Негізгі құралдар жайлы жалпы түсінік


МАЗМҰНЫ
Кіріспе4
- Негізгі құралдар жайлы жалпы түсінік
1. 1 Негізгі құралдардың жіктелуі. 5
1. 2 Табиғи ресурстар есебі. 12
- Негізгі құралдардың бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.
2. 1 Негізгі құралдың тозуын және амортизациясын есептеу. 17
2. 2 Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру. 23
- Негізгі құралдар амортизациясының ХҚЕС бойынша есебі.
3. 1 Негізгі құралдардың амортзациясы. 29
3. 2 Ұтымды пайдалану мерзімін қайта қарау. 30
Қорытынды. 32
Қолданылған әдебиеттер тізімі. 33
Қосымшалар.
Кіріспе
Бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйе ретінде қарастырылады. оның мақсаты кәсіпорын туралы ақпаратты анықтау, жинау, көлемін өлшеу және кәсіпорынның қаржылық жағдайын зерттейтін тұлғаларға өткізу.
Қаржылық есеп кәсіпорын дайындайтын қаржылық ақпараттың сипатымен және көлемімен байланысты. Ол ақпаратты әр түрлі категориялық тұлғаларға өткізеді. Бұл тұлғалар компанияға инвестициялар салады, оған несиелер береді немесе бірігіп экономикалық қызмет жасайды. Бухгалтердің міндеттері шешім қабылдауға құқығы бар сыртқы пайдаланушыларға қаржылық есеп беруді өткізу.
Кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың тиімділігі мен олардың заңдылығы шығындардың орынсыз жұмсалынбауы, материалдық құндылықтардың қатаң тәртіппен ұқыпты да тиімді жұмсалынуы қаржылық есеп жұмысын жүргізудің міндеті болып табылады. Қаржылық есептің мәліметтрі мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден-бір негіз болып табылады.
Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің басапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.
«Негізгі құралдарға»- қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағыда басқалар жатады.
- Негізгі құралдар туралы жалпы түсінік
1. 1 Негізгі құралдардың жіктелуі
Негізгі құралдар есебі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі 13. 11. 96жылы № 3Ұлттық комиссиясы бекітіп, 01. 01. 97 жылғы күшіне енген қаулысына сәйкес №6 « Негізгі құралдар есебі»бухгалтерлік есеп стандарттары бойынша реттеледі. Бұл стандарттың негізгі мақсаты кәсіпорын, меншігіндегі немесе оның уақытша пайдаланылуындағы негізгі құралдар есебі методикасын анықтау, шаруашылық жұмысын жүргізу немесе жедел басқару болып табылады. №6бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес негізгі құралдар есебінің негізгі сұрақтары келесі көрсеткіштерді дұрыс анықтау болып табылады:
-Мойындау кезеңі;
-Қызмет ету мерзімі;
-Амортизация есептеу әдісі;
-Кезеңдегі күрделі салым;
-Бағала әдісі;
Негізгі құралдар көптеген өндіріс құралдары бойына пайдалынылады, қасиеті мен нысанын сақтай отырып, жанама түрде тозады, өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің міндеті:
1. Расталған есептік мәліметтердің, техникалық паспорттардың, басқа да құжаттар мен түгендеу журналдарының негізінде еңбек еңбек құралдарының барлық түрлерінің сақталуына жүйелік бақылауды ұйымдастырады.
2. Негізгі құралдардың келіп түсуін, шығарылуын, қозғалысын есепте уақытылы және дұрыс көрсетілуін қамтамасыз ету.
3. Негізгі құралдарының тозуының дұрыс есептелуіне және тиімді пайдалануына бақылауды ұйымдастыру және қор қайтарымдылығын арттыру жөнінідегі шараларды жүзеге асыру.
1. Негізгі құралдарға ағымдағы және күрделі жөндеулерді, қайта құруды және модернизациялауды жүргізумен байланыты шығындарды есепте дұрыс және уақытылы көрсетуді жүзеге асыру.
2. Моральды және физикалық тұрғыдан ескірген негізгі құралдарды жедел айқындау.
- Негізгі құралдар бойынша дұрыс есептеме жасау үшін бухгалтерік есептің деректері банкін уақтылы және дұрыс қалыптастыру.
Негізгі құралдар бұл-бірнеше кезең бойы өнімді өндіруі, тауарларды жеткізу немесе қызмет ету, жалға беру үшін қолданылатын кәсіпорынның материалдық активтері .
Актив негізгі құралдар болып есептелінеді, егер:
- ұзақ мерзімді актив
- материалдық акив
- табыс алу мақсатымен кәсіпорынның қызметінде қолданылады
- сату үшін емес алынады.
Негізгі құралдар түрлері бойынша бөлінеді. Негізгі құралдардың түрі -бұл кәсіпорынның қыметінде қолдану мәні бойынша бірдей активтер тобы. Мысалы:
Жер
Жер және ғимарат
Машиналық жабдықтар
Кемеле
Ұшақтар
Автотранспорттық құралдар
Кеңселік жабдықтар
Осы негізгі құралдардың түрлері бойынша синтетикалық шоттардар ашылады. 2005жылғы стандарттары бойынша негізгі құралдардың есебі үшін екі әдіс қолданылады:батапқы құн бойынша, әдл құн бойынша.
Бастапқы құнға негізгі құралдарды алумен байланысты көліктік шығындар, орналастыру шығындары, объектіні қажетті жағдайда келтіру шығындары кіреді.
Егер компания әділ құнмен есептеу әдісін қолданса, онда негізгі құралдар есепте нарықтық құнмен көрсетіледі. Қайта бағалау жүргізу өте қажетті, қаржылық есептілікте қайта бағалаудың кезеңділігін көрсету қажет (3, 5жыл) сонымен бірге қайта бағалау қашан, кіммен, қандай топта жүргізуін көрсету керек.
Негізгі құралдарды актив ретінде бастапқы мойындау оның жиналған тозуын ескеріп өзіңдік құнмен есептейді.
Негізгі құралдың ғылыми негізделген жіктемесе алға қойған мақсаттарға жету үшін, маңызды шарт болып табылады. Жіктемелік топтауға өндірістік -техниклық мақсаты бойынша, тозу қарқыны, қызмет мерзімі, жөндеудің ерекшелігі, икемділігімен техникалық жаңалығының дәрежесі бойынша өте жақын негізгі қорлар енгізіледі.
Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.
Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына (машина, құрал- жабдық, құрал- саймандар т. б) әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды (ғимараттар, құрал- жабдықтар, өткізгіш қондырғылар) . Негізгі өндірістік құралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіші-қор қайтарымы болып табылады, ол негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді.
Өндірістік емес негізгі құрал-жабдықтар-тұтынуға арналған құрал-жабдықтар. Олар ұжымының мәдени тұрмыстық (ғимараттр, тұрғын үй коммуналдық шаруашыық, денсаулық сақтау мүлкі, т. б) қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтуге арналған.
Иелігіне қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді. Меншікті дегеніміз-субъектіге тиесілі және оның баланысында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленен мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып саналады. Оларды жалға берушінің балансында есептейді, жалға алушы 001-ші « Жалға алынған негізгі құралдар»баланстан тыс шотында есептейді. Жалға алу мерзімі аяқталған соң немесе ол аяқталмай тұрып, жалға алушы келісілген бағамен сатып алынуына болады. Оларды 121(2411) -ші « Жер», 122(2412) -ші « Үйлер мен ғимараттар», 123(2413) -ші « Мешік және құрал жабдықтар, өткізгіш қондырғылар», 124(2414) -ші « Көлік құралдары», 125(2416) -ші « Басқада негігі құралдар»шоттарының тиісті аралық шоттарында есептейді.
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, істемей тұрған (тоқтатылып қойған) және қор ретінде тұрған болып бөлінеді. Қолданыстағы жқмыс істеп тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп тұрғандар болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар-бұл жұмысы тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланбайтын негізгі құрал-жабдықтар. Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп тұрған құрал-жабдықтарды жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған объектілер есептеледі.
Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүіктікке(заттай) көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады.
Әр субъектіде негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын қызметтеріне қарай мынадай түрлерге (топтарға) бөлінеді:жер, үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетектер, машиналар және құрал- жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал-жабдық) ; күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналар мен құрал жабдық; көлік құралдары; құрал сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлік; жұмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар.
Келтірілген негізгі құралдардың әрқайсысының құрамына енетіндер:
Жер- субъект меншігіне сатып алған жердің көлемі мен құны. Жерге меншік құкығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек. Ондай актісі берілген болса, онда ондай жер учаскілері мүліктік объекті болып саналады.
Үйлер -халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған әлеуметтік құрылыс объектілері. Әрбір тұрғын үй мүліктік объект болып табылады.
Ғимараттар -еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыс объектілері (шахта ұңғысы, мұнай мұнарасы, бөгет, көпір, автомобиль жолды) . Барлық жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат мүліктік объект болып табылады.
Өткізгіш тетіктер (қондырғылар) -электр, жылу немесе механикалық энергияны өтізу қондырғылары(электр өткізу желілері, трансмиссиялар, құбырлар) . Электр желілері бойынша, мысалы, электр станциясы бөлу қондырғыларына дейін, қабылдау подстанцияларынан және подстанциялардан трансформатор жайына дейін мүліктік объекті бола алады.
Машиналар мен жабдықтар -күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; әрбір машина, егер ол басқа мүліктік объектінің бөлшеге болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды, соған тиісті заттарды, аспаптарды, қоршауды, фундаментті қоса алғанда, мүліктік объекті болып саналады. Негізгі құралдардың бұл тобы бес топтан тұрады;
Күш беретін машиналар және жабдықтар - жылу және электр энергиясын өндіретін генератор -машиналары; түрлі энергияны механикалық энергияға, яғни қозғалыс энергиясына айналдыратын двигатель-машиналары(тракторлар мен өздігінен жүретін шассирлер, бу двигательдері, турбиналар, іштей жану двигательдері, электр двигательдер) .
Жұмыс машиналар мен жабдықтар -еңбек өнімдерін жасау процесінде еңбек затына механикалық, жылу және химиялық әсер етуге арналған машиналар, ақпараттар және құрал- жабдық (токарьлық бұранда кесетін станоктар, ағаш кесетін аралар) ;
өлшеу және реттеу приборлары, қондырғылар және лабораториялық жабдықтар -өлшеуге, өндірістік процестерді реттеуге арналған аспаптар мен қондырғылар, сондай-ақ лабороторияларда пайдаланылатын приборлар мен аппаратуралар(дозаторлар, амперметрлер, микроскоптар) ;
есептеу техникасы -процестерді жылдамдату және автоматтандыруға арналған машиналар, қондырғылар, аспаптар(компьтерлер, басқарушы және басқа есептеу машиналары) ;
басқадай машиналар мен жабдықтар -машиналар, аппараттар және басқа құрал - жабдық(телефон станцияларының, радио тораптарының жабдығы, өрт сөндіргіш машиналар) ;
көлік құралдары -адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс құралдары(автомобиль, темір жол және су көлігінің қозғалмалы құрамы, жегін көлігі) . Әрбір объект өзіне тиісті барлық бейімдегіш құралдары мен заттарын қоса алғанда мүліктік объект болып табылады;
құрал -сайман -қол еңбегінің механикаландырылған немесе механикаландырылмаған құралдары немесе металдарды, ағашты және т. б. өңдеу үшін машиналарға бекітілген заттар(кесетін, соғатын және нығыздайтын еңбек құралдары) . Басқа мүліктік объектінің құрамына кірмейтін заттар ғана мүліктік объект болып табылады;
өндірістік мүлік және соған жататын заттар -өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар; еңбекті қорғауға көмектесетін жабдықтар; сұйық, сусымалы және басқа материалдарды сақтауға арналған сыйымды заттар; өндірістік арналымы бар басқа да заттар. Басқа мүліктік объектінің бөлшегі болып табылмайтын және дербес мәні бар заттарда мүліктік объекті бола алады;
шаруашылық мүлік- кеңсе және шаруашылық мекемелерінің заттары (орындықтар, шкафтар. кілемдер) . Дербес мәні бар әрбір объект-мүліктік объекті бола алады.
Жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал- ат, өгіз, түйе, және басқа жұмысқа пайдаланылатын малдар:өнім беретін мал-мүйізді ірі қара мал, асыл тұқымды айғырлар мен биелер, буралар мен інгендер, бұғылар, маралдар, еркек шошқалар мен мегежіндер, ешкілер, саулық қойлар мен қошқарлар. Әрбір ересек мал мүліктік объект болып табылады.
Көп жылдық өсімдіктер -қолдан егілген, көп жылдық өсімдіктер(жеміс және жидек ағаштары, жүзімдіктер, гүлдердің көп жылдық түрлері, роза плантациялары, өсімдіктен жасалған қоршаулар, жерді қорғайтын өсімдіктер) . Жас өсімдіктер даму деңгейі толық жетілген(жеміс жидек бере бастаған) өсімдіктерден бөлек есепке алынады;
Жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар(ғимаратсыз) - ауыл шаруашылық мақсатта пайдалану үшін ауыл шаруашылығында пайдалану үшін жер қыртысын жақсартудың шараларына жұмсалған мүліктік емес сипаттағы шығындар(жер учаскелерін жоспарлау, жерді егін егу үшін өңдеу, егіс даласын тастардан тазарту) ;
Басқа да негізгі құралдар -кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа да салымдар. Негізгі құрал жабдықтардың бастапқы, ағымдық, баланыстық, сату, жою, тозу және қалдық құндары болады.
Бастапқы(тарихи) құн- негізгі құралды сатып алуға немесе салуға кеткен нақты өндіріс шығындарынан, соған қоса өтелмеген салық пен алымдардан(мысалға, ҚҚС, жеңіл автомобильдердісатып алу кезіңде төленген, баж салығы т. б. ), сондай-ақ орнату, жеткізіп беру, монтаждау, пайдалануға қосу шығындары, несие үшін пайыздар, және т. б. шығындарынан тұрады.
Негізгі құралдардың бастапқы құны мынадай жолмен анықталады:
Жер учаскелері бойынша меншік немесе тұрақты пайдалану құқығы -актіде көрсетілген сатып алу құны, қозғалмайтын мүліктер бойынша агенттерге берілетін сыйақы, сатып алу-сату келісімін рәсімдеу бойынша көрсетілген қызметтердің төлемі, жерді мақсатты пайдалануға дайындау бойынша (ескі үйлерді бұзу, тазалау, тегістеу, т. б. кезінде алынған материалдарды сатудан түсетін табыстын шегерілімінен басқа) жұмсалатын шығыстар.
Құрастыруды және орналастыруды қажет ететін немесе қажет етпейтін сатып алынған машиналармен құрал- жабдықтар бойынша- сатып алу құны тасымалдау, соның ішінде тасымалдау кезіндегі құрастыру, машиналар мен құрал -жабдықтардың пайдалануға жарамдылығы т. б. тексеру мақсатымен өткізілетін сынақтарға жұмсалатын шығындар.
Үйлер мен ғимараттарды шаруашылық әдіспен салу кезінде- құрылыс материалдарды, құрал-жабдықтар, құрылыс машиналарымен механизімдерінің жқмысы, жұмысшылардың еңбек ақысы, үстеме шығысының тиесілі үлесі, сәулетшілер, заңгерлер көрсеткен қызметінің төлемі, құрылысты салу кезеңіндегі сақтандыруға жұмсалатын шығыстар, құрылыс салу кезіндегі берілген кредиттер бойынша проценттер, құрылыс салу үшін рұқсат алуға жұмсалатыншығыстар, т. б. - құрылыс бойынша жұмсалған шығыстардың барлығы да бастапқы құнға қосылады;
Жерді үйлерді немесе ғимараттарды біртұтас мүлік ретінде- иеленген кезде өз орнымен пайдалану мақсатымен кіріске енгізу барысында бұл объектілердің бастапқы құнын шектеу қажет, өйткені үйлер мен ғимараттардың пайдалану мерзімі шектеулі әрі олар тозады. Ал жерлерді пайдаланудың мерзімі шектелмеген, сондықтан олар амортизацияланбайды. Егер пайдалануға тек жер ғана арналған болса, үйлер мен ғимраттар, жеміс ағаштары т. б. бұзуғу(түбімен жұлып алуға) жатады.
Мердігерлік әдіспен тұрғызылған үйлер мен ғимраттар бойнша -объектіні тұрғызу бойынша жүргізілген жұмыстардың келісілген құнына құрал-жабдықтарды сатып алуға жұмсалған шығыстар қосылады, егер де оның құны тапсырыс беруші тарапынан төленген болса;
Құрылтайшыларды жарғылық капиталына салынған негізгі құралдар -өздерінің келіілген бағасы бойынша.
Субъектінің өзі дайындаған немесе төлем арқылы сатып алынған негізгі құралдар бойынша -сатып алуға жұмсалған шығындардың нақты сомасы бойынша, жеткізу немесе сатып алынған объектілердің(алушының құрал-жабдықтарды орналастыруға кеткен шығындарын қоса есептегенде) тозу сомасын қоса есептелген басқа да сатып алуға байланысты жұмсалған шығыстар;
Айырбас операциялардың алынған объектілердің -бастапқы құны негізгі құралдардың алынған ағымдағы құны бойынша анықталады, ал ол негізгі құралдардың берілген ағымдағы құнына түзетулердің көмегімен алынған ақша қаражаттарының сомасына тең болады. Айырбастауға бір мақсатқа пайдаланылатын объектілер де әр түрлі мақсатқа арналған объектілерде жатады.
Жас малдарды негізгі табынға аударған кезде -малдарды өсірудің нақты өзіндік құны;
Негізгі табынды қалыптастыру үшін алынған ересек малдар бойынша -жеткізуге кеткен шығындарды қоса есептегенде сатып алуға шыққан шығындар және сатып алуға байланысты бысқа да шыққан шығындар ;
Жас өсімдіктер бойынша -өсімдіктерді еккен сәттен пайдалануға бергенге дейінгі егу, күтіп-баптау, көбейту тазартуға кеткен нақты шығындар;
Толық төленген және ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі қүралдар бойынша -олардың ұзақ мерзімге жалға алу шартында көрсетілген құны;
Жерді жақсартуға жұмсалған күрделі шығындар бойынша -жүргізілген жұмыс бойнша шыққан нақты шығындар.
Негізгі құралдардың бастапқы құны өзгертілуі мүмкін, қосымша салынған күрделі салымдар немесе құралдардың жарым-жартылай жойылуы, объектіні демонтаждау негізгі құралдардың жағдайынаәсер ететін болса, ондабірінші кезекте, пайдалы қызмет ету мерзімі қысқартылуы немесе ұзартылуы мүмкін.
Ағымдық құн -бұл негізгі құралдардың белгілі мерзімдегі нарықтық бағасы бойынша бағаланған құны.
Баланыстық құн -бұл бухгалтерлік есепте және қаржылық есеп беруде көрсетілетін жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы негізгі құралдардың басапқы құны.
Сату құны- бірін- бірі жақсы білетін және мәмлеге келуге дайын тәуелсіз жақтардың негізгі құралдарды өзара айрбастауына мүмкіндік беретін құн.
Жою құны- тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құраларды жою кезінде пайдалану мүмкіндігі бар бағасы бойынша бағаланған бөлшектердің, метал сынықтарының және басқа да материалдық құндылықтырдың құны.
Амортизацияланған құн - негізгі құралдардың бастапқы және болжанған жою құндарының арасындағы айырмашылығы, ал ол жүйелі түрде амотизациялық жолмен нормативтік қызмеіне немесе барлық пайдалы кезені субъектінің шығысы ретінде таратылыды, бұл кезде :
-пайдалы кезен қызметі-бұл кезен ішіндегі негізгі құралдары пайдаланудан экономикалық олжа алуды кәсіпорын топшылайды;
-нормативтік қызмет кезені-бұл кезен ішіндегі белгіленген нормаға сәйкес кәсіпорын негізгі құралдың тозуын есептейді.
Негізгі құралдардың есебі 12(2410) -ші «негізгі құралдар»бөлімшесінінің мынадай мүліктік активтік шотттарында жүргізіледі:121(2411) -ші «жер», 122(2412) -ші«ғимараттар мен құрылғылар», 123(243) -ші«машиналар мен жабдықтар, өткізгіш тетіктер», 124(2414) -ші«көлік құралдары», 125(2416) -ші«басқада негізгі құралдар» .
Сонымен бірге, 126(2930) -шы «аяқталмаған қрылыс»шотында аяқталмаған күрделі салымдар, көпжылдық өсімдіктерді өсіруге кеткен шығындар жас малдарды өсіруге және бордақылауға кеткен шығындар есептелінеді.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі:негізгі құралдардың келіп түсуін, кәсіпорын ішінде орын ауыстыруын және шығуын, дұрыс құжаттық »рәсімделуін және бухгалтерлік есепте уқытылуы көрсетілуін; олардың материалдық жауапты адамдарға бекітілуін және сақталуы мен ұтымды пайдаланылуын бақылайды; негізгі құралдардың есептелген амортизациясы мен тозу сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, сондай-ақ есептелген амортизация сомасын есепте дұрыс көрсетілуін, егізгі құралдардың қор қайтарылымын анықтауды, жаң техниканың және оны қолданудың жаңа әдістерінің тиімділігін; негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындардың сенімді есебін; негізгі құралдарды түгелдеуді және қайта бағалауды мезгілінде жасауын және олардың нәтижесін есепте көрстілуін, негізгі құралдарды сату және олардың басқаша шығу нәтижелерін есепте нақты көрсетілуін қамтамасыз етілуі керек.
- Табиғи ресурстар есебі
Табиғи ресурстар-мұнай, табиғи қазбалар сияқты активтер. Олар екіге бөлінеді:
1. Толық тұтыну.
2. Активтің ауысуы табиғи процесте болады.
Негізгі құралдарға қарағанда, табиғи ресурстарды физикалық уақыт кезеңінде қолданады, ол өзінің физикалық сипатын сақтайды.
Ресуртардан түскен шығын мен пайданы есептеу көп уақытты алуы мүмкін. Оны есептеу базасы келесі 4 фактордан тұрады:
1. Қазынаның бастапқы бағасы
2. Барлау шығыны
3. Өңдеу бағасы
4. Шығындардың орнын толтыру
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz