Сырым Датұлы баскдрған Кіші жүз қазақтарынын, көтерілісі


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Сырым Датұлы баскдрған Кіші жүз қазақтарынын, көтерілісі

Көтерілістін, алғышарттары, себептері, қозғаушы күштері. Кіші жүздің негізгі бөлігі Ресейдің құрамына қосылғанымен, қазақ руларының патша үкіметінің аграрлық саясатына қарсылығы толастамады. 1773-1775 жылдардағы шаруалар соғысына қатысқан қазақтардың өз талаптарын жүзеге асыра алмауы, хандық биліктің біршама осы өңірде әлсіреуі би, старшын, сұлтан топтарының бір бөлігінің патша үкіметінід саясатын қолдамауы Петербург сарайын үрейлендірді. Кіші жүзде өзінің билігін күшейту үшін Ресей үкіметі Кіші жүзді әкімшілік басқаруда да бірқатар өзгерістер енгізді. Орынбор губерниясы таратылып Күші және оған іргелес орналасқан Орта жүздің кейбір өңірлері Симбирск және Уфа басқармасына бағындырылды. Патша үкіметінің Кіші жүздегі саясатын іске асыру Орынбор билеушілеріне жүктелді. Шекаралық істер комиссиясы да патша үкіметінің нұсқауларын жүзеге асыруды қамтамасыз етуді бақылады. Ал орыс помещиктерінің, Жайық қазақ әскерінің қазақтарға зомбылығы бұрынғы ала ауыздықты бұрынғыдан да өршітті. 1782-1783 жылдарда қыстың ауыр болуынан жұттан қазақтардың біраз малдарының шығын болуын қазақ әскерлері жергілікті халыққа қысым көрсеу үшін пайдаланды. Осының барлығы, әрине Кіші жүздегі саяси жағдайды шиеленістіріп жіберді.

Көтерілістің басты қозғаушы күші - қарапайым көшпенділер болды. Сонымен қатар азаттық қозғалысқа патша үкіметінің қысымына шыдамаған би, старшын және батырлар қатынасты. Көтерілісшілер құрамында Кіші жүздің басты руларының барлығы да ат салысты: Шекті, Төртқара, Қаракесек, Шөмекей, Кете, Алаш, Серкеш, Таз, Байбақты, Беріш, Табын, Жағалбайлы, Қызылқұрт, т. б. Көтерілісшілердің басты мақсаты - ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру, Орал қазақ әскерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату, Нұралы хан мен оның сарайындағы ақсүйектердің озбырлығына шек қою. Патша қазақ әскерінің озбырлығына қарсылықты басқарған, бағыт бергендердің ішінде старшындар Қадыр, Садыр және басқа орта буынға жататын ру билеушілері. Алайда жылдан астам мерзімге созылған патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бағытталған осы ірі көтерілістің халық таныған басшысы Байбақты руының старшыны, батыр Сырым Датұлы болды. Сырымның аты 1774 жылдан, яғни Путачев көтерілісі өршіп тұрған кезеңнен орыс тіліндегі деректерде жиі кездеседі. Алайда батырды "қара сүйектен" шыққан деуге қиын. Хан Нұралының өзі Сырымның апасына үйленуіне қарағанда Датұлы көрнекті және ауқатты топқа жатуы мүмкін. 1775 жылы шаруалар көтерілісін жаныштаған А. Суворовтың граф П. Панинге жолдаған хатында Сырым Датұлы патша үкіметіне қарсы күрескен топтардың басшысы деп сипатталған.

Көтерілістің басталуы. 1778 жылғы мәліметтерге қарағанда Орал қазақтарымен қақтығыстың бірінде Сырымның балалары қайтыс болады. Алайда әлі де болса Сырым Датұлы патша үкіметіне қарсы күреске белсене қатыспады: Сырымның Орал қазақ әскерлерімен ашық түрде кең арпалыс жолына түсуі 1783 жылдың күзінен басталады. 1783 жылы желтоқсан айында кездейсоқ қапаста қалған қазақтардың тұтқынынан тек 1784 жылы көктемде Нұралы хан босаттырған батыр ұсақ топтардың басын қосып, ірі әскери қол ұйымдастыруға тырысты. Сырымның Орал қазақ әскерімен кескілескен күресі 1784 жылдың маусым айында басталды. Көтерілісшілердің негізгі күштері Төменгі Жайық шебі мен Орал бекідістері төңірегінде топтасты. Старшындар Барақ, Тіленші, Оразбай, сұлтан Жантөре бас болған көтерілісшілер топтары Жоғарғы Жайық бекінісі мен Елек (Илецк) қалашығының маңайына шоғырланды. 1784 жылдың қараша айында Сағыз өзені бойында бас біріктірген С. Датұлы тобының қатарында 1000 адамға дейін болды.

Алайда патша өкіметімен ауыз жаласқан Нұралының көтерілісті қолдаған руларға қырғи қабақтығы оның Сырыммен арақатынасын біртіндеп суыта берді. Тіпті Сағыз өзені бойында көтерілістің басты күштері топтасқанда, оған қарсылық ретінде Нұралы хан Орал казак әскерлері орналасқан бекіністерге жақындап, ығысты.

Қазақтардың Жайық бойындағы бекіністерге қыр көрсетуі және патшаның сенімді қызметкері Нұралымен қатынасының суып кетуі Орынбор билеушілері тарапынан әскери шаралар қолдануға түрткі болды.

Жазалаушы топтар көтерілісшілердің жеке топтарын талқандай алмай алақсыз жатқан ауылдарға қырғидай тиіп, халықты қан қақсатты. 1785 жылы ақпан айының 17-іне көтерілісті басу үшін арнайы қазақ даласына аттандырылған генерал-майор Смирновтың тобы 237 орынбор қазағы, 2432 башқұрттан құралды, оларға бірнеше зеңбіректер бөлінді. Ақпанның бораны жазалаушылардың Кіші жүздің далалық аймағына тереңдей енуіне мүмкіндік бермегеннен кейін, Смирновтың тобы көтеріліске қатысы жоқ ауылдардың мазасын алып, 66 қазақты тұтқын ретінде байлап әкетті.

1785 жылдың көктемінен көтерілісшілер күрес қимылдарын барынша кеңейтті. Көтерілісті мейлінше қолдаған Байбақты, Табын, Тама руларына сүйенген Сырым көтерілістің өрісін мейлінше кеңейтуге тырысты. Бұл жағдай патша үкіметі тарапынан да қарсы қимылдардың кеңеюін тездетті. 1787 жылдын, наурыз айының 15-інде көтерілісшілерді талқандау үшін 1250 қарулы казактары бар Орал казак әскерінің старшиналары Колпаков пен Пономарев жорыққа шықты. Әскери коллегияның президенті Г. А. Потемкиннің нұсқауына сай жазалау тобына "қырғыз-қайсақ қарақшыларын" Жем өзені бойындағы "ұясына" дейін тықсырып тастау қатаң жүктелді. Бұл кезде Кіші жүзді кең қамтыған көтерілісшілердің тек Жем өзені бойында шоғырланған тобының қатары жеті мыңға дейін жетті. Патша жазалау тобынық қимылдарын қиындату үшін Сырымның сарбаздары суы тапшы, шөлейтті, тақыр жерлерге шегінді. Көшпенділерге үйреншікті, Жайықтық суы мол, жемшөпке бай өңіріне үйреншікті казак әскеріне осындай қолайсыз табиғат жағдайларында қазақтармен арпалысудың қиындығы түсінікті. Осы себептерден Жем бойына барудан жүрексінген Колпаковтың тобы бағытын өзгертіп, Беріш және Адай руларына бас салды. Қазақтардың қарсылығына қарамастан, бейбіт ауылдарды ойрандаған Колпаковтың тобы алдына қойған мақсатына жетпеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кіші жүз хандығындағы көтерілістер
Сырым Датұлы бастаған ұлт- азаттық көтеріліс
ХҮІІІ – ХІХ ғасырлардағы ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАРЫ
Қазақтардың Орынборды қоршауға қатысуы
Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі
Көтерілістің 1774 жылы қазақ жүздерінде дамуын теориялық зерделеу
Көтерілістің қозғаушы күштері
КӨТЕРІЛІСТІҢ КЕҢЕЮІ
Сырым Датұлы кім
С. Датұлы және И. Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілістерінің салыстырмалы себебі, мәні және ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz