Периодонттың қабынуы (воспаление периодонта)
1 Периодонттың қабынуы
2 Периодонттың инфекция әсерінен қабынуы (инфекционный периодонтит).
3 Периодонтың жарақат әсерінен қабынуы (травматический периодонтит)
4. Периодонттың созылмалы қабынуының өршуі (хронический периодонтит в стадии обострения . periodontitis chronica exacerbata)
5 Периодонттың жедел инфекциялы қабынуын емдеу
6 Периодонттың дәріден (химиялық заттардан) жедел қабынуын емдеу.
7 Консервативтік (терапиялық) әдістер.
8 Периодонттың қабынуын бір қабылдауда емдеу.
9 Көптүбірлі тістер периодонтының созылмалы қабынуын емдеу.
10 Периодонт қабынуын консервативті.хирургиялық әдіспен емдеу.
11 Пародонт аурулары
12 Альвеола өсіндісінің сүйек тіні
13 Қалыпты жағдайда пародонттың рентген көрінісі
14 Пародонты сырқат адамды тексеру ерекшеліктері.
15 Пародонтопатиялар жүйесі (ARPAжүйесі)
16 Пародонт қабынуы
17 Пародонттың идиопатикалық аурулары
18 Геморрагиялық ангиоматоз (Ослер ауруы) кезіндегі пародонтальдық синдром.
19 Пародонтд аурулары кезінде болатын әртүрлі асқыну үрдістері

Периодонт – түбір байламы(корневая связка) – periodontium – дәнекер тінді құрылым, тісті альвеолада ұстап тұрып, жақ сүйегімен байланыстырады және периодонт саңылауында орналасады.
Периодонттың құрамына байланыстырушы аппарат, клеткалар тобы, қан және лимфа тамырлары, нерв талшықтары, клеткааралық зат кіреді. Периодонт орналасқан кеңістікті периодонт саңылауы деп атайды. Периодонт саңылауы бір жағынан тіс түбірімен, екінші жағынан тіс ұясының сүйек қабырғасымен қоршалған. Орташа есеппен ені 0,2-0,3 мм тең. Периодонт саңылауының ені түбірдің әр деңгейінде бірдей емес. Е.И.Гавривловтың (1969) ұйғаруы бойынша бір түбірлі тістердің тіс ұясына (альвеолаға) кіре берісінде оның ені 0,23-0,27 мм, тістің мойын бөлігінде – 0,17-0,19 мм, түбірдің орта бөлігінде 0,08-0,14 мм, түбір ұшына жақын – 0,16-0,19 мм, альвеола түбінде – 0,23-0,28 мм. Қорыта айтқанда, периодонт саңылауы немесе кеңістігі альвеола жиегінен воронкаға (үріңкіге) ұқсап кеңейіп басталады да, біртіндеп түбірдің орта бөлігінде тарылып барып, түбір ұшында қайта кеңейіп, кәдімгі «құмсағатты» еске түсіреді. Күрек тістер төңірегіндегі пеиродонт саңылауы көптүбірлі тістерге қарағанда кеңдеу болып келеді. Тістердің алдыңғы және артқы беттеріндегі периодонт саңылауларының ені бірдей емес, артқы беттерінде оның ені кеңірек. Көптүбірлі тістердің периодонт саңылауының көлемі 60-150 мм³ тең, ал біртүбірлі тістерде 30-100 мм³ тең. Периодонт саңылауының көп бөлігін коллаган талшықтары, аз бөлігін қан тамырлары мен нервтер өтетін борпылдақ дәнекер тін (интерстициалдық тін) алып жатады. Түбір ұшына жақындаған сайын дәнекер тіннің мөлшері көбейе түседі.
Периодонттың байланыстырушы аппараты көптеген коллаген талшықтарының шоғырынан тұрады. Олардың бір ұшы цементке, екінші ұшы альвеола қабырғасына бекиді. Олардың аталған тіндерге өтетін терминалдық бөліктері (өткіш бөліктері) «Шарпеев талшықтары» деп аталады. Олардың жуандығы әр түрлі, сүйекке өтетіндерінікіі – 10-20 мкм, цементке өтетіндерінікі – 3-5 мкм және олар жартылай минералданған. Альвеола сүйегінде талшық ұштары сүйек майы қуыстарына жетпей кемік сүйек бағаналарына бекиді.
Белгілі бағытта орналасқан коллаген талшықтары бірнеше негізгі топ құрайды, олардың арасындағы кеңістікте жиі тармақталатын жіңішке эластикалық коллаген талшықтар орналасқан. Эластикалық талшықтар көбінесе күрек және сүйір тістер периодонтының мойын тобы талшықтарының арасында орын алады. Әрбір коллаген талшығы аса жуан емес, диаметрлері 55 нм коллаген фибриллдерінен тұрады. Олар сіңірдің құрамындағы фибриллдерден 2-4 есе жіңішкелеу және созылғыштық қасиеттернің жоқтығына қарамай, тістердің қозғалғыштығының шектелуін қамтамасыз етеді. Коллаген талшықтары толқынға ұқсап орналасады, осының арқасында шайнау күші әсер еткенде біраз ұзарады.

Периодонттың анатомо-гистологиялық құрылымының ерекшеліктері мен физиологиясы.
Периодонт - түбір байламы(корневая связка) - periodontium - дәнекер тінді құрылым, тісті альвеолада ұстап тұрып, жақ сүйегімен байланыстырады және периодонт саңылауында орналасады.
Периодонттың құрамына байланыстырушы аппарат, клеткалар тобы, қан және лимфа тамырлары, нерв талшықтары, клеткааралық зат кіреді. Периодонт орналасқан кеңістікті периодонт саңылауы деп атайды. Периодонт саңылауы бір жағынан тіс түбірімен, екінші жағынан тіс ұясының сүйек қабырғасымен қоршалған. Орташа есеппен ені 0,2-0,3 мм тең. Периодонт саңылауының ені түбірдің әр деңгейінде бірдей емес. Е.И.Гавривловтың (1969) ұйғаруы бойынша бір түбірлі тістердің тіс ұясына (альвеолаға) кіре берісінде оның ені 0,23-0,27 мм, тістің мойын бөлігінде - 0,17-0,19 мм, түбірдің орта бөлігінде 0,08-0,14 мм, түбір ұшына жақын - 0,16-0,19 мм, альвеола түбінде - 0,23-0,28 мм. Қорыта айтқанда, периодонт саңылауы немесе кеңістігі альвеола жиегінен воронкаға (үріңкіге) ұқсап кеңейіп басталады да, біртіндеп түбірдің орта бөлігінде тарылып барып, түбір ұшында қайта кеңейіп, кәдімгі құмсағатты еске түсіреді. Күрек тістер төңірегіндегі пеиродонт саңылауы көптүбірлі тістерге қарағанда кеңдеу болып келеді. Тістердің алдыңғы және артқы беттеріндегі периодонт саңылауларының ені бірдей емес, артқы беттерінде оның ені кеңірек. Көптүбірлі тістердің периодонт саңылауының көлемі 60-150 мм³ тең, ал біртүбірлі тістерде 30-100 мм³ тең. Периодонт саңылауының көп бөлігін коллаган талшықтары, аз бөлігін қан тамырлары мен нервтер өтетін борпылдақ дәнекер тін (интерстициалдық тін) алып жатады. Түбір ұшына жақындаған сайын дәнекер тіннің мөлшері көбейе түседі.
Периодонттың байланыстырушы аппараты көптеген коллаген талшықтарының шоғырынан тұрады. Олардың бір ұшы цементке, екінші ұшы альвеола қабырғасына бекиді. Олардың аталған тіндерге өтетін терминалдық бөліктері (өткіш бөліктері) Шарпеев талшықтары деп аталады. Олардың жуандығы әр түрлі, сүйекке өтетіндерінікіі - 10-20 мкм, цементке өтетіндерінікі - 3-5 мкм және олар жартылай минералданған. Альвеола сүйегінде талшық ұштары сүйек майы қуыстарына жетпей кемік сүйек бағаналарына бекиді.
Белгілі бағытта орналасқан коллаген талшықтары бірнеше негізгі топ құрайды, олардың арасындағы кеңістікте жиі тармақталатын жіңішке эластикалық коллаген талшықтар орналасқан. Эластикалық талшықтар көбінесе күрек және сүйір тістер периодонтының мойын тобы талшықтарының арасында орын алады. Әрбір коллаген талшығы аса жуан емес, диаметрлері 55 нм коллаген фибриллдерінен тұрады. Олар сіңірдің құрамындағы фибриллдерден 2-4 есе жіңішкелеу және созылғыштық қасиеттернің жоқтығына қарамай, тістердің қозғалғыштығының шектелуін қамтамасыз етеді. Коллаген талшықтары толқынға ұқсап орналасады, осының арқасында шайнау күші әсер еткенде біраз ұзарады. Талшықтар шоғырының ұзындығы периодонт саңылауының еніне байланысты. Пеиодонт саңылауының тар орта бөлігінде қысқа талшықтар, ал түбір ұшы бөлігінде ең ұзын талшықтар орналасқан. Бұл талшықтардың орналасу бағыттарының өзіндік ерекшеліктері бар, олар цементке жақындаған кезде тығыз шоғырлар арасында ромбыға ұқсас кеңістіктер қалдыра орналасады. Талшықтар арасындағы аралық кеңістік 0,1 мм жақын. Ер адамдар периодонтының коллаген талшықтарының жуандығы 0,15-0,2 мм, әйелдердікі - 0,1-0,15 мм. Жас ұлғайған сайын (50 жастан кейін) коллаген талшықтарының жуандығы 0,05 мм жіңішкереді, ал олардың арасындағы борпылдақ дәнекер тіндер орналасқан кеңістіктер кеңейе түседі.
Орналасу ерекшеліктеріне байланысты коллаген талшықтар шоғыры төмендегідей болып бөлінеді:
1. Альвеола қырының талшықтары: тістің ұрт бетін альвеола сүйегінің қырымен байланыстырады және ұрт-тіл жазықтығында орналасады;
2. Көлденең талшықтар: альвеола қырының талшықтарынан тереңірек периодонт саңылауына кіре берісте орналасып, тістің айналма байламын (круговая связка) құрайды. Оларың құрамына альвеола өсіндісінің тіс аралық қалқандарының ұшын басып өтіп, көрші тістерді байланыстыратын транссепталдық талшықтар кіреді. Айналма байлам үш топтағы талшықтардан тұрады. Бірінші топтағы талшықтар қызыл иек бекімінің астында цементке бекиді. Екінші топтағы талшықтар желпуіш сияқты шашырап, қызыл иектен және қызыл иек бүртіктерінен басталып тіс мойнына бекиді және қызыл иекті қозғалмайтындай етіп, тіске тығыз жанасуын қамтамасыз етеді. Үшінші топқа Фалин Л.И. (1963) транссепталдық талшықтарды жатқызады. Олар қызыл иек бүртігінің терең қабатында тісаралаық қалқан сүйектердің ұшын баса өтіп, көрші тістерді бір-бірімен байланыстырады және көлденең орналасады.
3. Қиғаш орналасқан талшықтар: олар басқа талшықтардан көбірек, периодонт саңылауының 23 бөлігін алып жатады. Олар қиғаш (тангенциалды бағытта) цементтен альвеола сүйегіне қарай жоғарылай орналасқан.
4. Түбір ұшы талшықтары редиальды және альвеола түбіне тік орналасады, кейбіреулері көлденең де орналасады.
Түбіраралық талшықтар көптүбірлі тістердің түбір ашалары аймағында тіс түбірін түбіраралық қалқанның қырымен (ұшымен) байланыстырады, біразы көлденең, қалғандары тік орналасады.
Cohn S.A. (1975) келтірген деректерге қарағанда периодонтта трансальвеолалық талшықтар бар. Олар альвеола қабырғаларының сүйек тіні арқылы өтіп көрші тістердің түбірлерін байланыстырады. Периодонттың құрамына коллаген және эластикалық талшықтардан басқа окситаланды талшықтар (жетілмеген эластикалық талшықтар) кіреді, олар диаметрі 0,5-1 мкм, ұзындығы бірнеше милиметр шоғырлар құрай (параллелді) және оған жақын периодонт саңылауының ортасымен тік өтеді және түбірді айнала үш өлшемді тор құрайды, олар коллаген талшықтарын тік бұрышпен қиып өтеді. Окситаланды талшықтардың көбі тістің мойын бөлігінде орналасқан. Ғалымдардың болжауынша олар қан айналысын реттеуге қатысады. Коллаген талшықтарының фиброзды шоғырларының арасында борпылдақ дәнекер тін орналасқан, олар арқылы қан және лимфа тамырлары, нерт талшықтары өтеді.
Негізгі (аморфты) зат периодонтта көп мөлшерде кездеседі және клеткааралық заттың 65 пайызын құрайды. Бұл жұмсақ былқылдақ гель, 70 пайызы судан тұрады. Сондықтан ол тіске әсер ететін күштерді тең бөлуде (амортизациялауда) үлкен рөл атқарады.
Периодонттың клеткалық құрылымдары негізінде фибробластардан, плазматикалық және толықша клеткалардан, гистиоциттерден, вазогендік клеткалардан, мононуклеарлық макрофагтардан, остеобластардан, цементобластардан, остеокластардан тұрады. Остеобластар және остеокластар түбір ұшы аймағында сүйек тініне, ал цементобластар цементке жақын орналасқан және оларға жоғары дәрежелі зат алмасу үрдістері тән.
Периодонтта тотығу-тотықсыздандырушы ферменттер анықталған. Олар - талшықтар шоғырының арасындағы борпылдақ дәнекер тінде орналасқан сукцинатдегидрогеназа, НАД- және НАДФ-диафоразалар, глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа, фосфатазалар.
Периодонтта көбірек кездесетін клеткалар - фибробластар, олар ұршыққа ұқсас жалпақ домалақ немесе сопақ пішінді, ядросында 1-2 ядрошықтары бар өсікті клеткалар. Олар коллаген талшықтарының бойында орналасқан, бір-бірімен және талшықтарымен десмосомдық-жабыспалы байланыс құрайды. Клеткаларда ГЭС (гранулярная эндоплазматическая сеть) - гранулярлық эндоплазмалық тор (плазма іштік тор), Гольджи кешені жақсы дамыған және оларға жғары дәрежелі құру қызметі тән. Цементке және альвеола сүйегіне жақын фибробластар 3-6 қатар болып орналасады. Олар периодонттың негізгі затын және коллаген талшықтарын құруға қатысады.
Физиологиялық жағдайда және периодонт жарақаттанған кезде олардың орны тамырлар төңірегінде орналасқан клеткалардың-ізбасарлардың сүйекке немесе цементке қарай көшуі нәтижесінде толығып отырады. Қартайған кезде фибробластар саны азаяды.
Гистиоциттер (тыныштақ жағдайда кезеген клеткалар) немесе орныққан макрофагтар - домалақ, сопақ немесе дұрыс пішінсіз бір ядролы клеткалар, түбір ұшына жақын борпылдақ дәнекер тінде орналасады. Олардың ядросы сопақ немесе соя пішінді, құрамында хроматиннің ірі түйірлері бар.
Остеобластар альвеола өсіндісінің ішкі бетінде орналасақан. Куб немесе пирамида пішінді, диаметрі 15-20 мкм. Клетканың ядросы сопақ немесе домалақ пішінді, клетканың ортасынан ауытқи орналасқан, бір немесе бірнеше ядрошықтары бар. Белсенділік жағдайында олар тұтасқан қабат жасай отырып, остеоид құрады және оның минералдауына қатысады.
Мезенхимадан дамыған, аса жетілмеген (малодифференцированные) адвентициалдық клеткалар қан тамырларына жақын орналасқан, көбіне фибробластарға ұқсайды, кішірек ядролары бар. Клеткалардан ұзын протоплазмалық өсінді шығады. Бұл клеткалардың эмбриондық дәнекер тінге тән қасиеттері бар, сондықтан олар дәнекер тіндік әр түрлі клеткалараға және қан клеткаларына ауыса алады. Қабыну кезінде бұл клеткалар өзгеріске ұшырап, фибробластарға немесе еркін микрофагтарға айналады (.Гаврилов И.А, 1950).
Остеокластар және одонтокластар (цементокластар) - ірі көпядролы, лизосомалық аппараты жақсы дамыған гематогендік (қан текті) жасушалар (клеткалар). Олар тіс ұясында сүйек және түбір беттеріндегі ұяшықтарда орналасқан және қатты тіндерді бұзуға қатысады.
Макрофагтар мен лейкоциттер (эозинофильдік гранулоциттер, лимфоциттер және моноциттер) көбіне аз мөлшерде периодонттың интерстициалдық дәнекер тінінде орналасады. Олар қорғаныс реакциясын қамтамасыз етеді және қабыну үрдістері кезінде олардың саны көбейе түседі.
Толықша клеткалар лейкоциттер мен плазматикалық клеткалардан дамиды, көп мөлшерде борпылдақ дәнекер тінде орналсады және сөл бөлу қызметін атқарады.
Барлық тістер периодонтында, оның ішінде үлкен азу тістер және күрек тістер периодонтында кішірек эпителий клеткаларының шоғыры немесе аралшықтары кездеседі. Оларды алғаш 1885 жылы Малассе анықтап сипатталған.
Малассе эпителиалдық аралшықтары периодонттың тұрақты құрылымы болып табылады, оның мойын және түбір ұшы бөлігінде жиі орналасады.
Тіс құрушы эпителийдің қалдығы болып саналатын Малассе аралшықтары тіс-жақ сүйек жүйесінде дамитын әр түрлі ісіктер мен ісіктерге ұқсас құрылымдардың дамуына себепкер болып, пародонт ауруларының кейбір белгілерінің қалыптасуын қамтамасыз етуі мүмкін (3-сурет).
Кейбір болжамдарға сүйенсек болашақ аралшықтар кіреукелік ағзаның (эмалевый орган) ішкі қабатынан жасушалар тобының бөлініп шығуынан құрылады немесе эномелобластардан дамиды (Стецула В.И., 1957).
Паникаровский В.В. және басқалардың (1988) ұйғаруынша тіс ұрығының даму және өсуіне қарай кіреукелік ағзаны құрушы эпителий бір қатарлы клеткаларға дейін созылып барып бөлшектенеді және дамып келе жатқан түбір жүйесімен альвеола өсіндісінің ішіне қарай жылжи өсе бастайды. Мұның өзі периодонттың әрбір деңгейінде аралшықтар клеткаларының санының әр түрлі болуына әкеп соғады.
Периодонттың әр аймағында Малассе аралшықтарының түрі әр түрлі болып келеді. Түбір ұшы тұсында эпителий аралшықтары қылтамыр және қылтамыр алды тектес тамырлар маңайында созылған жолақ (тәж) түрінде орналасады (4-сурет).
Тістің мойын бөлігіндегі периодонтта тіс орналасқан аралшықтардың клеткалары ірі келеді. Периодонттың басқа бөліктерінде Малассе аралшықтары коллаген талшықтарының арасында цементке жақын орналасқан 5-7 клеткадан тұратын ұсақ құрылымдар түрінде кездеседі және ультрақұрылымы жағынан көпқабатты жазық эпителийдің базалды клеткаларына ұқсайды. Малассе клеткаларының құрамында гликоген бар және бір-бірлерімен клеткааралық қосылымдармен байланысқан.
Морфологиялық белгілеріне қарай эпителий қалдықтарының үш түрін ажыратады: тыныштанған, дегенерацияланушы және пролиферацияланушы аралшықтар.
Тыныштанған Малассе аралшықтары - базалды жарғақпен қоршалған ірі ядролы ұсақ клеткалардың тығыз орналасқан жиынтығы. клеткалардагликоген бар, бір-бірімен клеткааралық қосылымдармен байланысқан көпқабатты жазық эпителийдің базалды клеткаларына ұқсас.
Дегенерацияланушы аралшықтар клеткалары тыныштанған клеткаларға ұқсас келеді, құрамында біртіндеп бұзылысқа ұшырайтын, пикнозды ядролары бар қараңғы клеткалар кездеседі. Олардан тұратын детрит кейінірек минералданып, цементиклдер құрайды. Пролиферацияланушы клеткалар - жоғары полиферациялану (көбейю немесе өсу) және синтездеу (құру) белсенділігі тән ірі клеткалар (4 сурет). Жас өскен сайын тыныштанған және дегенарцияланушы клеткалар саны азайып, пролиферацияланушы клеткалар саны көбейеді. Аралшықтары жасушаларының бөлініп көбею белсенділігінің жоғары болуына байланысты, олар өмір бойы периодонтта сақталады.
Жасы 20-30 арасындағы адамдар периодонтында эпителий аралшықтары көптеп кездеседі, адамның жасы ұлғайған сайын олардың саны азаяды. Жасы 30-40 шамасындағы адамдарда аралшықтар 5-7 клеткадан тұрады және розеткаға ұқсайды, кейде ядролары тығыз жеке клеткалар созыла орналасады. Жастары 45-50 және оданда ересек адамдар периодонтында құрамында 40-тан астам клеткалар бар ірі аралшықтар кездеседі. клеткалардың ядролары әр түрлі, өздері жарық болып келеді. Жас ұлғайған сайын олардың саны азая береді, жасы елуден асқан адамдарда дегенеративті өзгеріске ұшыраған клеткалардан тұратын бірлі-жарымды аралшықтар сақталады. Әр түрлі адамдарда және бір ғана адамда аралшықтардың саны да әр түрлі болуы мүмкін (5 сурет).
Аралшықтардың эпителий клеткалары фибробластармен қатынаста бола отырып, биологиялық белсенді заттар (гликозамингликандар, ферменттер) бөліп шығарып, фагоцитозға және коллаген талшықтарын қорытуға қатысады деген көзқарас бар.
Аралшықтардың эпителий клеткаларында сукцинатдегидрогеназа, лактатдегидрогеназа, глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа (Г-6-ФДГ) сияқты ферменттердің белсенділігі анықталған. Бұл В.В.Гемонов пен Т.В.Козловицердің (1980) ұйғаруынша зат алмасу үрдісінің қарқындылығын көрсетеді. Малассе эпителиалдық аралшықтары тіс төңірегіндегі тіндерде дамитын ісікті және қабыну үрдістерінің морфогенезінде және патоформозында белгілі рөл атқарады. Периодонттың тіс мойнына жақын бөлігінде орналасқан пролиферацияланушы эпителий жасушалары пародонт қабынуы кезінде пародонталдық қалталардың қабырғаларының эпителий қабатымен төселуіне де қатысады.
Периодонттың қанмен камтамасыз етілуі өте жоғары дәрежеде, сондықтан мұнда клеткалық және клеткалық емес құрылымдардың жаңаруы жылдам және асқан белсенділікпен іске асып отырады. Периодонтта тасымалдау және қоректендіру (нәрлендіру) қызметтерін орындайтын микроциркуляторлық қан айналымының барлық тізбегі орын алған. Оны қанмен қамтудың көзі - жоғары және төменгі альвеолалық артериялар. Периодонттың ұсақ қан айналым арнасы қоректендіретін артериалық тамырдан (кіру өзегі), шығарушы венулярлық тамырдан (шығу өзегі), қылтамырлық торлар ошақтарынан тұрады және олар түбірдің әр деңгейінде әр түрлі жилікте орналасады. Периодонттың тіс мойны бөлігінде және түбір ұшы бөліктерінде қылтамырлар өте жиі кездеседі. Бұл осы аймақтарға түсетін қысымның біршама ауытқып тұратындығына байланысты ұсақ қантамырлар айналымының бейімделу мүмкіндігінің жоғарылығын көрсетеді.
Қанның көп мөлшері периодонтқа диаметрлері 20-40 мкм артериялар арқылы келеді. Олар периодонтқа тіс альвеоласының әр түрлі деңгейінде орналасқан сүйек тесіктері арқылы (фолькман өзекшелері) тісаралық және түбіраралық қалқан сүйектердің сүйек майы кеңістігінен енеді және коллаген талшықтары шоғырларының арасында орналасқан борпылдақ тінде орналасады (6-сурет).Үлкен азу тістерде алдыңғы топтағы тістерге қарғанда мұндай артериалардың саны көбірек.
Периодонтты артериалық қанмен тіс артериясының тармақтары да қамтамасыз етеді. Олар периодонттың түбір ұшы бөлігіннен қызыл иекке бағытталған.
Периодонттың қанмен қамтамасыз етілуінің тағы бір көзі - альвеола өсіндісін жапқан кілегей қабыққа өтетін супрапериосталдық артериялардың тармақтары. Олардан қылтамырлар (капиллярлар) бөлініп, түбір төңірегінде ұяшықтарға ұқсас өрім құрайды және цементтің сыртқы бетіне жақын орналасады. Периодонттың қан тамырлары А.И.Варшавскийдің (1978) ұйғаруынша тістің өсіне параллелді орналасады (7-сурет).Қылтамырлардың диаметрі 8-10 мкм шамасында. Периодонтта кең қылтамырлардың көбірек кездесуін А.В.Варшавский (1981) өзіндік қантамырлары жоқ цементтің периодонтпен тығыз функционалдық қатынаста болуымен байланысты деп түсіндіреді. Мұндай қылтамырларда қан айналымы өте жоғары деңгейде тұрады және цементтің қоректенуі периодонттың тамырлары арқылы іске асады.
Периодонттың қылтамырларының біразы фенестирлік немесе қабырғалары жоғары өткізгіш қылтамырлар тобына жатады. Олардың қабырғаларының өткізгіштігі өте жоғары болуына байланысты периодонттың сусорғыш негізгі затына су жылдам жеткізіледі. Бұл тіске әсер етуші өзгеріп тұратын шайнау күшінен туатын қысымды периодонт саңылауына бейімдеуге өте қажет.
Периодонт аймағынан қан жинап алатын веналар тістераралық қалқан сүйекке келеді, бірақ артериалардың жолын қайталамайды. Периодонттың қантамырлар арнасының веноздық бөлімі сан жағынан артериалық бөлімінен басымырақ, периодонттан қан бірнеше бағытта әкетіледі: мойын бөлігінен қан жартылай қызыл иек веналарына, ал түбір ұшы бөлігінен альвеолалық веналарға құйылады.
Көптеген қылтамырлар соңды венулалар ұзындығы 200-350 мкм, ені 30-80 мкм кең және қысқа бағаналарға (стволға) бірігеді. Олар коллаген талшықтары шоғырының арасымен өтіп, жақ сүйектерінің кеуек заттары үшін салалар құрайды.
Сонымен қатар периодонттан қанның біраз бөлігі доғаға ұқсас қуысіштік веналарға кетеді. Олар тіс мойнына параллельді орналасқан және ұзын веноздық коллатералдармен бірігеді.
Периодонттың артериалық және веналық тамырларының арасында көптеген анастамоздар бар. Борпылдақ дәнекер тін қабаттарында артериалдық және венулалық тамырлар бір-бірімен қатар орналасады және қысқа түзу немесе доғаға ұқсас анастамоздармен бірігеді. Кейде мұнда венуло-венулярлық жалғастықтар да байқалады. Көршілес тістер периодонтының, жақ сүйектерінің қабығының және ауыздың кілегей қабығының веноздық тамырларының арасында да анастамоздар бар. Периодонттың қантамыр арнасымен қызыл иектің эпителий бөлімі аймағындағы тамырлар шумағының тығыз байланысы анықталған (Варшавский А.И., Леван В.Н., 1978).
Пеиодонттың қантамырлануы альвеоланың қан қамтылуымен тығыз байланысты. Оған негізгі қантамырлар альвеола аралық артериялардан, жартылай тіс артериаларынан, ал біразы қызыл иекке баратын артериялардан бөлінеді.
Сонымен қатар түбір ұшындағы бүйірлік тесіктер арқылы жеке тамырлар тармағының периодонттан ұлпаға өтетіні байқалады (Варшавский А.И., 1978). Мұның клиникалық жағдайда үлкен маңызы бар. Себебі, бұл жол - ұлпа қабынуы кезінде периодонтқа инфекция өтетін жол болуы мүмкін.
Пеиодонттың лимфа жүйесі жұқа қабырғалы лимфалық қылтамырлардан тұрады және ондағы борпылдақ тіннен басталып, клапандары (қақпақтары) бар веналармен бірге жүретін жинағыш лимфа тамырларына өтеді. Лимфа тамырларының біразы қызыл иекке барады, біразы альвеола қабырғасын тесіп өтеді.
Периодонт сезімтал нерв ұштарына және нерв талшықтарына өте бай. Бұл - оның өте ерекше сезу ағзасы екенінің дәлелі және оның шайнау қысымын рефлекторлық реттеудегі маңызын көрсетеді (Фалин Л.И., 1965).
Периодонттың иннервациялануы афферентік және эфферентік талшықтар арқылы жүреді. Афферентік талшықтар периодонтқа екі иннервациялаушы көзден келеді. Олардың біріншісі - тіс нервісінен, ол қантамыр-нерв шоғырымен бірге түбір ұшы тесігіне кіргенге дейін және қызыл иекке жеткенге дейін бөлінетін перифериялық тармақтар. Афферентік нервтердің екінші көзі - тістераралық және түбірлераралық қалқандардың тесіктеріне өтетін (фолькман өзектері) тармақтар. Олар тіс нервісінен түбір ұшына немесе тіс сауытына қарай бағыт алады және периодонттың орта және тіс мойыны бөлігін нервтендіруге қатысады.
Екі көзден шығатын талшықтар периодонтта тіс өсіне параллельді орналасқан және жіңішке талшықтар шоғырынан тұратын нервтік өрімдер түзеді. Жіңішке талшықтар шоғырынан ақырғы (соңғы) тармақтар мен жеке талшықтар бөлінеді.
Периодонттың барлық бөліктерінде сезімтал нерв ұштары орналасқан. Олар көбінесе механорецепторларға және ауыру рецепторларына (ноцицепторларға) жатады. Олар тармақталған бұталарға ұқсас келеді, кейде әр түрлі құрылымды (бірқабат, екіқабат) шумақтарға немесе жалпақ, ұршыққа ұқсас, жапыраққа ұқсас құрылымдар түрінде кездеседі. Сезімтал рецепторлар бірнеше қабат тармақтана отырып, коллаген талшықтарының шоғырына еніп кетеді және периодонттың белгілі аймақтарын иннервациялауға қатысады. Көптеген ұйғарымдарға сүйенсек, бұтаға ұқсас нерв ұштары шайнау қысымын реттейтін механорецепторлық қызмет атқарады. Жоғарғы күрек тістерден басқа тістердің барлығының периодонтының түбір ұшы бөлігі сезімтал нерв ұштарына бай. Ал жоғарғы күрек тістердің периодонтының барлық бөліктерінде сезімтал нерв ұштары бірдей тығыздықпен орналасқан.
Бұтаға ұқсас нерв ұштарынан ерекше шумаққа ұқсас нерв ұштары борпылдақ дәнекер тін шоғырларының арасында орналасқан. Симпатикалық талшықтар миелинсіз, диаметрлері 0,2-1 мкм, өн бойы ендері 2,0 мкм көптеген варикозды түйіндер құрайды және қан тамырларының төңірегінде корзинаға ұқсас ұштармен аяқталады (Быков В.Л., 1998) және қан айналымын реттеуге қатысады.
Периодонтта парасимтпатикалық нерв талшықтары анықталмаған.
Сезу қасиеті тән, құрылымы әртүрлі өте сезімтал нерв ұштары күрек тістердің периодонтында көптеп орналасқан. Бұл ерекшелікті Фалин Л.И. (1960 олардың қызметімен тікелей байланыстырады.
Пеиодонтта рецепторлардың құрылымы жағынан әр түрлі болуы олардың қызметінің де әр түрлі болуын қамтамасыз етеді: тактилдік тітіркендіргіштерді, шайнау қысымын, ауыру сезімін қабылдау сияқты қызметтер.
Адамның жасы ұлғайған сайын периодонтта коллаген талшықтарының саны азайып, редукцияға ұшырайды. Керісінше эластикалық талшықтардың саны көбейеді және аралық өрімнің талшықтары толығымен жойылып кетеді. Кейбір авторлар адамның жасына байланысты периодонт саңылауының енінің де өзгеретіндігі туралы мәлімет келтіреді (Velden V., 1994).
Периодонттың негізгі қызметі тіреп-бекіту және амортизациялаушы болып табылады. Периодонттың гидравликалық аппараты (қан және лимфа тамырлары) оның негізгі қызметінің биомеханикасында белсенді рөл атқарады. Гидростатикалық қысымның өзгеруі байламдық аппараттың созылғыштығына әсер етеді, периодонтқа жоғары қысым түскенде полимерлерде болатын өзгерістер сияқты оның талшықтарының қаттылығымен тығыздығының жоғарылағаны байқалады. Функционалдық күш түскен кезде тістер серпінді бекіген жағдайда болады, сондықтан ешқашан альвеола қабырғаларына тығыз жақындай алмайды.
Периодонттың амортизациялаушы қызметінің мәні - шайнау тербелістерін реттеп, қысымды тістер ұясы қабырғаларына тепе-тең бөліп, оны бұзушы фактордан зат алмасу үрдістерін күшейтетін факторға айналдыру.
Мұндай жағдайдытуғызатын коллаген талшықтары мен тамырлар жүйесі. Олар периодонт тініндегі сұйықпен қосылып, тіске арнайы гидравликалық жастық немесе тірек құрады. Периодонтта қысым жоғарылаған кезде қан мен лимфа сүйектегі тамырлар жүйесіне бет ала бастайды.
Периодонттың тіреп-бекіту және амортизациялаушы қызметтерімен трофикалық қызметі қатар жүреді. Шайнау қысымы тістің тірек аппаратында зат алмасудың қалыпты ағымын қамтамасыз ететін функционалдық тітіркендіргіш қызметін атқарады. Тіс жұлынған жағдайда шайнау күші түспегендіктен альвеола өсіндісі семе бастайды. Периодонт цементті толығымен, ал ұлпаны жартылай, альвеоланың қатты сүйек қабатын қоректендіреді.
Периодонттың қорғаныс немесе барьерлік қызметі оның барлық бөлігінде бірдей орналасқан гистиоциттермен тығыз байланысты, периодонттың жиі орналасқан қантамырлар торы оның әрбір аймағында микрофаг-лейкоциттер мен антиденелердің болуын қамтамасыз етеді. Мұның өзі периодонт арқылы ауыз қуысынан организмнің ішкі ортасына инфекциялық және басқалай агенттердің өтуіне тосқауыл бола алады.
Пластикалық немесе қайта құру қызметі арнаулы клеткалардың- остеобластар мен цементобластардың арқасында іске асады және тістер шықаннан кейін де жалғаса береді. Бұл клеткалардағы ферменттік жүйелерге жоғары белсенділік тән, сондықтан сүйек құрылымдары мен түбір цементі сорылған кезде, оларды қайта құруға осы клеткалар қатысады. Жоғарыда аталған қызметтермен қатар, периодонт тістердіңөсуіне, шығуына және алмасуынақатынасады., сенсорлық қызмет те атқарады. Қорыта айтқанда, периодонттың қызметі көп қырлы деп санауға болады. Оның қызметтерінің дұрыс сақталуының тек төңірегінде жақын орналасқан тіндер емес, бүтін тулға үшін маңызы бар.себебі, периодонттың қабыну ошағы органимзнің сенсибилизациялану көзі болуы мүмкін.
Периодонттағы дамитын патологиялық үрдістердің ішінде белгілі орын алатыны - периодонттың қабынуы. Қабыну үрдісі көбінесе түбірұшы периодонты аймағында орын алатындықтан, орыс тіліндегі әдебиеттерде түбірұшы периодонтының қабынуы (верхушечный периодонтит) деген атау жиі кездеседі. Бұдан әрі - периодонттың қабынуы туралы мәлімет бергенде, түбірұшы деген анықтауышты қоспай, тек периодонттың қабынуы деген атау қолданылады.
Периодонт қабынуының этиологиясы.
Қазіргі кезде периодонт қабынуын туындататын себептерді үш топқа бөлуге болады: 1) инфекциялық; 2) жарақаттаушы; 3) дәрілер әсері.
Периодонттың инфекция әсерінен қабынуы (инфекционный периодонтит).Бұл жағдайды туындатуда көптеген бактериялардың маңызы бар, солардың ішінде белгілі рөл атқаратындар - коктар: гемолиздемеуші-стрептокок (негемолитический стрептококк - 62% жағдайда, жасылдандырушы - (зеленящий стрептококк) - 26%, гемолиздеуші - (гемолитический срептококк) - 12% жағдайда. Солармен бірге басқа микроорганизмдер (вейлонеллалар, лактобактериялар, ашытқыға ұқсас саңырауқұлақтар) бірге өседі. Микроорганизмдердің уыттары, ұлпа ыдырауынан шыққан улы заттар периодонтқа көбіне түбір өзектері арқылы өтеді, сирек жағдайда қызыл иек қалтасы арқылы, қан және лимфа жолдармен (тұмау, сүзек, безгек және басқа жұқпалы аурулар), жанасу жолы (сүйек майы, Гаймер қуысы қабынуы кезінде) арқылы да түсуі мүмкін.
Көптеген микробиологиялық зерттеулер нәтижесіне жүгінсек, емделмеген периодонт қабынулары кезінде (барлық жағдайда түбір ұшы периодонты қабынады, сондықтан түбір ұшы периодонтының қабынуы деп атау міндет емес деп санадық) түбір өзегіндее 2-5 түрден тұратын микробтар ассоциациялары, сирек жағдайда микробтардың таза түрлері кездеседі. Осыған байланысты бактериялардың периодонтқа өту жолдарын интраденталдық (тіс арқылы) және экстраденталдық (тістен сырт жол) деп бөлуге болады.
Периодонтың жарақат әсерінен қабынуы (травматический периодонтит).Көбінесе периодонтқа біраз күші бар жарақаттаушы ықпал бір рет әсер еткенде (тісті соғып байқамай алу, ұру, сүйек, тас, жеміс дәндерін кездейсоқ тістеу), сирек жағдайда аз күшті жарақаттаушы ықпал ұзақ уақыт әсер еткен жағдайда (биік қойылған пломбы, тік тістем, көп тістердің жұлынуы кезінде қалған тістерге шайнау күшінің түсуі, музыкалық үрлейтін аспаптардың алдыңғы тістерге қысымы, теріс әдеттер) дамиды.
Біраз күшпен жарақаттаушы ықпал әсер еткенде периодонтқа қан құйылып, талшықтары үзіліп, басқа тіндері жаншылып, периодонттың жедел қабынуы туындайды. Жарақаттаушы ықпал ұзақ әсер еткенде периодонтта паталогиялық өзгерістер біртіндеп дамиды және алғашқы кезде периодонт оған бейімделеді. Кейін бейімделу қабілеті төмендеген кезде созылмалы қабыну үрдісі дамиды, периодонт талшықтары фиброздануға ұшырайды немесе түбір ұшы аймағындағы альвеоланың қатты сүйек қабаты сорылып, жас грануляциялық тін орын басады. Қабынудың бұл түріне түбір өзегін пломбылаған кезде (ұлпа қабынуын емдеген кезде) пломбылық материалдарды (фосфат-цементті, штифтерді және әртүрлі қойыртпақтарды) периодонтқа шығарып алған кезде дамитын реакцияларды да жатқызуға болады.
Периодонттың дәріден қабынуы (медикаментозный периодонтит).Қабынудың бұл түрі ұлпа қабынуын емдеген кезде күшті химиялық заттарды (мышьяк қышқылы, фенол, трикрезолформалин), жоғары концентрациялы антисептиктер ертіндісін (формальдегид, гипохлорид, хлорамин ертінділері, резорцин-формалин сұйығы) дұрыс қолданбау нәтижесінде дамиды. Периодонттың дәріден қабынуына жергілікті иммунологиялық реакцияларды туындатып, аллергия белгілерін дамытатын дәрілер әсерінен (антибиотиктер, эвгенол және б.) туындаған қабынуды да жатқызуға болады.
Периоднот қабынуының патогенезі.
Жоғарыда айтылғандай периодонтта қабыну үрдісі түбір ұшы тесігі арқылы түбір өзегіндегі инфекциялы-уытты құрамның периодонтқа өтуі нәтижесінде дамиды. Периодонт қабынуының дамуында граммтеріс бактериялдардың қабықтарының бұзылуы кезінде бөлінетін эндотоксиндердің маңызы зор. Периодонтқа түскен эндотоксиндер қан тамырларын кеңейтетін және өткізгіштігін жоғарылататын биологиялық белсенді заттардың бөлінуін қамтамасыз ете отырып, онда жедел қабыну үрдісін туындатады. Жедел қабыну кезінде периодонтта көп мөлшерде антигендер жиналады және периодонт саңылауы қатты сүйек қабатымен қоршалғандықтан, олардың периодонттан шығарылып тасталуы (элиминация) қиындайды. Антигендік қасиетке ие болған эндотоксиндер периодонттың және оны қоршаған тіндер жүйесіне күшті әсер етеді.
Периодонттың жедел қабынуының және оның төңірегіндегі тіндергежайылу қарқындылығы қабыну үрдісін туындатқан инфекцияның вируленттігімен және организмнің жалпы иммундық жағдайымен тығыз байланысты болады.
Иммундық қорғаныс механизмі төмендеген кезде жергілікті қабыну ошағы шектелмей, керісінше айналасындағы жұмсақ және қатты тіндерге жайыла отырып, бет-жақ аймағында одонтогендік қабыну үрдісінің дамуына себепкер болады.
Егер иммундық қорғаныс механизмі түбір ұшындағы қабыну ошағын шектейтін бөгет құра алса, онда қабыну үрдісі аса жайылмай, алғашқы сатысында-ақ тежеледі. Емдеу шаралары жүргізілмеген жағдайда, инфекция көзінің сақталуына байланысты, периодонттағы жедел қабыну үрдісі созылмалы қабыну үрдісімен алмасады. Кейде периодонттағы созылмалы қабыну үрдісі жедел қабыну сатысынсыз да дамиды.
Түбір өзегінен толассыз тітіркендіре әсер еткен антигендерге периодонт тіндерінің реакциясы (жауабы) екі түрде дамиды: 1) антидене тәуелді; 2) клеткалар туындататын үрдістер. Антидене тәуелді үрдістерге иммундыкешен және IgE туындататын реакциялар жатады. Клеткалар туындататын үрдістерге баяу дамыған аса (жоғары)сезімталдық реакциялары жатады. Периодонттың созылмалы қабынуы кезінде иммундыкешендік реакцияның дамуы үшін А.И.Волошиннің ұйғаруынша үш түрлі шартты жағдайлар керек: 1) фагоцитозға толық ұшырамайтын иммундыкешендердің болуы; 2) комплемент жүйесінің болуы; 3) көп мөлшерде полиморфты-ядролы лейкоциттердің болуы. Периодонттың созылмалы қабынуы кезінде аталған жағдайлардың барлығы да орын алады.
Иммундыкешенді реакцияға ІgЕтуындататын реакция да ұқсас келеді. Периодонттың созылмалы қабынуы кезінде түбір ұшын қоршаған тіндерде ІgЕ құрушы және толықша клеткалар (тучные клетки) анықталған.
Базофилдер мен толықша клеткалардың рецепторларында ІgЕ ұзақ уақыт бекіп, атопиялық реакция туындата алады. Толықша клетка бетінде антиген ІgЕ -нің екі молекуласымен байланысады, осының нәтижесінде клеткадан гистамин, серотонин сияқты қабыну медиаторлары босап шығады. Олардың әсерінен қан тамырлары кеңейіп, өткізгіштігі жоғарылап, периодонтқа көптеп лейкоциттер шығады. Лейкоциттерден бөлінген ферменттер өліеттенген тіндерді ыдыратуға қатысады.
Баяу дамыған аса жоғары сезімталдық реакциясы антиденелерді қажет етпейді, себебі арнаулы антигенмен реакцияға сенсибилизацияланған Т-лимфоцит-эффектор түседі. Бұл реакция клеткалық антигендермен сенсибилизацияланған лимфоциттердің өзара әрекеті нәтижесінде дамиды және лимфоциттердің көбейіп, олардан көп мөлшерде лимфокиндер бөлінуіне әкеп соғады. Кейбір лимфокиндер (мысалы, лимфотоксиндер) периодонт клеткаларын бұзуға қатысады және сонымен қатар сүйек тінін сорылуға ұшырататын остеокластардың белсенділігін арттырады. Қабыну ошағында макрофагтар мен нейтрофильдер коллаген талшықтарын ыдыратып, сүйек тінін бұзатын фермент коллагеназа бөліп шығарады. Осылардың барлығы периодонттағы созылмалы қабыну ошағында талшықты және клеткалы құрылымдардың жойылып, периодонтты қоршаған сүйек тінінің сорылуына, орынбасушы жаңа құрылымдардың (фиброзданған және грануляциялы тіндер) пайда болуына әкеп соғады.
Периодонт қабынуының жүйесі.
Периодонт қабынуының көптеген жүйесі ұсынылған.Солардың ішінде көп қолданыс тапқан периодонт қабынуының Лукомский И.Г. (1955) ұсынған жүйесі:
Клиникалық ағымына байланысты екі түрге бөледі: жедел және созылмалы қабынуы.
І. периодонттың жедел қабынуы (острый периодонтит - pеriodontitis acuta).
1) периодонттың жедел серозды (сарысулы) қабынуы (острый серозный периодонтит - periodontitis acuta serosa)
2) периодонттың жедел іріңді қабынуы (острый гнойный периодонтит - periodontitis acuta purulenta)
ІІ. Периодонттың созылмалы қабынуы (хронический периодонтит - pеriodontitis chronica)
1) периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы (хронический фиброзный периодонтит - periodontitis chronica fibrosa)
2) периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы (хронический гранулирующий периодонтит - periodontitis chronica granulans)
3) периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы немесе гранулема (хронический гранулематозный периодонтит или гранулема - periodontitis chronica granulomatosa, s. granuloma).
Периодонттың созылмалы қабынуы кезінде әртүрлі қолайсыз жағдайлар әсерінен (тұмау, организмнің суыққа шалдығуы және б.) үрдісі орын алуы мүмкін. Сондықтан өршу бұл жағдайды Лукомский И.Ги үшінші топқа кіргізген.
ІІІ. Периодонттың созылмалы қабынуының өршуі (хронический периодонтит в стадии обострения - periodontitis chronica exacerbata)
Көптеген авторлар периодонттың жедел қабынуын сарысулы (серозды) және іріңді қабынуға бөлетін болса, Грошиков М.И. (1960) бұл түрлерін субъективті белгілері бойынша ажырату қиындығын ескере отырып, жедел қабынудың екі сатысын (фазасын) ажыратуды ұсынды: бірінші сатысы - уыттану сатысы (фаза интоксикации - fasae intoxicationis), екінші сатысы - жалқықтану сатысы (фаза экссудации - fasae exudativa). ҚазҰМУ-дың терапиялық стоматология кафедрасында қолданыс тапқан периодонт қабынуының жүйесі төмендегідей:
Периодонттың жедел қабынуы.
1. Периодонттың жедел қабынуы, уыттану сатысы (острый периодонтит, фаза интоксикации).
2. Периодонттың жедел қабынуы, жалқықтану сатысы (острый периодонтит, фаза экссудации).
Периодонттың созылмалы қабынуы.
1. Периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы (хронический фиброзный периодонтит)
2. Периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы (хронический гранулирующий периодонтит)
3. Периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы немесе гранулема (хронический гранулематозный периодонтит или гранулема).
4. Периодонттың созылмалы қабынуының өршуі.
Периодонт қабынуының клиникалық сипаттамасы.
Периодонттың жедел қабынуы.
Қабынудың бұл түрі жедел дамиды және клиникалық белгілері тез ауысып отырады. Осыған байланысты қабыну үрдісінің дамуын екі кезеңге бөлу (уыттану және жалқықтану) негізді деп келісуге болады.
Периодонттың жедел қабынуы, уыттану сатысы (бірінші кезеңі). Уыттану сатысы қабыну үрдісінің алғашқы кезінде байқалады және сырқат тістің өз бетімен сыздап ұзақ ауыруымен сипатталады. Сырқат тіспен ас шайнағанда, қарсы тісі тигенде ауыру сезімі күшейе түседі. Бастапқы кезде тісі сырқат адам мазаландырған тісін анық көрсете алады. Температуралық тітіркендіргіштер ауыру сезімін күшейте немесе бәсеңдете әсер ете алмайды. Қарап тексергенде сырқат тісте тісжегі қуысы анықталады және ол сауыт қуысымен байланысқан. Сүңгілеп байқағанда ауру сезімі жоқ, тік қағып байқағанда тіс ауырады. Тіс төңірегіндегі жұмсақ тіндер ешқандай өзгеріске ұшырамаған. Кейде тіс қуысы жабық болуы мүмкін және тістің ЭҚ. 100 мка жоғары болады. Периодонттың дәрі әсерінен дамыған жедел қабынуы кезінде сырқат тісте уақытша немесе тұрақты пломбы тұруы мүмкін.
Патологиялық анатомиясы. Микроскопиялық зерттеу кезінде периодонт тінінде қан тамырларының кеңейіп, қанға толғаны (воспалительная гиперемия) байқалады. Тамырлар төңірегіндегі тінде сарысулы жалқықтың сіңуіне байланысты домбығу байқалады (воспалительный отек). Сонымен қатар бірлі-жарымды полинуклеарлармен бірге лимфоциттерден және гистоциттерден тұратын қан тамырларына жақын орналасқан клеткалар шоғыры (клеточные инфильтраты) анықталады.
Қабыну үрдісінің толастамай, одан әрі күшеюіне байланысты клеткалық метаболизм бұзылып, сүт қышқыл жиналуы әсерінен тіндерде ацидоз дамиды. Мұның өзі қан тамырларының өткізгіштігін жоғарылатып, жалқықтануды күшейтеді және лейкоциттердің сыртқа шығуына жағдай туғызады.
Жалқықтану сатысы (фаза экссудации) - екінші кезеңі. Бұл кезде периодонтта жалқықтану үрдісінің күшейіп, периодонт саңылауында қысымның артуына байланысты толассыз мазалайтын, солқылдатып, ауыртатын сезім пайда болады. Ауыру сезімі бір деңгейде тұрады немесе бірте-бірте күшейе түседі және көрші тістерге беріледі. Тіспен ас шайнағанда, қарсы жақ тіс немесе тіл тиіп кеткенде қатты ауырады. Кейде тісі сырқат адам оны өсіп кеткендей сезінеді және қозғалмалы бола бастағанын байқайды. Мұның себебі - түбір ұшы периодонтындағы коллаген талшықтарының домбығуы және жартылай ыдырап бұзылуы нәтижесінде периодонттың тісті ұясынан шығармай ұстап тұру қызметінің бұзылуы.
Қарап тексергенде сырқат тісте тісжегі қуысы анықталады, сүңгілеп байқағанда ауыру сезімі болмайды, сауыт қуысы көбінесе ашық. Температуралық тітіркендіргіштер ауыру деңгейіне ешқандай әсер етпейді. Сауыт қуысы жабық болған сирек жағдайда тістің ЭҚ 100 мка жоғары. Кейде тісте ұлпа қабынуын емдеу сатысында қойылған уақытша пломбы болуы да мүмкін. Қағып тексергенде сырқат тіс қатты ауырады (барлық бағытта), аздап қозғалмалылығы бар. Тіс төңірегіндегі қызыл иектің кейде қызарып домбыққаны байқалады, түбір ұшы аймағындағы ауыспалы қатпарды сипап тексергенде ауырады.
Кейбір жағдайларда жақ сүйегін қоршаған жұмсақ тіндерде коллатералды домбығу байқалады, ауыспалы қатпар тығыздалып (инфильтрат пайда болуы нәтижесінде) тегістелгені анықталады. Осыған орай дер кезінде дәрігерлік көмек көрсетілмесе, тіс аймағындағы периостың жедел қабыну белгілері дамиды. Бұл кезде организмнің реактивтілігіне байланысты дене қызуы көтеріліп, тісі сырқат адамның басы ауырып, жалпы жағдайы нашарлайды. Кейде қанда да өзгерістер орын алуы мүмкін (лоейкоцитоз - 15-20·10[9]л ЭШЖ-жоғарылайды). Сырқат тіс жағындағы төменгі жақ асты, кейде иекасты лимфа түйіндері ұлғайып, ауыратын болады. Периодонттың жедел қабынуы кезінде рентгендік зерттеу периодонт саңылауындағы өзгерістерді анықтай алмайды. Дегенмен, жалқықтану сатысында периодонттың қоршаған қатты сүйек қабатының бүтіндігі сақталғанмен, кемік сүйек суретінің анықтығы төмендегіні байқалады және бұл өзгеріс периодонт қабынуы басталуынан біраз күн (7-10 күн) өткен соң орын алады.
Жоғарғы кіші және үлкен азу тістер периодонтындағы жалқық Гаймор қуысына ауысып, онда қабыну тудыруы мүмкін.
Периодонттың жедел қабынуы 2-3 тәуліктен екі аптаға дейін созылады және диагнозын нақтылау аса қиындық тудырмайды. Периодонттың жедел қабынуының улану сатысын пародонттың жедел шектеле қабынуынан, қызыл иек бүртігінің жедел қабынуынан (папиллит) ажырата білу керек. Ал жалқықтану сатысын ұлпаның жедел іріңді қабынуынан, периодонттың созылмалы қабынуының өршуінен, пародонталдық абсцестен ажырату керек. Бұл аурулардың сараптамалық диагнозын студенттер өз беттерімен құру керек. Пародонталдық абсцесс туралы мәлімет беруге болады. Бұл кезде абсцесс дами бастаған қызыл иек қатты сыздап немесе солқылдап ауырады (кейде тісі ауырғандай болады), тіс аздап қозғалмалы болады. Қарап тексергенде тіс сауыты көбіне бұзылмаған (кейде тісжегі қуысы болуы мүмкін), көлденең қағып тексергенде ауыру сезімі бар, температуралық тітіркендіргіштерге жауап береді, төңірегінде әр түрлі тереңдікте пародонталдық қалта болады. Қызыл иек қатты қызарып, томпиып ісінген, сипап тексергенде қатты ауырады, консистенциясы қатты немесе орталық аймағында аздап былқылдау белгісі (флюктуациялану белгісі) сезіледі. Кейде пародонталдық қалтадан іріңді жалқық бөлінеді. Рентгендік суретте абсцесс аймағындағы альвеола өсіндісінде пародонттың қабынуына тән өзгерістер анықталады. Ал периодонттың жедел қабынуы кезінде рентген суретте 1-2 тәулкттен кейін-ақ өзгерістер байқалады және олар тісті қоршаған кемік сүйектің суретінің анықтығының жойылуымен сипатталады (сүйек мойындағы инфильтраттану үрдісіне байланысты).
Патологиялық анатомиясы.Периодонттың жедел қабынуының жалқықтану сатысы кезінде қабыну ошағындағы тіндерде лейкоциттермен инфильтраттану үдей береді. Микроскопиялық зерттеу кезінде қабыну белгілерімен қатар тінде полиморфты-ядролы лейкоциттермен жаппай инфильтраттану байқалады. Лейкоциттердің қан тамырларынан көптеп периодонт тініне ауысуы оның ыдырауға ұшырап, іріңді ошақтың (бір немесе бірнешеу) пайда болуына әкеп соғады. Іріңді ошаққа (іріңдікке) жақын жатқан периодонт, сүйек және қызыл иек аймақтарында реактивті қабыну үрдісі (қызару және домбығу) анықталады. Сүйек қабы қалыңдаған, кейде іріңді жалқықпен сылынып кеткен, сүйек мойында қанға толу және ошақты іріңдеу үрдістері орын алады (сурет).
Сонымен қатар қабыну ошағының төңірегіндегі альвеола сүйегінің сорылуға ұшыраған аймақтарында клеткалы-талшықты құрылымдардың пайда болғаны байқалады. Қабыну ошағынан алыстау орналасқан сүйек тінінде клеткалы элементтердің көбеюі орын алған. Жедел қабыну ошағында қышқыл мукополисахаридтің мөлшері көбейеді, керісінше бейтарап мукополисахаридтің мөлшері өзгеріске ұшырамайды. Ал қалыпты және қабыну инфильтратындағы клеткалардағы рибонуклеопротеиндердің мөлшері бастапқы кезде жоғарылап барып, кейінірек төмендейді.
Периодонттың жедел қабынуының жалқықтану сатысы кезінде дәрігерлік жәрдем дер кезінде көрсетілмесе, жиналған жалқық шығуға жол іздей бастайды. Ең тиімді жолы түбір өзегі арқылы өтіп, жалқықтың сауыт қуысына жиналуы (түбір ұшы тесігі кең және ашық болған жағдайда), бұл мүмкін болмаған жағдайда периодонт саңылауы арқылы өтіп, қызыл иек сайымен сыртқа бөлінеді (сурет),тіс ұясының түбір ұшы аймағындағы қатты сүйек қабатын бұзып, кемік сүйек арқылы өтіп, сүйек қабығы астына жиналады немесе жұмсақ тіндерге өтіп, қабыну үрдісін (одонтогендік қабынбалы үрдістер) туындатуы.
Периодонттың созылмалы қабынуы.
Периодонттың созылмалы қабынуы клиникалық белгілерге аса бай емес. Сондықтан созылмалы қабыну өршу сатысымен асқынбаған жағдайда, тісі сырқат адам көпке дейін стоматолог-дәрігерге көрінуге келе бермейді.
Периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы.
Қабынудың бұл түрі өз бетімен дамыған жедел қабынудың барысы ретінде және дұрыс емделген созылмалы қабынулардың басқа түрлерінің (гранулден және гранулемаланыпқабынуы) дұрыс емделу нәтижесі ретінде көрініс беруі мүмкін. Периодонттың фиброзды қабынуы көптеген тістер жұлынған кезде, қалған тістерге шайнау күшінің шамадан тыс түсуіне байланысты дамуы да мүмкін. Бұл кезде тіс сауыты бұзылмаған болады және периодонт тінінің фиброздануға ұшырап қалың дамуына байланысты периодонт саңылауы тұтас және біркелкі кеңейеді (сурет).
Периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы кезінде тісі бұзылған адам ешқандай ауыру сезіміне шағымданбайды, тек тісінің түсінің өзгергенін байқауы мүмкін. Егер тісінде тісжегі қуысы болатын болса, беткей немесе терең сүңгілеп және қағып тексергенде ауыру сезімі болмайды, сауыт қуысы көбінесес ашық болады. Температуралық және химиялық тітіркендіргіштерге ешқандай жауап туындамайды, тіс күші 100 мка дейінгі электр тогына жауап бермейді. Тіс төңірегіндегі қызыл иек өзгеріске ұшырамайды. Қорытынды диагноз тек рентгендік тексеру әдісінің көмегімен қойылады. Тістің рентген суретінде түбір ұшы төңірегіндегі периодонт саңылауы аздап кеңеюі нәтижесінде деформациялануға ұшыраған, бірақ тіс альвеоласының қатты сүйек қабаты аздап қалыңдағанымен онда бұзылу үрдісі байқалмайды. Кейбір жағдайларда периодонт саңылауы тарылып, тіпті анық көрінуі қиын болады. Мұндай жағдай түбір ұшында цементтің шамадан тыс құрылуы нәтижесінде туындайды және түбір ұшы үшкір конус пішінді болмай, түйреуіш басына ұқсас болып келеді, кемік сүйек бағаналары қалыңдап, склероздану үрдісі орын алады.
Патологиялық анатомиясы.Периодонттың фиброзданып қабынуы кезінде клеткалық құрылымдардың азайып, коллаген талшықтарының жуындап, фиброзды тінге айналғаны байқалады. Талшықтар шоғырларының арасында көбінесе склероздануға ұшыраған тамырлар төңірегінде орналасқан домалақклеткалы қабыну инфильтраттарының ошақтары кездеседі. Ретсіз орналасқан жуанталшықты құрылымдар периодонтқа тыртық тініне тән қасиет береді және периодонттың түбір ұшы аймағындағы бөлігінің тұтас қалыңдауын қамтамасыз етеді. (сурет).
Ескере жүретін жағдай, ертеректе асқынған тісжегімен емделген тістің түбір өзектері жақсы пломбыланған болса және рентген суретте бірақ түбір ұшы периодонтында фиброзданып қабынуға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz