Математика ғылымының қалыптасуы, математикалық теорияның пайда болуы



Қазіргі математика ғылым мен техниканың барлық саласына қарқынды еніп, оларды бір-бірімен барынша жақындастарып отыр. Ол қоғамның материалдық және рухани сферасының, соның ішінде ғылыми-техникалық прогрестің дамуына өзінің үлкен әсерін тигізуде.
Бүгнгі қайшылықты және күрделі әлеуметтік және ғылыми өмірімізде бірден бір дұрыс және тез шешім қабылдау орасан зор информацияны өндеу, жинақтау және тасымалдау тәсілдеріне байланысты. Егер ХІХғ. ортасында әрбір 50 жылда ғылыми информацияның көлемі екі есе артып отырса, онда қазір әрбір 20 айда ол екі еселеніп отырады екен. Біздер осындай шынайы информатциялық және компыотерлік революция заманында өмір сүріп отырмыз. Болашақ техника мен технология математикаға, оның негізгі принцптері мен әдістеріне негізделген. ХІХғ. автоматты техникасы мен бүкіл өндірістің бірден-бір тілі математика деп орынды атайды. Тоқырау кезінде мектепте математиканы оқып-үйренудің. Дәрежесі өте томендеп кетті. Мектеп математикасы мен казіргі математика ғылымының, арасында үлкен алшақтық пайда болады. Болашақ математика мамандарының математиканы жақсы менгеруі үшін олар оның теориялық және философиялық негізін жақсы білуі қажет. Оның үстіне оны оқытатын бағыттағы әдебиеттер (қазақ тілінде) жоқтың қасы.
Терминология жөнінде бірер сөз. Қазақ тіліндегі философиялық және математикалық терминология терең зерттелмеген. Жарық көрген математикалық сөздіктердің теориялық деңгейі өте төмен. Ал осы уакытқа дейін ешқандай да филасофиялық сөздік жасалмаған. Осының барлығы жастардың математикалық және философиялық мәдениетін қалыптастыруға, математикалық, дайындығын жетілдіруге,халық арасында математикалық білімді насихаттауға үлкен нұқсан келтіріп отыр. Бұл проблемалар тез арада шешуді қажет етеді. Кайта кұру мен жеделдету стратегиясы жастардың жалпы және кәсіптік білімін, диалектикалық ойлау жүйесі мен ғылыми көзқарасын қалыптастыруды практикалық мәселе етіп қойып отыр. Оны іске асыру үшін көпшілікке арналған философиялық және математикалық әдебиеттерді баспалар көптеп шығарғаны жөн.

Пән: Математика, Геометрия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Математика ғылымының қалыптасуы,
математикалық теорияның пайда болуы

Қазіргі математика ғылым мен техниканың барлық саласына қарқынды
еніп, оларды бір-бірімен барынша жақындастарып отыр. Ол қоғамның
материалдық және рухани сферасының, соның ішінде ғылыми-техникалық
прогрестің дамуына өзінің үлкен әсерін тигізуде.
Бүгнгі қайшылықты және күрделі әлеуметтік және ғылыми
өмірімізде бірден бір дұрыс және тез шешім қабылдау орасан зор информацияны
өндеу, жинақтау және тасымалдау тәсілдеріне байланысты. Егер
ХІХғ. ортасында әрбір 50 жылда ғылыми информацияның көлемі екі
есе артып отырса, онда қазір әрбір 20 айда ол екі еселеніп отырады екен.
Біздер осындай шынайы информатциялық және компыотерлік революция
заманында өмір сүріп отырмыз. Болашақ техника мен технология
математикаға, оның негізгі принцптері мен әдістеріне негізделген.
ХІХғ. автоматты техникасы мен бүкіл өндірістің бірден-бір тілі математика
деп орынды атайды. Тоқырау кезінде мектепте математиканы оқып-үйренудің.
Дәрежесі өте томендеп кетті. Мектеп математикасы мен казіргі
математика ғылымының, арасында үлкен алшақтық пайда болады.
Болашақ математика мамандарының математиканы жақсы менгеруі үшін
олар оның теориялық және философиялық негізін жақсы білуі қажет. Оның
үстіне оны оқытатын бағыттағы әдебиеттер (қазақ тілінде) жоқтың қасы.
Терминология жөнінде бірер сөз. Қазақ тіліндегі философиялық және
математикалық терминология терең зерттелмеген. Жарық көрген
математикалық сөздіктердің теориялық деңгейі өте төмен. Ал осы уакытқа
дейін ешқандай да филасофиялық сөздік жасалмаған. Осының барлығы жастардың
математикалық және философиялық мәдениетін қалыптастыруға,
математикалық, дайындығын жетілдіруге,халық арасында математикалық
білімді насихаттауға үлкен нұқсан келтіріп отыр. Бұл проблемалар тез арада
шешуді қажет етеді. Кайта кұру мен жеделдету стратегиясы жастардың
жалпы және кәсіптік білімін, диалектикалық ойлау жүйесі мен ғылыми
көзқарасын қалыптастыруды практикалық мәселе етіп қойып отыр. Оны іске
асыру үшін көпшілікке арналған философиялық және математикалық
әдебиеттерді баспалар көптеп шығарғаны жөн.
Бұл кітаптың мақсаты — оқушының математикаға деген сана-сезімін ояту,
ынта-жігерін арттыру, оның пәні мен әдісі, дамуының, негізгі принциптері
мен заңдылықтары туралы қазіргі заманға лайық түсінік беру.
Математикада көптеген революциялық өзгерістер больп отыр. Онда жаңа
теориялар пайда болуда, оның зерттеу мәні мен әдісі өзгеруде, практикамен,
өмірмен байланысы арта түсуде, ол ғылыми-техникалық прогресті жеделдету
факторларының біріне айналып отыр. Осыған орай математика дегеніміз не, ол
қалай дамиды, оның дамуында қандай заңдылықтар әрекет етеді, ғылымның
дамуында математиканың ролі қандай? деген сияқты сұраулар күн тәртібіне
заңды түрде қойылып отыр. Оларға жауап беру үшін бүл кітапта біз математика
мен философия ғылымдарының одағына сүйенеміз.
Әрине, шағын кітапта бұлардың бәрі жөнінде көп нәрсе айту да қиын және
мүмкін емес. Дегенмен біздер осы сұрақтарға жауап беруге тырысамыз.
Аударма әдебиеттерде орыс -тіліндегі "количество" және "число" деп
аталатын ұғымдарды қазақ тілінде "сан" деп бір сөзбен аударып жүр. Бұл жиі
кездесетін үлкен қателік. Біздер кітапта орыс тілндегі "количество" деп
аталатын философиялық ұғымды "мөлшер" деп алуымыз керек. Мөлшер болмыс пен
ойлаудың ең жалпы сипаттамасы, адам өзінің күнделікті практикалық
қызметінде басқа адамдармен сапалық-мөлшерлік қатынастарда болады және
оларды таньп біледі. Сонда философиялық және математикалық ұғымдарды өзара
ажыратуға мүмкіндік туады. Сонымен орыс тіліндегі "количество" дейтін
философиялық ұғымды "мөлшер", ал "число" дейтін математикалық ұғымды "сан"
деп аударған дұрыс болады. Бұл біздер үшін өте қажет.
Математика еңбекті қоғамдық бөлудің тарихи барысында адамның біртұтас
практикалық қызметінің одан әрі бөлтектенуінің нәтижесінде ежелгі Греция
дәуірінде ғылым тарихында бірінші болып танудың теориялық жолына көшті.
Әдетте "ғылым" деген термин жаңа дәуірге дейін "философия" деген терминмен
тепе-тең болып келді, соның яғни философияның" ауқымында дамыды, тек осы
деуірден бастап қазіргі мағынадағы өлеуметтік институты және адамның
танымдық қызметінің ең айрықша формасы ретінде қалыптасты. Шын мәнісінде
шынайы тарихқа үңілсек, онда математика ежелгі құл иеленушілік қоғамның
алғашқы әлеуметтік институты ретінде Грецияда пайда болған. Бұл оның
зерттеу пәнінің жалпылама абстрактылығына тікелей байланыста болды. Сонымен
бірге өзінің тарихи дамуында математиканың логикалық негізі әр түрлі
өзгерістерге үшырады Математика зерттейтін пәннің, яғни шын дүниенің
карапайым мөлшерлік қатынастары мен кеңістік формаларының жалпылама
абстрактылығы оның ғылыми білімінің әр түрлі саласында қолданылуына себепші
болды.. Сөйтіп әрбір дәуірге тән математика оның логикалық мәдениетін
қалыптастыруға өзінің әсерін тигізді. Сондықтан математика адамзаттың жалпы
мәдени дамуының құрамында белгілі орын алады.
Математика шындықтың белгілі бір жағын, яғни мөлшерлік катынастар мен
кеңістік формаларын, абстрактылы объектлер мен олар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математика ғылымының қалыптасуы
Қазіргі заман мектебінде математикадан білім беру
Математиканың шығу тарихы
Қазіргі кезде мектепте экономикалық білім беру
ЖАРАТЫЛЫСТАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ДАМУЫ
ҚҰРАЛДАРЫ ЖЕТЕКШІ КОМПОНЕНТТЕР
Геометриялық құрылым мәселесі және оның физикалық теориясы
«Қазіргі жаратылыстану концепциялары» курсы бойынша дәрістер
Ғылымның тарихы мен философиясының пәні
Қазіргі кезеңдегі жалпы білім беру орта мектептердегі экономика негіздерін оқытуың мазмұны мен ерекшеліктері
Пәндер