«ИНФОРМАТИКА» ПӘНІ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:
ДӘРІС
Дәріс №1. КІРІСПЕ
А қпараттану - бұл адамның қызмет атқаратын әр түрлі салаларында ақпараттарды қолдану, түрлендіру, сақтау, жинау және алу жөніндегі мәселелерді үйрететін - жас ғылыми пән.
Генетикалық информатика есептеу техникасымен, компьютерлік жүйелермен және желілермен байланысты, өйткені тек компьютерлер ғана ақпараттық процесстерге бірмезгілде қажетті ақпараттарды автоматты түрде өңдеуге және сақтауға мүмкіндік туғызатын ғылыми тәсіл ретінде қолданылады.
Орыс тілінде бұрыннан қолданып келе жатқан «информатика -термині ғылыми әдебиеттер арқылы берілетін ғылыми ақпараттың жалпы қасиеттері мен құрылымдарын үйрететін кіші-гірім нақты аймақпен байланысты.
Бұл ақпараттық-аналитикалық қызмет, дәл бүгінгі күні кез-келген салаға әсіресе кітапханалық істерді, кітап басып шығару және тағыда басқа көптеген салалардағы жұмыстарды жүзеге асыруда өте қажет. Академик А. П. Ершов айтқандай қазіргі жағдайдағы информатика термині “орыс тіліне жаңа және кең мағынада фундаментальды жаратылыстану ғылымдарының атауы тәрізді ақпараттарды өңдеу және беру процесстерін үйрететін” термин ретінде енгізілді.
1978 жылғы информатика бойынша халықаралық конгрессте “Информатика түсінігі административтік және әлеуметтік ықпал ету, коммерциялық, өндірістік кешендерде және сол сияқты ұйымдастырушылық аспектілер, математикалық қамтамасыз ету, машиналар, құрал жабдықтар және ақпараттарды өңдеу жүйесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету, қолдану және жасаумен байланысты аймақтарды қамтитындығы”- атап көрсетілен.
Қазіргі заманғы ақпараттанудың құрылымы.
Қолданбалы ақпараттық технологияларды бір жағымызға қалдыра отырып, қазіргі заманғы информатиканың құрамдас бөліктерін, яғни “ядросын” сипаттаймыз. Бұл бөліктердің әрқайсысы өзіндік ғылыми пәнмен салыстыра отырып қарастыруға болады: олардың арасындағы өзара қатынас шамамен, классикалық матеметикадағы математикалық анализ, геометрия және алгебраның арақатынасы сияқты - олар әрқайсысы өзіндік жеке пән болғанымен, бірақ, күдіксіз бір ғылымның бөлігі болып табылады.
Теориялық ақпараттану - математика тараулары қатарынан тұратын, информатиканың бір бөлімі. Ол математикалық логикаға сүйенеді және өзіне алгоритмдер теориясы, және автоматтар, ақпараттар теориясы және кодтау теориясы, граматика және формальдық тілдер теориясын, амалдарды зерттеу және де басқа тарауларды қамтиды.
Есептеу техникасы -Сөз техникалық бөлшектер және электрондық схемалар жөнінде емес(бұлар информатиканың сыртында жатыр), ал олар құрылғылардың өзара әсерлесу принциптерін және функционалдық мүмкіндіктерінің атауларын анықтайтын есептеу (компьютерлік) жүйелердің архитектурасы деп аталатын деңгейдегі принциптік шешімдер жөнінде болып отыр. Бұл аймақтағы қойылатын классикалық шешімдердің принциптік мысалдарына жататындар: - бірінші буындағы компьютерлердің неймандық архитектурасы кейінгі бундағы ЭЕМ-нің шиндік архитектурасы, ақпараттарды параллельді өңдеу(көппроцессорлы) архитектурасы.
Бағдарламалау (программалау) - қызметі, бағдарламалық қамтамасыз ету жүйелерін жасаумен байланысты. Мұнда біз заманға сай бағдарламалаудың негізгі тарауларын атап өтеміз: бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесін жасау және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді жасау.
Жаңа бағдарламалау тілдерінің жасалуы және оларға жүйелік талдау жүргізілудің ішінен, ең негізгілерінің бірі - интерфейстік жүйенің жасалуы (мысалы, жалпыға белгілі операциялық қабықша және Wіndows жүйесі ) болып табылады. Ал, қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етудің ішінен ең көп көпшілікке белгілісі - мәтіндерді өңдеу жүйелері, электрондық кестелер (кестелік процессорлар), мәліметтер базасын басқару жүйелері болып табылады. Ақпараттық жүйелер - әртүрлі күрделі жүйелерде ақпараттар ағынын талдау бойынша және ақпараттарды іздеу мен сақтау принциптерінде олардың тиімділігін, құрылымын зерттеуге қатысты мәселелерді шешумен байланысты информатиканың бір тарауы.
Жасанды ақыл-ой (интеллект) - психологиямен, физиологиямен, лингвистикамен және де басқа ғылымдармен тоғысып байланысатын күрделі мәселелерді шешетін информатиканың бір аймағы. Адам сияқты ойлауды компьютерге қалай үйретуге болады? Адамның қалай ойлайтындығы жөнінде біз көп біле бермейміз, алайда, жасанды ақыл-ой бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарының жүргізілуінің жарты ғасырлық тарихы болғанымен, әлі де болса принциптік мәселелер қатары шешілмей отыр. Сондықтан, мұндай аймаққа қатысты жете зерттеулердің негізгі бағыты - ой-пікірді модельдеу, компьютерлік лингвистика, машиналық аударма, эксперттік жүйелерді құру, бейнелерді тану және тағы басқалар болып табылады.
Дербес жағдайда, интеллектуалдық интерфейстік жүйе мен адам арасындағы өзара қатынасты жасау тәрізді құнды қолданбалы мәселелерді шешу, жасанды ақыл-ой аймағындағы жұмыстардың табысты болуынан тәуелді.
Дәріс №2. ИНФОРМАТИКАНЫҢ НEГІЗГІ ТҮСІНІКТЕРІ.
Дәстүрлі түрде қалыптасқан (техникалық, жаратылыстану, гуманитарлық және т. б. ) ғылым жүйесіндегі информатиканың алатын орнын қарастыралық. А. П. Ершовтың анықтамасы бойынша: информатика - бұл “Іргелі жаратылыстану ғылымы” (фундаментальная естественная наука) . Ал, академик Б. Н. Наумов информатиканы - “ақпараттардың жалпы қасиеттерін, процесстерді, әдістер мен оларды өңдеу құралдарын үйрететін жаратылыстану ғылымы” ретінде анықтады.
Іргелі ғылымдар - дегеніміз не және жаратылыстану ғылымдары - дегеніміз не? - осыны анықтап алайық. Іргелі ғылымдарға - әртүрлі қызметте және көптеген ғылым саласында қолданылатын негізгі түсініктері жалпы ғылыми сипатта болатын ғылымды жатқызуға болады. Мысалы, әр түрлі ғылымдардың ішінде математика және философия тәрізді пәндердің іргелі ғылымға жататынына ешқандай күмән жоқ. “Ақпарат”, “ақпараттарды өңдеу процесстері” - деген түсініктердің де жалпығылыми мәні бар болғандықтан, информатика пәнін де осы іргелі ғылымдарның қатарына жатқызуға болады. Жаратылыстану ғылымдарына - физика, химия, биология және тағы да басқа ғылымдар кіреді. Олар біздің түсінігімізден тәуелсіз болып табылатын әлемнің объективті мәні бар істермен байланысты. Информатикадан оған - әртүрлі табиғи жасанды, биологиялық, қоғамдық жүйелерде ақпараттарды өңдеу заңдылығының бірлігін қамтитындығы жатады. Информатика ғылымы өзіне тән қасиеті арқылы әлеуметтік аймақты жетілдіру мен дамытуға себепші болатын гуманитарлық (қоғамдық) ғылымдарды да қамтиды.
Сол себепті, информатика ғылымы жоғарыда кескінделгені сияқты ғылыми білімнің кешендік, пәнаралық аймағы болып табылады.
4. Информатиканың педагогикалық-психологиялық, әлеуметтік, құқықтық және эстетикалық аспектілері
Бүгінгі күні білім беру жүйесінде информатиканы оқытуды енгізіп, оның әдістемесін жасау - педагогикалық және психологиялық ғылымдардың алдына көптеген өзекті мәселелер қойып отыр. Бұл мәселелердің негізгілеріне компьютерлік техниканы қолдану қажеттілігін жатқызуға болады.
Компьютер - қаншалықты оқу процесінде негізгі рөл атқарғанымен, ол оқытушыны айырбастай алмайды. Информатиканы оқыту әдістемесінде - компьютер оқушыларға қарым-қатынас жасауда басқарушы әрекетін орындайды, оқыту мәселелерін таңдап алады, оларды шешу жолдарын бақылайды және оқушыларға көмек беру мөлшері мен сипатын анықтайды.
Психологиялық теорияларды жете зерттеуге, білім саласында информатика пәнін оқыту әдістемесінде, оқытуды жобалау және жаңа ақпараттық технологиямен қамтамасыз етуге байланысты мәселерді шешуде, олардың өзектілігін анықтап беруде компьютер ерекше зор рөл атқаруда. Кейбір мәліметтер компьютерді қолданып оқытудың, әсіресе оқушылардың білім алу барысында және бастапқы қарым-қатынасты модельдеу барысында таптырмайтын құрал екендігін көрсетіп отыр. Ақпараттар мен жұмыс жасау қаншама пайдалы болса, соншалықты кері әсері де болуы мүмкін. Бала интернеттегі қызыққа бір берілген соң, одан өзін алып шығу қиынға соқпақ. Сондықтан, бастауыш сыныптарға информатика элементтерін пән аралық байланыс негізінде оқытудың жүргізілуінде техникалық, гигиеналық және эргономикалық талаптардың бар мүмкіншіліктерін пайдаланған жөн.
Экономикалық ақпараттанудың педагогикалық-психологиялық, әлеуметтік, құқықтық және эстетикалық аспектілері.
Сонымен қатар, экономикалық ақпараттанудың педагогикалық-психологиялық, әлеуметтік, құқықтық және эстетикалық аспектілері қарастырылып оларға жеке-жеке анықтамалар беріледі.
Дәріс №3 . ДИСКРЕТТІ МАТЕМАТИКАНЫҢ НЕГІЗІ
Компьютерді программалармен қамтамасыз ету үшін жүйелік, сервистік және қолданбалы программалар қолданылады.
Программа - магниттік тасымалдаушыда (дискіде) файл түрінде сақталып, әрбір адамның командасы бойынша компьютер жадына жүктеліп, орындауға арналған машина тіліндегі нұсқаулар жиыны. Көптеген мәселелер өзара байланыста бір-бірімен біріге отырып жүмыс істейтін программалар кешендерінің көмегімен шешіледі.
Алдын ала келісім (соглашение) нақты программа арқылы орындалатын әрекеттер (функциялар) жиынының және әр функцияның орындалу вариантын анықтайды.
Үнсіз келісім (по умоланию) егер жүмыс істеп отырған адам айқын түрде нүсқамаса, көрсетілген немссе басқа әрекеттің, яғни функцияның нақты атқарылу параметрлерін (басқа да варианттары болғанда) алдын ала тағайындайды.
Интерфейс - программалық жабдык пен жүмыс істсйтін адам арасындағы сүхбат жүргізу шарттары мен келісімдер жиыны.
Программалық жасақтама - информациялык технологиялардың елеулі бір бөлігі. Программасыз кез келген аппаратура жәй элементтер жиыны болады да, ол ешнәрсе істей алмайды. ЭЕМ программалары екі топқа бөлінеді, олар:
- жүйелі программалық жасақтама;
- қолданбалы (кәделі) программалық жасақтама. Жүйелі программалар ЭЕМ-нің аппараттық жабдықтар жүмысын басқарып, жмыс істеп отырған адамдЫ қолданбалы программалармен байланыстырады.
Жүйелі программалық жасақтаманы бірнеше топқа жіктеуге болады:
- операциялық жүйелер;
- утилиттер;
- сервистік программалар.
Операциялық жүйелер - компьютерді басқаруға арналған қолданбалы программалармен байланысы бар нақты пограмма. Дербес компьютерлер үшін ке тараған операциялык жүйелерге MS (PC) DOS, WІNDOWS 98, WІNDOWS 2000, WІNDOWS NT, OS/2, UNІX жатады.
Дербес компьютерлерге арналған операциялық жүйелерде барлығы да тек бір адамдық болып табылады
WІNDOWS 98, WІNDOWS NT, OS/2, UNІX көп мақсатты жүйелер болып саналады Көптеген ІBM - үйлесімді компьютерлер дискілік MS DOS операциялық жүйесі мен көп терезелі WІNDOWS графикалық операциялык жүйесін пайдаланады.
Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті программалар тобы утилиттер болып табылады. Оларға мысал ретшде антивирустік (вирустерге қарсы) программаларды мәліметтерді архивтеу (кысу) программаларын, компьютердің жұмыс істеу қабілетін (диагностика) тексеретш программаларды (тест программалары) айтуға болады.
Сервистік программалар - әрбір адамның операциялык жүйемен жүмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы.
Қолданбалы программалар арқылы біздер өз есептерді. шығарамыз. Мүндай программалар "қолданбалы (приложение) деп те аталады. Қолданбалы программалар Са алуан, оларға қарапайым программадан бастап күрделі есептерді шығара алатын куатты мамандандырылған жүйелерді (мәтіндік процессор, графикалық редактор, баспаханальіқ жүйелер т. б. ), ғылыми мәселелерге арналған және жалпы көпшілікке қызмет ету кешендерін де жатқызуға болады.
Қолданбалы (кәделі) программалық жасақтама - белгілі бір мамандық саласында нақты есептер шығара алатын программалар жиыны. Олар белгілі бір мақсатта пайдаланылатын және әмбебап болып екіге бөлінеді.
Белгілі бір мақсатта пайдаланылатын программалық жасақтама әр адамның нақты есептерін шығаруға арналған, сондықтан оны пайдалану аймағы да шектеулі. Мүндай программаларды жүмыс иесі өзі жасайды немесе оның талабы бойынша маман программалаушылар жасап береді.
Дербес компьютерлердің кең тарауына басты себеп олардың алдын ала дайындалған әмбебап программалық жабдықтамаларының кең таралуы еді, бүл программалар тек бір есепті шығарып қана коймай, белгілі бір мамандық саласында есеп жүмыстарын түгел автоматтандыруды немесе информацияның белгілі бір түрлерін өңдеуді түгел қамти алатын болды.
Әртүрлі информацияларды өңдеуге мүмкіндік беретін әмбебап программалық жасақтың негізгі түрлері мыналар:
- мәтін редакторлары;
- графикалық редакторлар;
- электрондық кестелер;
- оқыту және ойнау программалары;
- информациялық жүйелер және т. б.
Мәтіндік информацияларды даярлау мен өңдеуге арналған программалар мәтін редақторы деп аталады. Өмірде кез келген ЭЕМ-де жүмыс істейтін адамдар әртүрлі ессп-қисаптар мен қүжаттар дайындау, мақала және басқа жазбалар жазу сияқты мәтін дайындаумен айналысады. Мәтін редакторлары экранда мәтіндерді түзетуге, қателерін -ытында табуға, абзацтардың сол жақ, оң жақ шеттерін туралауға, мәтіндерді дискілерде ұзақ уақыт сақтап, қажет болғанда бірден тауып алуға, бірнеше алфавитта (латын, орыс, казак) катар пайдалануға, кұжаттарды қағазға бірнеше дана етіп басып шығаруға мүмкіндік береді. Кең тараған мәтін редакторларына Місіrosoft Word, PageMaker, WordPerfect т. б. жатады.
Электрондық кестелер жүйесінде миллионная аса торлар (ұялар) болады, олар першлермен информацияны енгізу арқылы немесе формулалар өрнегін есептеу нәтижесі бойынша компьютерде жазу арқылы толтырылады. Мұнда кестелік мәліметтерді түзету, оларды дискілерде жазып сақтау, түрлендіру, қағазға басып алу сияқты көптеген әрекеттер өте жылдам орындалады. Кең тараған электрондык кесте жүйелері Lotus 1-2-3, SuperCalc, QuatroPro, Excel сияқты программалар жатады.
Ойын программалары дербес ЭЕМ-дердегі қызғылықты, кез келген жан әуестенетін топқа жатады. Дербес компьютерлердің кеңінен тарауына да себепші болған ойын программалары еді. Компьютерлік ойындар - демалудың жаңа технологиясы. ЭЕМ-де ойнағанда онымен шектен аса әуестснудің зиян екенін есте сақтаған жөн.
Іс программалары қызметте керекті әртүрлі информация-ларды дайындау, сақтау және өңдеу үшін кеңінен қолданылып жүр. Бүлар іс қағаздарын жүргізуді компьютрлсндіру кезінде қүжаттар дайындау, жүмыс кестелерін жасау, кезекшілік графиктерін салу сияқты әрекеттерде де өте ыңғайлы болып табылады.
Информацияның көптеген түрлерін сақтау, іздеу, жалпы үйымдастыру жүмысында информациялық жүйелер қолданылады. Бұларға мәліметтер базасы, кітапханада информация іздеу жүйелері, театрларда, әуе жолында және темір жолдағы билет сату мен оларға тіркеу тәсілдері жатады. ЭЕМ желілері мен информациялық коммуникациялар негізіндегі осы сияқты жүйелерді жасау мен дамыту қоғамымызды информацияландыру бағдарламасының ірге тасын қалайды.
Болашағы бар информациялық құралдарға білімдер базасы мен эксперттік жүйелерді жатқызуға болады. Олардың көмегімен кейбір мамандық салаларында эксперттер тәртібін модельдеу арқылы медициналық тақырыптардан консультациялар мен әртүрлі қызмег салаларынан анықтамалар беру, технологтар мен конструкторларға көмек беру істерін жүзсеге асыруға болады.
Әмбебап программалық жасақтың дамуының арқасында күрделі біріктірілген (интегралданған) жүйелер жасалынып жатыр. Олар бірыңғай командалар жүйесі арқылы бір форматты пайдалана отырып мәтін редакторын, электрондық кестелерді, графикалық редакторды, мәлімеггер базасын басқару жүйесін, калькуляторды және тағы басқаларды біріктіріп, бір интерфейс арқылы осылардың барлығын да пайдалану мүмкіндігін береді. Біріктірілген жүйелердің ішінде кең таралып, белгілі болғандарына Framework, Symphony, Master және т. б. жатады.
Мүны өзі қоғамымызда информацияландыру процестерін дамытудың негізі болады деп толығынан айта аламыз.
Операциялық жүйелермен жұмыс істеу негіздері
Бұрынғы компьютерлерде кең тараған MS-DOS операциялық жүйесі болатын. Бұл жүйе бір адамның жұмыс істеуіне арналған және ол бір мезгілде бір ғана мақсатты жүзеге асыратын және оның жедел жады не бары 640 Кбайтқа тең болатын. Бұл жүйенің ең соңғы варианттары қолданбалы программаларға бір Мбайттан артық жедел жадын қолдануға және программалардың бірінен екіншісіне ауысуының мүмкіндігін беретін сервистік программалармен толықтырды.
Сондықтан бұл жүйемен тек қана маман программалаушылар тікелей жұмыс жасай алады, ал басқа кез келген адам компьютермен қалауынша жұмыс жасай алмады. Осыдан барып, адам мен операциялық жүйе арасындағы байланысты жеңілдету үшін әр түрлі жүйелік қабықшалар (қоршаулар) пайда болды. Олардың ішінде ең кең тарағаны NORTON COMMANDER болды
80-ші жылдардың ортасында MS-DOS операциялық жүйесін MS фирмасы ІBM сияқты компьютерлерге арналған көп мақсатты операциялық жүйелермен алмастырды, олардың бірі WІNDOWS операциялық жүйесі болды. Кейін WІNDOWS графикалық ортасының жаңа версиясы WІNDOWS 3. 1 бірте-бірте бұрынғы мәтіндік программалық қоршауларды қатардан ығыстырып шығарды. Бұл ортаның 80486 сериялы процессордың шығуына байланысты графикалық мүмкіндігі мол WІNDOWS 3. 1 және WІNDOWS 3. 11 версиялы ОЖ жүзеге асырылды. Осылайша WІNDOWS 95, WІNDOWS 98, WІNDOWS 2000 және WІNDOWS NT операциялық жүйелері пайда болды. Қазіргі операциялық жүйелердің мүмкіндіктері MS-DOS жүйесіне қарағанда өте жоғары.
WІNDOWS жүйесінің негізгі функциялары
Кез келген операциялық жүйе сияқты Wіndows келесі мәселелердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:
- компьютерлердің барлық аппараттық құрал-жабдықтарын басқару;
- файлдық жүйемен жұмыс істеуді қамтамасыз ету;
- қолданбалы программаларды іске қосу.
Сонымен қатар Wіndows жүйесінде:
- бір уақытта бірнеше программалардың жұмыс істеуін;
- әр түрлі программалар арасында мәліметтер алмасуды;
- масштабталатын шрифтерді қолдауды;
- мультимедиа мүмкіндіктерін пайдалануды;
- бырыңғай анықтамалық жүйе жұмысын қамтамасыз ете алады.
WІNDOWS жүйесінің негізгі ұғымдары
WІNDOWS жүйесінің ең негізгі ұғымдарының бірі - Терезе болып табылады. WІNDOWS сөзінің нақты аудармасы «терезелерң деген сөзді білдіреді.
Терезе дегеніміз - экранның төртбұрышты қоршаулы аумағы, мұнда әртүрлі программалар орындалады, кез келген мәліметтер өңделіп түзетіледі және басқару іс-әрекеттері жүргізіледі. WІNDOWS терезесі экранды толығымен, жартылай немесе белгілі бір бөлігін ғана қамтуы мүмкін. Терезенің периметрі бойынша өтетін тік және көлденең сызықтарды - терезе шекаралары деп атаймыз. Терезенің жоғарғы жағында тақырып жолы орналасады. Тақырып жолына сол жағында жүйелік меню түймешіктері, ал оң жағында терезенің аймағын өзгертуге арналған түймешіктер орналасақан. Тақырып жолынан төменірек меню жолы бар, ал одан төмен орналасақан төртбұрышты аудан терезенің жұмыс аймағы деп аталады. Мұнда әртүрлі ақпараттар болады: айталық, орындалатын программа, өңделуге арналған мәліметтер, басқа кішігірім терезелер және т. б.
Экран бетіндегі программалар мен құжаттар орналасатын терезелер үш түрлі болады:
- толық экранды терезе, яғни терезе экранды толығымен алып тұрады;
- қалыпты күйдегі терезе, ол экранның белгілі бір бөлігін алып тұрады;
- пиктограмма(белгі) түрінде, яғни терезе кішірейтіліп белгіге айналған.
Шартбелгі дегеніміз - бұл экран бетіндегі кішірейтілген бейне ол дисплей экранындағы программаны, терезені, функцияларды, файлдарды және т. б. мәліметтерді бейнелеп тұруы мүмкін. Экранда келесі түрдегі шартбелгілер кездеседі:
- қосымша (қолданбалы) программалр шартбелгісі;
- белгілі бір топтар шартбелгісі;
- функциялар шартбелгісі;
Жарлықтар (shortcut) дегеніміз - белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файл.
Мысалы, жарлық арқылы каталогтың, желідегі дискінің ішіндегісін көрсетуге болады, тез арада басқа каталогта орналасқан программаларда іске қосуға, файлды жылдам ашуға болады және т. б. Жарлықты пайдаланғанда негізгі объектілердің өздері (файлдар, каталогтар және т. б. ) өз орындарында ешбір өзгеріссіз тұрады. Ал сол объектілермен қатынас жасау shortcut файлында сақталған ақпараттың көмегімен іске асырылады
Бумалар (folder) дегеніміз - экранда каталогтарды (WІNDOWS 98) және программалық топтарды (WІNDOWS 3. 1) белгілеу үшін қолданылады. Мұның мағынасы: каталог пен программалар тобы белгілі бір объектілерді орналастыруда қолданылатын контейнер болып табылады. Бума - каталог, директорий ұғымының баламасы болып табылады. Каталог - ол файлдарға арналған контейнер, программалық топ - жеке программаларға арналған контейнер тағы с. с. Мұндац контейнерлер әр объектілер үшін әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ, олармен атқарылатын амалдар біртектес бола береді (Мысалы, жою, көшіру және т. б. ) .
Дәріс №4. ЭВМ-НІҢ АРХИТЕКТУРАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮСНІКТЕРІ
Тізбекті қатынасты жады. Жадына ұйымдастыру тәсілдері. Жадының көлемін ұлғайту тәсілдері. Дербес компьютерді бағдарламалық қамтамасыз ету.
Қазіргі заманғы бағдарламалық қамтамасыз ету (БҚ) -компьютерде ақпаратты автоматтандырып өңдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалар жиынтығы.
Мақсаты мен жүзеге асыратын қызметтеріне қарай кез келген бағдарлама екі топтың біріне: БҚ-ның жүйелік (жалпы) және қолданбалы (арнайы) тобының біріне жатады.
Жүйелік БҚ-ға:
- операциялық жүйелер мен оларды пайдалану интерфейсі;
- бағдарламалау жүйелері;
- техникалық қызмет көрсету бағдарламалары жатады.
Микропроцессор- дербес компьютердің орталық блогы болып табылады. Ол машинаның барлық блогының жұмыстарын ұйымдастыру, басқару үшін арналған. Микропроцессор құрамына; арифметикалық логикалық құрылғы, микропроцессорлық жады, басқару құрылғысы, интерфейстік жүйе енеді.
Басқару құрылғысы-машинаның барлық блоктарына көрсетілген уақыт мезгілінде басқару сигналдарын жібереді. Кейде оны басқару импульстары деп те атайды. Ондай импульстарды ол тактілік тактілік импульстар генераторынан алады.
Арифметикалық логикалық құрылғы. Сандық және символдық информациялар мен арифметикалық және логикалық операциялар жүргізеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz