Туристерге қазақтың киіз үйімен жиһаздарын таныстыру әдістемесін жасау



Кіріспе

I. Тарау. Қазақтың байырғы баспаналарының мәтіндік сипаты.
1.1.Қазақи баспаналардың пайда болуы мен қолөнер ерекшеліктері
1.2 Байырғы баспаналар түрлері,олардың этноэкскурсиялық мәні
1.3.Экскурсия әнгімесінде баспана жасаудың технологиясы мен архитектуралық құрылымы туралы
II. Тарау. Тұрмыстық жасаулар , жиһаздар мен бұйымдар түрлері.
2.1. Киіз үй жасаулары және жиһаздар түрлерімен таныстыру
2.2. Баспанаға қатысты атаулар және қосалқы жасаулардың мән
мағынасын ашу тәсілдері
2.3. Киіз үйдің тұрмыстық жасаулары (ыдыс аяқтар) туралы әңгіме мәтіні
2.4. Экскурсия жүргізу әдістемелері мен технологиялық картасы

Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Этнографиялық экскурсиялар ұлттық ерекшеліктер мен ұлттық мұраларымызды танытуға, ұлттық тәрбие беруге бағытталады. Халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріне қатысты дүние танымды кеңейтуге ұлтымызды әлемге танытуға мүмкіншілігі зор. Этноэкскурсиялар арқылы тұрмыстық-салт ерекшеліктерімізді, тұрмыстық заттар ұлттық баспана және оның жабдықтарын, киім үлгісі мен қол өнерді, ұлттық дастархан мәзірлерін, ұлттық өнімдерін таныстыра отырып тәлім тәрбиелік мәнін аша түсеміз.
Адам дүниеге келгеннен бастап жасалатын салт-дәстүріміз тойлар мен мерекелер жайлы, ондағы әдет-ғұрыптар тегіс қамтылады.
Халқымыздың ұрпағын тәрбиелеудегі ғасырлар бойы қалыптпсқан ұлттық педагогика дәстүрлері талқыланады және ұлттық тәрбиені насихаттауға кеңінен жол ашады. Этноэкскурсияларды оқушылар мен жастар үшін әсіресе қала тұрғындары үшін салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарымызды терең меңгеруге оның әрбір элементтерін жетік түсінуге септігін тигізеді.
Этноэкскурсиялар мектепке дейінгі мекемелерден бастап жүргізілгені орынды. Олай дейтініміз Ата мен Әже беретін тәрбиені қазіргі кезде балабақша атқарып келеді. Мұнда «Ертегі әлемінен» басталатын экскурсия Ата-баба дәстүрлері мен сабақтастық тауып, салтымыздың сәнді, дәстүріміздің дәмді, ғұрпымыздың құнды тәрбиелерінен мағлұматтар береді. Сонда ұрпақтарымыз есеие келе Елжанды, білімді, тәрбиелі болатындығы сөзсіз.
Елбасының бастамасымен 2003 жылы қолға алған «Мәдени мұра» бағдарламасы бүгінгі күнге дейін жалғастығын тауып, еліміздің руханиятымен мәдениетін дамытуда теңдессіз іс- шаралар атқарылып келеді. Соның нәтижесінде мәдениетімізде айырықша орын алатын тарихи-мәдени ескерткіштерді консервациялау, жаңғырту және қалпына келтіру,сондай-ақ , әдебиетімізді, дәстүріміз бен әдет- ғұрпымызды зерделеудің біртұтас жүйесі жасалды. Мәдени мұраларымызды игеру мен жаңғырту мақсаттарында бірнеше ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Олар тамаша нәтижелер беріп 35 тарихи, архелогиялық және сәулет ескерткіштері анықталып, 30-ға жуық қалашықтарда, қоныстарда қазба жұмыстары жүргізілуде. Еліміздің өнері, таихы, этнографиясы туралы 5 мыңға жуық қолжазбалар мен басылымдар табылды. Зерттеулер қорытындылары бойынша әртүрлі құнды ғылыми кітаптар мен оқулықтар жарық көрді. Міне мұның бәрі еліміздегі туристік индустрияның дамуына тікелей әсер ететін маңызды да мазмұнды нысандар болып табылады. Қоғамдық кеңістік кеңейтілген отырысында Елбасы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы ұзақ мерзімдік үлкен жоба екендігін атап көрсетіп, оны әрі қарай жалғастыру керектігін баса айтып, бірнеше бағыттарын айқындап берді.
«Бағдарламаның бірінші кезеңіндегі негізгі бағыттарды іске асыруды барынша қамтамасыз ету керек, бұл ретте ақпаратты жаңа ауқымын ғылым айналымына тезірек қосу үшін оны зерттеу мен өндеуге күш салу керек» -дей келіп, келесі бағыт-Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын шетелге белсенді таныстыру ел беделіне жақсы ықпал ететін әлемдік практика болатындығын атап өтті.
І. Алшымбеков С.К. Жоғарғы оқу орндарында экскурсовод мамандарын даярлаудың әдістемелік мәселелері.Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалы.150-.б.Алматы технология және бизнес университеті.2006.ж.
2. Алшымбеков С.К..Болашақ туризм мамандарын қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалануға әдістемелік даярлау.Ә.І.Сембаевтың 100 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференция.Абай атындағы Қаз.ҰПУ.179-.б.2005.ж.
3.АлшымбековС.К. Экскурсия және оның ішікі мәнін ашу әдістемесі Халықаралық ғылыми-практикалық конференция Аблай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті.28-.б.2006.ж.
4.АлшымбековС.К.Болашақ туризм-экскурсия мамандары үшін журналистикалық икемділік пен білімнің қажеттілігі.Х.ғ.-п.к.318-324.б.Тараз-2007.ж.
5.Алматының тарихи және мәдени ескерткіштері. Құжаттар тізбесі. Алматы:2003.С.208.
6. Алматы, Энциклопедия. Алматы, 1996г.
7. Герасимов И.П. Казахстан. Алматы, 1992 - 419с.
8. Дублицкий Н.Н. По Алма-Ате. - Алма-Ата: Казгосиздат, 1956г.
9. Дуйсен Г.М. Основы формирования и развития индустрии туизма в Казахстане.- Алматы 2002г.
10. Ердавлетов С.Р. География туризма Казахстана. - Алма-Ата: Наука, 1992 - 192с.
11. Ердавлетов С.Р. География туризма: история, теория, методы, практики А., 2000 - ЗЗбс.
12. Ердавлетов С.Р. Достопримечательные места Казахстана.- Алма-Ата: Знание, 1998г.
13. Ердавлетов С.Р. История туризма. Развитие и научное изучение. А., 2003 - 215с..
14. Ковалев Ю., Маркович М. По горным окрестностям Алма-Аты. Алма-Ата, 1963г.
15. Ковалев Ю., Маркович М., Степанова В.И, Где провести выходной день. Походы выходного дня по окрестностям Алма-Аты. Казахстан, 1966 - 72с.
16. Накатков Ю.С. История туризма Казахстана. - Алматы, 2001г. - 196с.
17. "Наш город", Справочник. Алматы - 431с.
18. Ордаев А. Памятники архитектуры Казахстана - Алматы: Дидар, 1998г.
19. Пасечный П.С. Туризм и экскурсии. - М., Турист, 1983.
20. Программа развития туризма г.Алматы на 2004-2010 годы. Алматы, 2004 г.
21. Роль туризма в устойчивом развитии Республики Казахстан. Сборник посвященный 60-летию прфессора С.Р.Ердавлетова. Алматы. Қазақ университеті. 2001. -150с
22. .Cичинава В.А.Экскурсиялық жұмыс.А.1985.ж.
23. Саипов А.А. Теория и практика туризма Казахстана. А., 1999г.
24. Сборник информационно - методических материалов по вопросам идеолгической деятельности администраций. №7. Шымкент 1997г.-192с.
25.ТасымағанбетовИ.Н.Қазақ мәдениеті.Энциклопедиялықанықтама.А.2005.ж.
26.Тасымағанбетов И.Н.Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет ғұрыптары.А.2005.ж.
27. Терещюк В.А. Маршрутами Казахстана. Алматы, 1985 -127с.
28. Тынчероава З.В., Ягофаров Г.Ф. Основы планирование и организация туристкой деятельности. А., 2003 - 118с..
29. Туристік қызмет туралы Заң. Алматы 2002ж.
30. История Казахстана. Очерк. Алматы, 1992-419с.
31. Лютерович О.Г. Алшымбеков С.К. Особенности обучения студентов-первокурсников, выбравших специальность "Туризм". М.н-п.к..231-32.с.Алматынский университет технологии и бизнеса.2006.
33. Ягофаров Г.Ф, Тынчерова З.В, Саипов А.А. Экскурсоведение. А., 2001.- 144с.
34.Ягофаров Г.Ф. Экскурсии для туристов в г. Алматы. В сборнике актуальные вопросы теории и практики туризма. А., 1999 г.
35. Якшиян Р.А. Путеводитель по памятным и достопримечательным местам Алма-Атинской области,-Иссык, 1992г.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I. Тарау. Қазақтың байырғы баспаналарының мәтіндік сипаты.
1.1.Қазақи баспаналардың пайда болуы мен қолөнер ерекшеліктері ... ... 5
1.2 Байырғы баспаналар түрлері,олардың этноэкскурсиялық мәні ... ... ..13
1.3.Экскурсия әнгімесінде баспана жасаудың технологиясы мен
архитектуралық құрылымы туралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 20
II. Тарау. Тұрмыстық жасаулар , жиһаздар мен бұйымдар түрлері.
2.1. Киіз үй жасаулары және жиһаздар түрлерімен таныстыру ... ... ... ... 33
2.2. Баспанаға қатысты атаулар және қосалқы жасаулардың мән
мағынасын ашу тәсілдері ... ... .: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .37
2.3. Киіз үйдің тұрмыстық жасаулары (ыдыс аяқтар) туралы әңгіме
мәтіні ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 46
2.4. Экскурсия жүргізу әдістемелері мен технологиялық картасы ... ... ...52
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...63
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..65

2

Кіріспе
Этнографиялық экскурсиялар ұлттық ерекшеліктер мен ұлттық

мұраларымызды танытуға, ұлттық тәрбие беруге бағытталады. Халқымыздың
әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріне қатысты дүние танымды кеңейтуге ұлтымызды
әлемге танытуға мүмкіншілігі зор. Этноэкскурсиялар арқылы тұрмыстық-салт
ерекшеліктерімізді, тұрмыстық заттар ұлттық баспана және оның
жабдықтарын, киім үлгісі мен қол өнерді, ұлттық дастархан мәзірлерін, ұлттық
өнімдерін таныстыра отырып тәлім тәрбиелік мәнін аша түсеміз.
Адам дүниеге келгеннен бастап жасалатын салт-дәстүріміз тойлар мен
мерекелер жайлы, ондағы әдет-ғұрыптар тегіс қамтылады.
Халқымыздың ұрпағын тәрбиелеудегі ғасырлар бойы қалыптпсқан ұлттық
педагогика дәстүрлері талқыланады және ұлттық тәрбиені насихаттауға
кеңінен жол ашады. Этноэкскурсияларды оқушылар мен жастар үшін әсіресе
қала тұрғындары үшін салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарымызды терең меңгеруге
оның әрбір элементтерін жетік түсінуге септігін тигізеді.
Этноэкскурсиялар мектепке дейінгі мекемелерден бастап жүргізілгені
орынды. Олай дейтініміз Ата мен Әже беретін тәрбиені қазіргі кезде
балабақша атқарып келеді. Мұнда Ертегі әлемінен басталатын экскурсия
Ата-баба дәстүрлері мен сабақтастық тауып, салтымыздың сәнді, дәстүрімізді ң
дәмді, ғұрпымыздың құнды тәрбиелерінен мағлұматтар береді. Сонда
ұрпақтарымыз есеие келе Елжанды, білімді, тәрбиелі болатындығы сөзсіз.
Елбасының бастамасымен 2003 жылы қолға алған Мәдени мұра
бағдарламасы бүгінгі күнге дейін жалғастығын тауып, еліміздің руханиятымен
мәдениетін дамытуда теңдессіз іс- шаралар атқарылып келеді. Соны ң
нәтижесінде мәдениетімізде айырықша орын алатын тарихи-мәдени
ескерткіштерді консервациялау, жаңғырту және қалпына келтіру,сондай-ақ ,
әдебиетімізді, дәстүріміз бен әдет- ғұрпымызды зерделеудің біртұтас жүйесі
жасалды. Мәдени мұраларымызды игеру мен жаңғырту мақсаттарында
бірнеше ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Олар тамаша нәтижелер
беріп 35 тарихи, архелогиялық және сәулет ескерткіштері анықталып, 30- ға
жуық қалашықтарда, қоныстарда қазба жұмыстары жүргізілуде. Еліміздің
өнері, таихы, этнографиясы туралы 5 мыңға жуық қолжазбалар мен
басылымдар табылды. Зерттеулер қорытындылары бойынша әртүрлі құнды
ғылыми кітаптар мен оқулықтар жарық көрді. Міне мұның бәрі еліміздегі
туристік индустрияның дамуына тікелей әсер ететін маңызды да мазмұнды
нысандар болып табылады. Қоғамдық кеңістік кеңейтілген отырысында
Елбасы Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы ұзақ мерзімдік үлкен жоба
екендігін атап көрсетіп, оны әрі қарай жалғастыру керектігін баса айтып,
бірнеше бағыттарын айқындап берді.
Бағдарламаның бірінші кезеңіндегі негізгі бағыттарды іске асыруды
барынша қамтамасыз ету керек, бұл ретте ақпаратты жаңа ауқымын ғылым
айналымына тезірек қосу үшін оны зерттеу мен өндеуге күш салу керек -дей
келіп, келесі бағыт-Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын шетелге
белсенді таныстыру ел беделіне жақсы ықпал ететін әлемдік практика
болатындығын атап өтті.

3

Бағдарламаның негізгі міндеттерінің бірі білім беру салсын дамыту,
халқымыздың тарихына қатысты мәдени мұрамызды сақтауды қамтамасыз ету
мәселелерін шешуде білім сапасын кеңейтіп таным дүниесін арттыру
экскурсия ісіне жүктелуі тиіс.
Мәдени мұра бағдарламасының жетістіктері және іс-әрекеттері
нәтижесімен қалың бұқараны, туристерді таныстыратын негізгі ақпараттық
құралдардың бірі экскурсия-ісі.[46]
Осыған орай этнотуризм нысандарының түрлерін, ерекшеліктерін дамыту
жолдарьн зерттеу осы дипломдық жұмыстың негізгі көкейкесті мәселесі
болып табылады.
Қазақ халқының тарихи кезеңдеріне байланысты бірте – бірте
қалыптасқан баспаналарын зерттеу, оларды туристік мақсатта қолдану,
маңыздылығын ашу, әлемге таныту, негізгі этнографияны дамытудың негізгі
мәселесі.
Қазақ халқының ата-бабасы көшпенділерге тән салт - дәстүрлері, әдет –
ғұрыптары біздің қанымызға сіңген туризм элементтерінің бірі.
Қазақ халқының баспанасының тек жасалу технологиясы жайлы өз
алдына бір экскурсия жасауға болады. Осыдан біздің көретініміз қазақ
баспанасының жасалу технологиясының өзі ұлтымыздың мәдени даму
сипаты мен ой өрісінің біршама жоғарғы деңгейде екенін көрсете алады.
Жұмыстың мақсаты :Туристерге қазақтың киіз үйімен
жиһаздарын
таныстыру әдістемесін жасау арқылы қазақ халқының тұрмыстық салт дәстүрін, ұлттық болмысын зерттеп, Қазақстандағы этнотуризмді дамытуға
үлес қосу.
Міндеттері :
- Баспана түрлеріне шолу бере отырып оның экскурсиялық мәнін ашу
- Экскурсия барысында халқымыздың қайталанбас құндылықтарын
барынша жан - жақты қырынан көрсету.
- Еліміздің болашағы студенттер мен оқушы жастарға қазақ дәстүрлерінің
ұмытылып бара жатқан тұстарымен таныстыру.
- Экскурсия жүргізу әдістемелері мен технологиялық картасын құрастыру
Зерттеу әдістері:ақпараттық мәліметтер жинау, киіз үй түрлері мен жасалуы
туралы мағлұматтар жинау, экскурсияда қолдану әдістерін жасау,экскурсия
әдістемесі
Өйткені олар елдің тарихын, өткен өмірін, істеген кәсібін, дәстүрлі өнерін,
тұрмыс салтын білмесе, болашақта ата-бабамыздың салт дәстүрлерін
таныстыра алмайды. Сондықтан атам қазақ айтпақшы: ''Ел болам десең,
бесігіңді түзе", - деген мағыналы сөзіне арқа сүйеп, жастардың ұлттық
патриоттық сезімін осындай экскурсиялар жүргізу арқылы оятуымыз қажет.
Жастар мен жасөспірімдерге ұлттық ерекшелігімізді, ата - баба салт
-дәстүрін таныта отырып, қазақ баспаналарыны ң м әнін ашу үшін,
экскурсияны қазақтың киіз үйін жан – жақты көрсеткен жерлерге, яғни
мұражайларға, Медеу шатқалының жанындағы қазақ ауылы ресторанына,
Үлкен Алматы шатқалындағы шеберлер ауылына апарып өткізу қажет.[1]
Зерттеудің құрлымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан,
қосышалардан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

4

I. Тарау. Қазақтың байырғы баспаналарының экскурсиялық мәтіндік
сипаты.
1.1. Қазақи баспаналардың пайда болуы мен қолөнер ерекшеліктері
Осыдан үш ғасыр бұрын қазақтың киіз үйі, біз көріп ж үрген киіз
үйлерден, әжептеуір өзгеше болған. Ол ағаш арбаның үстіне тігілген.
Сөзіміз дәлелді болу үшін 1252 - 1254 жылдары қазақ даласын атпен,
арбамен жүріп өткен франция монахы Рубрук жазбаларына назар
аударалық: "Олар (қыпшақтар) талда құрастырған үйлерін арбаның үстіне
орналастырады... бірде мен арбаның екі доңғалағының аралығын өлшедім,
сөйтсем әлгі 20 фут болды. Ол ол ма, үйдің едені арбаның екі жа ғынан 5
футтай сыртқа шығып тұрады. Бір арбаны 22 өгіз сүйреп келе жатты.
Өгіздерді он бір – он бір ғып екі қатар жеккен. Арбаны ң білгі кемені ң
діңгегіндей. Осыларды үйдің есігі алдында тұрған бір адам айдайды. Рубрук
осындай өгіз сүйреген дәулетті үлкен үйлердің соңында 100 - 200 - ге жуы қ
арба ілесіп отыратынын, 20 - 30 арбаны жалғыз әйел айдап ж үре беретінін
таңғала баяндайды.
Қазақтардың арбаға орналастырылған киіз үйлері туралы ауыздарыны ң
суы құрып жазған жиһанкез тарихшылар аз емес. XVI ғасырдың авторы Ибн
Рузбихан қазақ көшін былай суреттейді: "малдары көп болғандықтан су
жетіспейді, сондықтан малдары шөлдемес үшін, қыс қыстауларына қар
түскенде барып көшеді. Олардың дөңгелек үйлері арбаға орналас қан,
түйелер мен аттар ол арбаларды үнемі бір жерден екінші жерге сүйреп
жүреді. Ұзын шұбалаң керуеннің басы мен аяғы жүз моңғолфарсахындай
жерге созылып жатады". Ибн Рузбихан: "Бұл не деген ғажайып шатырлар!"
деп тамсанады. Қазақтың арбалы үйлері туралы Ибн Баттута, (XIV ғ)
Изади (XVI ғ.) И. Барбаро (ХVғ.) сияқты жиһанкездер мол құнды
деректер қалдырған. Барбаро арбалар мен үйлерді жасау технологиясын
егжей – тегжей баян еткен. Ол киіз үйлердің киізден жел баулап тоқылған
терезелердің әдемілігін айта келіп: "Не деген карапайым шеберлік,
таңқалғаннан басын айналады" деп сүйсінеді.
Сол Барбаро 1436 жылы Алтын Орда ханы Ұлық Мұхаммедтің осы
үйлерді Дон өзенінен қалай өткізгеніне күәгер болыпты.
"Бұл ғажапты көзіммен көрмесем сенбес едім, - деп жазады И. Барбаро. Олар өзеннен кәдімгі қара жермен жылжығандай айғай-шусыз, оп-оңай-ақ
өтті. Өзеннен өту тәсілдері мынандай:
Жағалаудағы құрғақ талдарды кесіп, буып сал жасайды. Сосын қайыс
шауып, буады. Міне, осы қамыстарды талдан буған салдың астына төсеп
байлайды. Сөйтіп, үйлер де, арбалар да өзен бетінде суға батпай қалқып
тұрады. Сосын аттарды суға жүздіріп, әлгінің бәрін арғы жағалауға сүйреп
шығарады".
1391 жылы Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа жорығы кезінде Әмірмен бірге
сапарлас болған Шарафаддин Изади бұл киіз үйлерді "көтерме", ал Баттута
қазақ арбаларын "телеген" деп атаған. [32]
Сүйретпе үйлер қазақ тірлігінде XVII ғасырдың соңы, XVIII ғасырдың
басында моңғол шапқыншылығы салдарынан жойыла бастады. Арба үстіндегі
үйлер жығып бөлшектеуге келмейтін, ал жаугершілік кезде қас пен к өзді ң

5

арасында тез көтеріліп, жауға жеткізбей, тез бел асып кетпеу үшін қажет
болады. Біз көріп жүрген киіз үйдің н ұсқасы - сол жағдайларға байланысты
шықты.
Ғалымдар киіз үйдің шығуы туралы Андроновты қ тұрақты зерттей отырып
жаңалық ашты. Көшпелілер өмірінде зор маңызы бар қарапайым да жеңіл үй
құрлысының шығу тегі туралы болжамдар мен пікірлер көп еді. Бі реулер ол
бәдуилер шатырының, сібірлік күрке, шалаштардың құрлысынан дамытылған
деп есептеді.
Андроновтық дәуірге жататын Шағалалы, Петровка, Атасу, Б ұғылы
тұрақтарын қазған кезде дөңгелек, сырықтар мен торкөз шарбақтан көтерілген
көп қырлы қабырғалары бар, төбесі конус немесе пирамида тәрізді етіп
жабылған үй қалдықтары табылды. Сондықтан да деректерге қарағанда киіз үй
жобасы ежелгі андроновтық дөңгелек баспаналар негізінде пайда болған деп те
айтады. [39]
Ғасырларды артқа салып, сүйір қосты бірте - бірте жетілдіре түскендіктен
қазақ даласында тұрғын үйдің жылжымалы түрлері дами берген. Қостан киіз
үйге өтетін баспана - күрке , абылайша түрінде болғаны даусыз. Қостың
сырықтарының ұшы енді бұрынғыдай бір буда шоппен байластыра салынбай,
ортасында шығыршыкқа кигізілетін кейіпке енген. Алайда қостың ортасына
қарай еңкіш қабырғасы уақытша пайдаланудың талаптарына сай келгенімен,
көшпелі қауымның өмір бақи тұрып, күнелтуіне ыңғайсыз екені көріне
бастаған. Осылай кереге уықтардың бастапкы түрлері пайда бола бастаған.
Сырықтардың ұшы енді арнайы ұшы бар тесіктері бар шеңберге (шаңырақтың
бастапқы түрі) қадалатын болғандықтан қостың қаңқасы түзеле түскен.
Өстіп, қоста шаңырақтың пайда болуы баспананың бұл түрінің түбегейлі
өзгерістерге түсуіне жол ашқан. Оның сырықтары енді екіге бөлініп,
төменгілері бірте-бірте бір-бірімен қабыстырылатын кереге нің, жоғарғылары
шаңыраққа қадалатын таяқшалардың (уықтардың) кейіпіне ене бастаған.
Осылай кереге, уықтардың бастапқы түрлері пайда болға н. Жүздеген жылдар
өткеннен кейін күркенің (қостың) қабырғасы қазіргі киіз үйдікіндей, оп -оңай
құрастырылып - ажыратылатын торкөз қабырғалардан (керегелерден), оларға
байластыратын, түп жағы иіңкілеу болып келетіндікте н құрылғыға күмбез
келбетін беретін уықтардан, шаңырақтан, маңдайша, табалдырық, босағадан
құрастырылған екі жаққа айқара ашылатын ағаш есіктен тұратын қалыпқа
келгені қазақтың киіз үйін аса м ұқиат үйлестірілген құрылыстардың қатарына
қосқан.
Қазақ халқының шеберлік өнері де, үй басу өнерімен қатар еңбек барысында
туды және тұрмыста тұтынатын заттар өмірмен тығыз байланыста болды.
Қазақтар өз тұрмысына керекті заттардың бәрін қолөнері арқылы істеді. Жазба
деректерге қарағанда қазақ арасында үйшілік, ұсталық, зергерлік,
қырнаушылық, өрімшілік, көншілік (тері илеу), тігіншілік, етікшілік, та ғы
басқа қолөнер кәсіптері болған.
Ағаш шеберлері ағаш тамырынан ойып, айқыш - үйқыш өрнектер салып
әдемі тостағандар, бүйрек тәріздес қымыз ожаулар, күміспен құймалап, асыл
тастармен мәнерленген әсем тегенелер, күбілер мен піспектер, шыны - ая қ
салатын ағаш құтылар т.б. жасаған. Арқар, бұғы, таутеке мүйіздері мен түрлі
сүйектерден қобдишаларға, шақшаларға, үй тұрмыстық жиһаздарға алуан
түрлі әшекей, ою - өрнек салған.

6

Қазақтың ағаш шеберлері қысқы және жазғы үй, киіз үйдін ағашын және
төсағаш (кереует), абдыра, кебеже, асадал, бесік, жүкаяқ, ағаш есік тағы бас қа
бұйымдар жасады. Орманды өңірді мекен еткен қазақтар арасында киіз үй меп
оның жиһаздарын жасайтын үйшілер мен шеберлер болды. Бұл жөнінде
ертедегі қазақ тұрмысын жазған Рузбихан Исфахани былай дейді: "Б ұл елдің
көптеген ағаштары өте қатты келеді. Олардан төрт дөңгелекті, үстіне үй
қондырылған өте тамаша арбалар жасалды".
Қазақ халқы киіз басуда өрнек салудың бір түрін қолданды. Киізге боялған
жүндерден алуан түрлі оюлар түсірілді. Түрлі - түрлі киізд ерді оюластыру, яки
шүберектен ою бастырып сыру, кестелеу жолымен түскиіздер, сырмақтар,
аяққаптар, кереге қаптар, уық қаптар, от киіздер, жабу тағы басқа сәнді
бұйымдар істелді. Біздің жыл санағымыздан бұрынғы V - III ғасырлар
аралығында Алтай өңірінен Қаратеңіз төскейіне дейінгі сайын даланы
қоныстанған түркі халықтарының түп аталары - байырғы сақтар әлемдік
мәдени өмірде өнердің өшпес асыл м ұраларын өнер жарықтарын қалдырған.
Оны ғылымда "звериный стиль" деп атау қалыптасып кеткен. Қазақы жалпа қ
тілмен айтқанда, бұл атауды жан -жануар көп бейнеленген өнер кезеңі деп
түсінуімізге болады. Академик Әлкей Марғұлан айтылмыш өнер кезеңіне
"аңдабы мәнер" деп ат берген.
Таптық қоғамның пайда болуымен (б. з. б. 1 - мың жылдық) Қазақстан
жерінде көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылы қтың дүниеге келуі
сақтар өнерінің қалыптасу кезеңімен т ұспа - тұс келеді. Үлкен қола қазандар,
михрабтар, қор - қорлар т. б. тұрмыстық заттар әр түрлі жануарлар
бейнелерімен өрнектеледі. Бақыттылықтың, сәттіліктің және молшылықтың
ежелгі дәуірдегі символдық белгісі - үнді-европа елдерінде ке ң тараған алтын
қой бейнесі болды. Ол сақ шеберлерінің алтыннан, теріден, қыштан, а ғаштан
жасаған тұрмыстық заттарындағы өрнектерде "қошқар мүйіз" түрінде
нақышталады.
Сақ ісмерлері қолдан қазандар мен құрбандық ыдыстарын жасаған, олардың
көбісі көркем өнердің таңдаулы туындыларының қатарына жатады.
Сақтардың қазандары мен құрбандық жозылары Жетісу жерінен Іле алқабы
мен Ыстықкөл маңынан өте көп табылған. Қазандары сфера іспеттес тағанды
болып келеді. Және таған - бұттары малдың аяғы секілденіп жасалады.
Қазандар тұтқасы тұзақ тәрізді, кейбіреулерінің жиектері жануарлар
бейнесімен бедерленген. Мысалы, Алматы төңірегінен табылған қазандардың
бір қанатты таутеке бейнесімен әсемделген.
Құрбандық жозылары төртбұрышты және дөңгелекше, жиектері сәл
көтеріңкі үстел тәріздес, бірнеше аяқты немесе жалғыз ая қты болып келеді.
Олардың көлемі әр түрлі үлкен үстелдерден бастап, тап - түйнақтай кішкене
бұйымға дейін болды.
Композициясы мүлде өзгеше құрбандық жозы Алматы территориясынан,
бұрынғы қасиет территориясынан табылды., одан жағылған от күлі, жануарлар
сүйектері мен керамика сынықтары араласқан тұтас қабаты бар дөңгелек қыш
тұрғы платофрма табылды. Конус тәріздес тағанға орнатылған дөңгелек табақ
жиегі 15 бұқа бейнесімен әшекейленген. "Жетісу михрабы" деген атпен
мамандарға кеңінен белгілі болған құрбандық жозысы да Алматы түбінен
табылды., ол кенересі көтеріңкі тікбұрышты іспетті, алып жүруге қолайлы
тұтқасы бар жоза. Оның табақшасы тұяқты малдың аяғы сияқты төрт тағанға

7

қондырылған. Жозы жиегімен қанатты жыртқыштар "жүріп келе жатқандай"
болып көрінеді. Сонымен қатар тай қазандар да табылған. Олар тайқазандарға
тағам әзірлеген. Сақтар арсында ағашты өңдеп, оюлап бедерлеу ісі қатты
дамығанын ағаштан істелген ыдыс -аяқтардан көруге болады.
Біздің заманымызға дейінгі II ғасырда 160 ж. үйсіндердің бір бөлі гі Жетісуға
көшіп келді. Үйсіндер үй бұйымдарынан аяқ - табақты қыруар көп етіп
дайындаған, оны әйелдер саздан жасаған, ал еркектер қайыңнан шағын стол
-табақтар, зерендер, қымыз құятын ожаулар ойып жасайтын болған.
Ғұндардың арасында қолөнер кәсібінің өркен жайған металдан, сүйек пен
мүйізден, тас пен саздан, ағаштан жасалған бұйымдардың көп табыл ғанынан
белгілі. [5]
Сонымен сақтар мен үйсіндер, қаңлылар меп ғұндар, сарматтар тайпалары
өзіндік материалдық мәдениеті мен өнері бар, айрықша бір көшпелі өркениетті
жасау ісінде жоғары дәрежеге жетті.
Қазақ халқының шеберлік өнері еңбек барысында туды және тұрмыста
тұтынатын заттар өмірмен, сәулет өнерімен тығыз байланыста болды. Қазақтар
өз тұрмысына керек заттардың бәрін қолөнері ар қылы істеді. Тарихи жазба
деректерге қарағанда қазақ арасында үйшілік, ұсталық, зергерлік,
қырнаушылық, өрімшілік, көншілік (тері илеу), тігіншілік, етікшілік, та ғы
баска қолөнер кәсіптері болған. Кез-келген өндіруші шаруашылы қ, мал
шаруашылығы немесе егіншілік, қолөнер кәсіпшілігінің бұйымдарынсыз даму
мүмкін емес. Үй кәсіпшілігі сәндік - қолтаңбалы өнермен тығыз байланысты
болды, әрбір зат дерлік өзінің тікелей мақсатымен қоса өрнектеліп,
безендіріліп отырды. Тұрмыс заттарын шыдамдылықты және дамыған
эстетикалық талғамды керек етті. Ал бұл қасиеттер ежелден қыз- келіншектер
қауымының еншісіне тиген. Сондықтан қазақтардың үй кәсіпшіліктерімен
негізінен әйелдер шұғылданды.
Қазақтардың халықтық кәсіпшілігімен қолөнерінің өз ерекшеліктері болды
және олар халықтың шаруашылық қызметі мен тұрмыс салтының нәтижесінде
қалыптасты.
Көшпелінің шаруашылығы тұтынуға қажетті бұйымдарды өзі өндіретін
сипатта болды және халықтық кәсіпшілік оның негізгі бөлігін құрады.
"Қазақтардың қолөнеріндегі бірінші және ең басты нәрсе, - деп жазды И. Г.
Андреев, - сәмбі талдан жасалатын өз үйлерін құрастыру".
Киіз үй жиһаздары үй кәсіпшілігінің көптеген бұйымдарынан тұрады, киіз
үйді сәнді өнер үлгісі деп санауға болады. Ғажайып текеметтер мен әсем
тоқылған кілемдер, аяққаптар мен қоржындар, асадалдар, заттар сақталатын
сандықтар мен абажалар, әртүрлі мақсаттарға арналған желбаулармен
басқұралар басқа да көптеген ою - өрнекті үй жиһаздары - осылардың барлығы
халық кәсіпшілігінің бұйымдары.
Рузбиһанның айтуынша, қазақтар "әдеттен тыс өрнекті, түрлі - түсті
текеметтер жасап", олармен өз үйлерін безендірген.
Қазақтың ісмер және қолөнерші әйелдері киіз үй мен отырықшы т ұрғын
үйлердің ішкі жиһазы жабдықтарымен қоса, өмірге қажетті және пайдалы
толып жатқан бұйымдар да жасаған.
Капитан И. Г. Андреевтің қазақтың ағаш шеберлерінің өнері "көлемі үш
пұтқа дейін жететін ағаш ыдыстар", оларды жасайтын станоктар туралы
жазбалары өте қызықты.

8

Сонымен, халық кәсіпшілігі мен қолөнер көшпелі малшыларды ң өзіндік
шаруашылығының бір бөлігі болған. Шаруашылықтан алынатын шикізаттан
тұрмыстық мақсатта әр түрлі бұйымдар жасау негізінен тұрғын үйдің ішкі
жиһаздарын ұқсату үшін өңделген.
Ағаш шеберлері ағаш тамырынан ойып, айқыш - үйқыш өрнектер салып
әдемі тостағандар, бүйрек тәріздес қымыз ожаулар, күміспен құймалап, асыл
тастармен мәнерленген әсем тегенелер, күбілер мен піспектер, шы ны - аяқ
салатын ағаш құтылар сияқты тұрмыстық заттар жасаған.
Найынұлы қорымынан қазба жұмысы кезінде табылған ғұндардың көптеген
ескерткіштері олардың қолөнерінің күрделі де бай болғанын дәлелдейді.
Әртүрлі кілемдермен сырып тігілген және түрлі қиық маталармен оюланған
киіз үлгілерінің түрі, түсі, композициясы жағынан сақтарда н гөрі қазіргі Қазақ,
Монғол, Солтүстік Кавказ халықтарының бұйымдарына ұқсас болады. VI - VIII
ғасырларда Қазақстанда, Сырдың орта және төменгі сағасында қалалардың
пайда болуы - өнердің түрлі салалары мен колөнердің өркендеуіне жағдай
жасады. Тараз, Отырар, Ақтөбе, Талғар қалаларының орнын қазған кезде
шыныдан бұйымдар жасайтын шеберханалар мен онда жасалынған жі ңішке
мойын, кең алқымды құмыралар, оймыш өрнектермен безендірілген табақтар,
сауыттар, құтылар, жасыл, көк, қызыл, қызғылт, сары шыныдан құйған кеселер
шықты. Бұл кезеңге тән кең тараған нәрселер - қоладан құйылған
шырағдандар, көзелдер, ою - өрнектермен әшекейленге н сәндік бұйымдар
болды. IX ғасырдың соңы, X - XII ғасырларда іші - сырты көбінесе қою жасыл
не қоңыр түспен жылтырлата сыланған, оймыш өрнекті ыдыстар кең тарады.
Қыш ыдыстардың өрнегі көбінесе түзу сызықты болып келеді.
Қазақ халқы өнерінің дамуы - әртүрлі қоғамдық деңгейде т ұрған
тайпалардың өзара әсері негізінде қалыптасқан күрделі процесс болып
саналады.
Қазақтардың алып жүруге қолайлы тұрғын үйінің негізгі түрі - киіз үй әбден
жетілдіргенге дейін күрделі де ұзақ жолдан өтті. Көптеген ғалымдардың
пікірінше, оны Евразияның түрік көшпелілері ойлап тапқан, ол даму мен
жетілудің ұзақ та күрделі жолынан өтіп, негізгі конструкциялы қ шешімдерін I
мың жылдықтың орта шенінде тапқан.
Орта ғасырларды көптеген саяхатшыларды көшпелі түрік тайпаларының киіз
үйлері қайран қалдырған. Әл - Якуби (XI ғ.) түріктердің киізбен жабылған
шатырлары туралы таңдана жазған. Ибн Фадлан X ғасырдағы қазіргі батыс
Қазақстан аумағынан ( Жем өзені) өтіп бара жатып, түріктерден көрген киіз
үйден жасалған күмбез тәрізді үйлер жайында айтты. "Худдуд Әл - Аламның"
("Әлем шекаралары", X ғ.) беймәлім авторы Ертіс бойын мекендеген кимектер
туралы хабарлай келіп: " адамдар қыста да, жазда да киіз үйлерде тұрады,
жайылым мен су іздеп көшіп жүреді", - деп атап өткен.
Алып жүруге қолайлы тұрғын үйдің ең жетілдірген түрі ретінде киіз үй
қазақтардың тұрмыс салтына бәрінен де гөрі сәйкес келеді, ол адамның
табиғатпен өзара байланысының,оның қоршаған ортаға сіңісуінің нәтижесі.
Сонымен қатар тұрғын үйдің болуына ресурстық орта, яғни табиғи және
адамның еңбегімен жасалатын, оның тұрғын үйі тұрғызылатын компоненттер
зор ықпал етеді.
Көшпелі мал шаруашылығына тез құрастырылып, тез жиналатын, алып
жүруге жеңіл тұрғын үй кажет болды. Киіз үйдің осындай қасиеттері бар, ал

9

оны жасауға керекті шикізатты әркім өзі дайындайтын: үй сүйегі мен киізден
тұрады. XVIII ғасырдың аяғындағы киіз үйдің ең ертедегі және осы заманғы
егжей - тегжейлі сипаттамасын салыстыра келіп, оның бөлшектерінде
айырмашылық жоқ деген қорытындыға келуге болады. Сондықтан XIX
ғасырдағы автордың мәліметтері бойынша да киіз үйді сипаттап беруге ж әне
ол мәліметтерді ертедегі - XVI - XVII ғасырларға көшіруге әбден болады.[39]
Киіз үйде терезе жоқ, сондықтан да құлақка дала үні үнемі келіп тұрады.
Отағасы үйде отырып - ақ, салт аттының үйден жырақта аттан түсіп, салт келе
жаттқанын естіп, жарасты мейман екенін біліп отырады. Егер салт атты
табалдырыққа дейін екпіндете атпен келсе, онда ол - қара жүзді қуғыншы
болғаны немесе отағасына тіл тигізе келген адам. Салт атты атына н түсіп,
жаяулап, киіз үйдің оң жағынан келуі тиіс. Жау киіз үйге тепсіне келеді д е, қара
жүзді қуғыншы киіз үйді айналып, үй иесіне жаманат хабарды айтқанға дейін
аяғын табалдырыққа тіреп, озбырлық жасайды.
Ертеде киіз үйдің есігі шығысқа қаратылған күннің алғаш қы шапағы киіз
үйдің тура төріне түскен. Төрдегі қонақтың сол қолы киіз үйдің сол жақтағы
бөлігі - солтүстікті, он қолы - оңтүстікті, көрсетті, сөйтіп киіз үйде отырып ақ, түсбағдардың көмегінсіз оңтүстік пен солтүстіктің қай жа қта екекнін
анықтауға болады.
Төр - киіз үйдегі ең құрметті орын болып саналады. Үй иесі табалдыры қтан
аттаған қонақты "төрге шығыңыз!" деген қошамет сөздермен қарсы алады.
Қонақ неғұрлым қадірлі болса, соғүрлым жоғары отырғызылады.
Мұнда мүлік салынған сандықтар, оның үстіне киіз салынған шабадандар
тұрады. Жүкаяқ үстіне ен жақсы көрпелер мен жастықтар биік етіп жиналады,
керегедегі кілемдерге бұрын жауынгерлік сауыт - саймандар, қылыш - кару
ілінген.
Киіз үйдің сол жақ бөлігі әйелдер жағы деп есептелді. Б ұл отбасылық бөлік.
Мұнда сүйекті немесе күмісті тақтайшалармен әшекейленген үй иесіні ң ағаш
төсегі немесе төсағашы тұрады. Қонақ қанша құрметті болса да, оған үй
иелерінің төсенішін пайдалануға болмайды. Үй иелерінің бірде - бір көрпесі
немесе жастығына тиіскен жағдайда отбасынан бақ тайып, жанжал шығады,
күйзеліске ұшырайды деп санаған қазақтар.
Киіз үйдің оң жақ бөлігі ерлер жағы деп саналады. Әкесінен әлі бөлініп
шықпаған болса, ұлы мен келінінің немесе қызының төсегі төрінің оң жағында,
үй иелерінің төсегіне симетриялы етіп орналастырылған. Оларға жібек
шымылдық құрылған.
Ересек ұлдары әкесінен бөлініп шығып кенже ұлы әкесінің орнын басады.
Қыз да - қонақ, күйеуге шыққанға дейін отырып, күйеуге шы ққан со ң бас қа
үйге кетеді. Сондықтан қызды "қонақ" немесе "оң жақта отырған қыз" деп
айтқан.
Шеберлік ұстаздан - шәкіртке, ұрпақтан - ұрпаққа беріліп отырды.
Табиғатынан дарынды зергерлер, үйшілер, шеберлер әр түрлі тәсілмен ыдыс
аяқтарды, үй жиһаздарын, киімдерді жасады. Шеберлердің қолынан шыққан
бұйымдардың ен бастысы болып үй жиһаздары мен тұрмыста күнделікті
қолданып жүрген ыдыс - аяқтар болып саналды. Күнделікті т ұрмыста керекті
заттар ыдыс - аяқтар мен жиһаздар мал терілері мен ағаштардан, керамикалар
мен металдардан жасалды. Қазақ халқының тұрмыстық бұйымдарына тән
нәрсе - оның алуан түрлі сипатта болуы еді. Шеберлік б ұйымдардың орындалу

10

тәсіліне, нақышына және көркемдік техникалық деңгейіне қарап оның қай
аймаққа жататынын анықтауға болады. Айталы қ, осы кезде Батыс
Қазақстандық шеберлердің қолынан шыққан бұйымдар өрнектерінің
геометриялық сипатымен және пішінінің ірілігімен ерекшеленеді. Бұл өңірде
тұрмыстық бұйымдарға көбінесе айрықша тұмарша тәрізді өрнектер қысып
сығымдау арқылы салады. Басқа жерлердің бұйымдарынан жартылай өрісті,
шошақ гүл жапырақ тәрізді, ою -өрнектер ұшырасады.
Әйелдер идеялық - образдық, кызметі және көркемдік - композициялы қ
жағынан күрделі болып келетін қол - өнердің түрлерімен - тұрмысқа қажетті
заттар жасаумен, киіз үйдің жабдығын дайындаумен шұғылданды. Киіз үйдің
ішкі эстетикалық жағынан жоғары болып келуі - ондағы күнделікті тұтынатын
заттардың жасалу сапасының көркемдік деңгейіне байланысты болды. Сән
өнерінің негізі болып саналатын ою - өрнектер "тілдің" кызметін атқарады,
яғни, танымдық, қатынас, көркемдік - эстетикалық және әртүрлі магиялық діндік құрал болып саналады.
XVIII - XX ғасырлардың басында сән және қолөнердің барынша кең тараған
түрі киіз басу болды. Ширақ етіп басылған ақ, қоңыр түсті киізбен киіз үйдің
сырты жабылды және үй - іші төсеніші ретінде пайдаланды.
Айрықша басылған ақ киізден қаптамалар, үй тұрмысы заттарын салуға
арналған дорбалар, төсеніштер, шай дастархандары жасалды. Текемет пен
сырмақ, төсеніш ретінде, кез - келген киіз үйден кездесті. Текеметтердің ою
-өрнектері жатықтығымен, түстерінің үйлесіп келуімен ерекшеленеді. Әр түсті
киізден
ойып
құрастырған
сырмақтар
өрнектерінің
бір
текті
ұласымдылығымен бояауларының қанықтығымен дараланады. Киізден
жасалған төсеніштерге көбінесе қошқар мүйіз өрнегі салынады. Сонымен
қатар шұға жіптермен, сырып тігумен, кестелеумен, мақпал, баркыт сәтеннен
қиып салғап құрама өрнектермен безендіріледі. Шығу тегі мыс дәуіріне саятын
тоқыма өнері дамыды. Кілемдер, шаруашылық заттарын салуға арналған
дорбалар, қаптар, бау, басқұрлар, сырт киімге арналған маталар тоқу арқылы
жасалды. Олардың әрқайсысының жасалу ыңғайына қарай тоқудың да түрлері
(терме, кежім теру, орама, біз кесте т. б. ) ою -өрнектердің құрамына кіреді. Бұл
кезеңдегі матадан жасалған бұйымдардың өрнектері геометриялық сипатта,
бояулары қанық, ара жігі айқын ажыратылаған болып келеді.
Кереге мен оның арасын жауып тұртын ши тоқу кең тараған. Тоқыма ши
оның әр талына түрлі - түсті жүн орау арқылы жасалады. Шидің ұзындығы
керегелердің ұзындығымен бірдей болады, ал биіктігі 1,5 метрден аспайды.
Киіз үй жасаулары түс кілемдер, төсек жапқыштар, перделер, шымылдықтар,
сандыққаптар, жастық тыстары, сүлгілер, сырлы кестелермен өрнектелді. Сән
өнері тұрмысқа қажетті көркем дүние өндіруіне қарай сән және қосалқы өнер
немесе, сәндік қолөнер болып бөлінеді. Сәндік қолөнер жасалу тәсіліне қарай
кесте, кілем, сырмақ, құйма, қалыптама т. б. болып, қолданылатын
материалына қарай сүйек, металл, ағаш ұқсату және басқа болып жіктеледі.
Кесте тоқудың дәстүрлі түрлері - тығыз кестелеу, ілмелеп тігу. Арнайы
жасалған біздер арқылы жүзеге асады. Қазақ кестесінің өзіне тән бір ерекшелік
композициялық шешіміндегі тұрақтылық және үйлесімділік үндестілігі.

11

Қазақстан территориясында ежелгі дәуірден - ақ ағаш, сүйек ұсталығы кең
тараған еді. Киіз үйдің сүйегі, жиһаздар (асадал, сандык, кебеже, жүкаяқ т. б.),
әртүрлі ыдыстар, музыка аспаптары ағаштан ойылып, сүйекпен, күміспен
безендірілді.
Үй ортасына таман орналасатын ошақта тамақ әзірленді жән е күн суық
уақыттары ол үйді жылытты. Есікке қарама - қарсы түс үйдің ең құрметті орны
- "төр" деп аталды. Төрге қонақтар мен ауылды ң ең қадірлі адамдары
отырғызылды. Есік маңындағы кеңістік босаға деп аталды. Есіктен
кіреберістегі оң қанатта үй аспаптары мен ыдыс - ая қтар, сол қанатта - ат ер
тұрмандары тұрды. Босағаның оң жағынан үй иелерінің кереуеті орналасып,
оның ішке қараған тұстары шымылдықпен жабылып қойылды.
Үй жиһаздары әр түрлі ағаш және тері заттардың, киізден жасалған
бұйымдардан, өрме, тоқымалардан және кілемдерден құралды. Киіз, кілем
текеметтер, өрнектер ойылып тігілетін киіз кілем - сырма қтар кеңінен, ал
тоқыма кілемдер аздау тарады. Кілемдердің екі түрі болды. Олар: түгі жоғы
тақыр кілем және түгі бар түкті кілем.
Ағаш ою өнері ағаш ұқсату шеберлігімен тікелей сабақтас. Әдетте, қазақ
халкы ағаш ұқсату шеберлігімен шұғылданатын мамандарды үйші,
оймашы, балташы, тоқушы деп шартты түрде төртке бөлген. Үй
жиһаздарының көбі жинамалы болды, үйдің ішіне айнала орналасатын
болғандықтан оның тек бет жағы әшекейленетін. Жиһаз өрнектерінің
тереңірек ойылған жері күңгірт, шығыңқы бедер өрнектері - ашық, ал жазық
жерлері әртүрлі түспен боялды.Әсіресе, асадалдар мен кереуеттер ашық
түсті сүйекпен нақышталып, әсем безендірілді. Одан әр әрлей түсу үшін әр
түрлі кескінді бейнеленген күміс қималар мен тойтарма шегелер
пайдаланылды. Үйдің ішкі кеңістігін ұтымды пайдалану үшін жиһаздың
орнына шаруашылыққа қажетті заттарды салып қоюға арналған , киіз, тері,
тоқыма, ағаш ыдыстар (төсекқап, аяққап, кесеқап т. б.) қолданылды. Сан алуан
ою - өрнек ырғағымен безендірілген бұл жиһаздар киіз үйдің ішіне
жылылық пен әсемдік беріп тұрады. Ыдыс – аяқтар негізінен ағаштан,
мүйіз бен сүйектен жасалады. Олардың сыртқы пішініне зор көңіл
аударылады. Тұрмыста тері кеңінен пайдаланылады. Ыдысқа арналған тері
арнайы өңдеуден өтті, арша, тобылғымен ысталады, содан қысып бедерлеу
арқылы оған өрнек салынды.
Аспаптар мен ыдыстар аяққаптарда, киіз қораптарда, қос қалталы кілем
қоржындарда сақталды. Әрбір үйдің ерекше белгісі – сандықтар болды.
Ағаш бұйымдар үстіне көрпе - төсек жиыстырылатын жүкаяқтар, тағамдар
сақталатын кебежелер көркем ою - өрнектермен әшекейленетін.
Малшы қазақтардың ыдыс – аяқтары мен үй аспаптары олардың көшпелі
тұрмысына бейімделініп, теріден және ағаштан
жасалынды. Сынатын
ыдыстарды тасымалдау үшін арнайы дорба - "шынықап", айталық,
құрастырылып және ажырытылатын жас шыбықтардан
тоқылып
әзірленетін шыны қаптар пайдаланылды.
Қымыз құятын шөміш, ожаулар әр түрлі әдемі етіліп жасалды, олардың
оюланып, сабына күміс пен сүйектен безек салынатындары жиі кездеседі.
Асханалық аспап қатарына міндетті түрде шойын қазан да жатқызылады.

12

Қазақ халқының қолөнер үлгілеріне талдау жасай келгенде, олардың
ертедегі сақ, ғұн, үйсін, қыпшақ тайпаларының көркемдік дәстүрімен және
Орта Азия, Еділ бойы, Алтай, Солтүстік Кавказ халы қтарының өнерімен
байланысы барын байқауға болады. Олардың айырмашылығы - көптеген
тарихи және территориялық факторлардың нәтижесінен туған эстетикалық
көзқарастан келіп шығатын стильдік бағыттарының әрқилылығында.
Қазақ халқының сән және қолөнер бұйымдарының озық үлгілері 1868 ж.
Парижде болған Халықаралық, 1872 ж. Москвадағы политех. , 1896 ж.
Нижний
Новгородтағы бүкіл ресейлік, сол сияқты 1876ж. Көкшетау,
Қызылжардағы көрмелерге койылды. [33]
1.2.Байырғы баспаналар түрлері, олардың этноэкскурсиялық мәні.
Қазақ мекендеген ұлаң – ғайыр кеңістіктегі күнкөріске байланысты
қалыптасқан баспананың о бастағы түрлерінің бірі – осыдан шамамен үш
мың жыл бұрын пайда болған, қаңқасы арба үстіне мығым, сирегірек
жинастырып, ажыра- тылатындай етіп орналастырылатын тұрғын үй үлгісі.
Мұндай үй ғұндарда да, түркілерде де, көшпелі ұйғырларда да, моңғолдарда
да болған. Ал қазақтағы "доңғалақты үй", "Үйлі арба" жөнінде біздің
білетініміз ортағасырларда бізде болған Гильом де Рубрук, Әбу Абдаллах
Ибн Баттута, Фазаллах Ибн Рузбихан, Антони Дженкинсон секілді шетелдік
авторлардың жазып қалдырғандары ғана. Аз ғана құнды материал академик
П.С. Палластың "Сапарнамасында" бар. Бірнеше өгіз, түйе қосарлап
жегілетін үйлі арбаларда малдың қуығынан, қарнынан тартылған терезелері,
кіріп – шығатын есігі, оттығы, көлеміне қарай екі, төрт, алты, тіпті онанда
көп дөңгелегі болған.
Бату заманында - ақ "Алтын Орданың құрамында "Қазақстан" деген аймақ
болған". Сол өлкені мекендеген елдің үйлі арбасын Ибн Баттута былай
суреттеген: "Дөңгелекті құрылғыны олар "арба" деп атайды. Арбаның үстіне
тұрғызатын бір-біріне қайыспен байластырылған ағаштардан құрастырылған
күмбез сияқты қаңқа".
"Олар тұратын үйлер ағаш кеспектерінен құрастырылып, бұтақтармен
шабақталған, төбесінде жоғары қарай мойнын созып, ықшамдана түсетін
оттықтікі сияқты дөңгелек түтігі бар арба үстіне орналастырылады да,
үнемі аппақ болып жарқырап тұруы үшін жүнге әк, ақ топырақ, сүйек
үгіндісін қосып басқан ақ киізбен қапталады екен". Үйлер мейлінше кең,
ені 30 фут (1 фут - 0,3048 м.), дөңгелектерінің арасы 20 фут болған.
Осындай үйлі арбаға 22 өгіз жегілген
XVI ғасырдағы парсы деректерінің бірінде жат жұрттықтарға зәулім биік
ғимараттай болып көрінген қазақтын доңғалақты үйлер жайында мынадай
мағлұмат бар: "Олардың ( қазақтардың ) мұндай үйлері ағаштан
тұрғызылған, қаңқасы сарайдікі сияқты көтеріңкі және мейлінше кең. Ақ
қайыңнан
құрастырылған қабырғалары мінсіз, өте сәнді, киізбен, сирек
кездесетін түстерге боялған қой терілерімен қапталған. Осындай үйлерде
қазақтың сұлтандары мен ақ сүйектері тұрды. Құрлымы ерекше
үйлестірілген доңғалақты үйде 20 адамның жатып- тұруына болады екен.
Мұндай үйлерді қосарлап жегілген түйе тартады. Үйлер зәулім, биік және
сыйымды, тұс – тұсынан ашпалы көздері бар терезе ойықтары берілген.

13

Сырты киізбен жабылған. Ішкі жиһаздары әмірлер мен сұлтандардың
сарайларындағыдай мейлінше әсем және үйлесімді ".
Қос ат жегілген күйме көбіне бойжеткен қызға, жас жұбайларға,
бәйбішеге тек көлік ретінде ғана емес, жол үйдің де қызметін атқарған.
Мұндай жеңіл құрылғыны соғыс кезінде шапшаң қимылдап, ұрыс
әрекеттеріне жедел басшылық ететін қолбасшылар да пайдаланған.
Үйлі арбалардың қазақтағылары баспананы құрастырып - жинастырып әуре
болмай - ақ, үдере көшіп күнелтуге мүмкіндік беретін құлазыған кең даланың
табиғатымен байланысты болғанымен, құрлымдық жағынан олардың
сәулеткерлікке қосқан үлесі шамалы. Әйтсе де олардың төрт бұрышты немесе
бес бұрышты құрылғысы сәулет өнріндегі шаршы үшкіліне, шеңбер
бөлшектеріне дөп келетінімен қызықтырады. Кезінде көшпелі шаруашылыққа
қызмет еткен тұрғын жайдың сирек кездесетін бірд ен-бір нұсқасы бола тұра,
үйлі арбалардың XVIII ғасырдың алғашқы ширегіне қарай тұрмыстан шығып
қалуынын өзіндік себебі бар. Оның ең бастысы арагідік үзілістермен 200
жылға созылған жоңғарлармен, қалмақтармен шайқаста, ешқашан толастап
көрмеген жаугершілікте еді. 1723 - 1729 жылдардағы "Ақтабан шұбырынды"
кезіндегі елдің босап кетуі, даланың байлығына қармалауышын созған
ресейдің отарлау саясаты, Орта Азия хандықтарымен, әсіресе Қо қанмен,
Хиуамен қақтығыстар елдің көшіп қонатын кеңістігін тарылта түскендіктен
VIII - XIX ғасырларда көшпелі қазақтың негізгі баспанасы кәдімгі өзімізге
белгілі киіз үй бола бастаған.
Қазақта тұрақты және жылжымалы баспананың екуінің бірден болуы-оның
отырықшы, жартылай отырықшы және көшпелі топтарының арасалмағы
әртүрлі бола тұра, қожалық ету тәсілдерінің, күнкөрісінің бір-бірімен
байланыстылығынан, тұрмыс салтының бірегейлігінен, мінез құлқының
ұқсастығынан туған жағдай.
Құрастырылып - ажыратылатын тұрғын жайдың түркі - қыпшақ үлгісіне
жататын "қазақтың киіз үйі құрлымдық жағынан осы уақытқа дейін көшпелі
халықтардың бірде - біреуі асып түсе алмаған, жылжымалы баспананың ең
жетілдірген түрі болып табылады". Моңғолдың гэрімен салыстырғанда
керегесі биіктеу, уығының төменгі жағы иіңкі болатындығынан күмбезі
көтеріңкі, келбеті сымбатты болып келеді.
Академик Әлкей Марғұланнның айтуына қарағанда, қазақтың киіз үйі
ағаштан қиыстырылатын немесе балшықтан соғылатын баспаналармен
салыстырғанда өзінің о бастағы нұсқаларының негізгі элементтерін бойына
сіңірген жылжымалы тұрғын жайдың бір шама кейінгі түрі болған.
Киіз үй қазақпен көршілес Орта Азиа халықтарында да кездеседі. Олардағы
киіз үйде де құрлымында немесе кескінінде ішінара кездесетін, бұрын
көшпелі, жартылай көшпелі өмір кешкен қырғыз, түрікпен, қарақалпақ
елдерінің тарихи дамуы арқылы енген кейбір ерекшеліктер ғасырлар бойы
қалыптасқан. Құрылғаны түбегейлі өзгерістерге түсіре алмағандықтан, түркі
халықтарына тән бірегейлік сақталып қалған.
Киіз үйі сыртқы киіз жабысына қарай - "үзікті", "көтерме туырлықты",
сүйегінің (ағашының) уақ - ірілігіне орай - "алтын орда", "ақ орда", "а қ отау",
"қараша үй", "каралашық", "абылайша", "үранқай", "жолым үй" деп аталатын
бірнеше түрге бөлінеді. Киіз үйлерді бір - біріне тігу ар қылы бірнеше бөлмелі

14

етіп жасауға болады. Ат үстінен шаңырақ көтеріп, уы қ шаншатын алып киіз
үйлер де болған. Ең үлкен киіз үй 30 қанатка дейін барған.
Қазақтағы киізбен жабылатын баспананың алғашқы түрлерінің бірі - Қос.
Сырты жонылып, тәртіпке келтірілген, ұштарында басын қосып
байластыратын қайыс, жіп өткізетін арнайы тесіктері бар, 2,5 - 3 метрдей
сырықтардан құрастырылатын болған. Сырықтардың іштен дем тартатын
түтікпен қоса байластырып орнынан тұрғызып болғаннан кейін, араларын
ашып жерге тіреп , екі туырлықпен немесе арнайы пішілген үзікпен жауып,
ірге жағын бел арқанмен бастыра салады екен. Киіз баспананың бұл түрінің
оңтайлылығы сонша, көшіп - қонғанда сырықтарын жалғыз түйеге теңдеп,
үстіне киізін, малшының көрпе - төсегін, қазан ошағын артып кете беретін
болған.
Қостың қаңқасын жасау киіз үй сүйегіндей қиынға түспейді. Қос
қаңқасының құрамы ұзындығы үш метрдей 30 - 35 уық пен диаметрі бір
метрдей шағын шаңырақтан ғана тұрады. Қосқа арналған қарапайым
шаңырақтың киіз үй шаңырағынан кішілігі болмаса, басқа айырмасы шамалы.
Ал қос уықтары тіптен өзгеше болады. Олар көбінесе қарағай мен шырша
ағаштарынан жасалады. Бұл ағаштар оқтай түзу және кепкен уақытта өте жеңіл
болады. Қос уығына ұзындығы үш метрдей, түп жағының жуандығы 5
сантиметрдей шамасында болатын қарағай кесіндісі жарай береді. Мұндай
сырықтардың бұтақтарын шауып, қабығын жонып, жіңішке ұшынан қалам
шығарса болды. Қосқа арналған әлді уық ыныға келеді. Осындай 30 - 35
уықтың қаламдарын шағын шаңыраққа сыртынан көлбете сұғындырғанда,
конус тәрізді қостың қаңқасы қалыптасады. Мұндай қостарға ағаш есік
салынбайды, сыртынан жабылатын киіз есіктері ғана болады. Қостың киіз
жамылғысы екі үзіктен бір түндіктен түрады. Өзі жеңіл, жылы, жиюы мен
тігуіде оңай мұндай қостарды көбінесе, даладағы жылқышылар баспана
есебінде пайдаланған.
Қосты көбіне жылқы, сиыр малын жазда қысқы қоныстан 2 - 3 к үндік өріске
шығарып бағатындар жылқышылар мен бақташылар уақытша баспана ретінде
пайдаланылған. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін ұжымшарлардың мал
фермаларында кеңінен пайдаланылғанымен, көп ұзамай тұрмыстан шығып
қалған.[25]
Күрке - қостың даму барысында оның қаңқасында кереге мен уықтың пайда
болу үрдісін аңғартатын, көшіп - қонуға бейімделген тұрғын жайдың ең көне
нұсқаларының бірі. Үш қабат керегенің әр жерінен көтерілетін, кұрылғыға
мінсіз күмбез сүлбасын бере қоймайтын тіке уықтардың басын қабыстыру
жолымен құрастырылатын болған. Күрке киізбен, тері терсекпен жабылған.
Керегесі шимен қоршалатын күркелер де болған.
Күрке негізінен - бай малын бағысатын, коңыр төбел д әулеті бар үйелмендер
баспанасы. Соңғы 30 - 40 жылда тұрмыстап шығып
қалғандықтан, ел арасында кездесе қоймайды.
Абылайша - қостың қаңқасында шаңырақтың пайда болу үрдісін аңғартатын,
оның едәуір жетілдірілген және жорық кезінде жауынгерлер уақытша баспана
ретінде пайдаланып, келген түрі. Көпшілік жұрт қостың бұл түрінің талай талай шайқастарда көзсіз ерлік көрсетіп, ел арасында үлкен абыройға ие
болған Абылай ханның (1711 - 1781) есімімен байланыстырады.

15

Елге тарап кеткен бұл пікірдің анық қанығына күмән келтіруге болмайды.
Әйтсе де, құрлымына қарап, қостың қазақтан баска да халықтардағы
нұсқалармен салыстыра отыра, абылайшаны ( бастапқы аты белгісіз) өте ерте
заманнан келе жатқан, бәрімізге танымал киіз үйдің өзін де белгілі бір деңгейде
жетілдіре түсуге ықпал еткен баспана үлгісі деп жорамалдауға болады.
Кәдімгі қостан мұның құрлымдық жағынан айырмашылығы сырықтарының
бұрынғыдай байланыстыра салынбай, кіші - гірім шаңыраққа қадалатынынан
пошымның киіз үйге жақындай түсіп, төбе жабынында үзікпен қатар түндіктің,
киіз есіктің пайда болғанында. Оның үстіне, жорық кезінде баспана етуге
ыңғайластырылған абылайшаның тағы бір нұсқасы қыска уықтар қадалатын
кішкене шаңырағы бар, үш қанатты киіз үй кейіпінде болған. Шамасы мұндай
үйде қолбасшы әлде ханның өзі тұруы мүмкін.
Абылайша соңғы жылдарға дейін ауыл арасында пайдаланып келгенімен,
кейінгі 20 - 30 жылдарда мүлде көрінбейтін болып алды. Бәлкім б ұл к өнені ң
көзіне таңдана қарайтын керенаулықтан туған жағдай болған шығар. Әйтпесе,
жақын қашықтыкқа көшіп - қонатын малшыларға, шөп шабатындарға, ет
комбинаттарына мал айдайтындарға, археологтарға барлаушы - геологтарға
мұнан артық баспананы ойлап табудын өзі қиын.
Туырлық үй. Көшпелі қазақтың бар байлығы - малды жайып бағатын
кеңістікке байланысты болғандықтан біздегі маусымдық жайылым атам
заманнан бастап қалыптасқан. Сол жаздық, күздік жайылымдарға ығысып,
көшіп - қонып жүрген кезде қазақтың екі - үш күннен артық бөгеле тұруға
болмайтын, құдығының суы аз, жайылымы мардымсыз жерлерге тоқтағанда
тігетін, қызметі жағынан күркеге жақындау келетін баспанасы.
Туырлық үй - негізінен төрт қанатты, уықтары кіші - гірім шаңыраққа
қалалатын, тек қана туырлықтармен жабылатын жол үйдің нұсқасы. Бай малын
бағатын тақыр кедейлер мұндай қоныс кезінде екі керегенің басын қабыстыра,
жалғыз туырлықпен жаба салатын немесе үш сырықтың басын қосып, құрым
киізбен күн түсетін жақтарын ғана қымтайтын шайла тігетін болған.
Ақ үй. Молшылық пен сәттіліктің белгісі болып есептелген, '"қазақтың киіз
үйі" деген жалпылама атауды жеке иемденген, таңғыштармен, арқан
-жіптермен
байластырылатын
қаңқасы
(сүйегі)
құрастырылып
ажыратылатын киіз жабынды баспана үлгісі.
Биіктігі 135 - 140 сантиметрдей 15 басты алты қанат керегеден, күмбезін
құрайтын ұзындығы 240 - 250 сантиметрдей 80 - 90 уықтан, диаметрі 180 -190
сантиметрдей шаңырақтан, босаға, маңдайша, табалдырыққа бекітілетін қос
канатты ағаш есіктен (сықырлауық) құрастырылады. Төрт туырлықпен, екі
үзікпен, түндікпен жабылады. Таңғышы шаңырақтың шеңбері арқылы ішке
қарай тартылып байланатын киіз есік үзіктің астымен сықырлауықтың астына
түсіріледі. Киіз есік күндіз маңдайшаға дейін түріліп, т үндікті ң бауымен
ішке қарай байланады. Жылжымалы тұрғын жайдың көп тараған және
мейлінше жетілдірілген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шидің тоқылу технологиясы
Мектеп жасына дейінгі балаларды қазактың сәндік-қолданбалы өнерімен таныстыру.
Тұмар
Бейнелеу өнерінде сыныптан тыс жұмыстарды қолдану
Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың сәндік- қолданбалы өнерімен таныстыруды теориялық тұрғыда негіздеу
Сырдария облысы қазақтарының этнографиясы (Түркістан хабаршысы газетіндегі мәліметтер бойынша)
Этнопедагогика пәнінің даму жолдары
Болашақ мұғалімдерді халық педагогикасының элементтерін мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға даярлаудың педагогикалық негіздері
Ою-өрнектер
Оқушыларды ұлттық мазмұнда қол өнеріне баулу негіздерін анықтау
Пәндер