Маркетинг тауар



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Маркетинг жүйесіндегі тауар
1.1 Тауарларды топтастыру
1.2 Тауар белгісі
1.3 Тауардың оралуы
1.4 Штрих коды
2. Тауар саясаты
2.1 Тауар ассортименті
2.2 Жаңа тауарды жоспарлау
2.2.1 Тауарды тестілеу
2.3 Тауардың сапасы және бәсекеге қабілеттілігі
2.4 Тауар саясатындағы сервис
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Тауар дегеніміз рынок жүйесіндегі негізгі әрекет етуші “тұлға” десек те болады. өйткені ол өндірушінің экономикалық пәрменділігінің шынайы көрсеткіші болады. Рыноктағы коммерциялық табыстың көлемі тап қазіргі жағдайда сапасы жоғары және тұтынушыға да, өндірушіге де, тиімді тауарға байланысты болып отыр. Сонымен маркетинг мақсаты мынаған келіп тіреледі – адамдарға қажет тауарды белгілі орынға, керек уақытта, қолайлы бағамен, оңтайлы өткізу арнасымен, бағытталған белсенді жарнамамен жеткізуі тиіс.
Экономика теориясында тауар экономикалық категория ретінде белгіленген. Классикалық саяси экономикасында тауарды арнайы айырбас жасау үшін өндірілген еңбек өнімі деп анықталған. Бұл анықтама әрине маркетингте де өз күшін сақтайды. Алайда маркетингтің мақсаты мен атқаратын қызметтері тауар категориясына айрықша екпін береді. өйткені тұтынушылардың қажеттеріне бағытталған тауардың қасиеттеріне ерекше көңіл бөлінеді. Сайып келгенде тауар дегеніміз адам қажеті мен мұқтажын қанағаттандыруға арналған нәрсе, сол нәрсеге адамның назарын аудару, оны сатып алуға, қолдануға, тұтынуға ынталандыру, сол үшін ол нәрсені рынокқа ұсынады, демек маркетинг әрекеті жүргізіледі.
Тауарды шығару кезінде оны өндіру ұғымы 3 деңгейде қарастырылады:
1. Ойдағы тауар – тұтынушы сатып алатын тауардың атқаратын қызметін белгілеу керек. Бұны жалпы қорытылған өнім деп атауда болады. Бұл ұғым бойынша тұтынушының қажетіне лайық арнайы тауар өндіру және оны өткізу керек. Мұндай қаракет маркетинг концепциясына сайма-сай келеді.
2. Өндірушінің мақсаты – ойдағы тауарды нақтылы тауарға айналдыру керек. Өндірілген тауар өзінің қасиеттерімен, сапасымен, ыдысыменен сатуға арналады. Оны нақты өнім деп атайды. Нақты өнімдердің бес түрлі сипаттамасы болады: сапа деңгейі, қасиеттері жиынтығы, ерекше рәсімделінуі, таңбалық аты және ерекшеленген қорабы, немесе ыдысы.
3. Сипаттамаларына қоса өндіруші сатып алушыға қосымша қызмет көрсетуі мүмкін. Осының нәтижесінде толықтырылған тауар түсінігі қалыптасады. Өйткені сатып алушыны күтіп алу, оған қызмет көрсету, кепілдік беру, тауарды жеткізу жұмыстарымен толықтырылады.
1. Нысанбаев С.Н., Садыханова Г.А.
“Маркетинг негіздері”
2. Есімжанова М.О.
“Маркетинг” Оқу құралы
3. Сейітжан Сатыбалдыұлы
“Маркетинг нарықтануы”

Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Маркетинг жүйесіндегі тауар
1. Тауарларды топтастыру
2. Тауар белгісі
3. Тауардың оралуы
4. Штрих коды
2. Тауар саясаты
1. Тауар ассортименті
2. Жаңа тауарды жоспарлау
1. Тауарды тестілеу
3. Тауардың сапасы және бәсекеге қабілеттілігі
4. Тауар саясатындағы сервис
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Тауар дегеніміз рынок жүйесіндегі негізгі әрекет етуші “тұлға” десек
те болады. өйткені ол өндірушінің экономикалық пәрменділігінің шынайы
көрсеткіші болады. Рыноктағы коммерциялық табыстың көлемі тап қазіргі
жағдайда сапасы жоғары және тұтынушыға да, өндірушіге де, тиімді тауарға
байланысты болып отыр. Сонымен маркетинг мақсаты мынаған келіп тіреледі –
адамдарға қажет тауарды белгілі орынға, керек уақытта, қолайлы бағамен,
оңтайлы өткізу арнасымен, бағытталған белсенді жарнамамен жеткізуі тиіс.
Экономика теориясында тауар экономикалық категория ретінде
белгіленген. Классикалық саяси экономикасында тауарды арнайы айырбас жасау
үшін өндірілген еңбек өнімі деп анықталған. Бұл анықтама әрине маркетингте
де өз күшін сақтайды. Алайда маркетингтің мақсаты мен атқаратын қызметтері
тауар категориясына айрықша екпін береді. өйткені тұтынушылардың
қажеттеріне бағытталған тауардың қасиеттеріне ерекше көңіл бөлінеді. Сайып
келгенде тауар дегеніміз адам қажеті мен мұқтажын қанағаттандыруға арналған
нәрсе, сол нәрсеге адамның назарын аудару, оны сатып алуға, қолдануға,
тұтынуға ынталандыру, сол үшін ол нәрсені рынокқа ұсынады, демек маркетинг
әрекеті жүргізіледі.
Тауарды шығару кезінде оны өндіру ұғымы 3 деңгейде қарастырылады:
1. Ойдағы тауар – тұтынушы сатып алатын тауардың атқаратын қызметін
белгілеу керек. Бұны жалпы қорытылған өнім деп атауда болады. Бұл
ұғым бойынша тұтынушының қажетіне лайық арнайы тауар өндіру және
оны өткізу керек. Мұндай қаракет маркетинг концепциясына сайма-сай
келеді.
2. Өндірушінің мақсаты – ойдағы тауарды нақтылы тауарға айналдыру
керек. Өндірілген тауар өзінің қасиеттерімен, сапасымен, ыдысыменен
сатуға арналады. Оны нақты өнім деп атайды. Нақты өнімдердің бес
түрлі сипаттамасы болады: сапа деңгейі, қасиеттері жиынтығы, ерекше
рәсімделінуі, таңбалық аты және ерекшеленген қорабы, немесе ыдысы.
3. Сипаттамаларына қоса өндіруші сатып алушыға қосымша қызмет көрсетуі
мүмкін. Осының нәтижесінде толықтырылған тауар түсінігі
қалыптасады. Өйткені сатып алушыны күтіп алу, оған қызмет көрсету,
кепілдік беру, тауарды жеткізу жұмыстарымен толықтырылады. Мысалы,
тігін машинасын алайық. Оған кепілдік беріледі. Сонымен қатар ол
тауардың белгілі техникалық сипаттамалары анықталып көрсетілген.
Мұндай тауарлар ұлғайған өнім деп аталады.
Тауар қасиеттерінің жиынтығы мынандай көрсеткіштерімен анықталады:
1. Сапа (сапаға деген сенімділік өнімді ұлғайтуға жол ашады);
2. Тауардың атқаратын қызметіне дәл сәйкестігі;
3. Бағаның сапаға және тұтыну құндылығына сәйкестігі;
4. Тауар құжаттары;
5. Сатып алынғаннан кейінгі сервистің сапасы;
6. Ассортименттің байлығы, тауарды таңдауға мүмкіндіктің молынан
болуы.

1. Маркетинг жүйесіндегі тауар

2 Тауарды топтастыру

Рынокта әртүрлі көптеген тауар түрлері орын алады. Тауар рыногындағы
зерттеу жұмысын жеңілдету үшін және маркетинг стратегиясын құрып,
тұтынушылардың сатып алу жағдайын қалыптастыру үшін тауарлар топтастырылып
қарастырылады:
1. Дәстүрлі тауарлар
2. Қызметтер түріндегі тауарлар
3. Дәстүрлі емес тауарлар
Дәстүрлі тауарларға тоқталайық:
1.Тұтыну тауарлары – түпкі тұтынушылардың жеке пайдалануына арналған
тауарлар. Тұтыну уақытына сәйкес олар мынадай топтарға бөлінеді:
а) Ұзақ және жиі қолданылатын тауарлар (мысалы, киім, автокөлік,
телевизор, т.б.);
б) Қысқа мерзім пайдаланылатын тауарлар – бір мәрте немесе бірнеше рет
тұтынатын тауарлар (салфетка, нан, тіс шаю пастасы, т.б.).
Ал тұтыну әдістеріне қарай олар мына топтарға бөлінеді:
а) Күнделікті сұраныстағы тауарлар. Оларды сатып алғанда тұтынушылар
көп ойланбайды, салыстырып жатпайды, өйткені күнде алады. Соған сәйкес ол
тауарлар өзара былай бөлінеді:
• үздіксіз сұраныстағы тауарлар – тұтынушылар үнемі сатып алатын
тауарлар (тіс шаятын паста, сабын порошогы, шырпы, т.б. с.с.);
• импульстық (ойда жоқта сатып алынатын) тауарлар – алдын ала сатып
алуын жобаламаған және арнайы іздемейтін тауарлары (шоколад, сағыз,
газет, сусындар, т.б.);
• төтенше сұраныс тауарлар – кенеттен қажет қалыптасып сатып алынатын
тауарлар, бұлар аяқ астында қатты мұқтаждық туған кезде сатып
алынатын заттар (қол-шатыры, дәрі, такси, т.б.).
б) Алдын ала таңдалып, сатып алу жоспарына енгізілген тауарлары.
Тұтынушы ол тауарларды көптен таңдайды, сатып алғанда оның жарамдылығын,
сапасын, бағасын, сыртқы әдемілігін т.б. қасиеттерін салыстырып барып,
сатып алады. Мысалы, жиһаздар, тұрмыстық электрозаттары, сыртқы киімдер
солай сатып алынады. Олар өзара былайша бөлінеді:
• бір-біріне ұқсас тауарлар – түрі, сапасы бірдей, бірақ бағасы әр
түрлі болады;
• ұқсас емес тауарлар – бағасын.
в) Ерекше сұраныстағы тауарлар – бірегей сипаттамалары мен және жеке
таңбалы тауарлары. Оларды сатып алу үшін кейде тұтынушылар бірқатар қосымша
күш салады. Мысалы, автокөліктерді, фотожүйесін, мода тауарларын т.б. сатып
алғанда.
г) Еңжар (пассивті) сұраныстағы тауарлар. Оларды тұтынушылар білуі,
немесе білмеуі мүмкін. Бірақ, сатып алу жағын ойластырмайтын тауарлар (өмір
қаупін сақтау, бейіттік учаскелер, энциклопедия және т.б. тауарлар).
2. Өнеркәсіп тауарлары. Олар өндіру үрдісіне қатысуына байланысты
мынадай топтарға жіктеледі:
а) материалдар және бөлшектер - өндірушінің тауарында толық
қолданылатын заттар:
• шикізат;
• жартылай фабрикаттар;
б) күрделі мүлік - өндіру үрдісінде қолданылады және дайын заттың
құнында жарым-жартылай орын алады. Олар тұрақты өндіріс құралы (мысалы,
зауыт, станок және т.б.) және қосалқы жабдықтар;
в) қосалқы материалдар - өндірілген заттың құрамына енбейтін тауарлар
және объектілер, алайда жұмысқа керекті материалдар. Мысалы: станокты
майлайтын материалдар, тас көмір, электроқуаты, жөндеуге және техникалық
қызмет көрсетуге арналған материалдар, т.б.
3. Биржа тауарлары – дүниежүзілік экономикада маңызды роль атқаратын,
оңай стандартталатын тауарлардың шағын тобы. Мұндай тауарларға жататындар:
а) энергия көзі болатын тауарлар, мысалы, мұнай, газ, тас көмір;
б) азық-түлік тауарлар, мысалы, бидай, қант, жүгері, күріш, кофе;
в) стратегиялық тауарлар, мысалы, алтын, уран, платина;
г) металдар, мысалы, мыс, болат, күміс, т.б.

1. Тауар белгісі

Тауар таңбасы дегеніміз басқа тауарлардан оны айыру кезінде
қабылданған тәртіпке сәйкес тіркелген тауарға берілген белгі болады. Ол
сурет, рәміз(символ), біріккен әріптер немесе цифрлар сипатында болуы
мүмкін.
Таңбалық ат дегеніміз атаулы тауардың таңбасының бөлігі.

Таңбалық белгі деп суреттеп белгіленген тауар таңбасының бөлімін
айтады.

Тауар белгісі дегеніміз заңға сүйенген, қорғауға қамтамасыз етілген
тауар таңбасының бір бөлімі.
“Тауар белгілері, белгінің қызмет көрсетуі, тауар өндірушінің аты”
деген заң Қазақстан Республикасында да бар.
Таңбасы бар тауарлар таңбасы жоқ тауарларға қарағанда 15-25% артық
бағаланады.
Тауар белгілерінің тіркелуі бәсекелестермен бәсекеге түсу, жарнама
жасау, тұтынушылардың және олардың коммерциялық құрылымымен танысу үшін
ғана қажет емес, ол басты түрде тауар белгілеріне лицензия сату
мүмкіншілігі үшін қолданылады.

1.3 Тауардың оралуы

Тауардың оралуы – оны салатын ыдысқа, я болмаса қорабқа, немесе
орайтын затқа байланысты. Тауардың ішкі және сыртқы оралуы болады:
• Ішкі оралуы дегеніміз тауардың салынған тікелей ыдысы, мысалы,
әтірдің шишасы;
• Сыртқы оралуы – тауарды қорғау үшін орайтын және тауарды тікелей
қолдануға дайындау кезінде алынып тасталатын материал.
Тауардың оралуы мынадай қызметтерді атқарады:
1. Тауардың бұзылуы мен бүлінуінен сақтайды.
2. Тауарларды көлікпен тасымалдауды, тиеуді және түсіруді жеңілдету
үшін ұтымды бөлшектейді.
3. Тауарды сату үшін салмағы мен көлемін оңтайландыруды (оптималдауды)
қамтамасыз етеді.
4. Жарнама жасау үшін қолданады.
5. Қоймаға тауарды жинап қоюды жеңілдетеді.
Тауардың оралуына қойылатын талаптар:
• тауардың өзіндік түп нұсқасын және патентін қорғау;
• оралған ыдыстың өзін басқа мұқтажға қолдану мүмкіндігі;
• сатып алушыға эстетикалық әсер етуі;
• орауға кеткен шығындардың неғұрлым төмен болуы;
• тауардың сапасын сақтау талаптарын орындау.
Ораудың сыртқы бейнесіне әсер ететін факторлар:
а) тауардың қасиеттері мен ерекшеліктеріне байланысты оны орау
түрлері;
б) тасымалдау, қоймалау құралдарын оңтайлы (оптималды) қолдану үшін
тауардың салмағы мен көлемінің өзгешелігі;
в) автоматтандыру, тасымалдау, қоймалау құралдарына тауар оралуының
бейімделу қажеттілігі;
г) тасымалдау, қоймаға жию және сақтау үдерісінің тауарға тигізетін
әсеріне қарай тауарды орау.
Дамыған елдерде орау жұмысына жыл сайын ұлттық табыстың 3%-тен жоғары
үлесі жұмсалады. Бизнесмендер: “Тауарыңды немен орайтыныңды көрсетсең,
өзіңмен әріптес боларымды айтамын”, немесе “Орау шығыны тауардың өз құнынан
да ұтымды” дегенді айтады. Қазіргі кезде сәнді етіп ораудың өзі бәсекеде
аса маңызды рөл атқарады.

4. Штрих коды

Еңбек өнімділігін арттыру мен шығындарды айтарлықтай азайтуға
бағытталған компьютерлік техника негізіндегі автоматтық сәйкестендіру
технологиясы кеңінен таралған. Барлық әйгілі технологиялардың ішінен штрих
коды ең көп қолданыс тапты.
Штрих коды дегеніміз ол қос жүйелі әріптер мен сандарды бейнелейтін
айқын жолақтар мен олардың арасындағы кеңістіктерден тұратын символы. Штрих
кодын қолдану өндіріске де, саудаға да, сонымен бірге тұтынушыларға да
қолайлы нәрсе. Тауардың өзінде, немесе оның орауында штрих кодтың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы маркетингтік жүйенің даму бағыттары
Кәсіпорынның маркетингтік қызметтін жетілдіру
Қазақстан Республикасының маркетингті жетілдіру жолдары
Маркетинг пайда болуының және дамуының алғы шарттары
Маркетинг мәні және қызметтері
Маркетингтің мәні мен негізгі түсініктері
Лекция Маркетинг жүйесіндегі тауар
Кәсіпорынның маркетингтік іс-әрекеттері
Отандық кәсіпкерлерге маркетинг
Еліміздегі бүгінгі күні қалыптасқан маркетинг теориясы мен практикасын талдай отырып, оның экономикамыздың алға басуында ерекше орын алуы жайлы сөз қозғап, отандық кәсіпорындардың, соның ішінде АЛСИ ЖАҚ-ның маркетингті қолдану процесін зерттеу
Пәндер