Қазақстан Республикасындағы туристік кластердің қалыптасуы: мәселелері мен болашағы


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 133 бет
Таңдаулыға:   

ТАЖИЕВА САМАЛ ҚОЖАХМЕТОВна

Қазақстан Республикасындағы туристік кластердің қалыптасуы: мәселелері мен болашағы

08. 00. 05 - экономика және халық шаруашылығын басқару

(қызмет салалары мен ортасы бойынша) мамандығы бойынша

экономика ғылымдарының кандидаты

ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

Ғылыми жетекші

экономика ғылымдарының докторы,

профессор К. С. Мухтарова

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010

мазмұны
мазмұны: белгілеулер мен қысқартулар
3
мазмұны: кіріспе
4
мазмұны: 1
туристік КЛАСТЕРДІҢ теОриялық-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
мазмұны:
1. 1 Кластер түсінігі және даму теориясы
8
мазмұны:
1. 2 Туристік индустрия және оның ұлттық экономикадағы рөлі
19
мазмұны:
1. 3 Туристік кластерді қалыптастыру: шет ел тәжірибесі және Қазақстан
37
мазмұны: 2
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТУРИСТІК КЛАСТЕР ДАМУЫН ТАЛДАУ
мазмұны:
2. 1 Қазақстан Республикасындағы туристік саланың қазіргі даму жағдайы
55
мазмұны:
2. 2 Еліміздегі туристік кластердің дамуындағы мүмкіндіктер мен мәселелер
69
мазмұны:
2. 3 Маңғыстау облысындағы туристік кластердің қалыптасу және даму мәселелері
80
мазмұны: 3
Қазақстан Республикасындағы туристік кластерді жетілдіру механизмдері
мазмұны:
3. 1 Туристік кластердің дамуына инновациялық факторлар әсерін қарастыру
94
мазмұны:
3. 2 Туристік кластердің шағын және орта бизнеспен байланысын күшейту
105
мазмұны:
3. 3 Аймақтағы туристік кластердің әлеуетін бағалау
115
мазмұны: Қорытынды
126
мазмұны: пайдаланылған әдебиеттер тізімі
127

белгілеулер және қысқартулар

ҒЗИ
  • Ғылыми зерттеу институттары
ҒЗИ: АҚШ
Ғылыми зерттеу институттары:
  • Америка құрама штаттары
ҒЗИ: ТӨК
Ғылыми зерттеу институттары:
  • Территориалды - өндірістік кешен
ҒЗИ: ЖІӨ
Ғылыми зерттеу институттары:
  • Жалпы ішкі өнім
ҒЗИ: ӘТҰ
Ғылыми зерттеу институттары:
  • Әлемдік туристік ұйым
ҒЗИ: БАӘ
Ғылыми зерттеу институттары:
  • Біріккен Араб Әмірлігі
ҒЗИ: ҰТҰ
Ғылыми зерттеу институттары:
  • Ұлттық туристік ұйымдар
ҒЗИ: PR
Ғылыми зерттеу институттары:
ҒЗИ: ТКМБД
Ғылыми зерттеу институттары:
  • Туризм және коммерциялық маркетинг бойынша департамент
ҒЗИ: КСРО-
Ғылыми зерттеу институттары:
  • Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы
ҒЗИ: ТМД
Ғылыми зерттеу институттары:
  • Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы
ҒЗИ: ОАР
Ғылыми зерттеу институттары:
  • Оңтүстік Африка Республикасы
ҒЗИ: МҰТП
Ғылыми зерттеу институттары:
  • Мемлекеттік Ұлттық табиғи парк
ҒЗИ: ҚҚС
Ғылыми зерттеу институттары:
  • Қосымша құн салығы
ҒЗИ: АҚ
Ғылыми зерттеу институттары:
  • Акционерлік қоғам
ҒЗИ: ҰИЖ
Ғылыми зерттеу институттары:
  • Ұлттық инновациялық жүйе
ҒЗИ: ҒЗТКЖ
Ғылыми зерттеу институттары:
  • Ғылыми зерттеу, техникалық және құрау жұмыстары
ҒЗИ: ҒЗИ
Ғылыми зерттеу институттары:
  • Ғылыми зерттеу институттары
ҒЗИ: ҰҚҚ
Ғылыми зерттеу институттары:
  • Ұлттық қаржылық қор
ҒЗИ: ШОБ
Ғылыми зерттеу институттары:
  • Шағын және орта бизнес

АНЫҚТАМАЛАР

  1. Турист - жеке тұлғаның уақытша бір мемлекетте болуы, жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін немесе бір түнеуден кем емес, төленетін қызметтерді қоспағанда, қызмет, спорт, дін және басқа да мақсаттарда саяхатқа шығу;
  2. Гид (гид - аудармашылар) - туристерге уақытша жүрген елдің туристік ресурсымен таныстыру бойынша экскурсиялық - ақпараттық, кәсіпорындық қызмет көрсетуші мамандандырылған дайындығы бар жеке тұлға болып табылады;
  3. Экскурсант - туризм мақсатымен 24 сағаттан көп емес басқа елде, қалада, ауылдық жерлерде, территорияда жүрген жеке тұлға болып табылады;
  4. Экскурсия жүргізуші - туристті уақытша жүрген елдің туристік ресурстарымен таныстыру бойынша экскурсиялық - ақпараттық, кәсіпорындық қызмет көрсетуге сәйкесінше мамандығы бар кәсіби дайындалған жеке тұлға болып табылады;
  5. Туристік агент - туристік өнімді жылжыту немесе жүзеге асыру бойынша берілген қызмет түріне лицнезиясы бар заңды немесе жеке тұлға болып табылады;
  6. Туристік оператор - өзінің туристік өнімін туристік агент және турист арқылы жылжыту және жүзеге асыру бойынша лицензиясы бар заңды тұлғалар;
  7. Туристік кәсіпорындар - заңды тұлға, негізгі қызмет түрі туристік қызмет болып табылады.

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыс Қазақстан Республикасында туристік кластерді қалыптастырып, ары қарай дамыту арқылы мемлекетіміздің туристік саласының бәсекеге қабілеттігін арттыру мүмкіндіктерін зерттеуге арналған.

Диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігі. Туризм қазіргі кезеңде өте табысты бизнестердің бірі. Басқа салаларға қарағанда қаржылық салымды өте көп қажет етпейді, және салынған инвестиция қайтарымдылығы өте жылдам жүреді.

Сонымен катар, Қазақстан Президентінің халқына Жолдауында мемлекетіміздің қарқынды экономикалық және әлеуметтік дамуы үшін шикізат бағытынан индустриалды-инновациялық дамуға көшуі қажет екені айтылды [1] . Осы мақсатта Ұлттық экономиканы дамытудың кластерлік моделі таңдалды. Республикада 2005 жылдың 25 маусымынан бастап Үкімет қаржысына сәйкес жеті түрлі кластер қабылданды. Олар: «Металлургия», «Транспорт логистикасы», «Тоқыма өнеркәсібі», «Құрылыс материалы», «Тамақ өнеркәсібі», «Туризм» және «Мұнайгаз машина жасау» кластерлері [2] .

Туризмді дамыту қай қырынан қарағанда да өте тиімді. Біріншіден, табиғи ресурстарымызды үнемдеуге, яғни шикізат өндірісінен тыс пайда табуға, халықты жұмыспен қамтамасыз етуге, елдің әлеуметтік- экономикалық жағдайын жақсартуға, халықтың мәдени- ағартушылық деңгейін көтеруге мүмкіндік береді. Туристік сала мультипликативті әсер арқылы экономиканың басқа салаларының дамуын ынталандырады.

Шет мемлекеттер тәжірибесіне сүйенсек, АҚШ (Америка құрама штаттары), Батыс Европа, Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттері туризмнен жыл сайын қомақты дивиденттер алып отырады. Туризм аясына әлемдік ұлттық өнімнің 6%, әлемдік инвестицияның 7%, әр бір 16- жұмыс орны келеді.

Қазақстан үшін туризмнің берері өте көп. Қазақстанда қазіргі таңда туризмнің дамуы қажетті дегейде емес. Егер мемлекет тарапынан туристік саланы дамыту дұрыс жолға қойылса, болашақта Қазақстан әлемдік туристік бағыт болуы мүмкін, мысалға, тек 1980 жылдардан кейін ғана туристік салаға көңіл бөлген Туркия мемлекеті бүгінгі таңда халықаралық туристік нарықта өз орны мен үлесі қалыптасқан мемлекеттердің бірі болып табылады.

Қазақстан халықаралық туристік аренада ашылмаған қауыз спеттес. Оған деген қызығушылық күннен күнге артуда. Республикамыздың туристік әлеуеті өте зор. Елімізде сегіз қорық, он төрт ұлттық табиғи парктер, көптеген керемет мәдени- тарихи объекттер өте көп. Осы қолда бар артықшылықтарымызды ұтымды пайдалану үшін туристік саланы дұрыс басқару қажет.

Жоғарыда айтып өткен артықшылықтарға қарамастан елімізде туристік саланың дамуы әлі де болса төмен деңгейде. Мемлекетімізде ішкі және елге келу туризмімен салыстырғанда елден шығу туризмі дамыған. Оған басты себеп туристік саладағы жалпы инфрақұрылымның жоқтығы, қызмет деңгейінің төмендігіне қарамастан туристік өнімнің бағасының жоғарлығы. Демек, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының туристік саласы бәсекеге қабілетті емес.

Қазір республикамызда туристік саланың бәсекеге қабілеттігін арттырудың бір жолы ол туристік кластерлер құруды жетілдіру. Осы кластерлердің құрылу механизмін анықтау, қатысушылардың мақсатын анықтау арқылы басымды туризм түрлерін дамыту болып отыр. Жоғарыда айтылған пайымдаулардан диссертация тақырыбының өзектілігін көрсетсе болады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Туризм дамуының теориялық және ғылыми-тәжірибелік аспектілері келесі шет елдік ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан: Ден Хаак, М. Портер, А. Маршалл, И. Тюнен, П . Ротх, A. Шранд, Е. Сайтц, В. Г. Meйер, Р. Баррас, И. Беннет, И. Браун, Д. Дэвидсон,

Туристік сала мәселелерімен айналысатын ресейлік экономисттер ішінен келесілерді атап көрсетуге болады: Е. Н. Ильин, В. А. Квартальнов, И. Т. Балабанов, А. С. Запесоцский, Н. В. Буторов, А. Воронов, С. И. Соколенко, В. М. Кутьин, А. Ю. Андрианов.

Отандық экономикалық әдебиеттер ішінде туризмнің даму мәселелерімен айналысқан ғалым-экономистерді атап көрсетейік: Ө. К. Шеденов, К. С. Мухтарова, С. С. Сатылбалды, Д. К. Ильясов, Г. М. Дуйсен, У. Б. Баймуратов, С. Р. Ердавлетов, А. Н. Тулембаева, Ж. С Рахимбекова және т. б. бар.

Қазақстан экономикасында кластер қалыптастыру мәселесін келесі авторлар зерттеген: Я. А. Аубакиров, Р. Елемесов, К. С. Мухтарова, С. Б. Байзаков, Л. Ф. Сухова, С. Н. Нысанбаев, А. Н. Тулембаева және т. б.

Туристік кластер қалыптастыру мен дамыту күрделігі, Қазақстан Республикасы мен аймақтарында туристік саланың кешенді дамуын көздеп, белгілі механизмдер арқылы оның қызметінің тиімділігін арттыруды қарастыру диссертация мақсаты мен міндетін анықтайды.

Зерттеудің мақсаты және міндеттері. Диссертациялық жұмыстың мақсаты туристік кластердің теориялық және тәжірибелік аспектісін зерттеу арқылы Қазақстан Республикасында бәсекеге қабілетті туристік кластер құру үшін нақты шаралар қолдану.

Зерттеу міндеттері:

  • Кластер теорияларын қарастыру;
  • Туризм индустриясының ұлттық экономикадағы ролін анықтау;
  • Туристік кластердің қалыптасып дамуының шетелдік тәжірибесін зерттеу және оның Қазақстан Республикасында қолданылуын қарастыру;
  • Қазақстан Республикасында туристік индустрияның дамуын талдау;
  • Республика және аймақтар бойынша туристік кластердің дамуына кедергі болатын мәселелерді анықтап, олардың шешу жолдарын қарастыру;
  • Маңғыстау облысындағы туристік кластер дамуын терең зерттеу;
  • туристік кластердің дамуына инновацияның тигізетін әсерін зерттеу;
  • туристік кластердің шағын және орта бизнестің дамуындағы ролін анықтау;
  • жалпы туризмнің дамуындағы аймақтың туристік кластердің әлеуетін бағалауды зерттеу;

Зерттеу объектісі - Қазақстан Республикасының туристік саласы болып табылады.

Зерттеу пәні- Қазақстан Республикасында туристік кластерді қалыптастыру мен дамытудағы қалыптасатын экономикалық қатынастар.

Зерттеудің әдістемесі және әдістері. Әдістемелік негіз болып шетелдік және отандық экономистердің туризмнің, туристік кластердің дамуы туралы жазған еңбектері табылады. Зерттеу кезінде талдау және синтез, тарихи және жүйелілік, диалектика, салыстырмалы экономикалық талдау әдістері, статистика, логика және басқа ғылыми әдістер қолданылды.

Зерттеудің ақпараттық базасы ретінде Қазақстан Республикасының туризм бойынша заңдары мен нормативтік актілері, туризмді дамыту бойынша Ұлттық бағдарламалары, Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлықтары, Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулылары, Қазақстан Республикасының министірліктері мен ведомствалары, ҚР туризм және спорт Министрлігінің туризм индустриясы Комитетінің, туризм бойынша арнаулы басылымдардың есепті материалдары мен статистикалық мәліметтері болды. Қазақстан Республикасының статистика және талдау жөніндегі Комитеттің материалдары мен статистикалық мәліметтері, халықаралық ұйымдарының бағалау және статистикалық мәліметтері қолданылды.

Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы:

Қазақстан Республикасының

  1. Туристік кластер дамуындағы инновациялық шаралар ұсынылды;
  2. Кластер мен шағын және жергілікті бизнес (ШОБ) байланысының маңыздылығы талданды;
  3. Аймақтың туристік кластер әлеуетін бағалау әдістемесі жасалынды;

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:

- Кластер - бір-бірінің бәсекелестік қабілетін арттыру арқылы жоғары сапалы товар өндіру мен қызмет көрсету үшін шоғырланған байланысты кәсіпорындар тобы;

- Аймақтың немесе елдің экономикасында паралельді бірнеше кластер жұмыс жасау мүмкіндігі қарастырылып. Кластерге қатысушы бір фирманың ұлттық экономикаға әсері зерттелді.

- Қазақстанда туристік саланы дамытуға қажет инновация түрлері мыналар: салықтық жеңілдіктер, кластерлік мүмкіндіктер, транспорттық, қонақ үй, мейрамханалық мүмкіндіктерді қолдану; ұйымдастырушылық.

- Туристік кластердің қызмет көрсету үшін әртүрлі блоктағы шағын және орта бизнес кәсіпорын қызметтерін сервис өндіру үшін біріктіру моделін жасау қажет;

- Туристік кластер мен шағын және орта бизнесті дамыту үшін келесі шарттарды орындалуын ұсынамыз: салықтық жеңілдіктер жасау, қызмет көрсетуге қажет ғимараттарды сатып алу не жалға алу шарттарында жеңілдіктер, шағын және орта бизнес қатысушыларына мамандар даярлау, шағын және орта бизнестің қызмет сапасын арттыру арқылы бәсекеге қабілеттігін жоғарылатып нарықта өз орнын анықтауға көмектесу қажет;

- Туристердің демалысы аяқталғаннан кейін сауал-жауап жүргiзу арқылы туристiк сала ұйымдарының күштi және әлсiз тараптарын анықтау үшін аймақтың туристік кластер әлеуетін бағалау әдістемесін ұсынамыз;

Теория және тәжірибе үшін ғылыми нәтижелердің маңыздылығы.

Диссертацияда берілген ұсыныстар Қазақстан Республикасындағы туристік кластердің қажетті деңгейде дамуында қолданылуы мүмкін. Туристік кластердің дамуындағы инновациялық ұсыныстарды қонақ үй, мейрамхана, транспорттық салада қолдану арқылы жалпы экономиканың дамуына ықпал ету мүмкіндігі болады. Жоғарғы оқу орындары, арнайы орта оқу орындарындағы «Туризм» мамандығы студенттеріне дәріс оқуға пайдаланылуы мүмкін.

Зерттеу нәтижелерінің сыннан өтуі.

Диссертациялық зерттеудің негізгі нәтижелері келесі конференцияларда баяндалып жарияланды:

1 «Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі: Ұлттық экономиканы жеделдете жаңғырту және корпоративтік құрылымдардың дамуы» тақырыбында өткізілген халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. Алматы қаласы, аль- Фараби атындағы ҚазҰУ, 2008ж. қараша;

2 «Қазақстан Республикасы экономикасындағы инновациялық белсенділікті арттырудың қаржылық механизмі» тақырыбында өткізілген халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. Алматы қаласы, аль- Фараби атындағы ҚазҰУ, 2009ж. желтоқсан;

3 «Қазақстандағы қаржылық- экономикалық сәулетті дағдарыстан кейінгі кезеңде жетілдіру» Қарағанды Қазтұтыну одағы экономикалық университеті, 2010 ж наурыз.

Басылымдар. Диссертацияның негізгі нәтижелері ғылыми журналдарда, және ғылыми басылымдарда 8 мақала болып жарияланды (3, 5 б. б. ) .

Диссертацияның құрылымы және көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

1 ТУРИСТІК КЛАСТЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

  1. Кластер түсінігі және даму теориясы

Кластер бәсекелестікті жоғарлатудың ең тиімді құралы болғандықтан, кластерге қызығушылық күннен күнге артып келеді. Бірақ кластерлік бағыт - жаңа құбылыс емес. И. Тюнен 1826 жылы өзінің «Ауыл шаруашылығы мен ұлттық экономикаға қатысы жоқ шеттелген мемлекет» еңбегінде үлкен қала айналасында орналасқан, транспорттық шығындарды минималдайтын, шоғырланған шеңбер секілді бір- бірін алмастыратын ауыл шаруашылығы жүйесінің математикалық кеңістік үлгісін қарастырған. XIX ғасырдың екінші жартысының ағылшын экономисті А. Маршалл экспортқа бағытталған экономиканың тиімділігін жоғарлататын факторлар ретінде байланысқан салаларды, шаруашылық қызметтің мамандандырылған субьектілерін және жоғары мамандандырылған жұмыс күшін тартуды көрсетеді. XIX ғасырда кластерлік экономиканың даму тұжырымдамасы индустриалды бағыт шеңберінде өтті, заманауи әлемнің басты идеясы- бәсекеге қабілеттілік.

Заманауи ғалымдар кластерді зертей келе өз анықтамаларын берген, мысалы, Ден Хаак кластерді мамандандырылған жабдықтаушылар жүйелерінің аумақтық шоғырландырған жүйелері негізінде, негізгі өндірушілер мен тұтынушылар біріктірілген индустралды кешен ретінде анықтайды [3] .

А. Воронов кластер дегенде бәсекеге қабілетті өнім өндіретін мамандандырылған кәсіпорындардың ретке келтірілген жиынтығы деп түсінеді [4] . С. И. Соколенконың пікірі бойынша кластер - өз қызметтерін жаһандық дәрежеде өнім өндіруге бағыттаған, бір өндірістік аймақта белең алған кәсіпорындар, мекемелердің жиынтығы [5] .

Ал В. М. Кутьиннің пікірі бойынша кластердің географиялық детерменизм қасиеті жоқ, себебі біріншіден, көптеген аймақтарды жайлап отырған әлсіздік, екіншіден, географиялық картада жақын орналасқан мемлекеттер ресурстары бойынша, адами әлеуеті бойынша бір- бірінен қатты ерекшеленетінін және бұл ерекшеліктер оларды бір экономикалық кластерге біріктіруге жол бермейтінін атап көрсетті [6] . А. Ю. Андрианов пен Лотар Линцен ұсынған анықтама бойынша, кластер - жергілікті үкімет органдарымен, қаржы, ғылым мекемелерімен тығыз байланысты аумақты-салалы біріккен кәсіпорын. Кластерлер ерекше құрылымға йе: желі басында тендер негізінде өзара толықтырушы өнімдерді өндіретін мердігер ұйымдарды таңдайтын орталық компания тұрады [7] .

Кластерлік даму теориясының негізін салушы М. Портер кластерге келесідей анықтама береді: кластер- өндірістік топ, бұл топ бірін бірі өзара толықтырушы бір салада жұмыс жасайтын географиялық жағынан көршілес орналасқан компаниялар мен ұйымдардың жиынтығы. Оның пікірі бойынша кластер негізі екі қағидаға -шоғырлану және бәсекелестікке сүйенеді. Ол бәсекелестікке әсер ететін кластердің келесідей жолдарын бөліп көрсетті [8] :

  1. оған кіретін фирмалар мен салалардың өнімділігін жоғарылату;
  2. инновацияға деген қабілеттілік арқылы өнімділікті жоғарылату;
  3. кластер шекарасын кеңейтетін және инновацияны қолдайтын жаңа бизнес түрлерін ынталандыру;

М. Портердің бәсекелестік мәселелерін зерттеу туралы негізгі нәтижелері екі еңбегінде жарияланған: «Бәсекелестік стратегия: салалар мен қарсыластарды талдау әдісі» және «Бәсекелестік артықшылық: табысты қызметті құру және қолдау». Ол келесідей теорияларды ұсынды: бәсекеге қабілетті компаниялардың пайда болуы халықаралық нарықта мемлекеттің бәсекеге қабілетті болуына септігін тигізетін бәсекеге қабілетті салалардың пайда болуына негіз болады. Бәсекеге қабілеттіліктің критериі болып әр тауар бойынша әлемдік экспорттағы мемлекеттің үлесі табылды. Мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі дегенде компанияның сыртқы экономикалық қызметімен сипатталатын экспорттық бәсекеге қабілеттілігін түсіну керек.

Портер зерттеулерінің басты нәтижесі болып бәсекелестік артықшылықтардың ромбын құрастыруы болып табылады:

Сурет 1 - Бәсекелестік артықшылықтарының ромбы [8]

Факторлы қамтамасыз етілу - ел өндірсінің кәсіптенген еңбегі, капитал, табиғи ресурстар және инфрақұрылым секілді факторлары. Аса маңызды өндіріс факторлары болып халықтың білімі және қабілеті, заманауиланған заттай инфрақұрылым, сонымен қатар капитал сияқты «құрылған» факторлар болып табылады [8] .

Сұраныс шарты - жергілікті және халықаралық нарықтағы өнеркәсіптік қызметтер мен тауарларға деген сұраныс шарттары. Талапты жергілікті нарық бәсекеге қабілеттілікті қалыптастыруда аса маңызды. Тұтынушылардың белгілі бір сегментіне жақын орналасу елдің бәсекелестік басымдылығына әсер етеді. Алайда халықаралық нарықпен байланысы да елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда үлкен рөл ойнайды [8] .

Дамыған өзара байланысты және қолдаушы салалар фирмалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін маңызды. Осылай, олар әлемдік деңгейдегі жабдықтаушылармен жақсы байланыс бәсекеге қабілеттілікті қалыптастыра және арттыра алады. Дегенмен, өзара байланысты және қолдаушы салардың артықшылығы «ромбтың» басқа компоненттеріне тәуелді [8] .

Фирма стратегиясы, құрылым және бәсекелестік аталған компоненттегі үлкен маңызға ие, инновацияны енгізу және тиімді қызмет етуге үлкен қысым көрсетуі мүмкін жергілікті компаниялардың арасындағы бәсекелестікке ие. Қатыгез бәсекелестік жергілікті нарықтағы басымдылықты күшейтіп қана қоймай, жергілікті компанияларға халықаралық нарыққа шығуды міндеттейді, өйткені өмірлік қабілеттілігі жоғары жергілікті компаниялар ғана шет елде бәсекелестікке қарсы тұра алады [8] .

«Ромб» концепциясына сәйкес «бәсекеге қабілеттілікке толықтай дерлік бәрі әсер етеді». Сондықтан бәсекеге қабілеттілікті арттыру күрделі талпыныс болып табылады, себебі бәсекеге қабілеттілікті арттыра алатын бірде бір саясат немесе құрал жоқ, тек дамытудың көптеген аялары ғана бар, олардың өзіне қол жеткізу үшін уақыт талап етіледі. Аталып кеткен төрт детерминанттарға екі тәуелсіз күш әсер етеді:

1 Үкімет, себебі елдердің бәсекелестік артықшылықтарын құруда басты роль атқарады.

2 Жағдай, өйткені бұл фактор мүлде басқаруға келмейді.

Портердің айтуынша, барлық кластердің дамуын қолдап отыру керек, себебі қайсысы тез, қайсысы ақырын дамитынын алдын ала анықтау мүмкін емес. Сондықтан үкіметтің қазіргі кезде дамудың жоғарғы қарқынына ие бір кластерді қолдау саясаты, оның ойынша, қате пікір [9] .

Ал Ресей Федерациясының ұлттық бәсекелеге қабілет институты кластер сауалдарын қарастыра келе, кластер идентификация концепциясын жасап шығарды - «4К» [10] :

  1. негізгі саладағы, сонымен қатар жергілікті территориялардағы қолдаушы және байланысты саладағы компаниялардың топталуы;
  2. тұтынушы үшін бәсекелестік, оны тарту және ұстап отыру;
  3. сыртқы нарықта өз өнімінің бәсекеге қабілеттілігін қолдаудағы және тыс салаларды және жергілікті институттарды тартудағы шоғырлану;
  4. қатысушыларды өзара толықтыру мен мамандандыруға негізделген жоғары өнімділік есебінен нарықтағы бәсекеге қабілеттілік.

Кластерлі технологияны бизнес пен билік қысқа мерзімде өндірістің бәсекеге қабілетті сала құруға бағытталған территоряда қолдану әлде қайда ұтымды. Салалық көзқарас компанияның немесе бөлек саланың қызығушылықтарын лоббирлеу есебінен бәсекелестікті қалыпсыздандырады, ал кластерлі көзқарас аймақтық экономикалық субъектілердің өсім шамасын есептегендегі аймақтың мемлекеттік даму саясатына кешенді көзқарас құруға мүмкіндік береді. Кластердің бар болу тиімділігі бар байланыс немесе кері байланыс тиімділігіне, жергілікті білім, заң және басқа құрылымдар кластердің қажеттілігіне қаншалықты уақытылы әсер ететініне немесе оның қажеттілігіне мүмкін жабдықтаушылар қаншалықты тез көңіл аударатынына тәуелді. Кәсіпкерліктің дамуын тез жылжытатын күш болып бәсекелестік күрес табылады. Кластерлердің қозғалмалығы экономикалық жүйені ұйымдастырудың басқа да нысанымен салыстырғанда тағы да бір артықшылық болып табылады, өйткені кластерлер құрылады, кеңейеді, тереңдейді, бірақ сонымен бірге уақыт өткен сайын кішірейіп, ыдырауы да мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономиканы басқарудың жаңа бағыты – кластерлік жүйенің бәсекелік ортаны дамытудағы теориялық және практикалық аспектілерін зерттеу
ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ БИЗНЕСТІҢ ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЫ
Қазақстан экономикасындағы кластерлік жүйе
Қазақстандағы кластерлерді ұйымдастырудың экономикалық – құқықтық формалары
Қазақстан Республикасындағы кластерлік жүйе
Қазақстандағы туризм жағдайы мен даму перспективасы
Қaзaқстaн Республикaсының туризм сaлaсындaғы инвестициялық жағдайы мен инвестициялық сaясaты
Алматы облысында туристік кластерді дамыту
Халықаралық туризм туралы
Қазақстан Республикасындағы экскурсиялық бизнес
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz