Францияның соғыстан кейінгі тарихы


Франция
Францияның соғыстан кейінгі тарихы үш кезеңге бөлінеді. Уақытша режим (1944-1946 жж. ) - елдің азат етілгенінен кейін уақытша үкімет құрылып, жаңа конституция жасалып, экономиканық қалпына келтірілу кезеңі. 1946 ж. желтоқсанынан 1958 ж. күзіне (конституцияның қабылдауы) дейінгі кезең Төртінші республика деп аталады. Ол дағдарыспен және 1958 ж. жаңа коституцияның негізінде Бесінші республиканың орнатылуымен аяқталды.
Уақытша режим. 1944-1946 жж. Қарсыласу қозғалысы Франциядағы соғыстан кейінгі партиялықсаяси жүйенің қалыптасуы мен жаңа конституцияның сипатына өте үлкен әсер етті. Уақытша үкіметтің құрамына қарсыласуға қатысқан негізгі саяси партиялардың - коммунистік партияның, социалистік партияның, католиктік партия - Халықтың-республикалық қозға-лыстың (ХРҚ) және басқалардың өкілдері енді Үкіметті "Азат Франция" қозғалысының басшысы генерал де Голль басқарды.
Төртінші республика 1946-1958 жж. Францияда парламеттік республика орнықты. 1946 ж. конституциясы 1789 ж. Адам және азамат құқықтар туралы декларацияда қойылған азаматтардың дәстүрлі құқықтары мен бостандықтарынан басқа еңбек етуге, демалуға, әлеуметтік қамсыздандыруға, білім алуға, сонымен бірге еңбекшілердің өндірісті басқаруға қатысуға, кәсіподақ және саяси әрекеттерге құқықтарын жариялады.
1947 ж. мамырына дейін үкімет үш басты партияның келісімі негізінде құрылып келді. 1947 ж. мамырында коммунистер үкіметтің ауызбіршілігін бұзды деген айыппен біріккен үкімет қатарынан шығарылды (олар Рено зауыты жұмысшыларының ереуілін қолдаған болатын) . Сол уақыттан бастап төртінші республика құлағанға дейін үкімет бірнеше партиялардың одақтасуы негізінде құрылып келді. Көп партиялық режимнің тұрақсыздығының себептерінің бірі болды - 12 жыл ішінде 15 үкімет ауысты. Республиканың жылдан жылға тереңдеп келе жатқан дағдарысының екінші бір себебі - ол елдің билеуші топтарының 1946-1954 жж. Вьетнамда, 1954 жылдан Алжирде жүргізген отаршылдық соғыстары болды.
Экономиканы қалпына келтіру. 1948 ж. өнеркәсіп өндірісі соғыстан бұынғы деңгейге жетті. Жаңарту мен қайта құрудың бірінші жоспары (Монне жоспары) міндетті түрде болмағандығына қарамастан, француз экономикасын дамытуда маңызды роль атқарды.
Жан Монненің "жаңару немесе құлдырау" деген сөзі оның жоспарлау жөніндегі бірінші бас комиссар лауазымындағы қызметін сипаттап берді. Бірақ саяси тұрақсыздық, отаршылдық соғыстар, сыртқы саясат жолдары туралы мәселелер бойынша қоғамдағы алауыздық елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының жоспарларын дәйектілікпен іске асыруға бөгет болды.
Әлеуметтік қақтығысулар. 50-жж. әлеуметтік қақтығысулар шиеленісе түсті. Жұмысшы қозғалысы бірнеше маңызды мәселелерді өз пайдасына шешті: ұжымдық келісімдер туралы заң қабылданды, жалақы артты, еңбе-қақының кепілдік берілген ең төменгі минимумы енгізілді, ол орташа еңбекақының жартысына тең болады. Шаруалардың жаппай қозғалысы әділ сатып алу бағаларын белгілеуді және салықтарды азайтуды талап етті. Ұсақ саудагерлер мен колөнершілердің наразылығы дүкенші П. Пужад басқарған үкіметке қарсы қозғалысқа айналды.
Алжир дағдырысы. Шын мәнісінде Төртінші республиканың дағдырысы үздіксіз жүргізілген отаршылдық соғыстарда анық көрініс тапты. Қоғамдағы алауыздық, негізгі партиялардың қатарындағы келіспеушіліктер ультра отаршылдық пен жаңа отаршылдықты жақтаушылар тарапынан шықты. 1958 ж. басында Алжирде жеңіске жетуге қабілетті "күшті билік" орнатуды талап еткен ультраотаршылдар тарапынан қастандық дайындалып жатты. Қастандық ұйымдастырушылар елде тәртіп орнатуға күші келеді деп генерал де Голльді билік басына шақыруды талап етті. 1958 ж. 13 мамырда олар Алжирде бүлік шығарып, билікті де Голльге беруді талап етті. 1 маусымда Ұлттық жиналыс де Голль үкіметіне сенім білдіріп, оған төтенші уәкілеттіліктер беріл, жаңа конституция жасауына келісті. Осыдан соң Ұлттық жиналыс өз қызметін тоқтатты. Төртінші республика кезеңі осылай бітті.
Бесінші республика. "Жеке билік" режимі. 1958- 1969 жж. Де Голль жасаған жаңа конституцияны 1958 ж. қыркүйекте өткен референдумға қатысқандардың 79% мақұлдады. Оның негізінде екі турдан тұратын мажоритарлық жүйе бойынша, Ұлттық жиналыстың сайлауы өткізілді. Сайлау қарсаңында да Голльдың жақтастары "Жаңа республиканы қорғау одағы" деген атпен жаңа саяси партия құрған болатын. Сайлауда олар "тәуелсіздермен" бірлесіп, жиналыстағы орындардың көпшілігіне ие болды. Желтоқсанда де Голль президент болып сайланды.
1962 ж. президентті сайлау тәртібіне өзгеріс енгізілді. Жаңа заңға сәйкес президент бүкілхалықтың дауыс беру жолымен сайланатын болды, бұл оны Ұлттық жиналыстан жоғары қойды.
Де Голль өз қолына барлық билікті топтастырды. Негізгі мәселелер бойынша ол референдумға жүгінді, бірнеше маңызды мәселелерді бүкілхалықтық дауыс беруге ұсынды. Ол ішкі және сыртқы саясатты және Алжирге байланысты саясатты да жеке өзі басқарды. "Жеке билік" режимі осылай орнады. 1960 ж. Франци-яның Африкадағы 14 отарына тәуелсіздік берілді. Уль-траотаршылдардың қарсылығын жеңіп және Алжирдегі әскер басшыларының бүлігін басып, де Голль Алжир республикасымен келіссөздер бастады, сөйтіп 1962 ж. наурызда Эвиан қаласында Алжирге тәуелсіздік беру туралы келісімге қол қойылды.
Сыртқы саясат. Отаршылдық соғыстарды бітіріп, де Голль және Франция үкіметі де Голльдың ең басты арманы - тәуелсіз сыртқы саясат пен экономикалық және әлеуметтік жаңарту жолындағы Францияның бұрынғы ұлылығын қалпына келтіруді іске асыруға кірісті. Сыртқы саясаттағы маңызды іс-әрекеттер Францияның НАТО соғыс ұйымынан шығуы, американ әскери базаларын елден әкеттіру болды. Де Голль Вьетнамға америка интервенциясын айыптады.
Экономиканы жаңарту. Францияның ұлылығын қалпына келтіру жөніндегі өз идеясын іске асыра отырып, Де Голль экономиканы жаңартудың кең жоспарын іске асырды. Жалпы ұлттық маңызы бар салалардағы (көмір шахталары, металлургия кәсіп-орындары, көлік, электростанциялары т. б. ) мемлекеттік кәсіпорындар қызметі министрліктер тарапынан қатаң реттелінді.
Дәл осы мезгілде жаңарту жеке кәсіпкерлердің алдына мемлекеттік кәсіпорындармен бірлесе отырып және мемлекет тарапынан көрсетілетін ұйым-дастырушылык және қаржылай көмекке сүйене отырып, самолет құрылысын, атом энергетикасын, космостық техника мен ракета кұрылысын түбегейлі өзгерту міндетін койды.
Франция экономикасын терең құрылымдық өзгерістерден өткізді, техникалық жаңартуды іске асырып, өндіріс тиімділігі мен еңбек өнімділігін орташа батысеуропалық деңгейден асырды.
Ауыл шаруашылығында маңызды өзгерістер орын алды. Франциядағы бұрыңғы ұсақ және жері аз шаруалардан фермерлік қалыптасып, кооперативтік қозғалыс нығайды, оларға мемлекет тарапынан елеулі көмек көрсетілді. Ауыл шаруашылығының құрылымы түбегейлі өзгеріске ұшырады. Ол ауыл шаруашылығына кызмет ететін өңдеуші және басқа да өнеркәсіппен тығыз байла-нысты қазіргі заманғы тауарлы фермерлік өндіріске айналды
1968 ж. мамыр дағдарысы. Бірақ экономиканы жаңарту мен қысқа мерзім ішінде осылай тез дамудың жағымсыз салдарлары де болды. Дәстүрлі құрылымдарды бұзу жұрттың барлығыа бірдей ұнай қоймады, жаңа жағдайлар мен өзгерістерге бейімделе алмағандар да жеткілікті болды. Бизнес пен еңбек қатынастарын мемлекеттік реттеулер жұртты жалықтырды, әлеуметтік саладағы артта қалушылық, инфляция түңілушілік туғызды. Енді мұның барлығы әлеуметті жарылыс дайындады. Тек оны тұтандыру ғана қажет болды.
Париж студенттерің білім беруді реформалауды талап еткен бас көтеруі 1968 ж. саяси дағдарысына түрткі болды. Ереуілші студенттер университет ғимаратына бекінді. Полиция студенттерді аюандықпен үрып-соқты. 13 мамырда жүз мыңдаған париждықтар де Голль рижиміне қарсылық ереуіліне шықты. Сұраунамалар астана халқының студенттерге ниеттес екендігін көрсетті. Кейбір ультрарадикалдық "гошистік" басшылар поли-цияны күш қолдануға итермелеп, арандатушылық әрекеттер қолданып бақты, өздерінің кенет революция жасау ниеттерін іске асыру үшін тобырды қауіпті әрекеттерге итермеледі.
Бірақ елде революциялық жағдай жоқ болатын. Экономика өрлеу үстінде болды. Ұлт рухани қайта түлеу үстінде еді. Әскери бөлімдерге жасырын барып қайтқан де Голль олардың өзін қолдайтындығына көз жеткізді. Парижге оралысымен де Голль Ұлттық жиналысты таратып жіберді де, 23 маусымзға жаңа сайлау тағайындады, реформалар өткізуге және "жана коғам" құруға уәде берді. Сайлауда голлистер партиясы жеңіске жетті, ол "Республиканы қорғау жөніндегі одақ" (ЮДР) деген жаңа ат алды. Барлық солшыл партиялар - коммунистер, радикалдар сайлауда үлкен сәтсіздікке ұшырады. Аса солшыл үйымдар дауыстардың 5% жинай алмағандықтан, Ұлттық жиналыс та бірде бір орынға ие бола алмады.
Де Голльдщ орнынан кетуі. 1968 ж. мамыр оқиғалары де Голль үшін күтпеген және ауыр соққы болды. Сайлауда жеңіп шыққанына қарамастан, ол әлеуметтік қақтығыстарды басу және оларды келісім мен әлеуметтік әріптестік арнасына түсіру үшін кейбір реформалар жүргізу қажеттігін түсінді. Олардың ішіндегі ең алғашқыларының бірі "қатысу" саясатының рухындағы жергілікті басқаруды реформалау болды. 1969 ж. сәуірде сайлаушылардың көшпілігі жергілікті басқаруды реформалаудың жобасын қабылдамай тастады. Дауыс берудің қорытындысы белгілі болысымен де Голль орнынан түсетіндігін хабарлап, жеке иелігіне кетіп қалды. 1970 ж. қарашада генерал де Голль қайтыс болды.
Франция голлизм дәуірінен кейін. 1969 ж. Францияның жаңа президенті болып генералдың жақын серіктерінің бірі Жорж Помпиду сайланды. Сайлаудан соң ол өзінің бағытын "Сабақтастық және диалог" деп жариялады. Формуланың бірінші бөлігі де Голльдің саясатын жалғастыра беретіндігін білдірсе, екінші бөлігі оппозициямен жақындасуды меңзеді: үкімет құрамына "тәуелсіз" республикашылардың басшысы Валери Жискар д"Эстен шақырылды.
Сыртқы саясаттағы сабақтастық сыртқы саяси позицияларды нығайтуға және тәуелсіз саясат жүргізуге алынған бағытты жалғастыруды білдірді.
Диалог саясаты еуропашыларға "еуропалық құрылыс" мәселелерінде ымыраға келетіндікті қарастырды. Франция Англияның Ортақ рынокке кіруге қарсылығын тоқтатты.
Әлеуметтік-экономикалық стратегияда жаңа либера-лизмге арқа сүйеу, "рыноктық қатынастардың тиміділігін қалпына келтіруге" қарай бетбұрыс орын алды.
Рынокке қарай бұл бетбұрыс және де Голль уәде берген біртіндеп "жаңа қоғам" мен әлеуметтік әріптестік бағдарламасынан бас тарту үкіметке кертартпа күштер мен ЮДР тарапынан қысымның нәтижесінде орын алды. Нәтижесі көп күттірген жоқ: 1973 ж. наурыздағы сайлауда ЮДР 4 млн дауыс жоғалтты. Тұңғыш рет голлизм дағдырысы ашық көрініс тапты. 1974 ж. президент
Ж. Помпидудің кенет қазасы процесті аяқтады.
70-ж ж. Франциядағы партиялықсаяси күштердің қайта топтасуы. Жетіжылдық мерзімге Францияның президенті болып Жискар д'Эстэн сайланды, ол "тәуелсіз" республикашылдар тобының және олармен бірігіп "Француз демократиясы үшін одақ" деп аталған басқа да ұсақ партиялардың бірлестігінің басшысы болатын. Премьер-министр қызметіне "Республикаға қолдау көрсету бірлестігі" (ОПР) деп аталатын басқа саяси партияның басшысы Жак Ширак тағайындалды. Ол голлистік партияның қалдықтарын сақтап қалу және өзінің маңайына елдін оңшыл саяси қанатын біріктіру мақсатын көздеген болатын. Парламент сайлауы Франіщядағы партиялықсаяси жүйенің қайта құрылғанын көрсетті. Кейінгі 2 жыл ішінде парламенттік одақтарды құрып келген оңдаған парламенттік топтардың орнына саяси күштердің ірі партияларға бөлінуі келді: ОПР, СФД, социалистік партия және компартия шамамен 20-25% дауыс алды.
Төртінші Республика тұсында пайда болған көппартиялық жүйе 70-90-жж. екі басты оңшыл және солшыл партиялардың қосүйектік жүйесімен ауысты.
Президенттер В. Жискар д'Эстен, Ф. Миттеран, Ж. Ширак бірінен соң бірі либералдық, солшыл және оңшыл саяси ағымдардың атынан өкілдік етті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz