Циклдық даму және жаһандану жағдайындағы экономиқалық өсу
1 КІРІСПЕ
2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3 ҚОРЫТЫНДЫ
ЕҢБЕКТЕР ТІЗІМІ
2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3 ҚОРЫТЫНДЫ
ЕҢБЕКТЕР ТІЗІМІ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі уақытта экономикалық өсу барлық мемлекеттердің экономикалық саясатының өзекті мәселесі болып табылады. Кірістердің жоғары деңгейін, ЖІӨ-нің тұрақты қарқынмен өсуін қамтамасыз еткен дамыған елдерді ғаламдану әсерінен болатын экономикалық өсудің сапалық өзгерістері және экономикалық өсудің осы елдердің халқына тигізетін әлеуметтік ықпалы толғандырып отыр. Дамушы елдерді мүлдем өзге проблема – сапалық тұрғыдан жаңа инновациялық негізде ұзақ мерзімді тұрақты өсу қарқынын қамтамасыз етуді мемлекеттік экономикалық саясаттың басым бағыты ретінде белгілеу ойландыруда. Экономикалық өсу азаматтардың өмір сүру деңгейі мен сапасын жоғарылатудың, қоғамның тұрақты дамуы үшін материалдық базаны қалыптастырудың негізі болуға, сондай-ақ дамыған елдермен қатар, дамушы елдердің әлемдік шаруашылық процестерге теңдей қатысуына кепілдік беруге тиіс.
Бүгінгі таңда Қазақстанның экономикасы ғаламдық дағдарыстың салдарын еңсеру проблемасын шешуде. Соңғы жылдары елімізде байқалған экономикалық өсу дүниежүзілік шикізат нарықтарының конъюнктурасына негізделді. Тәуелсіз сарапшылардың бағалауы бойынша, соңғы жылдарда Қазақстан экономикасының жоғары қарқынмен өсуінің шамамен 90% дүниежүзілік шикізат нарықтарында қалыптасқан қолайлы баға конъюнктурасы негізінде қол жеткізілген. Сондықтан ЖІӨ-нің құрылымында негізінен өндіруші саланың, сауда-делдалдық қызметтердің, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялардың, өнеркәсіптің үлесі басым болып отыр. ЖІӨ-нің құрылымында қызметтердің үлесі айтарлықтай үлкен емес, бұл орайда көлік және байланыс саласында теріс динамика байқалуда, ал шамадан тыс ұлғайтылған қаржы секторы материалдық түпкі макроэкономикалық нәтижелерде қандай да болмасын қомақты роль атқармайды, мұндай жағдай экономикалық өсу проблемасын, ұлттық экономика дамуының баламалы факторларын кешенді зерттеудің өзектілігін арттырып отыр.
Қазақстанда ұлттық экономиканы құрылымдық қайта құрумен қатар, оның серпінді қарқынмен өсуіне кепілдік беретін факторлар жүйесі әлі күнге дейін қалыптастырылған жоқ. Жаһандану жағдайында Қазақстан үшін экономикалық өсудің сапасын өзгерту қажет, дамудың инновациялық және демократиялық сипаты арқылы көрініс беретін, республиканың әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетін қамтамасыз ете алатын, өндірістің инновациялық типіне негізделген экономикалық өсу экономиканы өндіргіш күштердің жаңа деңгейіне көтеруге, ғылыми-техникалық революцияны жүзеге асыруға және халықтың өмір сүру деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік беретін «серпінді» (ғылымды көп қажет ететін) салаларды дамытуға ықпал етеді. Қазақстандағы тұрақты қарқынмен экономикалық өсу табиғи ресурстарды пайдаланумен ғана шектелмеуге тиіс, ең алдымен, ол азаматтық қоғамды дамытумен, интеллектуалдық капиталды және инновацияларды шоғырландырумен байланыстырылуға тиіс.
Демократияландыру шенеуніктердің қызметіне қатаң бақылау жасауға, жемқорлықты төмендетуге, үкімет қызметінің тиімділігін жоғарылатуға және табыстардың барынша біркелкі бөлінуіне ықпал етеді. Бұл орайда, құқық тәртібін орнату, жеке тұлғаның басқа да құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету демократияландырудың басты шарты болып табылады. Құқық тәртібі әлсіз сақталатын елдерде демократияландыру жемқорлықтың күшеюіне, мемлекеттік институттар тиімділігінің төмендеуіне, көлеңкелі экономиканың ұлғаюына, макроэкономикалық саясаттың сапасының нашарлауына (бюджет тапшылығы мен инфляцияның жоғарылауына) және, түптеп келгенде, қылмыстың және әлеуметтік теңсіздіктің артуы мен өмір сүру ұзақтығының төмендеуіне алып келеді. Саяси бостандық қамтамасыз етілген елдерде экономикалық өсу деңгейі жоғары болады. Дүниежүзілік тәжірибенің көрсетіп отырғанындай, экономикалық өсу тұрғын үй алу, денсаулықты қорғау, білім алу, әлеуметтік қорғалу, халықтың белсенді бөлігінің еңбекпен қамтылу құқығын жүзеге асыруға, яғни адамның лайықты өмір сүруі мен дамуына негіз қалайды.

1 Дағдырысты шаруашылық жүргізу жағдайында экономиқалық өсуді басқарудың ұйымдық экономиқалық аспектілері. – Алматы: Изд. Эверо, 2009. – 191 б.
2 Қазақстан Республикасының экономиқалық өсуді қамтамасыз етудің тұжырымдамалық негіздер. – Алматы: Изд. Эверо, 2010. – 362 б.
3 Русско-английский и казахский словарь менеджера. – Алматы: Изд. «Издатмаркет», 2009. - 397б.
Халықаралық жарияланымдар:
4 Особенности трансформации форм капитала в мире // «Современный научный вестник» ҒТТЖ, Экономика сериясы. - РФ, Белгород. - 2006. - №2 (3). - 49-52 б.
5 Современные теории капитала: особенности и подходы к формированию // «Білім экономикасы жағдайындағы инновациялар» ХҒТК материалдары. - Болгария Республикасы, София. - 2008. - 66-71 б.
6 Infrastructure facilities and support for stable development // SRJ «Intellectual economics». - Vilnius, Litva. – 2009. - №2 (6). («Интеллектуальная экономика» Ғылыми-зерттеу журналы. - Вильнус қ., Литва. – 2009. - №2 (6). - 129- 138 б.
7 Инновационная активность и экономический рост национальной экономики // «Наука и новые технологии». - Бішкек. – 2009. - №9. - 15-17 б.
8 Роль государства в регулировании рынка труда // Қырғыз экономикалық университетінің хабаршысы. - Бішкек. – 2009. - №3 (13) - 64-68 б.
9 Зарубежный опыт повышения эффективности управления экономическим ростом // «Экономика и финансы» ҒТЖ. - Өзбекстан. - 2009. - №3. - 48-59 б.
10 Государственная поддержка как фактор активизации экономического роста // «Экономика и статистика» Халықаралық ғылыми-ақпараттық журнал. - Бішкек. – 2010. - №1. - 28-34 б.
11 Развитие инфраструктурного обеспечения в целях устойчивого развития // «Strategiczne pytania swiatowej nauki - 2010» ХҒТК материалдары. - Прага, 2010. - 52-67 б.
12 Промышленное производство в обеспечении экономического роста: возможности и реалии // «Вопросы гуманитарных наук». - Ресей, Мәскеу. - 2010. - №1 (45). - 65-72 б.
ҚР БҒМ білім және ғылым саласындағы бақылау Комитетінің ұсынған арнаулы ғылыми журналдар мен мерзімдік басылымдарындағы жарияланымдар:
13 Современные теории капитала: особенности и подходы к формированию // Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ хабаршысы. – 2007. - № 2 (56). - 188-192 б.
14 Реализация финансового механизма инновационной деятельности: подходы и критерии // Абай атындағы ҚазҰПУ хабаршысы, «Экономика» сериясы. – 2008. - № 3 (17). - 16-22 б.
15 Экономикалық өсудің инновациялық құрамы // Қаржы қаражат. – 2009. - № 3. - 15-19 б.
16 Адам және сервистік экономика қазіргі қоғам дамуының императивтері // Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ хабаршысы. – 2009. - № 3. - 219-224 б.
17 Әлемдіқ экономиканың экономикалық өсуді басқару тиімділігін жоғарылатудың тенденцияларына қадам жасау // «Тұран» хабаршысы. – 2009. - № 4 (44). - 15-20 б.
18 Состояние и основные тенденции развития экономики Казахстана // Экономика и право. - 2009. - № 2 (17). - 122-130 б.
19 Ұлттық экономикадағы адам капиталының тәжірибелік қалыптасуының экономикалық өсу факторы ретінде // Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ хабаршысы. - 2009. - № 6. - 34-43 б.
20 Евразиялық экономикалық ынтымақтастық жағдайындағы сыртқы экономиқалық қызмет: өсу резервтері // «Транзитная экономика» ҒТЖ. - 2009. - № 3-4. - 117-122 б.
21 Адам капиталы инфрақұрылымдық қамтамасыз етудің қатализаторы ретінде // Поиск. - 2009. - № 4 (2). - 9-14 б.
22 Экономикалық өсуді басқарудың: ұйымдық-экономикалық тетіктерін жетілдіру // «Транзитная экономика» ҒТЖ. - 2009. - № 5-6. - 77-87 б.
23 Инфрақұрылымдық қамтамасыз етуді қазақстан экономиқасыңың даму факторы ретінде // «Аль-пари» ЭЖ. – 2009. - № 4 (60). - 51-57 б.
24 Қазақстандағы экономиқалық өсудің институционалдық мүмкіндіктері // «Аль-пари» ЭЖ. - 2009. - № 3 (59). - 54-58 б.
25 Ұлттық экономиқадағы адам потенциалының мәселелерін қалыптастыру // Поиск. – 2010. - № 1. - 12-16 б.
26 Адам капиталы мен кономиқалық өсу: тәжірибелік мәселелері // ҚР БҒМ ЭИ, «Экономика: стратегия и практика» ҒБ. – 2009. - № 4 (12). - 48-53 б.
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциядағы жарияланымдар:
27 Приоритеты и стимулы инвестирования национальной экономики // «Орта Азия елдерінде кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету, шағын және орта бизнестің ауқымын кеңейту және оны нығайту» ХҒТК материалдары, 3-4 қараша 2006ж.– Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, С.Демирель атындағы Университет, 2006. - 130-137 б.
28 Государство в организации малых форм инновационного предпринимательства // «Ұлттық инновациялық жүйенің қалыптасуы және Қазақстан экономикасының ғылыми әлеуетінің даму проблемалары» ХҒТК материалдары. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2007. - 256-262 б.
29 Эволюция и подходы к теории человеческого капитала // «Рысқұлов оқулары» ХҒТК, 4 бөлім. – Алматы: Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, 2008. - 263-266 б.
30 Роль человека в формировании экономики знаний // «Қазіргі жағдайдағы ұлттық экономика:қиындықтар, басымдықтар, даму келешегі» ХҒК. – Алматы: «Тұран» НУ, 2008. - 244-249 б.
31 Подходы к формированию знаниеемкой экономики // Абай атындағы ҚазҰПУ Құрметті ректоры, ҚР ҰҒА вице-президенті, ҚР ҰҒА қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар Бөлімінің төрағасы, ҚР ҰҒА академигі Т.С.Садықовтың 70 жылдығына орай «Жоғарғы білімді жаңарту ҚР экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің кепілі ретінде» ХҒК. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2008. - 526-530 б.
32 Знания как интеллектуальный потенциал нации: подходы и изменения // «Ғаламдану жағдайында қазақстандық экономиканың инновациялық дамуы және интеграциялануы» ХҒТК материалдары. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2008. - 60-63 б.
33 Роль экономики знаний в условиях сервисного развития. (қосавторлық) // «Жоғары білімді ҚР экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің кепілі ретіндегі модернизациялануы» ХҒТК. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2009. - 91-99 б.
34 Промышленное производство как катализатор экономического роста // «ҚР экономикалық өсу стратегиясы: дағдарыстан кейінгі уақыт» ХҒТК материалдары. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2009. - 379-383 б.
35 Экономиқалық өсудегі институттардың шешуші ролі // «Негізгі қорларды жаңарту – тұрақты экономикалық өсудің негізі» ХҒТК материалдары. – Алматы: Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, 2009. - 704-710 б.
36 Экономикалық өсудің қалыптасуы экономиқалық категория ретінде // ҚР ҰҒА академигі А.К.Кошановтың 75 жылдығына орай «Ақпараттық-инновациялық парадигманың қалыптасуы кезіндегі Қазақстанның қоғамдық ғылымдары» ХҒТК материалдары. - Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, Қазақстанның ғалымдар Одағы, ҚР БҒМ ЭИ, 2009. - 278-284 б.
37 Экономический рост как фаза циклического развития экономики // Қазақстанда Жоғары экономикалық қалыптасудың 60 жылдығына орай «ҚР экономикасында инновациялық белсенділікті жоғарылатудың қаржы тетігі» ХҒТК материалдары. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2009. - 206-208 б.
38 Институциональный подход экономического роста и инновационное развитие экономики // «Инновациялық экономика мен адам дамуының білім компоненті: білім менеджменті» ХҒПК материалдары. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2010. - 253-260 б.

ӘОЖ 330.35 (574)
Қолжазба құқығында
УСКЕЛЕНОВА АСЕЛЬ ТАЛАПОВНА
Циклдық даму және жаһандану жағдайындағы экономиқалық өсу: теория,
әдіснамалық тәсілдері, басқару тетіктері
(ҚР мысалында)
08.00.01 – Экономикалық теория
08.00. 05 – Экономика және халық шаруашылығын басқару
(салалары мен қызмет аясы бойынша)
Экономика ғылымдарының докторы
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2010
Жұмыс Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде
орындалған
Ғылыми кеңесшісі ҚР ҰҒА академигі, экономика
ғылымдарының
докторы, профессор
Н.Қ. Мамыров
Ресми оппоненттері экономика ғылымдарының
докторы,
профессор А.Б. Молдашев
экономика
ғылымдарының докторы,
профессор С.Ы. Өмірзақов
экономика
ғылымдарының докторы,
профессор А.Б. Темірбекова
Жетекші ұйым ҚР БҒМ Экономика
институты
Қорғау 31 тамызда 2010 жылы сағат 14.00-де Абай атындағы Қазақ
Ұлттық педагогикалық университеті жанындағы Д 14.63.07 докторлық
диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кенесінде өтеді
Мекен-жайы: 050010, Алматы қ., Қазыбек би көш., 28, аудитория 31.
Диссертациямен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің
кітапханасында танысуға болады.
Автореферат ____ шілдеде 2010 жылы таратылды.
Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы
экономика ғылымдарының докторы
Ә.Н.Дәуренбекова
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі уақытта экономикалық өсу барлық
мемлекеттердің экономикалық саясатының өзекті мәселесі болып табылады.
Кірістердің жоғары деңгейін, ЖІӨ-нің тұрақты қарқынмен өсуін қамтамасыз
еткен дамыған елдерді ғаламдану әсерінен болатын экономикалық өсудің
сапалық өзгерістері және экономикалық өсудің осы елдердің халқына тигізетін
әлеуметтік ықпалы толғандырып отыр. Дамушы елдерді мүлдем өзге проблема –
сапалық тұрғыдан жаңа инновациялық негізде ұзақ мерзімді тұрақты өсу
қарқынын қамтамасыз етуді мемлекеттік экономикалық саясаттың басым бағыты
ретінде белгілеу ойландыруда. Экономикалық өсу азаматтардың өмір сүру
деңгейі мен сапасын жоғарылатудың, қоғамның тұрақты дамуы үшін материалдық
базаны қалыптастырудың негізі болуға, сондай-ақ дамыған елдермен қатар,
дамушы елдердің әлемдік шаруашылық процестерге теңдей қатысуына кепілдік
беруге тиіс.
Бүгінгі таңда Қазақстанның экономикасы ғаламдық дағдарыстың салдарын
еңсеру проблемасын шешуде. Соңғы жылдары елімізде байқалған экономикалық
өсу дүниежүзілік шикізат нарықтарының конъюнктурасына негізделді. Тәуелсіз
сарапшылардың бағалауы бойынша, соңғы жылдарда Қазақстан экономикасының
жоғары қарқынмен өсуінің шамамен 90% дүниежүзілік шикізат нарықтарында
қалыптасқан қолайлы баға конъюнктурасы негізінде қол жеткізілген. Сондықтан
ЖІӨ-нің құрылымында негізінен өндіруші саланың, сауда-делдалдық
қызметтердің, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялардың, өнеркәсіптің
үлесі басым болып отыр. ЖІӨ-нің құрылымында қызметтердің үлесі айтарлықтай
үлкен емес, бұл орайда көлік және байланыс саласында теріс динамика
байқалуда, ал шамадан тыс ұлғайтылған қаржы секторы материалдық түпкі
макроэкономикалық нәтижелерде қандай да болмасын қомақты роль атқармайды,
мұндай жағдай экономикалық өсу проблемасын, ұлттық экономика дамуының
баламалы факторларын кешенді зерттеудің өзектілігін арттырып отыр.
Қазақстанда ұлттық экономиканы құрылымдық қайта құрумен қатар, оның
серпінді қарқынмен өсуіне кепілдік беретін факторлар жүйесі әлі күнге дейін
қалыптастырылған жоқ. Жаһандану жағдайында Қазақстан үшін экономикалық
өсудің сапасын өзгерту қажет, дамудың инновациялық және демократиялық
сипаты арқылы көрініс беретін, республиканың әлемдік деңгейде бәсекеге
қабілетін қамтамасыз ете алатын, өндірістің инновациялық типіне негізделген
экономикалық өсу экономиканы өндіргіш күштердің жаңа деңгейіне көтеруге,
ғылыми-техникалық революцияны жүзеге асыруға және халықтың өмір сүру
деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік беретін серпінді (ғылымды көп қажет
ететін) салаларды дамытуға ықпал етеді. Қазақстандағы тұрақты қарқынмен
экономикалық өсу табиғи ресурстарды пайдаланумен ғана шектелмеуге тиіс, ең
алдымен, ол азаматтық қоғамды дамытумен, интеллектуалдық капиталды және
инновацияларды шоғырландырумен байланыстырылуға тиіс.
Демократияландыру шенеуніктердің қызметіне қатаң бақылау жасауға,
жемқорлықты төмендетуге, үкімет қызметінің тиімділігін жоғарылатуға және
табыстардың барынша біркелкі бөлінуіне ықпал етеді. Бұл орайда, құқық
тәртібін орнату, жеке тұлғаның басқа да құқықтары мен бостандықтарын
қамтамасыз ету демократияландырудың басты шарты болып табылады. Құқық
тәртібі әлсіз сақталатын елдерде демократияландыру жемқорлықтың күшеюіне,
мемлекеттік институттар тиімділігінің төмендеуіне, көлеңкелі экономиканың
ұлғаюына, макроэкономикалық саясаттың сапасының нашарлауына (бюджет
тапшылығы мен инфляцияның жоғарылауына) және, түптеп келгенде, қылмыстың
және әлеуметтік теңсіздіктің артуы мен өмір сүру ұзақтығының төмендеуіне
алып келеді. Саяси бостандық қамтамасыз етілген елдерде экономикалық өсу
деңгейі жоғары болады. Дүниежүзілік тәжірибенің көрсетіп отырғанындай,
экономикалық өсу тұрғын үй алу, денсаулықты қорғау, білім алу, әлеуметтік
қорғалу, халықтың белсенді бөлігінің еңбекпен қамтылу құқығын жүзеге
асыруға, яғни адамның лайықты өмір сүруі мен дамуына негіз қалайды.
Қазақстанда билік институттарын жетілдіру, мемлекеттік меншікті
басқарудың жаңа нысандарын құру, мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті
дамыту түрінде түебегейлі институционалдық қайта құрулар жүзеге асырылды.
Біздің үкіметіміздің стратегиялық міндеттерінің бірі – нәтижелілік, ашықтық
және қоғам алдында есеп беру қағидалары негізінде толыққанды қызмет ететін
мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыру болып табылады. Осыған Қазақстан
Президентінің жыл сайынғы Жолдаулары бағытталған. Жаһандық экономикалық
тұрақсыздық жағдайында мемлекет ахуалды белсенді түрде басқара білуге тиіс.
Ол үшін қажетті ресурстардың бәрі де бар. Н.Ә.Назарбаев қазақстандық
мемлекеттілікті одан әрі нығайту қажеттілігі, мемлекеттік басқару
тиімділігін жоғарылату туралы айтады[1].
Жаһандану үрдістері әрбір мемлекетте оның келешектегі даму жолын және
дүниежүзілік шаруашылықта алатын орнын белгілейтін сыртқы және ішкі
факторлардың үйлесімін қалыптастыру арқылы өзара байланысуда. Мұндай
үйлесім – шеткі елдердің толық тәуелділігінен ұлттық деңгейден жоғарғы,
гипербәсекелі экономикалық жүйелерге дейін қамтиды. Сондықтан көптеген
мемлекеттер үшін экономикалық даму және экономикалық өсу мәселелері
ғаламдық экономикада өзінің ұлттық мүдделерін іске асыру мақсатында
басымдық болып табылады.
Республика дамуының геосаяси, әлеуметтік-экономикалық және
институционалдық жағдайларының өзгеруін ескере отырып, жаңа әдіснамалық
негіздерді пайдалану тұрақты экономикалық өсу тетіктерін зерттеуді қажет
етеді. Экономикалық өсуді тиімді басқару үшін онымен тығыз байланысы бар
тетіктерді анықтау қажет. Олардың қазақстандық эконономикалық даму
моделінің түпкі нәтижелеріне әсерін анықтау экономикалық өсуді мемлекеттік
реттеу процестерін талдауға және оған қол жеткізудің стратегиялық
бағыттарын және ғаламдану жағдайындағы келешегі мен болжамдарын анықтауға
мүмкіндік береді.
Диссертацияның зерттелу дәрежесі. Көп қырлы және күрделі құбылыс болып
табылатын экономикалық өсуді, оның эволюциялық өзгерістерін зерттеудің
ұлттық экономиканың дамуы үшін қолданбалы маңызы зор, сондықтан ғалымдар
мен мамандар экономикалық өсудің жаңа қырларын және жаңа сапалық белгілерін
анықтау үшін үнемі зерттеулер жүргізеді.
Халықтың әл-ауқатын жоғарылату, технологиялық және саяси тұрғыдан
тұрақты даму үшін экономикалық өсу проблемасының маңызы зор. Нақты ЖІӨ
әрбір ағымдағы ұлғаюының немесе кемуінің ұзақ мерзімді кезеңде маңызы
жоғары болады, өйткені ол мемлекеттің экономикалық даму траекториясын және,
түптеп келгенде, оның дүниежүзілік экономикадағы және саясаттағы ролін
өзгертеді. Сондықтан, экономикалық өсу факторларын анықтау, олардың түрлі
даму сатыларындағы маңыздылығын салыстыру – теориялық және қолданбалы
ғылымның басты міндеті. Қазіргі уақытта экономикалық өсуге қатысты ғылыми
білімнің ауқымды көлемі жиналды, инновация, адам капиталы, меншік құқығы
және т.б. осындай факторлардың тізімі кеңеюде. Тиімді мемлекеттік басқару
проблемасының кеңінен талқылануына қарамастан, бұл тақырып іс жүзінде нақты
қолданыс таппады.
Жұмыста экономикалық өсу теориялар саласындағы классикалық және іргелі
зерттеулер (М.Вебер, Е.Денисон, Е.Домар, Дж.Кейнс, К.Маркс, А.Маршалл,
Дж.Мид, Д.Рикардо, В.Ростоу, Дж.Сакс, П.Самуэльсон, Т.Сван, Р.Солоу,
Ф.Хайек, Р.Харрод, С.Хикс, Й.Шумпетер және т.б.), сонымен қатар зерттеліп
отырған тақырыптың әдіснамалық және теориялық алғышарттарын әзірлеуге
қомақты үлес қосқан экономист-ғалымдардың еңбектері (А.Белоусов,
Е.Т.Гайдар, С.Ю.Глазьев, Е.И.Зоря, Е.С.Ивлева, А.Н.Илларионов,
Н.Д.Кондратьев, А.Киреев, Р.Нуреев, М.А.Пивоварова, С.Ю.Румянцева,
А.З.Селезнев, Д.В.Цигарели, К. Цыбко, Е.Ясин және т.б.) қолданылды.
Қазақстанда экономикалық өсудің теориялық және әдістемелік мәселелерін
Р.А.Алшанов, С.А.Аханов, У.Б. Баймұратов, А.Н.Дауылбекова,
Ә.Н.Дәуренбекова, А.Ю.Додонов А.Б.Зейнелғабдин, Н.Қ.Мамыров, Н.А.Назарбаев,
Г.Рашидов, А.Н.Саханова, Б.К.Сұлтанов, Е.А.Түркебаев, В.А.Хан,
Б.Д.Құсайынов және көптеген басқа ғалымдар зерттеді.
Экономикалық өсу дүниежүзілік экономиканың әрбір сатысында өзінің
мазмұнын өзгертіп отырады, сондықтан экономикалық өсуге қатысты зерттеулер
санының тұрақты түрде ұлғайып отырғанына қарамастан, аталған проблема
күрделі, көп қырлы және үнемі өзгеріп тұратындықтан, ол толық зерттелмеген
деуге болады. Бұрынғыдай экономикалық өсуге факторлардың әсерін, олардың
өзара қарым-қатынасын және олардың даму көздерінің өзгеруіне синергетикалық
әсерді және өзгермелі ғаламдану жағдайында дүниежүзілік шаруашылық
байланыстарды жүйелі талдау қажет. Ғаламдану және әлемдік қаржы дағдарысы,
интернационалдану және интеграциялану процестерінің күшеюі кезінде
дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы Қазақстанның ұлттық құраушысын ескере
отырып, экономикалық өсуді негіздеу қажеттігін туғызып отыр. Диссертациялық
жұмыс тақырыбының өзектілігі және аталған проблемаларды шешу қажеттілігі
осы зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін айқындайды.
Диссертация жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диссертация жұмысының
негізгі мақсаты Қазақстандағы экономикалық өсу факторлары мен тетіктерін,
ғаламдық экономиканың циклдік дамуы жағдайында басқарудың экономикалық
аспектілерін зерттеу болып табылады.
Зерттеу жұмысында келесідей міндеттерді шешу арқылы қойылған мақсатқа
қол жеткізіледі:
– қоғам дамуындағы экономикалық өсудің рөлі туралы теориялық
ұсыныстардың алғышарттарын зерттеп экономикалық өсудің мәнін негіздеу
– экономикалық өсудің түрлері мен факторларын қарастырып, экономиканың
қазіргі шарттарына тән қосымша ерекшеліктерін анықтау;
– ғаламдану жағдайындағы экономикалық өсу мен оның факторларының өзара
байланысын анықтау негізінде әдістемелік баға беру;
– шет елдер мен Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының қазіргі
үрдістерін талдау және оларға ғаламдық қаржы дағдарысының әсерін зерттеу;
– дағдарыс жағдайындағы Қазақстан экономикасының өсуін дамыту
тетіктерін анықтау;
– Қазақстанда экономикалық өсудің стратегиясын және келешегін айқындау
бағыттарын қалыптастыру.
Зерттеу объектісі республиканың ұлттық ерекшеліктерін ескеру арқылы
қазіргі экономикалық өсуді қарастыру болып табылады.
Ғаламдану жағдайында республика экономикасының даму заңдылықтары мен
бағыттары зерттеу пәні болып табылады.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізін классикалық және қазіргі
экономикалық әдебиеттерде негізделген және ұсынылған іргелі тұжырымдар мен
гипотезалар; экономикалық өсу теорияларының ережелері, экономиканың циклді
даму заңдылықтарын зерттеу саласындағы әлемдік экономикалық ой-пікірлер,
мемлекеттік органдардың бағдарламалық және болжамдық құжаттары құрайды.
Экономикалық өсудің теориялық модельдерін негіздеу саласындағы ғылыми
жетістіктерді қорытындылайтын жұмыстар қарастырылды. Қазақстан, ТМД елдері,
шетелдік ғалымдарының зерттеу нәтижелері зерделенді. Қазақстан
Республикасының заңнамалық және нормативтік актілері, статистика
органдарының, министрліктердің, ведомстволардың, ЖОО-ның мәліметтері
пайдаланылды.
Диссертациялық жұмыста салыстырмалы талдау әдісі, жүйелік-пәндік әдіс
пайдаланылды, ол бойынша дүниежүзілік экономиканың ғаламдануы жағдайында
экономикалық өсуді түсіну экономикалық процестердің себеп-салдарлы
байланысын ашуға және экономикалық өсудің жаңа мазмұны мен жаңа нысандары
тұрғысынан экономикалық өзгерістердің құбылмалылығын талдауға мүмкіндік
береді.
ЖІӨ-ді арттырудың мемлекеттік стратегиясын теориялық тұрғыдан
негіздейтін экономикалық өсудің түрлі аспектілерін көздейтін жалпы
әдістермен салыстырғанда, зерттеуде ұсынылған әдіснама әлеуметтік-
экономикалық дамудың маңызды міндеттерін біртұтас проблема ретінде
қарастыруға мүмкіндік береді.
Ақпараттық және эмпирикалық база. Зерттеудің ақпараттық базасын
монографиялық әдебиеттер, ғылыми мақалалар, мерзімді басылымдардағы отандық
және шетелдік авторлардың жарияланымдары құрайды. Зерттеудің эмпирикалық
базасы ретінде ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің материалдары,
ғалымдардың ғылыми және мерзімді басылымдарда жариялған сараптамалық
бағалаулары мен есептеулері, Қазақстан Республикасының нормативтік және
заңнамалық актілері, ҚР Президентінің, Дүниежүзілік банктің және басқа да
халықаралық экономикалық ұйымдардың Интернет желісіндегі ресми сайттарынан
алынған мәліметтер, сондай-ақ автордың жүргізген есептеулері қолданылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
– қоғамның қажеттіліктерін таныту тұрғысынан экономикалық өсу
туралы түсінік кеңейтілді және кезеңдік заңдылықтарын зерттеу
нәтижесінде оның мәні негізделді;
– экономикалық өсудің түрлерін жүйелеу негізгі жіктеу белгілері
бойынша нақтыланды;
– экономикалық өсудің түрлері мен факторларын аныктау арқылы оның
қосымша себептері, оған қоса демократиялық үрдістердің әсерімен
демократияның рөлін бағалау үшін SWOT–талдау жасалды;
– түрлі индекстік көрсеткіштер негізінде экономикалық өсу мен
демократияның қолайлы өзара байланысынтарын анықтаудың
әдістемелік негіздері айқындалды;
– экономиканың дағдарыс жағдайында Қазақстандағы экономикалық
өсудің жүзеге асырудың негізгі тетіктері анықталды;
– Қазақстан Республикасында экономикалық өсудің стратегиясы және
оны болжамдау үлгілері ұсынылды.
Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар:
1. Экономикалық өсудің мазмұны мен құрылымының теориялық негізідерін
талдау мен қоғам тұтынушыларының жағдайын ескеру арқылы өсудің авторлық
тұжырымдамасы көрсетілген;
2. Экономикалық өсу түрлерінің жүйеленуі арқылы оның қосымша типтері
мен ұғымы кеңейтілді;
3. Экономикалық құқық тәртібін сақтау негізіндегі тұрақты демократия
экономикалық өсудің қажетті факторы ретінде анықталынды;
4. Жаһандану жағдайындағы экономикалық өсуге демократияландыру
үрдістерінің жағымды әсері зерттелінді;
5. Институционалдық, инвестициялық-инновациялық, қаржылық және
ұйымдастырушылық-экономикалық тетіктер арқылы экономиканың дағдарыс
жағдайында өсуді жүзеге асыру мен ынталандыру бойынша ұсыныстар әзірленді;
6. Экономикалық өсудің болжамдық сценарийі мен нұсқаларынан ұлттық
экономика үшін ең қолайлысын әлемдік экономиканың даму беталыстары мен
сыртқы шарттарын ескере отырып Қазақстан экономикасын дамыту жолдары
анықталды.
Зерттеудің ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы. Диссертациялық
зерттеуде келтірілген тұжырымдар мен қорытындылар экономикалық өсу
проблемасына қатысты теориялық түсініктерді жаңартуға және кеңейтуге,
қазіргі ғаламдық мәселелерді түсінуге, Қазақстанның экономикалық даму
келешегін анықтауға және еліміздің экономикасын жаңа сапалық деңгейге
көшіру жолдарын әзірлеуге мүмкіндік береді.
Алынған ғылыми нәтижелер экономикалық өсуді мемлекеттік басқару
тетіктерін жетілдіруге мүмкіндік береді, сондай-ақ Елбасының Қазақстан
халқына Жолдауларын, еліміздің индустриалдық-инновациялық даму
стратегиясын, Стратегия-2030 бағдарламасын іске асыру кезінде қолданылуы
мүмкін. Олар сонымен бірге мемлекеттік басқару органдарының қызметкерлері,
кәсіпорындардың менеджерлері үшін, оқу процесінде қызығушылық туғызуы
мүмкін.
Автор диссертация жұмысында қарастырылған мәселелері бойынша
тәжірибелік тұжырымдардың бірқатарын Қазақстанның мемлекеттік органдарында
іске асырды. Атап айтқанда, Алматы қ. Экономика және бюджеттік жоспарлау
басқармасының, ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Экспортты дамыту
және кеңейту корпорациясы АҚ, Қазақстанның қаржыгерлер ассоциациясының,
БанкЦентрКредит АҚ, Корпорация АВЕ АҚ қызметінде және Абай атындағы
ҚазҰПУ Магистратура және PhDДокторантура институтының оқу үрдісінде
қолданылды.
Зерттеу жұмысының апробациялануы. Диссертацияның негізгі қорытындылары
мен нәтижелері 14 халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда және ғылыми
конференцияда баяндалды, оның ішінде: Орта Азия елдерінде кәсіпкерлікке
мемлекеттік қолдау көрсету, шағын және орта бизнестің ауқымын кеңейту және
оны нығайту атты ХҒПК материалдары, 2006 жылғы 3-4 қараша, Абай ат.
ҚазҰПУ, С.Демирел университеті, Алматы қ.; Білімге негізделген экономика
жағдайындағы инновациялар атты ХҒПК, Болгария Республикасы, София қ., 2008
жылғы 10-11 сәуір; Ғаламдану жағдайында қазақстандық экономиканың
инновациялық дамуы және интеграциялануы атты ХҒПК, 2008 жылғы 30 сәуір,
Абай ат. ҚазҰПУ; Ұлттық инновациялық жүйенің қалыптасуы және Қазақстан
экономикасының ғылыми әлеуетінің даму проблемалары атты ХҒПК материалдары,
16.09.2007 ж., Абай ат. ҚазҰПУ; Рысқұлов оқулары, 4-бөлім, 2008 жылғы 6
мамыр, Т.Рысқұлов ат. ҚазЭУ; Қазіргі кездегі ұлттық экономика:
проблемалары, басымдықтары, даму перспективалары атты ХҒК, Тұран
университетінде, 2008 жылғы 7-8 қараша; Жоғарғы білімді және ғылымды
жаңарту: инновациялық даму жолдары және келешегі атты Абай ат. ҚазҰПУ
Құрметті ректоры, ҚР ҰҒА вице-президенті, ҚР ҰҒА Қоғамдық және гуманитарлық
ғылымдар бөлімшесінің төрағасы, ҚР ҰҒА академигі Т.С.Садыковтың 70-
жылдығына арналған ХҒК, Абай ат. ҚазҰПУ, 2008 жылғы 18-19 қараша; Жоғарғы
білімді жаңарту ҚР экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің кепілі ретінде
атты ХҒПК, Абай ат. ҚазҰПУ 30.04.09; ҚР экономикалық өсу стратегиясы:
дағдарыстан кейінгі кезең атты ХҒПК материалдары, 11.12.2009 ж., Алматы,
2009; Негізгі қорларды жаңарту – тұрақты экономикалық өсудің негізі атты
ХҒПК материалдары, Т.Рысқұлов ат. ҚазЭУ, Алматы, 2009 ж.; Ақпараттық-
инновациялық парадигманың қалыптасуы кезіндегі Қазақстанның қоғамдық
ғылымдары атты ҚР ҰҒА академигі А.К. Қошановтың 75-жылдығына арналған ХҒПК
материалдары, 12.10.2009 ж. Алматы: Абай ат. ҚазҰПУ, 2009 ж.; ҚР
экономикасында инновациялық белсенділікті жоғарылатудың қаржы тетігі атты
Қазақстандағы жоғарғы экономикалық білім берудің 60-жылдығына арналған ХҒПК
материалдары, 10-11.12. 2009 ж., Абай ат. ҚазҰПУ; Strategiczne pytania
swiatowej nauki - 2010 атты ХҒПК материалдары, Прага, 07-15. 02.2010 ж.,
Инновациялық экономика мен адам дамуының білім компоненті: білім
менеджменті ХҒПК материалдары, Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы, 14-15.04.
2010 ж.
Жарияланымдар. Диссертацияның тақырыбы бойынша жалпы көлемі 41,4 б.т.
болатын 38 ғылыми мақала жарияланды, оның ішінде 14 мақала – ҚР БҒМ Білім
және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған басылымдарда, 2 жеке
монография, 9 ғылыми жұмыс шетел басылымдарында, атап айтқанда Ресейде,
Қырғыз, Өзбекстан, Литва Республикаларында және Болгарияда жарияланды.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертация құрылымы қойылған мақсат пен
зерттеудің тапсырмаларымен анықталады. Диссертация кіріспеден, негізгі 4
бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Диссертациялық жұмыста 32 кесте және 26 сурет келтірілген.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Экономикалық өсудің теориялық аспектілері атты бірінші бөлімде
экономикалық өсудің мәні анықталып, оның түрлері жіктеу белгілері бойынша
жүйеленді. Экономикалық дамудың циклдік заңдылықтары қарастырылады.
Экономикалық өсудің қосымша типтері зерттеліп, оның факторлар ауқымы
кеңейтілді.
Экономикалық өсу анықтамасында міндетті түрде осы ұғымның сапалық және
сандық сипаттамалары орын алады. Басқаша айтқанда,экономикалық өсу бір
жағынан, өндірілетін тауарлар мен қызметтердің көлемінің өзгеру серпінін,
ал екінші жағынан – экономикалық жүйенің қоғамның жаңа өспелі
қажеттіліктерін қанағаттандыра алу қабілетін айқындайды. Әдетте осы екі
жақтың күрделі өзара байланысы бар екендігі атап көрсетілмейді. Шын
мәнінде, тауарлар мен қызметтер өндірісінің тіпті елеусіз өсуі міндетті
түрде жаңа сапа мен адамдардың өмірінің жақсаруына әкелмейді.
Экономикалық өсудің ЖҰӨ нақты көлемінің өсу қарқынымен немесе осы
көрсеткіштердің адам басына шаққандағы арту қарқынымен өлшенетін, шартты
алынған уақыт аралығында ұлттық экономиканың дамуының жалпылама сипаттамасы
ретіндегі анықтамалар неғұрлым кең тараған.Экономикалық өсуді өлшеудің
қайсыбір тәсілін қолдану қажеттілігі әдетте зерттеу міндеттерімен
байланысты. Экономикалық өсуді өлшеудің бірінші тәсілі, әдетте, елдің
экономикалық әлуетін кеңейту қарқынын бағалауда, екіншісі – халықтың әл-
ауқатын серпінді талдауы немесе түрлі елдер мен аймақтардағы өмір сүру
деңгейін салыстыру кезінде пайдаланылады.
Біз өз зерттеуімізде екінші тәсілді қолданамыз. Біздің пікірімізше,
экономикалық өсу деп нақты ЖІӨ арту қарқыны халықтың өсу қарқынынан асатын
ұлттық экономиканың дамуы деп түсіну керек. Бұл өсу қиындықтарын сырттай
бақылаушы емес, қоғам қажеттіліктерін ұстаушы тұрғысынан зерттеуге
мүмкіндік береді. Елдің материалдық әл-ауқатын арттыру азаматтық қоғамның
негізгі мақсаттарының санына кіреді. Бұл тұрғыда экономикалық өсу, ең
алдымен, адамдардың өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуді көздейді. Басқа
жағынан, ол осы мақсаттарға жету құралы болып табылады, яғни,
төмендегілермен айқындалатын өспелі қажеттіліктер заңының әрекетін
қамтамасыз ететін тетік айқындалады:
– Халықтың орташа жан басына шаққандағы табысының артуы. Бұл
мақсатқа жету жан басына шаққандағы нақты ЖІӨ-ң өсу
көрсеткіштерімен айқындалады;
– Бос уақыттың артуы. Күнделікті уақыт өткізу өмірлік игілік бола
отырып, макроэкономикалық көрсеткіштерде айқындалмайды.
Сондықтан, жұмысшылар мен қызметкерлердің ай немесе жыл ішіндегі
жұмыс аптасы немесе еңбек қызметінің жалпы ұзақтығы
қысқарғандығын ескеру керек;
– Сапаны арттыру және шығарылатын тауарлар мен қызметтердің
әртүрлілігінің өсуі.
Сонымен бірге, біздің ойымызша, экономикалық өсудің сыныптамалық
белгілері мақсаттық бағытталу, басымдылық, жүйелілік. Осы белгілер бойынша
экономикалық өсу түрлерінің жүйеленуі нақтыланды (1 кесте).
1 кесте – Негізгі жүйелеушілік белгілері бойынша экономикалық өсудің
түрлері мен факторларын реттеу
Экономикалық өсудің жүйелеушілік Экономикалық өсу түрлері
белгісі
1 2
Экономикалық өсу қарқыны төмен, орташа, жоғары
Құнсыздану жағдайындағы экономикалықатаулы, нақты
өсу қарқыны
Экономикалық өсу қарқынының тұрақты экономикалық өсу
ауытқымалылығы тұрақсыз экономикалық өсу
Экономикалық өсу көздері экстенсивті өсу, интенсивті өсу
Экономикалық өсу стратегиясы ішкі қайта құрылымдаумен анықталатын
өсу, сыртқы қайта құрылымдаумен
анықталатын өсу
Құрылымдық өзгерістердің сипаты ішкі өсу, сыртқы өсу
Өсу ұзақтығы ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа
мерзімді
1 кестенің жалғасы
1 2
Өсуді қамтамасыз ететін қалпына келтіретін
инвестициялық белсенділік деңгейі инвестициялық өсу
Экономикалық өсуге қол жеткізу теңгермелі
тәсілдері мен нәтижелерінің теңгерілмеген
тиімділігі
Қаржыландыру көздері бойынша өзіндік қаржы көздері есебінен қол
жеткізілетін өсу, сыртқы қаржыландыру
көздері есебінен қол жеткізілетін өсу,
аралас қаржыландыру көздері негізіндегі
өсу
Негізгі өсу факторлары әсерінің тұрақты, қол жеткізілетін, шекті
әлеуетін пайдалану
Өнімді, қызметтерді өткізу нарқы Ішкі нарыққа бағдарланған
Экспортқа бағдарланған
Мақсаты бойынша Экономикалық жүйені қайта құру, Нарықтық
қатынастарды қалыптастыру, Нарықтық
қатынастарды дамыту, Сыртқы экономикалық
байланыстарды қалыптастыру, Сыртқы
экономикалық байланыстарды дамыту
Әсер ету сипаты бойынша объективті, субъективті, ықтимал,
Бағыттылығы бойынша Экономикалық өсуді тұрақтандыру
Экономикалық өсуді жандандыру
Экономикалық өсуді тұрақсыздандыру
Атқарамдық белгісі бойынша саяси, экономикалық, әлеуметтік,
ұйымдық,
ғылыми-техникалық және т.с.с.,
Әсер ету ауқымы бойынша өңірлік, салалық, салааралық,
экономиканың жекелеген салалары,
секторлары, бөліктері, деңгейлері
бойынша
Ықпал ету дәрежесі бойынша негізгі, қызмет көрсететін, қамтамасыз
ететін, қосалқы және т.с.с
Ескерту – авторы С.А.Котов Управление экономическим ростом судоходной
компании; экон.ғыл.канд.ғылыми дәрежесін ізденуге диссертацияның автореф. -
СПб.: Санкт-Петербор су коммуникацияларының мемлекеттік университеті. 2007. –
15 бет негізінде дамытып, тұжырымдады.
Экономикалық өсудің мақсаты қоғам болып табылады. Бұл адам дамуы үшін
жағдай жасаумен, өмір сүру деңгейін арттырумен айқындалады. Адам ролі, оның
мәні оның өндірістік күштердің факторы, өндірістік және басқа барлық
қоғамдық қатынастардың субъектісі болуымен анықталады. Табыс, денсаулық,
білім, бостандық әл-ауқаттың компоненттері болып табылады. Адам игілігіне
қарай даму экономикалық даму әркімнің қажеттіліктерін қанағаттандыру мен
барша үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге әкелу керектігін білдіреді.
Экономикалық өсу халықтың барлық деңгейлерінің әлеуметтік жағдайына жағымды
әсер етеді. Өсу әлсізденген кезде қоғамда жағымсыз құбылыстар көбейеді.
Н.Ә.Назарбаевтың 2008ж. 6 ақпанындағы Қазақстан халқына Жолдауында
қазақстандықтардың, қазақстандық қоғамның барлық деңгейлері мен әлеуметтік
топтарының қоғамдық сезінуін үнемі жақсарту мемлекеттік саясатта бірінші
орында және солай қала бермек деп атап өтілген[2].
Экономикалық өсуді бағалау теориясы мен тәжірибесінде қоғамдық
өндірісті мемлекеттік реттеуі маңызды орын алады. Мемлекетті ұлттық
экономиканың экономикалық өсуге жетіп жатқаны алаңдату керек. Бұл міндет
үкіметтің макроэкономикалық саясатының төрт басты тапсырмасынан туындайды:
тұрақты экономикалық өсу; бағалардың және ұлттық валютаның тұрақты деңгейі;
тепе-теңдестірілген сыртқы сауда балансы және халықтың жұмысбастылығы мен
қорлардың жоғары деңгейі. Үкіметтің күнделікті саясаты экономикалық өсуге
жетуге бағытталған болу керек.
Теориялық тұрғыда жоғарыда аталған жаңа парадигма – тұрақты
экономикалық даму тұжырымдамасын білдіреді, ал тәжірибе жүзінде – өсу
қарқынын реттеудің мемлекеттік экономикалық саясатын қайта бағдарлау. Бұл
төмен іскери белсенділік уақытында экономикалық өсудің жоғары қарқынын және
жұмыссыздарға әлеуметтік көмекті, қоршаған ортаны қорғау аясында ұзақ
мерзімді стратегиялық мақсаттарға жетуге қарама-қайшы келмейтін тиімді және
әлеуметтік бағытталған экономика дамуы үшін жағымды жағдайларды жасауды
білдіреді.
Тұрақты даму деп қазіргі кездің қажеттіліктерін қанағаттандыратын,
бірақ келешек ұрпақтың меншікті қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілетіне
қауіп төндірмейтін экономикалық серпіннің ерекше түрі түсіну керек. Бұл
елдің дамуының қажеттіліктеріне баламалы, жаңа түрдегі экономиканың
макрореттеуін қайта жаңғырту қажеттілігі туралы маңызды қорытынды жасауға
мүкіндік береді. Өсу теориясы даму экономикасы тұжырымдамасын әзірлеген
шын мәнінде отандық экономистермен қабылданған және шетелдік теорияшылдары
жариялайтын тұрақты өсу мен тұрақты даму тұжырымдамаларына сынмен қарау
керек. Бұл ұғымдар біраз нақтылауды қажет етеді. Экономика әрқашанда даму
экономикасы болып табылады – не ілгерінді, не регрессивті. Көптеген
ғалымдар әлеуметтік-экономикалық дамудың үшінші жолының тұжырымдамасы
ретінде келесі ұрапқтардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған
тұрақты экономикалық өсу доктринасы болуы мүмкін деп санайды. Экологиялау
мен қоршаған ортаға қатысты талаптарды жеткілікті есепке алу ұстанымдар
негізіндегі әлемдік экономикасының қайта ұйымдастырылыуына келетін болсақ,
мағынасы тұрақтылық ұғымына қарама-қайшы келетін қайшылықтар қайтсе де
қалады.
Біз әрине жаһандану жағдайында тұрақты даму тұжырымдамасының ролі мен
маңыздылығын, сонымен бірге, қазіргі қаржы институттары арқылы төмендетіп
отырғанымыз жоқ, дамуға белгілі дәрежедегі тұрақсыздық тән екенін қоса
айтқымыз келеді: сандық өзгерістердің жинақталуы қалыпты сапалы
серпілістерге әкеліп соғады, және диалектиканың бұл қағидасы үнемі
дәлелденеді. А.Селезневтің пікірі бойынша экономика дамуының
бірыңғайсыздығының объективті заңы әрекет етеді, жаңа, дәстүрлі,
конъюктуралық қатаң түрлі салалардың біркелкі емес қарқыны заңдылықты.
Н.Д.Кондратьев атап өткен әлемдік экономиканың толқынды дамуы заңдылықты.
Белгілі бір кезеңдік, ұлттық шаруашылықтың қызметінде қайталану
бақыланып отыр, бұл кезде экономиканың шарықтау уақыты құлдырау мен тоқырау
уақытымен алмасады. Кезеңдікті ұлттық экономиканың бір макроэкономикалық
тепе-теңдіктен екіншісіне қозғалу деп анықтауға болады. Экономикалық кезең
ұлттық шаруашылықтың дамуы мен жалпы экономикалық үрдісті айқындайтын
экономикалық белсенділіктің біртіндеп бірін-бірі алмастыратын фазаларының
қатарынан тұрады. Нәтижесінде кезеңдік арқылы экономикалық өсу
айқындалады, яғни қозғалыс щеңбер бойымен емес, спираль бойынша жүреді,
конъюктураның ұзақ уақытты, сонымен бірге орта мерзімді құбылыстарын
көрсетеді.
Экономикалық өсудің құрамы туралы теориялық түсініктердің эволюциясы
оның дәстүрлі түрлерімен қатар экономикалық өсудің табиғи-трансформациялық,
мобилизациялық-трансформациялық, институционалды түрлерін ажыратуға
мүмкіндік береді. Экономикалық өсудің табиғи-трансформациялық түрі
өндірістің табиғи факторларының өнеркәсіптікке дейінгі қоғамдық өндіріс
тәсілімен соңғы нәтижеге (өнімге) қарапайым өзгеруін білдіреді.
Экономикалық өсудің мобилизациялық-трансформациялық түрі өндірістің
өнеркәсіптік тәсіліндегі өндірістік күштердің прогрессі есебінен
өнеркәсіптік капиталды жинақтауға негізделген. Экономикалық дамудың қазіргі
(ақпараттық) сатысында экономикалық өсудің басым түрі институционалды болып
табылады, ол елдер арасында қоғамдық-экономикалық қатынастарды
ұйымдастырудың ерекше тәсілін тағайындайтын халықаралық институттарды
ұсынатын, қалыптасқан экономикалық мүдделердің құрылымын өзгертуді
көздейтін, адам капиталын мадақтау, оны жинақтау мен түрлі формада
шоғырландыруға негізделген. Өнеркәсіптік капиталдың шоғырлануы
өнеркәсіптік даму уақытында анықтаушы фактор болып табылады, ал
интеллектуалды капиталдың шоғырлануы, қоғамдық қызметтің жаңа түрі бола
отырып, айқындаушы белгісі адам капиталын интеллектуалды капиталға өзгерту
болып табылатын ақпараттық қоғам уақытында әлеуметтік –экономикалық жүйенің
жетекші факторы болып табылады.
Экономиканың өсуге қабілеті, өндірістің нақты көлемін ұзақ мерзімді
арттыру қарқыны мен ауқымын, өсудің тиімділігі мен сапасын арттыру
мүмкіндігін анықтайтын құбылыстар мен үрдістерді айқындайтын бірқатар
факторлардан тұрады. Экономикалық өсудің факторлары – бұл экономикалық
өсуді тудыратын себептер. Экономикалық өсудің факторлары деп өндірістің
нақты көлемін арттыру мүмкіндігін, өсудің тиімділігі мен сапасын арттыруды
анықтайтын құбылыстар мен үрдістер. Экономикалық өсудің факторларының
классикалық сыныптамасы 2 кестеде келтірілген.
Жоғарыда аталған факторлардың барлығы экономикалық өсудің қозғаушы күші
болып табылады, сонымен бірге, біздің пікірімізше, олар жеткіліксіз, себебі
тарих көрсетіп отырғандай, экономикалық өсу жоғарыда аталған факторлары жоқ
елдерде бақыланып, осы факторлардың бірқатары болған елдерде байқалмады.
Келесі мысалдарды қарастырайық (3кесте).
2 кесте – Экономикалық өсудің факторлары
Факторлар тобы Факторлардың мазмұны
1 2
Тура - еңбек ресурстарының санын ұлғайту және сапасын
(ұсыныс-факторлар) жоғарылату;
- негізгі капиталдың көлемін ұлғайту және сапалық
құрамын жақсарту;
- технологияларды жетілдіру және өндірісті ұйымдастыру;
- шаруашылық айналымға енгізілетін табиғи ресурстардың
мөлшерін көбейту және сапасын жоғарылату;
- қоғамдағы кәсіпкерлік қабілетті арттыру.
Жанама (сұраныс және- нарықтардың монополиялану дәрежесін төмендету;
бөлу факторлары) - экономикадағы салықтық ахуал;
- несие-банктік жүйенің тиімділігі;
- өндірістік ресурстарға бағаның төмендеуі;
- тұтыну, инвестициялық және мемлекеттік шығындардың
артуы;
- экспортқа шығарылатын тауарлардың кеңеюі;
- экономикадағы өндірістік ресурстарды қайта бөлу
мүмкіндігі;
- кірістерді бөлудің қолданыстағы жүйесі.
Ішкі елдің өндіріс факторлары (фабрика ғимараттары және
олардың құрал-жабдықтары бар кеңселер, тауар қорлары)
Сыртқы шетелдік ресурстар
Аралас елдің өндіріс факторлары және шетелдік ресурстар (аралас
инвестициялар)
Экономикалық өсудің жұмыс күшін көп мөлшерде пайдалану;жаңа кәсіпорындар
экстенсивті типінің салу; құрал-жабдықтарды көп мөлшерде пайдалану;
факторлары шаруашылық айналымға қосымша жерлерді тарту; жаңа кен
орындарын ашу және пайдалы қазбаларды өндіру көлемін
ұлғайту; ресурстардың мөлшерін ұлғайтуға мүмкіндік
беретін сыртқы сауда және т.с.с. Алайда бұл кезде
жұмысшылардың біліктілігі және олардың еңбек өнімділігі,
құрал-жабдықтардың сапасы және технология өзгеріссіз
қалады. Сондықтан еңбек және капитал бірлігіне
шаққандағы өнімнің қайтарымы және кіріс бұрынғы деңгейде
сақталады.
Экономикалық өсудің жұмыс күшінің біліктік және кәсіби даярлық деңгейінің
интенсивті типінің жоғарылауы; жетілдірілген құрал-жабдықтарды; озық
факторлары (бірінші кезекте, ресурс үнемдейтін) технологияларды
пайдалану; еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру;
экономиканы мемлекеттік реттеудің аса тиімді әдістерін
пайдалану.
Ескерту: автор Спицын А. Ориентиры экономического роста – Экономист , 2004, №
10, Ясин Е. Перспективы российской экономики: проблемы и факторы роста. –
Вопросы экономики , № 5, 2003 дереккөздер бойынша құрастырды
3 кесте – Өсу факторларының ел экономикасына ықпалы
Өсу байқалмаған, бірақӨсу байқалған, бірақ
Факторлар қарамағында мынадай қарамағында мынадай
факторлар болған факторлар болмаған
елдер: елдер:
Капитал Бұрынғы КСРО Германия, Жапония 2-ші
дүниежүзілік соғыстан
кейін
Білікті жұмысшылар Ресей, ТМД-ның Оңтүстік Африка
бірқатар мемлекеттері,
Үндістан
Табиғи байлықтар Қазақстан, Бразилия, Жапония, Сингапур,
Африка Оңтүстік Корея,
Швейцария
Мәдени жұмыстар Жапония, Германия Франция
19-ғасырдың соңындағы
мысалдар
Ғылыми жаңалықтар Англия, Израиль 1945 Жапония 1945 ж.
ж. кейін
Техникалық үкіметтік КСРО, Үндістан Гонконг, АҚШ, Англия
жоспарлау (1930-1945 жж.)
Меншік құқығын қорғау және Мысалға келтіретін Мысалға келтіретін
сақтау жөніндегі дерек жоқ дерек жоқ
қолданыстағы заңдар немесе
институционалдық факторлар
Тұрақты демократия Мысалға келтіретін Мысалға келтіретін
дерек жоқ дерек жоқ
Ескерту: құрастырған автор
Біздің пікірімізше, егер елдің азаматтарының меншік құқығын қорғайтын
заңдары болмаса және сақталмаса және тқрақты демократия болмаса, жоғарыда
аталған факторлардың кез-келген елде әсері тұрақты экономикалық өсуге
әкелмейді.
Қазіргі кезде демократиялық тәжірибені тереңдету мақсатында
демократизация үрдістерін үкіметпен марапаттау беталысы бақыланып отыр.
Жаһандану мәселелерін шешу үшін жаңа институттарды құру керек, жеке
алғанда: ғаламдық экологиялық ұйым; ғаламдық банкроттық тетігі; халықаралық
салық ұйымы мен қаржылық реттеу органы. Шешімдер азаматтық қоғам
институттарының кең қатысуынсыз жүзеге асырылуы мүмкін емес, себебі,
құзыреттілік пен қорларды бейорталықтандыру да басқарудың бүкіл үрдісінің
тиімділігін арттыруға мардымды үлес қосады, оның демократиялық құрамдасын
күшейтеді. Қазақстан өзінің стратегиялық мақсаты ретінде мемлекетте
демократиялық үрдістердің келешек дамуын мақсат тұтып, әлемнің бәсекеге
қабілетті елу елдің құрамына енуді жариялады.
Ғаламдану жағдайында экономикалық өсуді бағалаудың әдістемелік
тәсілдері атты екінші бөлімде демократияның күшті жақтары мен
мүмкіндіктерін, сондай-ақ оның бірқатар әлсіз жақтары мен қауіп-қатерлерін
көрсететін SWOT–талдау жасалды.
Түрлі елдерде, түрлі уақыттағы көптеген өсу модельдері мен өсу
тәртіптері бар, олар тек қана тұрақты және ауыспалы жолдардың ажыратылуымен
шектелмейді. Қазақстан үшін келешекте өсудің негізгі модельдерін
қарастырайық.
Экономикалық өсудің негізгі қазіргі модельдері, басқа модельдер сияқты,
теңдеулер мен графиктер түріндегі нақты экономикалық үрдістің абстрактты,
қарапайымды түрі болып табылады. Сондықтан әр модельдегі көптеген
ерекшеліктер нәтижені шын мәніндегі жағдайдан алшақтатады, бірақ,
экономикалық өсудің жеке жақтары мен заңдылықтарын талдауға мүмкіндік
береді.
Экономикалық өсудің қазіргі модельдері кейнсиандық және классикалық
тәсілдемелердің негізінде қалыптасты. Экономикалық өсудің кейнсиандық
моделі жалпы ұлттық шаруашылықты зерттеуге екпін жасайды. Кейнсиандық
теория үшін макроэкономиканың орталық мәселесі – ұлттық табыстың деңгейі
мен серпінін, оның таралуын анықтайтын факторлар. Бұл факторларды
кейнсиандық теория тиімді сұранысты қалыптастыру ұстанымы тұрғысынан
қарастырады.
Экономикалық өсудің неоклассикалық моделінің орталығында әр
экономикалық субъектіге ғана емес, жалпы экономикаға барлық өндірістік
факторларды тиімді жолмен пайдалануға мүмкіндік беретін, жетілдірілген,
өзін-өзі реттейтін тетік ретінде қарастыратын нарықтық жүйенің оңтайлылығы
идеясы тұр.
Классикалық экономикалық мектептер ЖІӨ деңгейін қорлардың үш түріне
тәуелді жасайды: табиғи, еңбек және қаржы (капитал). Алайда бұндай тәсіл
табиғи және еңбек ресурстарына өте бай кейбір елдер жан басына шаққандағы
тіпті орташа ЖІӨ деңгейін қамтамасыз ете алмайтынын, ал бұл табиғат беретін
артықшылықтары жоқ басқалары тізімнің басында тұрғанын түсіндіре алмайды.
Осылай, соңғы 20 жыл ішінде табиғи қорларға бай 65 елдің төрт мемлекеті
негізгі капиталға инвестициялар көлемін ЖІӨ-ң 25%-на және жан басына
шаққандағы ЖІӨ өсімін жылына 4%-дан кем емес деңгейге жеткізе алды – бұл
Ботсвана, Индонезия, Малайзия және Тайланд. Айта кету керек, олардың ішінде
тек Индонезияның мұнай қоры бар. Сонда, қорлардың елеусіз қоры бар басқа
Оңтүстік-Шығыс Азияның мемлекеттері (Гонконг, Сингапур, Оңтүстік Корея және
Тайвань), экономикалық өсудің жоғары қарқындарын көрсетті.
Соңғы бірнеше онжылдықтар ішінде әл-ауқат деңгейі мен институционалды
даму көрсеткіштері арасындағы өзара қарым-қатынасты зерттеуге үлкен көңіл
бөлінуде. Нәтижесінде әлеуметтік эволюцияның негізгі бағыты туралы тәжірибе
жүзінде әмбебап көрініс қалыптастырылды. Осылай, ЖІӨ өсуі және халықтың
саяси құқықтары мен азаматтық бостандығы индексі, экономикалық бостандық
деңгейі мен құқықтық тәртіп индексі сияқты көрсеткіштер арасындағы тікелей
корреляция статистикалық түрде анықталды. Басқаша айтқанда, неғұрлым бай
елдер институционалды тұрғыда да дамыған болады. Және керісінше, саяси
демократия мен құқықтық тәртіпті бұзатын елдер, біруақытта, экономикалық
әл-ауқаттың бұзылуы үшін жағдай жасайды. Алайда, бүкіл әлем үшін әділетті
бұл заңдылық Қазақстан үшін қолайсыз. Бір жағынан, соңғы жыл ішінде
Қазақстанда әл-ауқаттың және экономикалық көрсеткіштердің өсуі байқалып
отыр, бұған қатысты үкімет те, элита да, азаматтар да мақтан тұта алады.
Екінші жағынан, институционалды даму көрсеткіштеріне қарасақ, тренд тікелей
қарсы бағытта қозғалады, ЖІӨ өсуі институттардың сапасының артуымен қатар
жүрген жоқ. Нәтижесінде, 2007 жылдың мәліметтері бойынша, Қазақстан
экономикалық даму деңгейі бойынша әлемде 76-орында. Саяси құқықтар мен
азаматтық бостандық саласындағы жағдай да әлсіз. Әрине, институционалды
дағдарыста мұнай кінәлі деп тұжырымдауға болар еді, әсіресе, көмірсутектер
бағасының жоғары болу кезінде. Алайда, басқа мемлекеттер – шикізат
экпорттаушыларының мысалы көрсетіп отырғандай, бұндай анықтама дұрыс емес.
Және сөз Норвегия, Ұлыбритания, Канада, Австралия немесе Нидерланды сияқты
тек дамыған демократиялар туралы ғана емес. ОПЕК елдерінде институционалды
даму көрсеткіштері соңғы бес жылда қисық, тұрақсыз және елеусіз байқалатын
болса да, жоғарылап отыр.
Қазақстандағы 2000 жылдардағы институционалды өзгерістер жан басына
шаққандағы ЖІӨ өсу қарқынының қомақты баяулауына әкелді.1991 жылдан 2000-шы
жылдардың басына дейін Қазақстан ресейлік көрсеткіштерге жақындай отырып,
біздің елдер арасында болған айырмашылықты қысқарта бастады. 2000-шы
жылдардың ішінде бұл жылдамдық елеулі түрде баяулады, ал экономикалық
өсудің алдын ала көрсеткіштеріне қарасақ, 2008 жылдың 1 тоқсанында
Қазақстан артта қала бастады. Егер кеңес уақытынан кейінгі мемлекеттердегі
экономикалық дамудың серпінін салыстырсақ, институционалды саладағы
мәселелердің жағымсыз әсерін көруге болады. 1999-2000 жылдары Қазақстан 4
орында болды. Бүгінде Қазақстан 7 орында, және одан энергоқорлармен бай
елдер ғана емес, мұнайэкономикалық конъюктурадан қосымша алмайтын таза
импорттаушылар да озып отыр. Қазіргі кезде Қазақстан аталмыш тоталитарлы
демократия. Бәсекелестік орта дамымаған, ал жемқорлық нарықтық
бәсекелестік толыққанды дамымайды. Сонымен бірге, Қазақстан Орта Азияның
басқа елдеріне қарағанда әлемдік қоғамға бірігуге көбірек бағытталған, бұл
автоматты түрде біздің саяси және экономикалық жүйелеріміздің
атқарымдығына талаптарды арттырады.
Соңғы жылдары экономика мен мемлекет дамуының қарқындары тұлға мен
қоғамның даму критерийлерімен толығырақ, нақтырақ және объективті
анықталады. Бұған қоса, осы критерийлер экономика мен қоғамның жағдайын,
дағдарыстық және дағдарысқа қарсы құбылыстардың болуын неғұрлым нақты
анықтайды. ХХІ ғасырда экономикалық даму міндетті түрде қоғамның, оның
институттарының дамуы, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру мен бастысы,
рухани-саналы және мәдениетті дамумен қатар жүру керек. Бұл салаларда артта
қалу, әрине, тек экономикалық дамуды ғана емес, қарапайым экономикалық
өсуді тежейді. Көптеген мәселелер, соның ішінде, әлеуметтік-экономикалық
тек экономикалық шараларамен ғана шешіле алмайды. Бұл жүзеге асу үшін, даму
стратегиясының негізінде жатқан идеологиялық жүйе қажет, бұнда экономикалық
шаралар стратегияны жүзеге асыру бойынша шаралардың бөлігі ғана болады. Бұл
жүйе рухани бастауларға, негізгі ұлттық құндылықтарға негізделу керек.
Осылайша, озып даму стратегиясын таңдау кезінде мемлекет шешуге тиісті
мәселе – бұл елдің азаматтарының меншік құқығын қорғайтын заңдардың жұмыс
істеуі және экономикалық бостандық жағдайындағы тұрақты демократия.
Қайсыбір елде қабылданған экономикалық модель үлкен роль атқарады.
Қарапайым айтқанда, жан басына шаққандағы ЖІӨ-мен айқындалатын әл-ауқат
деңгейі қоғамның қаншалықты демократиялығына және экономикалық еркіндігіне
тәуелді. Жалпылама қабылданғандай, жан басына шаққандағы ЖІӨ, білім
деңгейі, өмір сүру ұзақтығы, әлеуметтік теңдік және т.б. сияқты демократия
да дамудың мақсаты болып табылады.
Экономикалық өсудің демократиямен өзара байланысы туралы айта отырып,
авторитарлы тәртіп барлық елдерде көпшілікті құрайтын орташадан төмен
табысы бар халықтан шығатын, қорлар, меншік пен табысты қайта тарату туралы
халықтық талаптарына жақсырақ төтеп бере алады деген тұжырымдарға көңіл
бөлу керек. Басқа жағынан, автократиялар, әрине, қорларды асыра пайдалануы
мүмкін, себебі төменнен автократтың өзін ешкім бақыламайды; ал
демократиялар, керісінше,егер қайта таратудың маңызды мәселелері бойынша
білікті көпшілікпен дауыс беру процедурасын конституция негізінде нығайтса,
популистік шаралардан аман қала алады. А.Сен демократиялар –шектеулі
қорларды әділетті таратады,жаппай аштықтың жағдайлары дәл сол авторитарлы
елдерде болған деп санайды.
Демократия әдетте шешім қабылдау құқығы автократқа немесе жоғары
лауазымды адамдардың тобына ғана тән авторитарлы тәртіпке қарсы қойылады.
Көптеген жағдайларда автократия қорларды үнемсіз пайдаланады, жемқорлыққа
батқан және қабілетті емес, тәртіпке бағынатын шенеуніктерге қызмет береді,
яғни экономикалық өсуді ынталандыру тіпті автократтың ниеті болған жағдайда
мүмкін емес. Алайда, таза автократияларға қатысты көптеген қарама-қарсы
мысалдар бар (Гонконг, Тайвань, Сингапур, Оңтүстік Корея түрлі уақытта),
олар саналы экономикалық саясат жүргізді және экономикалық және әлеуметтік
дамуда елеулі жетістіктерге жетті.
Демократияның тұтас шолу үшін біз SWOT-талдауды әзірледік, ол
демократияның мықты жақтарын және оның мүмкіндіктерін, сонымен бірге,
кейбір әлсіз жақтары мен қауіптерін көрсетеді (4 кесте).
Жоғарыда аталған талдау мықты құқықтық тәртібі бар демократия
экономикалық өсуді ынталандырады, кәсіби шенеуніктерді дұрыс таңдау,
бюрократияны бақылау және лауазымдық тұлғаларды уақтылы ауыстыру арқылы
саналы экономикалық саясатты әзірлеу мен өткізу үрдісін жеңілдетеді.
Демократияға көшу өз сипаттамалары бойынша аралық жағдай деп қарастырылады.
Демократизацияға көмек беретін не жүргізбейтін – сыртқы және ішкі
факторлар.
4 кесте – Демократиялық үрдістердің SWOT-талдауы
Күшті жақтары Мүмкіндіктері
1 2
- құқық тәртібі қатаң сақталатын - азаматтардың құқықтары мен
елдерде демократияландыру бостандықтарының сақталуы;
экономикалық өсуді ынталандырады; - қоғамдық пікірге және тәуелсіз
- сот тәуелсіз және заң шеңберіндебұқаралық ақпарат құралдарына маңызды
әрекет етеді; орын берілуі;
- полиция және армия өз - сайлау туралы заң үміткерді және
функцияларын заңның бақылауымен (немесе) бағдарламаны таңдау құқығын
жүзеге асырады; береді;
-плюрализм қағидасы кез келген - автократияға қарағанда, экономикалық
саяси ұйымдарды құруға мүмкіндік өсудің ұзақ мерзімді қарқынын болжауға
береді; болады, қолайсыз талықсытпаны дұрыс
- бостандық саяси идеялар, еңсеру ;
теориялар мен бағдарламалардың - жоғары мөлшерлі жалақы төлеу (яғни
алуан түрлілігін білдіреді; кірістің шағын бөлігі инвестицияға
- саяси сананың еркіндігі және жұмсалады);
алуан түрлілігі; - саяси қатынастардың алуан түрлілігі
- азшылықтың өз пікірін білдіру мен бостандығы, билік үшін заң
құқығы қамтамасыз етілген; шеңберінде бәсекелі күрес.
- демократия экономикалық және
әлеуметтік дамудың тұрақтылығы мен
біркелкілігіне ықпал етіледі;
- демократия кәсіби шенеуніктерді
іріктеу, бюрократияға бақылау
жасау және лауазымды тұлғаларды
уақытылы ауыстыру арқылы парасатты
экономикалық саясатты қалыптастыру
және жүргізу процесін жеңілдетеді;
- демократия құқықтық тәртіпті
нығайтуға, жемқорлықты жоюға және
институттардың сапасын жақсартуға
ықпал етеді.
Әлсіз жақтары Қауіп-қатерлері
Демократияға қарағанда, диктатура Кедей елдерде демократия шектен тыс
кезінде халық жылдам өседі. Бұл тұтынуға ықпал етеді. Кәсіподақтар,
халықтың жан басына шаққандағы жұмысшылар жалақыны жоғарылатуды талап
табыс деңгейі демократияда жылдам ете алады, сондықтан шығындар өседі және
өсетінін білдіреді; бұл жерде компанияның кірісі төмендейді. Құқықтық
демократиялық тетік жұмыс істейді.тәртіп әлсіз сақталатын болса,
Демократия кезінде экномикалық өсудемократияландыру өсуге кері әсер етеді
өте баяу жүреді. Диктатура кезіндежәне либералдық емес демократияның
үкімет халықты жинақ ақшаның туындауына алып келеді – мұндай елдерде
жоғарғы нормасына мәжбүрлеу арқылыкөлеңкелі экономика кеңейеді,
ресурстарды шоғырландыра алады. мемлекеттің институционалдық әлеуеті
Мұның дәстүрлі мысалы – Кеңес әлсірейді, макроэкономикалық саясаттың
Одағы, онда 1929 жылы жинақ ақша сапасы нашарлайды. Әлсіз (либералдық
нормасы 54% болды - мұндай емес) демократияда лоббистік ұйымдардың
деңгейге демократия еш уақытта және популистік топтардың ықпалына
қол жеткізе алмайды. ұшыраған әлсіз үкімет қалыптасады,
Демократия кезіне инвестиция шенеуніктер мен заң шығарушылар сатылып
мардымсыз (тұтынуды ұлғайтуды кетеді және оларды оңай басқаруға
жарнамалау саясаты салдарынан) болады. Әлсіз үкімет заңдар мен
болады, салалық лоббилер мен өзге жарлықтарды іске асыра алмайды, атап
мүдделі топтардың қысымы салдарын айтқанда көлеңкелі экономиканың өсуін
шектей алмайды және қоғамдық игіліктерді
қаржыландыру үшін.
4 кестенің жалғасы
1 2
макроэкономикалық саясаттың сапасысалықтарды қажетті мөлшерде жинай
төмен болуы мүмкін. алмайды – осының салдарынан инфляциялық
қаржыландыруды жүзеге асырады және қарыз
алады. Мұның барлығы да өсу қарқынына,
өмір сүру ұзақтығына, әлеуметтік
теңдікке жағымсыз әсер етеді және
қылмыстың артуына ықпал етеді
Ескерту - автор құрастырды.
Сыртқы факторлардың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz