Менеджмент пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 163 бет
Таңдаулыға:   

5. ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ

5. 1 Дәріс сабақтарының атаулары, олардың мазмұны

1 - тақырып. Басқару ғылымының пәні мен әдісі

  1. Экономикалық ғылымдар жүйесінде басқару ғылымының пәні.
  2. Менеджменттің теориялық және методологиялық негіздері.
  3. Теория мен практика бірлігі, менеджментті зерттеудегі тарихи және логикалық тәсілдер.

Менеджмент басқарудың мақсатына адамдардың еңбек белсенділігін ынта-ықыласы арқылы көтеріп, олардың тиімді жұмысының негізінде жетуді ұйғарады. Ғылымның бұл түрін білу барысында басқарудың мақсаттарын қою мен дәлелдеу үшін нақты білім және тәжірибелік дағды алуға болады, осы мақсаттарға жету жолында персоналдың күш-қуатын жинастыруға, ғылыми дәлелденген шешімдерді қабылдауға, кадрлар жұмысын жүйелеуге, кәсіпорындарды біртұтас жүйе түрінде басқаруға мүмкіндік береді.

Әртүрлі ғылымдар секілді менеджменттің де теориясы болады, онда осы пәнге тән қасиеттер, міндеттер, категориялар, заңдылықтар, принциптер, әдістер, функциялар және өзінің ізденіс жолы қамтылады.

Басқару адамдардың парасаттылық нысаналы іс-қызметінің көмегімен қоршаған әлемді бағындыру және тіртіпке келтіру жұмысынан тұратындығы бұрыннан белгілі. Менеджмент - басқарудың маңызды құрамдас бөлігі, оның пәні басқару үрдісіндегі әлеуметтік қатынастардан тұрады. Сөйтіп, менеджменттің ғылым ретінде айналысатын пәні басқару үрдісіндегі адамдардың арасындағы қалыптасатын қатынастар.

Менеджментті кәсіпкерлік іс-қызметтің түрі деп қарастыруға да болады. Осы көзқарасқа қарай менеджментті алдын-ала белгіленген экономикалық нәтижеге жету үшін адамдардың күш-қуатын нысаналы түрде шоғырландыруды ұйғаратын іс-қызметтің бір түрі деп түсінген дұрыс.

Әр салада басқару іс-қызметтің жалпы қағидаларымен бірге өзіне тән ерекшелігі болады. Аграрлық сфераны алатын болсақ, онда басқару қатынастарының ерекшелігі ең алдымен оның іс-жұмысының көлеміне, сонымен бірге жұмыскерлердің санына қарай әрбір елдің экономикасының ірі салаларының бірі болып есептелетініне байланысты. Кәсіпорындар мен ұйымдардың іс-жұмысына өздерінің ықпалын тигізетін сыртқы факторлардың қатарына жататындардың бірін көрсетпесек те, келесілерді айтуға болады: халықтың төлем қабілеті бар сұранысты, өндірістің, тауарды сыртқа шығарудың және оны шеттен әкелудің, бәсекенің, табиғат пен ауа-райының демографияның жиі жағдайын. Сонымен қатар, бұл кәсіпорындардың және ұйымдардың іс-қимылы олардың қолындағы жердің, техниканың малдың, материалдық құралдардың және ақша қаржысының болуына ғана емес, сонымен бірге оларда ең алдымен жұмыс істейтін адамдардың барлығына байланысты.

Менеджмент стратегиялық және тактикалық мақсаттарға оңтайлы жетуде әрбір кәсіпорындардың және олардың персоналдарын нысаналы және келісімді жұмысын қамтамасыз ететін басқару іс-қызметінің ерекше түрінен тұрады. Ал басқару үрдісі белгілі мақсатқа жетуге бағытталған дәйекті түрдегі істің жиынтығының көрінісі.

Мененджмент макро және микроэкономиканың негізгі қағидаларына негізделеді. Бірақ, бұл бірыңғай экономикалық пән болып табылмайды. Оның ғылым болып құрылуына айтарлықтай ролды психология, педогогика, социология, кибернетика және математика атқарады. Онымен қатар, менеджменттің өзі маркетингті, коммерциялық іс-қызметті және басқару іс жұмысын жүргізумен байланысты басқа қолданбалы пәндерді зерттеуге негіз болып табылады.

Мененджмент ғылым ретінде ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХғасырдың басында пайда болып, өзінің дамуында бірнеше кезеңді басынан кешірді. Экономикалық әдебиеттерде басқару ойының алғашқы қарқыны «тейлоризм» деген ағыммен байланысты екені айтылады.

Алғаш рет ғылыми мененджмент мектебінің негізін қалаған америка инженері Фредеррик Тейлор (1856-1915) . Ол өндірісті ғылым тұрғысынан басқаруға болады деген пікір айтты. Кезінде ғажайып жаңалық болған бұл құбылысты ол кейін өзінің еңбектерінде ғылыми жағынан жан-жақты дәлелдеді. Ф. Тейлор кәсіпорынды басқару ісін өнер ретінде қарастыра келіп менеджер «нені жасауды дәл білу және соны арзан, әрі ең тиімді тәсілімен қалай жасауға болатынын» зерттеу нысаны етті. Ф. Тейлор басқару ісін тек кәсіпорын деңгейінде ұйымдастыруды қарастырды. Оның теориясын Гаррингтон Эмерсон (1853-1931), Генри Форд (1863-1947), Френк Гилберт (1868-1919), Лилиан Гилберт (1861-1919) т. б. өздерінің ғылыми еңбектерінде одан әрі дамытты.

Классикалық үлгідегі (әкімшілік) мектептің өкілдері Анри Файоль, Линдаль Урвик, Джеймс Муни , А. К. Райли басқарудың әмбебап принциптерін ойластырды. Сондай мектептің негізін салушы француз ғалымы Анри Файоль (1841-1925) практикалық тәжірибені жинақтау негізінде мынадай қорытындыға келді: «басқару-кәсіпорынның мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, оны белгілі бір мақсатқа жетелеу». Ол сондай-ақ, мемлекеттік басқару ісін ғылым жолымен ұйымдастырудың принциптерін қолдану мүмкін екендігіне алғаш рет ой жүгіртті.

Бихевиористік (мінез-құлық) мектебі ХХ ғасырдың 20-шы жылдардың аяғы мен 50-ші жылдардың басында қарқынды белең алды. Бұл бағыт психология мен социология ғылымдарын басқару жүйесінде қолданумен айналысты. Бұл мектептің негізін қалаушылардың бірі американ экономисі- Элтон Мейо (1880-1949) болды. Осы ілім формалдық емес басқаруды ұйымдастыру міндеттерін, еңбек өнімділігін өсіруді ынталандырудың жаңа әдісін ендіруді ұсынды: қызметкердің ағартушылықпен айналысуын, өндіріс салалары мен еңбекті гуманизациялауды шешуде топтық демократиялық тәсілдерді қолданды. Американдық зерттеушілер де Мери Паркер Фоллет (1868-1933), Абрахам Маслоу (1908-1970) бихевиористік (мінез-құлық) мектептің өкілдері болып табылады.

Басқарушылық ойдың жаңа даму дәуірі (1950-1960) қазіргі сандық әдіс негізінде басқаруда математика мен компьютерді қолдану арқылы шешумен байланысты. Сөйтіп «басқару ғылымы немесе сандық ықпал» мектебі өмірге келді. Бұл мектептің негізгі өкілдері: американдық ғалымдар С. Черчмен Джеймс Марч, Герберт Саймон, Райт Джей Форрестер, Х. Райфа .

ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында мененджментте жаңа бағыт қалыптасты. Ол «ситуациялық әдіс » деп аталады. Әр түрлі жағдайды қарастырудың басты ерекшелігі әрбір ұйымдық-басқарушылық мәселені шешуді нақты қалыптасқан жағдаймен байланыстыруды талап етеді. Өзінің зерттеуінің негізіне бұлмектеп кәсіпорын, ұйымының жұмыстарын қарастыруын, олардың белгілі нақты жағдайда жұмыс атқаруын ескереді. Осы кәсіпорынның қызмет жасауына қандай ішкі және сыртқы факторлардың ықпалы бар және осы бірнеше варианттардан, мүмкін шешімнің біреуі қабылданып, қалыптасқан мәселенің бір ғана шешімі алынады.

Басқару теориясы мектептерінің пайда болуын зерттеушілер сол уақытта қалыптасқан белгілі себептермен, жағдайлармен байланыстырылады.

Мысалы, басқару теориясының «класикалық мектебі» мыналардың әсерінен қалыптасты: ұйымдар саныныңөсуі, тауар мен қызмет көрсету нарығының өсуі, бірінші дүниежүзілік соғыс, 1929-1933 жылғы дағдарыс және постиндустриалды революцияның басталуы.

Бихевиористік (мінез-құлық) мектебі пайда болуы кәсіподақтың өсуі әсерімен түсіндіріледі, дайындығы жақсы менеджерлерге сұраным екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде қалыптасқан жағдаймен байланысты.

«Басқару ғылымы» мектебінің дамуы корпорация, концерн, концерн-конгломераттар көлемі өсуі әсерімен, «қырғи-қабақ соғыс», өндірістің құлдырауымен түсіндіріледі.

«Ситуациялық тәсіл» мектебінің пайда болуы экономика мүмкіндіктерінің ұлғаюы әсерімен, елдер арасындағы ғарыштық, бақталастық, жоғарғы технологиялық өнімнің өмірге келуі, азаматтық құқық күресінің өсуі, жоғарғы біліктілікті талап ететін мамандықтардың өсуімне байланыстырылады.

Басқарушылық ойлар жетістігін қолдану практикасында көптеген елдерде басқару моделінің өзіндік ұлттық ерекшелігі пайда болды. Қазіргі кезде басқарудың -американдық, жапондық, арабтық және батыс еуропалық мектептері қалыптасты

Семинар жоспары

  1. Басқару әдістерінің жиынтығы.
  2. Курстың мазмұны мен мәселелері. «Менеджмент» оқу пәнінің басқа пәндерімен байланысы. Оның мамандар дайындаудағы мақсаттары мен мәселелері.
  3. Басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі.

Әдебиет

  1. Управление организацией / Под ред. А. Г. Поршнева, З. П. Румянцевой, Н. А. Соломатина. - М. : ИНФРА, 1998.
  2. Попов Г. Х. Проблемы теории управления. - М. : Экономика, 1970.
  3. А. Файоль, Г. Эмерсон, Ф. Тейлор, Г. Форд. Управление - это наука и искусство. - М., 1992.
  4. Тейлор Ф. У. Принципы научного менеджмента / Пер. с англ. - М., 1991.
  5. Бердалиев К. Б. Основы менеджмента. - Алматы. КазГАУ, 1994.
  6. Кубаев К. Е. Управление и общество Евразийского континента на пороге XX1 века // ВЕСТНИК CAMAN. - 1997. - №5. - С. 3-8.

2-Тақырып. Менеджменттің мәні мен қағидалары

  1. Менеджмент туралы түсінік. Менеджмент мәселесі.
  2. Менеджмент түрлері: өндіріс менеджменті, қаржы менеджменті, инновация менеджменті, инвестиция менеджменті, дағдарысқа қарсы менеджменті, халықаралық менеджмент және басқалар.
  3. Басқарушы және басқарылушы кіші жүйелер, олардың бірлігі мен әрекеттестігі.
  4. Менеджер және оның функциялары.

Басқаратын және басқарарылатын жүйелердің басқарудың объектісі мен субъектісінің салыстырмалық заңдылығы басқару сферасының басқару объектісінің талабына сәйкес екенін көрсетеді. Солай, 70 жылдары Қытайда байқалған эконгомиканың дамуындағы сапалы өзгерістер барлық атарбасының белгілі бір өзгеріске ұшырауын талап етті, бұл 1975 жылы жүзеге аса бастаған кешенді реформада өзінің көрінісін тапты. Осының нәтижесінде Қытайдың экономикасы мен оны басқару ғылыми-техникалық прогресстің талабына зерек болды, тұрақты дамудың тенденциясын алды, реттелетін нарықтық қатынастарға өту дағдарыссыз және сілкініссіз жүрді.

Егер жалпы заңдылық басқаруға тұтас түрде тән болса, ал жеке заңдылық басқарудың бөлек жақтарын және жүйесін сипаттайды. Жеке заңдылыққа басқару функцияларывның өзгеру заңдылығын, басқару сатыларының санын оңтайлау заңдылығын басқару функцияларын шоғырландыру заңдылығын және бақылаудың өрістелу заңдылығын жатқызуға болады.

Басқару функциялардың өзгеру заңдылығы басқарудың әртүрлі иерархиялық сталыраныда белгілі бір функциялардың артқанын және келесі кейбіреулерінің азайғанын көрсетеді.

Басқару сатыларының санын оңтайлау заңдылығы басқарудың артық буындарын қысқартуды ұйғарды. Бұл оның дереулігін және икемділігін көтереді.

Басқару функцияларын шоғырландыру заңдылығы басқарудың әрбір сатысы фһункцияның көбірек шоғырланғанына ұмтылады. Яғни, басқару персоналдың сандарының өсуіне және өсіруіне бұл заңдылықты барлық елдерде байқалатын бюрократтық аппарат санының өсуі туралы деректер көрнекі суреттейді.

Бақылаудың өрістелу заңдылығы бағынғандардың саны мен және олардың мүмкіншілігінше тиімді басқару іс-қызметін, іс-әрекетін басшы жағынан бақылау арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Бұл басшының қол астында 7-10 бағынған адамдар болса да оңтайлы деп есептелінеді.

Басқарудың жалпы және жеке заңдылықтары объективті сипатта болады және адамдардың басқару іс-қызметтерін үрдісінде жүзеге асады.

Басқарудың принциптері - басқаруды ұйымдастыруға және оның құрылымына, жүйесіне қойылатын негізгі талаптары анықтайтын басшылықтың ережесі. Басқарудың заңдылығы сияқты оның принциптері де жеке және жалпы болып екіге бөлінеді.

Басқарудың жалпы принциптері әмбебап сипатта болатындығымен және басқарудың барлық сферасы мен халық шаруашылығының барлық салаларына ықпалын тигізетіндігімен сипатталады.

Басқарудың жалпы принциптеріне мақсаттылық, жоспарлылық, құзыреттілік, тәртіптілік, ынталандыру, иерархия№

Мақсаттылық принципі басқарудың бағдарламалы-мақсаттық мәнімен анықталады және әрбір кәсіпорын мен оның бөлімшелерінің алдына айқын мақсатты қойғандығын ұйғарады. Бұл орайда мақсат нақты, жетуге болатын және деректі анықталған шекті болуы керек, сонда ғана бұл оның орындауға персоналдың күшін жұмылдырады және оның жұмысына дұрыс мағына береді.

Мақсаттылық принцип мақсаттарды қоюды ғана емес, онымен қатар олардың қажетті ресурстармен аралық қатынасына қатысты болғанын ұйғарады. Бұл орайда, мақсаттардың оларға жетуге қажетті басты ресурстармен байланысын қамтамасыз ету ғана емес, осы мақсаттарға жетуге кедергі жасайтын ең әлсіз буынға назарды аударған жөн.

Басқарудың жоспарлау принципі де бағдарламалы-мақсатты басқарумен байланысты және іс-қимылдың бағдарламасын жасауды, оны жүзеге асыруды алдын-ала қарастырады.

Құзыреттілік принцип пен жердің басқару объектісі бойынша білімнің болуынан немесе ең жоқ дегенде шешім қабылдаған уақытта маманның құзыретті консультациясын дұрыс ұғыну қабылетінен көрінеді. Құзыреттілік принцип басқарудың функциялары бойынша еңбектің жатық бөлінісімен байланысты.

Басқарудың ажырамайтын принципі тәртіптілік, бұл басқарудың қандай жүйесі қай сатыда болса да сақталуы керек. Тәртіптілік басшының нұсқауын, лауазымды қызметтің міндеттерін, инструкцияларды, бұйрықтарды және басқа директивтік құжаттарды сөзсіз орындағанды ұйғарады.

Ынталандыру принципі ең алдымен материалдық және моралдық стимулдарды пайдаланудың негізінде еңбекті іс-жұмысқа сылтауратуды ұйғарады. Материалдық ынталандыру жұммыскерлердің еңбек нәтижесіне қарасты жеке экономикалық мүдделігіне негізделсе, ол моралдық негізінен жұмыскерлерге психологиялық әсер көрсетуден тұрады.

Иерархия принципі басқару еңбектің тік бөлінісін көрсетеді, яғни басқарудың сатыларын бөлінуін және басқарудың төменгі сатылардың жоғарыдағыларға бағынғандығын көрсетеді.

Менеджмент басқару үрдісінде адамдардың өзара қатынасын зерттейтін басқарудың маңызды бөлігі болып табылады. Менеджмент пен басқарудың негізгі категорияларының мазмұны бірдей болады: басқарудың субъектісі мен объектісі, тура және кері байланыс, басқару жүйесі, қоршаған орта.

Менеджменттің әдістемелігі үрдістік, ахуалдық, жүйелі және бағдарламалы-мақсатты тәсілдерге негізделеді:

  • Үрдістік тәсіл басқаруды негігі функциялардың Ұжоспарлау, ұйымдастыр, ынталандыру және бақылау үздіксіз өзара әрекетінің үрдісі ретінде қарастырғанды ұйғарады;
  • Ахуалдық тәсіл басқаруды жай жағдайда қарай болғанын талап етеді;
  • Жүйелі тәсіл саланы тұтас ретінде және әрбір кәсіпорынды толық жүйе ретінде қарауға және олардың іс-қимылының оңтайлы параметрін анықтауға мүмкіншілік береді;
  • Бағдарламалы-мақсатты тәсіл мақсаттардың айқын анықталуын, олардың қатарларының лайықты болуын және дәйектілікпен жүруін күні бұрын ескереді.

Басқарудың заңдылығы - бұл басқару үрдісінде дұрыс байқалатын, қайталанып отыратын және әртүрлі элементтермен және құбылыстардың арасындағы мәнді өзара байланыстар№

Басқарудың принциптері - бұл басқаруды ұйымдастыруға, оның құрылымына және жүйесіне қойылатсын негізгі талаптарды анықтайтын басшылықтың ережесі.

СӨЖ тапсырмасы :-

Экономикалық жүйелердегі басқаруды жүзеге асыру үшін кері байланыстардың маңызы. Үлкен жэүйелердің қасиеттері.

Тәртіптілік мектебінің негізгі мақсаты, оның өкілдері. Басқару ғылымының ғылыми мектебінің сипаттамасы. Жағдайлық тәсіл, оның өкілдері және басқару теориясын қосқан үлесі. Процестік тәсіл, оның сипаттамасы және өкілдері. М. Мэскон бойынша басқару тәсілдерінің эволюциясы.

Менеджмент және кәсіпкерлік. Менеджмент бірігіп құрасырылған еңбектің құрама бөлігі және Қазақстандағы меншіктің жаңа қарым-қатынастарын жүзеге асыру құралы ретінде.

Өзін-өзі басқару концепциясы реттелінетін рыноктық экономикаға өтудің ғылыми негізі ретінде.

Қазақстанн Республикасының қалыптасуы және дамуының стратегиясы. Экономикалық даму стратегиясының кезеңдері. Реформаларды тереңдету бойынша ҚР өкіметінің орта мерзімдік бағдарламасы.

Әдебиет:

  1. Виханский О. С. Проблемы развития управления общественным производством. - М., 1991.
  2. Бердалиев К. Б. Основы менеджмента. - Алматы. КазГАУ, 1994.
  3. Мескон М. Х., Альберт М., Хедоури Ф. Основы менеджмента / Пер. с англ. - М. : Дело, 1992.
  4. Менеджмент. Учебник для вузов / М. М. Максимов, В. В. Игнатьев и др. - М. : Банки и биржи, 1998.

5. Кубаев К. Е. Развитие профессионального управления в Казахстане//-Вестник КазГАУ, 1998. - №3. - С. 32-37.

3 -Тақырып. Басқарудағы жүйелік тәсілдің негіздері

  1. Жүйелер туралы түсінік және олардың қасиеттері. Басқарудың жүйе, құрылым және процесс араларындағы қатынасы.
  2. Жүйенің жұмыс істеу шарттары. Экономикалық жүйелердің ерекшеліктері.
  3. Басқару жүйесі ретіндегі өндіріс туралы түсінік. Өндірісті басқарудағы жүйелік тәсіл. Өндірісті басқару жүйесінің жұмыс істеуі және оны құрастыру қағидалары.

Жүйенің жалпы теориясы - күрделі жүйенің іс-қимыл жасау (жұмыс істеу) заңдылықтарын зерделейтін ғылым. Ол басқару және ұйымдастыру теориясының әдістемелік негізі болып табылады. Басқару мен жүйелі талдау әдістемесі, басқару процесіндегі құралдар ретінде оның қолданылу мүмкіндіктері мынаған негізделген: жүйелілік нақты өмірде орын алатын барлық күрделі объектілердің объективті ерекшелігін білдірмек.

Профессор Людвиг фон Берталанфи жүйелі тәсілдеменің әдістемесін кеңінен баяндап беруші ғалым. Ол 1937 жылдың өзінде-ақ "Жүйенің жалпы теориясын" алға шығарды.

Жүйені біріктіруші қасиеттерге ие, өзара ықпалдасушы компоненттерінің жиынтығы деп ұғуға болады. Ал біріктіруші қасиет жеке алғанда осы элементтердің бәріне бірдей тән емес. (Берталанфи анықтамасы) .

Кез келген жүйенің ерекшеліктеріне жататындар:

― Тұтастық (оның элементерін құрайтын ерекшеліетер

жиынтығындағы жүйелердің ерекшеліктері) .

― Құрылымдығы (жүйелерді оның құрылымын белгілеу арқылы

сипаттау мүмкіндігі)

― Иерархиялық (жүйенің әр бөлігі белгілі бір дәрежеде ө сапасы

болатын қосалқы жүйе ретінде көрінеді. )

Жүйе, ең алдымен, тұтас білім ретінде қарастырылады.

Жүйе қандай да бір ішкі байланыстары болмайтын кездейсоқ объектілердің жиынтығы емес, ол бір-бірімен өзара байланысты және өзара ықпалдасу үстінде болатын, сыртқы әсерге жауап қататын тұтас организм секілді.

Жүйе тұтастық тұрғысынан жеке пайда болатын элементтредің құрамында болмайтын жаңа қасиетке, жаңа сапалы сипаттамаларға ие болмақ.

Тұтастық нәтижесінің, бірлескен жаңа қасиеттердің көз жеткізіп иландыратын үлгісіне еңбек процесіндегі жай кооперацияны жатқызуға болады. Жүйенің мүмкіндіктері оның құраушы элементтерінің жай жиынтық мүмкіндіктеріне қарағанда әлдеқайда кең.

Барлық жүйелерді шартты түрде үш түрге бөлінуге болады:

― Техникалық;

― Биологиялық;

― Әлеуметтік, оның ішінде әлеуметтік экономикалық.

Бұл түрлердің өз заңдылықтары мен өзіндік ерекшеліктерін құрайтын жақтар бар.

Менеджмент үшін әлементтік жүйенің маңызы аса зор. Кез келген әлеуметтік жүйе әр келкі жүйелер болып табылады, оған белгісіздік тән.

Әсіресе, үлкен айырмашылықты әлеуметтік-экоонмикалық жүйеден кездестіруге болады, оған өндірістік-шаруашылық кешендері (кәсіпорын, салалар, аймақтар, тұтас экономика) қатысты. Бұлай болатын себебі, адам оның ажырағысыз бөлігі болып табылады. Адам осы жүйелердің белсенді қалыптастырушы, жүйелердегі байланыстар мен қатынастардың сипатын танытып, оларды жұмыс істетеді әрі дамытады.

Әлеуметтік-экоонмикалық жүйенің басты рекшелігі - оның басты компоненті адам болғандықтан бұл жүйенің негізінде адамдардың мүддесі жатады.

Мұндай жүйе дербестікке ие элементтерден тұрады. Бұл оның жүйе тармақтары мен қосалқы жүйе ретіндегі жүйе элементтерін анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша, жүйе тармағы жүйе элементі немесе осы элементтердің тобы болып табылады. Әлдеқайда жоғары иерархиялық жүйелер қатынасындағы жүйе-жүйенің тармағы бола алады.

Мәселен, кәсіпорын, бір жағынан, дербес жүйені білдіретін болса, екінші жағынан оны салалардың жүйе тармағы ретінде қарастыруға болады. Бұдан шығатын қорытынды: жүйе мен жүйе тармағы арасындағы айырмашылық салыстырмалы түрде де, абсолюттік сипатта да бола берді.

Жүйе теориясы, егер сақталмаса басқару ісінің жүзеге асуы мүмкін болмайтынын белгілейді.

Бұл жағдай экоонмикалық жүйеге де қатысты:

  1. Жүйелер арасында, ең алдымен, басқарушы және басқарылушы жүйелер арасында себеп-салдар байланысы болуы керек. Бұл мынаны білдіреді: басқару ісі жүйе мен басқарылатын объекті өзгерістерге бірдей жауап қайтарған жағдайда ғана мүмкіндік болады, яғни кері байланыс орнайды.
  2. Жүйелердің динамикалылығы. Жүйе бір сапалы жағдайдан екіншісіне өте алатындай қабілетке ие болуы керек яғни бір сапалы жағдайдан екіншісіне өту барысында да өтуден кейін де ол жүйе ретінде қалуы керек.
  3. Жүйеде процесс ағымына әсер ете отырып, оны өзгерте алатындай параметрдің бар болуы.
  4. Жүйенің басқару ықпалын күшейте алатындай қабілті, яғни осы ықпалға жауап қатып қана қоймай, оны тереңдететін қабілетке ие болуы керек.
  5. Басқару ақпаратын табыстау, жинақтау және жаңғырту мүмкіндіктерін қамтамасыз ету.
  6. Жүйелердің тұтастай сипаты. Онсыз бақылау мен басқару мүмкін емес.

Жүйе деп басқару барлық басқару жүйелеріне ортақ аты аталған шарттар орындалған да ғана мүмкін болады.

Өндірісті басқарудың жүйелі тәсілдемесі

Жүйелі тәсілдеме - коонмикалық ғылымда қолданылатын ғылыми зерттеудің ең жемісті әдістерінің бірі.

Өзінің алғашқы мағынасында - грек тілінен аударғанда "жүйе" сөзі көптеген элементтерден құралатын, бөліктреден тұратын бір бүтін тұтастық ұғымын білдіреді.

Жүйенің бұлайша ұғындырылуы экоонмикалық тұтастыққа да қатысты; өндіріс-пәндердің, саймандардың, еңбек түрлері мен түпкілікті өнімдердің жиынтығы ретінде болады.

Өндіріс - бұл әлеуметтік-экоонмикалық жүйе. Экономикалық деп аталу себебі, еңбек және материалдық ресурстарды ұштастыру нәтижесінде материалдық игіліктер пайда болып, қоғамның өндірістік күштерінің ұдайы өндірісі ұлғаяды. Оны басқаша былай анықтауға болады: "Белгілі бір қоғамдық-тарихи жағдайларда қалыптасатын өндірістік қатынастардың тұрпатын экономикалық жүйе деп ұғуға болады".

Әлеуметтік жүйе деп аталуы адамдар құрайтын ұйымға байланысты. Экономикалық жүйеге басқа жүйелерге ұқсмайтын өзіндік ерекшеліктер тән.

Экономикалық жүйе әлеуметтік сипаттағы адам-машина жүйесі ретінде қарастырылады. Ондағы негізгі рөлді материалдық және рухани өндіретін әрі тұтынатын адам орындайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық экономика пәнінен оқу-әдістемелік кешені
«Педагогикалық менеджмент» оқу-әдістемелік кешені
Менеджменттің мақсаттары мен міндеттері
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
Маркетинг тұжырымдамаларының эволюциясы
Мектеп қызметін басқару
Жоғары оқу орындарында мектеп менеджерлерін басқарушылық қызметке даярлаудағы педагогикалық менеджменттің маңызын анықтау
Пәннің студенттерге арналған жұмыс оқу бағдарламасы «менеджмент» пәні бойынша
Педагогика және психология мамандығына арналған Психологиялық менеджмент
Менеджмент пәнін оқытуда дамыта оқытудың тиімділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz