Жас физиологиясы мен мектеп гигиенасы. Балалардың өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары


Жас физиологиясы мен мектеп гигиенасы. Балалардың өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары
Жастық физиология мен мектеп гигиенасы пәні ғылымның екі саласын қамтиды: 1. Жастық физиология. 2. Мектеп гигиенасы.
Жастық физиология мен мектеп гигиенасы ілімі - жас ұрпақтарды тәрбиелеудің, оларға жасына лайық білім берудің, ақыл-ойын дамытудың, дені сау, сымбатты, сұлу етіп өсірудің негізі.
Жастық физиология мен мектеп гигиенасының басқа ғылымдармен байланысы.
Жастық физиология мен мектеп гигиенасы пәні анатомия және физиология, жалпы гигиена мен медициналық гигиена, биохимия, биофизика, психология, педагогика, гистология, цитология, генетика және т. б. биологиялық және табиғат тану ғылымдарында жинақталған мәліметтерге сүйенеді.
Жастық физиология мен мектеп гигиенасының даму тарихы.
Жасқа байланысты анатомия мен физиология және балалар гигиенасы жалпы алғанда медициналық қажеттіліктерге байланысты дамыды. Бұл тұрғыдан алғанда Н. Ф. Филатов, П. Ф. Лесгафт, К. Д. Ушинский, И. П. Павлов, В. М. Бехтерев, И. А. Аршавский, А. Г. Хрипкова, т. б. секілді ғалым дәрігерлердің еңбектері аса маңызды орын алады.
Жастық физиология мен мектеп гигиенасының дамуына Қазақстан ғалымдары да зор еңбек сіңірді. Физиология саласында академиктер А. П. Полосухин, Н. О. Базанова, профессорлар Қ. Д. Дюсембин, А. М. Бекетаев, І. А, Бірімжанова, Х. Қ. Сәтбаева жемісті еңбек етті. Гигиена саласында профессор Б. А. Атшабаров, академик Т. Ш. Шарманов, профессор А. А. Алдашев сынды ғалымдардың еңбектерін атауға болады.
Жастық физиология мен мектеп гигиенасының зерттеу әдістері
Басқа ғылымдар іспетті жастық физиология мен мектеп гигиенасы бірнеше ғылыми зерттеу әдістерін пайдаланады: бақылау, табиғи тәжірбие, лабораториялық тәжірбие (эксперимент), функциялық жүктеме, антропометрия, телеметрия және т. б.
Балалардың өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары, олардың өсуі мен дамуының негізгі көрсеткіштері.
Балалар мен жасөспірімдердің организмі үнемі өсіп дамуда болады. Организмдегі клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын өсу деп атайды. Организмнің негізгі үш дене көрсеткіші бар: бойы (адамның денесінің ұзындығы), салмағы және кеуде шеңбері.
Балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуының бірнеше заңдылықтары бар:
- өсу мен даму гетерохронды болады, яғни үнемі біркелкі бомайды;
- мүшелер мен мүшелер жүйелерінің өсу мен даму қарқыны әртүрлі;
- өсу мен даму баланың жасына байланысты;
- функциялық мүшелер жүйелері мен мүшелердің қызметтерінің биологиялық беріктігі немесе мықты болуы;
- өсу мен дамудың тұқым қуалау қасиеттері мен сыртқы ортаның жағдайларына тәуелділігі;
- өсу мен дамудың акселерациясы.
2. Адамның жасының кезеңдері
Жас кезеңдері деп өсу мен дамуы ұқсас, физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерінің шегін айтады. Белгілі бір жас кезеңінде организмнің даму дәрежесі бір деңгейге жетіп, келесі деңгейге жетіп, келесі деңгейге дайындалу мерзімі басталады. Осыны ескере отырып, 1965 ж. адам организмін зерттейтін түрлі ғылымдар өкілдерінің (физиологтар, гигиенистер, дәрігерлер, педагогтер, психологтар, философтар, генеттиктер т. б. ) қатысуымен Мәскеу қаласында болған дүниежүзілік жас кезеңдерінің шағын жиналысында адамның барлық өмірін 12 кезеңге бөлген:
- Жаңа туған сәби (алғашқы 10 күн өмірі) ;
- Емшектегі сәби (10 күннен 1 жасқа дейін) ;
- Алғашқы балалық шақ (1-3 жас) ;
- Бірінші балалық шақ (4-7 жас) ;
- Екінші балалық шақ (қыздар 8-11 жас, ұлдар 8-12 жас) ;
- Жеткіншек немесе жасөспірімдер (қыздар 12-15 ұлдар 13-16 жас) ;
- Кәмелеттік немесе жігіттік / бойжеткендік (қыздар 16-20, жігіттер 17-21 жас) ;
- Кемелге келу немесе ересектік мерзімнің 1-ші жартысы (әйелдер 21-35, ерлер 22-35 жас) ;
- Ересектік мерзімнің 2-ші жартысы (әйелдер мен ерлерде бірдей 74-90 жас) ;
- Егде жас (әйелдер 5-74, ерлер 60-74 жас) ;
- Қариялар немесе кәрілік (әйелдер ме ерлерде бірдей 74-90 жас) ;
- Ұзақ өмір сүрушілер(90 жастан әрі қарай) .
ТАҚЫРЫБЫ 2: Жүйке жүйесінің физиологиясы
Жүйке жүйесінің құрылысы мен функциялық негізі - нерв клеткасы немесе нейрон. Орталық жүйке жүйесінде нейрондарды қосымша клеткалар - глиялар қоршаған. Нейрондар мен глиялар нерв ұлпасын құрайды. Глиялар нерв клеткаларының тірегі болып, оны қоректендіреді және электрлік изолятор қызметін атқарады. Жаңа туған нәрестенің нейрондарының саны глиялардан анағұрлым көп болады. 20-30 жаста олардың саны бір-бірмен теңеседі де, кейін адамның жасы ұлғайған сайын нейрондардың үлесі азайып, глиялардың үлесі көбейеді.
Нерв клеткасының құрлысы күрделі. Басқа тірі клеткалар тәрізді оның мембранасы, ядросы, ядрошығы мен органоидтары болады. Нейронның басқа клеткалардан айырмашылығы - денесінің көптеген өсінділері болады және цитоплазмасында нейрофибриллдері бар.
Нейронның денесін сома деп атайды. Денесінен ұзынды-қысқалы өсінділері - нерв талшықтары шығады. Ұзын талшығын аксон (грекше аксон-тірек деген мағынада), қысқа талшықтарын дендрит деп атайды (дендрон-ағаш) . Аксонның сыртын қоршаған миелин қабығы бар. Миелин - ақ май тәрізді (липид) заттан түзілген. Дендриттер - тармақталған қысқа өсінділер. Дендриттердің бүртіктері бала туғаннан кейін көбейе түседі.
Нейрондардың бір-бірімен байланысы синапс деп аталатын арнайы ерекше құрлым арқылы іске асады. Адамның миы нәтижелі еңбек еткен сайын оның синапстары көп болады. Сондықтан жаңа туған нәрестелерде синапстар аз болып, ер жеткен сайын көбейе түсіп, ересек адамда өте көп болады.
Нервтер мен нерв талшықтары. Сыртқы қабықпен қапталған нерв клеткасының өсінділерін нерв талшықтары деп атайды. Нерв талшықтары 2 түрлі болады: миелинді және миелинсіз. Миелинді нерв талшығының сыртын миелин қабығы қоршаған, ал миелинсіз талшықтың сыртын тек қана эндотелий қабығы қоршаған, миелині болмайды.
Нерв талшықтарын олардың диаметріне байланысты 3 топқа бөледі: А, В, С талшықтары. Қозуды орталыққа өткізетін нервтерді орталыққа тепкіш немесе афференттік, мүшелерге таситын нервтерді орталықтан тепкіш немесе эфференттік нерв дейді. Нервтердің көпшілігі аралас нервтер. Олардың құрамында афференттік және эфференттік нервтер де болады.
Жүйке жүйесінің құрылысы. Адамның жүйке жүйесі орталық және шеткі немесе перифериялық жүйке жүйесі болып бөлінеді. Орталық жүйке жүйесі ми мен жұлыннан тұрады.
Жұлын жүйке жүйесінің маңызды бөлімдерінің бірі. Түрлі нерв әрекеттерінің бағытталуы мен реттелуі жұлын арқылы іске асады. Себебі жұлын өткізгіштік қызмет атқарады да, оның бойымен дененің барлық жерінен миға нерв импульстері мүшелерге барып, олардың қызметін реттейді. Бұларға қоса, жұлында адамның қарапайым рефлекстерінің орталықтары орналасқан (айталық, тізе рефлексі) .
Адамның миы орталық жүйке жүйесінің ең негізгі маңызды бөлігі. Одан 12 жұп нервтер шығып, миды көптеген ішкі мүшелермен, беттің, мойынның еттерімен, тілмен, көзбен байланыстырады және сезім мүшелерінен келетін мәліметтерді жеткізеді. Ми сопақша ми, көпір, мишық, ортаңғы ми, аралық ми және екі ми сыңарларынан тұрады.
Сопақша ми - жұлынның үстіңгі жағында орналасқан. Ол екі түрлі қызмет атқарады: рефлекторлық және өткізгіштік. Сопақша мида тыныс, қан айналыс, сору, шайнау, жұтыну, жөтел, түшкіру, сілекей, қарын және қарынасты бездерінің сөлдерін шығаратын нерв орталықтары орналасқан және ІХ-ХІІ ми нервтерінің ядролары орналасқан.
Вароли көпірі - сопақша мидың үстінде орналасқан. Сопақша ми мен вароли көпірін артқы ми деп те атайды. Мұның қызметі де сопақша ми тәрізді: рефлекторлық және өткізгіштік қызметтерін атқарады.
Мишық 3 бөлімнен тұрады: мишықтың құрты деп аталатын ортаңғы бөлім және мишықтың екі жарты шарлары. Мишық - тонустық рефлекстердің жоғары дәрежелі реттеушісі болып есептеледі. Бұған қоса, мишық тыныс алуды, жүректің соғуын қимылдың түріне байланысты лайықтап отырады.
Ортаңғы ми вароли көпірінің үстіңгі жағында орналасқан. Мұндағы сұр заттар 4 төбешік түрінде шоғырланған: көзді қозғаушы және шығармашылық нервтерінің, қызыл және қара субстанцияның ядролары бар. 4 төмпешіктің алдыңғыларында алғашқы көру орталығы, артқы төмпешіктерінде - алғашқы дыбыс бағдарлау реакциялары орындалады. Қара субстанция үйлестірілген жұтыну, шайнау, саусақтардың нәзік қимылдарын реттеуге қатысады. Қызыл ядрода еттің тонустары реттеледі.
Ортаңғы ми мен ми сыңарларының арасында аралық ми орналасқан. Ол 2 төмпешіктерден және төмпешік асты аймағынан тұрады. Төмпешіктерді таламус, ал төмпешік асты аймағын гипоталамус деп атайды. Таламус арқылы мидың барлық сезгіш жолдары өтеді. Гипоталамус дененің жоғарғы дәрежелі вегетативтік орталығы болып саналады.
Үлкен ми сыңарлары (ми жарты шарлары) мидың ең үлкен, ең маңызды бөлімі. Адам миының барлық салмағының 80%-ын ми сыңарлары алып жатыр. Құрлысы жағынан ми сыңарларының бір-бірмен сүйелді дене арқылы жалғасқан екі жарты шардан тұрады. Әрбір жарты шар 5 бөлімнен тұрады: маңдай, орталық, төбе, шүйде және самай.
Орталық жүйке жүйесінің жоғары бөлімі ретінде ми жарты шарлары бір-бірімен байланысты екі үлкен қызмет атқарады:
- Организмнің сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз етеді, яғни адамның мінез-құлқы, ойлау қабілеті, санасы, ақыл-ойы - бұлардың бәрі жоғары жүйке әрекеттері;
- Организмнің қызметтерін бір-бірімен байланыстыру, ішкі мүшелердің қызметтерін қажетті жағдайға қалыптастыру, келтіру, яғни үйлестіру. Бұлар төменгі дәрежелі жүйке әрекеттері.
ТАҚЫРЫБЫ 3: Жоғары жүйке әрекеті, оның жас ерекшеліктері
Жоғарғы жүйке әрекетіне ми сыңарлары мен оның қыртысының қызметі жатады. Жоғарғы жүйке әрекеті адам организмнің сыртқы ортамен қарым-қатыныасының тиімді қалыптасуын зерттейді. Жоғары дәрежедегі қызметтер: ес, сана, ойлау, көңіл-күйі, ұйқы, түс көру, гипноз т. с. с. ми сыңарлары мен олардың қыртысының негізгі қызметі болып есептеледі.
И. П. Павлов барлық рефлекстерді екі топқа шартты және шартсыз рефлекстер деп бөлген. Шартсыз рефлекстер алғашқы кезде организмнің тірлігін сақтау үшін қажет. Балалардың шартсыз рефлекстерін туысыменен тексеру арқылы олардың жүйке жүйесінің дамуын анықтайды. Шартсыз рефлекстер туа пайда болып, өздерінің орындалуы үшін ешқандай қосымша жағдайларды қажет етпейді: тітіркендіргіш әсер етісімен шартсыз жауап пайда болады.
Шартты рефлекстер тұқым қуаламайды, тек өмір тәжіриесінің негізінде, сыртқы ортамен байланыстың арқасында пайда болып отырады. Әркімнің өзінің тұрмыс жағдайына қарай әр түрлі шартты рефлекстері болады.
Шартты рефлекстер организмді сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына бейімдейді. Шартты рефлекстердің пайда болуына қажетті жағдайлар. Барлық шартты рефлекстердің қалыптасуы үшін сыртқы ортаның қосымша белгілі бір жағдайларын тудыру керек.
Балаларда шартты рефлекстерді тудыру үшін 3 жасқа дейін шартты әсер ретінде баланың ұнататын тамағын немесе ойыншықты қолданады. Мысалы, баланы жүргізіп үйреткенде шақырушы кісі кәмпитті (егер бұрын кәмпит жеп жүрген бала болса) немесе жаңа ойыншықты көрсетіп шақырады да бала тәй-тәй басып келсе, кәмпитті/ойыншықты бере қояды. Кейіннен кәмпитті алуға ұмтылған бала аяғын тезірек басуға мәжбүр болады (кәмпит ұстаған адам бала алға басқан сайын шегініп, ара қашықтығын ұзартады), сөйтіп баланың жүруін тездетеді.
Уақытша нервтік байланыс. Шартты тітркендіргіш әсер еткенде ми қыртысының тітіркендіргішке сәйкес орталығында қозу ошағы пайда болады. Сондықтан бірінші қозу ошағындағы нерв импульстері екінші орталыққа тартылады да, екеуінің арасында байланыс пайда болады. Шартты рефлекстердің пайда болуының негізгі - ми қыртысындағы нерв орталықтарының арасында уақытша нервтік байланыстың пайда болуы.
Шартты рефлекстердің тежелуі және жас ерекшіліктері. Мидағы қозу мен тежелу бір-бірімен байланысты өтеді. Қалыпты жағдайдағы мидағы қозу мен тежелу дәл қажетті сәтте организмнің қызметін не үдетіп, не баяулатып отырады. Тежелу 2 түрлі болады: сыртқы немесе шартсыз және ішкі немесе шартты тежелу.
Ми қыртысының талдау және талқылау қызметтері. Динамикалы стереотип. Талдау арқылы организм өзіне қажетті, тиімді әсерлерді бөліп алып, ажыратады. Ми қыртысы әсер ететін тітіркендіргішітерді жіктеп талдайды. Таңдалған әсерлерге дұрыс жауап қайтару үшін ми қыртысында олар қайта жинақталып қорытылады, талқыланады. Мұны ми қыртысындағы талқылау дейді. Талдау мен талқылау қабілеттері төменгі сатылы жүйке жүйесінің бөлімдері - жұлында, ми бағанасында да жасалады. Дегенмен, ми қыртысы бұлардың ең басты, ең маңызды орталығы.
Өте күрделі талдау мен талқылаудың үлгісі ретінде динамикалы стереотипті алуға болады. Динамикалы стереотип (лат. динамика - қозғалыстың, әрекеттің көптігі; грек. стерео-қатты + типос - таңда, із) деп адам мен жануарлардың ми қыртысында ұзақ мерзім тұрақты ретпен әсер еткен топты тітіркедіргіштің біртұтас шартты рефлекторлы әрекетті тудыратын қабілетін, яғни белгілі бір жүйеге келтіруді айтады.
Жоғарғы жүйке әрекетінің топтары. Әр адамның жүйке жүйесінің тұқым қуалаған жеке қасиеттері өмірден алған тәжірбиесін, сыртқы ортадан алған мағлұматын, мінез-құлақтарын жоғары жүйке әрекетің топтары деп жинақтайды.
И. П. Павлов жоғары жүйке әрекетінің топтары ми қыртысындағы қозу мен тежелудің негізгі 3 қасиетіне байланысты 4 топқа бөледі. Ол қасиеттер: қозу мен тежелудің күші, теңдігі және алмасуы.
Қозу мен тежелудің ми қыртысындағы осы қасиеттеріне қарай И. П. Павлов жануарларда жоғары жүйке әрекетінің 4 түрлі топтарын атаған:
- Күшті ұстамсыз, қозуы тежелуден басым топ.
- Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы ширақ топ.
- Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы баяу топ.
- Әлсіз топ. Ми қыртысының нерв клеткаларының қызмет қабілеті төмен, қозуы нашар дамыған, тежелуі басым.
1-ші және 2-ші сигнал жүйелері мен олардың дамуы. И. П. Павлов сыртқы ортаның табиғи әсерлерін сигналдар деп атады. Сол сигналдарды және оларды қабылдауға қатысатын мүшелер жүйесін 1-ші сигнал жүйесі деп, ал сол сигналдардың сөзбен белгісін “сигналдың сигналы” деп атады. Еңбектің және әлеуметтік дамудың нәтижесінде адамда сөз сигналдарына, сөйлеуге байланысты жай сигналдарды сөзбен белгілеу және оны қабылдау қабілеті дамыған. И. П. Павлов “сигналдың сигналы” қабылдауға қатысатын мүшелер жүйесін және сөйлеу, сөзге байланысты ойлау қабілеттерін 2-ші сигнал жүйесі деп атады. Жануарда тек 1-ші сигнал жүйесі бар. Кейбір құстардың (тоты құс, қараторғай) жеке сөздерді айту қабілеті және олардың мағынасын түсіну (иттерде) қабілеті сол 1-ші сигнал жүйесінің қызметіне жатады, өйткені олар сөзді қарапайым дыбыс сигналы ретінде қабылдайды. Ал адамда екі сигнал жүйесі де бар.
ТАҚЫРЫБЫ 4: Сенсорлық жүйелер сезім мүшелер гигиенасы
Сыртқы және ішкі орталардың әсерлерін қабылдап, талдап, талқылайтын, олардың жағдайлары туралы сезім тудыратын мүшелер жүйесін талдағыштар немесе анлизаторлар дейді.
Организмде жеті түрлі талдағыштар бар: көру, есту, иіс, тері, қозғалыс, дәм және висцеральды (лат. вицералис - ішкі мүшелерге қатысты), яғни ішкі мүшелерге байланысты жүйе.
Барлық талдағыштар 3 бөліменен тұрады: 1) сезгіш немесе перифериялық бөлім, шеткі немесе рецепторлық бөлім деп те атайды; 2) өткізгіш бөлім, сезгіш нерв деп те аталады; 3) орталық, немесе қыртыс бөлімі, яғни қыртысындағы езім орталықтары, сезім аймақтары деп те атайды.
Көру талдағышы. Көру талдағышының сезгіш бөлімі көз алмасында орналасқан.
Көз алмасы - күрделі құрлысты мүше. Көздің сыртын тығыз ақ қабық қоршаған. Ол көз аласының алдыңғы жағында мөлдір, дөңестеу қасаң қабыққа айналады. Ақ қабықтан соң көз алмасын қанмен қамтамасыз етіп тұратын тамырлы қабат бар. Ол қан тамырларының торынан тұрады десек те болады. Тамырлы қабаттың ішкі бетінде жұқа бояу зат - пигмент болады. Ішкі торлы қабығының құрлысы өте күрделі. Негізінен алғанда, ол жарық сәулелеріне сезімтал фоторецепторлар деп аталатын таяқша және сауытша тәрізді клеткалардан тұрады.
Көздің қасаң қабығы, бұршағы шыны тәрізді денесі - негізгі жарық сындырушы оптикалық жүйе. Олар жарық сәулелерін жинақтап, жарық толқындарын сындыру қызметтерін атқарады. Көздің қарашығы арқылы жарық сәулелері көздің қасаң қабағы, бұршағы, шыны тәрізді денесі арқылы өтіп фокустың нүктеде жинақталып заттың нақтылы, бірақ кішірейген бейнесін торлы қабыққа түсіреді.
Қосымша құрлымдарға қас, кірпік еттері, көз жасының безі мен оның қапшығы, көз еттері жатады.
Әр түрлі қашықтықта орналасқан заттың бейнесін торлы қабыққа түсіру үшін көз бұршағы аккомодациялық қызмет атқарады. Аккомодация деп көзден әртүрлі қашықтықта орналасқан заттардың бейнесін қабылдау қабілетін айтады.
Көз және көру заттың пішінін, түсін, мөлшерін, орналасу қашықтығын және бағытын анықтайды. Затты айқын көру үшін оның бөлшектерін жақсы көру керек. Заттың ұсақ бөлшектерін көру қабілетін көздің өткірлігі дейді. Заттың бейнесі сары даққа түскенде ол өте анық көрінеді, ал сары дақтан торлы қабықтың шетіне қарай жылжыған сайын бұл қабілет азаяды. Ол адамның жасына, жағдайына байланысты, мысалы, нәрестенің көзінің өткірлігі - 0, 004-0, 02, 3 айда - 0, 05-01, 1 жаста -0, 3-0, 6, 4-5 жаста - 0, 7-1, 0, 10-15 жаста - 1, 0 шартты бірлік өлшеміне тең.
Адам қос көзбен көру, яғни бинокулярлық қабілеті бар организмге жатады. Қос көзбен көру арқылы қоршаған ортаның заттарын, оның тереңдігін, қашықтығын, пішінін дұрыс анықтай алады.
Балалардың көз алмасының көлденең диаметрі ұзарғанда немесе жарық сәулелерін сындыру қабілеті күшейгенде жақыннан көру қабілеті пайда болады. Ондай адам тек жақын жердегі заттың бейнесін анық көріп, көзден алыстау орналасқан затты бұлдыр көреді.
Көру гигиенасының талаптары:
- кітапты оқығанда, қағазды жазғанда баланың көзі мен қағаз аралығы 35-40 см болуы тиіс. Ең тиімдісі 37 см;
- баланың жұмыс орнының жарығы дұрыс қосылуға тиіс. Ең тиімді жарық мөлшері 150-300 люкс шамасында. Жарық сәулелерінің әсері баланың көзіне тура түспеуі керек. Жарық көздерінің сыртында жарық сәулелерін шашатын сәуле сейілдіргіштері, айталық, плафон, абажур, пластинка болуы тиіс.
- үстелде, партада бала дұрыс отыруы керек.
- жүріп келе жатқан көлікте кітап оқуға болмайды.
- теледидар көрсетулерін қарағанда ең кемінде 2, 5-3 м қашықтықта отырған жөн (теледидардың экраны 62 см болғанда) .
- Баланың жасына лайық жазу, оқу еңбектерінің, теледидарды қарау ұзақтығын, әсіресе көзге күш түсіретін еңбектің түрлерін, олардың ұзақтығын мұқият қадағалаған жөн.
- Баланың жасына лайық кітап оқу ұзақтығын сақтау,
6-7 жаста - 10 минөт,
7-10 жаста - 15 минөт,
10-12 жаста - 20 минөт,
12-15 жаста - 25 минөт,
5-18 жаста 30 минөт, яғни осы көрсетілген уақыттан соң аз да болса, көзді демалдырып, отыру қажет немесе көз талмайтын жұмыспен айналысқан жөн.
Көздің тазалығын сақтау керек: көзді таза қол орамалмен сүру, әр адамның өз бет орамалының болуы, шаң-тозаңнан сақтау т. б.
Көз еттерін жаттықтыру, жалпы организмді шынықтыру, жұқпалы аурулардан сақтау, оларды асқындырмай мезгілінде емдеу, дұрыс тамақтану т. б. гигиеналық талаптарды сақтау, организмді шаршатпауға тырысу керек.
ТАҚЫРЫБЫ 5: Ішкі секрециялық бездер жүйесінің физиологиясы
Ішкі секрециялық бездер жүйесі - синтездеп бөлетін өнімі (секреті) тікелей қанға шығарылатын, қанмен бүкіл денеге тарап, зат алмасу үрдісіне, ішкі ағзалардың қызметіне, адам организмінің күллі тіршілігіне ықпалын тигізетін мүшелер жүйесі.
Орталық ІСБ: Гипофиз, Эпифиз, Гипоталамус-тың нейросекреторлық ядролары.
Шеткі ІСБ: Қалқанша безі, Қалқансерік бездері, Тимус (айырлы без), Бүйрек үсті бездері, Ұйқы безінің Лангерганс аралшықтары, Жыныс бездері.
Гормондар - ІСБ-дің өнімдері, өте белсенді химиялық заттар, жүйке жүйесімен бірлесе отырып организмнің өсуін, дамуын, физиологиялық қызметтерін үйлестіруге, зат және энергияның алмасуына, ағзалардың қызметтін реттеуге қатысады.
Ортақ қасиеттері:
- өте белсенді, тым аз мөлшерде де әсер ете алады;
- әсері арнайы бағытталған, бір гормон жетіспегенде
екінші бездің гормоны оның қызметін атқара
алмайды;
- ұлпаларға, мүшелерге өзінің пайда болатын жерінен дистантты, яғни қашық тұрып, алыстан әсер етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz