Қазақ мектептерінің халықтық педагогика құндылықтары негізінде құрылуы мен дамуы
1 КІРІСПЕ
2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3 Қорытынды
2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3 Қорытынды
Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда ұлттық ерекшелігімізді және ұлттық мүддемізді әлемдік кеңістікке бағдарлауда қазақ мектептерінің қосар үлесі зор демекпіз. Қоғамдық өмірімізді демократияландыру және ізгілендіру жағдайында халықтық педагогика құндылықтары негізінде құрылған оқу қазақша жүретін мектептерді инновациялық бағдарда ұйымдастыру қажеттілігі туып отыр. Кешегі тоталитарлық жүйедегі таптаурын болған ұдайы ұжымдыққа бағыттайтын іс-әрекеттерден арылып, мектептің ғылыми-педагогикалық негізіне ұлттық құндылықтарды қозғаушы күш ретінде алып, жекелендіріп, саралап деңгейліктерді ішкі өзгертілім мәнінде инновациялық тұрғыда жіктеп оқытуды басымдықта алу ерекше маңызды рөл атқаруда.
ХХІ ғасырдың модернизация кеңістігіндегі жаһандану қадамдарында қазақ мектептерінің халықтық педагогика құндылықтары негізінде бетбұрыс жасауына жаңа мүмкіндіктер берілуде.
Бүгінгі модернизация кеңістігіне қатысты қазақ мектептерінің білім беру үдерісін инновациялық жүйеде құру мақсатында Ел Президентінің халқына бірнеше Жолдауларын басшылыққа аламыз:
- білім берудің ішкі және сыртқы саясатын айқындауға басшылық жасар 2003 жылғы Жолдауы;
- жаһандану үдерісіне қатысты Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстанның үш сатылы иерархиясын (ұлттық, ТМД елдерімен және әлемдік мемлекеттермен консолидацияға түсу) іске асыруына негіз боларлық Жолдауы;
- Қар барысы, Азия барысы, Еуразия барысының мәртебесін ұлттық, ТМД және бүкіләлемдік деңгейге ұштастырудың платформасы, оның ғылыми негізін айқындап берген Жолдауы;
- Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасын орындауға бағытталған Жолдауы.
1) Қазақ мектептерінің тағдыры Қазан төңкерісіне дейін, 2) Қазан төңкерісінен кейінгі және 3) бүгінгі кезеңін аналитикалық сараптаумен салыстырсақ, 4) халықтық педагогика құндылықтары негізінде бір ғасырдан астам өмір сүрмегені анықталды. Олай болса, 5) ұлттық мүдде ескерілмеген жағдайда, білім беру үдерісі басқа жұрттың оқу-тәрбие берудегі іс-әрекетін, қызметін сырттай механистік қайталаудан аспайтыны байқалды. Тәуелсіз ел болғанымызға ширек ғасыр уақытына таянып қалсақ та, қазақша оқылатын мектептердің оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерден қалыс қалу себептерін тарихи қағидадан іздемей, оны жалаң салыстыру басымдық алып келеді.
Проблемаға осы тұрғыдан келгенде кеше ғана басымыздан өткерген, өмірімізден кетсе де, санамыздан өшпеген Кеңестік кездегі қазақ мектептерінің хал-ахуалы қандай болып еді деген өкініш лебі кімді болса да бей-жай қалдырмаса керек.
Қазан төңкерісіне дейін қазақ мектептері дегеніміз мешіттерге тәуелді болып келді немесе медресе түрінде болды. Бұл мәселені қарастырып, оның шешімін іздестіріп зерттегендер: М.Жұмабаев, Ж.Аймауытовтар

1. Жарты ғасырдағы ақиқаттар. Әдістемелік құрал. Павлодар: Brand Print, 2004 – 73 б.
2. Тәуелсіз Қазақстан мәртебесіндегі қазақ мектептерінің ғылыми-теориялық негіздегі даму барысы. Әдістемелік құрал. Павлодар: ПМУ баспасы. 2010. – 66 б.
3. Халықтық педагогика құндылықтарымен құрылған теориялық негізді құру Әдістемелік құрал. Павлодар: ПМУ баспасы. 2010. – 52 б.
4. Оқыту үдерісіндегі біліктілікті арттырудың технологиялары Әдістемелік құрал. Павлодар: ПМУ баспасы. 2010. – 56.4
5. XX ғасырдың басындағы ағарту ісінің дамуы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайда// С.Торайғыров атындағы ПМУ Хабаршысы. - 2005. - № 2. – Б.44-52.
6. Ревлюцияға дейінгі білім беру мекемелері // С.Торайғыров атындағы ПМУ Хабаршысы. - 2006. -№1. – Б. 49-58.
7. Қазақ мектептерінің сандық-сапалық құрылымы // VIIІ Сәтбаев оқулары: Халықаралық ғылыми конференция материалдары. – 2008. – Б. 249-255.
8. Мәшһүр-Жүсіп мұрасындағы салт-дәстүрге байланысты сөздердің этимологиясы // ІХ Сәтбаев оқулары: Халықаралық ғылыми конференция материалдары. 3 том 2 бөлім, - 2009. – Б.245-257.
9. Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы ислам дініне қатысты адам аттары // ІХ Сәтбаев оқулары халықаралық ғылыми конференция материалдары. 2 том, 1 бөлім. – 2009. – Б.225 -230.
10. Қазақ мектептерінің 50 – 60 жылдардағы жағдайы // Ұлт тағлымы. – 2009. - №4. – Б. 9-13
11. Қазақ мектептерінің ХІХ ғасырдағы 20-40 жылдар арасындағы ғылыми педагогикалық бағдары // Поиск. – 2009. - №4 (2). - Б.211-215.
12. Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ мектептерінің ғылыми педагогикалық негізі // Ұлағат. – 2009. - № 6. – Б.3-17.
13. Қазақстанда қазақ мектептерінде білімдену техналогиясының дамуы // Адамзат капиталының қалыптасуындағы: рухани және экономикалық мәселелері: Халықаралық ғылыми – теориялық конференция материалдары. – 2010. – Б.415-418.
14. Қазақ мектептерінің құрылуына ағартушы-педагогтардың қосқан үлесі // IV Мәшһүр Жүсіп оқулары: Халықаралық ғылыми - практикалық конференция материалдары 2 том. – 2010. – Б.128-134

ӘОЖ 37(574) Қолжазба құқында
МЕЙРМАНОВ АСЫЛБЕК БЕКБОЛАТОВИЧ
Қазақ мектептерінің халықтық педагогика құндылықтары негізінде құрылуы
мен дамуы
13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика және білім беру тарихы,
этнопедагогика
Педагогика ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған
авторефераты
Қазақстан Республикасы
Қарағанды, 2010
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда ұлттық ерекшелігімізді және
ұлттық мүддемізді әлемдік кеңістікке бағдарлауда қазақ мектептерінің қосар
үлесі зор демекпіз. Қоғамдық өмірімізді демократияландыру және ізгілендіру
жағдайында халықтық педагогика құндылықтары негізінде құрылған оқу қазақша
жүретін мектептерді инновациялық бағдарда ұйымдастыру қажеттілігі туып
отыр. Кешегі тоталитарлық жүйедегі таптаурын болған ұдайы ұжымдыққа
бағыттайтын іс-әрекеттерден арылып, мектептің ғылыми-педагогикалық негізіне
ұлттық құндылықтарды қозғаушы күш ретінде алып, жекелендіріп, саралап
деңгейліктерді ішкі өзгертілім мәнінде инновациялық тұрғыда жіктеп оқытуды
басымдықта алу ерекше маңызды рөл атқаруда.
ХХІ ғасырдың модернизация кеңістігіндегі жаһандану қадамдарында қазақ
мектептерінің халықтық педагогика құндылықтары негізінде бетбұрыс жасауына
жаңа мүмкіндіктер берілуде.
Бүгінгі модернизация кеңістігіне қатысты қазақ мектептерінің білім беру
үдерісін инновациялық жүйеде құру мақсатында Ел Президентінің халқына
бірнеше Жолдауларын басшылыққа аламыз:
- білім берудің ішкі және сыртқы саясатын айқындауға басшылық жасар
2003 жылғы Жолдауы;
- жаһандану үдерісіне қатысты Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстанның үш сатылы
иерархиясын (ұлттық, ТМД елдерімен және әлемдік мемлекеттермен
консолидацияға түсу) іске асыруына негіз боларлық Жолдауы;
- Қар барысы, Азия барысы, Еуразия барысының мәртебесін ұлттық, ТМД
және бүкіләлемдік деңгейге ұштастырудың платформасы, оның ғылыми негізін
айқындап берген Жолдауы;
- Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған бағдарламасын орындауға бағытталған Жолдауы.
1) Қазақ мектептерінің тағдыры Қазан төңкерісіне дейін, 2) Қазан
төңкерісінен кейінгі және 3) бүгінгі кезеңін аналитикалық сараптаумен
салыстырсақ, 4) халықтық педагогика құндылықтары негізінде бір ғасырдан
астам өмір сүрмегені анықталды. Олай болса, 5) ұлттық мүдде ескерілмеген
жағдайда, білім беру үдерісі басқа жұрттың оқу-тәрбие берудегі іс-әрекетін,
қызметін сырттай механистік қайталаудан аспайтыны байқалды. Тәуелсіз ел
болғанымызға ширек ғасыр уақытына таянып қалсақ та, қазақша оқылатын
мектептердің оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерден қалыс қалу
себептерін тарихи қағидадан іздемей, оны жалаң салыстыру басымдық алып
келеді.
Проблемаға осы тұрғыдан келгенде кеше ғана басымыздан өткерген,
өмірімізден кетсе де, санамыздан өшпеген Кеңестік кездегі қазақ
мектептерінің хал-ахуалы қандай болып еді деген өкініш лебі кімді болса да
бей-жай қалдырмаса керек.
Қазан төңкерісіне дейін қазақ мектептері дегеніміз мешіттерге тәуелді
болып келді немесе медресе түрінде болды. Бұл мәселені қарастырып, оның
шешімін іздестіріп зерттегендер: М.Жұмабаев, Ж.Аймауытовтар.
Ресей империясының қарамағына өткеннен кейінгі кезеңде қазақ даласында
орыс-қазақ, орыс түзем мектептері ашыла бастады.
А.Байтұрсынов, М.Дулатов , Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, А.Н.Ильясова,
Р.Ж.Иржанова, Қ.Бержанов, Ж.Наурызбаев және т.б. зерттеушілердің жеке
жұмыстарын атап өткен орынды.
Жалпы ауыл мектептері туралы, қазақ мектептерінің кейбір тұстары туралы
ғылыми еңбектер, диссертациялар соңғы жылдары қорғалу жағынан қалыс емес.
Десек те, біздің зерттеу еңбегімізге қатысы бар еңбек (қазақша нұсқасы)
жоқтың қасы. Нақтылап айтсақ, М.Т.Арынова Қазақстан ауыл-село
мұғалімдерінің мәдени ағартушылық қызметінің жағдайы (1971-1985),
Қ.Қ.Болатбаев болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін дайындау үдерісінде
халықтық педагогиканы қолдану, Н.А.Морозова ауыл мектептерінің мамандарын
білім арттыру институттарында даярлаудың өзіндік ерекшелігі, В.Г.Максимов
мұғалімнің жеке тұлғасын кәсіби-шығармашылық бағытында қалыптастыру,
А.Н.Чалов жалпыбілім беретін селолық мектептердің мұғалімдерін даярлау
үдерісіндегі педагогикалық проблемалар, А.Н.Алексеева село мектептерінің
болашақ мұғалімдерін қоғамдық-педагогикалық қызметке қалыптасуын даярлау,
Л.А.Черных халықтық қағида және қазіргі селолық мектептердің қызметі,
А.Қ.Қисимова Қазақтың халықтың педагогикасы арқылы оқушыларға адамгершілік
тәрбие беру және т.б. Еңбектерді талдау барысында біздің зерттеу
еңбегімізге қатысты ой-пікірлер жоқтың қасы екені аңғарылды.
Қазақ мектептерінің жағдайын жоғарыдан халықтық педагогика құндылықтары
негізінде жақсарту сұранымы туындаса, мамандар оны толыққанды тұрғыда
орындай алмауының және қазақ тілін ұлттық мүддені қорғайтын дәрежеде
меңгермеушіліктің арасында қайшылықтар туып отыр. Осы қайшылықтарды шешу
мақсатында Қазақ мектептерінің халықтық педагогика құндылықтары негізінде
құрылу тарихы деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің нысаны: Қазақ мектептерінің халықтық педагогика
құндылықтарымен құрылуы және оның тарихи даму үдерісі.
Зерттеудің пәні: Қазақ мектебінің халықтық педагогика құндылықтарымен
құрылуы және оның тарихи даму барысындағы ғылыми-педагогикалық негізі.
Зерттеудің мақсаты: Қазақ мектебінің халықтық педагогика
құндылықтарымен құрылуының тарихын ғылыми-педагогикалық негізде айқындап,
оның бүгінгімен сабақтастығын ұлттық ерекшелікті сақтау арқылы әлемдік
деңгейге бағдарлануын нақтылау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер қазақ мектептерінің халықтық педагогика
құндылықтарымен құрылуы және оның ғылыми-педагогикалық негізі тарихи
тұрғыда анықталып зерделенсе, оның мазмұндық сипаты айқындалса, онда қазақ
мектептерінің кеңестік және тәуелсіз Қазақстан Республикасындағы жағдайы
айқындалады, өйткені оның алға ілгерілеу үдерісі, даму барысы бүгінгі
ұлттық мүддені жүзеге асыруға және өткендегі халықтық педагогика
құндылықтарымен сабақтастық жаһандануда ұлттық ерекшелікті сақтауға қол
жеткізуге мүмкіндік туғызады.
Зерттеудің міндеттері: Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ мектептерінің
халықтық педагогика құндылықтарымен құрылған ғылыми-педагогикалық негізін
тарихи тұрғыда анықтау;
- Қазан төңкерісінен кейінгі қазақ мектептерінің қалыптасуы және оған
жақсартуға үлес қосқан ғалымдардың ой-пікірлерін айқындау;
- Тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі қазақ мектептерінің ғылыми-
педагогикалық негізде даму барысының мәнін ашу, оның кезеңдерін жіктеу;
- Білім мазмұнынан туындайтын халықтық педагогика құндылықтарын саралау
және оның моделін құру.
Зерттеудің жетекші идеясы: қазақ мектебінің халықтық педагогика
құндылығымен құрылуы және оның ғылыми-педагогикалық негізде дамуын анықтау
арқылы ұлттық мүддені қорғауға мүмкіндік береді және бүкіләлемдік
консолидацияға тұлға даярлауға жол ашады.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері: таным теориясы,
біртұтас педагогикалық процесс теориясы, зерттеу проблемасы бойынша тарихи
және философиялық, психологиялық-педагогикалық ілімдер, ықтималдық
теориясының тұжырымдары.
Зерттеудің көздері: зерттеу тақырыбы бойынша философтардың,
педагогтердің ретроспективті материалы, педагогика ілімінің даму үдерісін
зерттейтін ғалымдардың еңбектері, ресми құжаттар: Қазақстан Республикасының
Конституциясы, Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңдары (1999 ж.,
2007 ж.), Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010
жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы және Қазақстан – 2030
Стратегиясы, мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік
жалпыға білім беру стандарттары және пәндер бойынша жұмыс оқу жоспарлары,
ғылыми-зерттеу жұмыстары, мерзімді басылымдар жарияланымдары.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезеңде (2004-2006 жж.) зерттеу мәселесі бойынша философиялық,
психологиялық-педагогикалық, математикалық, ақпарат жиынын саралау,
әдебиеттер қарастырылды, жалпыланды, ғылыми-әдістемелік, диссертациялық
жұмыстар талданды. Зерттеудің ғылыми аппараты қалыптасты, базалы ұғымдар
нақтыланды;
Екінші кезеңде (2006-2008 жж.) ретроспективті тұрғыда сирек кездесетін
халықтық педагогика құндылықтарымен жұмыс жүргізілді. Бұрынғы кеңестік
дәуірдегі қазақ мектептерінің жағдайы зерделенді, тоталитарлық сыңайда
зерттелген еңбектерге бүгінгі пайыммен қайтадан тұжырымдар құрылды, кешегі
мен бүгінгі Қазақстан Республикасының ұлттық мүддеге сай қазақ
мектептерінің ғылыми-педагогикалық негіздері айқындалды;
Үшінші кезеңде (2008-2010 жж.) қазақ мектептерінде халықтық педагогика
құндылықтарын іске асырудың амалдары сараланды.
Зерттеудің әдістері: педагогтардің, философтардың, қазақ мектептерінің
даму барысын зерттеген мамандардың ғылыми еңбектерін теория жүзінде талдау,
кейбір фактілерді тарихи қағидамен салыстыру, силлогизм, жалқылау,
жалпылау, түйіндеу, тұжырымдау, ұқсастығын табу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәнділігі:
1) Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ мектептерінің халықтық педагогика
құндылықтарымен құрылған ғылыми-педагогикалық негізі тарихи тұрғыда
анықталды;
2) Қазан төңкерісінен кейінгі қазақ мектептерінің жағдайын жақсартуға
үлес қосқан ғалымдардың ой-пікірлері айқындалды;
3) Тәуелсіз Қазақстан мәртебесіндегі қазақ мектептерінің ғылыми-
педагогикалық негіздегі даму барысы ашылды, оның кезеңдері жіктелді;
4) Білім мазмұнынан туындайтын халықтық педагогика құндылықтары
сараланды және оның моделі құрылды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
Қазақ ұлттық мектептеріне Тәуелсіз Қазақстан мәртебесіндегі қазақ
мектептерінің ғылыми-педагогикалық негіздегі даму барысы, Халықтық
педагогика құндылықтарымен құрылған теориялық негізді құру, Оқыту
үдерісіндегі біліктілікті арттырудың технологиялары әдістемелік-нұсқау
ретінде ұсынылды, мектеп тәжірибесіне енгізілді.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі: талапқа сай теориялық
және әдіснамалық қағидалармен, зерттеу тақырыбына сәйкес әдістерді
қолданумен, педагогикалық мақсатқа сәйкестілігімен, ұсынылған тұжырымдардың
тиімділігімен, қазақ ұлттық мектептерге енгізілуімен қамтамасыз етілді.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
1. Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ мектептерінің халықтық педагогика
құндылықтарымен құрылған ғылыми-педагогикалық негізі;
2. Қазан төңкерісінен кейінгі қазақ мектептерінің қалыптасуын сипаттайтын
ой-пікірлер;
3. Тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі қазақ мектептерінің ғылыми-
педагогикалық негізі, оның кезеңдері;
4. Білім мазмұнынан туындайтын халықтық педагогика құндылықтары және оның
моделі.
Зерттеу нәтижелерінің талқылануы және жүзеге асырылуы:
Зерттеудің негізгі қағидалары педагогика кафедрасының отырысында, жалпы
педагогика және білім беру проблемалары бойынша ғылыми-әдіснамалық
семинарда талқыланды және халықаралық, республикалық, аймақтық
конференцияларда баяндалды (Павлодар, 2007, 2009), Ұлт тағылымы,
Ұлағат, Ізденіс-Поиск, Вестник ғылыми журналдарында ғылыми мақалалар
түрінде баяндалды, сонымен қатар С.Торайғыров атындағы мемлекеттік
университетінің жұмысына және Ы.Алтынсарин атындағы қазақ гимназия-
интернатына, Абай атындағы №10 дарынды балаларға арналған арнаулы
мектептеріне енгізілді.
Диссертация құрылымы: диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытынды,
қолданылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының көкейкестілігі, ғылыми болжамы,
міндеттері, зерттеудің жетекші идеясы, зерттеу жұмысының әдіснамалық,
теориялық негіздері, ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы, іс-тәжірибеге
енгізу жолдары баяндалды.
Қазақ мектептерінің халықтық педагогика құндылықтарымен құрылған
ғылыми-педагогикалық негізде қалыптасуы атты бірінші тарауда империялық
саясат қазақ мектептерінің орыс мектептеріне, оның басымы әскери бағдардағы
мектептерге аудару мәселесін көздегені туралы деректемеге жүгінген
талдаулар жасалды. Нәтижесінде қазақша оқылатын мектептер мен ескі араб
мектептерінің орнына орысша оқу енгізілген деректемелер арқылы
анықталғанына талдаулар жасалды. Оқытудың стратегиялық бағыты миссионерлік
қызмет атқаратын тілмаштар даярлау, яғни қазақ халқының ішінен өз еліне
тосыннан тосырқай қарайтын жаңа қазақтар даярлауды мақсат тұтқан оқу
қазақ сахарасына келгені туралы талдаулар беріліп, ой-пікірлер сараланды.
Столыпин реакциясының қазақ балаларын ана тілінде оқытуға ашықтан-ашық
қысым жасағаны да осы тарауда жан-жақты деректемемен дәлелденеді.
Тәуелсіз Қазақстан мәртебесіндегі қазақ мектептерінің халықтық
педагогика құндылықтарымен құрылған ғылыми-теориялық негіздегі даму барысы
тақырыбындағы екінші тарауда Кеңестік дәуірден Егемендікті алу
дәрежесіндегі қазақ мектептерінің халықтық педагогика құндылықтарымен
құрылған ғылыми-педагогикалық негізі айқындалды.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
20-30-жылдары көп нәрсе жүзеге асырылғанын ұмытуға . Сол тұста мектеп
жүйесі кеңейтілді, сауатсыздықты жою, жұмысшылар факультеті ұйымдастырылды,
оқулықтар әзірленді, кадрлар даярланды, көптеген халықтар үшін ұлттық жазу-
сызу енгізілді. Алайда, 50-жылдардан бастап ұдайы бір ғана мәдениет пен
тілге бағыт ұсталып, шешуші рөл білім мен тәрбие жүйесінің иығына түсті.
Ұлттық ерекшеліктің, халықтық қасиеттің рухы мектептен жел ұшырғандай
жоғалды... Тәуелсіздікке ие болғанымызға дейінгі зерттеу еңбектерінде қазақ
мектептерінің халықтық педагогика құндылықтарымен құрылған ғылыми-теориялық
негізі жайлы бір мәмлеге келерлік тұжырым-түйіндердің болмауы болашағымызға
көлеңке түсіретініне ешбір жан шүбә келтірмес.
Орыс империясына қызмет еткен, бірақ отарлау саясатына көнбеген Шоқан
Уәлиханов өмірбаянының өзі – халық педагогикасының жемісі. Оның дәлелін
төмендегіден байқаймыз:
1. Едіге эпосын алты жасында Күрлеуіттен естуі.
2. Бес жасында татар молдасы Ғалиакбардан сабақ оқып, бес жасында хат
білген, әкесінің қазақ фольклорын жинауына бала кезінен септігін тигізуі.
3. Кадет корпусына зорлап арбаға мінгізгенде бала Шоқан әкесі Шыңғысқа:
Арбаға хан тұқымының өзге байланғаны жетпегендей, енді мені байладың ба?
деуі. Қол-аяғын босатқаннан кейін Шоқанның ешбір үн шығармай, ешкімге тіл
қатпай, жатқан жерінен қозғалмай, әкесінің сапарға шыққан пәуескесімен кете
беруі.
4. Омбыға келгеннен кейін әкесімен бірге кетуге пәуескеге кіріп, жатып
алуы. Ат жегіліп болғаннан кейін әкесінің түс дегеніне түспеуі. Содан кейін
Шыңғыстың Шоқанды пәуескеден суырып алып шапалақпен оң жағынан бір, сол
жағынан бір тартып жіберуі және оны тастап кетуінен екі күннен кейін кадет
корпусына өзінің өтініп баруы.
5. Кадет корпусының жатақханасына сол кіргеннен қашан бітіргенше
Шоқанның шықпауы.
Жоғарыда бала Шоқанның тұлғалық болмысын сомдауға халық педагогикасының
құндылықтарын байқау қиын емес. Бұл қабілетті одан әрі жалғастыра білген
Шоқан Уәлиханов әлемдік мәртебеге ие болады. Кадет Корпусын бітірген Шоқан
Уәлиханов Батыс Сібірдің сол кездегі генерал-губернаторы Гасфортқа
адъютанттық қызмет атқарды. Шоқан Уәлихановты Россияның Географиялық қоғамы
1857 жылы мүшелікке өткізеді.
Абай Құнанбаевтың орыс тілін ана тілінен жоғары қойды деуімізге ешбір
негіз жоқ екенін 25-қара сөзінен байқаймыз.
Біріншіден, жеріміз дәрілхарап болып тұр дейді. Бұл сөз тіркесінен
ұғарымыз қазақ жері Ресей империясының меншігіне айналды дегенді қазақтың
төл сөзімен емес, шет тілінен кірген ұғыммен келтіруінде ерекше мән бар.
Былайша айтсақ, биліктің бәрі орыста болғандықтан, орыс тілін үйренсең де
үйренесің, үйренгің келмесе де үйренесің дей отырып, орыс тілін үйренудің
үш тұғырлы мақсатын айтып өтеді:
- орыс тілін еліңе қорған болу үшін үйрен;
- орыс тілін еліңнің намысын қолдан бермеу үшін үйрен;
- орыс тілін олардың дауына араласқан уақытта дәйекті дәлел айту үшін
үйрен, орыс тілін сол елдің мәдениетін меңгеру үшін және ой-өрісің әлемдік
деңгейге жетілу үшін үйрен.
Көріп отырғанымыздай, қазақ мектептерінде халықтық педагогика
құндылықтарымен берілмей, Абай ілімін басқаша ұстанымда алып келген,
негізінде, оқулықтарда таптаурын болған тұжырым орыс тілін ана тілінен
басымдықта алмағанын осы 25-қара сөзден байқаймыз. Абай Құнанбаев ағартушы-
демократтық идеясымен шектелмейді, данышпан, кемел парасаттың кемеңгері
екенін бүкіл әлем таныды.
Қорыта келгенде, Абай Құнанбаев халықтық педагогикаға қосқан үлесі әлі
де болсын терең зерттеуді қажет етеді. Мұнымен бірге Кемелді адам үлгісін
құруының өзі тектіліктің белгісі дей отырып, көзімен көрген, жүрегіне
түйген халықтық педагогиканың классикалық түрін кейінгі ұрпаққа жеткізуші
тұлға. Өкінішке орай, қазақ мектептерінде бұл халықтық педагогика
құндылықтары ескерілмей келгені зерттеу барысында байқалды. Оның басты
себебі А.Құнанбаев шығармалары данышпандық ой-тұжырымдарға құрылған. Сол
себепті 5 сыныпта оқылатын еңбектерінің бәріне дерлік оқушылардың ойлау
қабілеті қалыс қалып келгені байқалды. Мәселен, Ғылым таппай мақтанба
және т.б.
Абай Құнанбаев – ұлттық мүддені ұстанып, әлемге қадам басқан
рационалист, ғұлама, шығармаларында онтология, адам тұлғасына қатысты
даналық ой-түйіндерінің бүгінгі ғылым мен білім кеңістігінің талап-
мүддесіне үндестіре білген кемеңгер.
1879 жылы Ыбырай Алтынсариннің Қазақ хрестоматиясы еңбегі оқушылардың
білім арқылы тәрбиені дұрыс алуына әртүрлі мәтіндемелер жинақталып
беріледі. Бұл кезде Ресейге қосылғаннан кейінгі қазақ балаларының оқуды
орысша оқуына бейімдеп, қиындықтарды жеңудегі ата дәстүрінің ең бір тұрақты
түрі шыдамдылық пен сабырлыққа шақыруы Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық
соны тұжырымы болып есептеледі. Жалпы халықтық педагогикаға қатысты
өлеңдеріндегі тұжырымдары төмендегі түзілімдей болып келеді:
1. Істің болар қайыры
Бастасаңыз алдалап, (күнделікті өмірдегі қолданылатын сөз)
2. Оқымаған жүреді
Қараңғыны қармалап (халықтық педагогика)
3. Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
4. Мал – дәулеттің байлығы,
Бір жұтасаң жоқ болар.
5. Оқымыстының байлығы,
Күннен-күнге көп болар (салыстыру да халықтық педагогикаға жатады)
Ы.Алтынсарин ісін жалғастырушы С.Көбеев болатын. С. Көбеев туралы
таптаурын стереотипті тұжырым өзінің Орындалған арман шығармасынан алынып
түзілген:
Жабдығы шағын, шығыны аз аз көшпелі ауылдың мектептері әуелі Қостанай
уезінде, кейіннен Торғай және Орал облыстарының басқа уездерінде де ашылды;
төрт жыл оқытатын бір класты болыстық орыс-қазақ училищелері мен алты жыл
оқытатын екі класты училищелер әуелі Орынбор оқу округының Торғай жәнне
Орал облыстарында ашылды, кейіннен басқа оқу округтарының бәрінде де ашыла
бастады.
Халық ағартушы қайраткерлерінің көп еңбек етуіне қарамастан, бұл
мектептердің саны өте аз болғаны байқалды. Мысалы, 1887-1891 жылдарда
Торғай облысында төрт жыл оқытатын бір класты жеті мектеп (болыстық) қана
болды, 1883 жылы Орск қаласында қазақ мұғалімдерін даярлайтын бір мектеп
ашылды. Орал облысында 20 жылдың ішінде (1881-1901) не бары алты болыстық
мектеп пен бір қолөнер мектебі ашылды. 1901 жылы барлығы 63 көшпелі ауылдық
мектеп болды.
Ы.Алтынарсин идеяларын, оның оқу-ағарту саласындағы ой-пікірлерін
жалғастырған заңғар тұлғалар М.Жұмабаев – қазақ мектептерінің нұсқалы
тұрғыда құрылуына айрықша еңбек сіңірген қайраткер. Бұл еңбекті М.Жұмабаев
1922 жылы Қызылжарда жазған. Ал 1923 жылы Ташкентте маусым айында жарық
көрген Педагогика оқулығы Жетекші сөз, Жалпы педагогика, Жан
тәрбиесі, Жан көріністерін тап-тапқа бөлу (Ақыл көрінісі), Әсерленуді
бөлу, Абай, Суреттеу, Ес, Хиял, Ойлу, Тіл, Ішкі сезім
көріністері, Қайрат секілді тараулардан түзілген.
М.Жұмабаев сол кездегі педагогика ғылымын оқу-білім беруден гөрі
тәрбиелеуді басымдықта алып көрсеткені байқалды. Тәрбиеге мұқтаждықтан
педагогика пәні туындады дегенді айта отырып, М.Жұмабаев – педагогиканың
бала өміріндегі болашағын өз заманына лайықтап шығару деген тұжырым
жасаған. 1) Балаңды өзімдей бол деп үйретпе, өзімдей болма деп үйрет
деген әзірет сөзін бірінші жол деп есептеген. 2) Әр тәрбиешінің қолданатын
жолы – ұлт тәрбиесі деп екінші жолды көрсеткен.
Қазақ мектептерін құру үдерісіне қажетті педагогика екеніне айрықша мән
берген М.Жұмабаев ойлау іс-әрекетінен кейін екінші орында тіл нысанын
алған. Егер біздер М.Жұмабаевтың педагогикасындағы алгоритмге назар
аударсақ, бірінші – ойлау, екінші тіл екендігін байыптаймыз. Сол себепті
бір-бірімізге: Сен қай тілде ойлайсың дегенде ешбір тілде адамның
ойламайтыны белгілі болады. М.Жұмабаев жанның жайын жоққа шығару жолы – тіл
деп қарастырған. Тілсіз, жүректен жарып шығар сезімдерді жеткізу мүмкін
емес деп қараған. Тілі кем адам қор болады деп ой түйген. Тіл әрбір адамға
осындай қымбат болса, ұлт үшін де қымбат, тілсіз ұлт, тілінен айрылған ұлт,
дүниеде ұлт болып жүре алмайды, ондай ұлт құрымақ - деген ойларына
бағаммен қарасақ, кеңестік дәуірдің басында қазақ халқының тіліне қауіптің
төніп тұрғанын М.Жұмабаев сезгендей болжам жасағаны байқалады. Мұнымен
бірге тілмен бірге құритын нысандары – ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі
– деп көрсеткені бүгінгі Ел Президентінің Мәдени мұраны халқымен
табыстыруындағы ұлт мүддесін рухани құндылықтар негізінде шешуі деп
қабылдаймыз.
Ол кезде М.Дулатов өзінің шығармалары арқылы қазақ халқының парасат-
санасын оятуға қам жасады. Оян қазақ айдарымен жазған шығармасымен,
мақалаларымен оқу-білімнің адам өмірінде алатын орнын айқындап берді. Соның
ішінде А.Байтұрсыновпен бірлесіп шығарған Қазақ газеті М.Дулатов үшін де,
қазақ халқының болашағы үшін де өмір сүрудің ілімі болды. М.Дулатов
Ж.Аймауытовтай бала жанын түсінген психолог және әдіскер зерттеуші
деуімізге негіз бар. М.Дулатов: Жас балаларды оқыған нәрсесі жайында
ойлануға, оның мағынасын ұғынуына, қасиеттерін сезіндіруге қалай үйретпек
керек? Баланы оқыған нәрсесін бір-біріне ұйқастырып ойлануына, оқып
шыққаннан кейін де жадында ретті толық мағынасымен қалдыруға әдеттендіру
керек - деп бала мен мұғалімнің іс-әрекеттестік түрлі әдіс-тәсілдерін
зерделегені бүгінгі талап мүддесіне де жат емес.
А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев секілді заманының
қайраткерлері – Қазан төңкерісінен кейінгі қазақ мектептерінің ғылыми-
педагогикалық негізін қалаған тұлғалар.
А.Байтұрсынов 1928 жылы Оқу құралы (балалар сауатын ашатын әліппе),
1928 жылы Жаңа әліпби және ересектерге арналған Сауат ашқыш кітаптары
мен қазақ тілін пән ретінде оқытатын тұңғыш оқулықтар – Тіл құралдың үш
бөлімі, әдістемелік жабдықтары және оқу-ағартуға, графика мен
терминологияға жалпы тіл мәселелеріне арналған ғылыми еңбектер жазған
ағартушы-зерттеуші.
Бұны біздер А.Байтұрсыновтың 1923 жылы Қазақ арасында оқу жұмысын
қалай жүргізу керек? деген айдарымен жарияланған мақаласында: Школдар
ашуға үкіметтің шамасы келмейтіндігі анықталып отыр, үкімет 2116 кісінің
ғана расходын көтермекші, ал балаларды тегіс оқытуға 20 000-нан артық кісі
керек. Сондықтан бір ауылнай, не бір болыс ел күш біріктіріп, байға байша,
кедейге кедейше үй басына салық етіп, сол жиналған салықты оқытушылардың
һәм басқа қызметкерлердің ақысына, школдың керек-жарағына жұмсауға міндетті
болып, жергілікті оқу бөлімдерімен договор жасап, школ ашу керек.
Репрессия, аштық 30-жылдары елді тұқыртып, олардың білім алуға
мұршаларын келтірмеді. Сонда да көз алдау үдерісі толастамай, 1939-1940 оқу
жылында 163-ке, келесі оқу жылында 701-ге өскені зерттеушілердің
еңбектерінде байқалды. Ал бұрынғы 4419-дан бұл жылдары 3715-ке төмендеген,
сөйтіп бастауыш мектеп санатынан мектептерді ірілендіру үдерісі
аңғарылды. Бірақ білім мазмұнында салиқалы өзгерістер боды деуге негіз жоқ.
Мұның үстіне жығылғанға жұдырық демекші Әлемді дүр сілкіндірген Ұлы Отан
соғысы басталды. Сондықтан қазақ мектептерінің тіпті сырттай санының өсуі
бәсеңдеп қалады.
Р.Г.Лемберг мұғалімнің сабақ өткізу үдерісіндегі жетекшілік жұмысының
түріне айрықша мән бергені де талап ретінде қабылданды. Әрбір әдістің
бірнеше тәсілдері бар екеніне тоқталады. Ол кездегі (40 жылдары) қазақ
мектептеріне ұсынылған әдістер: 1) ауызша баяндау; 2) әңгімелесу; 3)
байқау; 4) оқулықпен жұмыс; 5) жаттығулар; 6) лабораториялық сабақтар; 7)
есеп шығару; 8) практикалық жұмыстар, өнер құралдарын пайдалану. Әрбір
әдісті өзінің құрамындағы тәсіл түрлерімен қарастырғаны ескеріледі. Сабақ
меңгерудегі оқушылардың психологиялық танып-білу әрекеттеріне бағынышты
екені зерделенеді. Құбылыстарды үдеріс сыңайында топтастыру секілді әдістер
қолданылды. Заттардың қасиетін айқындау қарастырылады. Оқу орыс тілді
мектептерде бұл мәселелер шешімін бірден тауып, ұстаздар оқу-тәрбие
үдерісін Н.Хмельден бұрын Р.Г.Лембергтің ғылыми еңбегінен біртұтастық
қағидаға жүгіндіріп, өз сабақтарына сараптамашы сапасында қарап, кәсіби
құзыретін сол өз заманына лайықты өткізіп жатты.
1937-1938 жылдары (С.Қожахметов, Киров атындағы мемлекеттік
университетінің педагогика мен психология кафедрасының меңгерушісі қызметін
атқарды). 1938 жылдың аяғында Абай атындағы КазПИ-ге ауысты. Тұңғыш қазақша
жазылған еңбектің бірі болып Совет мектебінің негізгі дидактикалық
принциптері айдарымен 1939 жылы кандидаттық диссертация қорғады.
Р.Г.Лемберг секілді С.Қожахметов те мектеп тәжірибесіне сүйенгені
байқалады. Әрине, Р.Г.Лембергтен салихалы ерекшелігі қазақ мектебінің
теориялық-педагогикалық негізінің дидактика бағытына айрықша мән бергенін
аңғардық.
Сол секілді 1940 жылы Т.Тәжібаевтің К.Д.Ушинскийдің саяси-әлеуметтік
көзқарасы мақаласы жарық көреді. Т.Тәжібаев Қазақстандағы педагогикалық ой-
пікірдің даму мәселелерімен айналыса отырып, Абай Құнанбаевтың
философиялық, психологиялық, педагогикалық көзқарастары жайлы ғылыми
мақалаларды жариялаған.
Қорыта келгенде, Қазан төңкерісіне дейін арап әріпбиімен хат танып,
негізінен медреселерде білім алған қазақ халқы Кеңес өкіметі орныққаннан
кейінгі кезеңде империялық бағыттағы мектептер есігін аша бастады. Айналасы
он бес, жиырма жылдың ішінде әліпбиді үш мәрте өзгертудің өзі елді үш рет
сауатсыздандыру екенін енді ғана түсіндік. Соның салдарынан елуінші
жылдарға дейінгі кезеңде, негізінен, бастауыш немесе толық емес орта білім
беру ісі біртіндеп жолға қойылуға бет бұрғанымен, Ұлы Отан соғысы білім
беру ісінің дамуын көп кейінге шегерді.
60-70-жылдардағы идеологияға тәуелді болған ұстаным қазақ балаларын
болашақта ауыл шаруашылығы төңірегінде ұстаз болатын. Міне, осы ұстанымды
Одақ көлемінде жүзеге асыру үшін ұсақ мемлекеттердің ғылыми жұмыстарына
қолдау көрсетуі орынды. Сөйтіп, Н.С.Хрущевтің ХІ класты ұйымдастырудағы
көксеген арманына жету үшін ғылыми-педагогикалық негіздер де құрылғаны
аталған еңбектерден аңғарылды.
Қазақ мектептерінің ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында хал-ахуалы төмендей
бастаған кезі еді. Оның басты себебі коммунистік идеологияның басымдықта
болып, халықтық педагогика құндылықтары шеттеліп қалғанын зерттеу барысында
байқадық. Қазақ тіліндегі мамандардың бәрі дерлік қызметке орналасуы үшін
орыс тілін қатысымдық мәнде емес, орыс халқының нұсқалы тілінде сөйлей алуы
тұрғысында талап етілді. Соның салдарынан бұл жылдары көптеген облыстарда
қазақ мектептерінің саны күрт төмендеп кеми түсті. Олардың ішінде Алматы,
Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Семей, Солтүстік Қазақстан облыстарын
атап өтеміз. Зерттеу еңбектерінде қай мектеп қай жылы жабылды, қалай ашылды
деген дәл дерек жоқ.
70-жылдары бітірген түлектер көбінесе біліммен қарулану жағынан
ерекшеленбей, керісінше өндіріс пен ауылшаруашылығындағы жұмыскер мен шаруа
өкілдеріне лайықты іске араласты. Қазақтың жас жеткіншектерінің басымы
елде, МТС-та, шеберханаларда, Екібастұз бен Шұбартаулықтардың бастамасымен
кең өріс алған комсомол-жастар бригадаларын нығайтуға ат салысты, бірақ бұл
қадамдардан тұшымды өнім болған жоқ.
80-жылдардың 70-жылдардан бір ерекшелігі мектептердің оқу-материалдық
базасын нығайту еді. Республика мектептерінің құрылыстары баяу болса да
жүріп жатты. Мектептерді күрделі жөндеуден өткізу үшін де әжептәуір қаржы
бөлінді. 1980 жылдың 1 тамызындағы мәліметке көз жүгіртсек 1829 мектеп жай
жөндеуден өткен. Жоспар бойынша мектептердің 87,9 % жай жөндеуден өтуге
тиіс болған. Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Павлодар және Орал облыстарында
жөндеу толық аяқталған. Күрделі жөндеу Қызылорда облысында 81,7%, Павлодар
облысында 79,7%, Ақмола облысында 79,3%, Орал облысында 78,9% орындалса,
Талдықорған облысында толығымен аяқталған.
М.Жұмабаевтың педагогикасындағы құрам-жіктемелер бүгінгі әлемдік
педагогикамен үндесіп келетіні зерттеу барысында нықталды:
Жалпы педагогикаға жататындары: дене (Абайша – тән), жан күштерін
тәрбиелеу;
Дидактика – оқытудың негізгі жалпы жолдары (бдүгінгі қосылғаны білім
мазмұны);
Методика – белгілі бір пәнді қалай оқыту жолдары (тәсілі амалы,
әдістері қосылды);
Мектеп басқару - өзінің ісін ұйымдастыру жолдары (техникалық басқару
қосылды);
Педагогика тарихы – тәрбиенің қалыптасу тарихы (білім берудің тарихы
қосылды).
90-жылдары тәуелсіз мемлекетіміздің қазақ мектептерін халықтық
педагогика құндылықтары негізінде құруға теориялық негіздер жасалса, 2000
жылдан бүгінгіге дейін қазақ мектептерінің қандай бағытта жұмыс жүргізуі
мемлекеттік деңгейде шешіліп, халықтық педагогика құндылықтарын негізге
алуға төте жолдың ашылғанын және оның өркениетті елдермен паритетті болуына
қолайлы жағдай туғызылған Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың интеллектуалды
ұлт дәрежесіне жетуімізге мүмкіндік бергенін атап өтуге болады.
Кесте 1 – Қазақ мектептерінің халықтық педагогика құндылықтарымен
құрылған ғылыми-педагогикалық негізде қалыптасуының даму тарихының
кезеңдері
Кезеңдер Мазмұны
1 2
1-кезең. 20-30 Қазақ мектептері халықтық педагогика құндылықтарымен
жылдардағы қазақ құрылған (қазақ қайраткерлері: А.Байтұрсынов,
мектептерінің М.Жұмабаев, М.Дулатов...). Оқу-тәрбие жұмысы
құрылуы ағартушылық деңгейде, яғни алфавит өзгерісіне орай
аталған теориялық негіз толық іске асырылмайды.
2-кезең. 40 Советтік педагогика басымдық күш алып, халықтық
жылдардағы қазақ педагогика құндылықтары білім мазмұнынан ығыстырылады.
мектептерінің А.В.Луначарский, Н.Н.Крупская, С.Шацкий, П.Блонский,
құрылу характері А.С.Макаренко еңбектері насихатталды.
3-кезең. 50-60 Советтік педагогика байқау әдісін барлық Одаққа
жылдардағы қазақ қарайтын мектептерге міндеттейді. Ол талап бүгінгі
мектептерінің қазақ мектептерінде әлі де кездеседі (қосымша А.).
құрылу ерекшелігі Сырттай қазақ мектептері орта мектептерінің басқару
1 кестенің жалғасымеханизмін, оның
1 2
негізін толықтай көшіру іс-әрекетінде. Мұнымен бірге
50-60 жылдары Эльконин, Давыдов, Занковтардың дамымалы
оқыту жүйесін енгізуді мақсат тұтады. Бірақ халықтық
педагогика құндылығы ескерілмейді. Қазақ
интеллигенциясының саны қысқарып, көбінесе ауыл
мектептерінде механизаторлық, сауыншылық кәсіпке
үгіттеп, мектеп бітіруші түлектер ауылшаруашылығында
жұмыс атқаруды міндетіне алады.
4-кезең. 70-80 Қазақстанда Совет дәуірінің педагогикасы басымдықта
жылдардағы болып келеді. Халықтық педагогика құндылықтары ығысып,
халықтық мүлдем өшіп, оның орнына Совет үкіметін мадақтайтын
педагогика материалдар білім мазмұнының тірегіне айналады.
құндылықтарының Қорғалған диссертациялардың қазақ мектептеріне
тоқырау кезеңі арналғанымен, оның басым көпшілігі орыс тілінде
болғандықтан, қазақ мектептерінің іс-тәжірибесіне
айналмайды. Халықтың ұлттық санасының орнына дүбәралық
сипат оның орнын ауыстырады. Бұл кез – тоқырауды
басынан өткерген уақыттың көрсеткіші.
5 кезең. 1992-2010Б.ғ.д. V-VII ғасырдан бастап бүгінгі таңға дейінгі
жж. аралығындағы халықтық педагогика құндылығын оқушыларға дарытарлық
Тәуелсіздікке қол қазақ мектептеріндегі білім мазмұнының мүмкіндігіне жол
жеткен уақыт пен ашылған сәт. Білім мазмұны мүмкіндік бергенімен, оның
кеңістік ішкі интеллектуалдық әлеуетінің халықтық педагогика
құндылықтарын ғылыми-теориялық негізіне алу мәселесінің
жетімсіздігін жоюдың көкейкестілігі біздің зерттеу
еңбегімізді бастауға себеп болды.
Білімдену технологиясы тұлғаның жеке ізденімпаздық қажетсіну уәжін іске
қосу іскерлігін шыңдауға қозғау салады.
Ал педагогикалық технология ұжымдық іс- әрекетке бағдар жасайды. Осы
екі түрлі ұстанымды ажыратып алған жағдайда қазақ мектептерінің
білімденудің инновациялық технологиясы деген ұғымды дұрыс түсінуге болады.
Инновация ұғымы Жаңаша оқыту мәселесін жүзеге асырады. Бұл орайда
жаңаша оқыту жүйесін мемлекеттік және әлемдік стандарт аясындағы көш басы
технологияларды бүгігі Қазақстан Республикасының ұлттық негіздегі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz