Саңдар пирамидасы


Энергияның трофикалық тізбектерін өр бірлестік белгілі

бір трофикалық құрылымға ие болады. Трофикалық құрылым деңгейдегі даралар саны немесе енгізілген өнім немесе әр трофикалық деңгейдегі сіңірілетін энергия мөлшері арқылы көрсетіледі. Графикалық әдіспен оны пирамида түрінде бейнелейді. Бірінші трофикалық деңгей пирамиданың табанын, ал келесі деңгейлер пирамиданың қабаттарын және төбесін құрайды. Экологиялық пирамидалардың негізгі үш түрі - сандар, биомасса және энергия пирамидалары көрсетілді.

Сандар пирамидасының құрылуы мына факторларға байланысты:

1. Кез-келген экожүйеде ұсақ жануарлар саны жағынан ірі жануарлардан басым болады және тезірек көбейеді.

2. Кез-келген жыртқыш жануар үшін оның жемтіктерінің көлемінің төменгі және жоғарғы шегі бар. Жоғарғы шегі жыртқыштың өз денесінін көлемінен өлдеқайда ірі жануарға шамасы жетпейтіндігімен, төменгі шегі - жемтігінің көлемі тым шағын болған жағдайда оны аулаудын жыртқыш үшін мәні болмайды. Жыртқыштардың ұсақ жануарларды көп мөлшерде аулауына тура келеді. Сондықтан жыртқыштардың әр түріне оптимал көлемді жемтіктері азықболады.

Редуцент(І0): Редуцент(І0)
Редуцент(І0): Коысумент -2(100)
Редуцент(І0): Консучсіп-I (1000)
Редуцент(І0): Продуцсштср (10. 000)

Саңдар пирамидасы (Одум, 1975)

Мысалы, бір арыстанның күнелтуі үшін жылына 50 зебра қаджет. Дегенмен бұл ережеге сәйкес келмейтін жайлар да бар. Үйірімен жүрген қасқырлар өзінен едәуір ірі жануарларды, мысалы жылқыларды ала алады. У бөліп шығару қасиетіне байланысты өрмекшілер мен жыландар ірі жануарларды да өлтіреді. Кез-келген көлемді жануарларды азыққа жарата алатын бірден-бір түр - адам болып табылады.

Биомасса пирамидалары - биомассалардың сандық арақатынастарын егер ағзалардың көлемі жағынан айтарлықтай айырмашылықтары болмаса, онда әр трофикалық деңгейдегі даралардың биомассасын көрсете отырып сатылы пирамида құруға болады. Ал егер орташ есеппей алғанда төменгі деңейлердің ағзалары жоғарғы деңгейлерден ұсақ болса, онда төңкерілген биомассалар пирамидасы пайда болады. Мысалы, продуценттері өте ұсақ, ал консументтері ірі экожүйелерде соңғыларының жалпы массасы нақтылы кез-келген сәтте продуценттердің жалпы массасынаң артық болуы мүмкін. Биомасса пирамидалары мына факторларға байланысты болады:

1. Продуценттері ірі және ұзақ өмір сүретін құрлық және тайыз су экожүйелері табаны жалпақ және төбесі үшкір пирамидалармен сипатталады. Бұндай пирамидалардың пішініне сондай-ақ бірлестіктің жасы да ықпал етеді. Жуырда пайда болған қауымдастықтарда консументтер биомассасының, продуценттер биомассасына қатынасы әдетте ескі экожүйелермен салыстырғанда кіші болады яғни пирамиданың төбесі үшкір болады.

2. Продуценттері көлемі жағынан шағын және тіршілік цикддары қысқа келетін ашық та терең суларда (теңіздерде,

мұхиттарда) биомасса пирамидасы төңкерілген пирамида

болуы мүмкін. Тіпті жыл бойында жинақталған энергия

мөлшері бірдей болғанның өзінде де олардың орылмаған

өнімі әдетте құрлық және пайыз су қауымдастықтарына

карағанда азырақ.

3. Ірі, бекініп өсетін өсімдіктер мен микроскоптық көлемдегі балдырлардың продуценттер ретіндегі маңызы шамалас көлдер мен бөгендерде биомасха пирамидасы аралық сипатта болады.

Энергия пирамидасы - экологиялық пирамидалардың талқыланып отырған үш типінің ішіндегі бірлестіктің функционалдық құрылымы туралы ең толық көрініс беретін түрі, себебі әр трофикалық деңгейде әр түрлі жағдайларда тіршілік ете алатын ағзалардың саны мен массасы, ілгері, тұрған трофикалық деңгейдегі осы сәтке жинақталған энергияның мөлшеріне емес, азықтың өндірілу жылдамдығына тәуелді. Энергия пирамидасы азық массасының қоректік тізбек арқылы өту жылдамдығын көрсетеді.

Биотйкалық бірлестік немесе биоценоз - белгілі бір территорияны мекендеуші популяциялардың жиынтығы.

Биотикалық бірлестік өзінін. сырт келбетін, құрылымын өзгертіп отырады.

Биотикалық бірлестіктің құрылымы көрсеткіштерден құралады.

Молдығы - аудан немесе көлем бірлігіне келетін даралар саны.

Жиілігі - проценттер түрінде көрсетілген бір түр даратарының (n) жалпы даралар санына (N) кдтынасы (n XI00 ) \N

Тұрақтылығы - проценттер түрінде көрсетілген, құрамында зерттелетін түр бар үлгілердің (р), үлгілердің, жалпы санына (Р) қатынасы (р/Р) Х100. Осы қатынастың шамасына қарай түрлердің төмендегідей категориялары ажыратылады: түрақты түрлер - үлгілердің 50 проценттен астамында, қосымша түрлер - үлгілердің 25 проценттен кемінде кездеседі.

Доминанттық (басымдық) - түрдің экожүйеде үстем жағдайға ие болып, ондағы энергияның бөлінуіне ықпал ету қабілеттілігі. Доминанттар - өз трофикалық деңгейінде өнімділігі ең жоғары гүрлер. Экожүйе құрамына кіретін жүздеген немесе мындаған түрлердің ішінен санаулыдоминант-түрлердің ғана оның қасиеттеріне шешуші ықпалы болады.

Доминант түрлердің бірлестік құрамы мен қасиеттеріне көрсететін ықпалы олардың санына, даралардың көлеміне, өніміне байланысты болуы мүмкін. Айталық, даралары ірі түрлердің (шөптесін өсімдіктердің) арасында неғұрлым мол таралған түрлер доминант болады.

Құрылық экожүйелерінде гүлді өсімдіктер әдетте бүкіл бірлестікте басым болады, себебі олар бірлестіктегі ағзалардың басым көпшілігін баспанамен қамтамасыз ету мен қатар, абиотикалық ортаға да сан алуан ықпал көрсетеді. Сол сияқты консументтер де бүтіндей бірлестік көлемінде реттеуші роль атқаруы мүмкін. Көлемі жағынан шағын өсімдіктер өскен жерлерде жануарлар физикалық ортаға едәуір күшті ықпал көрсетеді.

Доминанттық, әсіресе, абиотикалық факторлар негізгі сипат алатын жерлерде - шөддерде, тундрада айкындау білінеді. Айталық, солтүстікте ағаштардың бір не екі түрі орманның 90 процентін құрауы мүмкін, керісінше тропиктік орманда ағаштардың оннан астам түрі доминант болуы мүмкін.

Түрдің экожүйеге байланыстылық дәрежесі бойынша, мынадай категориялары ажыратылады:

1) сипаттаушы, яғни бір экожүйеге ғана тән тұрлер немесе жиірек ұшырасатын, яғни экожүйедегі ұлесі өзгелеріне қарағанда әлдеқайда мол түрлер;

2) преференттік түрлер - бірнеше іргелес экожүйелерде кездесетін, бірақ солардың біреуін көбірек үнататын түрлер;

3) жат түрлер - бөтен бірлестікте кездейсоқ, кездесетін

түрлер;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық пирамидалар және оның түрлері
Экожүйелер туралы негізгі түсініктер
Экожүйедегі өнімділік пирамидасы және энергия ағыны
Биогеоценоздар
Биоценез, биогеоценоз туралы түсініктер
Экожүйе
Экожүйе құрылымы
Биоценоз, биогеоценоз және экожүйелер туралы түсініктер
ҚАУЫМДАСТЫҚТАР ЭКОЛОГИЯСЫ – СИНЭКОЛОГИЯ
Тірі ағзалардың бірлестіктері. Биоценоз, биотоп, биогеоценоз, экожүйе. Қоректену тізбегі – Сукцессия
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz