Қиын мінез-құлықты жеткіншек психологиясының өзіндік ерекшеліктері



Кіріспе
1.1.Қиын бала дегеніміз кім
1.2.Қиын мінез.құлықты жеткіншек психологиясының өзіндік ерекшеліктері
1.3.Қиын балалар мәселесін туындадатын негізгі себептер
1.4.Жеткіншек психикасының қалыптасуына факторлардың әсері
1.5.Зорлық.зомбылық көрген қиын балалар

Қортынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізім:
Қиын балалар дегеніміз - ол кейбір себептермен қайсыбір балалардың мінез-құлқында қарама-қайшылыктардың пайда болуы, келіспеушілік жағдайының туындауы. Бұл дегеніміз педагогикалық іс-әрекетке бағынбау, қарсы түру деген сөз.
Қарсы тұрудың себебі — бұл тұлғаның қалыпты дамуынан қалып қоюы. Осы тұста бала бойында теріс кылықтардың пайда болуы, мінез-құлкында қарама-қайшылыктардың туындауы, тәрбиенің дұрыс берілмеуі және т.б.
«Қиын балалар», «қиын тәрбиеленушілер» категориясы шындығында өмірде кездеседі. Олар мектепке барғанға дейін де, мектепте де бар. Ал менің қарастыратыным жеткіншек жастағы қиын, девиантты балалар.
Оларды бұзақы балалардың категориясымен тенестіруге болмайды.
Бұл мектепте және қоғамдык орындарда тәртіпті бұзушы психиқалық және физикалық жағынан қалыпты бала. Көбінесе, ондай балалар бұл тәрбиелеуші мен тәрбиеленуші арасындағы келіспеушілік жағдайдан тұрады. Кейде бұл келіспеушілік шынайы қарама-қайшылықтардың соқтығысуынан, яғни бірін-бірі түсінбеушіліктен туындайды. Бұл тұста өмір дамуының диалектикалық құбылыс екенін түсіну керек, яғни өмірде қарама-қайшы нәрселер әркашанда кездеседі: өмір мен өлім, дені сау мен ауру, қайрымдылық пен зұлымдық. Осылардың қақтығысуынан және күрес нәтижесінде өмір дамуы жүреді, қоғам, ұжым және адам дамиды.
«Қиын бала» атанып, отбасында да, мектепте де қиындық тудырып жүрген балалар туралы айтылып та, жазылып та жүр. Әйтсе де, бұл мәселе әлі шешімін тапқан жоқ. Адам өмірге келген сәттен бастап, ұлкен әлеуметтік ортаға тап болады. Оның осы ортада өзін нық, еркін сезінуі ұшін көптеген факторлар қажет. Қазіргі көпмәдениетті қоғамда балаға сырттан әсер етуші жағдайлар оның жаңа қалыптасып келе жатқан тұлғасына әсерін тигізеді. С.Т. Холлдың пікірі бойынша, «бала толыққанды дамуы үшін», өз халқының сезімдері мен көзқарастарын басынан өткеруі қажет. Бұны келтіріп отырған себебіміз, баланың қиын бала атануына өз халқына тән мәдениетпен, салт-дәстүрмен тәрбиеленбеуі де, ғылыми тілмен айтқанда, этнопсихологиялық ерекшеліктердің ескерілмеуі де өз әсерін тигізуде.
Қандай да бір олқылығы бар баланың даму жағдайы, әдетте қолайсыз, жағымсыз болады. Ол баланың дамуына кері әсерін тигізетін тәрбиелеуші шағын әлеуметтің сипаттарынан, тәрбиелеу – оқыту үрдістерінен және солар ықпал еткен тәрбиеленушінің ішкі ұстанымынан құралады.
Балалардың әлеуметтік-педагогикалық олқылығының пайда болу тетігі мен дамуы баланың тұлға болуға деген қажеттілігі мен сондай болу мүмкіндігінің арасындағы қайшылықтар негізінде іске қосылады.
Баланың дербестенуге ұмтылуы оған қатысты референттік топтардың (бірінші отбасының, одан кейін балалар бақшасындағы және мектептегі құрбыларының) оның әлеуметтік қалыптарға сай емес жеке дара көріністерін қабылдағысы келмейтіндігімен қақтығысқа түседі.
1. «Психология: Адамзат ақыл-ойының қазынасы», Алматы, 2005ж.
2. Аймауытов Ж. «Психология» Алматы 1995ж
3. Әбеуова И., Әбдіраманова Д. «Мінез-құлықында қиындық бар оқушыларды анықтау жолдары», Алматы, 2003жыл
4. Богословский т.б. редакциясымен «Жалпы психология», Алматы, 1980ж.
5. Жақыпов С. М., Бизақова Ф. «Білім беру жүйесінде қолданылатын психокоррекциялық жаттығулар», Тараз 2005
6. Жанғабылова А. «Қиын бала дегеніміз кім?» //Мектептегі психология// №5,2006
7. Жарықбаев Қ. «Әдеп және жантану», Алматы, 1996ж.
8. Жарықбаев Қ. «Жалпы психология», Алматы, 2004ж.
9. Жарықбаев Қ. «Жантану негіздері», Алматы, 2002ж.
10. Жарықбаев Қ. «Психология», Алматы, 1982ж.
11. Корнилов К. Н. «Психология», Алмаы, 1946ж.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе

1.1.Қиын бала дегеніміз кім
1.2.Қиын мінез-құлықты жеткіншек психологиясының өзіндік ерекшеліктері

1.3.Қиын балалар мәселесін туындадатын негізгі себептер
1.4.Жеткіншек психикасының қалыптасуына факторлардың әсері
1.5.Зорлық-зомбылық көрген қиын балалар

Қортынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізім:

Кіріспе

Қиын балалар дегеніміз - ол кейбір себептермен қайсыбір балалардың
мінез-құлқында қарама-қайшылыктардың пайда болуы, келіспеушілік жағдайының
туындауы. Бұл дегеніміз педагогикалық іс-әрекетке бағынбау, қарсы түру
деген сөз.
Қарсы тұрудың себебі — бұл тұлғаның қалыпты дамуынан қалып қоюы. Осы
тұста бала бойында теріс кылықтардың пайда болуы, мінез-құлкында қарама-
қайшылыктардың туындауы, тәрбиенің дұрыс берілмеуі және т.б.
Қиын балалар, қиын тәрбиеленушілер категориясы шындығында өмірде
кездеседі. Олар мектепке барғанға дейін де, мектепте де бар. Ал менің
қарастыратыным жеткіншек жастағы қиын, девиантты балалар.
Оларды бұзақы балалардың категориясымен тенестіруге болмайды.
Бұл мектепте және қоғамдык орындарда тәртіпті бұзушы психиқалық және
физикалық жағынан қалыпты бала. Көбінесе, ондай балалар бұл тәрбиелеуші мен
тәрбиеленуші арасындағы келіспеушілік жағдайдан тұрады. Кейде бұл
келіспеушілік шынайы қарама-қайшылықтардың соқтығысуынан, яғни бірін-бірі
түсінбеушіліктен туындайды. Бұл тұста өмір дамуының диалектикалық құбылыс
екенін түсіну керек, яғни өмірде қарама-қайшы нәрселер әркашанда кездеседі:
өмір мен өлім, дені сау мен ауру, қайрымдылық пен зұлымдық. Осылардың
қақтығысуынан және күрес нәтижесінде өмір дамуы жүреді, қоғам, ұжым және
адам дамиды.
Қиын бала атанып, отбасында да, мектепте де қиындық тудырып жүрген
балалар туралы айтылып та, жазылып та жүр. Әйтсе де, бұл мәселе әлі шешімін
тапқан жоқ. Адам өмірге келген сәттен бастап, ұлкен әлеуметтік ортаға тап
болады. Оның осы ортада өзін нық, еркін сезінуі ұшін көптеген факторлар
қажет. Қазіргі көпмәдениетті қоғамда балаға сырттан әсер етуші жағдайлар
оның жаңа қалыптасып келе жатқан тұлғасына әсерін тигізеді. С.Т. Холлдың
пікірі бойынша, бала толыққанды дамуы үшін, өз халқының сезімдері мен
көзқарастарын басынан өткеруі қажет. Бұны келтіріп отырған себебіміз,
баланың қиын бала атануына өз халқына тән мәдениетпен, салт-дәстүрмен
тәрбиеленбеуі де, ғылыми тілмен айтқанда, этнопсихологиялық ерекшеліктердің
ескерілмеуі де өз әсерін тигізуде.
Қандай да бір олқылығы бар баланың даму жағдайы, әдетте қолайсыз,
жағымсыз болады. Ол баланың дамуына кері әсерін тигізетін тәрбиелеуші шағын
әлеуметтің сипаттарынан, тәрбиелеу – оқыту үрдістерінен және солар ықпал
еткен тәрбиеленушінің ішкі ұстанымынан құралады.
Балалардың әлеуметтік-педагогикалық олқылығының пайда болу тетігі мен
дамуы баланың тұлға болуға деген қажеттілігі мен сондай болу мүмкіндігінің
арасындағы қайшылықтар негізінде іске қосылады.
Баланың дербестенуге ұмтылуы оған қатысты референттік топтардың
(бірінші отбасының, одан кейін балалар бақшасындағы және мектептегі
құрбыларының) оның әлеуметтік қалыптарға сай емес жеке дара көріністерін
қабылдағысы келмейтіндігімен қақтығысқа түседі.
Әлеуметтік-педагогикалық олқылық ерте балалық шақтан, шамамен үш
жастан басталады, яғни балалық өзіндік санасының, мінез-құлқының ережеге
сәйкестігінің және нормативтік іс-әрекетінің дами бастаған шағымен қатар
келеді.
Жағымсыз даму жағдайында олқылықтардың сандық белгілері мен
көріністері жинақталып қалады, олардың белгілер жинақтары – психикаынң
интеграциясы арқылы сапалы пайда болуына айналады.
Ерте зерттеу, алдын алу, түзету жұмыстары тұлғалық дамуда олардың
алдын алу маңызына және балалық кезеңнің онтогенетикалық маңызына және
балалық жастағы тәрбиелеу әсерлерінің жоғары нәтижелі маңызына ие.

1.1.Қиын бала дегеніміз кім

Осы бір сұрақ көптеген ата-ана мен педагогтарды және жалпы жұртшылыкты
жиі толғандырады, әрі оған бір-екі ауыз сөзбен жауап бере салу жет-
кіліксіз. Өйткені баланың қиын аталуы азғана уақыттың нәтижесі емес.
Әдетте, бала мектепке дейінгі және оқу кезеңдеріндегі өсу, даму
эволюциясынан өтеді. Сол кездерде жанұядағы тәрбиеде кеткен кем-
шіліктер мен оқу-тәрбие жұмысындағы ақаулар ұштасып, баланың калыпты
жағдайдан ауытқуына себепші болады. Атап айтқанда, ересектер тарапынан
баланың саналы деген талап-тілек, мұқтаждықтарын өнегелі
тұрғыдан ескермеу, олардың жас мөлшері мен балалық психологиясына көңіл
бөлмеу сияқты кемшіліктер байқалмай кетіп жатады.
Әсіресе, отбасында калыптасқан микроклимат (жанұя мүшелерінің бір-
бірімен қарым-қатынасы, үй тіршілігін әркайсысының шама-шаркына қарай
бөлісіп аткаруы, адамгершілік қадір-қасиеті, қоршаған ортаға көзкарасы,
дүниетанымы, олардан алатын әсерлері мен күнделікті әдет-дағдылары) баланың
мінез - құлқының жақсы, не жаман болып өсуіне көп ықпал етеді. Өкінішке
орай, жанұя біткеннің бәрі бірдей ойдағыдай емес. Дұрыс жанұя болса да,
бала тәрбиесіне қырағылық жасай алмай қалатындары да кездеседі. Біраз
жанұяларда мораль принциптеріне сай келмейтін жағымсыз кылықтар орын алады.
Ендеше қиын баланың пайда болуындағы объективтік және субъектив-тік
факторлар ретінде мынадай себептерді айтқан орынды. Біріншіден, біліммен
мәдени өресі төмен ата-аналар баласының ішкі жан-дүниесіне үңілмей,
педагогикалык заңдылыққа сыймайтын талап — тілек қояды, әрі оны сөзсіз
орындауын талап етеді. Бұл жердегі қателік балаға койылған талаптың оның
жасына, қабілетіне, іскерлігіне, мүмкіндігіне сай келу-келмеуін ескермеуде.
Соның салдарынан бала жанүя ортасында адамгершілік қадір-қасиеттері мен
эстетикалық сезім - талғамдары, логакалық ой өрісі жағынан өмір талабына
сай өріс ала ал-майды. Оған дәлел, педагогикалық зерттеулердін қорытындысы
бойынша үнемі ұрыс - жанжал, төбелес, бірін-бірі жәбірлеу кездесіп тұратын
жанүяларда өскен балалардын 40-43 пайызы, ішім-дік орын алған ортада өскен
балалардың 30 пайы-зы, жезөкшелік пен моральға кайшы әдеттермен айналысатын
ата-ана өсірген балалардың 12 пай-ызы "қиын бала" аталады. Оларға тән
қасиеттер — дөрекілік, қатыгездік, ұрлық, жалкаулык, қикарлық, тағы баска
жағымсыз мінездер.
Көптеген ата-аналар өндірістік енбектен бала тәрбиелеуге қолы
босамайтынын, уақыт аздығын сылтау етеді. Соны желеу ететіндердің көпшілігі
баласынын кешкісін және бос уақытында немен айналысатынын,
кімдермен бірге жүретінін біле бермейді. Еліміз-де енбекпен айналыспайтын
адам кемде-кем, өндірістік міндетін атқара жүріп тәрбиелі, іскер, білімді,
мәдениетті ұрпақ өсірген ата-аналар да мындап саналады. Олардан үйренетін
жақсы дәстүр—баланы жасынан өзі қызығатын нәрсеге қарай баулып, бос
сенделуге жол бермеуі (музыка, спорт, түрлі үйірме жұмыстары), әрі үйдегі
үлкенді-кішілі мәселенің бәріне баланы араластырып, ортак мүдде үшін
міндеттілікке, жауапкершілікке тәрбиелеуі.
Баланың жас ерекшелігіне мән берудің зор маңызы бар. Олардың 13-14
жасқа аяқ басқандағы бір ерекшелігі, жора-жолдастарымен оңаша сүхбаттасуға,
әсіресе кешке қарай қыдыруға әуестігі басталады. Сондай сәтте жолдастары
кім, кай жерде болады, немен айналысады, түнге қарай мектеп режимінде
белгіленген уакыттан аспау сиякты тәртіпті ескермеген ата-анаға баласын
уысынан шығарып алу қиын емес. Ал бетімен жүрген, әсіресе түн жарымға дейін
көше торыған қаңғыбастар қоғам, заң тәртібін бұзуға бейім келеді, немесе
баланың сондайлардың ықпалына тез түсуі де ғажап емес.
Психологиялық зерттеу мақсатымен ата-аналарға кешкісін баласының немен
айналысуы жайында анкета жаздырғанда олардың 54 пайызы түнде баласының
қайда жүретінін білмейті-нін, 46 пайызы кешкісін жұмыстан шаршап ке-луіне
байланысты баланы күнделікті қадағалауға мүмкіндігі жоктығын мойындайды. Ал
"қиын" бала ретінде есепке алынғандардың бос уакытын калай өткізетінін
сұрағанда, үй шаруасына көмектесетіндері 5, сабақ әзірлейтіндері 3, спорт-
пен айналысатындары 1,5, театрға баратындары 13, көркем әдебиет оқитындары
9, кино көретіндері 64, бұзыктық жасайтындары 3 пайыз болып шықты.
Мектептегі оқу бағдарламасына ілесе алмай, үлгермеушілер санын көбейтетін
окушылардың 85 пайызы осындай "қиын" балалар екені анықталды. Сондай-ақ,
жанұя жағдайында баланын кұн режи-мі дұрыс ұйымдастырылмауы, сабаққа
әзірленуге мүмкіндік жасалмауы да үлгермеуге себепші бол-ды. Бүл мәселе
бірден-бір ата-анаға байланысты, солардан талап етілетін нәрсе. Мұғалімге
қатысты жағына келетін болсак, әр оқушынын өзіне тән табиғи, физиологиялық
және психологиялық ерекшелігін ескермеуден туады. Мәселен, кейбір оқушы оқу
материалын мүғалімнің түсіндіруінен, не окулықтан оқығанда ең негізгі ұғым
- түсініктерін тез қабылдаса, екінші біреулері түйінді деген мәселелерді
есте ұстауға тырысады. Енді біреулері оку материалдарын бірден есіне
қабылдай алмай, өте баяу, немесе үй тапсырмасын орындау ба-рысында ғана
түсінеді, не нашар түсінеді, немесе тез ұмытып қалады. Баланың мұндай
ерекшелігін әдістемелік шеберлігі күшті мүғалім байқай алады да, ерекше
тәсіл арқылы оның сабақты түсінуіне көмектеседі. Керісінше, баланы тек
ұрсу, ұялту арқылы жәбірлеп, жігерін күм етіп, оны үлгермеуші ғана емес,
окудан безінетін жағдайға душар ету де өмірде кездеседі. Оған ата-анасы
қосымша болғанда мектептен де, үйден де қаңқудан басканы естімейтін бала
тыныштық өмірді аңсап, бәрінен безіп шығады, сондайда көшедегі қаңғыбастар
арасынан орын табады. Демек, кей жағдайда "қиын" баланың пайда болуына
көбіне ересектердің өздері себепші болатынын да ескеру жөн.
Тағы бір айта кететін мәселе, ерлі-зайыптылардың ажырасуының бала
психикасына кдтты әсері, соның салдарынан әсіресе ұл баланын тәрбиесіне
нұқсан келуі.
Алдында үлгі - өнеге алатын, сырласатын, үлкен адамға тән қадір-
қасиет, жүріс-тұрыс, мәнері мен әдеттерін үйренетін, шаруашылыққа
икемдейтін әкенін рөлі ер балаға ауадай қажет. Оның жетіспеуі көнілін
кұлазытып, ананың талап-тілектерін құлықсыз орындауға, немесе жүре
тындауға, томаға-тұйықтыққа, оқушылар ұжымынан оқшаулануға душар етеді.
Осындай көңіл-күйдегі ер бала өзін жұбатудың жолын темекі тартудан, шарап
ішу-ден, бос қыдырудан іздейді. Сөйтіп барып мектеп тәртібін бұзып кана
қоймай, теріс жолға икемделуі де ғажап емес.
Ата-аналар көңіл аударатын мәселенің бірі — жанұяда бір, не екі,
немесе көп бала болудың тәрбие ісіндегі орны. Белгілі педагог А.С.
Макаренко жанұяда жалғыз баланы тәрбиелеуден бірнеше баланы тәрбиелеу
әлдеқайда жеңіл екенін дәлелдеген. Өйткені көп балалы үйде ұжымдық, бір-
бірімен санасу сиякты жанұя дәстүрі ұсталып, тәрбие жүйесі жинақталады.
Ағалы-карындасты, інілі-сіңлілі бауырластар біріне-бірі көмектесіп, сүйеніш
болу арқылы бауырмалдык сезімде, шаруаны бөлісіп атқару арқылы ұжымшыл
ниетте, бір-бірлерінің кемшілігін көргіш, жақсы өнегесінен үйреніп өседі.
Ал жанүядағы жалғыз бала менменшіл, өркөкірек, ішінара еңбекке құлқы жоқ,
енжар жан болып калыптасады. Мүндай балалар алдауға тез түседі, "алақаны
ашық", керек болса жолдастарына қажет нәрсені үйінен тасып береді. Сөйтіп
жүріп "қиын" балалардың ықпалына түсіп қалады.
Енді осындай жолдармен "қиын" бала аталғандарды қайта тәрбиелеуге бола
ма деген мәселе төңірегінде ойымызды ортаға салған да жөн шығар.
1.2.Қиын мінез-құлықты жеткіншек психологиясының өзіндік ерекшеліктері
Әлеуметтік педагогикада жасөспірімдер арасындағы қиын мінез-құлықтың
басты себептерін осы кезеңіндегі ерекшеліктерімен байланыстырады. Өйткені
жеткіншектер қоғамдағы жақсы-жаман нәрселердің барлығын лакмус қағазындай
өз бойына жылдам сіңіріп алады. Педагогикалық және жас ерекшелік
психологиясында осы жас кезеңін өтпелі, тұрақсыз, күрделі, қиын
дейді. Себебі бұл кезең баланың ересектер қатарына қосылу алдындағы жетілу,
өсу, есею, бойжету шағы, анатомиялық және физиологиялык. психологиялық
дамуы, әлеуметтік ахуалының өзгеруімен сипатталады.
Ресейлік психолог ғалымдар Д.Б.Элконин мсн Т.В.Драгуновалар жеткіншек
жас кезеңінің ерекшеліктерін өзін ересек адам ретінде сезінуге, дене
бітімінің өзгерістерін байқауына, қоршаған орта туралы танымының артуына,
қызығуының сан алуан болуына байланысты деген. Сонымен қатар бұл кезең
олардың өзіндік "мен" тұжырымының қалыптаса бастауымен де тығыз байланысты
дсп қарастырады. Осындай өсу кезеңінің күрделі құбылыстарын бастан кешу
үстінде олардың психикасы "кінәмшіл" келеді. Сонымен қатар осы жастағы
балалар коршаған әдеуметтік орта, ата-анасы, туысқандары, мектептегі
құрбылары, өзін қоршаған әр түрлі адамдармен қарым-қатынасқа түсіп,
әлеуметтік ортамен араласу үрдісіне енеді. Жеткіншек жастағы балалардың осы
және басқа да ерекшеліктерін ескере отырып, ересек адамдар оларды бала
ретінде емес, өзімен тең құқықтағы адам ретінде қабылдап, дұрыс пайымдауы,
балаңың әр түрлі проблемаларын кеңесе, сөйлесе отырып шешуі тиіс. Жеткіншек
жастағы балалар өмір тәжірбиесінің жеткіліксіздігіне қарамастан отбасындағы
жақын адамдардың акыл-кеңесінен гөрі құрбыларының, жолдастарының пікірімен
көбірек санасады жөне соны ескереді, оларға еліктейді. Олар үшін мектептегі
сыныптастары мен сабақтан тыс уақытта араласатын жолдастары, бірігіп спорт
ойындарымен шұғылданатын, үйірмеге бірге қатысатын, ауладағы құрбыларының
қарым-қатынасы манызды. Олар ата-анасының қадағалауынан құтылып,
құрбыларының көңілінен шығу, ересектерге бағынудан босап, еркін қимылдап,
өз алдына өмір сүруді қалайды. Мұндай жағдайлар кейде келеңсіздіктсрге
әкеліп, жаман жолға түсіп кету, құрбыларының жетегіндс кету секілді теріс
әрекеттерге соқтырады.
Жасөспірім балалардың сезімталдығы мен еліктегіштігі, әсерленгіштігі
оларды атақты ересек адамдардың, кинодағы ер жүрек, қайратты да батыл
бейнелердің іс-әрекетін үлгі тұту секілді жақсы істерге жетелеумен бірге,
кей жағдайларда теріс әрекеттерге де итермелеуі мүмкін. Осы жастағы
балаларды олардың іс-әрскетімен бірге, сыртқы түр-сипаты, шаш қоюы, киім
үлгісі мен киінуі, әшекей бұйымдарды тағуы, боянуы т.б. қызықтырып, соларға
еліктеу арқылы басқалардан ерекшеленуге ұмтылысы ылғи да орынды бола
бермейді.
Жеткіншек жастағы балалардың ырық-эмоциясы да қоршаған орта мен ондағы
жағдайларга байланысты қалыптасады. Әсірсе, қазіргі кезде бұған музыканың
ықпалы ерекше. Психолог Б.Г.Ананьев, жеткіншектердің музыкаға билеуі, оның
ырғағына қарай қимылдауы олардың жүріс-тұрысымың сезім арқылы қалыптасуына
ықпал ететінін айтқан. Ал олардың оқуға ынтасы, білім-ғылымға қызығуы
мұғалімнің тусіндіруіне, қарым-қатынасының әділ де сенімділігіне байланысты
дамиды. Сонымен бірге жеткіншек жастағы балалардың қызығуы жылдам алмасып,
"жақсы", "жаман" туралы түсініктерінің өзгеріп түруына байланысты эмоциялық
жетілуі әлі тұрақтанбағандықтан, олардың сезімі үнемі жақсы қасиеттерге ие
бола бермейді.
Бұдан басқа, отбасындағы психологиялық тұрақсыздық пен мәдени
деңгейінің төмендігі балаға авторитарлы қарым-қатынас, немқұрайдылық,
береке-бірліктің жоғы не болмаса шектен тыс еркелету, жеткіншектің тәртіпке
мойынсынбауы, ересектерді тындамауы секілді тентектікке алып келсді.
Жеткіншектердің жүріс-тұрысы мен мінез-құлығындағы ызақорлығы,
әсерленгіш (аффектілігі) немесе ойланбастан жігерлі қимылға баруына
итермелейтін психологиялық ахуал, көп жағдайда қажеттіліктерінің
қанағагганбауы, жүйке жүйелеріндегі қозғалу үрдістерінің жылдамдығы, отбасы
мен мектеп тәрбиесіндегі қателіктер, әлеуметтік ахуалдың нашарлығы секілді
көптеген себептер оларды жаман жолға итермелейді.
Жеткіншек жастағы балалардың ақылы толмаған, өмір тәжірбиесі жоқ,
бірақ сезімі мен әсерленгіштігінің күшті болуы себепті көп жағдайда алды-
артын ойланбастан қатерлі істерге баруы қиын мінез-құлық деп аталады.
Отбасындағы тәрбиеге бағынбай "бетімен кеткен" не болмаса, қоғамдық жүріс-
тұрыс нормаларын бұзуы, қиқарлық, қырсықтану, әлеуметтік ережелерді
сақтамайтын балалар девианттыққа жылдам беріледі. Қиын мінездің пайда
болуына олардың өзін басқаруға ақылының жетпегені және көбінесе сезім
жетегінде кетуі, өзін-өзі тәрбиелеу ниетінің қалыптаспауы, ырық-эмоциясын
дұрыс бағалай алмауы, құндылықтарды ажырата алмауы секілі көптеген ішкі
факторлар әсер етеді. Сондықтан жаңа қалыптасып келе жатқан өсіп-жетілу
кезеңінде олармен дұрыс қарым-қатынас орнату, жеке және жас ерекшеліктерін
ескеру, оларға сенім арту, ішкі жан дүниесін түсіну жолдарын қарастыру,
мүддесі мен қажеттіліктерін дұрыс пайымдау аса маңызды.
Жалпы балалардың қиын мінез-құлыққа душар болу себептерін зерделей
келе төмендегідей топтастыруға болады:
- мектепте оқуға мүмкіндік болмай қалған мектеп жасындағы балалар;
1. табиғи және әлеуметтік жетімдер;
2. ата-ананың қарауынсыз калған балалар;
отбасындағы әлеуметтік мәселелердің шешілмеуінен: кедей уйден қашқан
балалар, ата-аналық құқығынан айырылғандардың балалары т.б.;
4. нашақор және улы заттарды пайдаланатындар;
5. құқық және тәртіп бұзатындар;
6. қылмыстық іске барғандар т.б.
Бұлардан басқа экологиялық ахуалдар мен табиғи апаттарға душар
болғандар, соғыс және мемлекеттер мен ұлттар, халықтар арасындағы қарама-
қайшылықтан туындаған әр түрлі қақтығыстар мен лаңкестік пен қаскүнемдіктен
жапа шеккен, ерекше тұрмыстық жағдайларға ұшыраған, колониялар мен
түрмелердегі адамдар т.б. әлеуметтік күйзеліске ұшырағандардың қатарына
косылады. Өйткені, осы санаттағы адамдардың барлығы әлеуметтік көмек пен
қолдауға мұқтаж. Сондықтан әлеуметтік педагогтың жұмыс ауқымы күйзеліске
ұшыраған адамдарға көмектесу ғана емес, оларды әр түрлі қиыншылықтан
сақтануға үйрету, алдын алу шараларына жаттықтыру, осындай ахуалдарды
түзетуге, қалыбына келтіруге ат салысу, қолдау көрсету болып табылады. Бұл
аса манызды және күрделі жұмыс, өйткені көрсетілген ахуалдардың салдарынан
қалыпты ахуалдан ауытқыған адамдарды қайта қатарға қосу, қалыптты өмір
сүруге бейімдеу — әлеуметтік педагогтан жігер, қайрат пен күш, қуатты ең
бастысы терең білімді және оны іс жүзіндс қолдана алатын біліктілікті талап
етеді.

1.3.Қиын балалар мәселесін туындадатын негізгі себептер
Жеткіншек оқушылардың девианттық мінез-құлқының себептері мен
факторлары:
а) тәрбиеленбегендігінің себебінен қажетті білімдердің, біліктердің,
дағдылардың жоқтығынан немесе теріс тәрбиеден бұзылғандығынан, мінез-
құлқындағы жағымсыз таптаурындардың қалыптаспағандығынан баланың,
жеткіншетің өзін дұрыс ұстамайтындығынан туындайтын әлеуметтік-
педагогикалық олқылықтар;
ә) жайсыз жанұялық қарым-қатынастардан, баланы тәрбиелеуде ұлттық салт-
санада қалыптасқан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚИЫН БАЛАЛАРМЕН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қиын мінез-құлықты жеткіншек психологиясының өзіндік ерекшелігі
Қиын балалар мәселесін туындататын негізгі себептер
ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Мінез - құлықтарында ауытқулары бар жеткіншектердің талаптану деңгейінің ерекшеліктері
Психологиядағы зерттеу әдістері
Жеткіншектердің өзара қарым-қатынасы мен өзін-өзі бағалауының психологиялық ерекшеліктері
Мінез - құлықтың ауытқушылығының себептері
Жеткіншектердің девиантты мінез- құлқындағы гендерлік айырмашылықтарды зерттеудің теориялық негіздері
Мінез-құлықтың ауытқуы күнделікті өмірдің психопатологиясы ретінде
Пәндер