Иондаушы сәулелердің негізгі гигиеналық нормалары


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:
Иондаушы сәулелердің негізгі гигиеналық нормалары
Қазақстан Республикасының Заңымен қабылданған «Тұрғындардың радиациялық қауіпсіздігі туралы», РҚН-99 және нағыз санитарлық ережелер мен радиациялық қорғаныс талаптары орындалса, радиациялық қауіпсіздіктің негізгі принциптері сақталса(негізгі, оптимизацясы, нормалауы), персоналдың, тұрғындардың және табиғи ортаның радиациялық қауіпсіздігі қамтамасыз етілді деп есептеледі.
РҚН-99 дозалық шектеу жүйесін және оларды қолдану принциптерін белгілейді, олар келесі негізгі радиациялық қауіпсіздік принциптеіне негізделген:
-белгіленген негізгі шектеуші дозадан асырмау
-негізсіз сәулеленудің барлығын болырмау
-сәулелену дозасын мүмкіндігінше төмен деңгейге түсіру.
Иондаушы сәулелерді нормалау немесе регламентін белгілеу, радиациялық гигиенаның алдына қойған мқсаттарының бірі, ол радиацияға қарсы қорғаныс шараларын жасап шығару мақсатында, адам ағзасына радиацияның әсер көрсетуін зерттейді.
Радиациялық қауіпсіздік дегеніміз - ионданушы сәулелерден қорғануды қамтамасыз ететін ғылыми - негізделген шаралардың жиынтығы. Оның құрамына:жеке адамдар үшін, сонымен қатар бүкіл популяция мен қоршаған ортаның табиғи обьектілері үшін, иондаушы сәулелердің қауіптілігін бағалауды нұсқайтын критерийлер; радиациялық жай-күйді басалаудың, оны бақылаудың және болжаудың әдістері мен жолдары; иондаушы сәулелерді адамзаттың іс-әрекетінде қолданудың қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз ететін проекті, техникалык, медико-санитарлық және ұйымдастыру шаралары кіреді.
Дозаның жіберілу шегі (ДЖШ) - бұл персоналдың жыл бойындасы сәулелену деңгейі, дозаның 50 жыл барысында біркелкі жиналуы, сәулеленген адмның және оның ұрпактарының денсаулығында жағымсыз өзгерістер болмағанын және қазіргі кездегі қолданылатын әдістермен ондай ауру тумағанын анықтайды.
Қазіргі кезде ДЖШ кәсіптік сәулелену үшін жылына 5 бэрге дейінгі дозаны құрайды. Ал, бүкіл тұрғындар үшін бұл шама 100 есе азайтылған. Бұл көрсеткіш жер шарының кейбір географиялық аудандарының табиғи фон деңгейіне сәйкес келеді. Иондаушы сәулелер туралы негізгі құжаттар болып «Радиациялык қауіпсіздік нормалары туралы» (РҚН-99), «Радиоактивті заттармен және басқада иондаушы сәулелердің көздерімен жұмыс істеудің негізгі санитарлық ережелері» қолданылады.
РҚН бойынша сәулеленудің үш категориясы анықталған:
1.
А категориясы
- иондаушы сәулелер көзімен тікелей жұмыс істейтін
персонал немесе өзінің өндірістік іс-әрекетінде сәулеленуге ұшырау мүмкіндігі бар кісілер.
2.
Б категориясы
- бақылау зонасындағы территорияда туратын
тұрғындар, сәулелену дозасы тұрғындар үшін жіберілетін шектен асып
кетуі мүмкін.
3. С категориясы - республика, аймақ тұрғындары.
кемуіне байланысты қауіпті мүшелер үш
топқа бөлінеді:
I топ - бүкіл дене, гонадалар, қан түзуші мүшелер (сұйектің қызыл кемігі) ;
II топ - бұлшық еттер, қалқанша безі, май ұлпасы, бауыр, көк бауыр,
бүйрек, асқазан-ішек жолдары, өкпе, көз қарамығы;
III топ - дене терісі, сұйек ұлпасы, қол, аяқ және өкшелер.
Қатерлі мүшелердің топтарына тәуелді негізгі дозаның шектелуі ретінде А категориясы үшін жылына дозаның жіберілу шегі (ДЖШ) , ал Б категориясы үшін жылына доза шегі (ДШ) белгіленген.
ДШ - шектелген тұрғындар бөлігі үшін жылдық эквивалентті доза шегі; ДЖШ салыстырғанда ДШ аз мөлшерде бекітіледі, себебі адамдарды негізсіз сәулелендіруді болдырмайды.
А категориясындағы адамдарға ДШЖ I, II, III топтағы қауіпті мүшелер үшін жылына 5, 15 және 30 бэр кұрайды, ал ДШ I, II, III топтағы қауіпті мүшелер үшін жылына 0, 5; 1, 5 және 3, 0 бэр кұрайды (5-кесте) .
Радиоактивті заттармен және иондаушы сәулелер көзімен жұмыс істеу барысында, санитарлық-дозиметрлік бақылау жүргізу үшін, арнайы аппараттармен дозаны аныктап, сырттан сәулеленуді бакылаумен қатар, теориялық есептеу де жүргізіледі. Санитарлық бакылауды алдын ала жүргізуде, есептеу әдісінің ерекше маңызы бар.
Практикада гамма-, рентген сәулелерінен, нейтрондардан қорғануды бақылау және дозаны есептеу әдісі жиі жүргізіледі.
Есептеу әдісінің негізінде иондаушы сәулелердің кеңістікте таралу заңдылықтары, олардың әртүрлі заттармен әрекеттесуі жатыр және т. б.
Радияциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін негізгі санитарлық ережелер
Радиациялық қауіпсіздік - дегеніміз қабылданған нормаларға сәйкес қызметкерлерді (персонал), халықты, қоршаған ортаны радиациялық әсерден шектейтін шаралармен қамтамасыз ету.
Халықтың радиациялық қауіпсіздігіне аса көңіл аударылады және оған барған сайын көп мән беріледі, себебі соңғы он жылдықтарда иондағыш сәуленің көздерін пайдалану масштабы ғана емес, сондай-ақ қолдану өрісі де кеңейіп отыр. Мұндай жағдайлар, олардың көмегімен бірқатар маңызды халықшаруашылық мәселелерін шешуге, елеулі экономикалық тиімділік алуга және мамандандырылған көмек көрсетуге болатындығымен түсіндіріледі.
Иондағыш сәуле көздерін халық шаруашылығында кауіпсіз және тиімді пайдалану мәселелерін шешу. осы саладагы жұмыстарды ұйымдастырушы мекемелер мен мемлекеттік басқаруға байланысты. Атом энергиясын өндіру және пайдалану кезіндегі жұмыстардың сипаты, оның қасиеттері мен адам ағзасына әсер ету ерекшеліктері арқылы анықталады, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және коршаған ортаны қорғау шараларының арнайы түрлері және әдістермен қамтамасыз етеді. Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі құқықтық заңның пайда болуы мен дамуы, түрлері және бағыттары бір-бірінен айырмашылығы бар бірнеше сатылардан өтті. Бұл халық шаруашылығының әртүрлі салаларына иондаушы сәулелердің енуімен, ядролық энергияның дамуымен және радицияны баска салаларда пайдаланумен байланысты еді. Мысалы, XX ғасырдың 40-жылдарында, иондағыш сәулеленуді медициналық рентгенологияда, жеке ғылыми эксперименттерде, халык шаруашылығының кейбір салаларында қолданды. Бұл кезеңде ғалымдар радиациялық фактордың сапалық және сандық көрсеткіштерін әлі де анықтай алмаған, себебі радиацияның зақым тудыратын әсері жөніндегі көзқарастар жаңа қалыптаса бастаған болатын.
Соғыстан кейінгі жылдары атом өндірісі дамуына байланысты, ядролық энергия, ғылымның, техниканың және денсаулык сақтаудын әртүрлі салаларына енгізіле бастады.
Ғалымдардың алдына жаңа міндет қойылды, ол міндет бойынша, бәрінен бұрын радияциялык фактордың адам ағзасына әсер ету спецификасын ескере отырып, персонал мен халық сәулеленуге ұшырағанда, доза шектерінің жүйесін анықтауға мүмкіндік беретін радиациялық қауіпсіздік принциптері мен нормаларын бекіту үшін, негізге алатын шарттарды әзірлеу еді. XX ғасырдың 50-шы жылдарының соңы мен 60-шы жылдарының басында зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында ядролық реакторлар, зарядталған бөлшектерді үдеткіштер және медицинаға арналған қуатты γ жэне β қондырғылар мен аспаптар, технологиялық бакылауға арналған радиоизотоптық кұралдар жаппай еңгізіле басталуымен сипатталады. Радиациялық фактордың әсер ету жағдайында жұмыс істейтін адамдардың саны күрт өсті.
Радиациялық қауіпсіздіктің басты мақсаты шаруашылықтың әртүрлі салаларында, ғылымда және медицинада радиацияны қолдану барысында, пайдалы жақтарын негізсіз шектемей, радиациялык қауіпсіздіктің негізгі принциптері мен нормаларын сактау арқылы иондағыш сәулелердің зиянды әсерінен халықтың және персоналдардың денсаулығын корғау.
Халықаралық негізгі қауіпсіздік нормаларын сақтау, иондағыш сәулелену көздерімен жұмыс істейтін адамдардың және бүкіл халықтың қауіпсіздігіне сенімді кепілдік беретінін гылыми мәліметтер көрсетті.
Иондаушы сәулелер көздерін калыпты пайдалану барысында радиацнялық кауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін келесі принциптерді басшылыкқа алу қажет:
• сәулелену көздерінің барлық түрінен, халыктың сәулелену дозасын рұксат етілген шегінен асырмау. (нормалау приципі)
• иондаушы сәулелер көздерін пайдалану кезіндегі адамның және қоғамның алатын пайдасы оларды қолдану кезіндегі сәулеленуден келетін зиянды қатер мүмкіншілігінен аспайтын болса, оларды пайдалану жөніндегі барлық іс-әрекеттерге тиым салу. ( негіздеу прнципі)
• кез келген сәулелер көздерін пайдалану кезінде, экономикалық және әлеуметтік факторларды ескере отырып жеке бастың сәулеленуге ұшырау дозаларын және сәулеленуге ұшырайтын адамдардың санын мүмкіншілігінше және қолдан келгенше төмен деңгейде ұстау. (оптималдау приципі) .
Техногендік сәулелер көздерін қолдану барысындағы иондаушы сәулелердің әсерімен қатар, адамдар келесі жағдайларда да сәулеленуі мүмкін:
- радиациялык авариялар нәтижесінде
- табиғи сәулелер көздерінен
- медициналық аппараттардан сәулелену
Радиациялык қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптар әрбір сәулелер түрі үшін нақты жазылған. Барлык сәулелену түрінен алынған доза жиынтығы, радиациялык жағдайды және одан көрініс беретін медициналык салдарды бағалауга қолданылады. Сонымен катар, қорғану шараларын негіздеуге және олардың тиімділігін бағалау үшін де қолданылады.
Жасанды және табиғи сәулелердін барлық түрлерінің әсер корсетуінен адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, радиациялык қауіпсіздік нормаларын қолданады. ( РҚН-99 ) Ол, «Халықтын радиациялық кауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы заңының талаптарымен регламенттелген, негізгі құжат. Онда, иондағыш сәулелердің рұқсат етілген негізгі доза шектерінің деңгейлері және адамның сәулеленуге ұшырауын шектеу жөніндегі басқа да талаптар көрсетілген. Ешқандай басқа нормативтік және әдістемелік құжаттар сол нормалардың талаптарына қарсы келмеуі қажет.
Радиациялық бакылау туралы түсінік
Радиациялық бақылау - радиациялык қауіпті нысандарды жобалау сатысынан бастап, радиациялык қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ең маңызды бөлігі. Оның мақсаты калыпты жұмыс барысында радиациялық қауіпсіздік принциптерін сактауды және белгіленген негізгі доза шектері мен деңгейлерден аспауын қадағалау, нормативтер талабының сақтау дәрежесін анықтау. Радияциялык апат (авария) кезінде, жергілікті жерлердің және ғимараттардың радиоиуклидтермен ластануы жагдайында қорғануды оптималды жүргізу туралы және оны бастау туралы шешім қабылданғанын, сондай-ақ табиги сәулеленуге ұшырау деңгейі жоғары аумактар мен ғимараттардан кажетті ақпарат алып отыру.
РҚН-99-ға сәйкес радиациялық бақылауды пайдалану жағдайлары:
- 10 мЗв аспайтын индивидуальдық эффективті доза тудыратын;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz