Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтері
1.бөлім. Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау
ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтері
1.тарау. Ауруханалардың дәрігерлік және фармацевтикалық персоналының үлгі штаттары мен штат нормативтері
2.тарау. Перзентханалардың, әйелдер консультациялары және перинаталдық орталықтардың штат нормативтері
3.тарау. Хоспис қызметкерлерінің штат нормативтері
4.тарау. Ауруханалардың мейірбикелік күту қызметкерлерінің
штат нормативтері
5.тарау. Диспансерлердің штат нормативтері
6.тарау. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту ұйымдарының штат нормативтері
7.тарау. Балалар үйінің қызметкерлер құрамының
штат нормативтері
2.бөлім. Жедел медициналық көмек станциялары мен бөлімшелерінің үлгілік штаттары және штат нормативтері
3.бөлім. Қан орталықтарының үлгілік штаттары және
штат нормативтері
8.тарау. Донорларды жасақтау тобының үлгі штаттары мен
штат нормативтері
9.тарау. Қанды дайындау және компоненттеріне қайта өңдеу тобының үлгі штаттары мен штат нормативтері
10 тарау. Қанды тестілеу тобының үлгілік штаттары мен штат нормативтері
11.тарау. Функциялы қамтамасыз ету бөлімшесінің үлгі штаттары мен штат нормативтері
12.тарау. Виварийдің үлгі штаттары
13.тарау. РҚО және 1.санатты ҚО үшін
тін жасушалары банкінің үлгі штаттары
14.тарау. Стационарлық көмек көрсететін және амбулаториялық.емхана бөлімшелері бар денсаулық сақтау ұйымдары
15.тарау. Стационарлық көмек көрсететін және амбулаториялық.емханалық бөлімшелері жоқ денсаулық сақтау ұйымдары
17.тарау. Жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциялары

1. Медициналық ұйымның клиникалық бөлімшесінің дәрігер, палаталық мейірбикелер посты мен палаталық санитарлардың посты лауазымдары емделген науқастардың саны бойынша атқарылған жұмыстың көлеміне байланысты осы Денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтері мен үлгі штаттарына 1-қосымшаға сәйкес есептеледі.
2. Палаталық мейірбикелер посты мен палаталық санитарлардың посты дәрігерлерінің лауазымдары емделген науқастардың санына осы Денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтері мен үлгі штаттарына 2-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
3. Ең аз төсек саны болғанда бейінді бөлімшелер осы Денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтері мен үлгі штаттарына 3-қосымшаға сәйкес ұйымдастырылады
4. Бастапқы дәрігерлік лауазым бір лауазымнан кем бола алмайды және ол бөлімше меңгерушісінің лауазымы болуы тиіс. Бөлім меңгерушісінің бос орны төсек саны 40-тан асса белгіленеді.
5. 2- тармақтан басқа жеке мамандықтар бойынша 1 дәрігер лауазымы белгіленеді:
1) нейрохирургия және нейротравмотологиялық бөлімдер бойынша 1 лауазымы есебінен: 25 төсекке (қосқанда) офтальмолог-дәрігер, отоларинголог-дәрігер және психиатр-дәрігер; 40 төсекке - невропатолог-дәрігер 1 лауазым есебінен, бірақ 1 лауазымынан кем болмауы тиіс.
2) торакалды-хирургия, кардиохирургия және туберкулез өкпе-хирургиялық бөлімшелері бойынша терапевт дәрігердің лауазымы- бөлімшеге 1 лауазым;
3) тамыр хирургиясы бөлімі бойынша (шығу кезінде жедел көмек көрсетуді қамтамасыз ету үшін) жүрек-тамыр хирургі - 2 дәрігер лауазымы.
4) проктологиялық бөлімшелер бойынша бөлімшеге 0,5 онколог- дәрігер лауазымы;
5) урология бөлімшелері бойынша манипуляциялар мен эндоскопиялық зерттеулер нормативі есебінен және жұмыс көлемінің болуына қарай-эндоскопист дәрігер лауазымы;
6) токсикология бөлімшелері бойынша бөлімшеге 0,5 лауазым есебінен психиатр дәрігер лауазымы;

Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен
штат нормативтері
1-бөлім. Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау
ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтері
1-тарау. Ауруханалардың дәрігерлік және фармацевтикалық персоналының үлгі
штаттары мен
штат нормативтері
§1. Клиникалық бөлімшелері
1. Медициналық ұйымның клиникалық бөлімшесінің дәрігер, палаталық
мейірбикелер посты мен палаталық санитарлардың посты лауазымдары
емделген науқастардың саны бойынша атқарылған жұмыстың көлеміне
байланысты осы Денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтері мен
үлгі штаттарына 1-қосымшаға сәйкес есептеледі.
2. Палаталық мейірбикелер посты мен палаталық санитарлардың посты
дәрігерлерінің лауазымдары емделген науқастардың санына осы
Денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтері мен үлгі штаттарына
2-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
3. Ең аз төсек саны болғанда бейінді бөлімшелер осы Денсаулық сақтау
ұйымдарының штат нормативтері мен үлгі штаттарына 3-қосымшаға
сәйкес ұйымдастырылады
4. Бастапқы дәрігерлік лауазым бір лауазымнан кем бола алмайды және
ол бөлімше меңгерушісінің лауазымы болуы тиіс. Бөлім меңгерушісінің
бос орны төсек саны 40-тан асса белгіленеді.
5. 2- тармақтан басқа жеке мамандықтар бойынша 1 дәрігер лауазымы
белгіленеді:
1) нейрохирургия және нейротравмотологиялық бөлімдер бойынша 1
лауазымы есебінен: 25 төсекке (қосқанда) офтальмолог-дәрігер, отоларинголог-
дәрігер және психиатр-дәрігер; 40 төсекке - невропатолог-дәрігер 1 лауазым
есебінен, бірақ 1 лауазымынан кем болмауы тиіс.
2) торакалды-хирургия, кардиохирургия және туберкулез өкпе-
хирургиялық бөлімшелері бойынша терапевт дәрігердің лауазымы- бөлімшеге 1
лауазым;
3) тамыр хирургиясы бөлімі бойынша (шығу кезінде жедел көмек көрсетуді
қамтамасыз ету үшін) жүрек-тамыр хирургі - 2 дәрігер лауазымы.
4) проктологиялық бөлімшелер бойынша бөлімшеге 0,5 онколог- дәрігер
лауазымы;
5) урология бөлімшелері бойынша манипуляциялар мен эндоскопиялық
зерттеулер нормативі есебінен және жұмыс көлемінің болуына қарай-
эндоскопист дәрігер лауазымы;
6) токсикология бөлімшелері бойынша бөлімшеге 0,5 лауазым есебінен
психиатр дәрігер лауазымы;
7) травматологиялық бөлімшелер бойынша нейрохирургия бөлімшесі
болмаған жағдайында бөлімшелердегі 40 төсекке жұмыс көлемінің болған
жағдайында – нейрохирург дәрігер лауазымы;
6. Дәкемен таңу мейірбикелерінің лауазымы - 30 хирургиялық төсекке 1
лауазым есебінен белгіленеді. Күйік бөлімшелерінде-дәкемен таңуға 2
лауазым, бірақ үш лауазымнан аспауы тиіс.
7. Гипсті дәке қою бойынша мейірбикелер лауазымы - 1 лауазымы
есебінен, әрбір травматологиялық-ортопедиялық 40 төсекке 1 лауазым есебінен
кем емес.
8. Аллергологиялық бөлімшенің емшара кабинеті мен мамандандырылған
ингаляция кабинетінің мейірбикесі лауазымы - әр кабинетке 1 лауазым
есебімен белгіленеді;
9. Емшара мейірбикелері лауазымдары 1 лауазым есебінен белгіленеді:
күйік және токсикологиялық бөлімшелерде 20 төсекке;
гематологиялық, ревматологиялық, офтальмологиялық, нефрологиялық,
эндокринологиялық бөлімшелер мен тамыр хирургиясы бөлімшелерінде 30 төсекке
1 лауазым есебінен;
түберкулез-өкпе бөлімшесінде және 60 төсектік сүйек-буын туберкулезі
науқастары бөлімшелерінде:
40 төсектік басқа басқа бейіндер бөлімшелерінде, бірақ бөлімшеге 1
лауазымнан кем емес.
10. Шұғыл химия-токсикологиялық диагностика бөлімшесінің зертханашысы
немесе фельдшер-зертханашы лауазымы – токсикология бөлімшесі жанындағы
тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен белгіленеді.
11. Емдәм мейірбикелерінің лауазымдары 150 төсекке - 1 лауазым
есебінен белгіленеді.
12.Бөлімшелердің аға мейірбикелерінің (акушерлер) лауазымы бөлім
меңгерушілерінің қызметіне сәйкес белгіленеді.
13. Дәкемен таңу санитарларының лауазымы жара таңу бөлмесіндегі
мейірбикелердің қызметіне сәйкес белгіленеді.
14. Буфетші-санитарлар лауазымы ауысымына 30 төсекке 1 лауазым, бірақ
ауысымына 1 лауазымнан кем болмайтын есеппен белгіленеді. Күйік
бөлімшелерінде көрсетілген санитарларға 3 лауазым енгізіледі.
15. Еден жуушы санитарлар лауазымдары 40 төсекке 1 лауазымнан кем
болмауы керек. Күйік бөлімдерінде көрсетілген лауазым - 1 лауазымнан кем
болмауы тиіс.
16. Ваннашы-санитарлар лауазымдары 40 төсек есебінен 1 лауазым
белгіленеді, бірақ бөлімшеге 1 лауазымнан кем болмауы тиіс, күйік
бөлімшелеріне- 2 лауазым.
17. Емшара кабинеті санитарларының лауазымдары осы кабинеттегі
мейірбикелердің лауазымына сәйкес белгіленеді.
18. Науқастарды таситын және ертіп жүретін санитарлардың лауазымы 100
төсек есебінен 1 лауазым белгіленеді.
19. Шаруа-бикесі лауазымы әрбір клиникалық бөлімшеде белгіленеді.
§2. Қабылдау бөлімшелерінің штат нормативтері
20. Қабылдау бөлімшесінің дәрігерлер лауазымы ауруханадағы 400 және
одан да көп төсекке - тәулік бойы жұмыс істейтін 1 постпен белгіленеді.
21. Қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі лауазымы ауруханадағы 200 және
одан да көп төсекпен белгіленеді.
Аурухана құрамында 200 инфекциялық төсек пен қабылдау бөлімшесі болған
жағдайында айтылған бөлімшенің меңгерушісі лауазымы қосымша белгіленеді.
22. Хирург, травматолог-ортопед, акушер–гинеколог офтальмолог, уролог,
токсикологиялық және басқа да мамандық бойынша тәулік бойы шұғыл көмек
көрсету үшін хирург, травматолог-ортопед, акушер–гинеколог, офтальмолог,
уролог, токсиколог және басқа да мамандық бойынша дәрігерлердің лауазымдары
дәрігер лауазымының шамасынан тыс атқарылған жұмыстың көлеміне байланысты
белгіленеді.
23. Қабылдау бөлімшесінің мейірбикесі лауазымы мынадай жағдайда
белгіленеді:
100-200 төсекке 1 лауазым;
201-ден 400 төсекке дейін тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост;
400 төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост және келесі әр 100
төсекке қосымша 1 лауазымы.
Аурухана құрамында 200 инфекциялық төсек пен қабылдау бөлімшесінің
болған жағдайында жұқпалы ауруларды қабылдау үшін тәулік бойы жұмыс
істейтін 1 пост белгіленеді.
24. Қабылдау бөлімшесінің аға мейірбикесі лауазымы 300 және одан да
көп төсектік ауруханада белгіленеді.
25. Қабылдау бөлімшесінің санитарлар лауазымдары ауруханада мынадай
жағдайда белгіленеді:
150-200 төсекке -2 лауазым;
201-ден 300 төсекке дейін - тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост;
301-ден 500 төсекке дейін - тәулік бойы жұмыс істейтін 2 пост
500 төсектен астам тәулік бойы жұмыс істейтін 2 посттан және келесі әр
200 төсекке қосымша тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост.
600 және одан да көп төсек саны бар ауруханаларда науқастардың
заттарын қабылдау үшін қосымша 1 санитар лауазымы белгіленеді.
Ауруханада 250 инфекциялық төсекті және қабылдау бөлімшесі болған
жағдайында инфекциялы науқастарға күтімін жасау үшін санитарлардың тәулік
бойы жұмыс істейтін 1 посты белгіленеді.
26. Анықтама бюросы үшін медициналық тіркеуші лауазымдары ауысымына 1
лауазым есебінен белгіленеді.
§3.Операция бөлімшесінің штат нормативтері
27. Операциялық мейірбике лауазымдары 25 хирургиялық төсекке 1 лауазым
(кардиохирургиялық, торакалды хирургиялық бөлімдер мен тамыр хирургиясы
бөлімшелері үшін- 2 лауазым) есебінен белгіленеді.
28. Хирургиялық, травматологиялық-ортопедиялық,
акушерия–гинекологиялық, офтальмологиялық, урологиялық, токсикологиялық
және басқа да мамандандырылған медициналық көмектің шұғыл көмек көрсету
үшін операция мейірбикелердің лауазымы қарастырылған мамандықтар бойынша
дәрігерлердің лауазымына сәйкес белгіленеді.
29. Операция аға мейірбике лауазымы операциялық 3 мейірбике мен
дәкелеу мейірбикелері жағдайында белгіленеді.
30. Операция санитарлары лауазымдары тиісінше операция мейірбикелері
мен аға мейірбикелерді қоса алғанда лауазым белгіленеді.
§4. Анестезиология-реанимация бөлімшелерінің (тобының) штат нормативтері
31. Анестезиология-реанимация дәрігерлерінің лауазымдары 1 лауазым
есебінен белгіленеді:
кардиохирургиялық, торакалды хирургиялық, туберкулез өкпе хирургиясы
бөлімшелерінде-25 төсекке;
ересектер үшін күйік және хирургиялық бөлімшелерде-50 төсекке;
нейрохирургиялық, онкологиялық, микрохирургиялық бөлімшелерде- 75
төсекке;
хирургия бейініндегі ересектерге арналған басқа атаулардағы
бөлімшелерде (гинекологиялық, бет-жақтық, отоларингологиялық,
офтальмологиялық және басқа) – 100 төсекке;
балаларға арналған хирургия бөлімшесінде -40 төсекке;
перзентханаларда әйелдер мен жаңа туған сәбилер үшін
(оның ішінде басқа да медициналық ұйымдар ішінде ) -100 төсекке;
Хирургия бейіні және басқа да бөлімшелерде балаларға 50 төсекке
белгіленеді;
Тамыр хирургиясындағы науқастарды трансторакалды және трансабдоминалды
емдеуге пайдаланатын төсектер торакалды хирургиялық бөлімшелердің төсектері
ретінде есептеледі.
32. Стационарлық көмек көрсететін қалалық және облыстық денсаулық
сақтау ұйымдарының хириругиялық бейінінен 75 төсек, ал орталық аудандық
ауруханада, онкологиялық ауруханада және онкология диспансерінде
хирургиялық бейін 50 төсек, анестезиология-реаниматология дәрігері лауазымы
1 лауазымнан кем емес белгіленеді.
33. Құрамында хирургия бейінінен 150–ден кем емес төсегі бар
медициналық ұйымның анестезиология-реанимация бөлімшесінің штатында шұғыл
көмек көрсету үшін анестезиолог-реаниматолог дәрігерлері үшін тәулік бойы
жұмыс істейтін 1 пост белгіленеді. Шұғыл жәрдем көрсететін көпбейінді
ауруханаларда әрбір ересектерге арналған 200 және балаларға арналған 150
хирургиялық төсекке анестезиолог-реаниматологтан қосымша тәулік бойы жұмыс
істейтін 1 пост белгіленеді.
34. Анестезиолог-реаниматолог дәрігерлерінің тәулік бойы жұмыс
істейтін бір пост мына медициналық ұйымдарда белгіленеді:
онкология диспансерлерінде -250-375 төсекке;
инфекциялық ауруханаларда 400 және одан да көп төсекке немесе қалада
бірнеше аурухана болған жағдайда инфекциялық ауруханалардың бірінде 400 ден
кем түспейтін төсегі бар инфекциялық ауруханасының біреуіне 200 төсекке;
қаланың балалар инфекциялық ауруханасының бірінде 100 және одан да көп
төсекке;
ережеге сәйкес жіті терапия және реанимация палаталары
ұйымдастырылмайтын, бірақ балалар инфекциялық бөлімшесі бар қалалық немесе
балалар қалалық ауруханасында қалада 150-ден кем емес инфекциялы балалар
төсектері болған жағдайда. Көрсетілген төсектер санына балалар инфекциялық
ауруханалары мен жіті терапия және реанимация палаталары бар қала
ауруханаларының 100 немесе одан да көп төсектері кірмейді;
терапевт және педиатриялық бейінді ауруханаларда, хирургия
бөлімшесінің болуына қарамастан 250-375 төсекке;
перзентханаларда 100 және одан да көп төсекке.
35. Жіті терапия мен реанимация палаталарының жұмысын қамтамасыз ету
үшін дәрігерлер лауазымының саны 6 төсекке – тәулік бойы жұмыс істейтін 1
пост есебінен, кардио-хирургия реанимация бөлімшесінің әр бір 3 төсегіне
тәулік бойы жұмыс істейтін 1 посттан және жаңа туған сәбилер мен шала туған
балалардың әр бір 4 төсегіне тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен
белгіленеді;
36. Детоксикацияның экстракорпоралды әдісін қолданатын денсаулық
сақтау ұйымдарында анестезиология және реанимация бөлімшелерінде
экстракорпоралды детоксикациялық 3 төсекке реаниматолог-дәрігер 0,5 лауазым
есебінен белгіленеді.
37. Ауруханада бөлімше және жіті терапия палатасы болмаған жағдайында
хирургиялық төсек санына қарамастан 1 анестезиолог- реаниматолог дәрігер
лауазымы енгізіледі.
38. Денсаулық сақтау ұйымдарында 12 және одан да көп анестезиолог-
дәрігер лауазымына операция жасайтын бөлмелерде жұмыс істеуге 2 және одан
да көп анестезиология және реанимация, оның ішінде мамандандырылған
бөлімшелерді де (инфарктан кейін, кардиохирургиялық және т.б) ұйымдастыруға
рұқсат етіледі.
39. Жіті терапия мен реанимация палаталарының жұмысын қамтамасыз
ететін дәрігер-зертханашы лауазымы 6-12 төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін
1 пост есебінен белгіленеді.
40. Анестезиология-реаниматология бөлімшесінің меңгерушісі лауазымы
бөлімшеде кемінде 3 анестезиолог-реаниматолог дәрігер лауазымы болған
жағдайында мына тәртіпте белгіленеді:
лауазымдар саны 3-тен 6-ға дейін болғанда 0,5 лауазым орнына;
лауазымдар саны 6-дан астам болған жағдайда көрсетілген саннан жоғары;
Анестезиолог-реаниматолог дәрігерлердің лауазымы 3-тен кем белгіленген
ұйымдарда анестезиология және реаниматология бойынша жұмыс жетекшілігі ұйым
басшылығымен анестезиолог-реаниматолог дәрігерлердің біріне жүктеледі.
41. Жіті терапия мен реанимация бөлімшелері бар денсаулық сақтау
ұйымдарында анестезист-мейірбике лауазымы әрбір анестезиолог- реаниматолог
дәрігерге 1,5 лауазым есебінен белгіленеді.
42. Жіті терапия мен реанимация бөлімшелері жоқ денсаулық сақтау

дәрігерге 2 лауазым есебінен белгіленеді.
43. Күйік бөлімшесі бар денсаулық сақтау ұйымдарында қосымша 1
анестезист- мейірбике лауазымы белгіленеді.
44. Жіті терапия мен реанимация палаталарының жұмысын қамтамасыз
ететін орта медициналық персонал лауазымдары:
мейірбикелер-3 төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен
белгіленеді;
фельдшер-зертханашылар (зертханашылар) - 6-15 төсекке тәулік бойы
жұмыс істейтін 1 пост есебінен белгіленеді.
45. Мейірбикелер лауазымы 33-тармақта аталған анестезиолог-
реаниматолог дәрігерлері лауазымына сәйкес белгіленеді.
46. Емшара мейірбике лауазымы бөлімшеде экстракорпоралдық детоксикация
әдісін жүргізуге арналған 12 төсектен кем емес болмаған жағдайда, егер
басқа топ қарастырылмаған болса.
47. Жараны таңушы мейірбике лауазымы медициналық ұйымда хирургиялық
көмек көрсететін 150 бала мен 200 ересекке және одан көп төсек болған
жағдайда белгіленеді.
48. Бөлімшенің аға мейірбикесі лауазымы әр бөлімшеде белгіленеді.
Бөлімшеде жіті терапия мен реанимация палаталары болмаған жағдайында бұл
лауазым 1 анестезист -мейірбике лауазымының орнына белгіленеді.
49. Науқастарды күтетін кіші мейірбике лауазымы ересектердің 6,
балалардың 3 төсегіне – тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен
белгіленеді.
50. Шаруа-бикесі лауазымы әр бөлімшеде белгіленеді.
51. Бөлімшедегі төсектер санына қарамай науқастарды тамақтандыру үшін
қосымша кіші мейірбике лауазымын енгізуі мүмкін.
§5. Гемодиализ бөлімшесінің штат нормативтері
(жасанды бүйрек)
52. Гемодиализ бөімшелерінің дәрігері лауазымдары белгіленген уақыт
нормативі бойынша жұмыс көлеміне байланысты немесе 4 диализдік орынға 1
лауазым есебінен, бірақ диализ залына 1 лауазымнан кем болмауы тиіс.
53. Шұғыл көрсеткіштер бойынша кешкі және түнгі уақытта, демалыс және
мейрам күндерінде гемодиализ өткізетін дәрігердің лауазымдары, жұмыстың
көлеміне байланысты белгіленеді.
54. Күндізгі стационар дәрігері лауазымы 8 амбулаториялық науқасқа
(төсекке) белгіленеді
55. Бөлімше меңгерушісі лауазымы диализдік орындардың саны 6 –ға дейін
0,5 лауазымы, 6 –дан астам -1 лауазым белгіленеді.
56. Гемодиализ бөлімшесінің мейірбикесі лауазымдары 2 диализдік орынға-
1 лауазым есебінен белгіленеді, бірақ диализдік залға 1 лауазымнан кем
болмауы тиіс.
57. Гемодиализ бөлімшесінің емшара мейірбикесі лауазымы 6 диализдік
орынға -1 лауазым есебінен белгіленеді, бірақ диализдік залға 1 лауазымнан
кем болмауы тиіс.
58. Шұғыл көрсеткіштер бойынша кешкі және түнгі уақытта, демалыс және
мейрам күндерінде гемодиализ өткізетін мейірбике лауазымдары, көрсетілген
мақсаттарға енгізілген дәрігерлердің лауазымдарына сәйкес белгіленеді.
59. Күндізгі стационар мейірбикесі лауазымы 16 амбулаторлиялық
науқасқа (төсекке) белгіленеді.
60. Аға мейірбике лауазымы бөлімше меңгерушісінің лауазымына сәйкес
белгіленеді.
61. Емшара санитары лауазымы ауысымына 4 диализдік орынға 1 лауазым
есебінен белгіленеді.
62. Күндізгі стационарда еден сыпырушы санитарлар лауазымы 16
амбулаторлиялық науқасқа (төсекке) белгіленеді.
63. Электроншы-инженер лауазымы ауысымына 1 лауазым есебінен
белгіленеді.
64. Техник лауазымы ауысымына 1 лауазым есебінен, бірақ 1 лауазымнан
кем емес белгіленеді.
§6. Детоксикация бөлімшесінің штат нормативтері
65. Экстракорпоралды детоксикация бойынша дәрігер лауазымы 10 төсекке
-1 лауазым есебінен белгіленеді, бірақ 1 лауазымнан кем болмауы тиіс.
66. Хирург –дәрігер лауазымы 20 төсекке - 1 лауазым есебінен, бірақ 1
лауазымнан кем болмауы тиіс.
67. Аға мейірбике лауазымы бөлімше меңгерушісінің лауазымына сәйкес
белгіленеді.
68. Мейірбикелер (палаталық) лауазымдары 15 төсекке тәулік бойы жұмыс
істейтін 1 пост есебінен белгіленеді.
69. Операциялық және жара таңатын бөлімшенің мейірбике лауазымы 10
төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
70. Шаруа –бикесі лауазымы әр бөлімшеде белгіленеді.
71. Операция, емшара және жара таңатын кабинеттердің санитарлар
лауазымдары осы кабинеттердің мейірбике лауазымына сәйкес белгіленеді.
72. Буфетші-санитарлар лауазымы ауысымына 1 лауазым есебінен
белгіленеді.
73. Еден сыпырушы (палаталық)-санитар лауазымдары мейірбикелер
(палаталық) лауазымдарына сәйкес белгіленеді.
74. Ваннашы –санитарлар лауазымы 20 төсекке 1 лауазым есебінен
белгіленеді.
§7. Гипербариялық оксигенация бөлімшесінің штат нормативтері
75. Гипербариялық оксигенация бөлімшесінің (бұдан әрі – ГОБ) дәрігері,
кіші және орта медициналық персонал лауазымдары қолданысты ГОБ
стационарлық және жылжымалы құрылғыларына тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост
есебінен белгіленеді.
76. Бөлімше меңгерушісінің лауазымы бөлімшенің дәрігерлері
лауазымдарының үстінен 2 және одан да көп ГОБ құрылғылары болған жағдайында
белгіленеді.
77. Аға мейірбике лауазымы бөлім меңгерушісінің лауазымына сәйкес
белгіленеді.
78. Инженерлік-техникалық персоналының лауазымы мен ГОБ құрылғыларына
техникалық қызмет көрсету техникалық құжаттары бойынша белгіленеді.
79. Жүргізушілер лауазымы ГОБ жылжымалы құрылғыларына тәулік бойы

§8. Трансфузиология бөлімшесінің (қан құю) штат нормативтері
80. Персонал лауазымдары қан дайындау көлемінен Денсаулық сақтау
ұйымдарының осы штат нормативтері мен үлгі штаттарына 4-қосымшаға сәйкес
белгіленеді.
81.Трансфузиология бөлімшесін ашуды ескермеген ұйымдарда
трансфузиология кабинеті ұйымдастырылады. Трансфузиология кабинетінде 0,5
трансфузиолог-дәрігер және 1 мейірбике лауазымы белгіленеді.
§9. Параклиникалық бөлімшелердің штат нормативтері
82. Параклиникалық бөлімше мамандарының лауазымдары атқарылатын
жұмыстың көлемі және қызметтер тарификаторы бойынша қолданыстағы уақыттың
есеп мөлшеріне сай тиісті медициналық құрылғылар мен техника бар болғанда
белгіленеді, бірақ Денсаулық сақтау ұйымдарының осы штаттық нормативтері
мен үлгі штаттарына 5-қосымшаға сәйкес стационарлық көмек көрсететін
денсаулық сақтау ұйымдары үшін ауысымда 1 лауазымнан кем емес болу керек.
83. Қажетті мамандар санын есептеген кезде қаладағы медицина
ұйымдарына жұмыс уақытын қолдану коэффициенті 0,85 және ауылдарға 0,75
екенін ескеру қажет.
84. Меңгерушінің лауазымы параклиника бөлімшесі дәрігерінің бір
лауазымының орнына белгіленеді.
85. Аға фельдшердің лауазымы (мейірбикенің, зертханашының)
меңгерушінің лауазымына тиісінше бір фельдшердің лауазымының орнына
белгіленеді.
§10. Сәулелік диагностика бөлімшесінің штат нормативтері
86. Рентген –зертханашылардың лауазымдары дәрiгер-рентгенологтардың
лауазымдарына сәйкес белгіленеді.
87. Рентген мұрағатына (компьютерлік рентген мұрағаты) үшін
медициналық тіркеушілердің лауазымы стационарлар үшін ауысымға бір лауазым
және емханаға бір лауазым есебінен белгіленеді.
88. Рентген бөлiмшесi (кабинет) санитарларының лауазымдары
дәрiгерлердiң лауазымдарына сәйкес белгіленеді.
89. Рентгенолог – дәрігердің лауазымы кеуде қуысының органдарын
профилактикалық флюрографиялық тексеру үшін бекітілген 60 мың тұрғынға бір
лауазым есебінен белгіленеді.
90. Рентген –зертханашыларының лауазымы кеуде қуысының органдарын
профилактикалық флюорографиялық тексеру үшін бекітілген 30 мың тұрғынға бір
лауазым есебінен белгіленеді.
91. Медициналық тіркеушілердің лауазымы 30 мың тұрғынға бір лауазым
есебінен белгіленеді. 15 мың адам тұрғыны бар аудандарда рентген –
зертханашылардың лауазымы 0,5 лауазымы қарастырылады.
Тұрғыны 15 мың адамнан аз аудандарда флюорографиялық кабинеттердің
штаты ауданның рентгенологиялық лауазымдардың ортақ лауазымдарының есебінен
істелуі керек.
92. Жылжымалы құрылғыларда бір рентгенолог – дәрігер, бір рентген –
зертханашы, бір жүргізуші штаттары қарастырылған.
93. Компьютерлік томография бойынша рентген – зертханашылардың
лауазымы ауысымда 2 рентген –зертханашы лауазымы есебінен белгіленеді.
94. Емшара мейірбикесі лауазымы ауысымда бір кабинетке 0,5 қызмет орны
есебінен белгіленеді.
95. Компьютерлік томография кабинеті санитарларының лауазымы бір
ауысымда бір компьютерлік томография кабинетіне 0,5 лауазым есебінен
белгіленеді.
96. Компьютерлік томография жөніндегі инженерлердің лауазымы ауысымда
екі немесе одан да көп құрылғыларға 1 лауазым есебінен белгіленеді.
97. Анестезиолог мейірбикенің лауазымы анестезиолог дәрігер лауазымына
сәйкес белгіленеді.
98. Күрделі ангиографикалық және рентгено-теледидарлық құрылғылармен
инженер – маман қызмет көрсетеді: инженердің 1 лауазымы 2 және одан да
артық құрылғыларға белгіленеді.
99. Рентгенхирургиялық емдік әрекеттер аптасына 4 реттен артық болмау
керек.
100. Есептік мөлшерге зерттеуге немесе емдік кірісулерге алдын - ала
жұмыстарын өткізу уақыты қосылған.
Алынған ақпаратты талдау үшін және белгіленген медициналық құжатты
енгізу үшін бір зерттеуге қосымша уақыт - 30 минут.
§11. Ультрадыбыстық диагностикалық бөлімшесінің
штат нормативтері
101. Мейірбике лауазымы ультрадыбыстық диагностика дәрігерінің
лауазымына сәйкес, меңгеруші лауазымы қоса бекітіледі
102. Санитарлардың лауазымдары 0,5 ультрадыбысты диагностика
дәрігерінің 1 лауазымы есебінен меңгеруші қызметі қоса алғанда белгіленеді,
бірақ 1 лауазымнан кем емес.
103. Сәулелі диагностикалық бөлімшелерінің (кабинеттері) аппаратурасын
инженерлік аппараттармен қамтамасыз ету қызметкерлер құрамы денсаулық
сақтау ұйымдарының жұмысшылары және қызметші мамандары басшылар штаттарына
сәйкес жүргізеді.
§12. Радиоизотопты диагностика зертханаларының
штат нормативтері
104. Уақытты есептеу ережелері өзінің құрамына зерттеуді өткізу
уақытын, даярланған- қорытынды жұмысты, құжатнамаларды және басқа шаралар
өткізуді, оның ішінде компьютерде ақпаратты өңдеуге уақыт енгізіледі.
105. Компьютерде ақпараттарды талдау, гамма - камерада жүргізілген
зерттеулер, дәрігер-радиологтарға арналған қайта қаралған ережелерге сәйкес
уақыт 25% қысқарады.
Радиоизотопты диагностика зертханаларындағы радиодиагностикалық
инженерлік жабдықтау радиологиялық бөлімнің қызметкерлермен жүргізіледі.
106. Санитарлар лауазымдары радиолог-дәрігердің 1 лауазымына сәйкес
жобаланған 0,5 есебімен белгіленеді, бірақ 1 лауазымнан кем болмауы тиіс.
§13. Клиникалық – диагностикалық зертхананың
штат нормативтері
107. Зертхана санитарларының лауазымы 1 лауазым есебінен 4 дәрігер
–зертханашы, фельдшер – зертханашылар және зертханашылар лауазымына
белгіленеді. Зертхана штатында, жұмыс көлеміне байланысты қосымша
санитардың лауазымдары белгіленеді.
§14. Иммунологиялық және серологиялық зертханалардың
штат нормативтері
108. Дәрігер–зертханашылардың лауазымдары, жұмыс күніне әрбір 150
зерттелетін сарысуға бір лауазым белгіленеді. Зертханаға бір лауазымнан
аспауы тиіс.
109. Зертханашылар лауазымы жұмыс күніне әрбір 75 сарысуды зерттеуге 1
лауазым есебінен белгіленеді.
110. Клиникалық-диагностикалық зертхана құрамындағы иммунологиялық
және серологиялық зертхана қызметкерлерінің лауазымы зерттеулерді жүргізу
уақыты нормативтеріне сүйене отырып түзетіледі.
Бригадаға берілген зерттеу жұмыстарын жүзеге асырудың нормативі
төмендегідей: 1 дәрігерден, 3 зертханашыдан, (олардың біреуі тіркеу,
қабылдау және биоматериалдарды өңдеуді жүргізеді) және бір санитардан
құралады және олардың әрбір жұмыс күніне 180 сериялы зерттеу немесе 90
сериялы және 30 бірлік зерттеулерден тұрады.
§15. Бактериологиялық зертханалардың штат нормативтері
111. Диагностикалық-емхана зертханаларының құрамындағы
бактериалогиялық зертхана қызметкерлерінің лауазымдары жұмыс көлемінен және
қызмет тарификаторы бойынша орындалатын зерттеу уақытынан тыс
құрастырылады. Қызметкерлердің уақыт нормативі болмағанда атқарылатын
қызметтері (1-бактериолог дәрігер, 2 фельдшер, 1 санитар-өздігінен
құрылғыларды дайындау үшін және 1 санитар -тазалаушы) жылына 3334
сараптамаға бір бригада есебінен құралады.
§16. Цитологиялық зертханалардың штат нормативтері
112. Клиникалық цитологияның диагностикалық жұмысының қатарына
стационар бөлімдеріндегі, емханадағы қаралу кабинеттеріндегі, көпшілікті
профилактикалық және диагностикалық қарау кезінде морфологиялық диагнозды
қоюын бақылау сияқты цитологиялық зерттеулердің түрлері жатады.
113. Зерттеу жүргізуге арналған ережелер болмаған жағдайда (қызмет
тарификаторы бойынша) мына ережелер құрылады:
1) профилактикалық бақылау кезінде жылына 40000 цитологиялық зерттеу
жүргізетін дәрігерлердің, цитотехниктердің және санитарлардың лауазымдары 1
дәрігер, 3 цитотехник және 1 санитардың есебінен құралады;
2) диагностикалық зерттеуге нормативтер бригадаға бір жылда жүргізген
400 зерттеу есебінен құрастырылады. Олар: 1-дәрігер; дәрігер лауазымы, 1
цитотехникалық және 1 санитар лауазымы;
3) гормоналды зерттеулерге нормативтер (вагинальды мазка бойынша
гормональді кәсіптің анықтамасы, жыныстық хроматинді зерттеу) 1 дәрігер, 1
цитотехниктен, 1 санитардан құралған бригаданың жылына 2500 зерттеулерінің
есебінен белгіленеді;
4) егер цитолог дәрігер материалды жинақтау жұмыстарын жүргізсе, онда
оның жүктемесі күніне 10 бөлімнен құралса, ставкаға жылына 2500 зерттеуді
құрайды;
5) цитологиялық зертхана жүктемесі көбейгенде қызмет көрсететін
денсаулық сақтау ұйымдарының ставкасы есебінен көбейеді;
6) цитологиялық зертханалардың штатында 6 және одан да көп дәрігерлер
және цитотехник қызметкерлері болса, зертхана меңгерушісі дәрігердің
жұмысын орындаудан 0,5 ставкаға босатылады, 12 және одан да көп лауазымдар
дәрігерлер жұмысының тікелей техникалық орындауына толығымен босатылады;
7) цитологиялық зертхана жұмысының көлемін, сипатын, құрылымын ескере
отырып, штатта 15 дәрігерден кем емес, зертханашылар, санитарлар, бар
лауазымдарда босатылған аға зертханашы, медициналық тіркеуші, шаруа-
бикелері болуы қажет;
8) цитологиялық зертханаларда арнайы электрондық жабдықтар (электронды
есептеуіш машина, электронды жабдығы бар күрделі оптикалық аспаптар –
микроскоп) олардың штат кестесіне инженер лауазымы енеді.
§17. Эндоскопия бөлімшесінің штат нормативтері
114. Эндоскопиялық операциялар жасау үшін мынадай нормативтер
белгіленеді:
Жамбас қуыстарының мүшелеріне операция жасау 210 минут
(гемиколэктомия, асқазан резекциясы, гастроэктомияны қоспағанда);
гемиколэктомия, асқазан резекциясы, гастроэктомияға операция жасауға
360 минут;
кеуде қуысы мүшелеріне операция жасауға 360 минут;
кіші жамбас мүшелеріне операция жасауға 210 минут;
ішперде астындағы кеңістікке операция жасауға 210 минут;
көкірек ортаға операцияларға 210 минут;
бассүйекке операция жасауға 210 минут.
Эндоскопиялық операциялар жасауға уақытының нормалар есебі-
хирургиялық әрекет мәліметтерін орындайтын эндоскопист дәрігерлеріне
арналған.
115. Мейірбикелер лауазымдары- эндоскопиялық бөлімшесінің меңгерушісі
лауазымын қоса алғанда, эндоскопист дәрігерлері лауазымына сәйкес
белгіленеді.
116. Санитарлардың лауазымдары- эндоскопиялық бөлімшесінің меңгерушісі
лауазымын қоса алғанда, эндоскопист дәрігерлерінің
1 лауазымынан 0,5 лауазым белгіленеді, бірақ 1-ден артық
емес.
§18. Физиотерапия және емдік дене тәрбиесі бөлімшелерінің штат
нормативтері
117. Физиотерапия жөніндегі мейірбикелер лауазымдары жылына 10 мың
шартты физиотерапиялық бірлік есебінен 1 лауазым белгіленеді.
118. Массаж жасау жөніндегі мейірбикелер лауазымы массаж жасаудың
қолданыстағы нормативтерінен физиотерапиялық бөлімшенің (бөлменің)
штатында белгіленеді.
119. Емдік дене тәрбиесі жөніндегі инструкторлардың лауазымы
150 төсек есебінен 1 лауазым және қосымша 1 лауазым полиомиелитпен
науқастарына әр бір 20 төсекке, әр бір ортопедиялық,
травмотологиялық, неврологиялық, туберкулез бөлімшелеріне сүйек-
буын туберкулез науқастарына 0,5-1 лауазым белгіленеді.
120. Физиотерапиялық бөлімшелердің (бөлмелердің) санитарлары лауазымы
физиотерапия жөніндегі мейірбикелер, ЕДТ инструкторлары мен массаж
жасаушылардың 2 лауазымына 1 лауазым есебінен белгіленеді және су-
балшық-торф-озокерито-парафинмен емдеу кезінде, көрсетілген
емшераларды жіберумен айналысатын 1 мейірбике лауазымы
белгіленеді.
121. Шартты физиотерапиялық бірлік үшін оны орындауға және әзірлеуге 8
минут қажет етілетін жұмыс қабылданған.
Бір науқастың денесінің әр бөлігінде процедура жүргізу кезінде бір
қатысу үшін олардың әр бірінен өз еркімен шартты бірліктерден есептелінеді,
егер бұл процедуралар бір мезгілде өткізілмесе.
122. 1 массажды бірлік үшін 10 минуттық жұмыс қабылданады (әзірлеу-
қорытындылау уақытын ескере отырып, құжаттамалауды енгізудің
қажеттілігі және қажет етілген емделуге уақыты және қысқа мерзімді
демалыс).
Науқас денесінің шектес анатомо-топографиялық бөліктерінде массаж
жасау кезінде екінші және әр бір кезекті анатомо-топографиялық бөліктері
осы нормативтерде қаралғанмен салыстарғанда 20% қысқарады. Дененің шектес
болып табылмайтын анатомо-топографиялық бөліктерінде массаж жасау кезінде,
емшаралардың әр бірі өз еркімен есепке алынады.
Бөлмеден тыс массаж емшараларын орындауға арналған уақытқа өту (бару)
массажды бірліктерде іс жүзінде шығыстар бойынша есепке алынады.
§19. Функциялық диагностика бөлімшесінің (кабинеттің) қызмет құрамының штат
нормативтері
123. Функциялық диагностика кабинеттерінің медбикелер лауазымдары
функциялық диагностика кабинеті дәрігерлерінің лауазымдарына сәйкес
белгіленеді бірақ, көрсетілген кабинеттің 1 лауазымнан кем болмауға тиіс.
124. Бөлімшелердегі (кабинеттің) санитарлар лауазымдары функциялық
диагностика дәрігерлерінің лауазымдарына сәйкес белгіленеді бірақ,
көрсетілген кабинеттің 1 лауазымынан кем болмауға тиіс.
125. Функциялық диагностика бөлімшесі (кабинеті) дәрігерлері мен
медбикелерінің жұмыс жүктемесі есеп нормасы 33 шартты бірлік 6,5 сағат
жұмыс күнімен (1 бірлік -10 минут ) деп есептелінеді.
§20. Патологиялық-анатомиялық бөлімшенің штат нормативтері
126. Зертханашылар лауазымдары патологоанатом-дәрігер әр лауазымына
1,5 лауазымы есебінен белгіленеді.
127. Гистологиялық зертхана санитарларының лауазымы патологоанатом-
дәрігері әр лауазымының 1 лауазымы есебінен белгіленеді, бірақ бөлімшеде
бір лауазымнан кем емес болуы тиісті.
128. Мәйітхана санитарлары лауазымдары әрбір патологоанатом-дәрігер
лауазымына 1 лауазым белгіленеді, бірақ бөлімшеде бір лауазымнан кем емес
болмауға тиісті.
129. Басқа медициналық ұйымдарларда қайтыс болған науқастарды тәулік
ішінде қабылдау қажеттіліктері болған жағдайда көрсетілген жұмыстармен
қамтамасыз ету үшін жалпы белгіленген демалыс және мереке күндеріне, кешкі
және түнгі уақыттарға қосымша санитарлар лауазымы белгіленеді.
§21. Денсаулық сақтау ұйымдары дәріханаларының
штат нормативтері
130. Денсаулық сақтау ұйымдары дәріханаларының қызметкерлер
лауазымдары 100 және одан да көп төсекке белгіленеді.
131. Дәріхана меңгерушісі-провизор лауазымы әрбір аурухананың
дәріханасында белгіленеді. (аурухананың бөлімше меңгерушісі ретінде).
132. Дәріхана меңгерушінің орынбасары-провизор лауазымы 400 және одан
да көп төсегі бар ауруханалардың дәріханаларында белгіленеді (аурухананың
бөлімше меңгерушісі орынбасары ретінде).
133. Провизор – технолог лауазымына:
200 төсектік аурухана дәріханаларында -1 лауазым;
аурухана дәріханаларында 200-ден астам төсекке, қосымша әрбір 100
төсекке - 1 лауазым;
аурухана дәріханаларында 500 төсекке және одан көп, әрбір 100 төсекке
- 0,5 лауазым белгіленеді.
134. Ауруханалардың дәріханаларында провизор-талдаушылардың
лауазымдары:
100-ден 200 төсекке -0,5 лауазым;
200-ден 500 төсекке -1 лауазым;
500-ден көп болса – қосымша 0,5 лауазым әр 200 төсекке белгіленеді
бірақ, 2-ден кем болмауы керек.
135. Ауруханалардың дәріханаларында фармацевт лауазымдары:
әрбір 200 төсекке 1 лауазым;
әрбір 100 төсекке қосымша 1 лауазым (ауруханаларда 200-ден 500
төсекке дейін);
әрбір 100 төсекке қосымша 0,5 лауазым белгіленеді (ауруханаларда 500
төсектен астам).
136. Ауруханалардағы дәріханаларда буып-түюші лауазымдары:
әрбір 200 төсекке 1 лауазым;
әрбір 100 төсекке қосымша 0,5 лауазым (200-ден көп).
137. Санитарлар лауазымы провизор-технологтардың және фармацевттердің
жалпы штатынан 40%-нан белгіленеді бірақ 1 лауазымнан кем емес.
138. Жұмысшы лауазымы әр аурухананың дәріханасында белгіленеді.
139. Үй-жай тазалаушы лауазымы әр аурухананың дәріханасында
белгіленеді.
140. Штатында провизор-технологтар және фармацевттері жоқ аурухана
дәріханаларында төсек санының аздығына байланысты олардың міндетін дәріхана
меңгерушісі атқарады.
141. Егер аурухана шарушылық есепті 200 немесе одан да көп төсектік
аурухана штатындағы аурухана аралық дәріханамен қызмет көрсетсе,
1 провизор - технолог немесе фармацевт лауазымы белгіленеді.
142. Жұқпалы ауруханалардың дәріханаларында санитар-жуушы лауазымы 200
төсекке 1 лауазым белгіленеді.
§22. Шұғыл көмек көрсету (санитариялық авиацияның)
бөлімшесінің штат нормативтері
143. Шұғыл және жоспарлы консультациялық көмек көрсету бөлімшесі
қызметкерлерінің лауазымдары мынадай штаттық нормативтермен белгіленеді:
1) бөлімше меңгерушісі терапевт-дәрігер -1 лауазым;
2) ересектерге шұғыл көмек көрсету дәрігерлерінің лауазымы 100 мың
тұрғынға жиынтық 0,8 лауазым есебінен;
3) фельдшер -6 лауазым;
4) санитар -2 лауазым.
§23. Ұйымдастыру-әдістемелік бөлімдер мен медициналық статистика
кабинеттерінің штат нормативтері
144. Ұйымдастыру-әдістемелік бөлім персоналының лауазымдары халық
санына байланысты мынадай нормативтер бойынша 1 миллион адамға дейінгі
есептен әдіскер-дәрігердің 2 лауазымы, фельдшердің 2 лауазымы, 1 миллионнан
астам адамға - әдіскер-дәрігердің 3 лауазымы, фельдшердің 3 лауазымы, 1,5
миллионнан астам адамға –әдіскер-дәрігердің 3,5 лауазымы, фельдшердің 3,5
лауазымы белгіленеді.
§24. Медициналық статистика кабинеті
145. Медициналық статистик лауазымы күніне 36-50 емделіп шыққан
науқасқа, стационарға 1 лауазымнан кем емес белгіленеді.
146. Дәрігер-статист лауазымы медициналық статисттің 2 лауазымына,
бірақ бір лауазымнан кем емес белгіленеді.
147. Медициналық статистика бөлмесінің меңгерушісі лауазымы әр
стационарда белгіленеді.
§25. Балаларға арналған медициналық ұйымдардың
педагогикалық қызметкерлері
148. Тәрбиешілердің лауазымы 1 лауазым есебінен белгіленеді:
туберкулезге қарсы бөлімдерге, мамандандырылған санаторийлік-сауықтыру
және оңалту ұйымдарында (орталықтарда) мектеп және мектеп жасына дейінгі 40
балаға;
сүйек – буын туберкулезімен ауыратын науқастарға арналған
туберкулезге қарсы бөлімшелерде 25 мектеп жасына дейінгі балаға.
Мұғалімдердің лауазымдары туберкулезге қарсы ауруханалар
(диспансерлер) штатында, мамандандырылған санаторийлік - сауықтыру және
оңалту ұйымдарында (орталықтарда) сыныптар саны және оқу жоспарларына
байланысты белгіленеді.
Сыныптарда 4-тен кем емес және 20 оқушыдан аспайтын болып қаралу
керек. Іріктелген сыныптарды толықтыру үшін оқушы балаларының
контингенттері жетіспесе, оқушыларға арналған топтық сабақтар ұйымдастыруға
болады.
149. Мұғалімдердің лауазымдары оқу жоспары және туберкулез балалар
науқастарына сыныптар санынан туберкулезге қарсы ауруханалар штатында
бекітіледі, балаларға арналған сыныптардың санына, туберкулезбен
ауырғандардың және оқу жоспарына байланысты болады. Сыныптарда 4 кем емес
және 20 оқушыдан артық болмау қажет деп ескеріледі. Сыныптарды толықтыру
үшін туберкулезге шалдыққан балалардың контингенттері жетіспесе, оқушыларға
арналған топтық сабақтарды ұйымдастыруға болады.
150. Оқу бөлімінің меңгерушісі лауазымы 1 лауазым есебінен
белгіленеді.
151. 200 төсектік ауруханада 1 психолог лауазымы белгіленеді.
152. Логопедтер лауазымдары логопед кабинеттерінің қолданыстағы
нормативтері бойынша белгіленеді.
§26. Өзге лауазымдар
153. Бас дәрігердің медициналық бөлім жөніндегі орынбасары лауазымы
250 және одан да көп төсегі бар ауруханада белгіленеді.
154. Бас дәрігердің акушерия – гинекологиялық көмек жөніндегі
орынбасары лауазымы 200 ден көп акушериялық және гинекологиялық төсегі бар
ауруханада белгіленеді.
155. Бас дәрігердің хирургиялық көмек жөніндегі орынбасары хирургиялық
бейіні 200 төсектен кем емес ауруханада белгілене алады.
Сонысына қарамастан акушериялық және гинекологиялық төсектер өзіне бас
дәрігердің хирургиялық цикл керуеттерінде қосады, бұл уақытта егер аурухана
штатында акушериялық-гинекологиялық көмек жөніндегі орынбасары лауазымы
белгіленбеген жағдайда.
156. Бас дәрігердің ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары
лауазымы стационарға 1 бірлік белгіленеді (аурухана, клиника, диспансер).
157. Бас мейірбике немесе басшының мейірбикелік жұмыс жөніндегі
орынбасарының лауазымы әр ауруханада белгіленеді.
158. Мұрағат тіркеушісі лауазымы 200 төсекке 1 лауазым, стационарда 1
кем емес лауазым белгіленеді (аурухана, клиника, диспансер).
2-тарау. Перзентханалардың, әйелдер консультациялары және перинаталдық
орталықтардың штат нормативтері
159. Жалпы ауруханалық персонал, клиникалық бөлімшелер, анестезиология-
реанимация бөлімшелері, клиника-диагностикалық зертханаларда, сәулелі
диагностика, физиотерапия және емдік дене тәрбиесі, функциялық
диагностикалар, қан кабинетінің, медициналық статистика және басқа
қызметтер лауазымдары тәулік бойы жұмыс істейтін стационарлардың
бөлімшелердің және көп бейінді емханалардың қолданыстағы штаттық
нормативтеріне сәйкес белгіленеді .
160. Барлық халықтың тұрғылықты жеріне және жұмыс орынына (оқу орнына)
бойынша амбулаториялық көмек көрсету үшін акушер-гинеколог дәрігерлері
лауазымдары ересектер 6000 адамға, оның құрамына 55% астам әйелдер болса,
15 жастан жоғары 3300 әйелге 1 лауазым есебінен белгіленеді.
161. Педиатр-неонатолог дәрігерлердің лауазымдары қосымша салмағы 1000
грамнан аз емес шала туылған баларға 4 төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1
пост есебінен белгіленеді.
162. Терапевт дәрігерлер қосымша 1 лауазым есебінен белгіленеді:
163. Фтизиатр-дәрігерлердің лауазымдары жүкті әйелдер, жас босанған
әйелдерге және жаңа босанған әйелдерге, туберкулезбен ауалыратын
науқастарға арналған 40 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
164. Жүкті әйелдерге амбулаториялық көмек көрсету үшін стоматолог-
дәрігері лауазымдары әйелдер консультациясына қызмет көрсету аумағында
тұратын 1 60 мың ересекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
165. Әйелдер консультациясының меңгерушісі акушер-гинеколог
дәрігерінің (бөлім меңгерушісі ретінде) лауазымы:
акушер-гинеколог дәрігерлер лауазымының тиісті санына қарай олардың
біреуінің орнына 3 кем емес;
акушер-гинеколог дәрігерлері лауазымының тиісті санына 3-тен 6-ға
дйін 0,5 меңгеруші лауазымы белгіленеді.
акушер-гинеколог дәрігерлері лауазымының тиісті санына қарай 6-дан
көбірек бұл лауазымдардан жоғары белгіленеді.
166. Акушердің лауазымдары:
перзентхананың қабылдау бөлімшесіне –тәулік бойы жұмыс істейтін 1
пост;
босандыру бөлімшесінде - 40 акушериялық физиологиялық және жүктілік
патологиясы төсегіне тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен, бірақ
тәулік бойы жұмыс істейтін 1 посттан кем емес;
акушериялық физиологиялық бөлімшелерде ( палаталарда ) –30 төсекке
тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен;
жүктілік патологиясы бөлімшелерінде ( палаталарда ) - 20 төсекке
тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост және 40 төсекке 1 емшара мейірбикесі
лауазымы;
жүкті әйелдер ( палаталарда ), жас босанған әйелдер және жаңа
босанған әйелдер, туберкулезбен науқастарды бөлімшелерде – осы мақсаттарға
көзделген 15 акушериялық төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост.
әйелдер консультацияларында акушер-гинеколог дәрігерлерінің
лауазымдарына сәйкес белгіленеді.
167. Мейірбикелер лауазымдары:
жаңа туғандарға акушериялық бөлімшелердегі (палаталарға) қызмет
көрсету үшін аталған бөлімшелерде 15 төсекке –тәулік бойы жұмыс істейтін 1
пост есебінен;
жаңа туған акушериялық обсервациялық бөлімге қызмет көрсету үшін,
көрсетілген бөлімдерге (палата) 10 төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1
пост, Ана мен бала бөлімшесіндегі 15 төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1
пост есебінен белгіленеді;
салмағы 1000 граммнан аз, шала және жаңа туғандарға қызмет ету үшін
аталған балаларға 4 төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен.
Қажет болған жағдайда шала туған және жаңа туған балаларды күтуге жеке пост
ұйымдастырылады;
аналардан жаңа туғандарға, туберкулез науқастарына (перзентхана
құрамда арнайы бөлім немесе палаталарда, жүктілерге арналған, жас босанған
әйелдерге және жаңа босанған әйелдерге, туберкулез науқастары үшін)
аталған бөлімшелерге (палата) қызмет етуге арналған 15 төсекке тәулік бойы
жұмыс істейтін 1 пост есебінен;
кеуде емізу қағидаларына оқыту үшін 60 босанғаннан кейінгі төсектер
бар болғанда - 1 лауазым;
босанғаннан кейінгі 60-тан артық төсекке – 1 лауазым және қосымша 0,5
лауазым әр келесі 40 төсекке (60-тен жоғары);
гинекологиялық бөлімшелердегі таңу жұмыстары үшін 1 лауазым
перзентхана болғанда 20 төсектен кем емес хирургиялық көмекке мұқтаж
гинекологиялық аурулар үшін 1 лауазым;
әйелдерді емдеуге жатқызу мақсатымен түсікті жасанды әдістермен
түсіру жұмыстарына арналған 25-тен кем емес гинекологиялық төсегі бар
перзентхана үшін 1 лауазым.
168. Перзентханалардың операциялық мейірбике лауазымына:
60-80 төсекке – тәулік бой жұмыс істейтін 1 пост;
80-105 төсекке – тәулік бой жұмыс істейтін 2 пост;
110-130 төсекке – тәулік бой жұмыс істейтін 3 пост белгіленеді.
169. Аға акушерлер лауазымына:
барлық бейіндердің акушерия бөлімшнлерінде аталған бөлімшелердің
меңгерушісі лауазымына сәйкес белгіленеді.
босандыру бөлімшесіне – 1 лауазым;
консультацияға амбулаториялық қабылдаудың акушер-гинеколог
дәрігерлерді 5 тен кем болмаған жағдайда әйелдер консультациясына 1
лауазым.
170. Аға операциялық мейірбикелердің лауазымы, 3-тен кем емес
операциялық мейірбике және таңушы мейірбикенің лауазымдары көзделетін
жағдайда перзентхана штатында белгіленеді.
171. Стационар бөлімшенің аға мейірбикелері лауазымы гинекологиялық
бөлімше және жаңа туған балалар бөлімінің меңгерушісі лауазымына сәйкес
белгіленеді.
172. Перзентхананың бас акушер лауазымы мекемеде 30 және одан көп
төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
173. Санитарлар лауазымдары (кіші медициналық мейірбикелер) тәулік
бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен:
қабылдау бөлімшесіне;
босандыру бөлімшелерінің (палата), барлық бейінді акушерлік
бөлімшелердің туғаннан кейінгі палаталарының, (палата), жүктілік патология
бөлімшесінің (палаталар) әр бір тәулік бойы жұмыс істейтін постыларына;
100 төсекке дейінгі перзентханаларда 40 жаңа туғанға (төсек);
100 және көбірек төсекті перзентханаларда 30 жаңа туғандарға (төсек);
30 төсектік гинекологиялық бөлімшеге (палата) белгіленеді.
174. Санитарлардың лауазымдары:
операциялық және таңу жұмыстарына операциялық мейірбикелер және
таңушы мейірбикелер лауазымдарына сәйкес, аға операциялық мейірбике
лауазымын қоса алғанда;
перзентханаларға келушілерге қызмет көрсету үшін 80-115 төсекке 1
лауазым; .
120-145 төсекке - 2 лауазым;
150 және одан көп төсекке 3 лауазым;
әйелдер консультациясына амбулаториялық қабылдауға дәрігерлерінің 3
лауазымына 1 лауазым есебінен.
175. Санитар-буфетші лауазымдары бөлімшеде ауысымына 1 лауазым
есебінен белгіленеді.
176. Санитар-сыпырушы лауазымдары әр акушериялық және гинекологиялық
бөлімшелерге 1 лауазым, ал бөлімшелерде 40 төсектен көп болса бөлімшеге 2
лауазым белгіленеді.
177. Шаруа-бикесі лауазымдары:
акушериялық, гинекологиялық және балаларлар бөлімдерінде 1 лауазым;
әйелдер консультациясына штатында акушерлер-гинеколог дәрігерлердің
саны кемінде 6 лауазымы болған жағдайда белгіленеді.
178. Педагог-психолог лауазымы перзентханадағы керуеттің қуаттылығына
қарамастан белгіленеді.
179. Дәріханалар персоналының лауазымдары медициналық ұйымдар
дәріханаларының штат нормативтері бойынша белгіленеді.
3-тарау. Хоспис қызметкерлерінің штат нормативтері
180. 400 мың халыққа 30 төсек есебінен хоспис ұйымдастырылады. Хоспис
төсек қорының үйлесімді мөлшері 15-45 төсек.
181. Диспансердегі дәрігерлік бөлімше (палата) дәрігерінің лауазымдары
1 лауазым есебінен мына төсек санына белгіленеді:
терапевт дәрігер: 1 лауазым - 15 төсекке;
онколог дәрігер: 1 лауазым - 30 төсекке;
психотерапевт дәрігер: 1 лауазым - ұйымдастырушылыққа.
182. Үйдегі көмекке қызмет ету үшін шығу бригадаларынан құрылған (шығу
бригадалары) көшпелі бөлімшелері ұйымдастырылады. Бригадалардың саны
қолданыстағы жұмыс көлемімен анықталады. Көшпелі бөлімшелер дәрігерлерінің
лауазымдары бригадаға мына есебппен белгіленеді:
терапевт дәрігер 1 лауазым;
онколог дәрігер 1 лауазым;
183. Стационарлық бөлімше меңгерушісінің лауазымы төсек саны 30-дан
астам болған жағдайда белгіленеді.
184. Көшпелі бөлімшенің меңгерушісі лауазымы бригада дәрігері 1
лауазымының орнына белгіленеді.
185. Бас дәрігердің медициналық бөлім жөніндегі орынбасары лауазымы
әрбір хосписте белгіленеді.
186. Мейірбикелердің (палаталардағы) лауазымы 5 төсекке тәулік бойы
жұмыс істейтін 1 пост және коматозды науқастар үшін 2-3 аполикалық төсекке
қосымша 1 пост белгіленеді.
187. Емшара мейірбикелері лауазымдары әр бөлімшеге 1 лауазым және 2
жылжымалы бригадасына (үйдегі хосписке) 2 лауазым белгіленеді.
188. Таңушы мейірбикелердің лауазымы әр бөлімшеде белгіленеді.
189. Бөлімшенің аға мейірбике лауазымы бөлімше меңгерушісі лауазымына
сәйкес белгіленеді.
190. Науқастарды қабылдау мейірбикесі лауазымы хосписке 1 лауазым
есебінен белгіленеді.
191. Емдәм (диета) мейірбикелерінің лауазымы әрбір хосписте 0,5
лауазым есебінен белгіленеді.
192. Медициналық статист лауазымы әрбір хосписте белгіленеді.
193. Бас дәрігердің мейірбике жұмысы жөніндегі орынбасары (бас
мейірбике) лауазымы әрбір хосписте белгіленеді.
194. Шаруа-бикесі лауазымы әрбір бөлімшеде белгіленеді.
195. Санитарлар (палаталық) немесе науқастарды күтетін кіші
медициналық мейірбикелер лауазымы 5 төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1
пост белгіленеді.
196. Емшара және таңушы кабинетінің санитарлары лауазымына сол
кабинеттердің мейірбике лауазымдарына сәйкес белгіленеді.
197. Санитар-буфетші лауазымдары ауысымына 1 лауазым есебінен
белгіленеді.
198. Санитар-сыпырушы лауазымы бөлімшеге 1 лауазым есебінен
белгіленеді.
199. Санитар-ваннашы лауазымдары бөлімшеге 1 лауазым есебінен
белгіленеді.
200. Науқастарды алып жүруге арналған және мәйіттерді тасуға арналған
санитарлар лауазымы хосписке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен
белгіленеді.
201. Фармацевт лауазымы 50 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
202. Әлеуметтік қызметкер лауазымы хосписке 1 лауазым есебінен
белгіленеді.
4-тарау. Ауруханалардың мейірбикелік күту қызметкерлерінің
штат нормативтері
203. Ауруханада мейірбикелік күтім 80-120 төсекке ұйымдастырылады.
204. Стационарлық бөлімшелері (палаталары) дәрігерлерінің лауазымдары
мына төсек санына 1 лауазым келеді:
геронтолог дәрігер: 1 лауазым - 40 төсекке;
невропатолог дәрігер: 1 лауазым стационарға ;
психиатр дәрігер: стационарға 0,5 лауазым.
205. Бөлімше меңгерушісі лауазымы ординатор лауазымының орнына
белгіленеді.
206. Бас дәрігердің медициналық бөлім жөніндегі орынбасары лауазымы
әрбір ұйымға белгіленеді.
207. Жалпы ауруханалық қызметкер, фельдшер-зертханашылар, функциялық
диагностика мейірбикелері, физиотерапия және емдік дене тәрбиесі
қызметкерлері лауазымдары соматикалық ауруханалардың қолданыстағы
нормативтер бойынша ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz