Мүмкіндігі шектеулі балалардың тұрмысқа бейімделуін қамтамасыз ету



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1 бөлім. МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫҢ ТҰРМЫСҚА БЕЙІМДЕЛУІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

1.1 Кемтар балаларға әлеуметтік тәрбие беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

1.2 Мүмкіндігі шектеулі балаларға мемлекет тарапынан жасалатын көмектер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9

1.3 Естімейтін балалардың тұрмысқа бейімделуін қамтамасыз етудегі негізгі жұмыстар, бағыттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10

1.4 Дамуында кемістігі бар балаларды оқытып, тәрбиелеуде жанұяның рөлі мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11

2 бөлім. МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖІКТЕУ

2.1 Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік . тұрмыстық бағдар беру ... 16

2.2 Әлеуметтік . тұрмысқа бейімдеудің жаңарған мақсаттары ... ... ... ... ..20

2.3 Әлеуметтік . тұрмыстық бағдарлау . бұл арнайы түзету сабақтары ... ..22

2.4 ӘТБ сабақтарындағы оқыту түрлері мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... 23

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Курстық жұмыстың өзектілігі. Мүгедек балаларды әлеуметтік сақтау 1991 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңына сәйкес жүргізіледі. Бұл заңның негізгі мақсаты мүгедектерді біздің қоғамда оқыту, дамыту және тәрбиелеу үшін барлық жағдайлар жасау.
2005 жылы 13 сәуірде қабылданған, 2006 жылдың 1-ші қаңтарынан қолданысқа енгізілген «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау» № 39-ІІІ ҚРЗ заңының негізгі мақсаты – мүгедектерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету және олардың тіршілік-тынысымен, қоғаммен етене араласу үшін тең мүмкіндіктер жасаудың құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық шарттарын айқындау. Бұл заңдарда мүгедектерді әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеу, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері, т.б. мәселелер қамтылған.
Заңға сәйкес, мүмкіндіктері шектеулі балаларды арнайы әдістермен тәрбиелеу, оқыту, еңбекке баулу, өмір сүрген ортасына әлеуметтік бейімдеу шаралары негізінен үш министрліктің (денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім және ғылым) қатысуымен жүзеге асырылады. Заңда көрсетілген негізгі бағыттар бойынша қолдау шаралары мүмкіндіктері шектелген, даму процестерінде әртүрлі дәрежедегі ауытқулары бар балалар үшін қамқорлық болып саналады.
Қоғамдық әлеуметтік нормалар мен ережелерді балалардың игеруі әлеуметтендіру арқылы жүзеге асады. Әлеуметтендіру – жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені белсенді игеруінің нәтижесі мен барысы, отбасындағы, арнайы балабақшалар, арнайы мектептердегі, еңбек ұжымындағы іс-әрекеттер мен қатынастар арқылы жүзеге асады, қоғам өміріндегі әртүрлі жағдайда еріктен тыс әсерлер арқылы және де жеке тұлғаны мақсатты түрде тәрбиелеу жағдайында қалыптасады.
Бүгінгі таңда экономикалық, экологиялық, әлеуметтік жағдайлардың әсер етуінің салдарынан мүмкіндігі шектеулі балалар саны көбеюде. Мемлекет осындай балаларға көп мән беріп, назар аударуда.
Зерттеудің өзектілігі, маңыздылығы - арнайы білім беру мекемелерінде интелектуалдық проблемалары және мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік бейімдеу.
Менің тақырыбымның маңыздылығы осы мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік бағдар беріп, тұрмыстық – жағдайға бейімдеу. Қоршаған ортаға, тұрмысқа бейімдеу барысында өзін-өзі тануы және жеке тұлға ретіндегі қалыптасуы. Соңғы кезде зерттеулер арнайы педагогиканың теориялық жағдайына және әдістемелік нұсқауларға сүйендім.
Халықтың негізгі бөлігінің тіршілік деңгейінің әруақытта төмендеуінен, экономикалық жағдайға адамның бейімделу процесі қиындайды. Осыған байланысты арнайы мектеп жағдайында оқушыларды тиімді экономикалық және жан-жақты бағытталған даярлық қажеттілігі туындайды. Балада әлеуметтік - тұрмыстық білім және біліктілігінің қалыптасуы эпизодтық іс-шара болып қана көрінбей, алдымен өзінің мақсаты, сосын әртүрлі бекіту және іс-тәжірибеде жиі пайдалануы, жұмыстың бағытталған жүйесін, іс -әрекетінің дұрыс қалыптасуы бала үшін қажет. Бұл жерде баланың нақты шешімдерді оның өміріне қажетті әлеуметтік-тұрмыстық білім және біліктілігі бала өміріне бағытталуы тиіс. Бұл біздің зерттеуіміздің маңыздылығын айқындап береді.
1. Заң №39 –ІІІ ҚРЗ 2005 ж. 13 сәуір «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау»
2. Гладкая В.В. Социальная – бытовая подготовка воспитанников специальных (коррекционных) общеобразовательных учреждений VIII вида –М, «Издательство НЦ ЭНАС», 2003.
3. Маллер А.Р. Ребенок с ограниченными возможностями /Книга для родителей.М, 1996.
4. Тебенов Қ.С. Дамуында ауытқуы бар балалар. Қарағанды. 2005.
5. Львова С.А. Практический материал к урокам социально –бытовой ориентировки в специальной (коррекционной) общеобразовательной школе VIII вида. – М, Издательства «Владос» 2005
6. Нурманбетова У.Е. Мүмкіндіктері шектеулі балалар: интелектуалды даму кемістіктері. Қарағанды.2003.
7. Намазбаева Ж.И, Сүлейменова Р.А. Дефектологиялық сөздік – Алматы, 1993.
8. Вайзман Н.П.Психоматорика умственно отсталых детей. М; 1997. Воспитание и обучение детей во вспомогательной школье: Пособие для учителей и студентов дефектолог. Ф-тов пед. ин-тов/Под ред. В.В.Воронковой М, 1994.
9. Маллер А.Р. Социальное воспитание и обучение детей с отклонениями в развитии. М, 2000.
10. Щербакова А.М. Воспитание ребенка с нарушениями развития. М, 2002.
11. Лапшин В.А, Пузанов Б.П. Основы дефектологии – М, 1990.
12. Сүлейменова Р.К, Выготский Л.С. және дефектология мәселелері. Алматы, 1994.
13. Тупогонов А.С. Коррекционно - педагогическая работа в системе образования детей с нарушениями умственного и физического развития детей / Дефектология – 1994-№4
14. Серкебаев Қ. Ұлағат. 2001, Ақыл-ой кемістіктерінің түрлері және оның ерекшеліктері.
15. Шевченко С.Т. Коррекционно – развивающее обучение. Организационно – педагогические аспекты. М, Владос, 2001.
16. Серкебаев Қ. Дефектология: зерттеу мен тәжірибе. Ұлағат, 2002.
17. Рсалдинова А.К, Ляхова Л.В. Әлеуметтік - тұрмыстық бағдарлау. (көмекші мектепке арналған байқау бағдарламасы.) Алматы. 2004.
18. Айдарбекова А.А. Тәртіп мәдениеті сабақтарын ұйымдастыру және өткізу (көмекші мектепке арналған байқау бағдарламасы) Алматы. 2005.
19. НамазбаеваЖ Дефектология кеңесі. Москва 1998ж.
20. Астапов В.М. Введение в дефектологию с основами нейро и патопсихологии. М. 1994.
21. Богданова Т.Г, Корнилова Т.В. Диагностика познавательной сферы ребенка.М, 1994.
22. Қоянбаев Ж.Б, Қоянбаев Р.М. Педагогика .Астана. 1998.
23. Назаров Н.М. «Специальная педагогика» М.2000.
24. Пузанов В.П. Коррекционная педагогика. М. 1990.
25. Тебенов Қ.С, Омарова Н.Н. Мамандыққа кіріспе. Қарағанды. 2006.
26.Сөйлеуді ертерек дамыту және дефектология мәселелері. Викарская Е.Н. М, 1987ж.
27.Балалардың сөйлеу даусының бұзылуы, М, 1975ж. Ляпидевский, С.С. Исаковская С.А.
28.Сөйлеуі бұзылған балаларды психологиялық - педагогикалық зерттеу. Дефектология 2, 1993ж. Усанова У.Н.
29.Лагопедияның терминологиялық сөздігі. Өмірбекова Қ.Қ Алматы, 2005ж.
30.Уроки логопеда. Исправления нарушения речи. Жукова Н.С. – Москва, Эксмо, 2007ж.
31. Устная речь глухих. Рау Ф.Ф. – М, 1979г.
32.Программа обучения и воспитания глухих детей дошкольного возраста – М,1991г.
33. Виткаускайте Д.А. Работа воспитателя по формированию социально- бытовых знаний и умений у умственно отсталых учащихся IV класса / Дефектология. – 1993. - №2
34. Щербакова А.М. Москоленко Н.В. Формирование социальной компонентности воспитанников специальных (коррекционных) школ-интернатов VІІІ вида //Дефектология, – 2001 - №3,4.
35. Қоянбаев Ж.Б. Педагогика. Алматы, «Рауан». 1992 ж.
36. Девяткова Т.А. и др. Социально-бытовая ориентировка в спецальных (коррекционных) образовательных учреждениях VІІІ вида / Под ред. А.М. Щербаковой. М., 2003
37. Обучение и воспитание детей во вспоагательной школ. / Под ред. В.В.Воронковой. М. 1994.
38. Дефектологический словарь. М, 1970.
39. Гладкая В.В. Подготовка учащихся младших классов школ-интернатов к бытовому труду / Дефектология -1998-№3
40. Лощинский В.М. Сервировка и этикет стола.- Минск, 1998.
41. Уход за бельем, одеждой, обувью/ Сост. А.В.Новикова.- Минск, 1994.
42. Шинкаренко В.А. Диагностика и формирование навыков само-обслуживания, хозяйственно-бытового и ручного труда у умственно ограниченных детей: Метод. Материалы в помощь падагогам спец.учреждений и родителей. –Минск, 1997.
43. Шинкаренко В.А. Трудовое обучение и воспитание учащихся вспомогательной школы: Учеб. Пособие. – Минск, 1990.
44. Воспитание. Подготовительный класс: Учеб.-метод.пособие для учителей и воспитателей/ Под ред. М.П.Осиповой.-инск, 2000.
45. Воспитание и обучение детей во вспомогательной школе: Пособие для учителей и студентов дефектол.факултетов пед.ин-ов/ Под ред. В.В.Воронковой.-М., 1994.
46. Павлова Ж.П. Моделирование реальных ситуаций на занятиях по социально- бытовой ориентировке // Дефектология. – 1987.- №2
47. Трудовое обучение и домоводство: Учеб.пособие для средней школы / Сост.А.П.Тарасова. – СПб.,1998.
48. Эрхард Ф. Планы и разделы учебной программы для детей с особенностями в интеллектуальном развитии. – Минск, 1999.
49. Рябова Н.В. Формирование знаний и умений хозяйственно-бытовой деятельности у учащихся сельской специальной школы. «Дефектология», 1996,№4,С.33-38.
50. Рсалдинова А.К. Умения умственно отсталых восьмиклассников пользоваться учебными инструкциями на занятиях по социально-бытовой ориетировке. В сб.: Современные исследования по проблемам учебной и трудовой деятельности аномальных детей: Тезисы докладов Х науч. Сессии по дефектологии.4.2, Москва, 1990, С. 256-257.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1 бөлім. МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫҢ ТҰРМЫСҚА БЕЙІМДЕЛУІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

1.1 Кемтар балаларға әлеуметтік тәрбие
беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

1.2 Мүмкіндігі шектеулі балаларға мемлекет тарапынан жасалатын
көмектер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9

1.3 Естімейтін балалардың тұрмысқа бейімделуін қамтамасыз етудегі негізгі
жұмыстар,
бағыттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..10

1.4 Дамуында кемістігі бар балаларды оқытып, тәрбиелеуде жанұяның рөлі мен
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11

2 бөлім. МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖІКТЕУ

2.1 Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік – тұрмыстық бағдар беру ... 16

2.2 Әлеуметтік – тұрмысқа бейімдеудің жаңарған мақсаттары ... ... ... ... ..20

2.3 Әлеуметтік – тұрмыстық бағдарлау – бұл арнайы түзету сабақтары ... ..22

2.4 ӘТБ сабақтарындағы оқыту түрлері мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... 23

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі. Мүгедек балаларды әлеуметтік сақтау 1991
жылы қабылданған Қазақстан Республикасы мүгедектерді әлеуметтік қорғау
туралы заңына сәйкес жүргізіледі. Бұл заңның негізгі мақсаты мүгедектерді
біздің қоғамда оқыту, дамыту және тәрбиелеу үшін барлық жағдайлар жасау.
2005 жылы 13 сәуірде қабылданған, 2006 жылдың 1-ші қаңтарынан
қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік
қорғау № 39-ІІІ ҚРЗ заңының негізгі мақсаты – мүгедектерді әлеуметтік
қорғауды қамтамасыз ету және олардың тіршілік-тынысымен, қоғаммен етене
араласу үшін тең мүмкіндіктер жасаудың құқықтық, экономикалық,
ұйымдастырушылық шарттарын айқындау. Бұл заңдарда мүгедектерді әлеуметтік
қорғауды мемлекеттік реттеу, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері, т.б.
мәселелер қамтылған.
Заңға сәйкес, мүмкіндіктері шектеулі балаларды арнайы әдістермен
тәрбиелеу, оқыту, еңбекке баулу, өмір сүрген ортасына әлеуметтік бейімдеу
шаралары негізінен үш министрліктің (денсаулық сақтау, әлеуметтік
қамсыздандыру, білім және ғылым) қатысуымен жүзеге асырылады. Заңда
көрсетілген негізгі бағыттар бойынша қолдау шаралары мүмкіндіктері
шектелген, даму процестерінде әртүрлі дәрежедегі ауытқулары бар балалар
үшін қамқорлық болып саналады.
Қоғамдық әлеуметтік нормалар мен ережелерді балалардың игеруі
әлеуметтендіру арқылы жүзеге асады. Әлеуметтендіру – жеке тұлғаның
әлеуметтік тәжірибені белсенді игеруінің нәтижесі мен барысы, отбасындағы,
арнайы балабақшалар, арнайы мектептердегі, еңбек ұжымындағы іс-әрекеттер
мен қатынастар арқылы жүзеге асады, қоғам өміріндегі әртүрлі жағдайда
еріктен тыс әсерлер арқылы және де жеке тұлғаны мақсатты түрде тәрбиелеу
жағдайында қалыптасады.
Бүгінгі таңда экономикалық, экологиялық, әлеуметтік жағдайлардың әсер
етуінің салдарынан мүмкіндігі шектеулі балалар саны көбеюде. Мемлекет
осындай балаларға көп мән беріп, назар аударуда.
Зерттеудің өзектілігі, маңыздылығы - арнайы білім беру мекемелерінде
интелектуалдық проблемалары және мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік
бейімдеу.
Менің тақырыбымның маңыздылығы осы мүмкіндігі шектеулі балаларға
әлеуметтік бағдар беріп, тұрмыстық – жағдайға бейімдеу. Қоршаған ортаға,
тұрмысқа бейімдеу барысында өзін-өзі тануы және жеке тұлға ретіндегі
қалыптасуы. Соңғы кезде зерттеулер арнайы педагогиканың теориялық жағдайына
және әдістемелік нұсқауларға сүйендім.
Халықтың негізгі бөлігінің тіршілік деңгейінің әруақытта
төмендеуінен, экономикалық жағдайға адамның бейімделу процесі қиындайды.
Осыған байланысты арнайы мектеп жағдайында оқушыларды тиімді экономикалық
және жан-жақты бағытталған даярлық қажеттілігі туындайды. Балада әлеуметтік
- тұрмыстық білім және біліктілігінің қалыптасуы эпизодтық іс-шара болып
қана көрінбей, алдымен өзінің мақсаты, сосын әртүрлі бекіту және іс-
тәжірибеде жиі пайдалануы, жұмыстың бағытталған жүйесін, іс -әрекетінің
дұрыс қалыптасуы бала үшін қажет. Бұл жерде баланың нақты шешімдерді оның
өміріне қажетті әлеуметтік-тұрмыстық білім және біліктілігі бала өміріне
бағытталуы тиіс. Бұл біздің зерттеуіміздің маңыздылығын айқындап береді.
Зерттеу болжамы: Егерде, есту қабілеті және интелекті бұзылған баланы
әлеуметтік – тұрмысқа бейімдеу жұмысы жүйелі түрде жоспарланып, жақсы
ұйымдасқан түрде жүргізілсе, бала оны өз санасымен сезініп, өз бетінше
дұрыс, тиімді орындай білсе, онда әлеуметтік – тұрмыстық бейімдеу жұмысы
нәтижелі болады.
Зерттеу мақсаты :
1. Әр балаға қажетті білім қорын жинақтап, дағдысын және біліктілігін,
мектеп бітірген соң, жеке өмір бастауға сенімділігін арттырып,
бейімделуіне дағдыландыру;
2. Әлеуметтік – экономикалық жағдайдың тез ауысуынан жалпы жағдай
талаптарына сай ӘТБ-ң білім мазмұнын жақындату;
3. Әртүрлі өмір шығармашылығымен байланысты тәжірибелік біліктілігін
қалыптастыру;
4. Экономикалық білім элементтерін және адамның ішкі жан дүниесін оқуға
қатысты бағдарлама мазмұнын өңдеу.
Балаларды қалыптастыруда мақсатқа жету үшін келесі негізгі талаптарды
шешуіміз керек:
- тұрмыстық еңбек жайлы білімі және біліктілігі (жеке тазалығы, тамақты
ұйымдастыруы, тұрғын үй күтімі, киім, аяқ-киім, және басқа да қажетті
заттар);
- түрлі мекемелердің қызметін пайдалана білуі (сауда, тұрмыстық қызмет,
байланыс, мәдениет, медициналық көмек, көлік;)
- экономикалық – тұрмыстық біліктілік;
- өз демалысын ұйымдастыра білуі;
- қарым-қатынас жасау біліктілігі;
- түрлі адамдармен мәдени қарым-қатынас жөнінен біліктілігі және
түсінігі (таныс және бейтаныс, үлкендермен және кішілермен, ұстаздармен,
қатарларымен және т.б.) қажетті тәжірибе жинақтауы;
- жоғары адамгершілік сезімі және айналасындағыларға дұрыс көңіл - күй
қатынасы;
- өз күші мен қабілетіне сенімділігі, ерік жігері;
Әлеуметтік - тұрмыстық бағдарлау мүмкіндігі шектеулі баланы жеке
өмірге, жалпы даму денгейін көтеруге бағытталған.
Зерттеу объектісі: біздің алға қойған мақсатымыз есту қабілеті және
интелекті бұзылған балаларға әлеуметтік бағдар беріп, оларды тұрмысқа
бейімдеу және де негізгі мақсатқа жетуде келесі мәселелерді шешеміз.
Зерттеу пәні: педагогикалық процестің деңгейі, педагогикалық әсер ету
әдістері, мазмұны, педагогтың, тәрбиеленушінің шығармашылығының іске асу
жолдары, педагогикалық жағдай, педагогикалық талаптар мінезі, педагогикалық
әрекет.
Зерттеу жаңалығы: Осы жұмыста ұсынылған әдістемелік нұсқаулар баланың
бастапқыда алған негіздері оны (баланы) ары қарай дамуына көмектеседі.
Баланың жеке дамуы әртүрлі мүмкіндіктерді өзіне ұстай отырып, процесте,
нәтижеде бір бағытта болмағанымен, бірақ осылардың бәрі бір және соңғы
күйге алып келеді. Адам туылғаннан белгілі бір деңгейге дейін, бүкіл өмір
бойы дамып отырады.
Балаларда біліктілікті қалыптастыру мазмұнының жайылма сараптауы, ол
педагогикалық жұмысты жоспарлау нақтылығын қамтиды, сондай-ақ педагогикалық
диагностика, балалардың әлеуметтік – тұрмыстық білімі мен біліктілік
динамикасын мақсатты бақылауын меңгеру болып табылады. Осы мақсатта ӘТБ
сабағының барысында әлеуметтік даму картасы енгізілген. Әр баланың
мүмкіндігіне сену, оқудың оң нәтижесін қою педагогикалық оңтайландыру
қағидасының негізін құраушы болуы керек;
Мектепті бітірер кезде ақыл-ой және физикалық даму мәселелерін
балаларда шеше отырып, даярлауды ұйымдастыру, оларды әлеуметтік –тұрмысқа
бағдарлау –бұл үлкен өмір жолының басы болып саналады. Жас адамдарда
өмірдің кез-келген сәттеріне деген қызығушылығын дамыту қажеттілігі, яғни
кейбіреулермен кездесуге тура келетін және кейбіреуін шешуге тура келеді,
ал бұл белгілі бір білім және біліктілік қорымен жабдықтандырусыз мүмкін
емес және де әлеуметтегі алғашқы табысты ықпалдасу үшін қажет.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспе, екі бөлім,
қорытынды, әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 бөлім. Мүмкіндігі шектеулі балалардың тұрмысқа бейімделуін қамтамасыз ету

1. Кемтар балаларға әлеуметтік тәрбие беру

Әртүрлі кемістіктері бар балаларды тәрбиелеу мен оқыту күрделі
әлеуметтік және педагогикалық мәселе. Бұл мәселелер мүмкіндіктері шектеулі
балаларды қолдан келгенше қоғамдық өмірге пайдалы, белсенді, өз беттерінше
өмір сүре алатындай етіп дайындау мақсатындағы негізгі сұрақтарды шешуге
көмектеседі.
Іс - әрекет әр адамның негізгі әлеуметтік қызметі, сондықтан
дефектология ғылымының жан-жақты зерттеулері мүмкіндіктері шектеулі
балалардың әлеуметтік бейімделуіне, қоғамның мәнділігін және ережелерін
саналы түрде меңгерулеріне, өмір жағдайы мен қарапайым еңбек түрлеріне
баулуларына, қоршаған ортаға бейімделулеріне септігін тигізеді.
Есте болатын жәйт, мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы оқыту, түзету
және тәрбиелеу әдістері мезгілімен дұрыс қолданылса, олардың биологиялық
кемістіктерінің салдары азаяды.
Тәрбиелеу және оқыта отырып – жетілдіру, дамыту сипатын алуы қажет,
сонда ғана мүмкіндігі шектеулі балалардың потенциалды мүмкіндіктерін,
әрекеттерін қалыптастыруға болады. Өйткені, мүмкіндіктері шектелген балалар
өз бетінше ешнәрсе істей алмайды, ал мұғалімнің тәрбиешінің көмегімен
жобаланған жұмыстардың кейбіреуін, кейде көпшілігін іске асыра алады.
Арнайы мамандар Л.С.Выготскийдің қағидасына сүйене отырып, жуық арада
даму аймағын білу – мүмкіндігі шектеулі баланың жағдайына тән мүмкіншілігін
ғана емес, оның психикалық даму персфективасын да анықтау қажет деп
есептейді. Сондықтан оқыту процесі, жуық арадағы даму аймағының жетілуіне
жағдай жасауы қажет, уақыт озған сайын бала педагогтың басшылығын қажет
етпей-ақ, берілген тапсырмаларды өз бетімен шешуге талпынатын болады.
Бұл – оқыту мен дамытудың ішкі өзара байланысын құрастырады, сонымен
қатар, дұрыс ұйымдастырылған оқыту әдістері – психикалық әрекеттердің
қалыптасуына сүйене отырып, даму процесін жетілдіреді. Сондықтан, еңбекке
үйрету және тәрбиелеу арнайы дидактиканың негізгі мәселелері болып
табылады. Арнайы мекемелерде еңбекке баулу ерекше маңызды, өйткені олар
мүмкіндігі шектеулі балаларды тек өмір сүруге ғана үйретіп қоймайды сонымен
қатар, кейбір қарапайым мамандықтарды игеруге де үйретеді.
Арнайы педагогикада тәрбиелеу процесі қиындатылған жағдайларында өтеді:
тәрбиеленушілердің бұл кезде шектеулі мүмкіндіктеріне сүйене отырып, білім
беру жүйесінде тәрбиелеу тапсырмаларын жалпы қабылданған түрлерін шешіп
қана қоймай, сонымен қатар дамуында ауытқуы бар тұлғалардың әрбір
категориясына қолданымды тәрбиелеуге ерекше қажеттіліктерді
қанағаттандыруды қамтамасыз ету, біріншіліктің себебі бойынша және
әлеуметтік, оның ішінде коммуникативтік, жүріс тұрыстық және өзгеде
үрдістердің тұлғалық қасиеттерді дамытудағы кезекті ауытқулардың жоқ
жерлерін қалыптастыру керек. Тәрбиелеу ісі осы баланың дамуының барлық
ерекшеліктерін ескере отырып, педагог пен баланың, топтағы немесе сыныптағы
балалардың бірлесу процесінде шектеулі түрде жеке жүзеге асады.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың даму ерекшеліктерін және жалпы арнайы
педагогикада қабылданған тәрбиелеудің түрлерінің сыныптамасын ескере
отырып, арнайы білім беруде түрлі дәрежеде және түрлі сәйкестілікте
қолданылатын олардың топтарының үш түріне тоқталып өтеміз:
- ақпараттық әдістер (әңгімелесу, консультация жүргізу, жалпы ақпарат
құралдарын пайдалану әдебиеттерді және өнерді қолданысқа алу, қоршаған
өмірден, мысалы оның ішінде педагогтың жеке экскурсиялары, кездесулері).
- тәжірбиелік - әрекеттік әдістер-үйрету, жаттықтыру, тәрбиелеуші
жағдайлар, ойын өткізу, қол еңбегі, бейнелеу және сурет салу өнері,
дәстүрлік емес тәсілдер – арттерапия (өнер құралдары мен коррекциялық –
педагогикалық көмек көрсету) және ипотерапия (ат үсті жүру әдістерімен
коррекциялық – педагогикалық көмек көрсету).
- оятушылық - бағалаушылық әдістер (педагогикалық талап, марапаттау,
сөгу, жазалау).
Оқыту әдістері секілді дамуында ауытқуы бар тұлғаларды әлеуметтік
тәрбиелеу әдістері; біріншіден, өз таралуында ерекше сипатқа ие, екіншіден,
өзара және қандайда бір білім беру технологиясына болашақта жиі түрде
тұрғызылған әдістермен мақсатты сәйкестілікте пайдаланылады.
Жасөспірімдік және жастау кезде, мүмкіндігі шектеулі адамның тұлғалық
дамуында коррекциялық – педагогикалық көмектің шынайы нәтижелерінің пайда
болуымен, тәрбиеленушілердің интеллектуалдық және сөйлеу мүмкіндіктеріне
сүйенетін, тәрбиелеудің ақпараттық және стимулдаушы әдістеріне ерекше орын
беріледі.

2. Мүмкіндігі шектеулі балаларға мемлекет тарапынан жасалатын көмектер

Еліміздегі экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуынан, қазіргі таңда туа
біткен, тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулар салдарынан қаршадай
бастарынан қасірет дертке шалдыққан мүмкіндігі шектеулі балалар саны жылдан-
жылға артуда.
Осындай мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекетіміз қазіргі таңда
айрықша назар аударып, қамқорлық көрсетіп отыр. Бұл қамқорлықтың бәрі
Елбасының халыққа жолдауында, ҚР Білім заңында, Кемтар балаларды
әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы
заңдарында айтылып, мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетудің тиімді
жүйесі, оларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке баулу және кәсіби даярлығын
шешуде, бала мүгедектігінің алдын-алуға бағытталған көптеген көкейкесті
мәселелер жан-жақты қарастырылған. Бала бойындағы кемістігін толықтырудың
екі түрлі ерекшелігі бар, оның бірі-бала психикасын даму шамасына орай
тәрбие талаптары, екіншісі-кемістікті қалпына келтірудегі өз бойындағы
ерекшеліктері мен мүмкіндіктері деп атап көрсетіледі.
Қазіргі ғылым мен медицина дәуірлеген уақытта мүгедектерге едәуір
жеңілдіктер жасалып отыр. Мүмкіндігі шектеулі адамдар білім алып, бала
сүйіп, кейбірі түрлі спорт түрімен айналысып, жарыстарға қатысып, өзін де,
өзгені де бойындағы өнерімен таң қалдыруда.
Бұл адамдар көбінде жұмысқа жарамсыз болу салдарынан, мемлекет оларды
өз қарауына алып, оларға қамқорлық жасайды. Зейнетақы тағайындап, оны
төлейді.
Мысалы есту қабілеті төмен, саңырауларға арналған мектептерде жыл
сайын ыңғайлы, арнайы жаңа құрал-жабдықтар қолданылады, оларды қолдану
әдістері жетілдіріледі.

1.3 Естімейтін балалардың тұрмысқа бейімделуін қамтамасыз етудегі
негізгі жұмыстар, бағыттар

Есіту мүмкіндігі шектеулі балаларды жарқын өмірге бейімдеп, тәрбиелеу
үшін қажырлы еңбек пен ерінбей іздену қажет.
Есітпейтін баланы ортаға икемдеп, тәрбиелеп оқытып, санасын ояту оңай
жұмыс емес.
Сыртқы әлем туралы мәліметтердің 98 пайызы көз арқылы берілетін
болса, тек қана 2 пайызы, құлақтың еншісініе тиеді. Бірақ та бір-бірімізбен
табиғи қатынас жасау арқылы алатын мәлімет ерекше маңызды. Демек жер
бетінде ең үлкен байлық адамдардың бір-бірімен тілдесуі.
Саңырау мен таскереңдіктің ауыр түрін жеңуге бола ма? Оны толық
көлемде жеңу мүмкін емес. Бірақ осы кеселге мойымай, құлақтары еститін
адамдардай-ақ қоғамға пайда келтіре алатын толыққанды өмір сүру үшін күресу
керек. Бұл кесел өте қиын, бірақ оны жеңуге болады.
Сөйлегенге дейінгі кезеңде негізгі мақсат баланы сөйлеуге үйретіп, ой-
өрісінің одан әрі дамуына әсер ететін сөздік қорын қалыптастыру болып
табылады.
Бала саңырау болып қалу жағдайына мектеп жасында тап болса, онда
сөйлеу қабілеті қанағаттанарлық деңгейде ұзақ сақталуы, кей кездерде өмір
бойы сақталуы мүмкін. Бірақ ақыл-есі мен ой-өрісінің дамуына сонымен қатар
айналасындағылардың сөйлеген сөзіне, түсіну тәсілдеріне үйретуге көп көңіл
бөлінуі керек.
Естімейтін оқушылардың ауызша сөйлеуін қалыптастыру мәселесі бойынша
сурдопедагогтар көптеген еңбектер арнаған. Мектеп жасына дейінгі ересек
балалардың сөйлеуін қалыптастыру мәселесіне арнайы әдебиеттерге өте аз
көңіл бөлінгендігін айта кеткен жөн. Дегенмен ересек және дайындық тобы
мектепке дейінгі оқу процесінің соңғы кезеңі болып табылады.
Балалар оқу барысында сөйлеуге үйренген білімдерімен мектепке барады.
Балалардың сөйлеу дағдысы неғұрлым мықты қалыптасса, оны одан әрі оқыту
нәтижелі болады.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектептердің және жалпы білім
беретін мектептердің алдында, оқушыларды жан-жақты білімге, еңбек етуге
дайындау мақсаты тұр. Сонымен қатар есту қабілетінен айырылған балаларға
арнайы мектеп естімейтін балаларды дұрыс еститіндер арасындағы өмірге,
олармен қарым-қатынас жасауға дайындауы керек. Естімейтін балалардың сөздік
қоры өте аз болғандықтан, сөздерді бұзып сөйлеу оларға тән қасиет болып
шығады. Баланың есту қабілетінен ерте айырылуы оның сөйлеу қабілетінің
мүлдем дамуына, немесе арнайы үйретілген жағдайда, баяу қалыптасуына әкеліп
соғады. Осылардың бәрі естімейтін балалардың қоршаған ортаны тануына,
олардың ойлау қабілетінің қалыптасуына, әлеуметтік бейімделу деңгейіне
нақты әсерін тигізеді. Естімейтін баланы белсенді түрде араласатын нақты іс-
әрекеттерге қатыстыру үшін, оларды қарым-қатынастың сенімді құралымен
қаруландыру керек. Сондықтан арнайы еңбектің негізгі міндеттерінің бірі
ауызша сөйлеуді қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар естімейтін
баланың сөйлеуіне қол жеткізу өте маңызды, оның ауызша сөйлеуі қарым-
қатынастың жеткілікті түрдегі сенімді құралы болып есептелмейді.
Сөйлеуге үйрету бойынша жеке сабақтар 20 минуттан жүргізіледі. Жиырма
минуттық сабақ екіге бөлінеді: 10 минуты дыбыстануға,ал қалған 10 минуты
есту қабілетін дамытуға арналады. Жеке сабақтың негізгі мақсаты-игеруге
қиын тиетін сөйлеу дағдыларын қалыптастыру және түзету. Естімейтін оқушының
есту қабілетін дамыту бойынша жұмыстың негізгі мазмұны оларды сөйлеуге
берілген материалдарды есту, тану және ажыратуға үйретуден тұрады. Егер
бала естуге берілген тапсырманы дұрыс орындайтын болса және өзінің айтқанын
сауатты түрде құрастырып көрсетсе, онда мұғалім бағдарлама материалы дұрыс
игерілді деп есептейді. Осылардың бәрі естімейтін балалардың қоршаған
ортаны тануына, олардың ойлау қабілетінің қалыптасуына, әлеуметтік
бейімделу денгейіне нақты әсерін тигізеді.
Естімейтін балаларға қазіргі заманға сай есту аппараттары қолданылып
келеді. Алайда бұл аппараттар барлығына бірдей көмек бере алмайды. Жаңа
технологияларды қолдана отырып көпканалды кохлеардың имплонтациясы дүниеге
келтірілді.
К.И – ішкі құлаққа орнатылған электродтар құлақ нервісіне енгізіледі.
Әлемде бірнеше мыңдаған адамдар мұндай протезді жасатты. Мұндай операциялар
біздің елімізде де жасалып жатыр.
К.И - жас аралығы ол ең жас деген 1-2 жас аралығы, ең үлкен 70 жас
аралығын қамтиды.

1.4 Дамуында кемістігі бар балаларды оқытып тәрбиелеуде жанұя рөлі мен
міндеттері

Соңғы уақытта біздің қоғамымыз дамуында кемістіктері бар балалармен жас
- өспірімдер мәселесіне бет бұрды. Олардың өмірлері бөлме өсімдіктері
өмірлерімен пара-пар.
Дамуында ауытқуы бар нәрестенің дүниеге келуі – жанұя және оның жақын
туыстары үшін қиын, ауыр сәт. Осы кезеңде ата-аналар алдында нәрестені әрі
қарай тәрбиелеуге байланысты жаңа міндеттер тұрады: ата-аналардың нәрестеге
пара-пар емес мінез–құлық және сенімдік реакцияларының коррекциясы; өзара
түсінушілікке әсер ететін мінез-құлықтың араласу факторларын дамыту және
сонымен бірге баланың ата-аналардың өзін нығайтуы мен өзін іске асыруы.
Кейбір ата-аналар бала дамуындағы ауытқуды өзінің толық еместігі
ретінде қабылдай бастайды, өзіне сенімділігін жоғалтады, оларға қорқыныш
пен үміт үзу келеді. Басқалары емдеудің әдеттегіден тыс әсер ететін
әдістерін күш салып іздей бастайды, қаражаттарын жұмсайды, сонымен бірге
қымбат уақыттарын жоғалтады, ол кейіннен өз мүмкіндіктеріне сенбеушілік пен
түңілуге әкеледі.
Жанұяда дамуында кемістігі бар баланың болуы отбасының әлеуметтік
мәртебесінің өзгеруіне әкеледі. Көптеген аналар жанұяның материалдық
шығындарының өсуімен, кемтар баланы емдеуімен және тәрбиелеу үшін жұмысты
тастауға мәжбүр болады. Кейбір ата-аналар, әсіресе әкелері проблеманы
көтере алмайды да жанұядан кетіп, жағдайды одан сайын ушықтырады.
Кемістігі бар баланы тәрбиелеуде жанұяның рөлі.
Ата –аналар көп жағдайда реабилитация тек арнайы ауруханаларда немесе
сауықтыру орталықтарында жүруі мүмкін және солай болу керек деп қателеседі.
Негізгі сауықтыру жұмысы отбасында барлық жанұя мүшелерінің жақындарының
қолдауымен ұзақ уақыт, күнделікті және жүйелі жүргізілуі керек Керісінше
жағдайда, бұл жеткен нәтижелерді жоғалтуға әртүрлі бұзылулардың асқынуына,
психологиялық әлеуметтік және қозғалыстың дамуының тежелуіне әкеледі.
Бала үшін жанұя не істеуі керек? Ең алдымен оның дамуындағы
проблемаларға сәйкес өз баласына тән қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін
анықтап алу керек. Бұл тиімді емдеу мен реабилитация жолын таңдауға
көмектеседі, баланың жанұяда және өмірге бейімделу мүмкіндіктерін
анықтайды. Екіншіден, ата-ананы реабилитацияға қатысуға белсенді тарту
қажет, ол әлеуметтік үш таған апа-әке -бала өзара түсінушілікті нығайтуға
септігі тиеді және жанұяда адамгершілік психологиялық ахуалды жақсартады.
Әкелер рөлін көтеру тәрбие бағытын дұрыс таңдауға көмектеседі, ана
тарапынан тым қамқорлық қаупін азайтады және оған түсетін дене бітімдік
психологиялық күшті төмендетеді. Ата-аналардың реабилитацияға бірлесіп
қатысуы жанұяның және жанұя мүшелерінің балаға оптимистік қарым
–қатынасына себебін тигізеді.
Әлеуметтік зертеулер мынаны көрсетеді: дамуында проблемалары бар
балалардың жанұяларында тәрбиеге әр түрлі бағыттар, жанұялық тәрбиенің
әртүрлі типтері қалыптасады, ол болашақта бала жеке басының ерекшеліктерін,
мінезін, оның жақсы жақтары және кемшіліктерін анықтайды.
Ата-ананың баласына шектен тыс қамқорлық көрсетуі оның өзімшіл болып
өсуіне және барлығы оларға көмекке келуге тиіс екеніне, қиыншылықтар мен
жағымсыздықтардан құтқаратынына үйреніп алады. Бұл балада енжар, өмірлік
позиция, иек артушылықты әдетке айналдырады.
Жанұядағы жасырын және ашық эмоциялық шектеу: бала өзін ата-аналары
үшін кедергі болып сезінуі, ал эмоциялық шектеу онымен қатал қарым-
қатынаста және оған сенімді эмоциялық қарым-қатынастың болмауынан көрінеді.
Мұндай жанұяда бала тұйық, агрессивті болып өседі, онда өзін-өзі бағалауы
төмен, енжар өмірлік позиция қалыптасады.
Баланы жанұя табынушысы типінде тәрбиелеуде онда жеке бастың жағымсыз
қасиеттерін қалыптастырады.
Кейбір жанұяларда тәрбиелеуде қарама-қайшылықтар кездеседі, жанұя
мүшелерінің әр түрлі тәрбие стилдерінің болуы баланың қоршаған жағдайға
қызбалықпен (истерикалық) жауап беруіне әкеледі. Мұндай балалар қызба,
ешкімге, ешнәрсеге сенімсіз болып өседі.
Дамуында кемістігі бар баланы оқыту және тәрбиелеуде жанұя ерекше рөл
атқарады. Себебі ата-аналар оның бірінші тәрбиешілері болып табылады,
олардан бала қоршаған дүние туралы алғашқы түсініктерін алады, әртүрлі
іскерліктер мен дағдыларын игереді. Дамуында ауытқуы бар дүниеге келген
баланы қабылдауға және тәрбиелеуге жанұяның жеткіліксіз психологиялық
даярлығы оның өміріне қоғамда бейімделу мүмкіншілігіне жағымсыз әсер етеді,
бұл тәуелділік, тиым және шектеуге әкеледі.
Дамуында ерекшелігі бар баланы жетілмеген, болашағымызға кедергі деп
олардың адамдық құқын шектеу түрінде емес, жеке тұлға ретінде қабылдау
керек және оны адам құқығы мен тең мүмкіндіктер көзқарасында қарастыру
қажет.
Дамуында ерекшеліктері бар балалардың ең жақсы реабилитациясы – бұл
олардың күнделікті өмірге тарту екенін есте ұстаған жөн, ол ойын және
бірлескен қарым-қатынас нәтижесінде жүзеге асады. Әрине, әрбір ерекше
балада өзінің ерекше қажеттіліктері бар, оны ата-аналары мен мамандар
қанағаттандыра алады. Ата-аналардың нақты көмегі мынада: балалары үшін
барлық қажеттілікті орындауды үйрену емес, олардың дербес болуына
көмектесетін дәрежеде көмек көрсету, белсенді өмірлік бағыт ұстау.
Ерекше балаларды оқытып, тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттері.
Дамуында ауытқулары бар балаларда дені сау балалар дамитын заңдармен
дамиды, бірақ қоршаған ортада да бейімделу үшін компенсаторлық
мүмкіндіктері біршама аз болады. Сондықтан мұндай бала ұзақ, дұрыс
ұйымдастырылған түзету тәрбиесін қажет етеді, ол қазіргі уақытта бар
бұзылуларды компенсациялау, жеңуге, болашақта олардың пайда болу
мүмкіндігінің алдын алуға бағытталған.
Дамуында ерекшелігі бар баланың қарапайым санитарлық- гигиеналық және
еңбек дағдыларын, қарым-қатынас дағдыларын игергені, қоршаған дүние туралы
түсініктерінің болуы, мүмкіндігінше дене бітімдік даярлығының болуы өте
маңызды. Баланың психомоторикалық дамуының жағымды динамикасының тәуелді
шешуші факторлары бұл жанұяда тәрбиелеудің пара-пар жағдайлары және
комплексті реабилитацияны ерте бастау. Сондықтан ата-аналар мамандармен
тығыз қатынаста жұмыс істеуі керек (әлеуметтік педагогтар, психологтар және
т.б.) Олардың ұсыныстары ата-аналарға өз баласын жақсы түсінуге
көмектесуді, онымен өз қарым-қатынасын кұруды үйретеді және оған қоршаған
өмірде толық бейімделуіне көмектеседі. Өмірінің алғашқы айынан бала нені
өзі істей алса соны өзі істеуі керек, тілеген ойыншығын өзі алуы, өзі
отыруға, тамақтануға, тұруға, киімімен әрекет етуге тырысады. Еш жағдайда
балаға тым қамқорлық жасауға болмайды, керісінше баланы өзі алатын әрекет
жасайтын жағдайларға көп қалдыру керек.Арнайы психология және педагогика
сұрақтарына үлкен көңіл аударған А.В.Запорожец ауытқуды білу баланың дұрыс
даму заңдылықтарын жақсы түсінуге мүмкіндік береді деген. Осының негізінде
ерекше балаларды, ең алдымен мектепке дейінгі жаста баланың әлеуметтенуі
үшін қолайлы жағдай жасауға көмектесу үшін оқытудың тиімді әдістемелерін
жасау қажеттілігі туды. Ақыл –ойдың дамуы әлеуметтенудің құрамдас бөлігі
болып табылады. Бала өмірінің алғашқы жеті жылын оның адамзаттану кезеңі
деп атап, А.Н.Леонтьев адам жеке бас дамуындағы мектепке дейінгі жастық
маңыздылығын ерекше атап көрсетті. Осы кезеңде бала адамзатқа қажетті
қасиеттерді игереді, анықтап сөйлейді, мінез-құлықтың ерекше формалары мен
нәтижелі іс-әрекет түрлеріне қабілеттілігі, ойлауы қалыптасады.
Л.С.Выготский әлеуметтенуді адамзат мәдениетіне өсу процесі ретінде
қарастырады, оның негізі әр түрлі белгілік жүйелерді игеру: вербалды
(сөздік), ымдық (бейнелі ымдық), графикалық (бейнелі графикалық) және т.б.

Мектепке дейінгі жаста баланың үйлесімді дамуын қамтамасыз ету үшін ең
алдымен сөздік, бейнелі –ымдық және бейнелі – графикалық белгі түрлерін
меңгеру керек. Әлеуметтену мен адамзатқа тән ақыл-ой іс-әрекетінің
тәсілдерін меңгеру үшін ролдік ойын, сөйлесу, сурет салу, құрастыру, яғни
белгілі моделдеу іс -әрекет түрлері маңызды болмақ.
Ерекше балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі міндеттер бес бағытқа
бөлінеді:
- өзін -өзі тануға қабілеттілік;
- өзіне қамқорлыққа алу қабілеттілігі;
- заттың дүниеде бағдарлану қабілеттілігі;
- қоршаған дүниеде өзін танып, анықтауға қабілеттілігі;
- қоғамда өмір сүру қабілеттілігі;
Ата –аналар мен мамандар арасындағы тығыз бірлескен жұмыс педагогикалық
іс-әрекеттің негізгі жақтарының бірі болып табылады. Мұнда барлық шаралар
баланың жеке қызметтерін жаттықтыруға емес тұлғаның толық дамуына
негізделуі керек.
Дамуында ауытқуы бар баламен жұмысты бастауда, ата-аналар келесі
ережелерді есте ұстағандары дұрыс.
- сабақты мүмкіндігінше ерте бастаған дұрыс.
Бала кіші болса, жұмыс тиімділігімен нәтижелілігі сонша жоғары.
- егер бала үшін қызықты болса, сабақ жемісті болады.
- бала өзін ыңғайлы және тыныш сезінуі керек.
- бала жетістігін жиі мадақтау, жол болмаған жағдайларда ұрыспау.
- балаға қойылатын талаптар жүйелі және жанұяның барлық мүшелеріне бірдей
болуы керек.
- баланы оқыту практикалық бағыттылықта болуы керек.
- міндетті сөзін әрекетпен байланыстыру.

2 бөлім. Мүмкіндігі шектеулі балалар және оларды жіктеу

2.1 Мүмкіндіктері шектеулі балаларға әлеуметтік - тұрмыстық бағдар беру

Мүмкіндіктері шектеулі балалар, кеміс балалар, немесе аномальды
балалар тобына психикикасы мен дене бітімінде түрліше ауытқулар бар және
жалпы дамуы бұзылған балалар жатады. Аномальды – ол anomalos грек тілінен
қате, теріс, дұрыс емес деген мағынаны береді.
Бір ғана әрекеттің, қызметтің кемістігі немесе дефектісі тек белгілі
бір жағдайда ғана баланың дамуына әсерін тигізеді. Бірақ, бір ғана
кемістіктің болуы бала организмінің кеміс дамуын анықтамайды. Мысалы, бір
құлағы естімесе немесе бір көзі көрмесе – бұл міндетті түрде жалпы кемістік
дамуға, ауытқуға әкелмейді, өйткені бұл жағдайда баланың жалпы көру, есту
мүмкіншілігі бұзылмайды, олардың негізгі әркеттері сақталады. Аталмыш
кемістіктер баланың қоршаған ортамен қарым – қатынасын әлі бұзбайды және
жалпы білім беретін мектептерде оқуына да кері әсерін тигізбейді.
Сондықтан, бұл кемістіктер бала организмінің кеміс дамуының себебі болып
есептелмейді. Айталық, белгілі бір жасқа келген ересек адамның организмінде
пайда болған кемістік немесе дефект жалпы ауытқуға әкелмейді, өйткені оның
психикалық даму процесі қалыпты жағдайда өткен, дұрыс қалыптасқан.
Сондықтан, мүмкіндіктері шектеулі балалар тобына кемістік салдарынан
дене бітімінің және психикасының дамуы тежелген немесе бұзылған, солардың
салдарынан арнайы оқыту мен тәрбиені қажет ететін балалар жатады.
Кеміс балалардың негізгі категориялары:
1. есту қабілеті бұзылған балалар (керең немесе саңырау, нашар еститін,
кеш естімей қалғандар);
2. көру қабілеті бұзылған балалар ( соқыр, мүлде көрмейтін, немесе
нашар көретін);
3. сөйлеу қабілеті бұзылған, тіл мүкістігі бар балалар логопаттар;
4. интелектуалды дамуы немесе ақыл –ой, ойлау қабілеті зақымданған,
кемақыл ( ақыл –ойы, есі кеміс – кемақыл және психикалық дамуы тежелген
балалар);
5. психикасы мен дене бітімінің дамуы комплексті, күрделі түрде
бұзылған (соқыр- мылқаулар, естімейтін – көрмейтін және ақыл – ойы
жетілмеген, естімейтін т.б.);
6. тірек- қимыл аппараты зақымданған балалар;
7. психопатиялық өзгерісі бар (жүріс – тұрысы, мінез – құлқы, тәртібі
бұзылған) балалар жатады.
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың санының өсуі, оларды оқыту мен
тәрбиелеу, қоғамдық өмірге және еңбекке араластыру – күрделі әлеуметтік
және педагогикалық мәселе болып отыр.
Кемтар балалар – күрделі және әртүрлі кемістіктермен қалыптасатын
ерекше топқа жатады. Кейбір кемістіктер жағдайға байланысты, толығымен
түзелсе, басқалары тек жартылай түзетіледі, ал кейбіреулері тек жартылай
толықтырылады, яғни жартылай өтеледі.
Әртүрлі кемістіктердің дамуы балалардың әлеуметтік қоғаммен араласуына
және өмірдің түрлі әсерлеріне әлеуметтік бейімделуіне әсерін тигізеді.
Кеміс балалардың білім деңгейі әртүрлі, біреулері қарапайым білімді тез
меңгереді, ал басқа біреулері, керісінше, мүмкіншіліктері шектеулі болады.
Мінез – құлықтарының, тәртіптерінің өзгеруі де оқушылардың жалпы
мектептерде оқуына, еңбекке араласуына кері әсерін тигізеді. Кейбір
оқушылар арнайы мектепте әртүрлі мамандықты игерсе, ал кейбіреулерінің
меңгеру қабілеті өте төмен болады және олардың өмірі мен еңбегі ерекше
арнайы ұйымдастыруды талап етеді.
Медициналық және психологиялық ғылымдардың дамуы, олардың
зерттеулерінің нәтижесі мүмкіндіктері шектеулі балалардың даму
ерекшеліктерін түсінуге көп себебін тигізеді. Кемістіктердің түрлерін және
олардың себептерін талдап, әсерін анықтап, жіктеуге, топтастыру үшін үлкен
ғылыми жұмыстар жүргізіліп, дефектология ғылымының дамуына әсер етеді.
Бала бойындағы кемістікті әлеуметтік жолмен толықтыруға болады, ол үшін
кемтар балаларға үнемі қамқорлық көрсетіп, оқыту мен тәрбиелеу істерін
жүйелі түрде жүргізіп отыру керек.
Әлеуметтік тәрбие баланың кемтарлығын толықтырады, мүгедектігін
төмендетеді, мүгедектіктің одан ауыр түрінен сақтандырады. Сондықтан да
бала мен отбасына әлеуметтік бағдар беру жүйесі өзгерістер мен жаңалықтарды
аса қажет етеді.
Ең алғаш әлеуметтану термині ХІХ ғасырда Америка әлеуметтанушысы
Фланклин Гидданстің Әлеуметтану теориясы еңбегінде жазылды. Бұл кітапта
Әлеуметтану – тұлғаның жаратылысы, мінез – құлқы немесе әлеуметтік
табиғатының дамуыдеген түсінік берілген.
Педагогика ғылымында әлеуметтену тәрбиемен, оның маңызы, мәні және
даму тенденцияларымен (бағыттары) байланыстырылып қаралады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүгедектік жеке мәселе ретінде
Мүмкіндігі шектеулі балалардың дидактикалық ойындар негізінде шығармашылық қабілетін қалыптастыру үдерісі
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мүгедектердің құқықтарын қорғау жөніндегі қызметі
Инклюзивті білім берудің негізгі принциптері
Мүгедектердің құқықтары
Гидроцефалиядан асқынған олигофрения
Дамуында бұзылыстары бар балалардың білімін бағалау
Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқығын, еркіндігі мен бостандығын сақтаудағы отандық және халықаралық нормативтік құжаттар
Инклюзивті білім беру жүйесінде кездесетін қиындықтарды жеңу
Бaлaның eрeкшe бiлiм aлу қaжeттiлiгiн aнықтaу бoйыншa, пeдaгoг-психoлoг, лoгoпeд- мұғaлiм, дeфeктoлoг әлeумeттiк пeдaгoгтың aтқaрaтын қызмeтi
Пәндер