасты реттеп, іс жүргізуді жеңілдететін дайын тілдік формалар.(12,221)
Іс құжаттарындағы сыпайыгершілік істің дұрыс жүргізілуінің ,сәтті
жүргізілуінің бірден-бір себепкері болып табылады.Ресми іс қағаздарындағы
этикет өте маңызды мәселелердің бірі. Сондықтан біздің жұмысымызда,
біріншіден, қазақ тілінде жазылған құжаттардағы сөз әдебінің үлгілерін
қарастыру мақсатында оның тарихына қысқаша шолу жасадық. Екіншіден, қазіргі
қазақ тіліндегі іс қағаздарын жүргізу бойынша жазылған оқу құралдарындағы
қазіргі заман талаптарына сай лайықталынып берген сөз әдебінің үлгілерін,
яғни этикет формулалары анықталынып, қүжат түрлеріне қатысты жіктеліну
мүмкіндіктері қарастырылады.
Қазақ ресми іс қағаздар стилі екі арнадан сусындады.Оның бірі сонау
көне дәуірден бермен қарай келе жатқан хан жарлықтары мен басқа да
документтер үлгілері. Ал екіншісі 19 ғ. Қазақ жерінің Ресей мемлекеті
қоластына кіруімен байланысты орыс әкімшілік орындарының бүйрық-жарлықтары,
заңдары қазақ ішіне тарады.Қазақ тіліндегі ресми іс қағаздарының
қалыптасуына негіз болған көне түркілік злементтер мен орыс іс қағаздары
бірін-бірі жоққа шығарған жоқ, қайта бірін-бірі толықтырып, тез тілтабысып
кетті.(2,114-115)
Осы айтылған мәліметтерге дәлел ретінде 1694-1785ж.ж. аралығында сұлтандар
мен старшындардың орыс мемлекеті өкілдерімен жазысқан хаттарындағы этикеи
формулаларына,қалыптасқан көріністеріне назар аударып көрейік.
...Асқан мәртебелі тақ иесі және аса жоғары мәртебелі әрі ұлы өкіл және ие
әрі құдіреті күшті патшаға...
...Көп жерлердің аса ұлы, ізгі, бай және ақып иесі, ұлы мәртебелі патша
императрицаға күн сайын, ай сайын және жыл сайын құдайдың рақымымен
мемлекетті есен сау билей беруді тілейміз. Ұлы мәртебелі біздің сізге
мәләмдегіміз келгені мынау еді...
Сонымен қатар сол кезеңдегі қызметтік хаттарда хұрметлу, ғизатлу,
меһрбанлу сияқты арбша сөздер көп кездеседі.Мысалы, атақты атқты Махамбет
Өтемісұлының Жем, Сағыз, Қайнар бойын жағалаған Әлім-Шөмен руларының
беделді адамдарына жазған хатының тексіне назар аударсақ, өлеңдерін
қазақтың таза дәстүрлі әдеби тілінде шығарған ақынның хат жазуға келгенде
мүлдем басқа стильді жұмсағанын көреміз.Көрнекті болу үшін хат тексін араб
жазуынан қазіргі графикаға келтірілген түрінен үзінді келтірейік.Үзінді
Берқайыр Аманшиннің Махамбеттің хаты деп жарияланған мақаласы бойынша
алынды.
Хұрметлу батырлар,Баубек, Нәдірқұл, Сәли, Жармұханбет, Амантай
баршаларығызға сәлемдерімізден соңыра истихфаларың уләндірсе әлхамдилла
сізнің дүхәйләріңнің хәмидіндә.(2,166-167)
Бұл мысалдардан ресми іс қағаздарындағы этикет формулалар сонау хан
жрлықтарынан бастау алғанына көз жеткіземіз.
Қазақ ресми іс құжаттарының қалыптасуының екінші кезеңі қазақтардың
Ресей империясының қоластына өтуімен байланысты.Бұл кезеңде ресми іс
құжаттары орыс тілінен қазақ тіліне аударылып, көпшілігі баспа жүзінде
жарияланып отырды.Одақ кезінде іс қағаздары орыс тілінің тікелей әсерін
қабылдады.Орыс элементтері молынан араласты.Терминология саласында да
грамматикалық тәсілдерді, нормаларды пайдалануда да әлсіз болды(2,249).Бұл
кезеңдегі іс құжаттарын зерттеу еңбектерінде құжат мәтінлері, ондағы
терминология ғана қарастырылғандықтан этикет формулаларын зерттеу
жұмыстарын біз қараған оқулықтардан кездестіре алмадық.
Жоғарыдағы келтірілген этикет формулалары әрине қазір
қолданылмайды.Қоғам дамып, уақыт өте келе, қоғам талаптарына байланысты іс
қағаздары басы артық сөздерден арыла бастады.Жалпы кез келген өркениетті
елдің іс қағаздарын жүргізу тәртібінде бүгінгі таңда көбінесе қысқа да
нұсқа этикет формулалары қолданылады.Тілдік этикет формулалар өз
ситуациясына сай келеді.Кейбіреулері эмоциямен, кейбіреулері бейтарап
тонмен айтылады.(4,180).Соның мысалы ретінде қызметтік хаттарды алатын
болсақ, ол бірінші Құрметті сөзінен басталады.Мысалды, Құрметті Төлен
Әріпұлы. Бұл қалыптасқан құрылымнан кейін үтір қойылса, ол хатқа қарапайым,
эмоциясыз реңк береді.Ал егер леп белгісі қойылса, оған ерекше мән
берілетіндігі көрсетіледі. Егер хат адресатқа айтылған құрылымда Фамилиясы
емес, аты мен әкесінің аты көрсетілсе хатқа жекелік сипат береді.Мысалы,
Құрметті Еркін Дәулетұлы.Егер қарата айтылған құрылымдағы фамилиясы мысалы,
Құрметті Т. Әбділдин болса, бұл құрылым хат мәніне ресми қалыптасқан сипат
береді
Қызметтік хат бейтарап тонмен жазылады.Онда адресатты аса мадақтайтын
немесе намысына тиетін сөздер қолданылмайды.Адресаттың қызмет дәрежесінің
төмен я жоғарылығына қарамастан кідіртпей жауап беріңіз, тез арада
орындаңыз, қысқа мерзімде орындаңыз деген құрылымдардың орнына
сыпайылықты білдіретін сөз орамдары қолданылады.
Мысалы: Өз шешіміңізді хабарлауыңызды сұраймын
...дейін жауап беруіңізді сұраймын
...мекенжайға хабарласуыңызды сұраймын
осы мәселенің дұрыс шешілуіне ықпал етсеңіз
анықтауыңызды сұраймын
...көлемінде жартылай көмек беруіңізді сұраймын.
Ал осы қызметтік хаттарға жауап жазған кезде сіздің ұсынысыңызды толық
қарап шыққаннан кейін деген сөз тіркесңмен бастаған жөн.Шешім қабылдаған
кезде қарай отырып, ескере отырып, басшылыққа ала отырып деген сөз
тіркестері қолданылады.
Өтініш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік тілге байланысты қабылданған заңнамалық құжаттардың сипаты және олардың жүзеге асырылу деңгейі
Қазақстандағы тіл саясатының мәселелері
Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметі
Тілдің негізгі қызметі
Микроәлеуметтік қауымдастықтағы қазақ, орыс тілдерінің қызметі
Мемлекеттік тілді жүргізу тетіктері
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ОТАНДЫҚ БАҚ-ДА НАСИХАТТАЛУЫ
Мемлекеттік тіл саясаты
Қазақ тілі - қазақ тілінің ұлттық тілі
Қазақ әдеби тілін зерттеудің теориялық негіздері
Пәндер