Оғыз империясы


Жоспар
- Оғыз империясының пайда болуы
- Оғыз империясының қоныс аударған жерлері
- Оғыз имппериясының дағдарысқа ұшырауы
- Оғыз империясын көрші мемлекеттермен қарым-қатынасы
- Оғыз халқының ұлы перзенттері
- Оғыз империясының печенгтермен соғысы
- Оғыз империясының Еуразияняң саяси және әскери тарихындағы маңызы
Оғыз мемлекеті (IX-XI ғғ. басы)
VIII ғ. орта кезінде түргештер мұрасы үшін қарлұқтармен болған күресте оғыздардың едәуір бөлегі Жетісуды тастап, тау баурайлары мен Шу алқабына кетіп қалған болатын. Осы арада олардың «Көне Гүзия» деп аталатын ордасы бартұгын. IX ғ. бас кезінде оғыздардың көсемдері қарлұқтармен және қимақтармен одақтасып, қанғар-печенег бірлестігін күйретеді, сөйтіп Сырдарияның төменгі жағы мен Арал өңірі даласын басып алады. IX ғ. соңғы кезінде олар хазарлармен одақ құрып, печенегтерді жеңеді де, Орал мен Еділ арасын холастына қаратады.
Печенегтермен ұзақ уақытқа созылған күрес-тартысы олардың саяси бірлігін күшейтіп, тайпалардың оғыздық одағын құруға себепші болады. Оғыздар құрамына Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларының үнді-еуропа және финн-угор тектес ежелгі (негізінен түріктендірілген) этникалық компоненттері және сонымен бірге Жетісу мен Сібірдің: халаджылар, жагарлар, чаруктер, қарлүқтар, имурлер, байандүрлар, қайлар секілді көшпелі және жартылай көшпелі тайпалары да кіреді. Оғыздардың этникалық кауымдастығының құрылуы ұзақ және күрделі процесс болады. Әу баста оғыз тобының өзегі Жетісуда ұйымдасады, алайда батысқа қарай жылжу барысында Оңтүстік және Батыс Қазақстан жерінің кешпелі және жартылай отырықшы халқының есебінен едәуір дәрежеде толығады.
Оғыздар көптеген рулық тармақтары бар бірсыпыра тайпаларға бөлінетін. Махмұд Қашғаридың айтуынша (XI ғ. ), әуелгі кезде олар 24 тайпадан құралып, екі фрахрияға: бұзұқтар мен ұшұқтарға бөлінеді. Бұзұқтар көптеген артықшылықты пайдаланган. Осынау екі топтың әрқайсысына 24 тайпа енген, олардың өзі тепе-тең екі бөлімге бөлінген. Оғыздардыц қарлұқ, печенег, башқурт, қимақ, қыпшақ сияқты түріктілдес көрші тайпалармен, қауымдармен тығыз байланыста болуы - уақыт өткен сайын олардың өзара жақын-дасуына жол ашады.
IX ғ. аягы мен XI ғ. бас кезінде оғыз тайпалары Сырдарияның орта ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан кен территорияны мекендейді. Оғыздардың қоныс ерістері Ырғыз, Орал, Ембі, Ойыл өзендерінің бойларында, Сырдариялық Қарахау баурайлары мен Исфиджаб шегіне дейін жайылып, шашырал жататын. Олар Сырдарияның орта және төменгі, ағысы бойында, Арал өңірі мен Шығыс Каспий аймағында шоғырланып қоңыс тепкенді. Оғыз тұрақтары мен бекіністерінің шекарасы Оңтүстік Орал мен Төменгі Едіт бойына дейіл жететін. Оғыздар жер иеленетін отырықшы облыстармен, Хорезммен, Мауараннахрмен және Хорасанмен шектесіп жататын.
X г. сонау Хазарияға дейін созылып жататын үлан дала, сол сияқты Солтүстік Каспийдің құла тузі, Орталық, Заунғыз, оңтүстік шығыс Қарақұм шөлі мен Арал аймағының Қызылқұмы Оғыз сахарасы деп аталатын. Оғыздар мемлекеті жөніндегі алғашқы деректер IX-X ғ. басында жазылған араб тіліндегі тарихм-жографиялық шығармаларда келтіріледі. Оғыздар мемлекетінің бар скендігі жайлы ең ескі хабардың бірі ол-Якубидің (IX ғ. ) туындыларында айтылады. Араб жаграфының куәлік сөзінің қызық болатын бір себебі - оның оғыздарды еске ала кеткені ғана емес олардың түрік тайпалары - қарлұқтармен, тоғыз оғыздармен қимақтармен жүргізген соғыстарын да хатқа түсіргені. IX-X ғғ. оғызлар тайпалар" туралы
қызғылықты мәлімет Ибн-әл-Фак-ихтың (X ғ. ) жағрафиялық еңбегінде кездеседі, онда оғыздар - қимақтармен және тоғызоғыздармен бірге «патшалар» (малик) болып табылады және түріктер арасында өзгелерден гөрі көбірек құрметтеледі - деп хабарланады.
Орта Азия мен Шығыс Европаға және Орталык Азияға баратын керуен жолдарынын тоғысқан жерінде жатқан Янгикент қаласы X ғ. оғыз мемлекетінің астанасына айналады. «Жабғы» атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы болған. Оғыз-жабғыларының орынбасарларын Күл-еркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер өкіметі мұрагерге беріліп отырған. Оғыз ханларын сайлау кеңестерде өткізіледі екен, бұл әлгі әскери. демократия дәуіріндегі-халық жиналыстарының өзгертілген жұрнағы еді. Жабғы мемлекетінде оғыз әскерінің «сюбши» деп аталатын бас қолбасшы-: сы маңызды рөл атқарған.
IX - X гг. оғыз мемлекетінде ескі рулық-тайпальіқ институттардың азып-тозу процесі мігірсіз жүруімен бірге, патриархалды-феодалдық қатынастар аа дамиды. X г. аяғы мен XI ғ. бас-кезінде Сырдария жабғысының мемлекетінде алым-салықты тиянақты түрде жинап отыру жүйесі жұмыс істеген, бұл мемлекетте тұрақты басқару аппаратының құрылғанына дәлел бола алады.
Оғыздар қоғамында жеке меншік қалыптасып дами бастайды, ақсүйек байлар тобы жеделдете бөлініп шығып жатады. Малға жеке меншік-мүліктік теңсіздіктін, негізі болып табылады. Бай ақсүйектермен бірге қауымның қатардағы мүшелері, кедейлер мем құлдар бұқарасы тіршілік етеді. Оғыздардың басты шаруашылығы интенсивті түрде мал өсіру болады.
Көшпелілермен қатар елде жартылай отырықшы және отырықшы жұрттың жинақты топтары да күн көрген. X - XI ғғ. ортағасырлық авторлар қалалар мен отырықшы қыстақтар қатарында Жент, Сауран, Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығнақты атап етеді. Малынан айырылған көшпелілер отырықшы тірлігіне ауысады. Олардың басты кәсібі енді егіншілік пен қоленері болады. Оғыздардың көшпелі даласы. Мауараннахр, Хорезм мен Жетісу сияқты, егіншілігі дамыған көгалды аймақтармен тығыз байланыс жасап тұрған. Дала мен отырықшы-егіншілік зоналарында құл саудасы кеңінен жайылады. IX ғ. Хорасанның билеушілері жыл сайын Бағдат халифтарының сарайына-екі мың оғыздық құлды жөңелтіп отырған. Оғыздар негізінде мәжусилср болган, бақсы-балгерлерге табынған. Сонымен бірге оғыздар арасына бірте-бірте ислам діні де ене бастайды.
Оғыздар мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды рөл атқарады. 965 ж. олар Киев Русымен одақтасын, Хазар қағанатын талқандайды. X ғ. орта кезінде хазарлар шекарасы Каспий теңізінің солтүстік шығыс жиегіне жеткен еді. 985 ж. онда жабғысы орыс кінәздарымен бірлесіп, Еділ Булгариясын ойрандайды. Осының бәрі оғыз мемлекетінің саяси күш-қуатының өсуіне жол ашады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz