Азықтық - ақуыз алудың технологиясы



Аннотация

Белгіленулер мен қысқартулар
Анықтама терминдер

Кіріспе

1 Аналитикалық шолу

1.1.1 Өндірістің теориялық негіздері
1. 3 Ашытқының микробиологиялық әдістемесі
1.1.2 Азықтық.ақуыз өндіруге мәліметтер
1.1.2 Азақтық ақуыз өнімдері
1.1.3 Азықтық ашытқы өндірісі
1.1.3 Азықтық витаминдер мен антибиотиктер
1.2 Патенттік ізденіс

3 Дипломдық жобаға жолдама
Биотехнология өндірісінің микробиологиялық және санитарлық
бақылауы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе


Жұмыстың өзектілігі: Азықтық ақуыз құрамында ақуызбен қатар витаминдер, ферменттер, өсу факторлары болады, сондықтан берілген өнім ақуызды – витаминді концентрат деп аталады. Оның мал шаруашылығын және құс шаруашылығын құрамыалдын айтып кеткен қоспаларға бай азықпен қамтамассыздандырудың маңызы зор. Ашытқыларды азыққа қосынды ретінде қосқанда азықтықтың қоректік байлығы ұлғаяды да, нәтижесінде ауыл шаруашылық малдарының өнімділігі ұлғаяды және көмірсу азықтың шығыны азаяды. Сондықтан азықтық ақуыз өндірісін мелассалы бардада біркелкі интенсификациялау мен қатар қазіргі заманғы ғылыми, өзіндік, жұмыстарды жүргізу актуаьды болып келеді. Мал азықтық ашытқыны өсіру үшін әдетте ағаш ұнтақтары және өсімдік қалдықтары (жүгерінің тамырлары, сабан, мақта қауашақтары) қолданылады. Сонымен қатар бұл мақсатқа қамысты, торфты да пайдаланады. Әдетте бұл қалдықтарды күкірт, азот бағы басқа минерал қышқылдармен гидролиздейді, яғни қантқа айналдырады. Мал азықтық ашытқының ішінде торула, утилис қолданылады, өйткені онда ақуыз бен «В» тобындағы витаминдер едәуір көп болады. Микробты синтез өнімін алу үшін культивирлеу режимін қосқанда жеке жағдайда модифицирлеу қолданылады, қоректік ортаның ерекшілігі, арнайы технологияда соңғы өнімді бөліп алады Азықтық ақуыз құрамында ақуызбен қатар витаминдер, ферменттер, өсу факторлары болады, сондықтан берілген өнім ақуызды – витаминді концентрат деп аталады. Оның мал шаруашылығын және құс шаруашылығын құрамыалдын айтып кеткен қоспаларға бай азықпен қамтамассыздандырудың маңызы зор. Ашытқыларды азыққа қосынды ретінде қосқанда азықтықтың қоректік байлығы ұлғаяды да, нәтижесінде ауыл шаруашылық малдарының өнімділігі ұлғаяды және көмірсу азықтың шығыны азаяды. Сондықтан азықтық ақуыз өндірісін мелассалы бардада біркелкі интенсификациялау мен қатар қазіргі заманғы ғылыми, өзіндік, жұмыстарды жүргізу актуальды болып келеді
Қолданылған әдебиеттер

1. Андреев А.А, Брызголов Л.И. Производства кормавых дрожжей – М: Лесная промышленность, 1986 г.


01.07-04Р1. 692. Өндірістік биотехнологияда бидай шикізатынан азықтық қоспасын алу.
\ Винаров Л.Ю., сидоренко Т.Е., Рордеева Е.И.,//Докл. и тц докл третий Всерос. Науч-практ конф С Междунар. участием “Нов. В экол. И безопас. жизнес-ти ”, Санкт-Петербург, 16-18 июня, 1998 Т3-СП, 1999-С. 296-Рус.

01.05-04Р1. 194. Біржасушалы микроорганизм ақуыз шикізатының құрамындағы крахмалдың қалдықтарынан өңдеп, азықтық ақуызбен байыту. / Канарский А.В., Макарова Г.П., С.И. // Биотехнология-2000.-№3-С. 42-47. Рус; Англ.
01.07-0452. 107. Бұзау және қозы ағзасынан ағзасынан бифидобактерияны бөлу. / Ирская Г. Е., Сочинская О.Н., Фирсова Г.Д. // диагностика и лечебно профилактическая мероприятия при инфекционных и инвизионных заболеваниях при сельскохозяйственных животных: Сб науычных трудов6 посвещенных 80-летию создания первой в Россий К.И. Скрабина ( Дон. Гос. Аграр. Ун-т.-Персиановка6 1997 – с. 46-48. Рус.
01.12-04.Б4. 167. ауылшаруашылығындағы жануарларды микотоксинмен профилактикалау. Ауылшаруашылық тауарларды микотоксинмен профилактикалау./Погребняк Л.И., Корзуненко О.Ф., Ображей А.Ф., Грачов С.О.// Вісн. Аграр. Науки-2000-№10-С. 25-27,85,87.-унр; рез. рус. англ.
01.10-04Р4. 57. азықтардың Тк токсинмен комтаминациясы және фузориямен байыту.
/ Павлова Н.С.// Проба вет. сан. гигиены и экол. (дезинфекция, дезинсекция, дератизация): тез. докл. междунар. науч.-конф., Москва 16-17, 1999-М, 1999-С. 148-149-Рус.

01.10-04. Б4. 34. азықтағы микотоксиндерді анықтау үшін ”ИФА“ әдістемелік сызба-нұсқаны қолдану. /Кононенко Г.П., Буркин А.А., // Пробл. вет. сан. гигиены. и экологии ( дезинфекция, дезисекция, дератазация): тез. докл. междунар. науч.-конф., Москва, 16-17сент. 1999-М., 1999-с. 144-146-Рус.
01.04-04.Б4. 198. Құрамында әртүрлі алоэ vibrio alqinolytises у бар. Азықпен қоректенетін модели Sebastes schegeli резитенциясы. Resistance to Vibrio alginolyicus in juvenile rockfish fed diets conteining different doses of aloe / kim ki hong, Hwand Yoon Jung, Bai Sang chul C. //Aguaculture -1999-186, №1-2.-С 13-21-Англ.


01.04-Б3. 284К. Лактирлеуші сиыр ағзасынан ауыр металдар мен радиеонуклеотидтерді бөліп шығару үшін майлы қышқылдарды қолданады: Автореф. дис. канд. сельско-хоз. Наук / Пронькина Т.А. – Новгород: Новгород гос. Унив-т. 1998-18с.ил-Рус.
01.04-04. Б3. 285. Шошқаларға арналған комбиазықтар бидай гидролизатында микробиологиялық азуыз./ Крохина В., Нестеров Н. // Свинноводство – 2000.-№3.-С.13-14-Рус.
01.04-04 Б3. 287. Азықтық қосымшадағы органикалық қалдықтарды байыту және оны биоконверсиялау әдісі: Пат. 2151133 Россия МПК‾ СОSF 3/00, А23К 1/00/ Ковалеев Н.Т.,Рабинович Г.Ю. Степанок В.В. Михайлов И.А .; Твер. гост. техн. Уни-т.-№98121120/13; заевл.17.11.98; опубл. 10.06.00. Бюл.№17.
05.09-04Р1. 256. Ақуыз-витминді автолизаттар және азықтық ашытқылар /Луканин А.В., Кривой Б.А.,// З. Московский межд. конгресс “ БТ состояние и перспективы развития”, Москва 14-418 марта 2005г. Материалы конгресса 2-2-М, 2005-С 268-Рус.
05.09-04.Р1. 611. Жаңа ақуыз препаратының технологиялық өндірісі. / уланова Р., Кузнецова Б., Аксенов А.// Комбикорма-2005.-№2-с. 47-Рус.
01.12-04. Р1. 227. Жаңа азықтық ақуыздарды өндіру /Пецарушка А.Р., Мнкова А.А.// Кормопройзводства-1998. №2-С 28-29-Рус.
01.12-04. Р1. 750. Дөрекі азықтарды ақуызбен байытуға арналған целлюлозолитикалық азотфикцирлеуші бактериялар / Смирново И.Э., Саубенова М. Г. // Прикл. биохимия и мик.-2001-37, №1-С. 86-89-Рус; рез Англ.
01.06-04Р1. 166. Азықтарды залалсыздандыруға арналған жаңа жүйе. / Фоберх// Комбикорма-2000.-№7-с. 24-Рус.
01.06-04.Р1. 167. Ауылшарушылығына қажетті азықтық қоспа мен комбиазықтарды дайындаудың жаңа үлгісі. / Рыжов С.// Комбикорма-2000.-№7-с. 24-Рус.
01.06-04. Р1. 168. Жаңа құрылымдар азықтық ақуыздар үшін сұйық компоненті енгізу. /Шельыкин В., Картунов Л., Сухарев А.// Комбикорма-2000.-№7-с.17-18 – Рус.
2. Забродский А.Г. Технология и контроль производства кормавых дрожжей на мелассной борде. – М: Пищевая промышленость, 1980г
3. Боборенко Э.А. Получения и выделения дрожжей-М: Лесная промышленность, 1991г
4. Бочярова. Н.Н. Микрофлора дрожжевого производства-М: Пищевая промышленость, 1991г
5. Воробьева Л.И. Промышленная микробиология –М:Лесная промышленость 1993г
6. Калунянс К.А. Микробные ферментные препораты – М: Пищевая промышленость, 1990г
7. Жвирблянская А.Ю. Основы микробиологий, санитарии и гигиены пищевой промышлености-М: Пищевая промышленость, 1994г
8. Семихатова Н.М. Производство хлебопекарных дрожжей – М:ВО Агропромиздат, 1987 г
9. Букин В.Н. Микробиологический синтез витаминов. М.: Наука, 1992.
10. Беккер М.Е. Биотехнология микробиологического синтеза. –Рига:
Знание, 1980.
11. Перт С. Дж. Основы культивирования микроорганизмов и клеток / Пер. с англ. –М.: Мир, 1978.

Пән: Ет, сүт, шарап өнімдері
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Беттер кесте сурет әдебиет

Түйінді сөздер: азықтық – ақуыз, концентрат,ашытқы, биомасса,
гидролизат, целлюлоза.
Ашытқы саңырауқұлақтарында ақуыз және витаминдер (В, Д, Е) көп болады,
сондықтан оларды қазір тамақ және мал азықтық мақсатқа кеңінен қолданылады.

Қурстық жұмыста Азықтық-ақуыз алудың технологиясы қарастырылған. Бұл
жұмыста кіріспе, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер бөлімдері кіреді. Ол
үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім аналитикалық шолу, онда азықтық - ақуыз
алынуы қарастырылған. Екінші бөлімде патенттік мәліметтерге анализдеу
қарастырылған. Үшінші бөлімде дипломдық жоба үшін жолдама жасалған. Курстық
жұмыстың нәтижелері қорытындыда сипатталады.

Белгіленулер мен қысқартулар

АА- азықтық - ақуыз
ҚО - қоректік орта
ҚЖ - құрал-жабдық
МО -мироорганизам
МБ -микробиология
АС – ашытқы саңырауқұлақтар
ГКҚ-гидролизді концентрацияланған қышқыл
ГБС-гидролизаттың биологиялық сапасы
ГА-гидролиз аппарат
МБ – микробиология
БХ – биохимия
Д – дезинтеграция
ШЗ-шикізаттар
БТ-биотехнология
Б-биокатализатор

Анықтама терминдер

Ақуыздық – витаминді концентрат - өсімді шикізат гидролизатында алынатын
азықтық ашытқыға қарағанда Candida туысының ашытқыларын мұнай
парафинінде өсірумен ашытатын микроорганизм биомассасы.
Сұйық Н – парафиндер – микроорганизмдердің өміршеңдігінің жақсы
тұрақтылығы қамтамасыз ететін салыстырмалы және стандартты шикізат.
Сепарирлеу – микроорганизмдер биомассасын концентрлеу үшін қолданылады.
Формальдегид – метанолдың тотығуының аралық өнімі, ашытқылы жасушада әр
түрлі жолдармен метаболизденеді.
Азықтық ақуыз - микроорганизмдердің биомассасы белгілі ылғалдылықта
кептірілген зат.
Егіс материалы - микроорганизмдер продуцентінің таза культурасын
қажетті көлемге дейін көбейтіп, өндіріс аппаратына егуді дайындау.

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі: Азықтық ақуыз құрамында ақуызбен қатар
витаминдер, ферменттер, өсу факторлары болады, сондықтан берілген өнім
ақуызды – витаминді концентрат деп аталады. Оның мал шаруашылығын және құс
шаруашылығын құрамыалдын айтып кеткен қоспаларға бай азықпен
қамтамассыздандырудың маңызы зор. Ашытқыларды азыққа қосынды ретінде
қосқанда азықтықтың қоректік байлығы ұлғаяды да, нәтижесінде ауыл
шаруашылық малдарының өнімділігі ұлғаяды және көмірсу азықтың шығыны
азаяды. Сондықтан азықтық ақуыз өндірісін мелассалы бардада біркелкі
интенсификациялау мен қатар қазіргі заманғы ғылыми, өзіндік, жұмыстарды
жүргізу актуаьды болып келеді. Мал азықтық ашытқыны өсіру үшін әдетте ағаш
ұнтақтары және өсімдік қалдықтары (жүгерінің тамырлары, сабан, мақта
қауашақтары) қолданылады. Сонымен қатар бұл мақсатқа қамысты, торфты да
пайдаланады. Әдетте бұл қалдықтарды күкірт, азот бағы басқа минерал
қышқылдармен гидролиздейді, яғни қантқа айналдырады. Мал азықтық ашытқының
ішінде торула, утилис қолданылады, өйткені онда ақуыз бен В тобындағы
витаминдер едәуір көп болады. Микробты синтез өнімін алу үшін
культивирлеу режимін қосқанда жеке жағдайда модифицирлеу қолданылады,
қоректік ортаның ерекшілігі, арнайы технологияда соңғы өнімді бөліп
алады Азықтық ақуыз құрамында ақуызбен қатар витаминдер, ферменттер, өсу
факторлары болады, сондықтан берілген өнім ақуызды – витаминді концентрат
деп аталады. Оның мал шаруашылығын және құс шаруашылығын құрамыалдын айтып
кеткен қоспаларға бай азықпен қамтамассыздандырудың маңызы зор. Ашытқыларды
азыққа қосынды ретінде қосқанда азықтықтың қоректік байлығы ұлғаяды да,
нәтижесінде ауыл шаруашылық малдарының өнімділігі ұлғаяды және көмірсу
азықтың шығыны азаяды. Сондықтан азықтық ақуыз өндірісін мелассалы бардада
біркелкі интенсификациялау мен қатар қазіргі заманғы ғылыми, өзіндік,
жұмыстарды жүргізу актуальды болып келеді

1 Аналитикалық шолу

1.1.1 Өндірістің теориялық негіздері

Құрғақ азықтық ашытқылардың ең көп тараған түрлері: Candida skotti,
candida tropicalis, candida utilis. Ашытқылардың бұл культуралары әртүрлі
орталарда кең қолданылады. Адаптацияланып, олар түрлерін өзгертеді және әр
жеке жағдайда белгілі штамм алынады. Құрғақ азықтық ашытқылардың қалыпты
шығымы ( құрғақ күйінде ) әртүрлі өсімдік материалдарынан алынған,
қолданылған қанттардан 40 – 50 % құрайды.
Ауамен қамтамасыз ету. Ақуыздарды алу үшін микроорганизмдердің аэробты
культураларын өсірудің негізгі жағдайларының бірі – оттегі көзі саналатын
ауаны беру.
Микроорганизмдердің меншікті беті жақсы дамыған, ол арқылы газ – сұйық
жүйесімен байланыс жүреді.
Абсолютті – құрғақ биомасса алу үшін V, кг,оттегі шығыны келесі теңдеумен
анықталады: V = 0.25 g Kk.
Мұнда, 0,25 – биомассадағы құрғақ заттар, кгкг
g – ішкі биомассаның өсуі, кгсағ.
Кк – оттегінің жұмсалу коэффиценті,
кгкг абс. құрғ. биомасса..

g = ДК.
Мұнда, Д – ашытқы өсіру аппаратындағы ішкі биомасса мөлшері, кг.
К - өсу жылдамдығының константасы.
V = 0.25 ДККк.
Ашытқының түрінің өсу жылдамдығының константасын біле отырып, ауаның жұмсау
мөлшерін анықтауға болады.
Ауа ортаға енер алдында неғұрлым майда шашыратылған болса, соғұрлым ол
сұйықтың қабаты арқылы өткенде толық утилизацияланады.
Аппаратта сұйық және газ тәрізді фазалардың байланысу беті көп болады, егер
ауаның жұмсалуы және оның сұйықпен қанығу дәрежесі жоғары болса.
Қоректік ортадағы қанттың концентрациясының әсері.
Ашытқы өндірісінде жіберілетін гидролизаттар органикалық және минералды
заттардың сулы ерітіндісі түрінде болады.
Гидролизаттарда моносахаридтердің жалпы мөлшері 100 мл ерітіндіде 3,72 г.
Зауыттарда гидролизаттардағы редуцирлеуші заттардың жалпы мөлшері 2 – 3,5 %
шамасында болады.
Гидролизатты спиртке алдын ала өңдеген кезде ерітіндіде моносахаридтердің
мөлшері гексозды қанттың утилизациялану есебінен азаяды. Спирттен кейінгі
бардада редуцирлеуші заттардың жалпы мөлшері 0,58 – 0,68 %, моносахаридтер
0,43 – 0,56 %.
Целлюлозды зауытта шырша ағашын кальцийлі негізде қайнатудан алынатын
сульфидті сілтінің құрамында редуцирлеуші заттар 2,6 – 2,8 % дейін болады,
моносахаридтер 2,2 – 2,4 %. Сульфидті сілтіні алдын ала спиртке қайта
өңдеген кезде, гексозды қантты утилизациялағаннан кейін моносахаридтердің
мөлшері төмендейді және редуцирлеуші заттар 0,58 – 1,1 %, моносахаридтер (
ксилоза ) 0,42 – 1 % құрайды.
Қоректік ортада ашытқы биомассасының жиналу жылдамдығы ашытқы жасушасының
тынысалу активтілігіне байланысты. Ашытқы биомассасының жиналу жылдамдығына
субстраттағы қант концентрациясы және егуге алынған ашытқылардың мөлшері
әсер етеді.
Өндіріс жағдайларында редуцирлеуші заттардың мөлшері жоғары болған жағдайда
( 1,5 – 1,7 % - н жоғары ) ашытқылардың өсуі жай жүреді және толық
утилизацияланбайды. Бірақ лабораториялық жағдайда МОВНИИГС жүргізген ғылыми
жұмыстары өңделіп жатқан ортада қанттың концентрациясы, яғни субстраттағы
оның бастапқы концентрациясы жоғарлауы мүмкін ( 3 – 5 % Р – 3 ) бірақ бұл
кезде ашытқыларды ерітілген оттегінің қажетті мөлшерімен қамтамасыз ету
керек. Бұл мәліметтер бойынша биомасса шығымы бастапқы ортадағы
концентрациясына байланысты емес, егер ашытқылар өздерінің өсуі кезінде
еритін оттегімен қамтамасыз етілсе. Олардың ақуыз, фосфор, күлдің мөлшері
тұрақты болады және ортадағы қанттың концентрациясына байланысты емес.
Қоректік тұздардың маңызы. Ашытқы жасушасы барлық тірі организмдер тәрізді
өзінің дамуы үшін қажетті минералды қоректендіруді қажет етеді. Қоректік
заттар – азот, фосфор, калий, магний, күкірт, темір және басқалары ашытқы
жасушасына қабықша арқылы тек су ерітіндісі түрінде енеді. Ортада кейбір
элементтердің болмауы немесе жетіспеуі немесе көп мөлшерде болуы жасуша
тіршілігінің төмендеуіне соқтырады. Қоректік ортаны таңдау өндіріс алдына
қойылған мәселелерге байланысты. Биологиялық активті азық алуда оларды
интенсивті көбейту қажет болған жағдайда біраз мөлшерде азот, фосфор,
магний, калий қосылыстарын қосу қажет, бірақ барлық қосылыстарды ашытқылар
сіңірмейді. Ашытқылар амонийлі тұздарды: күкірт қышқылды амоний ( аммоний
сульфаты ) ( NH4 )2 SO4, аммиактың сулы ерітіндісі NH4 OH жақсы сіңіреді.
Бірқатар зауыттарда қоректік тұз орнына құрамында форсфор, аммиак, калий
тұздарының комплексі болатын нитроаммофосты қолданады. Бұл тұз суда жақсы
ериді және шламды тұнбалары болмайды.
Фосфор қосылыстарын ашытқылар әртүрлі сіңіреді, ең жақсы сіңірілетіні
біралмасқан фосфоқышқылды аммоний NH4 H2 PO4, калцийдің фосфорқышқылды
тұздары Ca ( H2 PO4 ) ( суперфосфат ), фосфор қышқылы H3 PO4 ;
Нашар сіңірілетіндері – темір және аммонийдің фосфор қышқыл тұздары.
Калий, хлорлы калий түрінде KCl, ал Mg Mg Cl2 немесе Mg So4 * 7 H2 O
түрінде сіңіріледі.
Кейбір гидролизаттарда және сульфидті сілтілерде біраз мөлшерде ашытқы
биомассасы үшін қажет микроэлементтер болады. Бірқатар гидролиз
зауыттарында күз – қыс уақыттарында судың кермектілігі жоғары болады, яғни
суда микроэлементтер мөлшері жоғары болған жағдайда, ашытқы шығымы жоғары
болады. Артезион суы да әртүрлі тұздарға бай, әсіресе калций және магний
тұздарына. Тәжірибе нәтижесінде артезиан суын басқа суға қосқан кезде
ашытқы шығымы орта есеппен 8 % жоғарылайды. Қоректік тұздарда қажеттілікті
дәл анықтау үшін алдын – ала ағашты, өсімдік материалын, гидролизат немесе
сульфидті сілтіде зерттейді.
Соңғы жылдары химия өнеркәсібі дайын түрде аммофос қосылыстарын шығара
бастады,. Бұл тұздар биологиялық активті азық өндірісінде кең қолдануда.
Суперфосфат болмаған жағдайда фосфоритті ұнды қолдануға болады, оның
құрамында 21 % фосфор оксиді болады.
Шикізаттардың әртүрлі түрлерін және ашытқыларды өсіру жағдайларын
зерттегенде құрамында азот, фосфор, калий және басқа элементтері бар
қоректік тұздардың орташа қажеттілігі анықтылған. 1 кг ашытқыларды өсіру
үшін, құрғақ тұз ретінде қажет, г: суперфосфат – 280, аммоний сульфаты –
360; хлорлы калий – 50.
Калийдің мөлшері ағашқа қарағанда, өсімдік ауылшаруашылық қалдықтарында
15 – 20 есе көп болады. Осы шикізатты өңдейтін зауыттарда жеке жағдайларда
калийді пайдалану қажет емес. Ашытқыларда шикі протеиннің жоғары мөлшері (
55 – 58 % ) оларда калий оксиді 1,7 – 2 % болғанда байқалады. 3.
Ауыл шаруашылық қалдықтарын өңдеген кезде хлорлы калийдің қажеті
болмайды, өйткені өсімдік материалында калий тұздарының мөлшері көп болады.

Орта температурасының әсері
Құрағақ азықтық ашытқыларды өсіруін 32-40°С температурада жүргізеді. Әр
микроорганизмге белгілі оптимальді температураға тән. Өсірудің
температуралық режимінің өзгешелігі ашытқылар культурасына ғана емес, оның
жоғары және төмен температураларға адаптациялану дәрежесіне байланысты.
Температураның жоғарылауы мен синтез жылдамдығы жоғарылайды, бірақ бұл
белгілі шекке дейін болады, өйткені синтез процесінің жылдамдығының
жоғарылауымен ыдырау процестері көбейеді.
МОВНИИГС температураның ашытқылардың тынысалу активтілігіне әсерін
зерттеді. Нәтижесінде, зерттелетін ашытқылардың жоғары тынысалу активтілігі
38 - 40°С температурада болатыны анықталды. Орта температурасы 40°С – ден
жоғары болған жағдайда оттегіні сіңіру активтілігі күрт төмендейді,
биомасса шығымы төмендейді, ал ашытқылардағы ақуыздың мөлшері 48 – 49 % - н
36 – 37 % дейін төмендейді.
Егер технология жағдайлары мүмкіндік берсе, ашытқыларды өсіру процесін
температураның жоғары шегінде жүргізу керек, өйткені бұл жағдайда
салқындатуға температурасы жоғары суды пайдалануға болады.
Құрғақ азықтық ашытқыларды өсірген кезде біраз мөлшерде жылу бөлінеді (
10,5 · 103 – 14,7 · 103 Дж кг ашытқылардың құрғақ массасы ). Бұл жылу
орта температурасын жоғарылатады, сондықтан оны төмендету қажет, яғни
ашытқы өсіру аппаратының сұйықтығын салқындатып тұру қажет. Бұл үшін
аппараттарда арнайы салқындату беттерін орналастырылады.
Ашыту аппаратының өнімділігі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым жылу көп
бөлінеді, сондықтан аппаратта орта температурасы жоғарлап кетпеуі үшін
шаралар қолдану қажет. Мысалы, сиымдылығы 600 м3 , ауа таратудың эрлифтті
жүйесі бар аппаратта гидролизатты өңдегенкезде , тәулігіне шамамен 6 тонна
тауарлы ашытқылар алу алдын – ала қарастырылады. 1 кг құрғақ ашытқыға 2800
ккал жылу бөлінеді деп есептесек, бөлінетін жалпы жылудың мөлшері: 2800 ·
6000 · 0,9 калория тәулігіне, немесе 29,4 · 105 Дж сағ. Жылудың біраз
мөлшері ( 29,4 · 105 Дж сағ ) ауамен әкетіледі, ал қалған бөлігі –
салқындату бөлігі арқылы әкетіледі. Ашытқыларды өсіру процесі 36 – 38 ° С
жүргізіледі. Жыл мезгіліне қарай аппаратқа берілетін суслоныңда
температурасы өзгереді. Жаз кезінде сусланы ашытқы өсіру аппаратына жіберер
алдында 25 – 26 ° С дейін төмндету керек. Аппаратта ортамен араласып сусло
жылудың біразын қабылдап алады, ал қалған жылу аппараттың сыртқы бетін
сумен салқындату жолымен ауамен әкетіледі.
Ортадағы зиянды қоспалардың жіберілетін мүмкіндік шектері және олардың
әсері.
Құрғақ азықтық ашытқылар өсірілетін ортаның сапасы ашытқы жасушаларының
өсуіне әсер ететін химиялық қосылыстармен ғана емес, ашытқылардың
тіршілігін тоқтататын және оларға зиянды әсер ететін заттармен (
ингибиторлар ) де анықталады.
Ашытқы түрлерінің көбісін белгілі дәрежеде құрамында зиян қоспалары бар
орталарға бейімдеуге болады.
Ашытқылардың тіршілігіне карамелизация, қанттардың ыдырау өнім ыдырау
өнімдері, әсіресе лигнин – гумин комплексінің заттары зиян келтіреді.
Бояғыш және каллоидты заттардан тазалау үшін ВНИИ гидролиз коагулянтты (
алюминий сульфаты, хлорлы темір және т. б. ) қолдануды ұсынған, олар
каллоидты заттардың мөлшерін азайтады және ашытқылардың шығымын 3 – 5 %
жоғарылатады.
ВНИИГС мәліметтері бойынша гидролизат және сульфитті сілтіде болатын
сірке қышқылы ашытқылардың кейбір түрлерімен утилизациялануы мүмкін.
Сұйықтың циркуляциясы әлсіз ашытқы өсіру аппараттарында, әсіресе шайбалы
ауа тартқышы бар аппараттарда төменгі шайбаның астында өлі ашытқылар
жиналады. Бұл үшін дрожжанкаларды өлі ашытқылардан механикалы тазалап тұру
керек және химиялық, жылулық дезинфекция жасау керек.
Фурфурол - өсімдік материалдар гидролизінің және целлюлозаны қайнату
процестерінің өнімі.
Ашытқылардың өсуіне берілетін суслодағы фурфуролдың мөлшерін төмендету
үшін, алдымен гидролиз процесінде оның минималды түзілуін қадағалау керек,
ал содан кейін ашытқылардың өсуіне гидролизатты дайындау процесінде
фурфуролдың максималды жетілуіне жету керек.
Ашытқыларды үздіксіз культивирленгенде хром мөлшері 0,004 г л
жіберіледі, өйткені культура өнімділігін жоғарлатады және абсолют – құрғақ
ашытқылардың шығынын 5,7%-ке жоғарлатады. Мысалы, микроорганизмдердің
дамуына зиянды әсер ететін заттар тобына жатады. Мысалы, иондары
ашытқылардың зат алмасуын нашарлатады. Фтор – культуралды ортадағы және
ашытқылардағы жағымсыз компонент болып саналады.

1. 3 Ашытқының микробиологиялық әдістемесі

Ашытқы – бір клеткалы қозғалмайтын және бактериялардан шамамен алғанда
он еседей ірі саңырауқұлақ микроорганизмдер. Табиғатта бұлар кең тараған.
Клетка пішіні әр түрлі: дөңгелек, сопақша және таяқша тәрізді болады.
Ашытқы саңырауқұлақтары клетканың мөлшері 8-10 микронға тең. Оларда қозғалу
органеллалары болмайды. Клетка сыртында қабығы бар. Цитоплазмада ядро,
вакуоля және басқа да (май, гликоген, валютин) заттар кездеседі. Ашытқы
саңырауқұлақтарын адам баласы қолдан өсіріп, өз шаруашылығында пайдаланады.
Ал, табиғатта жабайы ашытқы саңырауқұлақтар да болады. Олар ауыл шаруашылық
өнімдерін зақымдап едәуір зиянын тигізеді. Ашытқы саңырауқұлақтарының адам
баласына пайда келтіретін түрлерін біз мәдени ашытқы саңырауқұлақтар деп
атаймыз. Ашытқы саңырауқұлақтар өнеркәсіпте кең қолданылады. Олар қантты
ашытып, көмір қышқыл газы мен спирт түзеді. Олардың бұл қасиеті нан
өндірісінде және спирт өңдіруде, түрлі шараптарды, сыраларды, сүт
тағамдарын даярлауда қолданылады.
Ашытқы саңырауқұлақтарында ақуыз және витаминдер (В, Д, Е) көп болады,
сондықтан оларды қазір тамақ және мал азықтық мақсатқа кеңінен қолданылады.

Ашытқы саңырауқұлақтары көбінесе бүршіктену арқылы көбейеді. Бұлар
спора түзу және жай бөліну арқылы сирек көбейеді. Олардың кейбір түрі
жыныстық жолмен көбейеді.
Бүршіктеніп көбейгенде, алдымен аналық клеткадан төмпешік пайда болады
да, кейінен ол үлкейіп бүршікке айналады. Бұдан кейін жас клетка аналық
организм мүлдем бөлініп кетеді. Қолайлы жағдайда бүршіктену екі сағатқа
созылады. Углевод пен азотты қоректік затқа бай ортада ашытқы
саңырауқұлағының бүршіктенуін жай биологиялық микроскоптармен де көруге
болады.
Спорамен көбею оларда жынысты және жыныссыз жолдармен жүреді. Ашытқы
саңырауқұлақтары клеткасындағы споралардың саны екіден дейін барады.
Жыныссыз жолмен спора пайда болғанда вегетативті клеткалар ұсақ бөлшектерге
бөлінеді де олардың әрқайсысының сыртында қабық пайда болады. Ал жыныстық
жолмен спора пайда болғанда екі клетка қосылады да сыртында қабық паййда
болады. Споралардың пішіні дөңгелек немесе сопақша болып келеді.
Ашытқы саңырауқұлақтарының систематикасы көбею тәсілдері мен
физиологиялық қасиеттеріне негізделген. Олар екі тұқымдасқа бөлінеді:
сахаромицеттер және сахаромицет еместер.
Сахаромицеттер. Бұлар мәдени ашытқы саңырауқұлақтар жатады. Олар
бүршіктену және споралар түзу арқылы көбейеді. Сондықтан бұларды нағыз
ашытқы саңырауқұлақтар деп атайды. Мәдени ашытқы саңырауқұлақтарға нан,
шарап, сыра ашытқы саңырауқұлақтары жатады.
Өндірісте, әсіресе олардың сахаромицес церевидзе және сахаромицес
эллипсойдеус деген түрлерінің маңызы зор.
Сахаромицес церевидзе клеткасы шар немесе жұмыртқа тәрізді. Олар шарап
спиртін алу үшін, сыра қайнатуда және нанашытуда қолданылады. Бұлардың
белгілі бір температурада және жағдайларда тіршілік ететін жеке топтары –
расалары бар.
Ал сахаромицес эллипсойдеустің клеткасы эллипс тәрізді, шарап
өнеркәсібінде қолданылады, оларды кейбір расалары шараптағы хош иіс түзуге
тікелей қатысады.
Сахаромицет емес ашытқы саңырауқұлақтар негізінен жалған ашытқы
саңырауқұлақтар. Олай аталатын себебі: ашытқы саңырауқұлақтарының спора
түзуге қабілеті болмайды бүршіктену арқылы ғана кюбейе алады. Бұлардың
көпшілігі әр түрлі өндірістердегі өнімдерді зақымдайды. Дегенмен оларды
ішінде шаруашылық үшін маңызды туыстары бар. Олар: торула және микодерма.
Торула туысында жататын ашытқы саңырауқұлақтар шар тәрізді келеді және
кшыту прцесі барысында азғана мөлшерде спирт түзеді. Торула кефир деп
аталатын өкілі қымыз және кефир сияқты сүт тағамдарын даярлауда
пайдаланылады., ал торула утилис – тағамдық және мал азықтық ашытқы
саңырауқұлақтарды өндіруде үлкен маңызы бар. Микодерма туысына жататын
ашытқы саңырауқұлақтардың клеткасы ұзынша. Олар спирт түзе алмайды. Бірақ
ортадағы бар спиртті және органикалық қышқылдарды су мен көмір қышқыл
газына дейін тотықтыра алады.
Құрамында спирті бар ішімдіктердің бетіне қонса, микодерма
қатпарланған пленка түзеді де, оның иісі мен дәмін бұза бастайды. Сонымен
қатар микодерма сүт тағамдарын тұздалған оващтарды бүлдіріп, сірке және нан
ашытқы саңырауқұлақтарын жасайтын өндірістерге өте зиянын тигізеді.
Май және май тектес заттар негізінен бактерия клеткаларының қабығында
және цитоплазманың бетінде кездеседі. Май тектес заттар клетканың құрғақ
затында 3 – 7 пайыз шамасында болады. Азықтық ашытқы саңырауқұлақтар
денесіндегі май тектес заттардың мөшлері 60 пайыздай.
Сонымен қатар бактерия клеткаларында минерал заттар да бар. Олар
бактерия тіршілігінде үлкен қызмет атқарады. Мәселен, фосфор клеткадағы
нуклепротеидке және май тектес заттардың құрамына енсе, күкірт – кейбір
амин қышқылдарын, калий – ақуыз бен көмірсуларды түзуге қатысады, темірдің
тотығу және тотықсыздану реакциясына маңызы зор және кейбір ферменттердің
құрамына енеді. Микроэлементтер ферменттер мен витаминдер құрамына кіреді
және ақуыз түзілу процесіне де белсене қатасады.
Клеткадағы ақуыздар, көмірсулар және майлардың мөлшері бактериялардың
түріне және олардың қоректену тәсіліне тікелей байланысты.
Микроорганизмдердің химиялық құрамын білудің іс жүзінде зор маңызы бар.
Өйткені қандайда болмасын микроптың ортада ақуызды және майды көп түзетін
білу арқылы оларды өз мақсатымызға бейімдеуге болады. Мәселен, торула
утилис деген ашытқы саңырауқұлақ мал азықтық сірнеге (мелясса) аммиак тұзы
қосылғанда ғана жақсы көбейеді де сөйтіп, ортада ақуыздың көбірек зат
жеткілікті болғанда сиымдылығы 500 гекталитр болатын зауыттағы ыдыстаға 8
сағат ішінде 350 килограмға дейін ақуыз түзе алады.
Әр түрлі организмдер өздерінің тіршілігі және клеткада күрделі
органикалық қосылыстардың түзілу үшін үнемі энергияны керек етеді. Жасыл
өсімдіктер энергияны хлорофильдер көмегімен күн сәулесінен алады. Ал
микроорганизмдердің басым көпшілігінде мұндай қасиет болмағандықтан
энергияны органикалық немесе минералды заттарды химиялық жолмен ыдырату
барысында алады. міне бұл энергия микробтар тіршілігінің негізгі көзі болып
табылады. Тотығу процесі әрбір тірі клеткада жүретіндіктен бұл процесті
тыныс алу деп атайды. Микроорганизмдердің тыныс алу мен қоректенуі арасында
тығыз байланысты болғандықтан оларды жеке қарауға болмайды. Өйткені
бактерия клеткасына қоректік заттар енген кезде біраз мөлшерде энергия
пайдаланылады. Ал тыныс алу кезінде энергияның сыртқа бөлініп шығатыны да
белгілі. Бұл екі прцесс бір мезгілде жүруі мүмкін. Мәселен, қоректік орта
ретінде қант алынса, гетеретрофты микроорганизмдер оны өз денесінің ақуызын
құрауда көміртегінің көзі ретінде пайдаланылады және энергияны да осыдан
алады. Тіршілік барысында бактерия клеткаларынан біраз мөлшерде жылу
бөлінеді. Оның бірсыпырасын клетка пайдаланса, бірсыпырасын сыртқы ортаға
бөлініп шығып, температураның жоғарлануына себеп болады. Қанттың ыдырауы
мына реакция бойынша жүреді:

С6Н12О6 + 6О2 = 6СО2 + 6Н2О + 674 ккал.
қант оттегі көмір су
қышқыл
газы

Сөйтіп реакция барысында көмір қышқыл газы мен су пайда болады.
Тыныс алудың осындай түрі кейбір шіріту бактериялары мен зең
саңырауқұлақтарында кездеседі.
Кейде органикалық заттардың ыдырауы оттегінің қатысынсыз да жүре беруі
мүмкін. Мұнда аралық заттар ретінде түрлі қышқылдар пайда болады, оны
басқаша ашу процесі деп атайды. Кейбір бактериялар энергияны органикалық
заттарды ауадағы оттегінсіз ыдырату арқылы алатындығын 1861 жылы Л. Пастер
анықтады.
Оттегіне қатысты жөнінен микроорганизмдер екі топқа бөлінеді: бірінші
– аэробты микроорганизмдер, яғни тіршілігі үшін ауадағы оттегін
пайдаланатындар. Екінші – анаэробтар микроорганизмдер, яғни тіршілігі
ауадағы оттегінің қатынасынсыз жүретіндер. Органикалық заттар анаэробты
жолмен ыдырағанда бөлінетін энергия мөлшері өте аз болады. Бұған қанттан
органикалық қышқылдың пайда болуы мысал бола алады.

С6Н12О6 = 2СН3СНОН ▪ СООН + 18 кал.
қант сүт қышқылы энергия

ашытқы саңырауқұлақтардың көмегімен қанттан спирттің түзілуі де осы
анаэробты тыныс алуға жатады.

С6Н12О6 = 2С2Н5ОН + 2СО2 + 27 кал.
қант спирт энергия

анаэробты жағдайда түзілген өнімдер құрамында біраз мөлшерде энергия
сақталып қалады және ол өнім одан әрі ыдырағанда энергия толық босап шығып,
АТФ түрінде клеткада жиналады.
Микроорганизмдердің тыныс алуы және түрлі ашыту процестерін жүргізуге
қатысатын көптеген ферменттер жатады. Ашу процесінің қоздырғышы – азықтық
ашытқы саңырауқұлақтар клеткаларындағы ферменттер бұрын зимаза деп аталып
келді. Қазір сол зимазаның өзі көптеген ферменттерден тұратыны анықталды.
Олар қантқа фосфор қышқылын тасымалдап, қанттарды фосфорлық эфирге
айналдырады, сутегін тасымалдап органикалық заттардың тотығуын немесе
тотықсыздануын қамтамасыз етеді. Сөйтіп, бұл ферменттердің әсерінен
клетканың метоболиз процесі жүреді. Соның нәтижесінде, клеткада көптеген
аралық продукталар (органикалық қышқылдар, фосфорлық эфирлер, энергия қоры
– АТФ және АДФ т.б.) түзіледі. Сонымен қатар, бұл реакциялар организм мен
оның клеткалары үшін энергия көзі болып саналады. Пайда болған заттардың
химиялық құрамы да өзгеше және бөлінетін энергия микроорганизмдердің
тіршілігіне жұмсалады. Бұл топқа енетін ферменттерджің практикалық маңызы
барлары мыналар: альдоза, декарбоксилаза, сахараза.
Көптеген азықтық ашытқы саңырауқұлақтарында болатын декарбоксилаза
ферменті. Бұл фермент қанттар айырылуының бастапқы продуктасы ретінде пайда
болған пирожүзім қышқылын сірке альдегиді мен көмір қышқыл газына
айналдырады.
Азықтық ашытқы саңырауқұлақтары мал шаруашылығын азықтармен қамтамасыз
ету үшін және шаруашылыққа қолдану үшін қолданылады.
Өндірістің микробиологиялық негіздері.
Өсімдік қалдықтарында, мелассалық қалдықтан кейінгі бардада,
гидролизаттарда және культивирленетін ашытқы тәрізді саңырауқұлақтар
Cryptococcoceae тегіне, Candida, Torylopsis, Trichosporon туысына жатады.
Candida utilis. Жасушалары ірі , овал тәрізді, бір – біреуден немесе 2 –
3 –ден қойылғандары бар. Бүршіктенуі полярлы және бүйірінен. Ескі
культураларда мицелийдің түзілуі байқалады. Сусло – олардан\ғы үш тәуліктік
колониясы дөңгелек диаметрі 2 – 3 мм, беті майда тесікті, сұр түсті ,
сфералық, шеті тегіс.
Колония консистенциясы жұмсақ, паста тәрізді. Сұйық қоректік ортада бір
ай өскеннен кейін тұнба, қабықша пайда болады. Агарланған ортада овал
тәрізді жасушалармен қатар дөңгелек және созылыңқы келген жасушалар да
кездеседі.

сурет 2. Candida utilis Л – 35 сурет 1. Candida utilis
( s – форма ) ( жасушалар )

Candida utilis штамдары культивирлеу жағдайларына байланысты колонияның 2
типін түзеді : S – форма – тегіс және R – форма – бұдырлы. S – форма қатты
қоректік ортада өсіргенде ( агар – агар )түзіледі. R – форма үздіксіз
культивирлеудің қалыпты жағдайларында түзіледі. R – форманың колониясы
сфералық беті жылтыр майда жиырылған. Консистенциясы жұмсақ ( сур 3 ).

сурет 3. Candida utilis
л – 35 ( R – форма )

Ассимляция типі негізінен тотықтырғыш. Candida utilis тек глюкозаны,
сахарозаны, 13 рафинозаны ашытады. Глюкозаны, сахарозаны, мальтозаны,
рафинозаны, галактозаны, канозаны, глицерин және сүт қышқылын жақсы
ассимляциялайды. Янтарь, сірке, лимон қышқылдарын аз пайдаланады.
Азотты нитрат, мочевина, аммиак түрінде ассимляциялайды. Витаминдерге
ауксотрофты, яғни В тобының витаминдерін, соның ішінде биотинді синтездеуге
қабілеті бар. Құрғақ азықтық ашытқыларды бірінші стадияда өсіргенде негізгі
өндірістік культуралар ретінде УКР НИИСПОМ Candida utilis – ң келесі
штамдары ұсынылады:

Штамдар. Жылдар.
Спирт зауыттары.
304 1967
Барский
О-19 1969
Октябрьский
Л-22 1970
Лужанский
Л-35 1971
Лужанский

Қазіргі кезде Candida utilis Л-35 азықтық ашытқыларды екі стадиялы
әдіспен өсірудегі бірінші стадиясындағы негізгі культура болып саналады.
Torylopus pinus штамм Л-30. Культура 1971ж Лужанск спирт зауытының
ашытқы өсіру аппаратынан бөлініп алынған .
Сусло – агардағы жасушалар өлшемі орташа (2 – 2,5) * (2,5 – 3) мкм, бұдан
да майда жасушалар кездеседі, негізінен созылыңқы, жіңішкілеу, сонымен
қатар овал тәрізділер де кездеседі. ( сур. 4 )
Сусло – агардағы үштәуліктік колониялар жалпақ, тегіс, жұмсақ
консистенциялы, сұр түсті болып келеді ( сур. 5 ). Колонтялар шеті тегіс
болып келеді. Колония бетінде ортасында ашық – қоңыр немесе крем түсті
соскалар пайда болады. 30 күннен кейін сусло – агардағы штрих жалпақ, беті
тегіс , сұр түсті. Культура суслода көбейгенде тұнба пайда болады. Сақина
және қабықша болмайды.

сурет 4. Torylopsis pinus.
( жасушалар )

Torilopsis pinus – ң Л – 30 физиологиялық ерекшелігі – ашымайды,
тек глюкозаны ассимиляциялайды; глицерин және этанол да көбейеді, магнит,
дульцит және сорбитті пайдаланбайды; көміртегінің жалғыз көзі ретінде
органикалық қышқылдарды жақсы пайдаланады; сүт, гликоль, лимон, алма,
янтарь, сірке қышқылдарын.

сурет 5. torylopsis pinus
( колониялар )

Шарап және шавель қышқылдарын пайдаланбайды ( 5 ).
Бұл штаммның Candida utilis – н ерекшелігі пиралидон – карбон қышқылын
азоттың минералды және органикалық көздерінің қатысында интенсивті
пайдалану. Нитрат түріндегі азот пайдаланылмайды.
Trichosporon cutaneum Ota. Ашытқы тәрізді жасушалар әртүрлі
формалы : дөңгелек, овал тәрізді, созылыңқы, элипс тәрізді ( сур 6 ) жаңа
жасушалар протоплазмасы дәнді .

сурет 6. Trichosporon cutaneum
( жасушалар )
Жасуша лицеийдің бөлінуімен көбейеді және бүршіктенумен.
Солодты суслода Trichosporon cutaneum штамм БД - 2 жалған және шын лицеий
түзеді ( сур 7 ). Кәрі жасында лицеийдің гифтері көптеген артоспораларға
ыдырайды, олар тікбұрышты болып келеді ( сур 8 ).

сурет 7. Trichosporon cutaneum сурет 8. Trichosporon
cutaneum
( мицелий ) (
артоспоралар )

Сусло – агарда үштәуліктік культура сфералық, дұрыс формалы, ақ, тығыз
консистенциялы колониялар түзеді, олар агардан қиын алынады. Колония ортасы
көтерілген, шеті жақсы дамыған мицелий зонасы мен қоршалған. Қартайған
кезде колония беті шырыштанады – жылтыр, майлы, сүт – крем түсті болады,
консистенциясы жұмсақ, паста тәрізді. Сұйық суслада өсірген кезде бір ай
көлемінде сұйық тұнба және пробирка қабырғасынан ағып түсетін қабықша
түзіледі. Культураның физиологиялық ерекшеліктері : ашымайды, көмірсулар
ассимиляциясының кең спектрі болады. Фруктоза, глюкоза, сахароза, мальтоза,
галактоза, лактоза, рафиноза, арабиноза және ксилозада жақсы өседі.
Спирттерді жақсы пайдаланады: этанол, глицерин, маннит. Органикалық
қышқылдардан лимон, алма, янтарь, сірке, сүт қышқылдарын интенсивті
пайдаланады. Шавель және шарап қышқылдарын пайдаланбайды. Мочевина азотын,
аммиакты қосылыстардың азотын, пирамидонкарбон қышқылын жақсы пайдаланады.
Нитрат түріндегі азотты сіңірмейді. В тобының негізгі витаминдерінің
барлығын синтездейді. Тек тиаминді синтездемейді, ол мелассалық бардада
Trichosporon cutaneum
ашытқы тәрізді саңырауқұлақтарының өсуін лиметтемейді .
БД – 2 штаммы 1967 ж Будинск спирт зауытының ашытқы өсіру апаратынан
алынған 1970 ж дейін БД - 2 штаммы негізгі өндірістік культура болып
саналған. Сусло – агарда колония түзеді ( сүр 9. )

сурет 9. Trichosporon cutaneum сурет 10.
Trichosporon cutaneum
БД – 2 ( колониялар )
Т – 51 ( колониялар )

Т – 51 штаммы 1969 ж. Трилесной спирт зауытының ашытқы өсіру аппаратында
қант – сырецті мелассамен бірге өңдеген кезде алынған. БД – 2 штаммынан
қоректік орталарда өсу морфологиясымен ерекшеленеді. Сусло – агарда
үштәуліктік культуралар колониясы агар бетінен жоғары шығып тұрады ( сур 10
). Колония беті ақ, колония консистенциясы тығыз. Түптік өсіргенде Т – 51
штаммының жас культурасы БД – 2 штаммына қарағанда ашытқы тәрізді
жасушалардан тұрады, ал ескі культураларда және жағымсыз жағдайларда –
мицелийден тұрады. бұл морфологиялық ерекшеліктер берілген культураның және
өндірістік ортадағы микробиологиялық бақылауын жеңілдетеді.
Штамм А – 52. 1971 ж. ашытқылардың үздіксіз – культивирленетін
популяциясынан алынған. БД – 2 штаммынан морфологиялық және физиологиялық
белгілері бойынша ерекшеленеді. Агарланған ортада ірі ( 1 мм диаметрі ),
дөңгелек, ұзын өсінділері бар колониялар түзеді. Ескіргенде колония ортасы
және өсінділер шырыштанады. түптік культивирлегенде ашытқы тәрізді
жасушаларға ұқсас көбйеді.
А-52 1971 ж ашытқылардың үздіксіз – культивирленетін популяциясынан
алынған. БД – 2 штаммынан морфологиялық және физиологиялық белгілері
бойынша ерекшеленеді. Агарланған ортада ірі (1 мм диаметрі), дөңгелек, ұзын
өсінділері бар колониялар түзеді. Ескіргенде колония ортасы және өсінділер
шырыштанады. Түптік культивирлегенде ашытқы тәрізді жасушаларға ұқсас
көбйеді.
А-52 штаммы БД-2 және Т-51 штаммдарынан массалық бардада
культиверлегенде өсуінің үлкен жылдамдығымен ерекшеленеді .
Candida tropicalis. Бұл түр гидролиз өндіргеннен алынған. Әр қоректік
ортадағы жасушалар дөңгелек формалы, овал тәрізділері де кездеседі.
Жасушалар протоплазмасы гомогенді, жасушалардың ескі культурасында
вакуолизденген. Бүршектену полярлы. Сұйық қоректік ортада тығыз тунба,
сақина, кейбір жағдайда қабықша аралдары пайда болады. Сусло-агардағы үш-
тәуліктік колониялар сфералық, тығыз консистенциялы, ақ- сұр түсті ,
шеттері тегіс болады.
Үздіксіз ағынды жағдайда культиверлегенде морфологиясы өзгереді.
Колониялар өлшемі кішіриеді, псивдолицийлер түзіледі. Көмірсуларды ашыту
және тотықтыру жолдарымен ассимирлейді. Глюкоза, сахароза, мольтоза,
галактоза, рафиноза, арабиноза ассимирлейді. Көміртегінің жалғыз көзі
болат ксилозаны пайдаланбайды Этанолда-дамиды, глицеринде-әлсіз. Маннит,
дульцит сарбитті пайдаланбайды.
Биотинге қатысты культура қатаң гемеротрофты, Candida utiliske
қарағанда бұл витаминді синтездеуге қабілеті жоқ, және өсуі үшін оның
болуын қажет етеді.
Құрғақ азықтық ашытқылар өндірісінде қолданылған Candida tropicalis штамм
СК-4,басқаларымен ауыстырылған.

1.1.2 Азықтық-ақуыз өндіруге мәліметтер

Мал шаруашылығының материалды-техникалық базаны дамыту үшін бізге
азықтық базаны дамыту қажет болды. Барлық елдерде азықтық ақуыз
жетіспегендіктен азықтық ашытқыны қолдана бастады.
Мал шаруашылығын ақуыз азықтармен қамтамасыз етуде мал азықтық ашытқы
ақуызы аса құнды болып саналды. Онда басқа азықтарда кездеспейтін мал
организміне аса қажетті 10 амино қышқылдар бар екеніне көз жеткізді, %:
валин - 3,1; лейцин – 3,7; изолейцин – 3,5; аргинин – 3,2; лизин – 4,4;
треонин – 2,5; метионин – 3,0; триптофан – 0,3; тирозин – 4,2; гистидин –
1,4.
Мал азықтық ашытқының бір килограммда 1,03 – 1,16 азық өлшем бірлігі
және 380 – 480 грамдай ақуыз бар.
Сонымен қатар мұндай азықта В1, В2, В3, В7 витаминдері және басқа
организмге қажетті заттар бар. Бұл дәлелденіп отыр. Мысалы, бір килограмм
құрғақ заттың биомассасында В құрамы, мг:
Тиамина (В1) – 15-18;
Рибофлавина (В2) – 54-68;
Пантотен қышқылы (В3) – 130-160;
Холин (В4) – 2600,0;
Никотин қышқылы (В2 -РР) – 500-600;
Пиродоксин (В6) – 19-30;
Биотин (В7 Н) – 1,6-3,0;
Инозит (В8) - 500;
Фолив қышқылы (В9 , В10, В11 , Вс М) - 3,4;
Кобаламин (В12) - 0,08.
Азықтық ашытқы Д2 витаминіне де бай. Май ашытқының құрамында
эргостерин (0,25-0,7 пайыз. абс құрғақ затта) ультрокүлгін сәуленің
арқасында Д2 витаминіне айналады. Бір килограмм сәулелі азықтық ашытқының
құрамында Д2 витамині 5000-12000 бірлігіне дейін барады. Мал азықтық
ашытқысының күлінде темір, мыс, мырыш, ковальт сияқты микроэлементтермен
қатар фосфор, кальций де жеткілікті.
Мал азықтық ашытқыны өсіру үшін әдетте ағаш ұнтақтары және өсімдік
қалдықтары (жүгерінің тамырлары, сабан, мақта қауашақтары) қолданылады.
Сонымен қатар бұл мақсатқа қамысты, торфты да пайдаланады. Әдетте бұл
қалдықтарды күкірт, азот бағы басқа минерал қышқылдармен гидролиздейді,
яғни қантқа айналдырады. Мал азықтық ашытқының ішінде торула, утилис
қолданылады, өйткені онда ақуыз бен В тобындағы витаминдер едәуір көп
болады.
Мал азықтық ашытқыларды көбінесе құрама азықтарға қосып малға, құсқа
береді. Сонда оның бұл азықтағы мөлшері үш, бес пайыз болу керек. Іс
жүзіндк малдың бір килограмм тірілей салмағына бір грамдай ашытқы
пайдаланады.
Ашытқыны құрғақ күйінде де және шырынды немесе концентратты азықтармен
қосып қолдануға болады. Ашытқы өте жақсы өсіп дамыту үшін қоректік зат
ретінде азот, фосфор, аммоний сульфатын, супер фосфат сығындысын қосады.
Ашытқы азық температурасы +26 - 30°С болғанда жақсы өсіп жетіледі.
Ашытқы азықтың дәмі жақсарады және түрлі витаминдерге байылады.
Сонымен қатар мұндай азықтарда белгілі мөлшерде сүт қышқылы да жиналады.
Соның нәтижесінде мал қышқыл азықты аса сүйісініп жейді. Азыққа ашытқыны
қосу барысында құрғақ затқа шаққанда ақуыз мөлшері 13 – 17 пайыз артатыны
дәлелденді.

1.1.2 Азақтық ақуыз өнімдері

Микробиологиялық өндірістің негізгі бір мәселесі ауылшаруашылығын
жарамды азықтық ақуызбен қамтамасыз ету. Жануарлы өнімдер өндірісінде
азықтық базыны құру қажет. Азықтық ақуыздың жануар және қос өндірісінде
қажеттілігі негізгі өсімдік өндірісінің есебімен қанағаттандырылады. Бірақ
мұндай өсімдік азығы, яғни бидай культурасы, картоп, азақтық шөптер
микроэлементтерге және втаминдерге, ақуыздарға қосу арқылы қолданған
жағдайда ғана эффективті болып келеді. Өсімдік азығының құрамын, сапасын
жоғарлату үшін барлық немесе сүйек ұнымен, майсыз сүттен және т.б.
заттармен байытады. Бірақ бұл азықтық ақуыз қоспасын өндіретін өндірістін
көлемін жануар өндірісінің тұтынысын қанағаттандырмайды.
Барлық елде азықтық ақуыз үлкен көлемде жетіспейді. Біздің елімізде
ақуызды жетіспейтін орнына микробиологиялық синтезбен алынған азықтық
өнімдер қолданылады.
Азықтық ақуыз өндірісінде келесі шикізат тауарларының аттары
қолданылады: өсімдік шикізатының және сілтілі сульфит гидролизатынан
азықтық ашытқыларды немесе гапринді; мұндай парафиннен-азықтық ашытқылар,
фитамин-ақуыз концентрациясы. (ВАК) немесе паприн; табиғи газдан-гаприн;
метиль спиртінен-метил; этил спиртінен-эпринді алады.
Бұл тарауда біз азықтық ақуыз өнімдерінің өндірістік қарастыруымыз,
яғни өсімдік шикізатының көміртектерінің көзі ретінде мұнай парафині мен
табиғи газ көміртектерін қолдануға негізделген.

1.1.3 Азықтық ашытқы өндірісі

Азықтық ашытқылар белгілі бір ылғалдылыққа дейін кептірілген
микроорганизм биомассасы. Олар ақуыз, витамин және минералды заттардың
көзі, биологиялық құнды азық болып табылады. Ең қымбат ашытқы компоненті-
протеин, құрамында 52-55% азықтық ашытқы болады.
Азықтық ашытқылар құрамындағы амин қышқылдар жануарлардың ақуызына
жақын болып келеді. Азықтық ашытқы құрамындағы аминқышқылдар өсімдік
ақуызын жануар рационына енгізген кезде биологиялық құндылығын жоғалтады.
Азықтық ашытқы құрамында Втобының витаминдері болады. Олар жануар
ағзысында ақуызды алмастырып тұрады. Сонымен қатар азықтық ашытқы құрамында
эргостерин болады, яғни ультракүлгін сәулелерімен сәулелендіргенде Д2
витаминіне айналу қабілеті бар. Азықтық ашытқы күлінің құрамында жануар мен
құстарға бағалы макро және микро элементтері бар: фосфор, калий, кальций,
темір, магний, натрий, күкірт, мыс, мырыш, кобальт және т.б.
Осындай әдіспен ақуыз сапасы, витаминдер комплексі, липидттер,
микроэлементтер және биологиялық активті заттар азықтық ашытқылар
көрсеткішін жоғарылатады. Азықтық ашытқыны қолданудағы жоғарғы
эффективтілікті тәжірибе жүзінде дәлелденген. Азықтық ашытқыны жануар және
құстарды қоректену рационында ақуыз-витамин қоспасына қосу арқылы беруге
болатының ескерген жөн. Құрғақ ашытқыны қолданудың орташа нормасы
тәуелділігіне жануардың тірі массасының бір килограмына орташа 1г құрау
керек. Ал ірі мүйізді малдардың (бұқа, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азық ақуыздарын өндірудің технологиялық кешені
Азықтық белок өндірісі
Тағамдық ақуыз алу технологиясы
Азықтық ақуыз алу
Сүт қышқылды бактериялар
Антибиотиктерге қысқаша сипаттама
Пішенді сапалы түріндегі дайындаудың агротехникалық талаптары
Дәнді бұршақ дақылдарының ерекшеліктері
Сүттің минералдық құрамы
Биотехнология пәнінен зертханалық жұмыстар
Пәндер