Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметі
І. Белгілі жазушы және қоғам қайраткері.
1.1. Бауыржан Момышұлының жастық шағы және өмірі.
1.2. Бауыржан Момышұлының әскери қолбасшылық қызметі.
ІІ.Б.Момышұлының рухани.адамгершілік, әскери.тарихи мұралары.
1.1. Бауыржан Момышұлының әскери. теориялық мұрасы және қазіргі кезең.
1.2. Бауыржан Момышұлының майданнан жазған патриоттық хаттары және соғыс жайлы жазған әскери . тарихи еңбектері.

Тақырыптың өзектілігігі.Ұлы жеңістің 60 жылдығы да келіп өтті. Қасымызда жүрген ардагерлердің де қатары сиреп барады.Бүкіл адамзат өміріне , тағдырына қанды шеңгелін алған Ұлы Отан соғысының әрбір адамзаттың жүрегіне салған жарасы да сол адамдармен бірге азайып бара жатқандай. Бүкіл әлемді «Ұлы неміс »халқының табанында ұстағысы келген герман фашизмін жеңуде қазақстандақтар да КСРО –ның құрамы ретінде бүкіл соғысқа қатысқан еді.Ерлік көрсеткен адамдар қаншама .Соның бірі де бірегейі- тірлігінде батыр атағын алмаса да халқы бұл атақты өзі берген адам-Бауыржан Момышұлы еді. Бұл адам тек талантты әскер басы ғана болған жоқ, сонымен бірге қаламын қатар жүздірген жазушы да, қоғам қайраткері де болды. Біз бүгін сол бір қаһарлы жылдарға үңілу үшін, сол соғысқа қатысып, көзімен көргендердің жазған еңбектеріне үңілеміз.Бұл еңбектер біз үшін Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне арналған шынайылығы жоғары дерек көзі болып табылады.Сол себептен бүгінгі бітіру жұмысымыздың тақырыбын «Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметі»деп алдық.
1941 – 45 жылдардағы Ұлы Отан соғысы бүкіл дүние жүзі халықтарының өміріндегі тарихи оқиға болып табылады.Адамзат тарихындағы болып өткен соғыстардың ең ауыры, қаталы және көлемдісі болды. Бүкіл әлемді өзінің табанының астында ұстағысы келген немістік нацистерден қорғап қалған кеңес жауынгерлерінің ерен ерлігі ел есінде.Бұл жойқын оқиғада қаншама адам қыршынынан қиылды, қаншама тағдыр мезгілсіз үзілді. Біз болашақ үшін өз өмірін құрбандыққа шалған сол адамдар алдында мәңгілікке қарыздармыз.
Біріншіден , Бауыржан Момышұлының еңбектерін зерттей отырып, біз Ұлы Отан соғысына қазақстандықтардың қатысуы, олардың құрамы, ол әскери бөліктердің басқарылуы туралы айтып өте аламыз.Ұлы Жеңістің 60 жылдығы келіп жетсе де , әлі күнге дейін Ұлы Отан соғысынан қазақстандықтардың қатысуы мәселесінде ашылмай жатқан ақтаңдақ беттер көп. Біз әлі күнге дейін осы ұлы оқиға туралы кеңес заманында жазылған еңбектерден оқып үйренудеміз. Ал осы соғысқа қатысқан ұлттық батырларымыздың арттарына қалдырған мұралары зерттелінбей,қолданысқа енбей жатыр.Біз осы бітіру жұмысын жазу барысында Бауыржан Момышұлының еңбектерін қолдандық.
Екіншіден, 1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Республикасы Президенті жарлығымен Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі құрылды. Осы жарғымен Қазақстандағы бүкіл әскери бөлімдер жиылып Қазақстан Қарулы Күштерінің құрамына кірді.
Қазақ мемлекетінің тәуелсіздік алуына байланысты, өз қорғаныс күшінің құрылуына, мемлекеттік шекараның тұрақтануына, әскери доктринаның жасалуына, офицерлік корпустың дайындалуына қол жеткізілді. Мұның бәрі Бауыржан Момышұлының әскери-педагогикалық мұрасына , жинақталған тәжірибесіне бет бұруды талап етеді. Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметі Қазақстандық жастардың әскери білімін кеңейтуге , аты аңызға айналған батырдың, әйгілі әскери ойшылдың ғылыми-теориялық мұрасы-соғыстың қиын кезіндегі әскери ұжымның күш-қайратын ашуға ,бөлімдер мен бөлімшелердің әскери-адамгершілік қасиеттерінің жоғарылығын көрсетуге көмектеседі.
Үшіншіден,бұл тақырыпты зерттеу барысында Герман фашизімін жеңудегі қазақстандықтардың қосқан үлесінің көлемі мен мәнін анықтауға болады.Бұл Ұлы Жеңістің 60 жылдығына сол бір қатерлі соғыс жылдары туралы біздің ұрпақтың әскери білімін кеңейтуге септігін тигізеді деп ойлаймын.

1. Бек А. Волоколамское шоссе. Москва., 1948.
2.Васильевский А.М. Дело всей жизни. Москва ., 1948.
3.Рокосовский К.К. Солдатскиий долг. Москва., 1984.
4.Чистяков И.М. Служим Отчизну. Москва., 1985.
5.Жуков Г.К. Воспоминание и размышление. Москва., 1974.
6.Нұршайықов Ә. Ақиқат пен аңыз. Алматы., 1992.
7.Ғабдуллин М. Будни войны. Алматы., 1964.
8.Левашев М.А. Талгарский полк. Алматы., 1972.
9.Селиванов Ф. Панфиловцы. Москва., 1958.
10.Кузнецов А. Герои не умирают. Алматы., 1963.
11.Абишев Г.А. Казахстан в защите социалистического Отечества.
Алматы., 1969.
12.Мұхаметжанов А. Участие казхстанских соединений в битве под Москвой (сентябрь 1941-март 1942г.г.). Дисс. на сойск. учен. степ. док. истор. наук. Алматы., 1967.
13.Нусипбеков А.Н. Казахстанцы в битве под Москвой.// Казахстан в Великой Отечественной Войне. Алматы., 1968.
14.Қозыбаев М.К Вдохновитель великой победы. Алматы., 1971.
15.Аманжолов Қ.Р. Қасиетті парыз. Алматы., 1973.
16.Шахов Н.А. Ратные подвиги воинов казахстанцев в первые месяцы Великой Отечественной войны (июнь-декабрь 1941 г.г.) Дисс. на соиск.учен. степ. кан. истор. наук. Алматы., 1991.
17.Балақаев Т, Алдажұманов К. Трудящиеся Казахстана фронту Алматы.,1985.
18.Аманжолов К.Р. Под боевым знаменем. Алматы., 1991.
19.Белан П.С. На всех фронтах... Алматы., 1995.
20.Серикбаев Б.М. Бауыржан Момышулы в моей жизни.
Алматы., 1996.
21.Млмышұлы Б. Во имя отца. Алматы., 1991.
22.Айтказина М.М. Бауыржан Момышулы. Видный военный деятель; ученый и педагог// автореферат дисс. на соиск.учен. степ.канд.истор.наук. Алматы.,1998.
23.Б.Момышұлының М.Әуезовке жазған хаты (1942 жыл 11 ноябрь) Қазақ Әдебиеті 1999жыл 30 шілде №31.
24.Саввин Н. Нейзвестный Бауыржан //Огни Алатау 1991.№18.
25.Ыбыраев Ж. Арпалыс арқауы// Алмата ақшамы. 1990. 21,25,28-мамыр.
26.Қазыбаев К. Бұл осылай болған.(Бауыржан Момышұлы мен Рақымжан Қошқарбаев туралы) // Қазақстан коммунисі 1990.№11
27.Сариева Ы.//Егемен Қазақстан 2000-23 желтоқсан.
28.НұршайықовӘ. //Алматы ақшамы-2005-24 желтоқсан,№145-146.
29.Бекхожин Қ. Атыңды мен естідім// Лениншіл жас 1971-18 сентябрь.
30.Мүсірепов Ғ.М. Туған елің тас түлегі. // Қазақ Әдебиеті 1982-18 июнь.
31.Дмитрий Снегин. Ұлы қазақ –Ұлы азамат.//Қазақ әдебиеті 1982-18.
32.Халық Сыйы. Алматы., 1986.
33.Айналған аты аңызға Момышұлы. Алматы., 2000.
34.Асанбай Асқаров. Ұлы Тұранның ұлдары. Алматы., 1998.
35.Момышұлы Б. Москва үшін шайқас. Алматы., 1959.
36.Момышұлы Б. Қанмен жазылған кітап. Алматы., 1991.
37.Момышұлы Б. Біздің генерал. Алматы., 1966.
38.Момышұлы Б. Ұшқан Ұя. Алматы., 1975.
39.Момышұлы Б. Жауынгердің тұлғасы. Алматы., 1958.
40.Момышұлы Б. Бір түннің оқиғасы. Алматы.,1977.
41. Момышұлы Б. Майдан. Алматы., 1961.
42. Момышұлы Б. Офицердің күнделігі. Алматы., 1952.
43.Момышұлы Б. Ел басына күн туса. Алматы., 1970.
44. Восьмая гвардейская краснознаменная имени генерала-майора И.В.Панфилова стрелковая дивизия. Алматы., 1942.
45.История Великой Отечественной Войны Советского Союза.1941-1945г.г. В 2-х томах. Москва., 1956.
46.Провал Гитлерского наступления на Москву. Москва.,1966.

Жоспар
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметі.
Ⅰ. Белгілі жазушы және қоғам қайраткері.
1. Бауыржан Момышұлының жастық шағы және өмірі.
2. Бауыржан Момышұлының әскери қолбасшылық қызметі.
Ⅱ.Б.Момышұлының рухани-адамгершілік, әскери-тарихи мұралары.
1. Бауыржан Момышұлының әскери- теориялық мұрасы және қазіргі кезең.
2. Бауыржан Момышұлының майданнан жазған патриоттық хаттары және
соғыс жайлы жазған әскери – тарихи еңбектері.
2
Кіріспе.
Тақырыптың өзектілігігі.Ұлы жеңістің 60 жылдығы да келіп өтті. Қасымызда
жүрген ардагерлердің де қатары сиреп барады.Бүкіл адамзат өміріне ,
тағдырына қанды шеңгелін алған Ұлы Отан соғысының әрбір адамзаттың жүрегіне
салған жарасы да сол адамдармен бірге азайып бара жатқандай. Бүкіл әлемді
Ұлы неміс халқының табанында ұстағысы келген герман фашизмін жеңуде
қазақстандақтар да КСРО –ның құрамы ретінде бүкіл соғысқа қатысқан
еді.Ерлік көрсеткен адамдар қаншама .Соның бірі де бірегейі- тірлігінде
батыр атағын алмаса да халқы бұл атақты өзі берген адам-Бауыржан Момышұлы
еді. Бұл адам тек талантты әскер басы ғана болған жоқ, сонымен бірге
қаламын қатар жүздірген жазушы да, қоғам қайраткері де болды. Біз бүгін сол
бір қаһарлы жылдарға үңілу үшін, сол соғысқа қатысып, көзімен көргендердің
жазған еңбектеріне үңілеміз.Бұл еңбектер біз үшін Бауыржан Момышұлының
өмірі мен қызметіне арналған шынайылығы жоғары дерек көзі болып
табылады.Сол себептен бүгінгі бітіру жұмысымыздың тақырыбын Бауыржан
Момышұлының өмірі мен қызметідеп алдық.
1941 – 45 жылдардағы Ұлы Отан соғысы бүкіл дүние жүзі халықтарының
өміріндегі тарихи оқиға болып табылады.Адамзат тарихындағы болып өткен
соғыстардың ең ауыры, қаталы және көлемдісі болды. Бүкіл әлемді өзінің
табанының астында ұстағысы келген немістік нацистерден қорғап қалған кеңес
жауынгерлерінің ерен ерлігі ел есінде.Бұл жойқын оқиғада қаншама адам
қыршынынан қиылды, қаншама тағдыр мезгілсіз үзілді. Біз болашақ үшін өз
өмірін құрбандыққа шалған сол адамдар алдында мәңгілікке қарыздармыз.
Біріншіден , Бауыржан Момышұлының еңбектерін зерттей отырып, біз Ұлы
Отан соғысына қазақстандықтардың қатысуы, олардың құрамы, ол әскери
бөліктердің басқарылуы туралы айтып өте аламыз.Ұлы Жеңістің 60 жылдығы
келіп жетсе де , әлі күнге дейін Ұлы Отан соғысынан қазақстандықтардың
қатысуы мәселесінде ашылмай жатқан ақтаңдақ беттер көп. Біз әлі күнге дейін
осы ұлы оқиға туралы кеңес заманында жазылған еңбектерден оқып үйренудеміз.
Ал осы соғысқа қатысқан ұлттық батырларымыздың арттарына қалдырған
мұралары зерттелінбей,қолданысқа енбей жатыр.Біз осы бітіру жұмысын жазу
барысында Бауыржан Момышұлының еңбектерін қолдандық.
Екіншіден, 1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Республикасы Президенті
жарлығымен Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі құрылды. Осы
жарғымен Қазақстандағы бүкіл әскери бөлімдер жиылып Қазақстан Қарулы
Күштерінің құрамына кірді.
Қазақ мемлекетінің тәуелсіздік алуына байланысты, өз қорғаныс күшінің
құрылуына, мемлекеттік шекараның тұрақтануына, әскери доктринаның
жасалуына, офицерлік корпустың дайындалуына қол жеткізілді. Мұның бәрі
Бауыржан Момышұлының әскери-педагогикалық мұрасына , жинақталған
тәжірибесіне бет бұруды талап етеді. Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметі
Қазақстандық жастардың әскери білімін кеңейтуге , аты аңызға айналған
батырдың, әйгілі әскери ойшылдың ғылыми-теориялық мұрасы-соғыстың қиын
кезіндегі әскери ұжымның күш-қайратын ашуға ,бөлімдер мен бөлімшелердің
әскери-адамгершілік қасиеттерінің жоғарылығын көрсетуге көмектеседі.
Үшіншіден,бұл тақырыпты зерттеу барысында Герман фашизімін жеңудегі
қазақстандықтардың қосқан үлесінің көлемі мен мәнін анықтауға болады.Бұл
Ұлы Жеңістің 60 жылдығына сол бір қатерлі соғыс жылдары туралы біздің
ұрпақтың әскери білімін кеңейтуге септігін тигізеді деп ойлаймын.
Төртіншіден, 70 жылдан астам уақыт Кеңес Одағының құрамында болған
отаршылдықтың неше түрлі езгісін көрген қазақ халқы үшін өзінің ұлтын сонша
сүйген , Ұлы халқының Ұлы батыры бола білген Бауыржан Момышұлының артына
қалдырған мол мұрасы – қазақтың ұлттық патриотизімінің өсуіне ықпал етеді
деп ойлаймын.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жүз мыңнан аса қазақстандық Ұлы Отан
соғысына қатысты. Отан қорғаудағы даңқты батырлардың ішінен соғысқа ,
әскери өнерге ,әскери парызға деген шығармашылық жолы мен ерекшеленетін
И.В.Панфиловтың қаруласы-Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы болып
табылады.
Бұл Қызыл Армияның әйгілі әскер басшысының әскери , әскери-
педагогикалық , әскери-теорияның мұрасын зерттеу-ғылыми да , тәжірибелік те
мәнге ие.
Тақырыптың зерттелу деңгейне келсек, тікелей әрі толықтай жүйелі түрде
зерттелмесе де, Бауыржан Момышұлының мұрасы және тұлғасы жеке қырларынан
жекелеген зерттеушілер еңбектерінде ашылған. Тақырыпты ашу барысында
пайдаланған зерттеулерді жүйелеп, жазылған уақытына байланысты былай екі
кезеңге бөлдік:Кеңестік және тәуелсіздік кезеңіндегі тарихнама. Екі
кезеңнің өзіндік ерекшеліктеріне келер болсақ Кеңестік кезеңде Бауыржан
Момышұлы тұлғасы соғыс контексінде , 8-гвардиялық дивизия құрамында
қарастырылды. Ал, тәуелсіздік кезеңдегі зерттеулерде негізінен Бауыржан
Момышұлының артына қалдырған мұраларына назар аударылуыда.
Бұрын Бауыржан Момышұлының жеке адамдық әрі әскери тұлғасы ,әскери –
педагогикалық қызметі И.В. Панфилов атындағы сегізінші гвардиялық
дивизияның тарихының бір бөлігі А. Бектің еңбегінде зерттелді.(1) Шығарма
майдан даласында жазылған,И.В. Панфилов дивизиясы туралы жазылған бірден-
бір еңбек.Бұл шығарма түгелдей Бауыржан Момышұлының мәліметтеріне сүйеніп
жазылған және Б.Момышұлының атын бүкіл әлемге таратқан еңбек болып
табылады.
Сонымен қатар,бұл проблема Москва шайқасы, Калинин облысы,Балтық бойын
жаудан тазарту мәселелерінде бірге қарастырылып өткен Ұлы Отан соғысының
атақты батыры туралы К.К.Рокоссовский (2), А.М. Васильевский (3),
И.М.Чистяков (4),Г.К.Жуков (5) секілді ірі әскер басылар мемуарларында
аздаған мәліметтер сақталған.Бұл атақты әскербасыларының , мемуарларына
,естеліктеріне келсек, бұларда Бауыржан Момышұлының талантты әскербасы
ретінде баға беріп кетеді.Мысалы И.М. Чистяков: “Маған Момышұлының және бір
қасиеті ұнады , ол –шыншылдығы. Қандай қиыншылыққа душар болса да шындықты
айтарымен білетінмін, ол өз қарауындағы жауынгерлерден де шыншылдықты талап
ететін.”-деп баға беруі осының дәлелі.(6.154)
Бұл еңбектерде Бауыржан Момышұлы әскери,талантты командир ретінде
сипатталады. Және бұл еңбектерде Бауыржан Момышұлы өз ұлтының ұлы ретінде
сипатталады.Оның шығыстық шығу тегі саналы түрде әдейі баса көрсетіледі.
Бұл еңбектер кеңестік негізде, кеңестік идеологиямен жазылған және
Бауыржан Момышұлының тұлғасы соғыс контексінде қарастырылады.
Ә.Нұршайықовтың “Ақиқат пен аңызы ” көркем шығарма бола тұра Баукеңнің
өмірі туралы көптеген мәліметтерді алдық. (6)
Бауыржан Момышұлы туралы оның майдандас, қандастары да аз жазған жоқ..
Әсіресе М.Ғабдуллин(7), М.А.Левашевтің (8) сонымен қатар панфиловтықтар
туралы Ф.Селивановтың (9), А.Кузнецовтың (10) шығармаларында да аталып
өткен.
Бауыржан Момышұлы әскери қызметкер ретінде Ұлы Отан соғысының жекелеген
тақырыптарына арналған еңбектерге енді. Бұлар Г.А. Әбішевтің (11),
А.Мұхамеджанов (12), А.Нүсіпбеков (13), М.Қозыбаев(14), Қ.Р.Аманжолов(15),
Н.Шаховтың (16) еңбектері еді. Бұл жердегі Г.А.Әбішевтің және
А.Нүсіпбековтың еңбектері Москва түбіндегі шайқасқа қазақстандық әскелердің
қатысуын зерттеудің бастауы болып табылады. Осы еңбектерде авторлар алғаш
рет архив документтері мен материалдарын қолданысқа енгізеді, майдангерлер
естеліктерін және мерзімді басылымдарды пайдаланды .
Бірақ осы кеңестік кезеңде жазылған бірде-бір еңбекте батырдың
азаматтық,педагог, ойшыл, теоретик, әскери, жазушылық тұлғасы толық
ашылмады.
1991 жылы Қазақстан республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін ғана,
өткен өмірге, тарихқа ерекше ұллттық, халықтық көзқараспен қарай
бастағанымыз белгілі. Жаңаша тұрғыда тарихтың әр түрлі кезеңдеріне арналып
зерттеулер жазылуда. Осы кезде қазақ халқының тамыры тереңге кеткен әскери
дәстүрінің бар екендігі айқындалған еді.1990 жылы Бауыржан Момышұлына Кеңес
Одағының Батыры атағы берілген болатын.Бұл тарихи өзгеріс тарихшыларға Ұлы
Отан Соғысына қазақстандықтардың қатысуы туралы және ұлт батыры Бауыржан
Момышұлы туралы еңбектерді тудыруына мүмкіндік берді. Бұлардың қатарына
Т.Балақаев пен К.Алдажұманов (17), Қ.Р.Аманжолов (18), П.С.Белан(19),
К.С.Серікбаев(20). Бақытжан Момышұлының(21) зерттеулері жатады. Сонымен
қатар М.М Айтқазинаның докторлық диссертацисы тікелей Б.Момышұлының
мұрасына арналды.(22) Бұл зерттеулер негізінде әскери тарихпен ұлттық
батырларды зерттеудегі проблеманы шешуге арналған.Тәуелсіз Қазақстанның
ұлттық әскери құрылысы туралы айта келіп,өз еңбектерінде авторлар
Б.Момышұлының ғылыми мұрасына көп көңіл бөледі.
Дегенменде Бауыржан Момышұлының сан қырлы тұлғасын ашатын ғылыми
еңбектер жазылмаған. Бітіру жұмысын жазу барысында мерзімді басылым
беттеріне жарияланған Н.Саввин(24),
Ж.Ыбыраев(25),К.Казыбаевтардың(26), Ы.Сариева(27),Ә.Нұршайықовтың(28),
мақалалары қолданылды. Сонымен қатар батыр туралы мәліметтер бар “Халық
сыйы ”(27), “Айналған аты аңызға Момышұлы ”(28) естеліктер жинағы және
А.Асқаровтың “Ұлы
Тұранның ұлдары ”(29) еңбегі пайдаланылды.
Тақырыптың деректік негізі . Бітіру жұмысын жазу барысында негізгі
сүйенген жанама дерек көзі ретінде Ұлы Отан Соғысына қатысушылардың
“Восьмая гвардейская краснозменная имени генерала майора И.В. Панфилова
стрелковая дивизия” деп аталған естеліктер жинағы(30), И.В.Панфилов
атындағы гвардиялық дивизия туралы “История Великой Отечественной Войны
Советского Союза”(31), “Провал гитлерского наступления на Москву”(32) атты
құжаттар жинағы пайдаланылды. Ал әр жылдары жарық көрген “Москва үшін
шайқас”(33), “Қанмен жазылған кітап”(34), “Біздің генерал”(35), “Ұшқан
ұя”(36), “Бір түннің оқиғасы”(37), “Жауынгердің тұлғасы”(38), “Майдан
”(39), “Офицердің күнделігі”(40), “Ел басына күн туса”(41) кітаптары
пайдаланылды.
Тақырыпты зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысын жазу
барысында алдыма қойған мақсатым-Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметі Ұлы
Отан Соғысының ,басынан аяғына дейін қатысып, өзінің ерен еңбегімен көзге
түскен орны мен еркшеліктерін, дәрежесін анықтау.
Осы мақсаттан шығатын міндеттерімді атап өтсем:
-Бауыржан Момышұлының еңбектерінің бағыт-бағдары мен мақсатын,
жалпы тарихи маңызын анықтау.
- Бауыржан Момышұлының еңбектерін пайдалана отырып
қазақстандықтардың Ұлы Жеңіске жету жолындағы рөлін айқындау .
-
Бітіру жұмысымның хронологиялық шеңбері: Бітіру жұмысының тақырыбы:
“Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметі”-деп алғандықтан тақырыптың
хронологиялық шеңберін 1941-1945 жылдар аралығы деп алдым.
Бтіру жұмысының құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан,
қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде жұмысты
жазу барысындағы мақсат-міндеттер ,тақырыптың зерттеу деңгейі, пайдалану
деңгейі туралы айтылған. 1-тарау “Белгілі жазушы және қоғам қайраткер” деп
алынған. Бұл тарау өз ішінде екі бөлімнен тұрады. 1-бөлім “Бауыржан
Момышұлының жастық шағы және өмірі” деп алынып, батырдың жастық шағы мен
өмірбаянына тоқталдым. 2-бөлім “Бауыржан Момышұлының әскери қолбасшылық
қызметі” деп алынды. Онда Бауыржан Момышұлының қолбасшылық қызмет жолына
тоқтадым. 2- тарау “ Бауыржан Момышұлының рухани-адамгершілік, әскери
–тарихи мұралары” деп алынды. Бұл тарау екі бөлімнен тұрады. 1-бөлім
“Бауыржан Момышұлының әскери-теориялық мұрасы және қазіргі кезең” деп
аталады. 2- бөлім “Бауыржан Момышұлының майданнан жазған патриоттық хаттары
және соғыс жайлы жазған әскери-тарихи еңбектері” деп аталады.

Ежелден ел тілегі – ер тілегі,
Адал ұл ер боп туса – ел тірегі - деген дара даналығы бар
Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы,
Мыңбұлақ ауылында туып-өскен. Даңқты қолбасшы, Ұлы Отан Соғысының аты
аңызға айналған батыры.
Өзінің жастық шағы туралы Бауыржан Момышұлы Ұшқан ұя атты еңбегінде
былай деп баяндайды:
Менің бабам Имаш мың да тоғыз жүз он бірінші жылы тоқсан екі жасында
дүние салған. Орта бойлы, орақ мұрын, от жанарлы сол шымыр шалдың төртінші
перзенті –менің әкем Момыналы екен. Оны жұрт Момыш деп кеткенғ,-деп
жазады[38.6бет.].
Әжесінің аты Қызтумас еді. Қартайғанда сары кемпір атанған. Жарықтық ,
аса ажарлы, ақ дидарлы кісі екен. Ондай ару ол кезде ел арасында некен
–саяқ. Ұл біткеннің бәрі қазанның түп күйесіндей әкесіне тартып қара
болды , қыз жағы өзіме тартып аққұбаша ажарлы шықты деп отыратын еді,
жарықтық әжесі өзінің ұлдарына өңшен аққұбаша аруларды айттыруға ынтық
болған. Соның кесірінен Бауыржанның әкесі Момыш отыз үш жасына дейін салт
басты, сабау қамшылы жүріпті.
Момыш әкемнің айтуынша,-деп жазады Бауыржан, мен мың да тоғыз жүз
оныншы жылдың қысында, ескіше декабрьдің жиырма төртінде туыппын. Әкем ол
күні Әулиеата шаһарында екен. Мен туған соң Имаш бабам жан-жаққа кісі
шаптырып әкеме де хабаршы жіберіпті.
Жарық дүниеге келгеніме екі-үш ай болғанда, шешем мені күн көзіне
шығарып, Имаш атамның алдына әкеліпті. Атам ерте көктем алдында ағаш
отырғызып жүр екен.
- Атасының қолын ұзартып, қолқабыс беруге келді, -депті шешем ізетпен
иіліп.
Атам еміреніп мені алақанына алыпты. Қолыма жас бұтақ ұстатып:
Құрық деп берсем - құл болма,
Шыбық деп берсем – шіл болма.
Бәрінен де, шырағым,
Баяны жоқ ұл болма,-
деп келініне мені қайтарып берген екен.
Атасымен алғашқы дидарласуының құрметіне деп , алағшқы өсиет өмірлік
өнеге болсын деп әкесі сол күні мал сойып ауыл ақсақалдарының басын қайта
қосыпты.
Бауыржан туғанда әкесі елуді еңсеріп қалған кісі екен.Әжесі жарықтық
Момыналыны балаларының ішіндегі еті тірісі осы болды деп отырар еді.
Мпмыналы өз бетінше талпынып жүріп ескіше сауатын ашып алыпты.
Содан өле - өлгенше өз бетінше оқып тоқыған адам. Ол есеп-қисапты
тәуір білетін. Тіпті орыс алфавитін де ежіктеп шығара беруші еді. Жас
күнінде ағаш ұста болыпты, етікші де атаныпты, тәуіпшілдігі де бар екен.
Әсіресе, зергерлікті жақсы көрген. Олардын елінде одан өткен зергер ұста
болмаған екен.
Әкем маған ата - тегіміздің аты-жөнін үйретуші еді.
- Кімнің баласысың?-деп сұрайтын ол.
- Мен Момыштың ұлымын.
- Момыш кімнің баласы?
- Момыш – Имаштың баласы.
Осылайша жеті атаға дейін жетелеп отырып санатады.
Ал келген қонақ ең алдымен атымды сұрайтын. Сонан соң менің жеті ата
жөніндегі білімімді тексеретін,-деп келтіреді.
8
Ел танудың басы ең алдымен осылай басталатынын ол кезде кім білген.
Әжесі малдың тілін ұғуды- Қозы маңырайды, бұзау мөңірейді, құлын
кісінейді, бота көзі мөлдіреп аңсайды... Бұған зұлым қасқыр, жымысқы түлкі
, дәрменсіз қоян, сүйкімді құс , сұрапыл сұңқар жайлы ертегілер айтып
үйретеді екен[38.296бет.].
Кавказды аралаған кезінде үш күн қатарынан ашық аспан астында түнегені
бар.
Сонда ұзақ уақыт ұйқысы келмей елес қуып, өмір өткелдерінің теңізіне
жүзіп кеткен кездері көп болыпты. Сол өткелдердің көбіне аялдамай, балалық
шағы мен әскери өмірінің белестеріне қайта – қайта көтеріле бергенің өзі де
аңғармай жатып, сол сәтте тағы да бала кезі ойға оралады...
Онда мен бесте ме, әлде алты жаста шығармын. Әжеммен бірге жатушы ем.
Әже құшағы қандай ыстық, қандай мейірбан десеңші. Көзім ұйқыға кеткенше
әжем айналып-тоғанып арқамнан қағып жатқаны. Еркелеп жатып қалғып
кеткеніңді өзің де аңғармай қаласың,- деп есіне алады.
-Кейде менің өнеге алған , тәлім үйренген ,дәріс оқыған ұстаздарымды
еске түсіріп ойға бататыным бар.Сондай шырын шақтарда ең алдымен ата-
аналарымның бейнесі елестейді. Солардың уағызы басымырақ бола береді...
Өйткені есейе келе көрген көп ұстаздарым талай- талай тағылымға бой
ұрғызғанымен, олардың бірде – бірі нақ өзімнің әжемдей , әке-шешем мен
ауылдың қадырлі ақсақалдарындай өсиет айдынына жүздіре алған жоқ, молынан
құлаш сермете алған жоқ десем ардақты ұстаздарымның көңіліне келмес. Бұл
сезім өзіме қанымның тартқанынан немесе жақыныма сезімімнің бөлектігінен ,
әлде ата - анаға деген парызымның молдығынан ғана туып отырған жоқ. Өмір
шындығының өзі ақиқатқа бас ұрары даусыз,- деп келтіреді.
Алты жасқа келгенде әкесі Момыш Бауыржанды орысша оқыту үшін өзінің
танысы Гончаровтардың үйіне әкеледі. Осылайша бір жыл Евгеньевка селосында
сауатын ашқан соң, Жамбыл қаласындағы Аса интернатына оқуға келеді. Бұл
жерде үш жыл оқып сауатын ашқан соң бастауыш мектепті бітіреді.Оны
ұстаздары әріптен бастап буынға дейін, сонан соң ақ қағазға қаламмен өрнек
жазуға дейін үйретті. Келе - келе жүйелі оқып, есепті жүйрік шығаруға қол
жеткізді. Ал өмірдің өзі ше ? Осынша ғұмырының ішінде түрлі –түрлі күрделі
жағдайда ; толқымалы тоқсан сырлы кезеңде кездесіп дидарласқан, тағдырлас
болған ,табақтас болған адамдар ше? Мамыражай сәттерден мазасыз майданға
көшіріп , көбік шашқан өмір дариясының бір толқынынан екінші толқынына
аямай лақтырған уақыт ше? Осының бәрі де оның тірлігіндегі тірек болған,
жүрек болған, қол ұшын берген , қорған көрсеткен ұстаздыры деп біледі.
Осындай уақыт талқысы ғана , өмір өткелдері ғана, тірлік тізбегі ғана
менің әжемнен үйренген жақсы , жаман , мақұл, немақұл деген
сөздердің байыбына терең бойлата алды,-деп жазады.
1924 жылы Шымкенттегі жеті жылдық мектепке түсіп, оны 1928 жылы
тәмамдайды. Айта кететін жағдай , ол осы жерде Әбділда Тәжібаевпен бірге
оқиды.
1928 жылы оқуды бітіріп келген соң, сол жылы Орынборда ашылған Қазақ
Педагогикалық институтына оқуға келеді. Бірақ ауа райының қолайсыздығына
байланысты оқымай кері қайтады. Бұның себептерін Ә.Нұршайықовтың Ақиқат
пен аңыз роман –диалогында көрсетеді.
Елге келген соң мектепке мұғалім боп орналасып , онда екі жыл жұмыс
істейді. Одан соң аудандық атқару комитетінің секретарі болып еңбек етеді.
Бұл қызметі үш жылға созылады. 1932 жылы қарашада военкоматқа шақырды.
Әскери қызметті Термезде өтеді. Жауынгерлік тапсырманы орындай жүріп,
үздік қызыл әскер атағына иеленді. Алғашқы әскери ұстазы – Николай Редин.
Әскери қызметін аяқтап, 1933 жылы қыста елге оралады. Өзінің бұрынғы
қызметі өнеркәсіп банкіне келіп, кен істері жөніндегі аға экономист болып
тағайындалды.
1932-1936 жылдары екі рет әскер қатарына шақырылды. Сол кездері өзінің
дала перзенті екенін дәлелдеп, құралайды көзге ататын мерген атанды. Әскери
іске аса қабілеттілігімен 1941 жылы соғыс басталысымен – ақ көзге түсіп,
атақты қолбасшы И.В.Панфилов дивизиясын ұйымдастыруға ат салысады[28.10-
11б.б.].
Бауыржан атамыздың ерлік даңқы бүкіл Республикаға таралды. Майданда
ерлік көрсеткен қазақтар әрине көп. Бірақ, олардың бірде біреуінің атақ
–даңқы Баукеңдей дүркіреген жоқ. Соғыс кезінде , одан кейін, бүгіндері де
туған нәрестелерге де Бауыржан атын қою салтқа айналды.
1936 жылдан қырықыншы жылдардың соңына дейін Қиыр Шығысқа әскери
қызметке аттанады. Сол жақта аға лейтенант шеніне қол жеткізеді.40-шы
жылдардың басында Киевке полк штабының бастығының бірінші көмекшісі болып
қызметке келеді. Округ командашысы Г.К. Жуков, оперативтік бөлімнің
бастығы полковник И.Х. Багряман болған. Бауыржан Момышұлы Житомир
қаласындағы 406- полк штабы бастығының бірінші көмекшісі болып барады. 1941
жылдың қаңтарынан бастап, Ұлы Отан Соғысы басталғанға дейін республика
әсери коммиссариатында аға нұсқаушы болады. Соғыс басталғаннан соң осында
жасақталған 316- атқыштар дивизиясында батальон командирі болып алынды.
1941 жылы 22- маусымда фашистік басқыншылар Кеңес Одағына басып кірді.
14-16 қарашада дивизия немістермен алғаш рет кездеседі.
Жаудың Москваға жасаған алғашқы 7-31 қазан аралығындағы жойқын шабуылы
тойтарылды. Соғыстың 147-ші күні , яғни 15-қарашада Москваға екінші жойқын
шабуылы басталды. Жаудың 51 дивизиясы Москваға лап қойды. Немістер Москва
түбінде 300 мың адамынан айрылды. Бауыржан Момышұлы 1941 жылдың 26-
қарашасында 1073- атқыштар полкының командирі болды. Батыс майданы
әскерлеріне арналған №0413-бұйрық бойнша 1941жылы 9-желтоқсанда – капитан,
Калинин майданы әскерлеріне арналған №0143-бұйрық бойынша 1942 жылы 10-
мамырда –майор, ал Қорғаныс Халық Комиссариатының №06190 бұйрығы бойынша
1942 жылы 2-қазанда подполковник болды. 1942 жылы ақпанда 1075-атқыштар
полкінің құрамындағы екі қазақ жауынгері Төлеген Тоқтаров пен Мәлік
Ғабдуллинді Кеңес Одағы Батыры атағына ұсынып , Бауыржан Момышұлы осы
полктегі қызметін аяқтап, өзінің 1073-атқыштар полкінің командирі болып
кетті. 1943 жылы 15-қарашада Бауыржан екінші рет жараланды. Бір жарым айдай
госпитальда жатып, екі айлық демалыс алып, Алматыға келеді. Демалыстан
кейін Москваға келіп, К.Е. Ворошилов атындағы Жоғарғы Әскери Академия
жанындағы білім жетілдіру курсын 1944 жылы қазанда жақсы деген бағаға
бітіріп шықты. Содан кейін 1- балтық майданына келіп, дивизия командирі
болып тағайындалды. Атақты И.В. Панфиловтың дивизиясында ол алдымен
батальон , гвардиялық полкті кейіннен 9-қызыл тулы гвардиялық атқыштар
дивизиясын басқарды. Ленин орденімен , екі Қызыл Ту ордені , 1-дәрежелі
Отан соғысы орденімен және бес медальмен марапатталған[35.3бет.].1942
жылдан бері КПСС мүшесі болған.Бауыржан Момышұлы Ұлы Отан соғысынан кейін
Бас Штабтың Жоғарғы Әскери Академиясын бітірді. Қызыл армияның әскери
академияларының бірінде әскери – педагогикалық іспен айналысты. 1956 жылы
денсаулығына байланысты запасқа кетеді. 25 жыл өмірін Қызыл Армия қатарында
қызмет етуге арнайды. 1956 жылдан бастап өзін әдеби қызметке арнайды. Бұл
қызметі үшін Құрмет белгісімен марапатталады. Шығармашылық жұмысқа ол
өзін -өзі өмір бойы дайындап өткен. Қанды соғыс жылдарының өзінде-ақ , ұрыс
пен қызметтен бос кезде ол күнделік жүргізіп , сурет салды, әңгіме , мақала
және өлең жазды[22.24бет.].
Соғыс жылдары орталық газеттердің беттерінен әскери педагогикалық
тақырыптағы мақалаларымен көрініп жүрді. Панфилов дивизиясының бүкіл даңқты
жолымен бірге өткен Бауыржан Момышұлы бұл дивизияның биографы болды. 1948
жылы жазушылар одағына мүшелікке алынды. Бұлай деуіміздің себебі :
Біріншіден осы дивизияның атын шығарған Москва қорғаныс туралы батыр
Москва үшін шайқас романын жазса, екіншіден, А. Бек батыр өмірін дивизия
өмірімен ұштастыра отырып Волоколамск шоссесін жазып шыққан еді[28.10-
11б.б.]. Бұл екі шығарма да Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизия тарихына
, ерлігіне арналған ірі шығармалар болып табылады. Екінші шығарманың жазылу
тарихы туралы айтатын болсақ , Ә.Нұршайықовтың романында бұл шарт
көрсетілген.
Бауыржан Момышұлы соғыста екі рет ауыр жараланып, бес рет қоршауға
түсіп, 207 рет жорыққа қатысқан. 1941 жылдың 26- қарашасында Бауыржан
Момышұлы 1073- атқыштар батальоны командирлігіне тағайындалды.
1941 жылдың қарашасында генерал И.В. Панфиловтың басқаруындағы дивизия
Волоколамск тас жолын қорғап тұрды. Жаудың 2- танктік , 29-маторлық, 11және
110- жаяу әскер дивизияларын талқандап , 900 неміс солдаттары мен
офицерлерінің көзін жойды. 1941 жылы 19-қарашады майдандағы берілген
әскери жарлықтарды үлгілі орындағаны үшін 316- атқыштар дивизиясы Қызыл Ту
белгісімен марапатталды. Ал 18-қарашада Халық Қорғаныс комиссариатының 316-
атқыштар дивизиясына И.В.Панфилов атындағы 8-гвардиялық атқыштар дивизиясы
атағын беру туралы жарлығы шығады.
1941 жылы желтоқсанда жау Москвадан алыстатылған соң 8-гвардиялық
атқыштар дивизиясы И.М. Чистяковтың басқаруымен Қазақстаннан жаңадан келген
әскери құрылымдар мен толықтырған соң, Великолуж операциясына қатысу үшін
Калинин майданына Валдай қаласына әкелінеді. 1942 жылы қысқы шабуылында
Бауыржан Момышұлы өз жауынгерлерімен жаудың С.С. Өлі бас (Мертвая
голова) талқандап, 1200 жудың көзін жойып және жол торабын өз қолына алады.
Осы шайқастар нәтижесінде дивизия жаудың 83- жаяу әскер дивизиясын
талқандап, 3-таулы жер дивизиясына , 218-жаяу әскер және 20- мото
дивизиясын айтарлықтай шығынға үшыратты, 13300 неміс солдаттары мен
офицерлерінің көзін жойды. Ерен ерлік үлгісін көрсеткені үшін дивизия
командованиесі Москва түбіндегі қорғаныс пен қарсы шабуыл үшін 805 адамды
атаққа ұсынса ,олардаң 31-ін Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынған
еді[13.54бет.].
1944 жылы Бауыржан Момышұлы Бас Штаб Академиясының қысқа мерзімді
курсын бітіргеннен кейін 1945 жылы 25-қаңтарда 9- гвардиялық атқыштар
дивизиясының командирі болып тағайындалды. 9-гвардиялық дивизияның әскери
жорық жолына келер болсақ, 1945 жылдың басында Бауржан Момышұлы 1- балтық
бойы майданының құрамындағы 9- гвардиялық атқыштар дивизиясын басқаруға
көшті. Дивизияға Приукеле станциясын жаудан тазарту тапсырмасы берілді.
Осы дивизины басқара жүріп соғысты аяқтады. Берлинді бағындырған кезде
Бауыржан Момышұлы Курляндиядағы немістерді тазартумен айналысты. 1945 жылы
9-мамырда соғыс аяқталғаннан кейін, қыркүйекке дейін Балтық әскери
округінде сол 9- дивизияның командирі болып тұрды. Содан кейін Москваға ГУК
құрамына шақырылды. 1946 жылдың қаңтарынан бастап К.Е. Ворошилов атындағы 1-
дәрежелі Суворов орденді Жоғарғы Әскери Академияның тыңдаушысы болды және
осы Академияны жақсы деген бағамен бітіріп шықты. Баукең қатардағы әскери
профессор болған.Ол Калинин қаласындағы Әскери Академияда сабақ беріп
жүрген кезде тактикадан алты стратегидан тоғыз еңбек жазған. Сол үшін аға
оқытушылықтан ординарный профессор дәрежесіне жоғарылайды.
Бауыржан Момышұлының әскери өнері 1956 жылға дейін созылды.
Соғыстың соңғы кезеңінде дивизия басқарған Бауыржан Момышұлы өзін
оперативті ойлай алатын, шайқасты өте шебер ұйымдастыратын, қанды
шайқастарда дивизияны батыл басқара алатын сауатты қолбасшы ретінде көрсете
білді. Ол дивизия басқарған тұңғыш әрі жалғыз қазақ болды. Көптеген
әскербасылар Бауыржан Момышұлын, тек қана гвардия полковнигі болып қалған
Бауыржан Момышұлын оқып үйренді. Олардың барлығы батырға қатысты жасалған
әділетсіздікті білді. Бірақ ол Бауыржан Момышұлына тежеу, бөгет бола
алмады. Себебі , тарихқа атағы бойынша емес, сіңірген еңбегі бойынша енеді.
Бауыржан Момышұлы белсенді қоғамдық жұмыстар атқарды,әдебиеттің лайықты жас
буының тәрбиелеуге көп жігер жұмсап, еңбек сіңірді. Оны халқы батыр атады,
бұл халқының сүйікті ұлына тірі кезінде берген бағасы болмақ. Асқар тау
алыстаған сайын асқақтай береді дейді халық даналығы. Осы ұлы сөз Бауыржан
Момышұлына арналып айтылғандай. Бауыржан Момышұлының асқақ бейнесі халық
жадынан өшпек емес!
1.2.Б. Момышұлының әскери қолбасшылық қызметі.
Бауыржан Момышұлының – халық батыры , Кеңес Одағының батыры , белгілі
жазушы ,біз аты аңызға айналған жерлесімізді осылай атаймыз.Бұлар әділ
берілген баға болғанымен, қазақ халқының біртуар ұлын толық сипаттай
алмайды.Біз оны тағы да қазақт ың алғашқы әскери ғалымы,пәлсапашы
–ойшылы,қазақ қолбасшысы деп айтуға тиіспіз.Ол бұл мәртебесі жоғары
сөздерге әскери-ттеориялық ойға өз үлесін қосқаны,дүниені таннуда, өзінің
пәлсапалық жүйесін қалыптастырғаны және қолбасшылық таланты үшін мейлінше
лайық.Бауыржан Момышұлы: “Халықсыз батыр жоқ”, яғни батырды халық
тудырады,ал олар “оны бейнелейді”,-деп жиі айтатын.Қазақ халқының да ұзақ
ұланғайыр тарихы бар.Ежелгі халқымыздың түп тамыры сақтар тайпаларында
жатыр.Олар біздің эрамыздың алдында Ескендір Зұлқарнайынға есеңгірете соққы
беріп,қанқұйлы жаулап алушының Шығысқа жылжуын тоқтатқан . Біздің эрамыздың
сегізінші ғасырында араб басқыншыларының Қазақстан аумағындағы меммлекетті
бағындырмақ болған әрекетті сәтсіз аяқталды. Түргештер мен Қарлықтар
ерлікпен әрі білгірлікпен соғыса білді;басқыншылар ұйымдасқан соққыға тап
болып, өздерінің арам пиғылынан бас тартуға мәжбүр болды. Ежелгі
қазақтардың түркі тайпалары 13 ғасырдан бастап түркі –моңғол империясының
құрамына кірді.Шыңғысханның әскерінің сол қанаты негізінен мергендігімен
және ерлігімен даңқы шыққан қазақтардың арғы тегі түріктерден құралғаны,
ал олардың қолбасшыларының жаудың ішіне тереңдей ендеп,кенеттен шабуыл
жасай білгені тарихтан мәлім. Сонау 1470 жылы дүниеге келген кезеңінен
бастап, яғни өзінің 240 жылдан астам өмір сүрген заманында қазақ хандығы
Кіндік Азияда үстемдік етіп,көршілерін өзін құрметтеуге және білікті
қолбасшылары-ардабақтардың басқаруындағы қазақ атты әскерлерінің айбынымен
есептесуге мәжбүр етті. Қазақ мемлекетіне қарсы соғыс бастаған жоңғар
басқыншылары қазақ әскерінің қауіпті де қаһарлы жауды күйрете алатын күші
мен қуатын мейлінше сезіне білді. Бөгенбай, Қабанбай сияты батырларды
Кіндік Азияда және одан тысқары жерлерде көп адам білді. Біз сияқты
тарихшыларға қазақ халқын құртып жіберуге ұмтылған қанқұйлы жаулардан
отанымызды қорғап қалған сол қолбасшыларды елге таныту міндеті тұр.
Қазақтар әр кезде апталар бойы ат үстінде күн кешіп.жорықтарда
қиыншылықтарға төзе білген епті де ержүрек жауынгер халық болған.сондықтан
да халық қаһарманы,ержүрек қазақ батырларының жауынгерлік даңқының мұрагері
Бауыржан Момышұлының екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында жарқ етіп көрінуі
тегіннен тегін емес.
Бауыржан Момышұлының атының аңызға айналуы тек оның (қолбасшылық таланты
мен әскери ғұламалық) көрсеткен ерлігі мен жазушылық талантында ғана
емес.Уақыт өткен сайын оның қолбасшылық таланты мен әскери ғұламалық дарыны
бізге жаңа қырынан таныла береді. Оның әскери дарыны 1941 жылы Мәскеу
түбіндегі ұрыстарда ашылды. Ол онда аға лейтенант дәрежесінде әдепкіде
батальонға , ал сосын атқыштар полкіне басшылық етті. Армия генералы И.М
Чистяков “Отанға қызмет етеміз” деген кітапта : “Панфилов Бауыржан
Момышұлын ерекше ержүректілігі мен батылдығы үшін бағалады.Мәскеу түбінде
оның қоршауда қалған батальоны бірнеше күн бойы полкпен байланыса алмаса
да, күші басым жаумен аянбай соғысты. Қиян кескі ұрыстарда гврдияшылар екі
тәулік ішінде 400-ден астам фашистің көзін жойып, олардаң Волоколом тас
жолы бойындағы шабуылын тоқтатты, қоршау бұғауын үзін , өз полкіне жетті.
Осы ұрыстан соң Панфилов қосымша күш ретінде Момышұлының батальонын өз
жанында ұстап,өте ауыр жағдайда ұрысқа салды”,-деп атап көрсетті.
Момышұлының әскери шеберлігі, жауынгерлік дарыны сұрапыл соғыстың қатал
сындарында суырылып, шыңдала түсті. (1944 жылы полковник Момышұлы Бас штаб
академиясының қысқа мерзімді курсын аяқтаған соң)
1932-1936 жылдары 2 рет әскер қатарына шақырылды. Сол кездері өзінің дана
перзенті екенін дәлелдеп , құралайды көзге ататын мерген атанды. Әскери
іске аса қабілеттілігімен 1941 жылы соғыс басталысымен –ақ көзге түсіп,
атақты қолбасшы И.В.Панфилов дивизиясын ұйымдастаруға ат салысты.
Бауыржан атамыздың ерлік даңқы бүкіл Республикаға таралды. Майданда ерлік
көрсеткен қазақтар әрине көп. Бірақ,олардың бірде –біреуінің атақ-даңқы
Баукеңдей дүркіреген жоқ. Соғыс кезінде ,одан кейін,бүгіндері де туған
нәрестелерге де Бауыржан атын қою салтқа айналды.
1936 жылдан қырқыншы жылдардың соңына дейін Қиыр Шығысқа әскери
қызметке аттанады. Сол жақта аға лейтенант шеніне қол жеткізеді. 1940-шы

қызметке келеді. Окрук командашысы Г.К.Жуков,оперативтік бөлімінің бастығы
полковник И.Х. Багряман болған. Бауыржан Момышұлы Житомир қаласындағы 406-
полк штабы бастығының бірінші көмекшісі болып барады. 1941 жылдың
қаңтарынан бастап, Ұлы Отан соғысы басталғанға дейін республика әскери
комиссариатында аға нұсқаушы болады. Соғыс басталғаннан соң осында
жасақталған 616- тқыштар дивизиясында батальон командирі болып атанды.
Енді 316- атқыштар дивизиясының құрылу тарихына келер болсақ, казак
станциясы Талғарда 1941 жылдың 13-шілдесінде Қазақстан мен қырғызтанның
ұлдарынан И.В. Понфиловтың қолбасшылық етуімен қалып- тасты.
1941 жылы 22 маусымда фашистік басқыншылар Кеңес Одағына басып кірді.
Б. Момышұлы соғыстың басталуы туралы былай көрсетеді: 1941 жылдың
қазанында фашистер өзінің барлық адам күшінің -42, танктерінің -75,
артиллериясының -45, самалеттерінің -31 процентін Москваны алуға жұмсады.
Москваға келер жолды бекітіп біздің үш майданымыз : Батыс майдан (
командашысы генерал- полковник И.С. Конев ), Резервті майдан ( командашысы
Кеңес Одағының Маршалы С.М. Буденный ) және Брянск майданы ( командашысы
генерал –лейтенант А.И. Еременко) тұрды . Батыс мйданында қарайтын
Волоколамск бағытына 16- армия ( командашысы генерал-лейтенант
Н.К.Рокосовский , соғыс советінің мүшесі А.А. Лобачев, чтаб бастығы М.С.
Малинин) жіберілді Кейіннен 8- гвардялық дивизиясы атағын алған 316-
атқыштар дивизиясы осы армияның құрамына кіріп , Волоколамск қаласы мен
Москваға кіретін күретамыр –Волоколамск тас жолын қорғады.
14-16 қарашада дивизия немістерімен алғаш рет кездеседі.

тойтарылды. Соғыстың 147-ші күні,яғни 15-қарашада Москваға екінші жойқын
шабуылы басталды. Жаудың 51 –дивизиясы Москваға лап қойды. Немістер Москва
түбінде 300 мың адамынан Бауыржан Момышұлы 1941 жылдың 26-қарашасында 1073
атқыштар полкінің командирі болды. Осы жылдың желтоқсанның 10-да 1075
–атқыштар полкінің командирінің орынбасары болды. Бұл екі қызметті де аға
лейтенант шенінде болды. 1942 жылдың 23-ақпанында 1073-атқыштар полкінің
командирі болды. Бауыржан Момышұлы сол кездегі жорықтағы оқиғасы туралы:
Қауыпті 1942 жылдың февралы.
Біз жорықтамыз.
Россияның қатты қысы. Қар қалың –ақ, аңдай ұлып, долдана соққан жел
қарды құйындата қуалап, тозаңдата түтеп тұр. Аспаннан әлек-шәлегі шығып,
айналаның құтырып тұрғанына үш күн болды. Тынар емес, ұйытқып соғып, қардың
астан-кестеңін шығара сыпырып, борап тұр.
Астымдағы жануар тынысын ала алмай тұншығып, құлағына қайшылап, булыға
тәлтәректеп жүріп келеді. Кейде адасып шайқалақтап, жобалап жүріп, жолдан
ауытқи береді. Қалың қарға малтыға омбылап тығылады, сүріне құлап жығылады,
тәлтіректеп барып тұрып, қайтадан жолға түседі. Жол тапқан ат тұяғы
қатқылға тигенде ,мен өз аяғым тигендей сеземін. Сәл тізгінімді босатып, ер
үстінде алға икемделе ұмтыламын, түбітті биялаймен аттың көзін сүртемін
.Атым қар тозаңын сүзе жарып, ауыздықты тістеп, тізгінімен алыса желе
жөнеледі.
Алда иықтарын қомдап, жауырындарын сыртқа беріп, шұбай шұбырып келе
жатқан жаяулар. Буырқанған боз тозаңның ішінде мұнарлана бозалаң тарқан
жауынгерлер легі боран ышқына келіп соққанда тізбегі шайқалақтап, ауытқып
барып желмен арпалыса, тырмыса қайта түзеліп кетеді. Жел шекпендерінің
мұздаған етегін көтеріп ,желпілдетеді.
Біз жорықтамыз, майданға бет алған жолдамыз, сапарымыздың белгілі
түйінді жері алда- алыста. Оған ертең жоқ, бүрсігүні ымырт жабыла жетуіміз
өте қажет. Бұйрық солай.
Бір аттының қасынан өте беріп:
- Қай батальон?-деп айқайлап сұрадым. Оның :
- Үшінші , -деген жауабы ұйытқыған жел жұлып үзіп ала жөнелгендей
естілді.
Келе жатырмыз. Мына табиғаттың құбылысы аяғымызға салынған тұсаудай
матап , кере алдым создырар емес.
Алда нән жайынның жонындай сағымдана қарауытып бір мұнар елестейді ,ол
алдымыздағы қалың орманның қарасыны. Біз келе жатқан жол бойы елсіз алаң
,ашық далада соғып тұрған сұрапылдан бізге пана боларлық жер осы
алдымыздағы көрінген қалың орман. Таңертеңнен бері сол орманға жетуге ынтық
болып келеміз.Бүгін қонып түнейтін жеріміз- соның орталығындағы жыңғыл.
Орманның кеші ерте түседі. Қалыңды күн батпай-ақ қараңғы бүркей
бастайды. Ашықта қас қарая бастағанда, орман іші ымырт жабылып, түн
бүркенеді.
Тоғайға енгенде нағашымыздың ауылына келгендей болдық. Қалыңның іші жым-
жырт, тып- тыныш.Қалың біткен зәулім ағаштар бізге қалқан болып ,өз
панасына қабылдады. Құлақ тыншып, жанымызды шақыртып алғандаймыз. Әскерлер
үстіндегі қарын қағып, сілкініп түлеген қырандай болып қалды. Орман іші
дүбірлеген қимыл,айқайласқан дауыспен жанданды .Боранның уілдеген ызалы
сарыны алыстан әлсіреп қана еміс-еміс естіледі. Ағаш түбіндегі қалың қарды,
жауырындай қол күректерімен аршып жіберіп, қазтаңдай жапырақтарды төсеп,
жігіттер бестеп-ондап шұқырға ығыса орналасып жатыр...
Қараңғы орман қайтадан тым- тырыс болып , баласын әлдилеп отрған ақ
жаулықты әйелдей қалғып тұр. Анда-санда күзетшілердің бірен-саран дауыстары
ғана естіледі. Шаршаған қол суықты елемей шырт ұйқыда жатыр...
Орманның таңы асықпай шабан атады. Ашықта күн найза бойы көтерілмей,
ормандағы көлеңке жарыққа жеңдірмейді. Таң сәулесі орман ішін бірден
нұрландырмайды. Сәскеде ғана қалыңдағы қараңғы сұйылып ыдырап, орман
түкпірі бозара бастайды. Таң бізді қарсы алмайды. Таңды біз қарсы аламыз.
Біз жорықтамыз. Жол ұзақ алда жатыр. Жорық,соғыс, майдан жағдайында
жауынгерлердің ұйқысы бір түнде төрт емес, қырық бөлінуі заңды. Мұз төсеніп
, қар жамылу- жауынгерліктің атам заманнан қалған сыбағасы.Түнде аттанып ,
ерте жүрмесек болмайды. Уақыт тар, жағдай қиын. Әлі қап-қараңғы. Таңсәріге
жолда ғана жолықпақпыз. Тұр-тұр мен жүр-жүр бізді жылы төсектен
қозғап, барар сапарға бет алдырып жолға салған. Қатарланып топтанып, қатқан
қарды қарш-қарш басып жолға түстік, қос орнынан қозғалды. Меңіреу орман
ағаштары қамыға төмен қарағандай , ақ сәукелесі иіліп, сапарларың сәтті
болсын! деп қоштасқандай болып томсырайып қозғалмай тұр...
Борандатқан тағы үш күн. Мұз төсеніп ,қар жамылған тағы үш түн... Біз
жорықта келеміз.
Соңғы түнеген жерде жауынгерлерге ақ киім-халат берілген .Киіммен бірге
солтүстіктің жел маясы ұшы майысқан пышақтың ұшындай, ұзындығы бір жарым
құлаштай, иген шеңбер сияты, ені бір қарыс шаңғы , ұшында түйе табандай
сүзбе шеңбері бар екі таяғымен бірге әрқайсымызға ат орнына берілген.
Асығып адымдап ,желе-жорта жүгіріп, сырғанақ тебе , сырғытып келеміз.
Күн жап-жалтыр , ап-ашық. Айнала аппақ қар, көзің шағылысып қаратпайды.
Темірдей қарып, жалап тұрған аяз. Бет-ауыздарын үсікке шалдырып алған
жігіттер аз емес. Беті мен иегі қарауытып, қызара жараланғандар бесеудің
бірі.
Біз ат-арбаларды айналма жолмен жіберіп, өзіміз баратын жерге жолсызбен
тың қалың қарды баса салт, төтелей тіке тарттық. Аяғымызды қарға батпас
қайықт сырғанақ-шаңғы, қолымызда оның ескегі –таяқ. Әр топтың арасы екі
–үш құлашты соза сермеп, лақтыруға юетер жер. Қаз- қатар шағаладай қаптап,
қардың бетін сыза тартып келеміз. Шапшаң жүруден денеміз қызып, аязды елер
емеспіз. Бұрын шаңғы теуіп үйренбеген жігіттер алдымен аяғына тұсау
салғандай кібіртіктеп, таяқ пен аяқты қалай кезек жұмсауды білмей шатысып,
әйтпесе, орасан көп көсіліп жіберіп, шалқасынан жығылып , жарым жолға
жеткенше көп азаптанып ,кейіннен үйреніп, аяқтанып кетті.
Алдағы майдан шеңберіне бір түстік-ақ жер қалды. Күнге шағылысып
,аспанда қалықтап үстімізден немістің инелік тәрізді бүкір барлаушы
самалеті екі –үш рет орала айналып ,кейін қарай өрлей жөнелді. Біраздан соң
алыстан ататын, құлашы ұзын зеңбірктің оқтары зуылдай ұшып, асып түсіп қар
тозаңын аспанға құйындай көтеріп, жаңғырығы жарыла бастады. Атымыз шаңғы,
қамшымыз-таяқ, борбайлап сырғып, ентелей сызып, алға желе-жорта
жөнелеміз... Дұшпанның он шақты самолеті біздің үстімізден өтіп
барып,орағыта бұрылып ,қайта келіп бізді дәлдеп, құйыла төніп, құмалақтай
бастады. Келе жатқан бойымызда қарға құлай-құлай кеттік.Ыңырсып, ызылдаған
майда бомбалар жерге түскенде бақылдай жарылып, қарды будақтата қопарып
көтерді. Біз қарға көміле бұғып жатырмыз...
Шүкір, дұшпанның бірінші сәлемдемесінен шығынымыз жоқ. Асығып
–аптығып келе жатқан ауылымыздың алыстан қарсы алуы осылай болды.
Февральдың екінші жаңасы. Майданның жиегіне топтарымыз азанда келіп
жеткен кез. Арттағылар кеш бата жетер . Майданды бұзып өтуге даярлық.
Біздің полктың сыбағасына Ново-Свинухово қыстағындағы жаудың жатағы тиді.
Барлаушылар неміс жатағының ауыл сыртын шолып , болжап алып келген
ақпарына қарағанда , жау қыстақты қоршап ор қазып, әр үйдің астын үңгірлей
ін қазып, шиырлана мығым бекінген. Қолға анық-қанық дерек айтарлық тіл
түсіре алмадық. Қолдағы мәлімет шын болсын, теріс болсын барлаушылардың
алып келген ақпарлары ғана...
Түн ортасы ауған мезгіл. Мен алдағы батальонның командирі- капитан
Гундиловичпен қатар жүріп келемін. Осы жорықта біріншіден рет кірісетін
ұрыс дәл бүгін,біраз уақыттан кейін басталмақ. Сол үшін келеміз. Оның
басынан аяғына дейін өзім қатысып, бас-көз болып атқаруды осы жолы айрықша
міндетім деп білген едім. Оған мені тербете түрткен мынандай жағдайлар еді.
Майданда кей кезде тар жағдай танауын қусыра тиіп, ретін тапса іремей
сояды. Осы сапарда сондай жайға кез болдық.Әлі алды-артымыз жиналмай жатып
,жорықта келе жатқан бойымызша тіп-тікеден ұрысқа кірістік. Топтана күш
жинап, қомдана тиюдің орнына біз жүріп келе жатқан бойымызша қолда бармен
кіріспек болдық. Солдаттардың көбі бұрын соғыста болып шынықпаған, олардың
көбі жақында ғана елден келген ылғи жасөспірім бала жігіттер еді. Бұрын
өмірінде қан көріп, жан тәслім қасында болмағандар. Олар жауынгерлік
қанатын бүгін бірінші рет жаймақ. Қанды майданды бірінші рет
аттап,адымдарын баспақ. Өлім мен өмірдің арпалыса жан таласып ,бетпе-бет,
жекпе-жек шыққанына кездеспек...
Қорықпайтын пенде болмайды. Жандының бәрі де сескенеді.Өлім кімнің
денесін түршіктірмейді? Ажал мен аазаптан қобалжи қорқу айып емес. Тірі
жанға арын ардақтап ұстай білмегендік айып. Жаным арымның садағасы деген
сөз бұрынғыдан қалған. Анадан ешкім батыл да болып тумайды. Машықтана
қалыптанып, сын өткелдерден тәжірибеленіп аяқтанады, буындары
қатады,ширайды.
Бірінші рет соғысқа ену, оңай емес, кімнің болса да алғашқы кезде жүрегі
дауаламай соғып, денесі тітіркене сескенеді.Қорыныш сезімін тез жеңу ,
әркімнің қолынан келе бермейді. Елдің барлығы бірдей салмақты, сабырлы
емес. Көзі жоқ көкжал , жүректі жойқын жолбарыс, айбатты алғырт арыстандай
ер, анадан туа батыр болмайды. Тәрбие мен тәртіп тар жолда тәжірибеден
тарыға сабақ алып, қысылтаяң жағдайдың қыспағында болып, шегіне
барып,шеңгелден құтылып, ашына алға ұмтылып , арпалыста айқасып алып ұрып ,
көптен көріп оқып барып батыр болады. Оны өмір ұршықтай иіріп ,шылбырдай
ширатып, терідей илеп, иін қандырып барып, батыл, батыр деген атаққа ие
етеді. Ерлік ер басына жүре бітетін қасиет. Атаққа ілінудің жолы- алыс жол.
Атақ туы- ардақты ар. Ар ,намыс анасы –тәрбие. Тәрбие-жаным арымның
садағасы дегеніміздің айғағы. Күресте күш шынығып,арпалыста арбаудан
өтіп барып-айла мен айбындылық пайда болады.
Бірінші соғыс-жас жауынгерлерге үлкен сын. Өміріндегі өте қатерлі жағдай-
жас баланың тұсауын кескендей ,бірінші соғысқа жас жауынгерлерді абайлап
салу керек . Оларға барлық жағдайды тудырып, жауды желкелете отырып ,
жеңіске жеткізудің болашақта қалдыратын әсері мол. Егерде жас жауынгер
бірінші соғыста жаудан таяқ жеп беті қайтса, екінші айқаста жасқаншақ болып
қалуы ықтимал.Әрине, соғыста өне бойы беталыстың барлығы сәтті бола
бермейді. Әрқашан жеңе бермейсің , бірде жығылып ,бірде жығу заңды.
Дұшпанның орайына келген іс аз болмайды . Тіс қаққан жауынгерлер жеңілсе
ашына, ызаланып кектене күреседі. Жаудан өшін алмай оның жаны тыншымайды.
Мені толқытып келе жатқан осындай ойлар еді.
Мен көшеде келе жатырмын.Кей үйлер, жүк тиелген немістің кейбір
машиналары лаулап өртеніп жатыр. Лапылдаған жалын ыстық лебімен қарды жалап
ерітіп барады. Дұшпан солдаттарының өлігінсіз үй босағалары жоқ. Біздің
жігіттерден де ажал жеткен жерінде қалып жатқандары бар. Айнала жатқан
өлік. Жарағын серт ұстап аласұрып жүгіріп жүрген біздің солдаттар.Әр жерде
атыс –айқай , соғыстың ың-жың үні.
Құлақшыңдарының құлағын едірейтіп, біздің екі қара домалақ солдат
үріккен танадай бір қорадан ыршып шығып , екеуі екі жаққа қарай жүгіре
жөнелді. Бір нәрсені ұмытып қалғандай біреуі шұғыл тұра қалып, бұрыла
қарап:
-Ай, Жұмажан!-деп жолдасына айқайлап. -Әлгі немісше тоқта, қолыңды
көтер ! ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz