Мәмiлелер туралы мағлұмат



1.Жайлин Г.А. «Азаматтық құқық (Жалпы бөлім)», І том. Алматы, 2001. 2.Азаматтық құқық. І.том. Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық (академиялық курс). Өңделген және толықтырылған 2.басылымы. Жауапты ред.: М.К. Сүлейменов, Ю.Г.Басин. .Алматы,
3.ҚР Азаматтық кодексіне түсініктеме.(Жалпы бөлім). Алматы. Жеті жарғы. 2000.
4.Басин Ю.Г. Юридические лица по ГК РК. Понятие и общая часть характеристика. Алматы.1996
5.Ұқсас классификация туралы азаматтық құқық ғылымында анық көрсетілген. // Советское гражданское право, М., 2000,
6. Шерстюк В.М. «Представительство в суде». Учебник гражданского процесса. Под ред. М.К. Треушникова. М. 1996, .
7.Иоффе О.С. Советское гражданское право. Из.во ЛГУ; 1961 10 Б., 8.Гражданское право. Учебник. Часть I/Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К.Толстого. М.: Проспекты; 2006.
І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
1. Мәміленің ұғымы мәні олардың заңды фактілер жүйесіндегі орны
2. Мәмілелердің түрі
3. Мәміленің жарамсыз деп тану
ІІІ. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен мiндеттерiн белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерi мәмiлелер деп танылады.
Мәміле бұл азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен мiндеттерiн белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерi мәмiлелер деп танылады.
Мәміле дегеніміз – бұл қашан да ерікті білдіру болғандықтан, оны заң еркіне заңдық маңыз беретін тұлғалар ғана жасай алады. Демек, әрекетке қабілетсіз азаматтар мәмілелер жасай алмайды, ал әрекет қабілеттілігі шектеулі адамдар оларға заң рұқсат еткен мәмілелерді ғана жасауға құқылы.
Мәмiлелер бiржақты және екi немесе көпжақты (шарттар) болуы мүмкiн. Заңдарға немесе тараптардың келiсiмiне сәйкес жасалуы үшiн бiр тараптың ерiк бiлдiруi қажет және жеткiлiктi болатын мәмiле бiржақты мәмiле деп есептеледi.
Шарт жасасу үшiн екi тараптың (екiжақты мәмiле) не үш немесе одан да көп тараптың (көпжақты мәмiле) келiсiлген ерiк бiлдiруi қажет.
Мәміле заңмен белгіленген нысанға ие болғанан кейін ғана заңдық маңыз алады, ал ол арқылы мәмілеге қатысушы өзінің еркін білдіреді.
Азаматтық кодекстін 151-быбы мәміленің ауызша және жазбашы түрі ажыратылады мәмiлелер ауызша және жазбаша нысанда жасалады (жай немесе нотариалдық).
Заңдармен немесе тараптардың келiсiмiмен жазбаша (жай не нотариалдық) немесе өзге белгiлi бiр нысан белгiленбеген мәмiле, атап айтқанда, олар жасалған кезде атқарылатын мәмiлелердiң бәрi ауызша жасалуы мүмкiн. Мұндай мәмiле адамның мiнез-құлқынан оның мәмiле жасау еркi айқын көрiнiп тұрған ретте де жасалған деп саналады. Жетон, билет немесе әдеттегiдей қабылданған өзге де растайтын белгi арқылы расталған мәмiле, егер заңдарда өзгеше белгiленбесе, ауызша түрде жасалған болып табылады.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
1. Мәміленің ұғымы мәні олардың заңды фактілер жүйесіндегі орны
2. Мәмілелердің түрі
3. Мәміленің жарамсыз деп тану
ІІІ. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен мiндеттерiн
белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерi мәмiлелер деп
танылады.
Мәміле бұл азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен
мiндеттерiн белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерi
мәмiлелер деп танылады.
Мәміле дегеніміз – бұл қашан да ерікті білдіру болғандықтан, оны
заң еркіне заңдық маңыз беретін тұлғалар ғана жасай алады. Демек, әрекетке
қабілетсіз азаматтар мәмілелер жасай алмайды, ал әрекет қабілеттілігі
шектеулі адамдар оларға заң рұқсат еткен мәмілелерді ғана жасауға құқылы.
Мәмiлелер бiржақты және екi немесе көпжақты (шарттар) болуы мүмкiн.
Заңдарға немесе тараптардың келiсiмiне сәйкес жасалуы үшiн бiр тараптың
ерiк бiлдiруi қажет және жеткiлiктi болатын мәмiле бiржақты мәмiле деп
есептеледi.
Шарт жасасу үшiн екi тараптың (екiжақты мәмiле) не үш немесе одан да
көп тараптың (көпжақты мәмiле) келiсiлген ерiк бiлдiруi қажет.
Мәміле заңмен белгіленген нысанға ие болғанан кейін ғана заңдық
маңыз алады, ал ол арқылы мәмілеге қатысушы өзінің еркін білдіреді.
Азаматтық кодекстін 151-быбы мәміленің ауызша және жазбашы түрі
ажыратылады мәмiлелер ауызша және жазбаша нысанда жасалады (жай немесе
нотариалдық).
Заңдармен немесе тараптардың келiсiмiмен жазбаша (жай не
нотариалдық) немесе өзге белгiлi бiр нысан белгiленбеген мәмiле, атап
айтқанда, олар жасалған кезде атқарылатын мәмiлелердiң бәрi ауызша жасалуы
мүмкiн. Мұндай мәмiле адамның мiнез-құлқынан оның мәмiле жасау еркi айқын
көрiнiп тұрған ретте де жасалған деп саналады. Жетон, билет немесе
әдеттегiдей қабылданған өзге де растайтын белгi арқылы расталған мәмiле,
егер заңдарда өзгеше белгiленбесе, ауызша түрде жасалған болып табылады.
Егер мәмiлелердiң жекелеген түрлерi үшiн заңдарда өзгеше арнайы
көзделмесе немесе iскерлiк қызмет өрiсiнiң әдеттегi құқықтарынан
туындамаса, мәмiлелердi жасау кезiнiң өзiнде орындалатындарынан басқа,
кәсiпкерлiк қызмет үрдiсiнде жүзеге асырылатын.

1. Мәміленің ұғымы мәні олардың заңды фактілер жүйесіндегі орны.
Мәміле заң фактілердің бірі болып табылады. Оның үстіне, азаматтық
айналым саласындағы құқықтық қатынастарын үздіксіз тудырып, дамыта келе,
мәмілелер осындай айналымның серпінді дамуын қамтамасыз етіп отырады.
АК-тның 147-бабына сәйкес, азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық
құқықтары мен мiндеттерiн белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға
бағытталған әрекеттерi мәмiлелер деп танылады. Демек, субъектілердің
мақсатты әрекеттері мәмілелер деп танылады. Олардың тікелей мақсаты
азаматтық құқықтарды немесе міндеттерді белгілеу (мысалы, мүлікті сыйға
тарту тікелей затқа меншік құқығының сыйға тартушыдан сый алушыға өтеуін
бағытталған), мұндай құқықтар мен міндеттерді өзгертуге (мысалы, тарап
жалға берілген мүлікті қайтару мерзімін ұзарту жөнінде уағдаласты), не, ең
ақырында, оларды тоқтату (несие беруші борышқорды берешегін өтеуден
босатты) болып табылады.
Басқаша заңға қайшы нәтижелерге жетуге бағытталған, бірақ заңның
ұйғарымына байланысты ол да азаматтық құқықтар мен міндеттердің пайда
болуына, өзгеруіне тоқтатылуына әкеп соқтыратын іс – қимылдар мінез-
құлықтың өзге актілеріне қарағанда мәміленің заңдық салдарына мақсатты әсер
етуімен көзге түседі. Мысалы, азамат өзінің тұрғылықты жерінен науқас
анасын көру үшін басқа қалаға сапар шекті. Мұнда ол біраз болған соң
бұрынғы тұрғылықты жеріне оралмауға бекінді. Анасына сапар шеккен азамат
өзінің бұрынғы тұрып келген мемлекеттік пәтеріне құқығынан бас тарту
ниетінде болған жоқ. Бірақ Осындай жағдайды көздейтін заңның талабына қарай
ол пәтерге құқығынан айрылады.
Мәміле дегеніміз – бұл заңды, рұқсат етілетін, көп реттерде заң қолдап
отыратын іс-әрекет. Күнделікті өмірде кейде қоғам теріс бағалайтын
әрекеттерді мәміле деп атайды. Сөзді бұлайша қолдану оның заңды
мағынасымен үйлеспейді.
Заңдылық белгілер жөнінен мәміле мақсатты заңсыз әрекеттерден, яғни
басқа адамдарға нұқсан келтіретін әрекеттерден ерекшеленеді. Мұндай
әрекеттер де келтірілген залалдың орнын толтыру қажеттілігіне байланысты
азаматтық құқықтар мен міндеттерді тудырады, бірақ олар мәміледен емес,
залал келтіру фактісінен, яғни деликтіден туындайды.
Мәміленің қажетті сапасы – әрекеттердің заңдылығы мәміленің барлық
түрлерін заңның көздеп отыруын мүлдем талап етілмейді, керсінше, заңда
көзделмеген мәмілелер жасалуы мүмкін; тек олардың заңға қайшы келмеуі,
тыйым салуды бұзбауы талап етіледі (АК-тың 7-бабы). Заң мысалы, демеуші мен
ол жәрдем көрсететін тұлға арасындағы шарттық қатынастарды реттемейді,
бірақ мұндай шарттың жасалуы әбден мүмкін. Оның үстіне, Азаматтық кодекс
(381-бап) аралас шарттар жасауға рұқсат етеді, олар заңдарда көзделген әр
түрлі шарттардың элементтері болады. Инвестициялық шарт осындай саладағы
үлгі шарт болып табылады.
Мәсілелер оларды жасаушыларда азаматтық құқықтар мен міндеттер
туғызады. Олар осы белгісі арқылы әкімшілік актілерден, яғни осы органдарға
бағынатын тұлғалар үшін азаматтық құқықтар мен міндеттер туғызатын
құзыретті мемлекеттік органдардың әрекеттерінен ерекшеленеді. Мысалы,
мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі құзыретті органдардың шешімі
мемлекеттік кәсіпорынның ғимараты үш жыл мерзіммен жалға берілген шартты
ұлғайтуға міндеттейді, не, керсінше оған тыйым салады. Сотқа шағымданған
тұлға үшінші құқықтық қатынасты туғызатын, өзгертетін не тоқтататын сот
шешімінен мәміле осындай белгілері бойынша ерекшеленеді.
Мәмілелер – бұл саналы түрде жасалатын әрекеттер, оларды әрекет ететін
тұлғалардың еркі байқалады. Мәміле жасайтын тұлға еркінің ішкі мазмұнын
(оның шын ниетін) және еріктің сыртқы көрнісін (айтылған не қағазда
баяндалған сөзді, едәуір күрделі әрекеттерді) айыра білу керек.
Адамның сөзі мен іс-әрекеттрі бойынша оның еркінің шын бағыты туралы
пікір түюге болатындықтан, еріктің сыртқы көрнісі оның ішкі мазмұнына сай
келмейді деп жорамалдайды.
Алайда адамның шын ниеті мен оның еркінің сыртқы көрнісі арасында
алшақтығы бар екені дәлелденген жағдайда (мысалы, сатып алушымен
түсінісетін тілді нашар білгендіктен, сатып алынатын заттың бағасын
белгілеуде қателесті) оның шын ниетіне зор маңыз беріледі.
Мәміле дегеніміз – бұл қашан да ерікті білдіру болғандықтан, оны заң
еркіне заңдық маңыз беретін тұлғалар ғана жасай алады. Демек, әрекетке
қабілетсіз азаматтар мәмілелер жасай алмайды, ал әрекет қабілеттілігі
шектеулі адамдар оларға заң рұқсат еткен мәмілелерді ғана жасауға құқылы,
Азаматтық кодекстің 22 және 23-баптарында көрсетілген, жасы он алтыға
жеткен кәмелетке толмаған адам, егер ол еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін
болса немесе ата-анасының, асырап алушыларының немесе қамқоршысының
келісімімен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын болса, толығымен әрекетке
қабілетті деп жариялануы мүмкін.
Кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау
(эмансипация) ата-анасының екеуінің де, асырап алушылардың немесе
қамқоршысының келісімімен қорғаншы және қамқоршы органның шешімі бойынша не
ондай келісім болмаған жағдайда соттың шешімі бойынша жүргізіледі.
Эмансипацияланған кәмелетке толмаған адам, Қазақстан Республикасының
заңнамалық актілеріне сәйкес ие болу үшін жас шектеуі белгіленген құқықтар
мен міндеттерді қоспағанда, азаматтық құқықтарға ие болады және міндеттерді
(оның ішінде өзінің зиян келтіруі салдарынан туындаған міндеттемелер
бойынша) мойнына алады.*
Ата-аналар, асырап алушылар мен қамқоршы эмансипацияланған кәмелетке
толмаған адамның міндеттемелері бойынша жауапты болмайды.
Он төрт жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар үшiн мәмiлелердi, егер заң
құжаттарында өзгеше көзделмесе, олардың атынан ата-анасы, асырап алушылары
немесе қорғаншылары жасайды.
Он төрт жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар өздерiнiң жасына лайықты,
жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмiлелердi өз бетiнше жасауға
құқылы.
2. Мәмілелердің түрі
Заң (АК-тың 148-бабы) мәмілелердің екі түрін ажыратады: бір жақты
мәмілелер және шарттар. Бір жақты мәміле бір тараптың еркін білдіреді және
оған басқа азаматтардың немесе заңды тұлғалардың қалай қарайтындығына
қарамастан қолданыла береді. Мысалы, азаматтың өзіне тиесілі әлде бір
құқығынан бас тартуы, берілген сенімхатын, өсиетін тоқтатуы және т.б. бір
жақты мәміле болады. Бір жақты мәміле, әдетте (бір өзі немесе басқа заң
фактілерімен бірге), бұл жөнінде өздеріне хабарланғанда дейін мұндай
құқықтар туралы тіпті білмейтін басқа адамдардың құқығын туғызады. Мысалы,
өсиет қалдырушы қайтыс болғаннан кейін оның қалдырған өсиеті мұрагерлердің
құқықтарын туғызады. Бірақ мұндай мәміле үшінші жаққа берілетін құқықтардан
туындайтын міндеттемелерден басқа міндеттемелерді жүктей алмайды, мысалы,
өсиеттен бас тарту – Азаматтық кодекстің 1057-бабы Өсиет қалдырушы өсиет
бойынша мұрагерге мұра есебiнен өсиеттен бас тартуды орындауды талап ету
құқығын алатын бiр немесе бiрнеше адамның (бас тартылушылардың) пайдасына
қандай да болсын мiндеттеменi (өсиеттен бас тарту) орындауды жүктеуге
құқылы.*
Бірқатар жағдайларда бір жақты мәміле жай міндеттемені туғызады,
мұндай мәміле жасаған адам борышқор болады, ал оның пайдасына мәміле
жасаған адам – несие беруші болады. Мысалы, жай вексельді беру.
Кейде бір жақты мәміле міндеттемені тоқтатады, мұнда мәміле жасаған
адам несие беруші болады да, ал оның пайдасына мәміле жасалған адам
–борышқор болады. Мысалы, борыш беруші, Азаматтық кодекстің 373-бабы Несие
берушi борышқорды мойнына алған мiндеттерiнен босатқанда, егер бұл несие
берушiнiң мүлкiне қатысты басқа адамдардың құқықтарын бұзбайтын болса,
мiндеттеме тоқтатылады.
Мәмілелердің көпшілігі екі немесе бірнеше тұлғаның үйлескен еркін
білдіреді, яғни шарт болып табылады. Шарттар туралы Азаматтық кодекстің 378-
405-баптарында екi немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен
мiндеттердi белгiлеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келiсiмi шарт деп
танылады. Тараптар шарттың қолданылуын жаңа мерзiмге ұзартуға құқылы.
Шарттың қолданылу мерзiмi Азаматтық кодекстiң 397-бабының ережелерi
бойынша ұзартылады. Офертада акцептiге арналған мерзiм көрсетiлген
жағдайда, егер оферта жiберген жақ акцептi онда көрсетiлген мерзiм iшiнде
алса, шарт жасалған болып есептеледi.
Жазбаша офертада акцептiге арналған мерзiм көрсетiлмеген жағдайда,
егер оферта жiберген жақ акцептi заңдарда белгiленген мерзiм бiткенге
дейiн, ал егер ондай мерзiм белгiленбесе, оны жеткiлiктi дәрежеде қажеттi
уақыт iшiнде алса, шарт жасалған болып есептеледi. Оферта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктің шетел валютасындағы операциялары
Кәсіпкерлік құқық ұғымы
Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін құжаттар.
Қорғаншылар мен қамқоршылар түсінігі және оның құқықтары мен міндеттері
Мәмілелердің азаматтық құқықтық ретелуі
Қор биржасының атқаратын қызметтері мен міндеттері.
Ортақ меншіктің түрлері
Ортақ меншік ұғымы мен түрлері
МҮЛІКТІК ЕМЕС ӨЗІНДІК ҚҰҚЫҚТАР
Процент мөлшерлемесі
Пәндер