Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің проблемалары және оны шешу жолдары
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І ТАРАУ. КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ.ЭКОНОМИКАЛЫҚ
МӘНІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Кәсіпкерліктің экономикалық мәні мен мазмұны, құрылымы ... ... ... ... ... 5
1.2 Кәсіпкерлік субъектілерінің жіктелуі, түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
ΙΙ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ «ҚАЗПОЧТА» АКЦИОНЕРЛІК
ҚОҒАМЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТІНЕ ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.1 «Қазпочта» акционерлік қоғамына технико.экономикалық талдау ... ... ...15
2.2 «Қазпочта» акционерлік қоғамының кәсіпкерлік қызметінің даму
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
ІІІ.ТАРАУ. ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУДЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
3.1. Кәсіпкерлікті қолдаудың отандық тәжірибесі және әлемдік аренадағы
оның даму деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
3.2. АҚШ.та шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ...27
3.3. Германиядағы шағын кәсіпкертің қолдау тетіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34

Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де арасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 15 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды, сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігін, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты халқына жолдауында «… кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс. Қордың өкілдік желісін кеңейту, өңірлердегі кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жұмысты күшейту қажет.
Сонымен қатар, метталлургияда, банк саласында, сақтандыруда, химия өнеркәсібінде және басқа салаларда сақталып қалған «жасырын» монополияларды құрту қажет. Мұны монополияға қарсы заңнаманы реформалау арқылы, сондай-ақ отандық және шетелдік жаңа компаниялардың экономиканың осы секторларына кіруі үшін тартымды әрі ашық жағдайлар туғызу арқылы, яғни осы секторлардағы бәсекелестікті арттыру арқылы жасау керек».
Кәсіпкерлік саласы Қазақстан Республикасының экономикасының дамуына орасан роль атқаратыны мәлім. Еліміздің жоспарлы экономикадан нарықты экономикаға көшуінің өзі, қоғам өмірінің барлық салаларына үлкен өзгерістер алып келді. Бүгінгі күні кәсіпкерлікті дамыту үшін жаңадан көптеген жағдайлар жасалынуда. Елдің жаңа экономикалық қатынастарға түсуі, оның дамуының мықты инфрақұрылымын құру, әрине, кәсіпкерліктің дамуынсыз жүзеге асуы мүмкін емес.
Кәсіпкерліктің даму деңгейіне байланысты, артықшылықтар кешені, атап айтқанда нарық коньюктурасының өзгеруін тез сезіну, айналым қаржыларының жоғары айналымдылығы, халықтың қаржы ресурстарын шоғырландыру, прогрессивті жаңа идеяларды жүзеге асыру, мөлшері жағынан азғана алғашқы капиталды пайдалану, бәсекелестік ортаны құру, тұтынушыларға жақын орналасу, инновациялардың жартысынан көбін құру және тағы басқалары, көптеген өнеркәсібі дамыған елдер кәсіпкерлікке жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) негізгі бөлігін өндіруге, жұмыспен қамту проблемаларын шешуге, әлеуметтік шиеленісуді жоюға, ғылыми-техникалық прогресстің дамуына ықпал етуге, өнімді өндіруді және бюджетке түсетін төлемдерді ұлғайтуға мүмкіндік береді. Кәсіпкерлік қазіргі қоғамның саяси тұрақтылығының негізі – орташа топтың пайда болуына әлеуметтік-экономикалық алғышарттарды құрады.

1. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы: «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында». Егемен Қазақстан. 2 наурыз 2006жыл 4-бет;
2. Друкер П. Рынок: как выйти в лидеры. Практика и принципы. М.1992год 245с.
3. Найт Ф. Риск, неопределенность и прибыль Thesis. –1994 год –Выпуск 5.-214с.
4. Кирцнер И. Конкуренция и предпринимательтво. Экономика. М., 2001 год-494с.
5. Кейнс Дж.М. Общая теория занятости, процента и денег Антология экономической классики. М. Эконов, 1992 год-Т2-. 485с.
6. David C. Mc. Clelland, The Achieving Society (Princetion, N.J.; Van Nostranal. 1961).
7. Макконел К., Брю С. Экономикс: принципы, проблемы и политика в двух томах. Таллин, 1995год-Т 1.-538с.
8. Колесникова Л.А. Формирование государственной системы развития предпринимательства в переходной эконоки (вопросы теории, метологии и практики): докторская диссертация. М, 2001год- 294с.
9. Демин А.И. Информационная модель экономики. Макромедель. М., 1996год-348 с.
10. Кошанов Е. Инновация и рыночная экономика Каржы-Каражат.1999 год-№5.-66 с.
11. Кабалина В. Инновация на постсоветских промышленных предприятиях Вопросы экономики. 2001 год.-№7.19-22с.
12.Қазақстан Республикасының заңы «Инновациялық қызмет туралы » Заң газеті. 2002 жыл №30, 31- шілде 4-бет.
13. Блинов А.О. Малое Предпринимательство: организационные и правовые основы деятельности. М.: Ось –89, 1998 год-336с.
14. Чепуренко А.Ю. Предпринимательский класс в возрождающийся в России.- М.: Мир России, 1993. –478 с.
15. Шеденов Ө.Қ, Сағындықов Е.Н, Жүсінов Б.А, Байжамартов Ү.С, Комягин Б.И «Жалпы экономикалық теория » Ақтөбе –2004 жыл, 145-бет.
16. Мейірбеков А.Қ, Әлімбетов Қ.Ә «Кәсіпорын экономикасы» Алматы-2004жыл
17. Бисенғазиев М.Б, Хамитов А.Ш «Кәсіпкерлік негіздері » Орал 2001жыл.
18. Жолдасбаев Т.Ө «Кәсіпорын экономикасы » Алматы –2002 жыл.
19. Дауранов И., Курбанова Г., Рудецких А., Шишкина А. Малый бизнес Казахстана: тенденции и проблемы развития. Алматы: РГП «Институт экономичских исследований», 2002 год 167с.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .3
І ТАРАУ. КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ
МӘНІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1. Кәсіпкерліктің экономикалық мәні мен мазмұны, құрылымы ... ... ... ... ... 5
1.2 Кәсіпкерлік субъектілерінің жіктелуі, түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
ΙΙ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЗПОЧТА АКЦИОНЕРЛІК
ҚОҒАМЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТІНЕ
ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ...15
2.1 Қазпочта акционерлік қоғамына технико-экономикалық
талдау ... ... ...15
2.2 Қазпочта акционерлік қоғамының кәсіпкерлік қызметінің даму
жағдайы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
ІІІ-ТАРАУ. ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУДЫҢ ШЕТЕЛДІК
ТӘЖІРИБЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
3.1. Кәсіпкерлікті қолдаудың отандық тәжірибесі және әлемдік аренадағы
оның даму
деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 19
3.2. АҚШ-та шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... .27
3.3. Германиядағы шағын кәсіпкертің қолдау
тетіктері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..29
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
КІРІСПЕ
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту
үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де арасан зор маңызы бар екендігін
республикамыздың тәуелсіздігінің 15 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз
жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі
өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды,
сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігін,
қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан өз
дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге
қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты халқына жолдауында ...
кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары
үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс.
Қордың өкілдік желісін кеңейту, өңірлердегі кәсіпкерлікті қолдауға
бағытталған жұмысты күшейту қажет.
Сонымен қатар, метталлургияда, банк саласында, сақтандыруда, химия
өнеркәсібінде және басқа салаларда сақталып қалған жасырын монополияларды
құрту қажет. Мұны монополияға қарсы заңнаманы реформалау арқылы, сондай-ақ
отандық және шетелдік жаңа компаниялардың экономиканың осы секторларына
кіруі үшін тартымды әрі ашық жағдайлар туғызу арқылы, яғни осы
секторлардағы бәсекелестікті арттыру арқылы жасау керек.
Кәсіпкерлік саласы Қазақстан Республикасының экономикасының дамуына
орасан роль атқаратыны мәлім. Еліміздің жоспарлы экономикадан нарықты
экономикаға көшуінің өзі, қоғам өмірінің барлық салаларына үлкен өзгерістер
алып келді. Бүгінгі күні кәсіпкерлікті дамыту үшін жаңадан көптеген
жағдайлар жасалынуда. Елдің жаңа экономикалық қатынастарға түсуі, оның
дамуының мықты инфрақұрылымын құру, әрине, кәсіпкерліктің дамуынсыз жүзеге
асуы мүмкін емес.
Кәсіпкерліктің даму деңгейіне байланысты, артықшылықтар кешені, атап
айтқанда нарық коньюктурасының өзгеруін тез сезіну, айналым қаржыларының
жоғары айналымдылығы, халықтың қаржы ресурстарын шоғырландыру, прогрессивті
жаңа идеяларды жүзеге асыру, мөлшері жағынан азғана алғашқы капиталды
пайдалану, бәсекелестік ортаны құру, тұтынушыларға жақын орналасу,
инновациялардың жартысынан көбін құру және тағы басқалары, көптеген
өнеркәсібі дамыған елдер кәсіпкерлікке жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) негізгі
бөлігін өндіруге, жұмыспен қамту проблемаларын шешуге, әлеуметтік
шиеленісуді жоюға, ғылыми-техникалық прогресстің дамуына ықпал етуге,
өнімді өндіруді және бюджетке түсетін төлемдерді ұлғайтуға мүмкіндік
береді. Кәсіпкерлік қазіргі қоғамның саяси тұрақтылығының негізі – орташа
топтың пайда болуына әлеуметтік-экономикалық алғышарттарды құрады.
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуімен байланысты
барлық экономика салаларында басты ұйымдастырушы күш – кәсіпкерлер тобы
өмірге келе бастады. Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің,
барлық экономиканың негізгі буыны – бұл кәсіпорындар. Міне, сондықтан да,
бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, сапалы қызмет көрсетілуі тиіс.
Бұған жағдайлар да жасалған. Өйткені кәсіпорында ең білікті мамандар
жинақталады. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсап, жоғары өнімді техника мен
технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Кәсіпорында
өндірісті және өнімдерді сатуға немесе өткізуге кеткен шығындарды мейлінше
азайтуға тырысады. Сол сияқты Бизнес – жоспарлар, маркетинг қолданылады,
тиімді басқару жүйесі – менеджмент, есеп жүргізу – бухгалтерия іске
араласады.
Мұның барлығы терең экономикалық білімді қажет етеді. Қазіргі
нарықтық жағдайда тек мынадай ғана кәсіпорын өміршең бола алады, егерде ол
нарықтық талабын аса сауаттылықпен және компоненттілікпен анықтайтын,
сұраныс талабын қанағаттандыратын, өнімдерді өндіруді ұйымдастыратын және
білікті қызметкерлерге жоғары табыспен, ең сонында көп пайданы табуды
қамтамасыз ете алатын болса, болашақта өндірісті жүргізуге маманданған
экономистер үшін кәсіпорынның экономикалық негізін терең білгендері қажет.
Бұл жұмыста халық шаруашылығының негізгі буыны кәсіпорындардың
өндірістік әрекеттерінің проблемалары, кәсіпкерліктің дамуы баяндалады.
Сондай-ақ, өтпелі экономиканың қалыптасуы негізінде, жаңадан пайда болып
жатқан әр түрлі меншік формалары мен нарық жағдайына, өндірістің әлеуметтік-
экономикалық проблемаларына сүйенеді. Осыған байланысты тақырыптың
мақсаты:
- Кәсіпкерлік, оның қалыптасуы, мәні, мазмұны және түрлері;
- Кәсіпкерліктің теоретикалық-экономикалық негізін зерттеу;
- Кәсіпкерлікті ұйымдастыру – экономикалық формалары;
- ҚР-дағы халық шаруашылығының бастапқы буындарының пайда болуы және
даму процестері;
- Сақтандыру – кәсіпкерлік қызметтің түрін айқындау;
- Қазақстан Республикасының сақтандыу нарығының даму тенденциялары;
- Кәсіпкерліктің қызмет етуінің шетелдік және отандық тәжірибесін
қорыту;
- Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің проблемалары және оны
шешу жолдары болып табылады.
І ТАРАУ. КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
1 Кәсіпкерліктің экономикалық мәні мен мазмұны
Кеңес Одағының ыдырауымен және халық шаруашылығының реформалар кешені
мен құрылымдық қайта құрулар арқылы экономикасы нарықтық қатынастарға
өткен бірқатар тәуелсіз мемлекеттердің құрылуымен кәсіпкерлік жаңа күшпен
жанданды және халықтың материалдық тұрмыс жағдайының жақсаруының, тұтастай
елдің экономикалық өрлеуінің ішкі көзі болды.
Қазіргі уақытта ғалым-зерттеушілер кәсіпкерлік проблемаларын әр түрлі
жалпы экономикалық баптар тұрғысынан белсеңді қарастыруда: басқару,
қолданылатын салық салу жүйелері, атқаратын қызметтері, мемлекеттік,
аймақтық және салалық деңгейлерде шаруашылық жүргізуші субъектілерді
қолдаудың әр түрлі құралдары, субъектілерді шағын, орташа және ірі
кәсіпкерлікке жатқызудың сандық және сапалық бағалау өлшемдерін анықтау,
кәсіпкерліктің қызмет атқару жүйелері.
Осы зерттеулер санының көптігіне қарамастан, отандық және шетелдік
ғалымдарының еңбектерінде шешілмеген проблемалар әлі де көп. Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев кәсіпкерлердің оныншы форумында,
елде жеке кәсіпкерліктің көпшілікпен мақұлданған анықтамаларының болмауын,
орташа және ірі кәсіпкерліктің аяғына дейін өнделген сандық және сапалық
бағалау өлшемдерінің критерияларының, шағын кәсіпкерліктің соңына дейін
ойластырылмаған ұғымдық аппараттарының жоқтығын атап өтті. Сонымен бірге,
кәсіпкерліктің мәнін анынтауда алдымен кәсіпкерліктің негізгі түсінігін
нактылау қажет ашып және айқындалған орынды.
Кәсіпкерлігік экономикалық жүйенің белгілі түрімен байланысты және
оның пайда болуына бірнеше маңызды алғышарттар себепші болды:
- Азаматық қоғамның және құқықтық мемлекеттің пайда болуы;
- Дүниеге келгеннен ажыратылмайтын құқықтар мен бостандықтыр
кешенімен үйлестірілген, жеке адам санасының қалыптасуы және қоғам
мен мемлекет мүддесіне қарсы келетін мүдделер;
- өзінің қазіргі түсінігінде жеке меншікке ажыратылмайтын құқық
санасының қалыптасуы мен нығаюы және сонымен байланысты
экономикалық еркіндік немесе экономикалық тандау еркіндігі;
- меншіктің мемлекеттік биліктен және соған сәйкес экономикалық
биліктің саяси биліктен бөлінуі;
- өмірдің экономикалық, әлеуметтік және саяси сфераларының бөлінуі;
- нарықтық экономианың пайда болуы және тағы басқалары.
Жоғарыда айтылған алғышарттар өндірістің капиталистік тәсілін сипаттайды
және автордың мәләмдеуінше, кәсіпкерлік өндірістің капиталистік тәсілінің
өнімі болып табылады.
Кәсіпкерлік, кәсіпкер және кәсіпкерлік табыс эволюциясының
барлық кезеңдерін талдай отырып, берілген түсініктердің әрбір кезең сайын
толықтырылғанын және түрін өзгерткенін айтуға болады. ХIV ғасырдан бастап,
Батыс Еуропаның алдыңғы қатарлы елдерінің экономикасында натуралды
шаруашылықтың тауарлы-ақшалай қатынастармен біртіндеп, бірақ әйтседе тез
ығыстырылуы болды және мұнын бәрі алтын мен күміс түріндегі ақшаның қолда
бар қорларының тапшылығы жағдайында өтті. Бұл жағдайларда ақша жеке алынған
индивидум мен мемлекеттің тұтастай экономикалық ойының басты тақырыбы
болды, өйткені олардың жеткілікті мөлшері өндірушілердің шаруашылық
өмірінің бір қалыпты өтуіне және дамуына, демек, мемлекет табысының өсуіне
мүмкіндік тұғызады.
Кәсіпкерлік теориясы ғасырлар бойы дамыды, оған классикалық
экономикалық теорияға (саяси экономияға), неоклассикалық теорияға,
кейнсианстваға, неолиберализмге және қазіргі заманғы экономикалық ілімдерге
негізделген әр түрлі бағыттар тән. Әрбір бағыт мектеептер мен ілімдердің
алуан түрімен сипатталады. Хроникалық ретпен әр түрлі мемлекеттерде
экономикалық ойдың даму тарихына экскурсия жүргізіп, кәсіпкерлік,
кәсіпкер және кәсіпкерлік пайда (табыс) терминдерінің эволюциясын
қарастыруға талпынайық.
Берілген дәуірдің экономикалық қызметін жүйеге келтіру өз көрінісін
меркантилизмде тапты, оның негізін қалаушы А.Монкретьен, Т.Ман,
Р.Кантильон, Ж.Б.Кольбер және тағы басқалары болып табылады. Меркантилизм
теориясының мәні келесі ерекшеліктермен сипатталады: алтын және қандай да
болмасын қазыналар ел байлығын көрсетеді, олардың келіп түсуі дайын
өнеркәсіптік өнімді импорттау арқылы сыртқы саудамен қамтамасыз етіледі.
Осындай жағдайларда айналым сферасымен байланысты, өсімқор және көпес
кәсіпкерлердің қызметі капитал қорлануының негізгі көздері болып табылады.
Осы аралықта көпестердің сауда қызметінің мемлекет үшін мәні зор, оның
нәтижелеріне жеке алынған индивидум мен жалпы ұлттың тұрмыс жағдайы
байланысты болды. Сонымен, француз ақ сүйегі Антуан де Монкретьен кәсіпкер-
көпестің сауда қызметін елге байлықты тартатын насоспен салыстырды.
Сөйтіп, орта ғасыр дәуірінде кәсіпкерлік деп көпестердің сауда,
коммециялық қызметін, кәсіпкер деп – саудагерді (көпес) түсінді, ал
кәсіпкерлік қызметтен алынатын пайда – бұл ақша түріндегі сыртқы сауда
қорлары немесе асыл металдарды және тастарды шығару.
Француз тілінен таралған кәсіпкерлік (enttrepeneur) ұғымын
экономика теориясына тұңғыш рет ағылшын банкирі, әрі экономисті Р.Кантильон
енгізді. Р.Кантильон кәсіпкер деп бағаның тұрақсыздығы мен болашағын
болжауға болмайтын жағдайда тауарларды сату менсатып алу процестеріне
қатысатын, бірақ кірістерінің жалпы сомасын біле білмейтін адамдарды
(саудагерлер, шаруалар, қолөнершілер т.б.) аталған. Оның пікірінше,
кәсіпкердің басты ерекшелігі ретінде тәуекелшілдік қарастырылады.
Кәсіпкерлік ұғымын зерттеуге алғашқы ден қойғандар саяси
экономияның ғылымы ретінде қалыптасуының іргесін қалаған физиократия
мектебінің өкілдері болады. Аталмыш мектебінің негізін салушы Ф.Кэне (1694-
1774), өнім өндіруші фермерлерге әр қашан жоғары баға беріп отырған.
Физиократтардың пайымдауынша, жерді жалға алып, ауыл шаруашылығы өнімдерін
өндіруші кәсіпкер – шаруа қоғамдық саудагерлікте басты роль атқарады. Бұл
ғылыми бағытты француздік мемлекеттік қайраткері, әрі экономисті А.Тюрго
(1721-1781) жалғастырған. Ол кәсіпкерлерді үш топқа бөлді: өнім өндіруші
(жерді жалға алушылар), меншік иелері (жерді жалға берушілер) және өнім
өндірмейтіндер (осы жұмысқа қатысушы қалған адамдардың барлығы). Соңғы
топты А.Тюрго тағы да екі топқа бөлді: а) кәсіпкер-мануфактурашылар,
фабрика басшылары және қарапайым қолөнершілер. ә) еңбек ақы алатын
қарапайым жұмысшыларға аванс беретін кәсіпкер – капиталистер, яғни тікелей
өнім өндірушілер. Ақырында ол кәсіпкер белгілі бір дәрежеде тәуекел етіп
ғана қоймайды, сонымен қатар оның белгілі бір дәрежеде басқарушылық
қабілеті де болуға тиіс деген түйін жасаған.
Француз экономисті Жан Батис Сей (1767-1832) кәсіпкерді өз есебінен
тәуекелімен, өзіне пайда табу үшін өнім шығарушы адам – деп түсіндіреді.
Ғалымның ойынша кәсіпкерде тұрақтылық, айналадағы жағдайды сезетін
адамдармен түсінісе алушылық қасиеттерімен қатар өндірістің үш факторы –
табиғат, еңбек пен капиталды – біріктіріп іске қоса алатын мықты
қабілеттілік болуы тиіс.
Неміс ғалымдары М.Вебер (1864-1920) кәсіпкерлік дегеніміз – іс адам
үшін емес, адам іс үшін өмір сүру тәсім десе, В.Зомбарт (1863-1947)
кәсіпкерлікпен сәтті айналысу үшін әр заманның өзіне тән рухы терең
сезініп, дөп басып білу керек, тек осылай өткенде ғана кәсіпкерліктің ісі
оңға басылады деп түсіндіреді.
Кәсіпкер әрбір мүмкіндікке дұрыс баға беріп, оның көп формасының
ішінен жаңа кәсіпорынды ұйымдастыруға ең қолайлысын таңдауы қажет.[2.
245б.] Қолайлы мүмкіндіктер ресурстарды тиімділігі төмен аймақтардан
тиімділігі жоғары аймақтарға ауыстыруға мүмкіндік береді. Өз кезегінде
кәсіпкерлік қауіптер, есептелінетін және есептелімейтін формаларда
көрінетін, екі бөлікке бөлінеді. Қауіптің бірінші түрі – бұл жай қауіп.
Екіншісі – белгісіздік. Егер қауіп нәтижелердің белгілі жинағын болжаса,
онда белгісіздік, өндірілген өнім немесе қызметтерге сұраным мен ұсынымның
сәйкессіздігімен қамтылған, үнемі өзгеретін нарықтық жағдаймен байланысты.
Кәсіпкердің негізгі сипаттамалары сақтық, тәкаппарлық, ұқыптылық, ұстамдық,
пайданы алудың пайда болған мүмкіндіктеріне сезімпаздық және ең бастысы,
қоршаған ортада болашақта болатын өзгерістерді болжау сияқты белгілермен
толықтырылды. Ал кәсіпкерлік пайда, неолибералистер пікірі бойынша, бұл
күтілген және нақты түсімдер арасындағы ойда болмаған айырма, ол
Й.Шумпетердің (J.Schumpeter) кәсіпкерлік табыс анықтамасына сәйкес келеді.
Ғасыр ғалымдарының экономикалық ойларын жүйеге келтіру кәсіпкерлік
түсінігін ескішілдікке негізделген бизнестен түбегейлі өзгешеленетін,
инновациялық процесс ретінде; кәсіпкерді – қолайлы мүмкіндіктерді
іздеестіретін және өз қызметін болжай алатын, жаңашыл ретінде; кәсіпкерлік
табысты – бұл тек пайда емес, сонымен қатар үстеме пайда ретінде анықтауға
мүмкіндік береді.
XX ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан бастап кәсіпкерліктің проблемалары
отандық ғалымдардың және ТМД елдерінің ғалымдарының еңбектерінде кеңінен
қарастырылады. Әрине, жүргізілген зерттеулерде кәсіпкерлікке, кәсіпкерге
және кәсіпкерлік табысқа ортақ анықтама берілмеген. Сонымен қатар, бірқатар
авторлардың айтуынша, зерттеушілердің барлық талпыныстары алғашында
сәтсіздікке ұшырайды. Бұл әр түрлі елдердегі кәсіпкерлікті дамытуда
мемлекетпен жүргізілетін саясатқа, қойылған зерттеу мақсаттарының әр
түрлілігіне, тікелей кәсіпкерліктің даму деңгейіне және тағы басқаларға
байланысты. Сонымен бірге, соңғы еңбектерде кәсіпкерлік процесін өзін
жаңарту мен өзін ұйымдастырудың синергетикалық модельі ретінде қарастырған.
Кәсіпкерлер жұмысты тиімді жүргізу нәтижесінде капиталды жинау мүмкіндігіне
ие болады. Өндірістің алдағы дамуы спираль бойынша жүзеге асырылады.
Сонымен, кәсіпкерлік пен кәсіпкерлік қызмет проблемалары ғалым-
зерттеушілермен ертеректе және әр түрлі варианттарда қарастырылды.
Орындалған экономикалық зерттеулер талдауының негізінде, кәсіпкерліктің
экономикалық мәнін нақтылап, толықтыруға талпынып, кәсіпкер(enterpmeneur)
категориясын тұжырымдау қажет. Сөйтіп, әлемдік экономикалық ойды ұғыну,
зерттеу мен қорыту кәсіпкердің келесі сипаттамаларын ажыратуға мүмкіндік
берді:
1. кәсіпкер – бұл қауып, белгісіздік;
2. кәсіпкер – бұл пайданы және үстеме пайданы, яғни кәсіпкерлік табысты
алу;
3. кәсіпкер өндірістің барлық факторларын үйлестіреді: еңбек, жер, капитал;
4. кәсіпкер жаңалықтарға бейім: жаңа өнім мен қызметтергді өндіруге, жаңа
әдістерді енгізуге және өткізудің жаңа нарықтарын іздеуге, инновациялық
менеджментке; т.б.
5. кәсіпкер – бұл кәсіпкерлік істі жүргізу үшін жігерлі, білім мен
ақпараттың белгілі деңгейін меңгерген адам;
6. кәсіпкер, табыс алу мақсатында, жаңа идеялардың болашағын бағалауға,
алынған ақпаратты талдауға және нарықтың қалыптасқан коньюктурасы
тұрғысынан шешімдерді қабылдауға қабілетті болуы;
7. кәсіпкер кез келген, әсіресе белгісіз жағдайларда бір ғана дұрыс шешімді
қабылдауы тиіс.
Кәсіпкердің берілген қабілеттері, кәсіпкерлік процестің барлық сатыларына
(өнімді құру сатысы, еңбек өнімін өндіру сатысы, еңбек өнімін тұтыну
сатысы) сәйкес бірқатар белгілі функцияларды орындау арқылы жүзеге асады.
Ол:
1. сатып алушылардың сұранысын және олардың төлем қабілетін зерттеу бойынша
ғылыми зерттеулерді жүргізу;
2. өнімнің бәсекелестігін қамтамасыз ететін, бұйымның белгілі өлшемдері мен
сыртқы түрі бойынша техникалық құжаттарды дайындауға;
3. бұйымдардың тәжірибелік үлгілерін дайындауға;
4. өнімді өндіруді барлық қажетті шикізат, материалдық және еңбек
ресурстарымен қамтамасыз етуге;
5. берілген өнімді өндіру үшін ең жетілген технологиялық процесс пен
басқарудың тиімді схемасын таңдауға;
6. халықтың төлем қабілеті едәуір жоғары өткізу нарықтарын анықтауға
міндетті.
Кәсіпкер түсінігінің ұсынылған сипаттамаларын және оны орындауға
тиісті функцияларының тізімін пайдаланып, кәсіпкерлік анықтамасын
нақтылауға тырысамыз, және де берілген анықтама кәсіпкерліктің әр түрлі
формасына қатысты алғанда толық, онда тек сапалық сипаттамаларорын алып,
сандық бағалау өлшемдері мен шаруашылық жүргізу субъектілердің ұйымдастыру-
құқықтық формаларының болмауы тиіс. Өйткені, кәсіпкерліктің шаруашылық
жүргізуші субъектілерінің сандық сипаттамалары мен ұйымдастыру-құқықтық
формалары арнайы қабылданған нормативті-құқықтық актілермен бекітіледі.
Кәсіпкерлік – бұл табысты алу мақсатында өндірістің барлық факторларын
қозғалысқа келтіретін, қауіп пен белгісіздіктің белгілі үлесімен жанасатын
инновациялық процесс.
Кәсіпкерліктің берілген анықтамасы қазіргі заманғы кәсіпкерліктің
табиғатын сипаттайтын шарттармен толықтырылуы және оның кәсіпкерлердің
күнделікті қызметінде бағыттаушы болуы керектігін атап өту қажет.
Кәсіпкерліктің отандық теориясында қазірге дейін кәсіпкерлік мәнінің нақты
анықтамасы жоқ, әдетте ұсынылатын тұжырымдар кәсіпкерлік қызметтің мақсатын
көрсетеді немесе кәсіпкерлікті әдеттегі бизнеске теңестіреді. Сонымен, бұл
процесті пайданы алу мақсатымен экономиканың әр түрлі аймақтарындағы қызмет
ретінде сипаттайтын, кәсіпкерліктің тұжырымдары бизнес пен кәсіпкерлікті
теңестіреді, ал жоғарыда келтірілген талдау, кәсіпкерліктің инновацияға
негізделген бизнестің ерекше түрі екендігін, оның қызметінің нәтижесі
орташа пайданы алу емес, үстеме пайданы, яғни кәсіпкерлік табысты алу болып
табылатындығын көрсетеді. Кәсіпкерліктің басқа тұжырымдары оны шаруашылық
жүргізудің инновациялық бағыты ретінде сипаттайды. Кәсіпкерлік процесстегі
шаруашылықты жүргізудің инновациялық бағыты ғалымдармен әр түрлі көзқараста
түсіндіріледі. Бір ғалымдар, инновация – бұл жаңа өнім, өндірісті
ұйымдастыру мен басқарудың жаңа әдістері, жаңа техника және аналогтары жоқ
технологиялар деген Й.Шумпетердің пікірін қолдайды. Басқа ғалымдар
иммитацияны жеке шаруашылық жүргізуші субъектінің инновациялық бағыты деп
санайды, яғни жаңалықтарды белсеңді түрде шеттен алып пайдалану ол үшін
инновация болып табылады. Иммитациялық процесті жүзеге асыру тек елде ғана
емес,сонымен қатар оның сыртында да пайда болған жаңа идеяларды енгізу
бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілермен көрсететін ынталы қызметсіз
мүмкін емес. Сонымен қатар, еліктеушілер өз қызметімен жаңашылдарды жаңа
ойларды дайындауға итермелейді. Ғалымдардың келесі тобы инновациялық бағыт
белгісін ресейлік экономиканың кәсіпкерліктің субъектілері көздейтіе
ақырғы мақсаттарға, әдістер мен тәсілдерге қатыссыз нарыққа ауысуына
көмектесудің факторы ретінде кең түрде қарастырады. Осының нәтижесінде
нарықтық қатынасты қалыптастыру мен дамытудың барлық белсеңді қатысушыларын
жаңашылдар деп қорытуға болады. Жоғарыда айтылғандарға сүйеніп, оның
қазіргі жағдайдағы іс-әрекеті мен пайда болуын ескеріп кәсіпкерлікті
былайша түсіну қажет:
Кәсіпкерлік – бұл табысты алу мақсатымен өндірістің барлық факторларын
қозғалысқа келтіретің және толық экономикалық жауапкершілікке негізделген,
қауіптің және белгісіздіктің белгілі үлесімен жанасатын, шаруашылық
жүргізуші субъектілердің ынталы, инновациялық қызметіне негізделген өзін-
өзі ұйымдастыру және өзін-өзі жаңарту процесі.
Ал кәсіпкер – бұл табысты алу мақсатымен қауіп және белгісіздік
жағдайларында жұмыс істейтін, өндірістік-шаруашылық қызметтің барлық
аймақтарындағы жаңалықтарға бейімді, жігерлі, білімдер мен ақпараттың
белгілі деңгейіне ие адам. Өз кезегінде кәсіпкерлік табыс – бұл кәсіпкердің
пайдасы (таза табыс)және үстеме пайдасы.
Көріп отырғандай, кәсіпкерліктің тектілік түсінігіде өлшемдер және
мөлшерлік бағалау өлшемдері жоқ, кәсіпкерлік процесс ынтамен, жаңалықпен
байланыстырылған, олардың негізгі мақсаты кәсіпкерлік табысты алу.
Кәсіпкерлікті, кәсіпкерді және кәсіпкерлік табысты сипаттайтын, негізгі
қағидалардың бірдей дәрежеде шағын, орташа және ірі кәсіпкерлікке қатысты
екендігін атап кету қажет, бірақ сонымен қатар кәсіпкерліктің әрбір
формасының өзіне тән ерекшелігінің болатынын ескереміз.
Қазіргі уақытта кәсіпкерлікті жандандыру процесі экономикалық және
инвестициялық дағдарыстармен; білікті мамандардың жоқтығымен; нормативті-
құқықтық базаның жетілдірілмеуімен, коррупциямен, тікелей шаруашылық-
коммерциялық қызметпен, тұрақты қауіппен, капиталдың тапшылығымен;
шаруашылық жүргізуші субъектілердің моральды және табиғи тозған материалдық
базасымен байланысты қиын жағдайларда өтуде. Осыған қарамастан Республикада
кәсіпкерлік қызметтің алғашқы жемістері бар, бірақ оның көпшілігі сауда мен
делдалдық қызметтерде.
Кәсіпкерлік – адамдармен олар құрған бірлестіктерді белсеңді, дербес
шаруашылық қызмет. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік
жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді. Кәсіпкерлікті
шығармашылық күш жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру
ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты.
1.2. Кәсіпкерлік субъектілерінің жіктелуі, түрлері
Кәсіпкер тауарлар өндіреді, содан соң оларды сатады. Осыған орай,
кәсіпкерлік - өндірістік, коммерциялық, қаржылық және кеңес берушілік болып
бөлінеді. Осылардың әрбір формасы өзіндік ерекшелігі, өзгешелігі, демек
өзіндік технологиясы болады.
Өндірістік кәсіпкерлік - бұл кәсіпкерліктің негізгі түрі. Мұнда тауар
өндіру, қызмет көрсету асырылады.Тұтынушылардың кейіннен сатып алуына
тиісті өнім өндіру, жұмыстар жүргізу және қызмет көрсету, жинау, өндеу және
ақпарат беру, рухани құндылық жасау тағы басқаларға бағытталған қызметтер
жатады.
Өндірістік кәсіпкерліктің мүдделік өрісі едәуір түрліше және оны іске
асыру үшін қаржылық және материалдық ресурстар, ал кейде олар көп мөлшерде
қажет болады. Өндірістік кәсіпкерлік қызметінің нәтижесі мол өнім өндіру
және оны сату мүмкіндігі болып табылады.
Кәсіпкерлікпен айналасу үшін қандай тауар өндіру, қандай қызмет
көрсетуді іске асырумен шұғылдану керектігін білу керек.
Одан кейін маркетингтік іспен шұғылдану болашақ тұтынушылармен байланысу
сонымен қаиаршикізат, материалар, энергия т.б. жабдықтаушылармен ара
қатынасты орнату.
Келесі кезең өндіріс факторлары: а) негізгі өндірістік қорлар,
ғимараттар, құрылыстар, өндірістік құрал жабдықтарды сатып алу немесе
арендаға алу. б) өндірістік айналым қоры; еңбек заттары, шикізаттар,
негізгі және қосымша материалдар, отын және энергетика ресурстары, жөнінде
жасауға қосалқы бөлшектер, сатылып алынатын құрастыру бөлшектері,
полуфабрикаттар келешекке керекті шығындарды жабу көзі. Инструменттер мен
инвентарлар айналым қорына екі белгісімен: бағасмен және пайдалану
мерзімінен бөлінеді.
Алдағы уақыттағы шығындар дегеніміз –бірінші кезегі тауар өндіруді
меңгергенше көбірек шығатын шығындар. Ол шығындар тауар өніміне тікелей
қатынасады.
Жұмыс күшін кәсіпкер еңбек биржасы, немесе құлақтандыру арқылы жалдап
алады.
Жұмысқа аларда кадрлардың білімі, мамандығы,тәжірибелілігі жеке
қасиеттері т.б. ескерілуі керек.
Қажетті ақпарат –ресурстары қосымша қосуға мүмкіндіктерді ойластырып,
алдын ала есептеу.
Финанс қаржыларының керек мөлшерін анықтау.
1-сурет
Жалпы ақшаның қажеттік көлемін мынандай формуламен шығаруға болады:
Аж=A1+A2+A3+A4+...AN
Аж - жалпы керекті қаражаттар;
А1- жалпы қоры;
А2- айналым қоры;
А3- құрал жабдықтар;
А3- ақпратқа т.б интелектуалды қызметке төлем;
А4-басқа мекемелерді атқарған жұмысына төлем т.б.
Бастапқы капитал а) жиналған қор; б) несиеге ақша алу.
Өндірістік істің қорытындысы. Сатудан түскен түсімнен өндірісте және
коммерциялық шығындардың, яғни толық шығындардың айырмасы жалпы пайда
болады. Жалпы пайда = жалпы түсім алу өндіріс және комерциялық шығындар,
яғни пайда бұл салық төленгенде дейінгі пайда. Барлық салықтар, айыптар мен
баждарды, төлегеннен кейін қалған пайда –таза пайда деп деп аталады.
Кәсіпкерліктің финанс жағдайы бағалау үшін рентебельдік деңгейін шығарады.
Рентабельдік деңгей = таза пайда шығындар + төлемдер Х100%
Венчурлік бизнес деген болады. Бұл инновациялық кәсіпкерлік –тәуекелдік
бизнес. Ол технологиялық жаналықтардың бір түрі. Бұл ғылыми зерттеу
жұмыстарының қорытындысы комерцияландыруға,әсіресе ғылым сайымдылығы көп
өндіріс салаларында, бірінші кезекте жоғары технологиялық өндірістерде
қолданылады, онда тәукелділік, тиімділікке кепілділік болмау мүмкін.
Коммерциялық кәсіпкерліктің іс өрісі тауар биржалары сауда мекемелері.
Тауар биржалары ең көп тараған бірқалыпты істейтін көтерме сауда нарығы.
Тауар биржаларында тауармен, жабдықтаушылармен, сауда жасаумен бірге,
келісім шарттар жасау, яғни фьючерлік айырбас келісімдері жасалады. Мұнда
шарттар бойынша төлемді мерізім уақыт өткенен кейін келісімге бағамен
сатады. Мысалы, диханшылардың егін оруға қаражаты жоқ. Оған банкир ақша
берем, сен 4-5 айдан кейін астағыңды мынандай бағамен сатасың деп келісім
шарт жасайды. Ол көпшілік жағдайда нарық бағасынан төмен болады.
Тауар биржалары мынандай қызмет атқарады:
- Сауда –сатық келісім жасауға делдалдық қызмет атқарады;
- Тауар сатуды тәртіпке келтіреді, сауда операцияларын реттейді
- Баға туралы, өндіріс жағдайын, тағы басқа бағаға ықпал ететін
факторлар зжөнінде мәліметтер жинап жариялайды.
Тауар биржасының айналымының көп бөлігі нақты тауарлар сату емес,
тауарларды келісім бойынша сату, болашақта тауарлармен тұтынушыларды
жабдықтау туралы шарттар жасаудан турады.
Коммерциялық кәсіпкерліктің негізгі жұмысы тауарды сатып алу –сату
операцияларымен байланысты. Өндірісті кәсіпкерліктен коммерциялық
кәсіпкерліктің айырмашылығы, бірінші тауар өндірсе, екіншісі сатып алып
сатады. Сауда өндірістің жалғасы болып табылады.
Коммерциялық кәсіпкерлікке – қызмет түрін сипаттайтын, оның
мазмұнының мәнін айқындайтын тауар-ақша қатынастары, тауар айырбастау
операциялары жатады. Мұның өндірістік кәсіпкерліктен айырмашылығы – мұнда
өнім өндіруге – байланысты өндірістік ресурстарды қамтамасыз ету
қажеттілігі тумайды. Технологияның бастапқы сатысы ретінде, не сатып алу,
нені қайта сату және қай жерде екенін таңдай білу қажет. Бұл мәселелерді
іске асыру, ең алдымен тауар бағасының өткізу бағасы жағдайында көтерме
сатып алу бағасы елеулі жоғары болуы керек екеніне сүйену қажет.
Коммерциялық кәсіпкерлікпен шұғылданар алдында нарықты маркетингалық
талдау жасау керек. Жалпы алғанда маркетинг барлық шаруашылық
істердіұйымдастыру, басқару жүйесін жасақтау болып табылады.
Коммерциядық келісімдер бағдарламасы:
- Сауда делдалдық жұмыс атқаруға жұмысшылар жалдау;
- Ғимарраттар, қоймалар, ұсақ сауда үй сатып алу немесе жолдау;
- Тауар сатып алу, сату;
- Тауар сатып алуға керекті несиелерді ұйымдастыру, табу және оны
уақытында пайыз ставкасымен қайтару;
- Жоспарлауға керекті ақпараттарды табу, жасақтау;
- Тұтынушыларға тауар сатып ақшасын алу;
- Финанс органдырына салық және басқа төлемдер мерізіміне төлеу.
Қаржылық кәсіпкерлігіне негізімен коммерциялық банкілер және қор
биржалары кіреді. Коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі, солай болғандықтан
оның сатып алу, сату объектісі айрықшылығы – тауар болып есептелінеді:
ақшалар, валюта, құнды қағаздар (акциялар, облигациялар, вексельдер,
кепілдіктер және т.б.), яғни бірдей ақшаларды сату тікелей немесе жанама
формада жүргізледі.
Кеңес берушілік кәсіпкерлік бұл ой нарығының бір бөлігі онда мынандай
жұмыстар істеледі, финанстық, инвестициялық саясаттарды жасақтау белсенді
маркетинг тәуелсіз кеңестер. Нарыққа бағыттану туралы финанстық, шаруашылық
талдауды жасауға, басқару мәселелері жөнінде көмектер т.б. көрсетіледі.
Консультация ( кеңес беру ) әдістері:
1. экспертік кеңес беру –мұнда маман өз бетімен диагноз қояды, шешімдер
жасақтайды және енгізуге ұсыныстар береді;
2. Процестік кеңес беру –кәсіпорынның маманы клиетпен белсенді түрде
қарым – қатынаста болады, оны өз ойы айтуына ынталандырады, клиетпен
бірге талдау жасайды сонан кейін ұсыныстар белгілейді;
3. оқулық кеңес беру – лекция оқу, семинар өткізу, оқу құралдарын
жасақтау т.б.
ΙΙ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЗПОЧТА АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК
ҚЫЗМЕТІНЕ ТАЛДАУ
1. Қазпочта акционерлік қоғамына технико-экономикалық талдау
Қоғамның рыноктық экономика және ақпараттандырудың қазіргі даму
кезеңінде почта байланысы ақпараттық инфрақұрылымның маңызды элементі болып
табылады. Бүгінгі күні Қазпочта акционерлік қоғамының кең ауқымды почта,
қаржылық, және агенттік қызмет көрсету үшін бар күшін жұмсауда. Қызмет
көрсету механизмін тұрақты түрде жетілдіріп отырады, жаңа қызмет түрлері
жобаланып жасалады және енгізіледі, клиентке қызмет көрсету сапасын арттыру
үшін ең жаңа технологиялар пайдалануға енгізіледі. Сонымен қатар кеңінен
тармақталған филиалдық желі біздің қызметті елдің ең шалғайдағы
аймақтарының тұрғындарымен қоса, тұтынушылардың барлық топтарының бірдей
пайдалануына жағдай жасайды.
Қазіргі кезде уақыт талабына сай, почта байланысының тиімділігінің
арта түсуімен қатар, жаңа қызмет түрлері, жаңа технологиялар енгізіліп,
көрсетілетін қызмет сервисі арта түсуде. Сонымен қатар почта жөнелтілімін
адресатқа жеткізу мерзімі қысқарып келеді.
Өткен 2002 жыл, Қазпочта акционерлік қоғамы үшін қоғамның кезекті
қаржылық тұрақтану және негізгі экономикалық көрсеткіштерінің өсу жылы
болды. Төменде келтірілген деректер осы айтылғандардың айғағы болмақ.
1-кесте - Қазақстандағы қазпочта акционерлік қоғамына технико-
экономикалық талдау
№ КӨРСЕТКІШ ТЕР өлш. бірл2001 2002 + - %
1 Көрсетілген қызметтенМың. тг 2989304 3915671 926367 30%
түскен табыс
2 Көрсетілген қызметтіңМың. тг 1980827 2507131 526304 26%
өзіндік құны
3 Жалпы табыс Мың. тг 1008477 1408540 400063 39
4 Кезеңдік шығындар Мың. тг 11152 6232 -4920 -45
5 Негізгі қызметтен Мың. тг 997325 1402308 404983 40
түсетін табыс
6 Негізгі емес Мың. тг 399563 85009 -314554 -79
қызметтен түсетін
табыс
7 Салық салуға дейінгі Мың. тг 1396888 1487317 90429 6
табыс
8 Корпоративті салық Мың. тг 26775 15635 -11140 -42
(30%)
1-кесте жалғасы
9 Салық салынғаннан Мың. тг 1370113 1471682 101569 7
кейінгі табыс
10 Төтенше жағдай - - - -
шығындары
11 Таза табыс Мың. тг 1370113 1471682 101569 7
12 Негізгі қорлардың Мың. тг 2447359531011905 6538310 26
орташа жылдық құны
13 Қор қайтарылымы тг 0,12214 0,12626 0,00412 3
14 Қор сыйымдылы тг 8,187 7,919 -268 -4
ғы
15 Жұмысшылар саны Адам 15782 16146 364 2
16 Еңбек ақы қоры Млн. тг 10,4 19,9 -50млн 91
17 Еңбек өнімділігі Мың.тг 189,4 242,5 53,1 28
18 1 жұмысшы ның тг 5491,48 10270,86 4779,38 87
еңбекақысы
19 Қызмет көрсету 0,691 0,586 -0,105 -16
рентабельділігі
20 Қызмет 0,458 0,375 -0,083 19
рентабельділігі
Акционерлік қоғам Қазпочта кәсіпорнының технико-экономикалық
жағдайына талдау кезінде көрсетілген қызметтен түскен табыс 2002 жылы
926367 мың теңгеге өсті, яғни 30 пайызға. Бұл жағдайға әсер еткен фактор
корпоративті табыс салығының 2002 жылы кемуі, яғни -42 пайызға.
Көрсетілген қызметтің өзіндік құны 2002 жылы (есепті жылы) 526304-ке өсті,
яғни 26 пайызға мұның көбейген себебі жалпы табыс 2002 жылы 400063 мың
теңгеге өсті, сонымен 39 пайызға, ал кезеңдік шығындарды талдаған кезде
ол 4920 мың теңгеге кеміді, оған түрткі болған себеп негізгі қордың орташа
жылдық құны 2002 жылы 6538310 –ге сай келді. Салық салуға дейінгі табыс
2002 жылы 90429 –ға өсті және негізгі емес қызметтен түсетін табыс 2001-ші
жылмен салыстырғанда 2002 жылы 314554 –ке кеміді, оған жұмысшылар санының
2002 жылы 369 адамға өсуі , яғни 2 пайызға өскені әсер етті.
Ал, қызмет көрсету рентабельділігі есепті жылы 0,105-ке кеміді оған
әсер еткен фактор көрсетілген қызметтің өзіндік құны есепті жылы 526304-ке
өсуі. Қор сыйымдылығы есепті жылы 268-ге кемісе және қор қайтарымдылығы
0,00412 –ге өсті, оған әсер еткен фактор негізгі қордың орташа жылдық
құнының 6538310-ға өсуі болып табылады.
2001 жылдың қаңтар айында Қазақстан почтасы Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінен теңгемен және шетел валюталарымен бірқатар банкілік
операциялар жүргізуге лицензия алды. Осы лицензияға сәйкес Қазпочта
акционерлік қоғамының жеке және заңды тұлғаларға кең ауқымды банкілік
қызмет көрсетуге құқығы бар. Ондай қызметтер қатарына мыналар жатады:
• депозиттер қабылдау, заңды тұлғаларға банкілік шоттар ашу және жүргізу;
• депозиттер қабылдау, жеке тұлғаларға банкілік шоттар ашу және жүргізу;
• кассалық операциялар: банкноттар мен метал ақшаларды қабылдау, беру,
қайта санау, ұсақтау, алмастыру, сұрыптау, буып-түю және сақтау;
• аудару операциялары: ақша аудару жөнінде заңды және жеке тұлғалардың
тапсырыстарын орындау;
• банкноттарды, метал ақшаларды және құндылықтарды инкассациялау;
• шетел валюталарымен алмастыру операцияларын ұйымдастыру;
• шарттың (лизингтің) барлық әрекет ету мерзімінде жалға берілетін мүлікке
жалға берушінің меншіктік құқығын сақтай отырып, мүліктерді жалға беру;
• меншікті бағалы қағаздар (акциялардан басқа) эмиссиясы;
• факторингтік операциялар: төленбеу тәуекелділігін қабылдау арқылы сатып
алушыдан тауар (жұмыс, қызмет көрсету) төлемдері талаптарының құқығын
иелену;
• форфейтингтік операциялар (форфейтингтеу): сатушыға айналымсыз
вексельдерін сатып алу жолымен тауар (жұмыс, қызмет көрсету) сатып
алушының қарыздық міндеттемесін төлеу.
2. Қазпочта акционерлік қоғамының кәсіпкерлік қызметінің даму
жағдайы
Қазпочта акционерлік қоғамы қаншалықты дамып жатыр десек те, кез-
келген ұйым, кез-келген өнеркәсіп болсын кедергілер кездесетіні сөзсіз.
Мысал келтіретін болсақ, қазіргі кезде көптеген адамдар хат арқылы алмасуға
қарағанда, телефон арқылы қатынасып тұруды қалайды. Бұған себеп болып
тұрған мәселелердің бірі хат – ол ұзақ уақыт жүретін процесс. Осының тез
жетуі үшін олар көптеген мәселелерді қарастыру керек. Солардың бірі хат
тасымалдаушы жұмысшылар санын көбейту. Қазіргі кезде белгілі хат
тасымалдаушы адамдар өте аз, сондықтан кейде хат алушыға ұзақ уақыт
жетпейді. Мысалға 2001 жылы бір жұмысшының орташа еңбек ақысы 5491 тенге
болды да, 2002 жылы ол 87 пайызға өсті, яғни 10270 тенгені құрады.
Менің ойымша Қазпочта акционерлік қоғамы жалақыны біршама көтеру керек.
Өткен 2002 жыл Қазпочта акционерлік қоғамы үшін, ежелгі почта
байланысының операторы ретінде және тұрғындарға кең ауқымды қызмет түрлерін
ұсынуға дайын, бірегей қаржылық институт ретінде қайта қалыптасқан жыл
болды.
Қазпочта акционерлік қоғамы республикамызда болып жатқан әлеуметтік-
экономикалық даму өзгерістерінің ырғағына орай, өзінің дәстүрлі қызмет
көрсету саласынан тыс, қызмет көрсету ассортиментін мүмкіндігінше кеңейтуге
ұмтылады.
2002 жылы қоғамның қызмет көрсету әрекеті - жалпыға бірдейлік,
тиімділік, клиенттер талабын барынша қанағаттандыру, қауіпсіздік және
орташа тарифтер қолдану принциптерін сақтау арқылы жүргізілді. Қазпочта
акционерлік қоғамы қызметінің қаншалықты жемісті болғандығын және қандай
нәтижеге қол жеткізілгендігін көрсетеді.
ІІІ-ТАРАУ. КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУДЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕЛЕРІ
3.1 Кәсіпкерлікті қолдаудың отандық тәжірибесі және әлемдік
аренадағы оның даму деңгейі
Кәсіпкерлік қызметті қолдау мен дамыту мемлекетпен нормативті-құқықтық
актілер негізінде іске асылылады. Қабылданған нормативті-құқықтық
актілердің және оларды іске асыру нәтижелерінің негізінде Республикадағы
кәсіпкерліктің даму уақытын үш кезеңге бөлуге болады:
1. 1987 – 2001 жылдардың аралығы кәсіпкерліктің бірінші кезеңі. Бұл уақыт
аралығында қызметтің осы түрімен айналысатын халық саны он есе дамыту
жөнінен көптеген заңдар мен бағдарламалар қабылданды; халық шаруашылығы
кәсіпорындарының біраз бөлігін мемлекет меншігінен шығару мен
жекешелендіру кезеңдерін бастан кешірді; еліміздің экономикасы
дағдарыстық күйден өз қызметін тұрақтандыру кезеңіне өтті. Тұтастай бұл
уақытты Республикадағы кәсіпкерліктің қалыптасуы кезеңі ретінде
сипаттауға болады.
2. 2002 жылмен қазіргі уақытты қоса алғанда – бұл кәсіпкерліктің тұрақты
дамуының екінші кезеңі. Бұл кезеңнің басталуы дайындалған нормативті-
құқықтық базамен, кәсіпкерлікті қолдау бойынша ұйымдар мен институттардың
тұтас құрылымдарын құрумен, шағын кәсіпкерлікті дамытудың белгілі
теоретикалық және практикалық тәжірибесін жинақтаумен қоса жүреді. Өзінің
екінші кезеңіне, атап айтқанда даму кезеңіне өте отырып, кәсіпкерлік
Республика экономикасын гүлдендіретін басты тетіктердің бірі екенін
көрсетті. Мұнымен қоса кәсіпкерліктің қолданатын формалары мен түрлері
алуан түрлі. Екінші кезеңнің басталуы, атап ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz