Тіл сабағында қолданылатын жаңа әдістер



I Кіріспе

II Негізгі бөлім
а) Сабақ жоспарлауға қойылатын негізгі талаптар

б) Уақыт талабына сай негізгі оқытудың міндеттері

III Қорытынды
Тіл сабағында қолданылатын жаңа әдістер
Біздің елімізде қазақ тілі мемлекеттік тіл. Соған орай оқу орыс тілінде жүретін дәрісханаларында егемендік еліміздің мемлекеттік тілі – қазақ тілін оқыту өмірлік зор маңызға ие.
Орыс дәрісханаларындағы қазақ тілі сабағының білімдік дәрежесі бүтіндей басқа. Өйткені, орыс топтарындағы қазақ тілін оқытудың әдісі де, оған қойылатын талаптары да өзгеше. Мақсаты-оқушыларды қазақша сөйлей білуге үйрету болады да, сол сөздерден сөйлем құрау үшін грамматикалық ережелер, анықтамалар сөз үйретудің техникасы ретінде қарастырылады.

Қазақ тілі сабағы әрі тартымды, әрі қызықты, әрі сапалы болуы әр пән мұғалімдерінің өзіне, білім деңгейіне, кәсіби шеберлігіне байланысты. Оқу-тәрбие негізі-сабақ. Сондықтан сабақ тартымды, әсерлі,мақсатты, айқын, қызықты және толық мәнді болуы тиіс. Ол-сонымен бірге басқа ұлт балаларына қазақтың әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын, өнерін насихаттайтын пән.
а.Сабақ жоспарлауға қойылатын негізгі талаптар
Оқытушы сабақты дұрыс жоспарлап ,мақсатын нақты белгілеп алмайынша дегеніне жете алмайды. Сабақтың мазмұнын, құрылысын, дәлдігін, жұмыс жүргізу тәсілін мұқият ойластыруы қажет. Сабақты жоспарлауға қандай негізгі талаптар қойылады. Олардың жобасы төмендегідей:

1. Оқушылардың сабаққа бар зейінін аударып және ықыласпен, ынта-жігермен тыңдауын ұйымдастыру.

2. Сабақтың тақырыбына сай мақсатын нақтылай білу.

3. Оқытушының тақырыпты терең және жан-жақты меңгеруі.

4. Мұғалімнің материалды жеткізу шеберлігі, сезімі,тиімді әдіс-тәсілдері.

5. Көрнекі құралдардың нақтылығы, әсерлігі, мазмұндылығы.

6. Мысалдардың өмірмен байланыстылығы,баланы ойлантуға,сөйлетуге, тәрбиелеуге ықпалы.

7. Топпен, жеке оқушымен жұмыстың жандылығы, әртүрлігі.

8. Студентке теориялық жағынан меңгергенін іс-тәжірибеде, күнделікті сабақта қолдана алуы.

9. Студенттердің алдына проблема қойып,оны ізденіске бастау.

10. Сабақты басқа пәндермен, өнер салаларымен үйлесіміне, ұқсастығына қарай түрлендіру.
1. Халперн Дайана. Сыни тұрғыдан ойлаудың психологиясы. - Санкт-Петербург, 2002.

2. Айтмамбетова Б.Р. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. – Алма-Ата, 1985.

3. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы студентті дамыту құралы ретінде. - Алматы, 2002.

4. Жұмабаев М. Педагогика. – Алма-Ата, 1992

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Тіл сабағында қолданылатын жаңа әдістер
Біздің елімізде қазақ тілі мемлекеттік тіл. Соған орай оқу орыс тілінде
жүретін дәрісханаларында егемендік еліміздің мемлекеттік тілі – қазақ тілін
оқыту өмірлік зор маңызға ие.
Орыс дәрісханаларындағы қазақ тілі сабағының білімдік дәрежесі бүтіндей
басқа. Өйткені, орыс топтарындағы қазақ тілін оқытудың әдісі де, оған
қойылатын талаптары да өзгеше. Мақсаты-оқушыларды қазақша сөйлей білуге
үйрету болады да, сол сөздерден сөйлем құрау үшін грамматикалық ережелер,
анықтамалар сөз үйретудің техникасы ретінде қарастырылады.

Қазақ тілі сабағы әрі тартымды, әрі қызықты, әрі сапалы болуы әр пән
мұғалімдерінің өзіне, білім деңгейіне, кәсіби шеберлігіне байланысты. Оқу-
тәрбие негізі-сабақ. Сондықтан сабақ тартымды, әсерлі,мақсатты, айқын,
қызықты және толық мәнді болуы тиіс. Ол-сонымен бірге басқа ұлт балаларына
қазақтың әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын, өнерін насихаттайтын пән.

а.Сабақ жоспарлауға қойылатын негізгі талаптар
Оқытушы сабақты дұрыс жоспарлап ,мақсатын нақты белгілеп алмайынша дегеніне
жете алмайды. Сабақтың мазмұнын, құрылысын, дәлдігін, жұмыс жүргізу тәсілін
мұқият ойластыруы қажет. Сабақты жоспарлауға қандай негізгі талаптар
қойылады. Олардың жобасы төмендегідей:

1. Оқушылардың сабаққа бар зейінін аударып және ықыласпен, ынта-жігермен
тыңдауын ұйымдастыру.

2. Сабақтың тақырыбына сай мақсатын нақтылай білу.

3. Оқытушының тақырыпты терең және жан-жақты меңгеруі.

4. Мұғалімнің материалды жеткізу шеберлігі, сезімі,тиімді әдіс-тәсілдері.

5. Көрнекі құралдардың нақтылығы, әсерлігі, мазмұндылығы.

6. Мысалдардың өмірмен байланыстылығы,баланы ойлантуға,сөйлетуге,
тәрбиелеуге ықпалы.

7. Топпен, жеке оқушымен жұмыстың жандылығы, әртүрлігі.

8. Студентке теориялық жағынан меңгергенін іс-тәжірибеде, күнделікті
сабақта қолдана алуы.

9. Студенттердің алдына проблема қойып,оны ізденіске бастау.

10. Сабақты басқа пәндермен, өнер салаларымен үйлесіміне, ұқсастығына қарай
түрлендіру.

11. Студенттердің шығармашылық белсенділігін арттыратын өз бетінше жұмыс
беру.

12. Бағалау, оның тәрбиелік мәні.

13. Үй тапсырмасы уақытында түсіндіріп, үлгісін беру.

14. Осылардың ең бастысы-сабақтың жүйелігі.

Оқытушының іскерлік сапасына төмендегідей талап-міндеттер қойылады:

- Сабақтың мақсаты айқын болуы.

- Материалды жан-жақты әрі түсінікті баяндауы.

- Басты мәселені бөле көрсетуі.

- Аудиторияны пәнге қызықтыру.

- Мәселе қозғап, пікір-сайыс туғыза білу.

- Баяндау тәсілі жүйелі әрі қисынды болуы.

- Сөйлеу мәдениетінің тартымдылығы, сөздерді анық айтуы.

- Алған материалдардың өмірмен байланысты, әрі тәрбиелік мәнінің маңызды
болуы.

- Студенттерге еркін жұмыс істетуі.

- Сабақта дидактикалық материалдардың жеткіліктілігі.

- Көрнекі құралдардың барлығы.

- Техникалық құралдар қолданылуы.

- Үйге тапсырма уақтылы, әрі дұрыс берілуі.

- Студенттермен жеке жұмыстар жүргізілуі.

- Студенттердің қателері дер кезінде түзетіліп отыруы.
- Бағалау нормалары сақталып, әділ бағалану

Әр сабақта осыларға қоса педагогикалық, психологиялық физиологиялық,
гигиеналық талаптар қарастырылады.

Сабақты жоспарлағанда оқыту, үйрету, тәрбиелеу, дамыту шарттарын ескеруіміз
керек.

1. Оқыту, яғни білім беру мақсаты. Ғылыми-теориялық жағынан не айтуға
тиіспіз. Ол қандай мөлшерде,қалай қабылдату керек.

2. Үйрету. Осы білгенін студент практикада қолдана ала ма. Ережеге
байланысты тапсырманы студент қиналмай орындауы керек.

3. Тәрбиелеу. Ендігі бір жауапты кезең–тәрбиелеу, екінші әртүрлі әдіс-
тәсілдер арқылы студенттерді көптеген қасиеттерге, имандылыққа, шеберлікке,
еңбекке, тапқырлыққа тәрбиелеу.

4. Дамыту студенттердің логикалық ойлауын қамтамасыз ету. Ой-өрісін шындай
отырып,өмірге көзқарасын қалыптастыру. Бойындағы өнерін танып, бағыт-бағдар
беру. Ғылымға қызықтыру. Студентке беретін тапсырмаларда дәлелдейтін,
түсіндіретін, пікірмен келісетін, келіспейтін, ұсыныс енгізетін, сын көзбен
қарайтын, бір сөзбен айтқанда, баланы жан-жақты ойландыратын жұмыстар болуы
керек.

Студенттердің сапалы білім алуына, сол пәннен алынатын міндетті білім
дағдыларын меңгеруіне дұрыс бағытта жол ашу үшін,әр пән оқытушысы сол
пәннің өзіне тән ерекшеліктеріне, сол пәнге тән оқытудың принциптеріне баса
көңіл бөлгені жөн. Оқу орыс тілінде жүретін топтарда қазақ тілін оқитын
студент өзіне таныс емес тілдің дыбыстық құрамын, дыбыстардың айтылу
нормасын, дыбыстық заңдылықтарын, оның грамматикалық құрылысын игеруге,
ойын еркін жеткізуге, басқаның сөйлеуін түсінуге, жеткілікті дәрежеде
сөздік қорын меңгеруге тиісті және қазақша сөйлеуге жаттығып, қазақ тілінде
қарым-қатынас жасай алуы қажет. Тыңдаушыны мұндай дәрежеге жеткізу
үшін,оқытудың өзіндік тәсілдері мен амалдары, жолдары бар. Қазақ тілін орыс
аудиториясына оқыту әдістемесінің ғылыми тұрғыдан зерттелу тарихы ұзақ
емес. Сондықтан оқыту әдістемесі бұрыннан қалыптасқан шет тілдерді оқыту,
орыс тілін оқыту әдістемелерінен оқып, үйренуіміз көп.
Қазақ тілін басқа тілді дәрісханаларда оқыту барысында қазақ тілінің
өзіндік басты ерекшеліктерін назарда ұстауымыз керек.Қазақ тілі сөз жасау
жағынан жалғанбалы (АГГЛЮНАТИВТІ тілдер тобына жататыны бәрімізге мәлім).
Сол себептен де қазақ тілінде жұрнақ түрлері көптеп саналады, сонымен қатар
төрт түрлі жалғаудың беретін өзіндік мағынасы,сөзге жалғану кезіндегі
варианттары да жеткілікті. Қазақ тілін оқытуда жақсы нәтижелерге жету
үшін,мынадай басты бағыттарда жұмыс түрлерін жүргізген тиімді. Ең бастысы,
студенттердің қазақ тілінен тілдік қорын молайту. Ол үшін сөздік жұмыстарын
үнемі жүргізу. Қазақ тіліндегі сөздер көп мағыналы және синонимдер мен
омонимдерге бай. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орыс сыныптарына қазақ тілі пәнінен мәтінмен жұмыс жасау әдістемесі
Қазақ тілі сабағында қолданылатын әдіс-тәсіл түрлері туралы
Әдебиет сабағындағы көрнекілік
Ағылшын тілі сабағында жоғары сынып оқушыларының аудармашылық құзіреттілігін дамыту ерекшеліктері
Ағылшын тілін қашықтықтан оқыту технологиясы
Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдысын қалыптастыру әдiстемесi
Қазақ тілі сабағының түрлері
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың іскерлік қарым-қатынас тілін дамыту
Ақпараттық жүйе құрылымы
Ағылшын тілі сабағында қазіргі заманғы оқыту технологиясын қолданудың әдістері
Пәндер