Жүн талшығы


Жүн талшықғы
Еуроодақ мемлекеттерінің ауыл шаруашылығына қаржылай қолдауы әр гектар егіндікке шаққанда 855 евро (шамамен 1200$) болса, біздегі ол сома 17, 2 АҚШ долларын құрайды екен. Шаруашылығымыздың дағдарыстан енді шығып келе жатқанын ескерсек, мемлекет қолдауының қаншалықты мардымсыз екені айқын болса керек. Осылардың бәрін ескермей, өнімдеріміз дүниежүзілік бәсекелестікке сай болуы керек деп отырғанымыз да таңданарлық.
Қазіргі кезде бұл мәселе тек аталынып қойылады да, оны шешудің жүйелі, нақты шаралары жоқ, бағдарламасы да жасалынбайды. Оған ақпарат құралдары да тиісті назар аудармайды. Неліктен?
Елбасы биылғы Жолдауында кәсіпкерлердің мәліметіне сүйене отырып (сілтеме жасап), еліміздегі өндірілетін жүннің 80 пайызы жуылмай, өте төмен бағамен шетелге сатылып отырғанын атап айтқан болатын. Ол тек «Айқын», «Время» газетінде ғана жарияланды. Ал «ауыл» дегенде көз жастарына етек толатын көптеген қазақ газеттері ол туралы естімегендей. Осы Жолдауға арналған он алты облыс әкімдерінің он алты беттік хабарламаларын жариялаған «Ана тілі» газетінде де жүн туралы бірауыз сөз жоқ. Жалпы, қой мәселесі туралы бір-екі облыс әкімінің мәліметтері ғана бар. Қазақстандағы өсірілетін қойдың 70-тен аса пайызы шоғырланған Оңтүстік және Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Алматы облысы әкімдерінің хабарламаларында бұл мәселенің көтерілмеуі таңданарлық.
Дүниежүзіндегі ірі жүн өндірушілердің және пайдаланушылардың істерін үйлестіруші The Woolmarc Company компаниясының болжамы бойынша, соңғы жылдары сияқты 2006-2009 жылдарда жүнге деген сұраныс өседі. Бұл өсім ең ірі жүн тұтынушылар Қытай, Оңтүстік Корея және АҚШ-та тиісінше 7, 9; 4, 3 және 3, 1 пайызды құрайды деп күтілуде. Бұл жағдай жүн өндірудің негізгі ойыншылары Австралия, Жаңа Зеландияда қой санының кемуі және жүн өндірудің төмендеп жатқан кезеңіне сай келіп тұрғандықтан, жаңа жүн өндіру көздерінің дамуын қажет ететіні байқалады. Республикамызда өндірілетін жүннің және оның сатуға дайындалу сапасын, әсіресе, ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздігін арттыра алсақ, еліміздің жүнді экспорттау мүмкіншілігінің өсуі жоғары болатыны даусыз.
Негізінде жүнді өңделген, дайын бұйым ретінде сату немесе экспорттау тиімді екені белгілі.
- Біріншіден, ол жағдайда түсетін ақша әлдеқайда көп болса,
- Екіншіден, жұмыс орны көбейеді.
- Үшіншіден, сатып алушылардың «пайдалануға жарамсыз, сапасы төмен» дейтін шикізаттың өзінен де бағалы бұйымдар жасауға болады.
Себебі ондай шикізаттар өнімділігі үлкен, техникалық құрал-жабдықтарда өңдеуге жарамсыз (тиімсіз) болғанымен қолдан немесе құрылымы қарапайым техникамен өңдеуге келеді.
Жүн бұйымдарына сұранысы өз деңгейінде болмауы қарай топтарға бөлінеді:
- Біріншіден, тұтынушыларына жеткізіп бере алмауымызда. Мысалы, әсемдігімен таңдандыратын тұскиізді Алматы, Астана сияқты сатып алу мүмкіншіліктері мол, шетелдіктер жиі, көп келетін қалалардың ең ірі супермаркеттерінен таба алмайсың. Сол сияқты текемет, қол кілем, кілем қоржын, жұқа ақ киізден жасалған сырт киімдер (кезінде «Заңғар» әмбебап дүкеніндегі осы бұйымдарға пародия заттарды айтпаймын) сатылатын тұрақты дүкендер жоқтың қасы. Біздің ұлттық ерекшелігіміздің, мұрамыздың белгісі ретінде бұл мәселе мемлекет құзырында болуы тиіс. Еліміздің үлкен сауда орындарының, мұражайларының және шетелдердегі елшіліктерінің (консулдық) жанында болса, оларға қызметінің алғашқы жылдарында қаржылай да көмек көрсетілсе, кейін жай қамқорлықтың өзімен ғана, бұл тұлғалардың өркен жайып кету мүмкіндігі мол.
- Екіншіден, жүн бұйымдардың адам организміне зиян тигізбейтіндігін, пайдалы екендігін ел санасына жеткізе алмауымызда. Күйе түспейді, жууға ыңғайлы дейтін синтетикалық бұйымдардың от шашып, денеге электр зарядын жинау арқылы, дененің демалып тұруына кедергі жасап, оны тұншықтырып, терге батыруының нәтижесінде кісі организміне үлкен зиян келтіретініне мән бермейміз. Ал жүн талшығының электрленбейтінін оның ылғалды өзіне тартып алып ұстап тұрып, керек кезінде қайта шығара алатындығы, жылу-суықты өткізбей, бірақ дененің демалып тұруын қамтамасыз ете алатындығына немқұрайды қараймыз немесе қаржы тапшылығы ондай бұйымдар алуға мүмкіндік бермейді. Нәтижесінде, ауру-сырқау көбейіп, оны түзеуге кететін шығын жүн бұйымдарды алуға кететін шығыннан әлдеқайда көп болатындығы ескерілмейді. Осы жайттарды нақты дәлелдермен денсаулық сақтау қызметі мамандарының түсіндіруі жетіспей отыр. Осы сияқты киіз, кілем басқа да жүннен жасалған төсеніштердің жылу сақтағыштығының жоғары екенін есептемегенде, оның үй микроклиматын қалыпты ұстап тұратынын, үй ауасындағы шаң-тозаңды өзіне тартып ұстап тұру арқасында үйдегі ауаны шаңнан тазартатыны айтыла бермейді.
- Үшіншіден, жүннен жасалатын бұйымдарды пайдаланғанда орын алатын кейбір қолайсыздықтарды мысалы, текеметтің бетінен қылшықтар түсіп тұратыны, олар жай жинаулы күйде желдетілмей көп тұрып қалса, күйе түсетіні, беттеріне шаң-тозаңның көп отыратыны, одан тазартудың көп еңбекті қажет ететіні - технолог, химик және басқа өндіріс мамандары араласса, шешілуі табылатын істер. Ауылдың, түптеп келгенде, жалпы, мемелекеттің қамын ойлайтын азаматтар осы мәселеге атсалысуы керек. Оларды іске тартуға, жеткен жетістіктерін уақытында жариялап отыруға БАҚ әсері зор.
Жүннен жасалатын бұйымдардың мардымсыз мөлшерде шығарылуының, шығарылғанының қымбат болатынының себебі, өндірудегі технологияның күрделілігі, көп жұмыстардың қол еңбегімен атқарылады.
Жүннен жасалатын бұйымның барлығы дерлік жүнді жууды, тарауды, қопсытуды (сабауды) қажет етеді. Қазір олар сіз айтқандай, негізінен, қолмен жасалады. Семей, Тараздағы жүн жуу фабрикаларына немесе республикамыздағы басқа екі-үш жүн жуу желілері бар цехтарына жүн өндірушілердің көпшілігі өнімін жеткізе алмайды. Жүн түту орындары да жүн өндірушілерден қашық орналасқан. Киіз байпақ басу цехтары жеткіліксіз, құрал-жабдықтары ескірген. Өнімділігі шикізатпен қамтамасыз етілмегендіктен және басқа түрлі себептермен жылына үш-төрт ай ғана шикізат бар кезінде ғана жұмыс істейді. Біздің білуімізше, жүннен тоқыма бұйымдар шығаратын Қарғалы (Алматы маңында) комбинаты және Аягөз жүн тоқу фабрикасы (Шығыс Қазақстан облысы) ғана жұмыс істейді.
Аталған кешендердегі жүн өңдеу, одан бұйымдар жасау құрал-жабдықтары шетелден әкелінуде. Оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары - Жаңа Зеландия («Андар» фирмасы) және Қытай өнімдері. Біріншісі - толық өнімділігімен жұмыс істеу үшін жылына бір-екі миллион бас қойдың жүнін қажет еткендіктен, екіншісі - сапасыз жасалуымен толыққанды пайдаланылмай отыр.
Жылына 90-100 тонна жүн жуғанда тиімді жұмыс істей алатын шағын жүн жуу желісі, 10-20 тонна жүн өңдесе тиімді болатын шағын қарапайым киіз басу құрылғысы, жұмысшы органдары күнде тазалап отыруды қажет етпейтін шағын жүн түту қондырғылары жасалып жатқан. Өкінішке қарай, қаржыландыру тоқтатылып, Қазақстандағы қой шаруашылығын жарақтандыру зертханалары (мен басқаратын және қой шаруашылығы ғылыми зерттеу институтындағы ) жабылып қалды.
Елбасы Жолдауында еліміздегі өндірілетін жүннің 80 пайызы жуылмай сатылатынын айтып, бұл мәселеге ерекше назар аудартып отырған күннің өзінде министрлік селт етпеген бе, әлде құзыры жетпей ме?
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz