Батыс европа археологиясы


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ

1 лекция. Батыс Европа археологиясы. Кіріспе

1. Археология ғылымының қалыптасуы

2. Пәннің мақсаты мен міндеттері

3. Шетел археологиясының басқа ғылым салаларымен байланысы, орны мен маңызы

Археология - алғашқы қауымдық құрылыс тарихы

Археология дегеніміз тарих ғылымының бір саласы, ол алғашқы қауымдық, көне және ортағасырлық заттық деректерді зерттеп, адамзаттың байырғы тарихын реконструкциялайды. Шетелде «доистория» (Prehistory) деген ұғым тараған - «тарихқа дейін». Шетелде тек жазу пайда болған кезден бастап қана тарих басталады деп саналды.

Ресей, Қазақстан тарихында мұндай ұғым жоқ. Бұл ұғым алғашқы қауымдық тарихты кейінгі нағыз адамзат тарихынан бөледі. Шетелдік ғалымдар жазу пайда болғанға дейінгі тарихты тану мүмкін емес, археология мен этнология мәліметтері алдыңғы кезеңді тануға жеткіліксіз деп санады. Кеңес ғалымдары мұнымен келіспеген соң «доиcтория» - «тарих алды» деген ұғымды қолданбады. Соңғы кезде бұл ұғым өзінің алғашқы мағынасын жоғалтты, себебі, шетелдік ғалымдардың басым бөлігі жазу пайда болған дәуірді зерттеп тануды мойындады.

«Тарихқа дейін» және «тарих» арасындағы уақыттық мезгілді әр елдің ғалымдары әр кезеңге жатқызады. Француз ғалымдары «тарих алды» б. э. дейінгі ІҮ мыңжылдықпен, шумерлердің қыш жазулары уақытымен аяқтайды. Ағылшындар барлығына ортақ бір шекара белгілеу мүмкін емес деп санайды, әр аймақта жазба деректердің әр кезде пайда болғанын алға тартады. Кейбір ғалымдар кез келген аймақта жазудың пайда болуы барлық археологиялық деректерге ықпал етті. Сондықтан «праистория»- «тарихқа дейін» және «параистория» «тарих алды» деп бөлуді ұсынды.

К. Нарр деген ғалымның айтуынша, олардың арасында мынадай айырмашылық бар. «Праистория»- «тарихқа дейін» - жазу ойлап табылғанға дейінгі кезең: 1/ ол тас дәуірдің басым бөлігін және энеолиттің бір бөлігін қамтиды; 2/абсолюттік хронология тек табиғаттану мәліметтеріне сүйенеді; 3/табылымдарды түсіндіру, интерпретациялау тек кейінгі этнографиялық материалдармен салыстыру арқылы жүргізіледі; 4/ тарихи оқиғалар «праисторияның» «тарихқа дейін» тек ретроспективті жақын бөліктеріне жүреді 5/«тарихқа дейін» - «праистория» этнография сияқты өркениет алдындағы мәдени кезеңдермен байланысты, этнографиялық параллельдер «праистория «үшін аса маңызды; 6/ праисториядан қазіргі еуропалық мәдениеттің ең төменгі қабаттарына тіке байланысы жоқ 7/ адамның қалыптасу шағын шектеулі аймақтардан адамдар праисторияның аяғында Жер бетінің барлық аймақтарына толық тарайды. Параистория «тарихқа дейінгі» кезеңнің шектеулі және ең соңғы бөлігі. Ол жазу ойлап табылған соң басталып, жазуы жоқ аймақтарды қамтиды. Ол тас дәуірдің аз ғана бөлігін қамтып, әнеолиттің бір бөлігін, қола мен темір дәуірлерді қамтиды. Абсолюттық хронология табиғаттану мәліметтерімен қатар археологиялық салыстырмаларға да сүйенеді. Табылымдарды түсіндіруде жазба деректердегі мәліметтер де тартылуы мүмкін. Этнографиялық параллельдер орны азаяды. Еуропалық мәдениеттердің ең төменгі қабаттарымен байланыстары күшейеді. Жазудың таралуына орай «тарихи» аймақтар көбейіп, параистория аймағы тарылып отырады.

Алғашқы қауымдық тарихтың деректері болып археология мен этнография, лингвистика, антропология мәліметтері табылады. Сондықтан алғашқы қауымдық тарих пен алғашқы қауымдық археология жақын болғанмен ол бір емес. Археологиялық деректер алдымен қоғамның заттық мәдениеті жөнінде және аз ғана мөлшерде әлеуметтік құрылымы мен рухани мәдениеті жөнінде мәлімет береді. Ал жалпы сол кездегі қоғамды реконструкция жасау үшін басқа да дереккөздер керек. Бұл реконструкциялар аса шартты десе болады, ол жалпылама ғана бейнесін береді. Оның көптеген қыр-сырлары жоғалады. Өндіріс күштерінің дамуының аса маңызды өзгерістері ғана анықталады. Алғашқы қауымдық тарих адамды ұжыммен ғана бірге көреді, жеке адам алғашқы қауымдық тарихта жоқ. Қазіргі археолог ол алдымен тарихшы. Ол қандай тәсілдерді қолданбаса да археологиялық деректер арқылы тарихты қалпына келтіруді көздейді. Алғашқы қауымдық тарихтың қалпына келтірген беттерінің барлығын абсолютті шынайы деп айту мүмкін емес, олардың басым бөлігі болжамдар деңгейінде. Оларды тек тексеру керек. Біз өткеннің дәл қандай болғанын білмейміз. Ғылыми тілмен айтқанда өткеннің моделін жасаймыз. Өткен оқиғаны дәл қалай болғанын сипаттай алмағандықтан біз оның нобайын белгілейміз.

Археолог ең алдымен заттық мәдениет қалдықтарымен жұмыс жасайды. Сондықтан ол технологиялық мәселелерді сеніммен шеше алады. Табылған қола балтаға қарап металл өндеу техникасының дамуы жөнінде, оның жасалған уақыты жөнінде, қару пошымдары, сауда мен айырбас жөнінде айта алады. Бірақ ол осы балтаны жасағандар қай тілде сөйледі, олардың қоғамының әлеуметтік құрылымы, діни көзқарастары жөнінде айта алмайды.

Археологиялық фактілер негізінде алынған білімнің шекарасы бар. Сондықтан осы шектеулерді ескеру керек.

Алғашқы қауымдық құрылысты зерттеу барысында этнографиялық мәліметтер аса маңызды. Этнография негізінде бұрынғыны реконструкциялау тәсілі артта қалған тайпалардың шаруашылығында, қоғамдық құрылымында, заттық және рухани мәдениетінде байқалатын кейбір белгілер байырғы өткен уақытта барлық адамзатқа тән еді деген түсініктертерге негізделген. Фукидид айтқандай, «Варварлар әлі де баяғыда гректер қалай өмір сүрсе солай тіршілік кешуде». Осы принцип ХҮІІІ ғ. қайта оралды және ХІХ одан ары дамытылды.

Алғашқы қауымдық тарихты реконструкциялау үшін салт-дәстүр, түсініктер қалдықтары маңызды. Олар үйреншікті әдетке байланысты өзіне тән мәдениеттің бір текпішегінен кейінгісіне ауысып сақталып қалған. Мұндай бұрынғы сарқыншақтар үйлену, мерекелік, өлікті шығарып салу салт-дәстүрлерінде, кейде киімде, әшекейде, тұрғын үйде сақталып қалады. Алғашқы қауымдық наным сенімдер фольклорда - ертегілерде, өлеңдерде, жұмбақтарда сақталады. Этнографиямен қоса лингвистика, палеоантропология, басқа ғылым мәліметтері алғашқы қауымдық тарихтың қосымша дереккөздері бола алады. Алайда негізгі материалдарды этнография береді. Этнографтар палеолит заманына сай келетін бірде-бір артта қалған тайпаға ұшыраспаған. Өндіріс күштерінің ең төменгі сатысы Австралия аборигендеріне тән болды. Олардың мәдениеті мезолитке сай келеді. Сонымен палеолит дәуіріне этнографиялық параллель табылмайды. Сондықтан палеолит реконструкциялары ең болжамды, ойдан құрастырылған болып тұр.

Алайда мезолит пен кейінгі дәуірлерге дәл келетін аналогтар табу мүмкін емес. Ең арта қалған тайпалардың өзі бір қалыпта сақталмаған, олар аз болса да мыңжылдық тарихында өзгеріп отырған. Оларға жылдамырақ дамып отырған көрші тайпалар әсер еткен. Кейбір тайпалардың табиғи жайсыз жағдайлардан кері шегініп, регресске ұшырауы мүмкін. Сондықтан артта қалған тайрпалардың өзі адамзаттың байырғы тарихына дәл сай келеді деуге негіз жоқ.

Ұқсастық тек даму сатысында. Әлеуметтік-экономикалық базис пен әлеуметтік құрылымның басқа да элементтері арасындағы байланыстар барын ескере отырып, олардың тек жалпылама реконструкциясын жасаймыз. Онда да өндіріспен байланысты әлеуметтік байланыстар формалары туралы. Адам қоғамы басқа мәселелерде әр алуан, өзгермелі. Сондықтан идеологиялық құрылымдарға қатысты реконструкциялар аса болжамды болып табылады.

Түрлі адам ұжымдарын біріктіретін ортақ белгілермен қатар салыстырмалы-тарихи тәсілмен зерттеу үшін аса қиын тек өздеріне ғана тән ерекшеліктер бар. Олардың деңгейі бірдей қоғамдардың өзінде әралуан. Осымен қатар артта қалған тайпалардың әр алуан табиғи ортада дамуын ескеру қажет. Тропиктердегі тайпалардың тіршілігі Еуропадағы жайлы ауа-райында өмір сүргендермен сай келмейтіні тағы анық. Жергілікті жағдай заттық мәдениеттің барлық сипатын өзгертіп жіберуі мүмкін. Оңтүстік Францияның мадлен мен эскимостардың мәдениеттерінде ортақтық ұқсастықтар көп болғанына қарамастан олардың экономикасы, отбасылық қатынастар немесе наным сенімдері бірдей болды деп айта алмаймыз.

Тарихи реконструкциялар жасауда байырғы наным-сенімдерді өте сақтықпен қолдану керек. 1. Олардың алғашқы кауымдық тіршіліктің қалдығы аса өзгерген түрінде бізге жеткенін ескеру қажет. 2. Олардың мезгілін анықтау аса қиын. Оларды тек шамалап қай дәуірге жататынын анықтауға болады. Оларды терең, күрделі талдаусыз қолдану үлкен қателіктер туғызады. Алғашқы қауымдық археологияның мерзімденуінің негізінде «үш ғасыр жүйесі», яғни адамзат тарихын еңбек құралдардың жасалу материалына және техникасына қарап бөлу жатыр. Бұл жүйе 200 жыл шамасында жетілдірілді, әр ғасыр ішінде ұсақтау кезеңдерге бөліну пайда болды. Бұл жүйе тек технологияның даму фазаларын береді. Алайда ол барлық уақытта уақыт мезгілімен байланысты емес. Мысалы, қола дәуірі әр жерде әр бөлек уақытта басталып әр кезде аяқталған, кейбір жерлерде ол мүлде болмаған. Толығымен технологиялық белгілерге сүйенген археологиялық кезеңдеу алғашқы қауымдық өндіріс жөнінде толық мәлімет бере алмайды.

«Шетел археологиясы» курсында шет елдердегі археологияның тәсілдері мен археологиялық зерттеулердің негізгі нәтижелері баяндалады. Бір 45 сағаттық курста барлық шетелдер археологиясын қамту мүмкін емес. Археология ғылымы пайда болған Батыс Еуропа археологиясына, бізге көрші елдердің археологиясына (Қытай, Монғолия, Ресей), Америка, Таяу Шығыс елдердің археологиясына тоқталамыз. Жалпы археология пәні, оның деректері, міндеттері мен тәсілдері арнайы курстарда қаралған соң олар қайталанбайды.

Батыс Еуропа археологиясының қалыптасуы.

  • Палеолитты ашу
  • Неолит, қола дәуірі мен темір ғасырын зерттеудің басы
  • Тас дәуірінің мерзімденуі

Батыс Еуропа археологиясының қалыптасуы.

Археология ғылымы дүниеге келмей тұрып байырғы ескерткіштердің көне тарихтың айғағы бола алатынына назар аударғандар болды. Геродот Мысыр пирамидаларын сипаттады, скифтер мен киммериялық патшалардың молалары туралы жазды. Фукидид алғаш рет байырғы салт-дәстүрлерді талдай отырып, Грецияның байырғы тарихын қалпына келтіруге әрекет жасады.

Эллинизм дәуірінде саяхатшылардың бүкіл елдерді, қалаларды және байырғы ескерткіштерді сипаттайтын арнайы әдебиеті пайда болды - «Периэгесис». Б. э. ІІ ғас. Павсания атты жазушының «Элиада сипаттамасы» атты шығармасы пайда болды. Онда сәулет ескерткіштері мен мүсіндерді сипаттады.

Көне заттарды тануда Копенгагендегі музейдің директоры Кристиан-Юргенс Томсеннің (1788-1865жж) «үш ғасырлар жүйесі» ерекше рөл атқарды. 1836 ж. ол «солтүстік жәдігерлердің жолсілтегіші» -«Путеводитель по северным древностям» атты кітап шығарды.

Бұл кітап археология үшін аса маңызды болды. Ол музейдегі жүйесіз қалай болса солай жатқан алғашқы қоғам дәуірі заттарын олардың жасалу материалына қарап үш топқа бөлді: тас ғасыр, қола және темір. Томсен ешбірінің датасын -жасалу мерзімін көрсеткен жоқ. Ол тек құралдардың даму текпішектерін көрсетті. Алайда мұның ғылыми және методологиялық маңызы зор еді. Ол алғашқылардың бірі болып «бірге табылған» деген ұғымға назар аударды. Ол тас құралдар мен сүйектен жасалған бұйымдардың кездесетінін, қола заттармен алтынның кездесетітін, тек темір заттармен күміс пен шынының кездесетінін көрсетті. Ол темір дәуірінде әшекейлер үшін қоланың қолданылатынын байқады және әшекейлер пошымы мен өрнегінің қола дәуірінен басқа екенін байқады. Осыдан стильдік талдау мен заттың мерзімін анықтауға алғашқы қадам жасалды. Томсеннің жүйесін басқа дат археологы Иенс Якоб Ворсо (1821-1885) қоштап тереңдетті. Ворсо солтүстіктегі обаларды жүйелі түрде қазып, өз еңбектерінде қола дәуірі бейіттерінің жерлеу салтымен осыларға қарай молаға қойылған заттарымен ерекшеленетініне назар аударды. Ол жерлеу дәстүріне қарап заттардың өз-ара хронологиясын анықтаудың тәсілін ашты.

Томсеннің жүйесі басқа елдерде де қолдаушыларын тапты. Швед археологы үш ғасыр жүйесімен Стокгольмдағы музей заттарын бөліп шықты. Германияда Фридрих Лиш те осылай жасады. Алайда бұл жүйенің қарсыластары да көп болды. Олар ешбір тас, қола дәуірлері болмаған деді.

Томсеннің жүйесі еуропалық археологияда Дарвинның, Морганның тарих пен антропологияда эволюциялық мерзімдеу ілімдерімен бір кезде жасалып мойындалды.

Археологиялық мәліметтерді ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы жүйелеудің басқа да үлгілері. Археологиялық ойдың басқа да маңызды бағыттарының бірі табылған заттарды белгілі бір аймақпен немесе жазба деректерде аталатын халықтармен байланыстыру болды. Кейслер деген археолог солтүстіктегі мегалиттік құрылыстарды германдықтар салды деп санады. Мұндай пікірлердің барлығы дәлелсіз болғанымен жерлеудің түрлі үлгілері түрлі халықтармен байланысты болған деген ойдың болуы жазба деректерде аталатын түрлі елдерге нақты археологиялық материалдар тән болған деген тұжырымға жетеледі. ХҮІІІ ғ. тарихшыларында кейбір археологиялық табылымдар ең көне жазба деректерден де көне деген түсініктер пайда болды. Осындай табылымдар негізінде олардың адамзаттың жазба дәуірінен де бұрынғы тарихын сипаттауға негіз беретіні жөнінде түсініктер қалыптасты.

Жерлеудің түрлі үлгілерін жүйелеуді, оларды хронологиялық тәртіппен орналастыруды және оларды белгілі халықтармен байланыстыруды гимназия ректоры И. Ф. Даннаил жасады. Ол мазараттарды қазып, 1836 ж. «Бас есебін» жария етті. Онда ол Томсеннен тәуелсіз «үш ғасыр жүйесін» ашты. Ол жерлеудің үш тобын ажыратты: мегалиттік (оларда тас құралдар кездеседі), обалар (оларды екі топқа бөлді: қола заттары бар және қола мен темір заттары бар), қатардағы жерлеу (үйме топырақсыз және темір құралдары басым) . Бірінші топты германдықтардың бабаларына жатқызды, екінші топты германдықтарға үшінші топты вендтерге (славяндарға байланыстырды) . Бұл археологиялық материалдарды этникалық тұрғыдан түсіндірудің басы болды.

Археологиялық материалдарды адамзаттың әлеуметтік және экономикалық тарихын тануда дерек көз ретінде пайдалану әрекеттері болды. Кейбір зеттеушілер оба мен мегалиттерді билік иелерінікі, ал қарапайым бейіттер қарапайым халыққа тиесілі дегендер болды.

Дат ғалымдары Томсен мен Ворсо еңбектерінде кейін еуропадағы алғашқы қоғамдық құрылысты зерттеуде негіз болған басып алу, диффузия идеялардың, типологиялық тәсілдің бастамасы айтылды десе болады. Мысалы, диффузия теориясы бойынша заттық мәдениеттің басты жаңалықтары бір-ақ мәрте, тек бір жерде ғана жасалады. Содан кейін барып ол жер шары бойынша таралады. Сондықтан осындай жаңалықтар мен табылымдар тек географиялық ортаны туғызады. Осыдан барып жер беті бір бірінен өзгеше мәдени элементтерден тұратын мәдени шеңберлерге бөлінеді. Бір «шеңбер» екінші шеңбермен араласады да мәдени өзгерістерге себепкер болады. Осылайша тарихи дамудың заңдылықтары терістеледі. Ал даму тек кездейсоқтық ықпалдарға, көшіп барғанмен ғана байланыстырылады.

Алғашқы қоғам тарихын тануда скандинавтық ғалым Нильсон идеяларының өзіндік орны бар. Ол онда темір дәуірінен бұрын тас және қола дәуірлері болғанына айғақтар келтірді. Нилсон еңбектерінде өткенді тану үшін тек заттарды зерттеу керек дегенді жоққа шығарды. Ол дәстүрдің маңыздылығына және өзі салыстырмалы деп атаған тәсілге назар аударды. Ол байырғы заттарды сол кездегі артта қалған халықтардың заттарымен салыструды салыстырмалы тәсіл деп атады. Археологиялық және этнографиялық мәліметтерді қосу арқылы ол мәдениет тарихшысына айналды. Ол адамзаттың дамуын төрт сатыға бөлді: жабайылық, көшпенділік және егіншілік пен өркениеттілік (цивилизация) . Бұл болжам даулы болғанмен ол алғашқы эволюциялық мәдени-тарихи концепция болды. Аталған ғалымдар алғашқы қоғамдық құрылыс жөнінде ғылымның пайда болуына үлкен үлес қосты. Олар археологияны жинаушылықтан ғылымға айналуында төңкеріс жасады.

2 лекция. Европа археологиясының шығу тарихы

1. “Археология” терминінің шығу төркіні

2. Геродот еңбектеріндегі Мысыр пирамидалары

3. Археологиялық материалдарды жүйелеудің алғашқы қадамдары

4. Археология атасы - Винкельман. Алғашқы экспедициялар

Тас дәуірінің мерзімденуі жөніндегі Лартенің палеонтологиялық белгілерге сүйенген пікірі (1. үңгір аюы кезеңі. 2. Мамонт пен жүнді мүйізтұмсық кезеңі. 3. Оңтүстік бұғы кезеңі 4. Зубр мен бизон кезеңі) барлық аймақтарды қамтымады. Оның шәкірті де Мортилье ұстазының жүйесін сынға алып, өзінің жаңа үлгісін ұсынды. (Оның мамандығы инженер-геолог болатын, архологияға қызығып, осы салада зерттеулер жүргізді. Мен-Жермендегі музейдің бір бөлімін басқарды. ) Оның тас дәуірін жүйелеуі технологиялық (жасалу тәсілдеріне сүйенді) тас құралдарды жасауда үш текпішекті аңғартты: бір тасты екінші таспен ұру арқылы, тастан пластиналар сындырып алу, тастан майда, ұсақ бөліктер алу (ретуш) . Құралдардың түрлі пошымдарын, олардың қызметін және геологиялық уақытын ескере отырып, палеолитті төрт кезеңге бөлді. Кезеңдерді тас құралдар алғаш табылған жеріне қарай немесе көрнекті үлгілері табылған жеріне қарай атаулар берді. Алғашқы кезеңді шелль деп Парижге жақын Шелль қалашығының атымен атады. Келесі кезеңді үңгірлік тұрақ Ле-Мустье атымен мустьер деп атады. Келесі кезеңді үңгір Солютре атымен солютре деп, ал төртіншіні - мадлен (Ла-Мадлен үңгірі атымен) деп атады.

Ол палеолитті төменгі (оған шелль, мустьер, солютре дәуірлерін жатқызды) және жоғары (мадлен дәуірін жатқызды және бұл кезде бұрын кездеспеген сүйек және мүйіз құралдар пайда болады) . 1885 ж. кітабында палеолиттың бесінші кезеңін - ашельді енгізді. Мортилье жүйесі ғылыми ортада кең тарады. Алайда онда тек Франция жәдігерлері негізге алынған соң басқа да жүйелер ұсынылды. Уақыт келе Мортильенің «дәуірі» терминінің орнына «тип» немесе «мәдениет» деген ұғымдармен ауыстырылды.

Ол кезде палеолиттен неолитке өту жолы өзгешелеу болып түсіндірілді. Керамикасы бар, тас құралдары жақсы өңделген, егіншілікгі мен мал шаруашылығы бар неолит мәдениеттерін Еуропаға Азиядан көшіп келгендер алып келген деп саналды. Кейін ғалымдар Еуропа материалы негізінде палеолиттен неолитке өту кезеңі - мезолиттың болғанын көрсетті.

Үңгір ішіндегі сүреттердің табылуы

Алғашқы қауымдық археологияның ХІХғ. аяғында ашқан ең зор жаңалығы үңгірлер ішіндегі сүреттердің табылуы. 1875 ж. Испанияда археолог Марселино де Савтуола Альтамир үңгірінде қазба жүргізіп, оның қабырғаларындағы сүреттерге тап болды. Ол оларды осы жерде табылған палеолиттік құралдар уақытына жатқызды. 4 жылдан соң оның кішкентай қызы кейін әлемге әйгілі болған түрлі түсті (полихром) суреттер тапты. 1880 ж. Савтуола оларды жариялап палеолитке жатқызды. Біреулер оны жалғаншы деді, Мортилье оларды мойындады. 1892 ж. Францияда қазба барысында әйелдің сүйектен жасаған мүсіншесін тапты. Екі жылдан соң осыған ұқсас мүсіншелер тағы табылды. Кейін сүреттер басқа да үңгірлерде табылды. 1940 ж. Ласко үңгірі табылып, онда тамаша сүреттер табылды.

Антикалық ескерткіштерді қазу және Эгей өркениетін ашу

ХІХ ғ. соңғы ширегінде антикалық археология қатты дамыды. Грецияда Пергам, Дельфы, Афина, Олимпияда (соңғысы Германия өкіметі қаражатына қазылды) қазба жұмыстары жүрді. 1771 Г. Шлиман Трояны қаза бастады. Шлиман бір топ ескерткіштерде қазба жүргізді. Алайда қазба жұмыстары методикалық жағынан нашар болды. Кейбір археологтар осыған қарап Трояны бұзған гректер емес Шлиман деп айтты. Гомерлік Трояны қазу үшін ол барлық басқа қабаттарды бұзды, қоқсықтар төкті. Ол күнделік жүргізіп келді. Алайда ол археологияның өз зерттеу тәсілдері, техникасы барын білмеді, оның жариялаған зерттеулерін де тиісті құжаттандырмаған. Сондықтан оның кітаптарының ғылыми құндылығы төмен. 1880 ж. ол өзіне көмекші ретінде сол кезде ең жақсы қазатын Дерпфельдты шақырды. Дерпфельдт Шлиман қайтыс болған соң Гиссарлықта болған 9 «қаланың» стратиграфиясын көрсетті. Осылай стратиграфиясы анықталған Троя Шығыс Жерорта теңіз ескерткіштері үшін «тірек» ескерткішіне айналды. Шлиман Гомер Троясын табамын деп Гомерден бұрын болған, «жабайы» мәдениетке тап болды.

Микенде Шлиман «Арыстан қақпасының» іргесін, басқа бай шахталық кабірханалар, Атрей қазыналарын тапты. Шлиман Гомер жырының негізінде тарихи шындықтың барын айтты, ол Гомердегі гректің қола дәуірі тарихының шындық екенін дәлелдеді.

Эгей мәдениетінің әуелгі текпішектері Кипрде, Кикладта табылды. Тас жәшіктерде жерленгендердің қасынан тас пен мыстан жасалған құралдар, керамика табылды. Керамика үлгілері Троя ІІ-ден табылған керамикаға ұқсас болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Археология ғылымы
ХХ ғ. б. Алаш басылымдарындағы әдеби-сын мәселелері жөнінде
ХVІІ ғасырдың екінші жартысы мен 1945 жылға дейінгі зерттеулер
Ғұндар және үйсіндер археологиясы
Ертедегі және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихнамасы
Антропология ғылымының қалыптасу тарихы
Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының қола дәуірін зерттеу тарихы
Мәдени мұра саласындағы проблеманың қазiргі жай-күйiн талдау
Қазақстанның XX ғасыр басындағы оқу ағарту ісі
Орталық Қазақстан ерте көшпелілерінің әлеуметтік құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz