Қазақстанның аумақтық тұтастығының қалыптасуының проблемаларын зерттеу


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 6

1 ҰЛТТЫҚ -МЕМЛЕКЕТТІК МЕЖЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ ЖӘНЕ ТАРИХТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЗЕРТТЕЛУІ . . . 12

1. 1 Большевиктер партиясының ұлттық бағдарламасы- Орта Азия мен Қазақстанды ұлттық-межелеудің теориялық негізі . . . 12

1. 2 Орта Азия мен Қазақстанды ұлттық-межелеудің тарихтық-құқықтық тұрғыдан зерттелу дәрежесі . . . 20

1. 3 Қаз АССР -нің ұлттық мемлекеттік межелеу қарсаңындағы РКФСР мен КСРО құрамындағы құқықтық жағдайы . . . 26

2 ОРТА АЗИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАНДЫ ҰЛТТЫҚ-МЕЖЕЛЕУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ БАРЫСЫ . . . 29

2. 1 Ұлттық-межелеу ісіне басшылықтың ұйымдастырылуы . . . 29

2. 2 Қазақ Ревкомы және Қазақстанның тұтастығын сақтау мәселелері . . . 35

3 ҚАЗАҚСТАННЫҢ АУМАҚТЫҚ ТҰТАСТЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖОЛДАРЫ . . . 40

3. 1 «Алаш» партиясы мен Алашорда үкіметінің қазақ жерлерін тұтастан

дыру жолындағы қызметі . . . 40

3. 2 Орал облысы және Қостанай уезінің, Семей және Ақмола облыстарының Қазақстанға қайта қосылуы . . . 44

3. 3 Қазақстанның аумақтық тұтастығының қалыптасуының аяқталуы . . . 55

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 78

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 82

КІРІСПЕ

Тәуелсіз Қазақстан Республикасы халықаралық қауымдастықтың толық мүшесіне айналып, демократиялық және құқықтық мемлекет құрды. Бұл оңайға түскен жоқ, еліміз қаншама қиын-қыстау жолдан өтті.

Бұл тақырыпты ашудың алдында 1-ден, мемлекеттік аумақ деген ұғымның мәнін ашып алайық. Мемлекеттік аумақ белгілі бір мемлекеттің егемендігіне қарасты жер шарының бір бөлігі. Мемлекеттік аумақтың құрам дас бөліктері болып құрғақтағы, судағы, жер қойнауындағы және әуедегі кеңістіктері жатады.

Әрбір мемлекет өз аумағында толыққанды егемендік билікке ие және ол ерекше аумақтық үстемдік сипатта болады. Мемлекеттік аумақ мемлекеттік шекарамен анықталады. Мемлекеттік шекара - бір мемлекеттің аумағын екінші мемлекеттің немесе ашық теңізден бөліп тұратын сызықтар, ол мемлекеттің аумақтық үстемдігінің шегі.

Заң ғылымында мемлекеттік аумақтың тұтастығы ұғымы бар. Мемлекет тік аумақтың тұтастығы оның аумағын зорлықпен бөлшектеуге немесе басып алуға және оның бір бөлшегін бөліп алуға тыйым салу болып табыла ды[17, 1] . Қазақстан Республикасы аумақтық тұтастықтың және мемлекеттік шекараға қол сұғылмайтындығының халықаралық принциптерін негізге алады.

Республиканың аумақтық тұтастығы еліміздің Конституциясында бекітілген. Онда «Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді»[17, 2], - делінген

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Конституцияның осы бабына ресми түсінік бергенде: «Мемлекет аумағы осы мемлекет өмір сүретін және егемен мемлекет ретінде істейтін кеңістік шегін білдіреді, бұл билік осы аумақтағы ең жоғары және біртұтас тәуелсіз билік болып табылады»[17, 3] -дей келе аумақтық тұтастық, қол сұғылмау және бөлінбеуге кіретін ұғымдарды анықтап берді. Аумақтық тұтастық мызғымас конституциялық норма, ол аса қасиетті ұғым. Себебі ол мемлекеттің егемендігін, ұлттық қауіпсіздігін және негізгі материалдық байлықтарын айқындаушы шарт болып табылады.

Қазақстанның бүгінгі аумақтық тұтастығы Қазақ хандығы дәуірінде қалыптасып, халқымыз оның тұтастығын ондаған жылдарға созылған сұра пыл соғыстар кезінде де сақтап отырды. Патшалық Ресейдің отаршылдығы кезеңінде Қазақстан мемлекеттілігін жоғалтып қана қойған жоқ, сонымен қатар оның аумақтық тұтастығынан да айрылды. Қазақстан жерлері патша лық Ресейдің әртүрлі әкімшілік орталықтарына бағынышты болып қалды.

Қазақ жерлерін тұтастығын қалпына келтіруге алғаш рет 1917-1918 ж. Алашорда үкіметі талпыныс жасады. Алаш қайраткерлері ең алдымен Қазақ станның аумақтық тұтастығын тарихи-этнографиялық тұрғыдан түгендеп берді және оны бір тудың астына біріктіруге нақты қадамдар жасады. Бірақ Алдашорда үкіметінің тарих сахнасынан кетуіне байланысты оның жоспар лары орындалмай қалды.

Қазақ жерлерін біріктіруде алғашқы шешуші қадам РКФСР Халкомы кеңесінің 1919 ж. 10 шілдедегі декретімен қабылданған «Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет туралы уақытша Ережеде» жасалды. Осы Ереженің №3 параграфында «Қазақ өлкесінің аумағын анық тағанға дейін Түркістан республикасымен, Қазақ съезімен және орталық Кеңес өкіметімен келісе отырып, ревкомның қарауына Астрахан губерния сындағы қазақ аумақтары және мына облыстар: Орал, Торғай, Семей және Ақмола облыстары кіреді»[10, 14-б] -деп көрсетілген. .

Мұнда қазақ жерлері түгел қамтылмағанымен, оның көпшілік аумағы қарастырылған, соның ішінде Астрахан губерниясындағы қазақ аумақ-тарының Қазревкомға қарауына берілуінің маңызы зор болды. Өкінішке орай, Астрахан губерниясындағы қазақ аумақтары Қазақстан құрамына толық өте алмай қалды. Басында дұрыс қойылған мәселе кейін дұрыс шешімін таба алмады. Қазревком өз тұрғысында қазақ жерлерін қайтарып алу барысында біраз әрекеттер жасады. Соның ішінде шешуші табыстары-ның бірі Қостанай уезін Ресей Федерациясының Челябинск губерниясының құрамынан бөліп алып, Қазақстан құрамында сақтап қалуға қол жеткізуі.

Сондай-ақ Орал облысының тағдыры қыл үстінде тұрды. Әсіресе солшыл ұлтшылдыққа ұрынған Орал облысының большевиктік басшылығы осы облысты Қазақстаннан бөліп әкетіп, РКФСР құрамына қосып алуға барынша әрекет жасады, алайда ол әрекеті сәтсіз аяқталды. Жергілікті шовинист басшылардың бұл әрекетін Мәскеудің өзі де қолдамады.

Қазақстан жерлерінің тұтастығының қалыптасу барысында Орынбор губерниясы мен Орынбор қаласының алғаш еліміздің құрамына кіргізіліп, кейін оның құрамынан шығарылуы да Орталыққа тәуелділігімізді көрсетеді.

Қазақ жерлерінің тұтастығын қалыптастыруда ерекше кезең болған уақиға БОАК пн РКФСР Халкомының 1920 ж. 26 тамыздағы «Автономиялы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» декреті болып табылады.

Декретте жаңадан құрылған Қазақ АКСР-нің құрамына Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары көрсетілген уездерімен, Закаспий облысының Красноводск уезінің 4-5 адай болыстар, Астрахан губерниясының Синеморск болыстығы, Бөкей ордасы тағы басқа жерлері кірді[30, 251-б] .

Бұл декрет Қазақстан аумағының тұтастығын қалыптастырудағы аса ірі де елеулі тарихи оқиға болғанымен, ол еліміздің аумағын толық межелеп бере алмады. Себебі Жетісу мен Сырдария облыстары Түркістан губерния-сының құрамында, Ақмола, Семей облыстары Сібір Ревкомы құрамында қала берді. Қазақстан мен Түркістан арасындағы шекараны анықтау тек 1925 ж. шешілді. Осы облыстардың Қазақстан құрамына қосылуының тарихи маңызы өте зор болды. 1924 ж. межелеу нәтижесінде Орта Азияның саяси -географиялық картасы түбірімен өзгерді. Түркістан Республикасы, Бұқар Халықтық Социалистік Республикасы, Хорезм Халықтық Социалистік Республикасы сияқты мемлекеттік құрылымдар таратылып, тарих сахна-сынан мәңгілікке кетті. Бұлар патшалық Ресей заманындағы әкімшілік аумақтық құрылымнан мұраға қалған көп ұлтты мемлекеттер еді. Осы тарихи процессте Түркістан АССР-нің құрамындағы Жетісу және Сырдария облысының қазақтар мекендеген аумақтары ҚАССР-нің құрамына өтті.

Тақырыптың өзектілігі : Қазақстан аумақтарының және қазақ халқының тұтастығы қалпына келтірілуі, қазақ жерлерін өзіне қайтару оңайлықпен шешілген жоқ. Осы тарихи процесс қазақстандық тарих ғылымы тұрғысынан да, тарихи-құқықтық ғылыми тұрғысынан да осы уақытқа дейін толық зерделенбеген. Мысалы, Жетісу және Сырдария облыстарының Қазақстанға өтер кездегі талас тартыстар мен дау-дамайлар, күрес барысы ерекше зерттеуді қажет етеді. Себебі қазақ жерлері өзінен-өзі қайтарыла салған жоқ. Осы жолда көптеген қазақ қайраткерлерінің тері төгілді. Бұл мәселе құқықтық ғылыми әдебиеттерді мүлдем сөз болмады десек те болады. Мысалы 1924-1925 жылдары Түркістан республикасынан бөліген аудандарды басқару жөніндегі Қазақ Революциялық комитетінің атқарған қызметі жөнінде бірді бір әдебиетте айтылмай келді. Бұл орган сол кезеңде аса маңызды тарихи іс-шараларды жүзеге асырып, қазақ жерлері мен қазақ халқын тұтастандыруға бірден бір атсалысқан мекеме болды. Еліміздің саяси-құқықтық тарихындағы осы оқиғаларды зерттеудің бүгінгі тәуелсіз Қазақстан үшін маңызы өте зор.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері : Диплом жұмысым Қазақстанның аумақтық тұтастығының қалыптасуының проблемаларын зерттеуге бағытта-лады. Бұл зерттеу еңбегімнің алдына мынадай мақсат қойылды: 1917-1925 жылдар арасындағы зор күрделі тарихи кезеңде Қазақстан аумағының тұтастығының қалыптасуына тарихи-құқықтық тұрғыдан талдау жасау. Орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттің межелеуге және басқа тарихи оқиғаларға байланысты мұрағат құжаттарына, дерек көздеріне сүйеніп ғылыми зерттеу жүргізіп, сараптама беру, осы тарихи құқықтық процесстің кезеңдері мен ерекшеліктерін ашу.

Осы мақсатқа байланысты зерттеу еңбегінің алдына мынадай міндеттер қойылды.

  • мәселенің теориялық және методологиялық негізлерін анықтау, осы тұрғыдан большевиктер партиясының ұлт мәселесі жөніндегі теориясы мен практикасын бүгінгі сыни тұрғыдан таразалау;
  • зерттелініп отырған мәселеге байланысты тарихи және тарихи-құқық тық әдебиеттерге ғылыми тұрғыдан талдау жасау;
  • Қазақ АССР-нің Орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттік межелеуге байланысты РКФСР мен КСРО құрамындағы құқықтық мәртебесін зерттеу;
  • «Алаш» партиясы мен Алашорда үкіметінің қазақ жерлерін тұтастан-дыру жолындағы қызметін саралау;
  • Ақмола, Семей облыстарының Сібір Ревкомның қарамағынан Қазақ-станға өтуінің мәселелерін зерделеу;
  • Орынбор губерниясы мен Орынбор қаласының Қазақстанның құрамында болуы және оның құрамынан шығарылуының тарихи-құқықтық мәселелерін зерттеу;
  • Батыс Қазақстанның, Қостанай уезінің Қазақстанға өтуінің қиындық-тарын көрсету,
  • Қазақстан мен Түркменстан арасындағы шекара белгілеу мәселелерінің барысын қарастыру т. б. мәселелер.

Зерттеудің дерек көздері : Еңбекті зерттеу мынадай: «Сборник законов СССР», Образоваине Казахской АССР. Сборник документов и материалов. Алма-Ата: 1957., Юридический энциклопе дический словарь, С. Э. М., 1987., В. И. Ленин ш. т. ж. Т. 24. М., М. Қазыбек., Ғ. Маймақов. Құпия кеңестер, М. Шокай. Таңдамалы шығармалар, Т. Рысқұлов т. ш. ж. А, 1997., С. Зиманов, С. Дәулетова, М. Исмагұлов. Казахский ревком. Алма-Ата, 1988. М. Қойкелдиев. Алаш қозғалысы., Алматы. 1998. Ғ. Маймақов. Қазақ жері тұтастығының қалыптасуы. 2005 т. б. жинақтар мен тарихи еңбектерге сүйене отырып жазылды.

Ғылыми зерттеудің жаңалығы : еліміздің тарихи-құқықтық ғылымын да Қазақстанның мемлекет ретіндегі аумақтық тұтастығының қалыптасуы ның тарихи бейнесі жасалынды. Бұл процесс Орта Азиядағы ұлттық-мемле кеттік межелеумен байланыстыра отырып зерттелінді. Қазақ жерлері-нің басын біріктіру процесіндегі кездескен қиындықтар мен жетістіктер жайлы дерек материалдар пайдаланылды.

Зерттеудің ғылыми және практикалық маңызы . Қазақ мемлекет тілігінің қалыптасу кезеңін зерттеуде, талдауда тақырыптың мәнін ашып саралау, тарихи-құқықтық ғылым үшін мәні зор. Тың да өзекті мәселе. Зерттеудің тарихи тәжірибелері мен сабақтары тағылым аларлық. Бұл еңбектің материалдарын мектепте және жоғарғы оқу орындарында құқық және тарих пәндерін оқытуда пайдаланудың мәні бар деп есептеймін.

Диплом жұмысының құрылымы : Кіріспе, Ұлттық-мемлекеттік межелеудің теориялық негізі және тарихтық -құқықтық зерттелуі, Қазақстанның аумақтық тұтастығының қалыптасу жолдары деген тараулар және Қорытынды, Пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

1 ҰЛТТЫҚ -МЕМЛЕКЕТТІК МЕЖЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ ЖӘНЕ ТАРИХТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЗЕРТТЕЛУІ

1. 1 Большевиктер партиясының ұлттық бағдарламасы- Орта Азия мен Қазақстанды ұлттық-межелеудің теориялық негізі

Орта Азия мен Қазақстанды ұлттық - мемлекеттік межелеудің теориялық негіздеріне В. И. Лениннің ұлт мәселесі жөніндегі теориясы, Ресей Коммунистік (большевиктер ) партиясының ұлттық бағдарламасы және саясаты жатты. Большевиктер партиясының көсемі В. И. Ленин ұлт мәселесі жөнінде үлкен теория жасады. Кезінде оны ұлт мәселесі туралы ілім деп те атады . В. И. Ленин мен большевиктер партиясының ұлт саясатының негізінде кеңестік ұлттық - мемлекеттік құрылыс саясаты жүзеге асырылды. Осы кеңестік ұлттық мемлекеттік құрылыстың құрамдас бөліктері болып; кеңестік федерация; кеңестік автономия; одақтас респуб лика; ұлттық мемлекеттік межелеу; одақтық мемлекет пен одақтық респуб ликалардың, автономиялы республикалар мен облыстардың өзара байла ныстары т. б табылады .

Бұл ұғымдар кеңестік дәуірінде ең өзекті мәселелер болғанымен, бүгінгі күнде тарихи құқықтық терминге айналды. Бұл ұғымдардың кейбі рінің қазіргі кезде де партиялық мәні жоғала қойған жоқ. Олар негізінен ғылым үшін ғана қажеттілік болып қалды .

Енд большевиктер партиясының ұлт саясатының теориялық жақтарын және олардың ұлттық-мемлекеттік құрылысқа қатыстылығын қарастырып көрелік .

Большевиктер партиясы ең алдымен саяси билік үшін күресті. Олар саяси билікке тек социалистік революция арқылы қол жеткізуге болатын-дығын жақсы білді. Сол үшін де В. И. Ленин социалистік революция теориясын жасады. Ресей көп ұлтты мемлекет болған соң большевиктер партиясы ұлт мәселесін айналып өте алмады . В. И. Ленин ұлт мәселесінің де теориясын жасады. Бірақ большевиктер ұлт мәселесін социалистік революцияға, тап күресіне тәуелді мәселе ретінде қарады . Ұлттық қозғалыстарды социалистік революцияның резерві деп санады . Осыдан келіп ұлттардың бостандығын жариялай отырып, большевиктер партиясы оны тек социалистік революция шешеді деп санады. Большевиктер партиясы бір қолмен ұлттардың бостандығын, тәуелсіздігін, өз мемлекетіне бере отырып, екінші қолымен ол тәуелсіздікті интернационализм ұраны арқылы тұншықтырып та отырды. Алдымен автономиялы республиканы, содан кейін одақтас республиканы большевиктер партиясы ұлттардың өзін-өзі билеудің аяқталған формасы немесе егемендігінің үлгісі ретінде барынша дәріптеді. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында кеңестік ұлттық - мемлекеттік құрылысы шамамен осындай схемамен жүргізілді. Осылай КСРО құрылды, оның одақтық және автономиялы ұлттық респуб ликалар мен облыстардан тұратын субъектілері құрылды .

Марксизмнің ұлт мәселесі жөніндегі теориясының негізін қалаушылар К. Маркс пен Ф. Энгельс «Коммунистік партияның Манифесінде» ұлт мәселесін шешудің негізі таптар күресінде жатқандығын негіздеп берген еді. Олар бір индивидиумның екінші индивидиумды қанауының жойылуына байланысты, бір ұлттың екінші ұлтты қанауы жойылады [21, 251 б, ] деген тұжырым жасады .

К. Маркс пен Ф. Энгельстің бұл тұжырымдары марксизмнің ұлт мәселесі жөніндегі теориясының іргетасының бірі болды . К. Маркс пен Ф. Энгельстің «Барлық елдің пролетарлары, бірігіңдер!» деген жауын-герлік ұраны да жұмысшы табының мүддесін көздеуге негізделген. Көп ұлтты Ресейде (кейінірек КСРО-да ) ұлт мәселесінің теориясы мен практикасы, ұлттық- мемлекеттік құрылысының негіздері В. И. Лениннің, И. Сталиннің т. б больше виктер көсемдері мен қайраткерлерінің еңбектерінде және большевик тер партиясының сьездері, конференцияларының қаулылары мен қарар ларында дамып отырды .

1903 жылы РСДЖП-ның екінші сьезінде В. И. Лениннің басшылы ғымен қабылданған партияның алғашқы бағдарламасында «Мемлекет құрамына кіретін ұлттардың бәрінің өзін - өзі билеу құқығы» туралы айтылды .

Бірінші дүниежүзілік соғыстың қарсаңында және соғыс жылда- рында В. И. Ленин ұлт мәселесімен тереңдеп айналысты, оның теориясы мен бағдарламасын жасады . «Ұлт мәселесі жөніндегі сын заметка-лар» (1913 ж) «Ұлттардың өзін - өзі билеу құқығы » (1914ж) кітаптары мен көптеген мақалаларын жазды . Жалпы ұлт мәселесіне қатысты 100-ден аса еңбектер жазған .

Ұлттардың дамуының ұлттық қозғалыстың дербес, тәуелсіз ұлт-тық - мемлекетке алып келетінін В. И. Ленин өзінің ұлттардың дамуы туралы екі тенденция туралы қағидасында да дәлелдеп берді. «Дамушы капитализм, - деп жазды В. И. Ленин, - ұлт мәселесіндегі екі тарихи тенден цияны біледі. Біріншісі: ұлттық өмір мен ұлттық қозғалыстардың оянуы, ұлттық езгінің барлық түрлеріне қарсы күрес, ұлттық мемлекет-тің құрылуы. Екіншісі: ұлттар арасындағы барлық қатынастардың дамуы және жиіленуі, ұлттық оқшауланудың қирауы, капиталдың, жалпы экономикалық өмірдің, саясаттың, ғылымның және т. б интернационалдық бірлігінің жасалуы[26, 14 б. ] . В. И. Лениннің осы сөздерінде ұлттардың пайда болуынан бастап, дербес ұлттық мемлекет құруға дейінгі жолы дәл және нақты көрсетілген. Бұл да В. И. Лениннің ұлт мәселесі теориясына қосқан ірі үлестерінің бірі .

1917 жылы Ресей империясының құрамындағы ұлттар мен халықтар да өзін - өзі билеу құқығына ие болу жолында күрес жүргізді . Алдымен Кеңес үкіметі Польша мен Финляндияның тәуелсіздігін мойындады . Бұл екі мемлекеттің тәуелсіздік алуы басқа ұлттарға да әсер етті . Прибалтика, Украина, Белоруссия, Повольже, Закавказье, Қазақстан, Орта Азия, Қиыр шығыс халықтары қалыптасқан тарихи мүмкіндікті пайдала-нып, өздерінің толық тәуелсіздігін жариялауға әрекет етті. Бұл қалыптас-қан тарихи жағдайдан туындаған объективтік құбылыс еді .

Эстония мен Латвия да Октябрь революциясынан соң бірден -ақ кеңестер билігі орнады. 1918 жылы қарашада Эстония мен Латвияда буржуазиялық ұлттық үкіметтер құрылды. 1920 жылы ақпанда және тамызда Кеңес үкіметі Эстония және Латвиямен бейбіт келісімге қол қойды .

Литвада 1918 жылы ақпанда тәуелсіз Литва республикасы жариялан ды. 1919 жылы қаңтарда Литваның буржуазиялық үкіметі қуылып, билік кеңестерге өтті. 1919 жылы Польшаның әскерінің кіруіне орай Литвада кеңес үкіметі құлады, буржуазиялық үкімет орнады. 1920 жылы жазда Кеңес үкіметі буржуазиялық Литвамен бейбіт келісімге қол қойды .

Украина мен Белоруссияда толық тәуелсіздікке басқан қадамдар сәтсіздікпен аяқталды. 1917 жылы Украинада Орталық Рада құрылды. 1917 жылы маусымда Рада Украинаның автономиясын жариялады және үкіметтің ролін атқарған Бас хатшылықты құрды. 1918 жылы ақпанда Кеңес әскері Киевті басып алды Орталық Рада құлады. Украинада Кеңес билігі орнады. Ұзамай неміс әскерлері Киевті басып алып, Орталық Рада билігін қайта орнатты. 1919жылы наурызда тәуелсіз Украин Кеңестік Социалистік Республикасының Конституциясы қабылданды .

1917 жылы тамызда Белорусь Ұлттық Радасы құрылды . 1917 жылы Белорусь Радасы большевиктердің күшімен биліктен сырғытылды . 1918 жылы ақпанда неміс әскерлерінің көмегімен Белорусь Радасы қайта билікке келді. 1919 жылы қаңтарда тәуелсіз Белорусь Кеңестік Социалистік Республикасы құрылды . Ұзамай оның конституциясы қабылданды .

Украина мен Белорусь кеңестік республикалардың РКФСР мен терезесі тең тәуелсіз социалистік республика болуы большевиктер үшін ұлттардың кеңестік түрде өзін-өзі билеу құқығының жүзеге асқандығының үлгісі еді .

Октябрь революциясынан кейін бірден - ақ Тифлисте құрылтай жиналысына сайланған делегаттардың негізінде Закавказье Комиссариаты құрылды. Оған көбіне грузин және әзірбайжан помещиктері мен интеллигент тері кірді. Комиссариат Кеңес үкіметін мойындамады, большевиктердің Құрылтай жиналысын қуып таратуын заңсыз деп таныды .

1918 жылы сәуірде Закавказье сеимі тәуелсіз Закавказье Федера циялық Республикасын жариялады. Бірақ бұл федерация ұзақ өмір сүрмеді. Оның орнына тәуелсіз Грузия, Армения және Әзірбайжан республика-ларының құрылғаны жарияланды .

Әзірбайжанның Кеңестік Республикасының уақытша әскери рево-люциялық комитеті билікті қолға алған соң, 1920 жылы 29 сәуірде В. И. Ленинге жеделхат жолдап, әскери көмек сұрады .

Ресейдің Қиыр Шығысында 1920 жылы сәуірде Қиыр Шығыс республикасы құрылды. РКФСР бұл республиканы 1920 жылы мамырда таныды. Қиыр Шығыс республикасы мен РКФСР арасында шекара бөлінісі анықталды. Бұл республиканың буржуазиялық - демократиялық сипаттағы өз конституциясы қабылданды .

1918-1919 жылдары Омбыда Батыс Сібірді билеген адмирал Колчак басқарған Сібір үкіметі орнады. Бұл үкімет 1920 жылы Қызыл Армияның тегеуірінімен құлады .

Большевиктер партиясының мемлекеттік билікті қолға алған соң ұлт мәселесіндегі ең алғашқы шарасы Ұлт істері өніндегі халық комисса риатын құру болды. Оның басшысы болып И. Сталин бекітілді

1917 жылы екінші қарашада РКФСР Халком кеңесі төрағасы В. И. Ленин және ұлт істері жөніндегі халық комисары И. Сталин қол қойған «Ресей халықтарының декларациясы» жарияланды. Осыдан соң1917 жылы 20 қазанда В. И. Ленин және И. Сталин қол қойған «Халық Комиссарлары Кеңесінің Ресейдің және Шығыстың барлық еңбекші мұсылмандарына үндеуі» жарияланды .

Большевиктер партиясының ұлт саясатындағы, ұлттық мемлекеттік құрылыс саясатындағы жаңа бағыты РК(б) П - ның Х съезінен бас талды деп санауға негіз бар. РК(б) П-ның Х съезінде ұлт мәселесі жөніндегі баяндаманы И. Сталин жасады. И. Сталиннің баяндамасы негізінде «Партияның ұлт мәселесі жөніндегі кезекті міндеттері » деген қарар қабылдады . Осы қарарда федерацияның әр түрінің қалыптасқандығы туралы айтылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этносоциология туралы
1924-1925 жж. ұлттық-мемлекеттік межелеу. Қазақстанның тұңғыш шекарасының белгіленуі
Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары
Қазақ - өзбек шекара мәселесі
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің ішкі саяси аспектілері
Қазақстанның халықаралық деңгейдегі қадамдарын талдау
Географиялық оқытудағы практикалық жұмыстардың орны, олардың білім алудағы маңызы
Жеке тұлғаның әлеуметтенуі
Қазақстан республикасындағы Президенттік биліктің қалыптасуы мен даму жолдары
Жаһандану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz