Наркозға арналған заттар (жалпы анестетиктер)



I. Кіріспе бөлім.
1. Наркоз
2. Ингаляциялық наркозға арналған заттар
II. Негізгі бөлім.
1. Сұйық ұшқыш заттар
2. Газ тәрізді заттар
3. Наркозға арналған заттарды жұптастырып қолдану
III. Қорытынды.
Бұл топтың заттары хирургиялық наркоз шақырады. Бұл көрініс сана – сезімнің тоқтауымен, сезімталдық және рефлекторлық реакциялардың басылуымен, қаңқа бұлшық еттері тонусының төмендеуімен жүретін ОЖЖ-нің қайтымды тежелуімен сипатталады. Анестезиологияда қабылданған мұндай анықтамалар жалпы ағзаға қолданылатын наркоздың тек сыртқы көріністерін ғана қамтиды.
Наркозға арналған заттардың барлық негізгі әсерлерінің дамуы олардың ОЖЖ-де нейрон аралық (синаптикалық) берілуді тежеуінен байланысты. Бұл кезде афферентті импульстерден берілудің бұзылуы, қыртыс – қыртысасты байланыстардың, аралық мидың, орта мидың жұлынның және т.б. қызметтері өзгереді. Синаптикалық берілулердің бұзылуына байланысты пайда болған ОЖЖ-нің функционалды дезинтеграциясы наркоздың дамуын шақырады.
Наркозға арналған заттардың әсерлеіндегі таңдамалылығының жоқтығы олардың химиялық құрылысының күрделілігі түрлі нейрондарға бірдей тежегіш әсер көрсететінін нұсқайды. Нейрондардың мембраналарымен (наркотикалық концентрацияда әсер етпейтін аксон мембраналарынан басқа) олардың липидтер және (немесе) белоктармен, сондай-ақ мембрананы жауып тұратын су молекуласымен арнайы емес физико – химиялық байланысқа түсетіні жайлы жорамалдар айтылды. Бұл мембрананың қызметінің бұзылуына және оның ультраструктурасының қайтымды өзгеруіне әкеледі. Наркозға арналған заттардың постсинаптикалық нейрондардың мембранасымен байланыстарының бірі деполяризация үрдісінің, сондай-ақ импульстің нейронаралық берілуінің бұзылуына әкелетін иондық өзекшелер (мысалы, калий иондарына) өткізгіштігінің өзгеруін шақырады.
Наркозға арналған заттардың нейрондар мембранасымен және олардың компаненттерімен (липидтермен, белоктармен, сумен) баланысуын игеру негізінде наркоздың биофизикалық теориялары (адсорбциялық теория, жасуша өткізгіштігінің теориясы, липидтік және белоктық теориядар, гиратталған микрокристалдардың теориясы т.б.) ұсынылды. Дегенмен, олардың бәрі универсалды емес, өйткені тек шектелген бірқатар қосылыстарға бағытталған. Сонымен қатар аталған теориялармоделді тәжірибелерге негізделген, сондықтан алынған мәліметтер жалпы ағзаның жағдайына қолдануға келмейді. Наркозға арналған заттардың ОЖЖ-сі нейрондардың зат алмасу үрдістерін тежейтін биохимиялық теориялары да ұсынылған. Шынымен – ақ бірқатар препараттар ми тіндерінің оттегін қажет етуін төмендетеді (мысалы, натрий тиопенталы). Бірақ бұл қасиет барлық наркозға арналған заттарға тән емес. Сонымен қатар нейрондардың биомеханизміндегі өзгерістер оның себептері емес, наркоздың салдары болуы мүмкін.
1. Д.А.Харкевич «Фармакология» Алматы, 2004ж.
2. Интернет. Http: //www.google.com/

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті.

Наркозға арналған заттар (жалпы анестетиктер)

Орындаған:Амангельдиева Молдир
Қабылдаған:

Алматы – 2009

Қолданылған әдебиеттер:

1. Д.А.Харкевич Фармакология Алматы, 2004ж.
2. Интернет. Http: www.google.com

Жоспар:

I. Кіріспе бөлім.
1. Наркоз
2. Ингаляциялық наркозға арналған заттар
II. Негізгі бөлім.
1. Сұйық ұшқыш заттар
2. Газ тәрізді заттар
3. Наркозға арналған заттарды жұптастырып қолдану
III. Қорытынды.

Бұл топтың заттары хирургиялық наркоз шақырады. Бұл көрініс сана – сезімнің
тоқтауымен, сезімталдық және рефлекторлық реакциялардың басылуымен, қаңқа
бұлшық еттері тонусының төмендеуімен жүретін ОЖЖ-нің қайтымды тежелуімен
сипатталады. Анестезиологияда қабылданған мұндай анықтамалар жалпы ағзаға
қолданылатын наркоздың тек сыртқы көріністерін ғана қамтиды.
Наркозға арналған заттардың барлық негізгі әсерлерінің дамуы олардың
ОЖЖ-де нейрон аралық (синаптикалық) берілуді тежеуінен байланысты. Бұл
кезде афферентті импульстерден берілудің бұзылуы, қыртыс – қыртысасты
байланыстардың, аралық мидың, орта мидың жұлынның және т.б. қызметтері
өзгереді. Синаптикалық берілулердің бұзылуына байланысты пайда болған ОЖЖ-
нің функционалды дезинтеграциясы наркоздың дамуын шақырады.
Наркозға арналған заттардың әсерлеіндегі таңдамалылығының жоқтығы
олардың химиялық құрылысының күрделілігі түрлі нейрондарға бірдей тежегіш
әсер көрсететінін нұсқайды. Нейрондардың мембраналарымен (наркотикалық
концентрацияда әсер етпейтін аксон мембраналарынан басқа) олардың липидтер
және (немесе) белоктармен, сондай-ақ мембрананы жауып тұратын су
молекуласымен арнайы емес физико – химиялық байланысқа түсетіні жайлы
жорамалдар айтылды. Бұл мембрананың қызметінің бұзылуына және оның
ультраструктурасының қайтымды өзгеруіне әкеледі. Наркозға арналған
заттардың постсинаптикалық нейрондардың мембранасымен байланыстарының бірі
деполяризация үрдісінің, сондай-ақ импульстің нейронаралық берілуінің
бұзылуына әкелетін иондық өзекшелер (мысалы, калий иондарына)
өткізгіштігінің өзгеруін шақырады.
Наркозға арналған заттардың нейрондар мембранасымен және олардың
компаненттерімен (липидтермен, белоктармен, сумен) баланысуын игеру
негізінде наркоздың биофизикалық теориялары (адсорбциялық теория, жасуша
өткізгіштігінің теориясы, липидтік және белоктық теориядар, гиратталған
микрокристалдардың теориясы т.б.) ұсынылды. Дегенмен, олардың бәрі
универсалды емес, өйткені тек шектелген бірқатар қосылыстарға бағытталған.
Сонымен қатар аталған теориялармоделді тәжірибелерге негізделген, сондықтан
алынған мәліметтер жалпы ағзаның жағдайына қолдануға келмейді. Наркозға
арналған заттардың ОЖЖ-сі нейрондардың зат алмасу үрдістерін тежейтін
биохимиялық теориялары да ұсынылған. Шынымен – ақ бірқатар препараттар ми
тіндерінің оттегін қажет етуін төмендетеді (мысалы, натрий тиопенталы).
Бірақ бұл қасиет барлық наркозға арналған заттарға тән емес. Сонымен қатар
нейрондардың биомеханизміндегі өзгерістер оның себептері емес, наркоздың
салдары болуы мүмкін.
Дегенмен, соңғы жылдары наркозға арналған заттардың әсерлерінде
рецепторлық компоненттердің болуын растайтын мағлұматтар көп шығып жатыр.
Осылай, зерттеулерде көрсетілгендей ингаляциялық (ұшқыш сұйықтар) және
ингаляциялық емес (кетаминнен басқасы) наркозға арналған заттардың барлығы
наркотикалық концентрацияда ГАМҚ -бензодиазепин-барбитуратты рецепторлық
кешенмен байланысады және ГАМҚ-ның әсерін шамадан тыс күшейтеді. Бұл кезде
осы рецепторлық кешенмен байланыстағы белсендірілген хлорлық ионофордың
уақыты ұзарады. Азоттың шала тотығы ГАМҚ-рецепторға әсер етпейді. Жрғарыда
аталғандай кетамин глутамат рецепторының (NMDA-рецепторлары) белгілі бір
түрінің антогонисті екені дәлелденген.
Оның басқа да рецепторлар түріне әсер ету мүмкіндігін жоққа шығарудың
қажеті жоқ. Дәлел ретінде эфир мен метоксифлуранның иіс сезу қыртысы
нейрондардың ацетилхолині мен L-глутаматына әр қалай бағытталған әсерлерін
алуға болады.
ОЖЖ-нің әр түрлі деңгейінің синаптикалық шоғырларының және
морфофункционалды жиналулардың наркозға арналған заттардың әсеріне
сезімталдығы әр қалай. Наркозға арналған заттардың әсерлеріндегі белгілі
кезеңдердің болуы осыған байланысты.
Келесі кезеңдерді бөледі:
I – анальгезия кезеңі;
II – қозу кезеңі;
III – хирургиялық наркоз кезеңі;
1-ші деңгей (III) – беткейлік наркоз;
2-ші деңгей (Ш2) - жеңіл наркоз;
З-ші деңгей (ІІІ3) - терең наркоз;
4-ші деңгей (ІІІ4) - өте терен наркоз;
IV агония (жанталас) кезеді.
Наркоздың берілген кезеңдерінің реті тек жалпы схема түрінде ұсынылған,
өйткені бірқатар препараттарды қолданған кезде қозу кезеңі мүлде болмауы
мүмкін немесе анальгезия кезеңі басым болады және т.б. Наркоздың бөлек
кезеңдері толығырақ эфирдің қолданылуында берілген.
Наркозға арналған заттар химиялық қосылыстардың түрлі кластарына жатады.
Олардъщ химиялық кұрылысы мен наркотикалық белсенділігінің арасындағы жалпы
заңдылық анықталмады. Тек бірқатар жеке қосылыстардың тәуелділігі
дәлелденді (көмірсулар, барбитураттар).
Наркозға арналған заттарды практикада қолданылуына байланысты келесі
топтарға бөледі:
І.Ингаляциялық наркозға арналған заттар
Сұйық ұшкьіш заттар
Фторотан Энфлуран
Изофлуран Наркозға арналған эфир
Газ тэрізді заттар
Азоттың шала тотығы
ІІ.Ингаляциялық емес наркозға арналған заттар
Пропанидид Гексенал
Пропофол Натрий оксибутираты
Натрий тиопенталы Кетамин1
Наркозға арналған заттарға белгілі талаптар қойылады. Сонымен, оларды
қолданғанда наркоз жылдам басталуы керек және мүмкіндігінше қозу кезеңісіз.
Операцияға қажетті жағдай туғызатын наркоз жетерліктей терең болуы керек.
Наркозға арналған заттарды қолдануда наркоздың тереңдігінің жақсы
басқарылуы маңызды көрсеткіш болып саналады. Наркоздың шығу кезеңі жылдам
жүруі тиіс және салдары болмауы керек. Бұл наркозан кейінгі кезеңді
жеңілдетеді.
Наркозға арналған заттардың негізгі сипаттамасының бірі болып
наркотикалық кеңдігі саналады - бұл препараттың наркоз шақыратын
концентрациясы мен оның сопақша мидың өмірге қажетті орталықтардың тежеуін
шақыратын мииималды уытты концентрациясының арасындағы диапазоны.
Ингаляциялық наркозға арналған заттардың наркотикалық кеңдігі – ол тыныс
алатын ауадағы заттың концентрациясы, ал ингаляциялық емес наркозға
арналған заттардьщ наркотикалық кеңдігі - ол заттың енгізілген мөлшеріндегі
концентрациясы. Әрине, заттың наркотикалық кеңдігі каншалықты үлкен болса,
препарат соншалықты қауіпсіз. Жанама әсерлері болмауы керек немесе мүлде аз
болуы керек.
Наркозға арналған заттарды қолданғанда олар техникалық қауіпсіз болуы
керек. Қойылатын талаптардың бірі препараттардың өрт жағынан қауіпсіздігі:
олар жанбауы және атылмауы тиіс. Қазіргі таңда бұл көп кеңіл бөлетін жай,
өйткені операциялық бөлмеде көптеген түрлі аппаратуралар болады, олардың
сәл істен шығуы жанғыш наркозға арналган заттардың өртенуінің себептері
болуы мүмкін. Жаңа препараттарды медициналық практикаға енгізерде оның
бағасын да ескерген жөн. Препараттың синтезі өндірістік шығаруда қол
жетерлік болуы тиіс.

Ингаляциялық наркозға арналған заттар.

Ингаляциялық наркозда бу тәрізді күйге жылдам айналатын ұшқыш сүйықтарды
(фторотан, наркозға арналған эфир), сондай-ақ газ тәрізді заттар (азоттың
шала тотығы, циклопропан) қолданылады. Әдетте тыныс алатын ауада қажетті
концентрацияны беретін арнайы аппараттарды қолданады.
Ингаляциялық наркозға арналған заттармен тыныс алғанда олар диффузия
жолымен өкпеден қанға түседі. Препараттың абсорбциясы оның тыныс алатын
ауадағы концентрациясына, тыныстың көлемі мен жиілігіне, альвеолдардың беті
мен өткізгіштігіне, наркозға арналған заттардың қанда еруіне және кіші қан
айналымдағы қан ағудың жылдамдығына байланысты. Осының бәрі наркоздың даму
жылдамдығын көрсететін препараттың қан мен тіндерде болатын
концентрациясының өсуін анықтайды.
Ингаляциялық наркозға арналған заттардың бірталайы ағзада біркелкі
тарайды. Кейбір айырмашылықтар мүшелер мен тіндердің қанмен қамтамасыз
етілуінің бірдей еместігіне байланысты. Бұл заттар негізінен өзгермеген
түрде өкпе аркылы шығады. Элиминация жылдамдығы абсорбциядағы факторларға
байланысты. Әсіресе газ тәрізді наркозға арналған заттар жылдам шығады.

Сұйық ұшқыш заттар

Бүл топқа фторотан, энфлуран, изофлуран, наркозға арналган эфир және баска
препараттар жатады.
Анестезиологияда кеңінен тараған препарат ф т о р а т а н (галотан,
флуотан). Фторотан фторы бар алифатикалық қосылыстарға жатады. Жоғары
наркотикалық белсенділігімен (эфирден 3-4 есе) сипатталады. Наркоз өте
қысқа қозу кезеңімен жылдам басталады.(3-5 мин кейін). Фторотан мен
наркозға енгізу 4 көлем% (тыныс алатын ауада)концентрацыясында жүргізіледі.
Наркозды қолдап тұруға фторотанның 0,5-2,5 көлем% ингаляция жеткілікті.
Фторотандық наркоз жеңіл басқарылады. Препаратты тыныс жолдарынан алып
тастағаннан кейін 5-10 мин кейін оянады. Фторотанның наркотикалық кеңдігі
айтарлықтай баршылық (эфирге ұқсас).
Наркоздың бұлшық еттері барынша босаңсытуы қанағаттандырарлық.
Фторотан деполяризацияға қарсы кураре тәрізді заттардың миопарлитикалық
әсерін күшейтеді, бірақ эфирге қарағанда аз дәрежеде.
Фторотанның әсеріне кезбе жүйкенің тонусының жоғарылауына байланысты
брадикардия тән (атропинді еңгізумен тоқтатады). Артериялық қысымды
фторотан төмендетеді. Бұл тамр қозғалтқыш орталығы мен симпатикалық
ганглийлердің (фторотан ганглиоблокаторлық заттардың әсерін айтарлықтай
күшейтеді), сондай-ақ тамырларға тікелей миотропты әсерлерді төмендетуіне
байланысты.
Фторотанды қолданғанда жүрек аритмиясы дамуы мүмкін. Бұл фторотанның
миокардка тікелей әсерімен, сонымен қатар адренорецепторлардың адреналинге
сенсибилизациясымен түсіндіріледі. Осыған байланысты фторотан наркозында
адреналинді, норадреналинді, эфедринді енгізуге болмайды. Егер прцессорлық
заттар қажет болса α- адреномиметиктерді (мезатон) енгізеді. Фторотан
сілекей, бронхиялды және асқазан бездерінің секреторлық белседілігін
төмендетеді. Бауырдың қызметін фторотан, алынған мәліметтер бойынша басқа
наркозға арналған заттарға қарағанда аз бұзады. Тітіркендіргіш әсері жоқ.
Ацидоз шақырмайды. Наркоздан кейінгі кезеңде лоқсу, құсу сирек байқалады.
Ағзада фтортанның айтарлықтай бөлігі (шамамен 20%) биотрансформацияға
ұшырайды.
Фторотан эфирге қарағанда өрт жағынан қауіпті емес.
Құрамында фторы бар алифатикалық қосылыстарға сондай-ақ э н ф л y
p a н, и з o ф л y p a н, д e c ф л y p а н жатады. Бұлардың фторотаннан
айырмашылығы фармакокинетикасы және жанама әсерлері жағынан.
Құрамында фторы бар жаңа қосылыстарға - c e в o ф л y p а н жатады. Ол
наркозды тез шақырады, әсерінің оңай басқарылуымен және наркоздан жылдам
шығуымен сипатталады, жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабаттарын
тітіркендірмейді, ішкі мүшелердің қызметіне теріс әсері шамалы. Жүрек-тамыр
жүйесіне, мидың қан айналымына және тынысқа аз дәрежеде әcep етеді.
Препарат химиялық тұрақты, жағымды иісі бар, өрт жағынан қауіпті емес
(өртенбейді). Клиникалық және амбулаториялық практикаларда қолданылады.
Наркозға арналған эфир химиялық құрылымы бойынша диэтил эфирінежатады.
Оның наркотикалық белсеңділігі айкын, наркотикалық кеңдігі жеткілікті,
уыттығы төмен. Эфирлік наркоз жеңіл басқарылады, бірақ газ тәрізді наркозға
арналған заттар мен фторотанға қарағанда басқарылуы күрделірек.
Тыныс алатын ауадағы эфирдің концентрациясы наркозды беру әдісі меи
науқастың сезімталдығына байланысты 2-4-тен 10-12 көлем %.
Эфирді қолданғанда наркоздың кезеңдері анық байқалады. Анальгезия кезеңі
ауыру сезімдерінің басылуымен сипатталады. Бұл афферентті жолдарда
қозудың нейронаралық берілуінің тежелуіне және бас миы қыртысының
иорондарының белсенділігінің төмендеуіне байланысты болар. Бұл кезде сана -
сезім сақталған, бірақ бағдар бұзылған. Амнезия тән.
Эфирлік наркозға ұзақ қозу кезеңі (10-20 мин) тән. Бұл наркозға кіруді
айтарлықтай қиындатады. Қозу кезеңі қыртыс асты құрылымдарының (негізінен
орталық ми) белсенділігінің жоғарылауымен түсіндіріледі. Бұл бас миы
қыртысының тежелуімен және төменде көрсетілетін орталықтарды бақылайтын
субординациялық механизмдердің токтауына байланысты. Сана – сезім тоқтайды.
Қозғалыс және сөздік қозулар байқалады. Көз қарашықтары кеңейеді. Тыныс алу
ереже бойынша жиілейді. Тахикардия байқалады. Артериялық қысым ауысып
тұрады. Жұлындық рефлекстер жоғарылайды. Эфирдің тітіркендіргіш әсерінің
салдарынан жөтел, бронхиалды және сілекей бездерінің гиперсекрециясы
байқалады, ал эфирдің сілекеймен бірге асқазанға түсуінде құсу пайда
болады. Сондай-ақ тыныс алудың рефлекторлы (жоғары тыныс жолдарынан) және
жүректің жиырылу ритмінің сиреулері, тіпті апноэ және жүректің тоқтауы
болуы мүмкін. Бұл әсерлердің алдын атропинмен алады.
Хирургиялық наркоз кезеңінде бас миында да, жұлын деңгейінде де
нейронаралық берілулердің тежелуі әрі қарай жүреді. Сана-сезім тоқтаған.
Ауыру сезімі жоқ. Рефлекторлық белсенділік басылған. Вегетативті рефлекстер
мұнда толығымен тежелген. Көз қарашықтары тарылған. III,-кезеңінде пульс
сирейді (II кезеңмен салыстырғанда), артериялық қысым тұрақтанады, тыныс
бір қалыпты. Наркозды тереңдеткенде пульстің жиілігі ауысады, жүрек
аритмиясы болуы және артериялық қысым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Антигистаминді препараттар
Наркоздың теориялары
Жануарларды наркозға дайындау
Наркоздың түрлері
Наркоз .ИНГАЛЯЦИЯЛЫҚ НАРКОЗДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Жергілікті анестетиктерге жалпы сипаттама
ЖАНСЫЗДАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ЖАНСЫЗДАНДЫРУДЫҢ ЖАҚ-БЕТ АЙМАҒЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жануарды наркозға енгізу кезінде
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ЕҢБЕГІНІҢ ГИГИЕНАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Жалпы және жергілікті жансыздандыру
Пәндер