Биологиядан зертханалық жұмыстар



№ 1 Зертханалық жұмыс. Про. және эукариот клеткаларының құрылыс ерекшелігі, дамуы және қызметі.
№ 2 Зертханалық жұмыс. Ұлпаның құрылысы, дамуы және қызметі»
№ 3 Зертханалық жұмыс
Цитоплазмадағы клетка органойдтарының құрылысы мен топографиясы
№ 4 Зертханалық жұмыс
Цитоплазманың қимыл.қозғалыс жылдамдылығына жарықтың әсері
№ 5 Зертханалық жұмыс
Жапырақтағы органикалық көміртегі мөлшерінің өзгеруі арқылы фотосинтездің қарқындылығын анықтау..
№ 6 Зертханалық жұмыс
Өсімдіктің тұзға төзімін хлорофилдік түссіздену деңгейінен анықтау
№ 7 Зертханалық жұмыс
Тыныс алу физиологиясы.
№ 8 Зертханалық жұмыс
Әртүрлі жағдайлардағы жүрек соғысын анықтау
№ 9 Зертханалық жұмыс
Жоғары жүйке әрекетін зерттеу
№ 10 Зертханалық жұмыс
Тұқым қуалаудың цитологиялық негіздері. Митоз.

№ 11 Зертханалық жұмыс
Мендельдің толық және толымсыз доминанттылық сипаты
Микроскоптың құрылысымен танысу. Микроскоптың құрылысы:
• оптикалық, механикалық, жарық қабылдайтын бөліктерден тұрады.
• Оптикалық бөліміне окуляр және объектив жатады. Бұлар микроскоптың ең басты бөлімі болып табылады және күрделі линзалар жүйелерінен құралған. Окуляр дегеніміз зерттеушінің көзіне бағытталған үлкейтіп көрсететін бірнеше линза. Окуляр 5,7,10,15 есе үлкейтіп көрсетеді. Объектив дегеніміз объектіге немесе зерттейтін затқа бағытталған линзалар жүйесі. Объектив 8,20,40,90 есе үлкейтіп көрсетеді. Микроскоптың жалпы неше есе үлкейтіп көрсеткен көрсеткіштерін өзара көбейту қажет.
• Микроскоптың механикалық бөлімі оптикалық және жарық бөлімдерін байланыстырып тұрады. Механикалық бөлімдеріне штатив, тубус, макровинт, препарат қоятын орындық, револьвер, конденсор винті жатады.
• Микроскоптың жарық қабылдайтын бөлімдеріне айна мен конденсор жатады. Айна микроскоп штативінің төменгі тұсындла орналасқан. Ол жарық сәулелерін зерттейтін объектіге бағыттайды. Айна бір жағы ойыс, екінші жағы тегіс болады. Конденсор айнадан түсетін жарықты шоғырландырып, зерттейтін затқа түсіреді.
2. Микроскоппен жұмыс істеу ережелері:
• Микроскопты ыңғайлап, сол жаққа қойыңыз. Айнаның ойыс жағын жарық түсетін жаққа бағыттаңдар. Револьверді айналдырып, 8 есе үлкейтіп көрсететін объективке /кіші/ қойыңыздар. Кіші объектив пен препарат орналасатын орындықтың аралығы 1-1,5 см болуы керек. Айнаны ептеп қозғап біркелкі түсетін жарықты табыңыздар. Препараттың кішкентай шынысын жоғары бағыттап орналастырып, микроскоппен қараңыздар. Макровинтпен тубусты жоғары немесе төмен түсіріп, препараттың біркелкі боялғанын көресіздер, жақсы және ашық көрінетін тұсына қойыңыздар. Фокусын өзгертпей кіші объективтен, үлкен объективке көшіріңіздер. Микровинтті ақырын бұрап, препараттың өте анық көрінетін тұсын табыңыздар. Препаратты ақырын қолмен жылжытуға болады. Препаратты зерттеп болған соң үлкен объективтен кіші объективке көшіріңіздер. Микроскоппен жұмыс істеп болғаннан соң оны салфеткамен жауып қойыңыздар.
1. Общая цитология. Учебник , Ченсов Ю.С. М.: МГУ, 1995. – 384 с. ШҚМУ кітапханасында
2. Биология клетки. Заварзин А.А., Харазова А.Д., Молитвин М.Н., С-Петербург, ЛГУ, 1992. 314 с. ШҚМУ кітапханасында
3. Практикум по цитологии. под ред. Ю.С.Ченцова, М., МГУ, 1988 ШҚМУ кітапханасында
4. Гистология. Афанасьев Ю.И., Юрина Н.А. М., «Медицина», 2000. ШҚМУ кітапханасында

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
№ 1 Зертханалық жұмыс

Про- және эукариот клеткаларының құрылыс ерекшелігі, дамуы және
қызметі.

Мақсаты: Студенттерге микроскоптың құрылысымен, цитологиялық, гистологиялық
зерттеу әдістерін, клетканың құрылым ерекшелігімен таныстыру.
Қажетті құрал-жабдықтар:
Про- және эукариот клеткаларының құрылысының, клетка қосындыларының
атлас, таблицасы, МБЗ-1 және Биолам микроскоптары дайын гистологиялық,
микропрепараттар.
Тапсырма:
1. Микроскоптың құрылысымен танысу;
2. Микроскоппен жұмыс істеу ережелері.
3. Микропрепараттарды дайындау әдісімен танысу

4. Про- және эукариот клеткаларының құрылыс ерекшелігі, дамуы және
қызметі.

Зертханалық жұмысқа дайындық:
• талап байынша зертханалық дәптерді дайындау;
• зертханалық жұмысқа сай теориялық бөліммен, микроскоппен жұмыс
істеу тәртібімен танысу;
• қондырғыны жұмысқа дайындау;
• зерттелетін микропрепараттарды дайындау (оқытушы тапсырмасы
бойынша);

Зертханалық жұмысты орындау алгоритмі

1. Микроскоптың құрылысымен танысу. Микроскоптың құрылысы:
• оптикалық, механикалық, жарық қабылдайтын бөліктерден тұрады.
• Оптикалық бөліміне окуляр және объектив жатады. Бұлар микроскоптың ең
басты бөлімі болып табылады және күрделі линзалар жүйелерінен
құралған. Окуляр дегеніміз зерттеушінің көзіне бағытталған үлкейтіп
көрсететін бірнеше линза. Окуляр 5,7,10,15 есе үлкейтіп көрсетеді.
Объектив дегеніміз объектіге немесе зерттейтін затқа бағытталған
линзалар жүйесі. Объектив 8,20,40,90 есе үлкейтіп көрсетеді.
Микроскоптың жалпы неше есе үлкейтіп көрсеткен көрсеткіштерін өзара
көбейту қажет.
• Микроскоптың механикалық бөлімі оптикалық және жарық бөлімдерін
байланыстырып тұрады. Механикалық бөлімдеріне штатив, тубус,
макровинт, препарат қоятын орындық, револьвер, конденсор винті жатады.

• Микроскоптың жарық қабылдайтын бөлімдеріне айна мен конденсор жатады.
Айна микроскоп штативінің төменгі тұсындла орналасқан. Ол жарық
сәулелерін зерттейтін объектіге бағыттайды. Айна бір жағы ойыс, екінші
жағы тегіс болады. Конденсор айнадан түсетін жарықты шоғырландырып,
зерттейтін затқа түсіреді.
2. Микроскоппен жұмыс істеу ережелері:
• Микроскопты ыңғайлап, сол жаққа қойыңыз. Айнаның ойыс жағын жарық
түсетін жаққа бағыттаңдар. Револьверді айналдырып, 8 есе үлкейтіп
көрсететін объективке кіші қойыңыздар. Кіші объектив пен препарат
орналасатын орындықтың аралығы 1-1,5 см болуы керек. Айнаны ептеп
қозғап біркелкі түсетін жарықты табыңыздар. Препараттың кішкентай
шынысын жоғары бағыттап орналастырып, микроскоппен қараңыздар.
Макровинтпен тубусты жоғары немесе төмен түсіріп, препараттың
біркелкі боялғанын көресіздер, жақсы және ашық көрінетін тұсына
қойыңыздар. Фокусын өзгертпей кіші объективтен, үлкен объективке
көшіріңіздер. Микровинтті ақырын бұрап, препараттың өте анық
көрінетін тұсын табыңыздар. Препаратты ақырын қолмен жылжытуға
болады. Препаратты зерттеп болған соң үлкен объективтен кіші
объективке көшіріңіздер. Микроскоппен жұмыс істеп болғаннан соң оны
салфеткамен жауып қойыңыздар.
3. Гистотехника. Препарат дайындау әдістері.

Гистологияда әр түрлі зерттеу әдістері қолданылады. өте жиі
қолданылатын әдістің біреуі – негізгі немесе классикалық микроскоптық
зерттеу. Бұл әдісті қолдану үшін, зерттейтін объектілердің мүше,
ұлпа өте жұқа келген кесінділерінен препарат дайындау керек.

Препара дегеніміз – төсеніш әйнегі мен жабын әйнектің ортасына
орналасқан, өте жұқа мүшеден немесе ұлпадан алынған және боялған
кесінді. Препарат дайындау өте күрделі іс. Оны дайындау үшін
мүшелерден алынған кішкентай бөлшектер бірнеше дайындау кезеңдерінен
өту қажет, яғни гистологиялық препарат дайындау үшін келесі
кезеңдерден өту керек:

• Фиксация тығыздап бекіту

• Сумен жуу

• Құрғату

• Парафинде немесе целлойдинде қатайту

• Кесінділер дайындау микротоммен кесу

• Кесінділерді бояу

• Бальзамға салу

Тығыздап бекіту үшін әр түрлі мүшелерден алынған бөлшектерді фиксатор
сұйықтарға салады. Тығыздап бекіту үшін көбірек қолданылатын заттар:
а) 5-10% формалин; ә) этил спирті; б)сұйық азот; в) осмий қышқылы
және тағы басқалары.

Мүшеден алынған кішкентай бөлшектерді жоғарыда айтылған қосынды
ерітінділеріне салып, оларды тығыздап бекітеді материалды
фиксациялау. Бөлшектердің көлемі 0,5-1,2см болу керек.

Келесі кезең сумен жуу. Ол үшін бөлшектерді бір ыдысқа салып, ағын
сумен жуамыз. Содан соң құрғатамыз. Судан толық арылу үшін бірнеше
спирттерден (60º, 70 º, 80 º,90 º,100 º) өткәізеді. Одан кейін ұсақ
бөлшектерді балқытылған парафинге немесе ерітілген целлойдинге салып
қатайтып, төрт бұрышты ағаш блоктарға бөлшектерді бекітеді.
Бөлшектерді өте жұқа (қалыңдығы 1-1,5мкм) микротом көмегімен кесіп
кесінділерді дайындайды.

Дайын кесінділерді бояу тәсілдері:

А) гематоксилинге салып 3-5 минут боялады; ә) сумен жуылады; б)
эозинмен 3-5 минут боялады; в) сумен жуылады; г) төсеніш әйнегіне
салынып, үстіне глицерин тамызылады; д) жабын шынысымен жабылады.

4. Про- және эукариот клеткаларының құрылыс ерекшелігі, дамуы және
қызмет

Клеткалық құрылысы бар ағзалар прокариоттар және эукариоттар деп 2 топқа
бөлінеді. Бактериялар және көк-жасыл балдырлар – ядрсыздар, ал өсімдіктер,
саңырауқұлақтар, жануарлар ядролыларға жатады.

Ядросыздардың ерекшеліктері мынадай:

• Ядро қабықшасы болмағандықтан, ядросыздарда ядро қалыптаспайды.

• Ядросыздарда хромосома болмайды, генетикалық жүйесі клетка
жарғақшасынга бекінген, хромосомаға ұқсас шығыршықталып оралған ДНҚ-ң
жалғыз молекуласы –бактериялық хромосомасы бар.

• Пластидтері, митохондриялары, эндоплазмалық торы, Гольджи жиытығы
болмайды.

• Клеткалар пиноцитоз және фагоцитоз жолымен ас қорыта алмайды
пиноцитоз-клетканың сұйықтықты сіңіруі, фагоцитоз-бөгде тірі затты
клеткамен қармап қорытуы.

• Клеткалары екіге бөлінуі арқылы көбейеді, митоз және мейоз процестері
болмайды.

Жануарлар мен өсімдіктер клеткаларының айырмашылықтары:

Жануарлар мен өсімдіктер клеткалардан құралғанмен де, құрылыс жағынан
өзіндік ерекшеліктері болады.

• Жануарлар клетькаларының клеткалық қабықшаларынада жұқа гликокаликс
клеткадан тыс ас қорытылатын орын болады, ал өсімдіктер
клеткаларында дәл осы орында жақсы дамыған берік клетка қабырғасы
жасунық орналасады.

• өсімдік клеткаларында ерекше органоидтар – пласмтидтер болады, ал
жануар клеткасында болмайды.

• өсімдік клеткаларында вакуольдер торы болады.

• өсімдік клеткаларында қоректік сақтама зат – крахмал болады, оны
жануарлар клеткасынан кездестіре алмаймыз.

Сұрақ: Тіршілік иелерінің клеткасыз түрлеріне сипаттама беріңіз.

• Ядролы және ядросыз клтека құрылысындағы ерекшеліктерді дәптерге
жазып, микроскоппен ерекшелігін анықтау.

• Зертханалық жұмыс бойынша қорытындысын оқытушыға тапсыру

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Общая цитология. Учебник , Ченсов Ю.С. М.: МГУ, 1995. – 384 с. ШҚМУ
кітапханасында
2. Биология клетки. Заварзин А.А., Харазова А.Д., Молитвин М.Н., С-
Петербург, ЛГУ, 1992. 314 с. ШҚМУ кітапханасында
3. Практикум по цитологии. под ред. Ю.С.Ченцова, М., МГУ, 1988 ШҚМУ
кітапханасында
4. Гистология. Афанасьев Ю.И., Юрина Н.А. М., Медицина, 2000. ШҚМУ
кітапханасында

№ 2 Зертханалық жұмыс

Ұлпаның құрылысы, дамуы және қызметі
Мақсаты:. Гистологиялық зерттеу әдістерімен және ұлпаның құрылым
ерекшелігімен таныстыру
Қажетті құрал-жабдықтар:
Ұлпа құрылысының, атлас, таблицасы, микроскоп, дайын гистологиялық
микропрепараттар.

Тапсырма:
1. Ұлпаның құрылыс ерекшелігімен танысу

Зертханалық жұмысқа дайындық:
• талап байынша зертханалық дәптерді дайындау;
• зертханалық жұмысқа сай теориялық бөлімді талдап, микроскоптың
жұмыс істеу тәртібімен танысу;
• зерттелетін гистологиялық препараттарды дайындау (оқытушы
тапсырмасы бойынша);

Зертханалық жұмысты орындау алгоритмі

1.Ұлпаның құрылыс ерекшелігімен танысу. Эпителий ұлпасы.

• Ұлпаның 3 ұрық жапырақшаларынан эктодерма, энтодерма және
мезодермадан дамуының гистологиялық дайын препараттағы құрылысымен
танысып, суретін салу.
• 1 қабатты эпителий ұлпасының жіктелуі: жазық өкпе альвеоласының
ішкі беті, дене қусын астарлайды, аласа призмалы бездердің
сыртқа шығарғыш түтіктері мен бүйректің зәр жинау түтіктерінің
қуысын астарлап жатады, биік призмалы ішек-қарынның, кей
мүшелердің қуыстарын астарлайды. Гистологиялық дайын
препараттағы құрылысымен танысып, суретін салу.
• Көп қабатты эпителий ұлпасының жіктелуі: көп қабатты шағын
эпителийтерінің үстіңгі қабатын, ауыздың, жұтқыншақтың және
қынаптың сілемейлі қабықшасын астарлайды, көп қабатты призмалы
эпителий пішіні алмұрт тәрізді, көздің дәнекер ұлпасының
қабықшасында болады. Гистологиялық дайын препараттағы құрылысымен
танысып, суретін салу.
• Безді эпителий ұлпасының қызметіне қарай жіктелуін жазу.
• Бұзылмайтынмерокринді, қалпына келетінапокринді және жойылатын
голокринді бездерге сипатама беріп, гистологиялық дайын
препараттағы құрылысымен танысып, суретін салу.
Дәнекер ұлпасы.1-шеміршек ұлпасы. 2-сүйек ұлпасы.3-болбыр дәнекер
ұлпасы.
• Шеміршектің аралық затының құрылысына байланысты жіктелуі:
жылтыр, серпімді және талшықты шеміршектің құрылысының
гистологиялық дайын препараттағы құрылысымен танысып, суретін
салу.
• Сүйек клеткаларының, және клеткааралық затының гистологиялық
дайын препараттағы құрылысымен танысып, суретін салу.
• Болбыр талшықты дәнекер ұлпасының гистологиялық дайын
препараттағы құрылысымен танысып, суретін салу.
• Торлы ұлпаның, бауырдың ретикулярлы жіпшелерінің, май
ұлпасының, бояу немесе пигментті ұлпаның, тығыз дәнекер
ұлпасының, серпімді ұлпасының гистологиялық дайын препараттағы
құрылысымен танысып, суретін салу.
Бұлшықет ұлпасы.
• Бірыңғай салалы, көлденең жолақты және жүрек бұлшық етінің
гистологиялық дайын препараттағы құрылысымен танысып,
суретін салу.
Жүйке ұлпасы.
• Нейронның және нейроглияның гистологиялық дайын препараттағы
құрылысымен танысып, суретін салу.
• Мультиполярлы, биполярлы және униполярлы нейронның құрылыс
ерекшелігімен танысып, суретін салу.
• Нейрофибрильдер мен жолақты заттардың тигроидтар
құрылысымен танысып, суретін салу.
• Мидағы макроглия құрамына кіретін астроциттердің суретін
салу.
• Тақырып бойынша кездескен жаңа терминдік сөздердің
анықтамасын дәптерге жазу.
• Зертханалық жұмыс бойынша қорытындысын оқытушыға тапсыру
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Общая цитология. Учебник , Ченсов Ю.С. М.: МГУ, 1995. – 384 с. ШҚМУ
кітапханасында
2. Биология клетки. Заварзин А.А., Харазова А.Д., Молитвин М.Н., С-
Петербург, ЛГУ, 1992. 314 с. ШҚМУ кітапханасында
3. Практикум по цитологии. под ред. Ю.С.Ченцова, М., МГУ, 1988 ШҚМУ
кітапханасында
4. Гистология. Афанасьев Ю.И., Юрина Н.А. М., Медицина, 2000. ШҚМУ
кітапханасында
5. Гистогенез соединительной ткани Хрущев Н.Г. М., Наука, 1993

№ 3 Зертханалық жұмыс
Цитоплазмадағы клетка органойдтарының құрылысы мен топографиясы
Мақсаты: Органойдтардың құрылысы мен топографиясымен танысу
Қажетті құрал-жабдықтар :
Клетка органойдтарының құрылысының атлас, таблицасы, микроскоп, дайын
микропрепараттар.
Тапсырма:
1) Органойдтардың құрылысы мен топографиясымен танысу ;
2) Органойдтардың құрылысын дайын микропрепараттармен көру.

Зертханалық жұмысқа дайындық:
• талап байынша зертханалық дәптерді дайындау;
• зертханалық жұмысқа сай теориялық бөліммен, микроскоппен жұмыс
істеу тәртібімен танысу;
• қондырғыны жұмысқа дайындау;
• зерттелетін микропрепараттарды дайындау (оқытушы тапсырмасы
бойынша);

Зертханалық жұмысты орындау алгоритмі

• Клетка қабықшасының цитологиялық дайын препараттағы құрылысымен
танысып, суретін салу.
• Цитоплазманың химиялық құрамын, цитоплазманың тұрақсыз құрылымдарын
дәптерге жазу.
• Эндоплазмалық тордың цитологиялық дайын препараттағы құрылысымен
танысып, суретін салу.
• Митохондрияның, лизосоманың, Гольджи жиынтығының, клетка орталығының
цитологиялық дайын препараттағы құрылысымен танысып, суретін салу.
• Пластидтер: хлоропластар, хромопластар және лейкопластардың қызметі,
орналасуын дәптерге жазу.
• Вакуольдің қызметін дәптерге жазу.
• Ядроның құрылысымен микропрепаратты пайдаланып микроскоппен көріп
танысу. Ядроның суретін салу.
• Жануарлар мен өсімдік клеткаларының айырмашылығын теориялық материалды
пайдаланып, ауызша тапсыру.
• Зертханалық жұмыс бойынша қорытындысын оқытушыға тапсыру

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Общая цитология. Учебник , Ченсов Ю.С. М.: МГУ, 1995. – 384 с. ШҚМУ
кітапханасында
2. Биология клетки. Заварзин А.А., Харазова А.Д., Молитвин М.Н., С-
Петербург, ЛГУ, 1992. 314 с. ШҚМУ кітапханасында
3. Практикум по цитологии. под ред. Ю.С.Ченцова, М., МГУ, 1988 ШҚМУ
кітапханасында
4. Гистология. Афанасьев Ю.И., Юрина Н.А. М., Медицина, 2000. ШҚМУ
кітапханасында

№ 4 Зертханалық жұмыс
Цитоплазманың қимыл-қозғалыс жылдамдылығына жарықтың әсері
Мақсаты: Цитоплазманың қимыл-қозғалыс жылдамдылығына жарықтың әсер ету
ерекшелігімен танысу.
Қажетті құрал-жабдықтар : Цитоплазманың қимыл-қозғалысының хемасы,
цитоплазманың химиялық құрамы таблицасы, Цитоплазманың қимыл-қозғалыс
жылдамдылығына жарықтың әсерін бақылау кассетасы.
. Тапсырма:
1. Цитоплазманың қимыл-қозғалыс жылдамдылығын анықтау.
Зертханалық жұмысқа дайындық:
• талап байынша зертханалық дәптерді дайындау;
• зертханалық жұмысқа сай теориялық бөліммен, микроскоппен жұмыс
істеу тәртібімен танысу;
• қондырғыны жұмысқа дайындау;
• зерттелетін микропрепараттарды дайындау (оқытушы тапсырмасы
бойынша);

Зертханалық жұмысты орындау алгоритмі

• Цитоплазманың қимыл-қозғалысының схемасын салу.
• цитоплазманың химиялық құрамы таблицасын пайдаланып, жазу
• Цитоплазманың қимыл-қозғалыс жылдамдылығына жарықтың әсерін бақылау
кассетасын экраннан көріп, танысып, әсер ету процесін жазу.
• Жұмыс бойынша қорытындысын оқытушыға тапсыру.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Общая цитология. Учебник , Ченсов Ю.С. М.: МГУ, 1995. – 384 с. ШҚМУ
кітапханасында
2. Биология клетки. Заварзин А.А., Харазова А.Д., Молитвин М.Н., С-
Петербург, ЛГУ, 1992. 314 с. ШҚМУ кітапханасында
3. Практикум по цитологии. под ред. Ю.С.Ченцова, М., МГУ, 1988 ШҚМУ
кітапханасында
4. Гистология. Афанасьев Ю.И., Юрина Н.А. М., Медицина, 2000. ШҚМУ
кітапханасында
5. Физиология растений. Полевой В.В. М.: Высшая школа, 0989
6. Водный обмен растений. Жолкевич В.Н., Гусев А.В., Капля А.В. и др. М.:
Наука, 1989
7. Фотосинтез. Физиолого- биохимические и экологические аспекты
Мокроносов А.Т., Гавриленко В.Ф. Изд-во МГУ, 1992
8. Өсімдіктер физиологиясы Қалекенов Ж. Алматы, 1997
9. Молекулярная и клеточная биология: В 3-х томах. Зенгбуш П М., 1982.

№ 5 Зертханалық жұмыс
Жапырақтағы органикалық көміртегі мөлшерінің өзгеруі арқылы фотосинтездің
қарқындылығын анықтау..
Мақсаты: Жапырақтағы органикалық көміртегі мөлшерінің өзгеруі арқылы
фотосинтездің қарқындылығын анықтауды үйрену.
Қажетті құрал-жабдықтар :
Бөлме өсімдігі, жапырақ, калий бихроматы, сумен ерітілген күкірт
қышқылында 1:1 дайындалған калий бихроматының 0,4Н ерітіндісі, 250мл
Эрленмейер колбасы, колба, воронка, су моншасы, пеш, бюретка, 0,2Н Мор
тұзы, .дистильденген су, 85проценттік дифениламин, лампа,

Тапсырма:
1. Жапырақтағы органикалық көміртегі мөлшерінің өзгеруі арқылы
фотосинтездің қарқындылығын анықтау
Зертханалық жұмысқа дайындық:
• талап байынша зертханалық дәптерді дайындау;
• зертханалық жұмысқа сай теориялық бөліммен, жұмыс істеу тәртібімен
танысу;
• қондырғыны жұмысқа дайындау;
• зерттелетін өсімдіктерді дайындау (оқытушы тапсырмасы бойынша);

Зертханалық жұмысты орындау алгоритмі

Фотосинтез процесінде көмірқышқыл газының құрамындағы көміртегі
органикалық заттардың көміртегіне айналады, сондықтан жапырақтарда
органикалық көміртегінің жиналуын белгілеу арқылы фотосинтездің
қарқындылығын анықтайды. Ол үшін жапырақтағы органикалық көміртегі 2 рет
анықталады. 1-2тәулік қараңғыда тұрған өсімдіктің жапырағындағы бастапқы
органикалық көміртегінің мөлшерін анықтайды. Одан кейін сол жапырақты
өсімдіктен бөліп алып суға қойып 2сағат жарықта ұстап, қайта органикалық
көміртегін анықтайды. Сол екі көрсеткіштің айырмасы фотосинтездің
арқысында түзілген органикалық көміртегінің мөлшерін белгілейді. Сол
көміртегінің мөлшерін жапырақтың көлеміне және тәжірибе уақытына есептеп,
фотосинтездің қарқындылығын табады – мгСдм2 сағат.
Бұл тәсілдің негізі – калий бихроматын қолданып, қышқыл ортада
органикалық көміртегін жандыру. Тотығуды сумен ерітілген күкірт
қышқылында 1:1 дайындалған калий бихроматының 0,4Н ерітіндісімен
жүргізеді. Көміртегі тотығып, көмірқышқыл газына айналады. Тотығу
реакциясы мына теңдеу бойынша өтеді:
2К2Сr2 О7 + 8Н2 SO4 + 3C= 2К2 SO4 + 2Cr2 (SO4 )3 + 3H2O + 3CO2

Тотығуға жұмсалған К2Сr2 О7 мөлшерін анықтап, тотыққан көміртектің
мөлшерін табуға болады. Одан артық қалған К2Сr2 О7 мөлшерін Мор тұзының
0,2Н ерітіндісімен титрлеп анықтайды. Бұл реакция мына теңдеу бойынша
жүреді:
К2Сr2 О7 + 6FeSO4 + 7H2 O = Cr2 (SO4 )3 + 3Fe2 (SO4 )3 + K2 SO4 + 7H2 O

Жұмыстың орындалуы:
Тәжірибе жүргізу алдында өсімдікті 1-2тәулік қараңғыда ұстайды, оның
нәтижесінде жапырақтар органикалық заттардан, яғни фотосинтездің
ассимиляттарынан босатылады.
Жапырақтан дөңгелек 1-2кесінді алып, көлемі 100мл Эрленмейер колбасына
салынады. Үстіне бюретка арқылы 10мл калий бихроматының 0,4Н ерітіндісі
құйылады. Қайнауы біркелкі болу үшін капилляр салады. Колбаның аузын
воронкамен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биологияны оқытудың мультимедиалық әдістерінің ерекшеліктері
Биологиядан сыныптан тыс жұмыстардың маңызы, формалары мен түрлері
Оқушылар білімін тексеру
«Биологияны оқыту әдістемесі» пәннің оқу-әдістемелік кешені
Биологияны оқытуда элективті курстарды пайдалану
Биологиядан жалпы әдістемелік құралдарға талдау
Биологияны оқыту процесінде ұйымдастырудың негізігі формалары
Биологиядан зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемесі
Биология пәнінен зертханалық сабақты өткізудің ерекшеліктері
Мектептегі факультатив курстарды өткізу әдістемесі
Пәндер