Нәпсі


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Ж О С П А Р

  1. Нәпсі
  2. Нәпсінің түрлері
  3. Нәпсің - жауың
  4. Пайдаланылған әдебиеттер

Нәпсі

Нәпсі- барша тірі табиғатқа ортақ қасиет, тіршілік негізі. Тіршілік иесінің барлығы оның Нәпсі арқылы айқындалады.

Нәпсі ассимиляция және диссимиляция процестері арқылы көрінеді, оның үстіне Нәпсінің органикикалық әлемде онтологиялық және әрекеттік, қаракеттік (бейімделу, сақтану, т. б. ) сапалық қасиеттері бар.

Нәпсінің онтологиялық сипаты табиғи заңдылық ретінде көрінеді, ол - тіршілік иесінің қоректенуі мен ұрпақ қалдыру дәстүрі. Адамның Нәпсісі күрделі, бірақ реттелген, сұрыпталған білімдік, технологиялық негізге түскен, сонымен бірге өзінің табиғи мәнісінен бұрмаланған. Адам Нәпсі тойымсыз, себебі оның табиғатында құмарлық бар. Нәпсіні меңгеру мақсатында әлемде діни саналар қалыптасып, өркениеттік тәрбие жүйесі Нәпсіні ауыздықтауға бағытталған. Сопылық дүниетанымдағытәубе, қанағат, шүкіршілік ұғымдары Нәпсімен үндес. Өзінің Нәпсісін меңгерген адамдарды - тақуалар деп атаған. Бірақ тақуалық жол ауыр, оған әркімнің қуаты жетпейді. Сопылықтың шариат, тариқат деген сатылары Нәпсіні меңгеруге негізделген, себебі Нәпсі - адамның жалған ғұмырындағы қуаты, болмысы. Саясат саласында Нәпсі харизма арқылы көрінеді, оның асқынған түрлері диктаторлық, т. б. секілді мемлекеттің анайы формаларында көрініс табады. Нәпсіні жырға қоспаған ақын, оны бейнелемеген суретші өте аз болар. Бұл тақырып бүгінгі өркениеттік үрдісте кеңінен өріс алған. Нәпсі болмысын рухтандыру, Нәпсіні “бұқаралық мәдениетке” айналдырмау, Нәпсіні меңгеру - өркениеттік сананың басты арнасы.

Нәпсінің түрлері

Нафсул 'аммара - бұйырушы нафсы немесе пенделік жан, бұл тәнді қанағаттандыруға, әрдайым төменгі дәрежедегі шахуаттарға итермелейтін, рухты ақиқаттан алыс, қалың перделермен тұмшалан, оның ішкі басиретін өшіретін күштің көзі.

Нафс-ул лаууама - бұл нафс жасаған жамандықтарын сезінетін, ғафлетте екендігіне өкінетін, әрдайым өзін-өзі сынайтын, қалбтің нұрынан хабар ала бастаған рух. Жамандыкты жаман екендігін біле тұрса да әрі қарай жалғастыруда. Бұған іштей өкініш білдіреді.

Нафс-ул мулхима - бұл нафс жақсы мен жаманды ажырату қабілетіне ие, шабытқа бөленген жан. Аллаһтың көмегі арқасында одан басқа нәрселерден алыстап, құдайлық шабыттарды ала бастайды.

Нафс-ул мутмаинна - қалбтің нұрымен сомдалып, жаман мінез, әдеттерден арылып, көркем ахлақ несіне айналған рух, тыныштанған жан. Толық иман дәрежесіне ие.

Нафс-ур радиййа - бұл халдегі рух өз қалауымен емес, тек қана Аллаһтың қалауын басты нысан ретінде таниды. Риза мақамына ұласқан, нәпсіден толық арылған, кемелдіктің фана (Тәңірде еру, Онда «жоқ» болу) мақамына қарай беттеген рух, қанағаттанған жан. Хаққ ал йақинмәртебесіне жеткен адам.

Нафс-ул мардиййа - өз-өзіне разы болған рух, түсініскен жан. Терең ойлы, рақымды, жомарт, адамды тек Аллаһ үшін сүйетін, өзін-өзі меңгерген, Аллаһтың құтына қауышқан, рухани шабыты арқылы Оның сипаттарын танып, көре алатын адам.

Нафс-ул камила - кемелдікке жеткен, басқаларды да кемелдікке жеткізе алатын адамның рухы.

Нәпсің - жауың

Кімде-кім Аллаһқа есеп беруден қорқып, нәпсісін харамнан тыйса, олардың орны - жәннат» («Назиғат» сүресі, 40-41 аяттар) . Нәпсі бірнеше баламада келе береді. Соның бірі: жан, рух, қалб т. б.
Нәпсі - адамның ең үлкен жауы. Нәпсі жетегімен пенде аманатқа қиянат етеді, зорлық, ұрлық, адам өлтіру т. с. с. күнәға барады.
Адам ешқашан нәпсісін өз еркіне жібермеуі керек! Нәпсі еркіне жіберілсе, Аллаһ жолынан адастырады! Нәпсіге тоқтау салатын адамның ақылы! Нәпсі Аллаһ пен Оның Елшісін (с. ғ. с. ) ұмыттырады.

Ғұламалардан нәпсі мен Ислам туралы сұрағанда: - Ақыл қылышымен нәпсіні шабу керек, - деп жауап берген екен.

Имам Аттар (р. а. ) нәпсіні төрт нәрсе жеңеді дейді:

- Сөйлеместік пышағы.

Аштық қылышы.

Таза жерлерде жүру.

Түнгі ұйқысын ғибадат үшін тәрк ету.

Осы істерді атқармай игілікке жете алмайтынымыз хақ. Адамдардың ең жақсысы - нәпсісін тәркі еткендер!

Кейбір ғалымдар:

- Аллаһ тағала періштелерге шақуатсыз ақыл, хайуандарға ақылсыз шақуат, ал адамдарға ақыл да, шақуат та берген. Осыған қарағанда, шақуатын ақылымен басқан адамдар періштелерден де абзал болмақ. Ал ақылын шақуатпен басқандар болса, хайуаннан да жаман болып есептелінеді. Аллаһ тағала бұл жайында қасиетті Құран Кәрімде: «Ақиқатында тозақ үшін көптеген жын және адамдар жараттық! Олардың жүрегі бар, бірақ ол жүрекпен турашылдықты аңғармайды. Көздері бар, ол көз-дері көрмейді (ғибрат алмайды), құлақтар бар, онымен насихатты тыңдамайды. Міне, осылар хаиуан тәріздес, керек болса жамандар! Міне, солар қапыда қалғандар»
(«Ағраф» сүресі, 179 аят), -делінген, ал Расулымыз (с. ғ. с. ) :

- Тозақ шақуат нәпсімен қоршалған, ал жәннат нәпсіге ауыр амалдармен қоршалған, - деген.

Жәннат нәпсісін жеңгендердің ғана еншісі.

- Бір нәрсені құлай сүю сені соқыр және керең етеді, - дейді Пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) . Яғни, сені шындықты көрмейтін соқыр, үгіт пен насихат тыңдауда керең етеді. Надандар көзімен, білімді мен ақылдылар жүрек және пікірі мен дүниеге көз салады деген қағида бар. Нәпсі - фитна, бәленің басы. Дүние нәпсіңді тастасаң - бақытқа кенелесің. Дүние нәпсісі сені, ой-пікіріңді уламасын. Себебі, барша нәрсе өткінші. Күнә мен азабы өзіңізге қалмасын!

Нәпсінің бір түрі - ішіп-жеу. Адам тамақ нәпсісін аштық және ораза арқылы басады. Осы нәпсі арқылы Адам ата мен Хауа ана жәннаттан қуылғанын еске алсақ жеткілікті емес пе?!

Әулиелер: «Бір мәселеге талас болғанда, нәпсің қайсысына тартатынын қара да, сол нәпсі тартқан нәрсені істеме. Оны таста!», - деген.
Лұқман хакім баласына насихат айтып: - Ұлым! Сенің ең әуелі қорғанатын нәрсең - нәпсің! Егер нәпсіге бір рет ерік берсең, екіншісін талап етеді. Сіріңке шиінің астында лаулаған жалын болатыны сияқты, нәпсі қалаулары жүрек ішінде жасырынған. Шақырып алсаң лаулаған от өршиді, ол нәпсіңе ермесең бәрі жасырын қалады, - деген . . .

Нығметтің ең жоғарғысы нәпсіге қарсы тұру! Нәпсі - пенде мен Аллаһ арасындағы перде! Адам нәпсісінің иесі болуы керек. Бізде көп жағдайда керісінше . . .

Риуаяттарға жүгінсек, Аллаһ тағала Исаға (ғ. с. ) былайша уаһи жіберген екен: - Ей, Иса! Әуелі өзіңнің нәпсіңе насихат ет! Егер нәпсің тура жолға келсе, басқаларға айт! Болмаса өз нәпсіңе ие болмай тұрып басқаға насихат етуден ұял!

Абдул Хасан Рази (р. а. ) екі жыл бұрын қайтыс болған әкесін түсінде көреді. Үстінде шоқтан көйлек бар екен. Әкесіне: - Ей, әке! Саған не болған! Үстіңдегі көйлек тозақ қауымының киімі емес пе?

- Ей, ұлым! Мені нәпсім жәһаннамға құлатты. Ұлым, нәпсіден сақтан. Өмірде төрт нәрселерге құштар едім: шайтан, дүние, нәпсім мен шақуат! Осылардан сақтан, - деген екен.

Атақты ғұламалар былай дейді:

- Адам баласына ең әуелі керегі - өз нәпсісін тану. Өйткені өз нәпсісін таныған адам басқаны да түсіне бастайды.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с. ғ. с. ) :

-Бір адам көңілін дүние махаббатына байласа, бір істермен шұғылданып, басы дерттен айыға алмайды. Сол істерінің аяғын таба да алмай шаруалары да таусылмайды . . .

Басқа да хадис-шәріпте:

- Дүние екі күн. Бірі - сүйінетін, кейінгісі - күйінетін, әрі үзілетін күн. Бұл екеуі де өтпелі. Олай болса өтпелі өмірді тастап, мәңгілік болған ақирет амалдарына көшіп, нәпсіге ермеңдер . . . - деген.

Хазреті Омар (р. а. ) айтады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қ. А. Ясауидің рух туралы тұжырымдары: 7 рух мәртебесі
Сопылықтағы кейбір ұғымдар мен түсініктер
СПИД - тің анықтамасы
Диуани хикметтегі сопылық жайлы хикмет
Шәкәрім поэзиясындағы өмірдің негізгі мәні
Халықта Нысап-діннің жартысы деген сөз
Жыныстық тәрбие
Тянь-Шань
Шәкәрім Құдайбердіұлының діни дүниетанымы
Қ. А. Яссауи түркі халықтарының ұлы ойшыл ақыны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz