Бастауыш мектеп жасындағы балалардың құрбы-құрдастармен қарым-қатынас ерекшелігі


Бастауыш мектеп жасындағы балалардың құрбы-құрдастармен қарым-қатынас ерекшелігі. Жеті жас дағдарысы. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың ересектермен қарым-қатынас ерекшелігі.
Бала алғаш мектепке барғанда, оқу ісін игеру мен қажетті икемдер мен дағдыларды қалыптастыру негізгі шешуші әлеуметтену шарты болып табылады. Сонымен қатар, оқушы ұйымдастырылу жағынан, ондай жоғары болмаса да, әлеуметтік тәжірибені игеруде өте маңызды болып келетін тұлғааралық қалыптасып жатқан қарым - қатынас процесіне қосылады. Бұл аталмыш «құпия» әлеуметтену бағдарламасының арқасында баланың сезімдік және әлеуметтік өмірі дамиды, оның өзі жайлы және өзгелер де не ойлайтыны туралы көзқарасы қалыптасады.
Мектепке келген күннен бастап-ақ, бала сыныптастарымен және мұғалімімен тұлғааралық дара әрекеттесу процесіне қосылады. Бұл дара әрекеттесу процесіне бастауыш мектеп жасы аралығында белгілі бір даму динамикасы мен заңдылығы болады. Мектепке бейімделу кезеңінде, бірінші сынып оқушылары үшін, мектептегі жаңа әсерлер өз сыныптастарымен қарым-қатынасынан гөрі әлдеқайда маңыздырақ болып келеді. Бұл кезеңде балалар өздерінің жаңа «мәртебесі» мен міндеттеріне берілгендігі сондай, олар кейде «Сенің қасыңда бірінші сыныпта кім отырған еді?» - деген сұрақтарға жауап қайтара алмайды.
Бірінші сынып оқушыларын бақылау кезінде байқалғандай алғаш кездерде балалар тіпті, бір-бірімен тікелей қарым-қатынастан шеттелетін сияқты, олар әлі де болса, «өз бетімен» жүргендей сезінеді. Балалар арасындағы өзара байланыс тек мұғалімнің қатысуымен іске асырылып отырылады. Я. Л. Коломинский келтірген бірінші сынып оқушыларыньщ өмірінен алынған үзіндіге қарайық: «Егер, оқушылардьң біреуі үйде қаламын (ручкасын) ұмытып кетіп, ал, сабақта жазу керек болса, ол құрдастарынан артық қалам сұраудың орнына, оқушы әдетте үндемей отыра береді, ал, кейде мұғалім оның мүшкіл жағдайын байқар деген үмітпен жылай да салады. Мұғалім не болғанын білгеннен кейін сыныпта ешкімде артық қалам бар ма екен деп сұрайды. Сол кезде артық қаламы бар оқушы, әдетте, қаламды құрдасына берудің орнына мұғалімге береді, ал, ол қаламды мұғалім оқушыға береді». (Коломинский Я. Л. 1969. 74-756. ) .
Кіші бастауыш сынып оқушысы - бұл қарым-қатынас дағдыларын қарқынды түрде игеру үстіндегі адам. Бұл кезеңде балалар арасындағы достық қарым-қатынас орнатылу процесі қарқынды түрде жүріп жатады. Әлеуметтік әрекеттесу дағдыларын игеру және құрдастарымен достық қарым-қатынас орнату бұл жас кезеңінде даму мәселелерінің бірден-бір маңыздысы болып келеді.
Егер бала 9-10 жасында құрдастарының біреуімен достық қарым-қатынас орнатса, бұл оның құрдастарымен өте тығыз әлеуметтік байланыста бола алатындығын, ұзақ уақыт осындай қарым-қатынас ұстай алатындығын және онымен қарым-қатынас жасау біреу үшін маңызды және қызықты екенін көрсетеді.
Арнайы жүргізілген зерттеулердің нәтижелеріне қарағанда, бастауыш сынып жас кезеңінде баланың достарына деген қарым-қатынасында, тіпті «достық» мағынасының өзінде белгілі бір динамикасы болады. Достар дегеніміз - ең алдымен баланың бірге ойнайтын, жиі көретін адамдары. Дос ең алдымен сыртқы себептерге байланысты таңдалады, балалар бір партада отырады, бір үйде тұрады және с. с. Бұл жаста балалар көбінесе тұлғаның саналылығына емес, жүріс тұрысына көңіл бөледі. Достарын сипаттау барысында «достарының жүріс тұрысы өте жақсы», «олармен өте көңілді» -деп нұсқай отырады. Бұл кезеңде достық байланыстар шыдамсыз және ұзаққа бармайды.
8-11 жастар арасындағы балалар үшін, достар, оларға көмектесетін, олардың қызығушылығын бөлісетін, өтініштерін қабыл алатын адамдар. Аралық дара мейірдің пайда болуында ақкөңілділік, ілтипаттылық, өзіне-өзі сенімділік, дербестілік сияқты мінез-құлық түрлері де аз роль атқармайды.
Уақыт өте келе оқушының мектеп шындығын игере келе, балада сынып ішінде өзінің жеке қарым-қатынас жүйесі қалыптасады. Оның негізін басқалары үстемдік ететін тікелей эмоциональды қарым-қатынас құрайды.
Жүргізілген социометриялық зерттеулерге сүйенсек сыныптағы қалыптасқан тұлғааралық қарым-қатынас жүйесіндегі оқушының алатын орны барлық жас топтарға бірдей факторлар бойынша анықталады. Сонымен, өз сыныптастарының таңдауына көбірек ие балаларды (жұлдыздар) былай жалпылай сипаттауға болады: Олар әдетте сөйлескіш, дарынды, ынталы және өте кең қиялдайды; бұндай оқушылардың көбі жақсы оқиды; әдетте қыздардың сыртқы келбеті тартымды болып келеді.
Ал, бұл жүйеде төменгі роль атқаратын балалардың да бір біріне ұқсас мінез құлықтары болады: мұндай балалар әдетте сөзшең емес, тіл табыса алмайтын, сотқар, қырсық, тұйық, ашуланшақ, ұқыпсыз, дүниеқор бала болып келеді.
Аталып өткен жалпы мінез-құлық қасиеттері әр түрлі бастауыш сынып жас кезеңдерінде белгілі бір ерекшеліктерге ие.
Жоғарғы әлеуметтік мәртебеге ие бірінші сынып оқушылары үшін мынандай қасиеттер маңызды болып келеді: сүйкімді келбет, белсенділік, барлық уақытта өз заттарымен бөлісуге дайын тұру. Екіншіден, бұл жастағы балалар үшін жақсы үлгеріммен оқуға деген қарым-қатынастары да маңызды болып келеді. Сыныптағы белгілі ұлдар үшін физикалық күш те үлкен маңызға ие. Ал өз құрдастарына «сүйкімсіз» бірінші сынып оқушылары мынадай ерекшеліктермен сипатталады: енжар, жүріс-тұрысы, оқуы нашар, ұзақ дос бола алмайды және жылауық болып келеді.
Сонымен бірінші сынып оқушылары өз құрдастарын ең алдымен сыртқы қасиеттері және көбінесе мұғалім көңіл бөлетіне қасиеттер бойынша бағалайды. Кішкентай мектеп жас кезеңінің соңына қарай бұл критерийлер кішкене өзгереді. Өз жолдастарын бағалау кезінде олар оқушылар үшін бірінші кезеңде қоғамдық белсенділік тұрады. Мұнда балалар тек мұғалімнің берген қоғамдық тапсырысты емес, ұйымдастырушылық қасиеттерді де бағалай бастайды. Бұл жаста балалар өз бетімен әрекет жасау, өз-өзіне сенімділік, шыншылдық сияқты жеке тұлғалы қасиеттерге ие болады.
Үшінші сыныпта бұл көрсеткіш төмен болады.
«Сүйкімсіз» үшінші сынып оқушыларының мінез құлықтары былай сипатталады: қоғамдық енжарлық, жалқаулық. Кішкентай мектеп оқушыларының ерекшеліктері олардың басқа адам туралы көзқарастарынан да байқалады. Сондықтан кішкентай оқушылармен жұмыс істейтін психолог ең алдымен оқушылардың сыртқы келбетіне көңіл бөлетінін ескеріп, өзінің сыртқы киімін дұрыстап жүру керек. Баланың жасы ұлғайған сайын ол өз құрдастарының арасындағы өз орны туралы түсінігі дәлірек бола бастайды. Бірақ осы жас кезеңінің аяғына қарай, бұл түсінік көрсеткіші бірден төмендейді. Тіпті мектеп жасына дейінгі балалармен салыстырғанның өзінде де сыныпта жоғары дәрежеге ие балалар оны төмен санап ал, керісінше қанағаттанарлықсыз дәрежеге ие балалар өз көрсеткіштерін жоғары деп санайды. Бұл деген сөз кіші мектеп жасының аяғына қарай балалар арасындағы өзара тұлға аралық қарым-қатынастарында, санасында қайта құрылу процесі жүріп жатады. Әрине бұл оқушылардың өз құрдастары арасындағы белгілі бір дәрежені иеленуге құштарлықпен тікелей байланыста.
Бұл кезеңде балалар үшін олардың құрдастарының көзқарасы маңыздырақ болады. Кішкентай мектеп сол себептен де өз ортасындағы дәрежесі туралы түсінігінің дәлелділігі кеми түседі.
9-10 жаста балалар сыныптастарының жасаған ескертулерін ауыр қабылдайды, сөйтіп олар ұяң бола бастайды. Олар үлкендерден, тіпті өз құрдастарынан да ұяла бастайды. Мұндай тұлғааралық қарым-қатынастардағы өзгерістерді тәрбие сағаттарын ұйымдастыру барысында міндетті түрде ескеру қажет. Оқушының сынып алдында қандай да бір ісі үшін жауапқа тарту көбінесе оқушы үшін үлкен психикалық зақым келтіруші фактор болып табылады. Әдетте мұндай жағдайда психологтың көмегі керек болып жатады.
... жалғасыЖеке қарым-қатынас жүйесін кез-келген адам өте эмоционалды қабылдайды, өйткені бұл адамның бағасымен және тұлға ретінде мойындауымен тікелей байланыста. Сондықтан да оқушылар ортадағы өзінің төмен дәрежесін ауыр қабылдайды. Дегенмен егер балада тым болмағанда бір өзара сүйіспеншілік болса, бала өзінің алатын төмен дәрежесін жеңілірек қабылдайды. Тіпті бір жалғыз өзара таңдаудың өзі бала үшін күшті психологиялық қорғаныс.
Мұғалім кіші мектеп жасындағы балалардың арасындағы қарым-қатынастың қалыптасуында үлкен роль атқарады. Алғашқы оқу барысында мұғалімнің қойған бағасы ең мәртебелі баға болып саналады.
Әр түрлі әлеуметтік дәрежелі балаларға берілген сипаттамалар қорытындысына сүйенсек тұйық балаларды мұғалімдердің өзі ұнатпайды екен. Ол деген сөз көбінесе мұғалімдердің өздері әдейі болмаса да оқушының сыныпта тұйықталуына өз әсерін тигізеді. Жүйелі түрде қайталанып отыратын төмен бағалар, әр түрлі ескертулер басқа балалар үшін оқушыны бағалау кезінде үлкен әсер етеді.
Сонымен қатар сыныптағы бір оқушыны алып, оны шамадан тыс мақтап оны сынып алдында үлгі етуге тырысу оқушының өз құрдастарымен қарым-қатынастарының құрылуына зиянын тигізеді. Мұндай балаларды басқа сыныптастары ұнатпайды. Оларды «жағымпаз» деп, олармен сөйлеспеуге тырысады. Мұндай дидоктогениялар (мұғалімнің педагогикалық қателіктері салдарынан пайда болатын баланың психогендік қасиетінің бұзылуы) көбінесе кіші мектеп жасында жиі кездеседі.
Сонымен қатар мұғалім оқушыны сыныптағы «тұйық» балалар қатарынан алып шығу кезінде керісінше роль атқарады. Мұғалім әртүрлі ситацияларға байланысты оқушылармен әр түрлі қатынаста болу керек. Ол үшін мынандай рекомендацияларды білген жөн:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz